Қоршаған ортаны ластау деңгейiн азайту және оны тұрақтандыру



 2. КIРIСПЕ
      "Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған
ортаны қорғау" бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі N 903 қаулысымен бекiтілген Қазақстан
Республикасы Үкiметінің 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске
асыру жөнiндегi іс-шаралар жоспарының 7.5.1-тармағына, Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 3 ақпандағы N 131 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық
қауiпсiздiк тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегі іс-шаралар жоспарының 1-
тармағына сәйкес әзiрленген.
      Бағдарлама қоршаған ортаны ластау деңгейiн азайтуды және оны
тұрақтандыру жөніндегi іс-шаралар жоспарын әзiрлеудi көздейтін 2004-2015
жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Экологиялық қауiпсiздігі
тұжырымдамасының бiрiншi кезеңiн (2004-2007 жылдар) iске асырудың тетігі
болып табылады.
      Бағдарламада Қазақстандағы барлық экологиялық проблемаларға талдау
жүргiзiлген және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесiн оңтайландыруды
қоса, оларды шешу жөніндегі шаралар әзiрленген.
      Бағдарлама iс-шараларын iске асыру нәтижесiнде қоршаған ортаның
сапасын тұрақтандыру жөніндегі мiндеттердi шешу үшін жағдай жасалатын
болады және сәйкесiнше экологиялық ахуалдың бұдан әрi нашарлауының және
Қазақстан Республикасы халқының денсаулығына оның әсер етуiнiң нақты және
ықтимал қатерлерінің алдын алуға болады.
 3. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАЙ-КҮЙІН ЖӘНЕ ОНЫ ҚОРҒАУ
ЖҮЙЕЛЕРIН ТАЛДАУ
 3.1. Қоршаған ортаның қазiргі жай-күйi
      2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздiк тұжырымдамасына
сәйкес климат пен озон қабатының өзгеруiмен, биологиялық әралуантүрлілiктің
қысқаруымен, шөлейттенумен, топырақ қабатының, судың, ауаның ластануымен,
қалдықтардың жиналуымен және тағы басқаларымен байланысты елдiң неғұрлым
күрделi экологиялық проблемалары болып табылады.
      БҰҰ-ның климаттың өзгеруi жөнiндегi үлгілік конвенциясын (1995 жыл)
бекiткен және осы Конвенцияға Киото хаттамасына қол қойған Қазақстан
көмiрсутегi отынын жағудан парник газдары көлемiнiң тұрақты ұлғаюымен
байланысты жаһандық жылынудың алдын алу жөнiндегi жалпы әлемдiк қозғалысқа
қосылды.
      Қазақстан Республикасында парник газдары шығарындыларының көздеріне
түгендеу жүргiзiлген және тура әрi жанама парник эффектiсiмен газдардың
эмиссиялары есептелген, сондай-ақ негiзгi парник газы - көмiртегiнiң
диоксидi (СО2) эмиссиясының болжамы жасалған. Жалпы iшкi өнiмнiң (ЖIӨ)
бiрлігіне парник газдары шығарындыларының үлестiк көрсеткiшi бойынша (3,38
кгАҚШ доллары) көмiртегiнiң диоксидi (СО2) Орта Азия елдерiнде бiрiншi
орынды алады.
      Көмiртегiнiң диоксидi (СО2) шығарындыларының көлемiне энергетика, ал
энергия тасығыштардан - көмiр елеулi үлес қосады. Деректердiң болжамы
бойынша неғұрлым жедел қарқынмен көмiрдiң үлесi өсетiн болады және 2010
жылға қарай отынды жағудан жиналған жиынтық шығарындылар көлемiнің 63%, ал
2020 жылы 66% құрайды. Экономикаға жаһандық жылынудың әсерi және Қазақстан
қоршаған ортасының жай-күйi арнайы зерттеудi талап етедi.
      Озон қабатының бұзылуы Дүниежүзілiк метеорологиялық ұйымның деректерi
бойынша соңғы 25 жылда озон қабатының бұзылуы 10% құрайды. Бес станцияда
1973 жылдан берi озонның жалпы құрамына бақылау жүргiзілетiн Қазақстанның
үстiнде озон қабатының қалыңдығы 5-7%-ға қысқарды.
      Жекелеген күндерi адам үшiн қауiптi ультракүлгiн радиациясы дозасының
асуын тудыратын атмосферадағы озон құрамының неғұрлым төмен мәнi байқалуда.
      Республикадағы флораның алуантүрлілігі түрлерінiң, тегінің құрамы
және саны бойынша бiраз айырмашылық байқалады. Республика аумағында тамырлы
өсiмдiктердiң 6000-нан астам түрлерi, шамамен 5000 саңырауқұлақтар, 485
қыналар, 2000-нан астам балдырлар, шамамен 500 мүктектiлер тiркелген.
Неғұрлым толық түгендеуге саңырауқұлақтардың түрлерi мен жоғары өсiмдiк
түрлерi ұшыраған. Өсiмдiктер iшiнде 14% жергіліктi түрi болып табылады.
Олардың ішінде көне түрлерi аз емес. Қазақстанның Қызыл кітабына
өсімдіктердің жоғарғы және төменгi түрлерінiң 404 түрi енгiзiлген.
      Сексеуіл ормандары және бұталарды қоса алғанда, Қазақстанның
ормандылығы 4,6% (11,5 млн.га), оларсыз - 1,2% (5,75 млн. га) құрайды.
Қылқан жапырақты ормандар 1,8 млн га-ны алып жатыр. Қазақстан ормандары
негізінен шаруашылық емес, топырақ қорғайтын және су-қорғайтын рөл
атқарады.
      Ормандардың биологиялық әртүрлілігіне қауiп төндiретiн факторларға
өрт, өздігінен жаппай кесу, малды жаю жатады. Соңғы 10 жылда Шығыс
Қазақстанда жолақты қарағайлы орман алаңы 0,16 млн.га-ға немесе 20%-ке
кемiдi. Осы проблемаларды реттеу үшін "Мемлекеттік орман қорының
учаскесiнде қылқан және ceксеуіл екпе ағаштарын басты пайдаланудың кесуiне
тыйым салу және оларды сақтау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан
Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 23 сәуiрдегi N 460 қаулысы қабылданды.
      Eгep өткен ғасырдың соңғы он жылдығының басына орман қалпына келтіру
жұмыстарының жыл сайынғы көлемi республика бойынша орташа алғанда, шамамен
80 мың га құраса, онда 1997 жылы орманды қалпына келтiру көлемдері 8 есе
қысқарды және қазiргi уақытқа дейiн іс жүзiнде осы деңгейде қалуда (1-
сурет).
1-сурет. Қазақстан Республикасындағы ормандарды қалпына
келтірудің көлемi
      
      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 14
мамырдағы N 542 қаулысымен "2004-2006 жылдарға арналған Қазақстан
ормандары" бағдарламасы бекiтiлдi. Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде
ормандардың сақталуы, орманмен көмкерілген жерлердiң біртіндеп ұлғаюы,
өрттерден ормандарды қорғауды жақсарту, зиянкестер мен аурулардан оларды
қорғау, ормандардың жастық құрылымын, сапалық құрамын және санитарлық жай-
күйiн жақсарту қамтамасыз етіледi.
      Қазақстанның жануарлар әлемi омыртқалы жануарлардың 835 түрiмен және
омыртқасыздардың 100 мыңға жуық түрлерiмен берiлген.
      Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2002 жылғы 10 сәуiрдегi N
408 қаулысымен сүт қоректілердiң 40 түрі, құстардың 57 түрі, бауырымен
жорғалаушылардың 10 түрi, қос мекенділердiң 3 түрі, су жануарларының 19
түрі - сирек кездесетiн және жойылу қаупі төнген жануарлардың тiзбесi
бекітілген. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 маусымдағы N
573 қаулысымен Қызыл кiтапқа енгiзу үшін омыртқасыз жануарлар түрлерінің
тiзбесi бекiтiлген. Барлығы 96 түр.
      Ормандарды жою, топырақтардың эрозиясы, iшкі және теңiз су
қоймаларының ластануы, биологиялық ресурстардың шамадан тыс алу өсiмдiктер
мен жануарлар түрлерiнің жойылуына, генетикалық деңгейде жоғалтуға және
экожүйелерді тиiсті өзгерiстерге алып келедi.
      Соңғы уақытта Қазақстан экологиялық факторлары үшін нақты сыртқы
қатердi әлемде кең таралған генетикалық өзгерiске ұшыраған организмдер мен
өнiмдердi әкелу болып табылады. Өсімдіктер мен жануарлардың жат тектi
түрлерiн интродукциялау биоәртүрліліктi жоғалту есептерінің бiрi және
ғылыми зерттеулер жүргізуді талап етедi.
      Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басына дейiн Арал теңiзi әлемдегi
ішкі теңiздердiң аумағы бойынша төртінші орында болды. Оның аумағы 64,5 мың
шаршы километрге жетті, тереңдігі - 68 метрді  құрады. 60-шы жылдардан
бастап Арал теңiзiне құятын сулар лезде азайды. Теңiз аумағы теңiз түбінің
үш миллионнан астам гектарын жалаңаштап екі есе қысқарды. Теңiз деңгейi 19
метрге төмендедi, көлемi 1064-тен 210 км3-қа қысқарды. Теңiз суының
минералдануы  33,3-тен 60 гл-ға дейiн екі eceге жуық көтерiлдi. Арал
өңiрiнде пайда болатын, тұзды-шаңды ағыстар ғарыштан түсiрiлген суреттердiң
деректерi бойынша 150-300 және одан да үлкен километрлерге таралады. Шаңның
таралу және шөгуi аймақтарының көлемi шамамен 25 млн.гектар құрайды.
      Арал теңiзi айдынының апатты қысқаруы аумағында 178 елдi мекен
орналасқан, 186,3 мың адам тұратын экологиялық апат аймағы деп, мәлiм
болғандай, Арал өңiрiн жариялаудың себебi болды. Ауыз сумен қамтамасыз ету
негізiнен, ашық су қоймалары мен әкелiнетін сулардың есебiнен, 25% құрайды.
Қазiргi уақытта, Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2004 жылғы 7 мамырдағы N
520 қаулысымен2004-2006 жылдарға арналған Арал өңiрiнiң проблемаларын
кешендi шешу жөнiндегi бағдарлама бекiтiлдi.
      Семей аймағы (Семей ядролық сынақ полигоны - СЯСП) полигон әсерiмен
сипатталатын, денсаулық пен ауру жай-күйінің негiзгi көрсеткiшi бойынша ең
қолайсыздың бiрi болып қалуда. СЯСП-та ядролық қаруды сынау нәтижесiнде
Қазақстан халқының денсаулығына келтірiлген зиянды бағалау жүйесі
түпкілікті анықталып әзiрленген жоқ және шаралардың тиiстi кешенiн
жүргiзудi белгілейдi.
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 22 тамыздағы N
182-ө өкiмімен құрылған Ведомстволық жұмыс тобы бұрынғы әскери-сынақ
полигонын, оның iшiнде, СЯСП-ты зерттеу үшiн кешендi бағдарлама әзірлеуді
жүргiзуде. Бағдарламада осы жерлердегі нақты радиациялық жағдайды анықтау
үшiн жерлердi қайта өңдеу, оңалту iс-шараларының кешенін әзiрлеу және
орындау жөнiндегі жұмыстарды одан кейінгі жүргiзумен iрi көлемдi ғылыми
зерттеулер көзделетін болады. Толық көлемдi зерттеулерді полигонның өзінің
жерлерінде ғана емес, сонымен, полигонға жақын аудандар аумақтарында да
жүргiзу қажет.
      Теңiздiң шабуылы салдарынан мұнай өндiрiстерi, шаруашылық
объектілерi, коммуникациялар және басқалары су астында қалды. Келiсiм-шарт
аумақтарынан тыс орналасқан 300 астам ұңғымалар иесiз болып қалды. Олардың
150-i астамы жедел жою шараларын қажет етедi, олардың 78-i су астында
қалған.
      Каспий теңізiнің көмірсутегi ресурстарын игеру бастылары балық
аулауға кедергi келтіру, теңiз түбiндегі бұзушылықтары, балықтар
миграциясының бұзылуы, айдынды шеттету, судың лайлылығын арттыру, өндiру
және тасымалдау кезiнде технологиялық, авариялық төгiнділер, шығарындылар
және жайылулар болып табылады.
      Қоршаған ортаны жану өнiмдерiмен ластай отырып, алауларда жағылатын
iлеспе газды толық кәдеге жарату жөнiндегi тиiстi шаралар қабылданбайды.
Бұл орайда, атмосфераға парник газдарының, күкiрт пен азоттың көп саны
шығарылады. Бұл орайда, техногендік сипаттағы жер сілкіністерінің
мүмкiндiктерін ескеру қажет.
      Каспийдiң солтүстiк және солтүстік-шығыс тайыз қайраң аймағы негізін
бентостық, планктондық жануарлар мен балдырлардың үлкен әртүрлiлiгi
құрайтын балықтар мен (оның ішінде бекiре тұқымдастар) құстардың табиғи
молаюының бай таралу аймағын бiлдiредi. Қайраң аймағының және Еділ мен
Жайық өзендері атырауының аумағы 1974 жылдан бастап қорық аймағы болып
жарияланған, бiрақ оны зоналауды қорық режимiмен учаскелердегі жұмыстарды
толық тыйым салу үшін аяқтау талап етіледі. Теңiздiң солтүстiк шығыс
бөлігiндегi аралдарда Каспий итбалығының негiзгі мекен ету ортасы, ал
батпақты-сулы алқаптарда суда жүзетін құстарды, оның iшiнде көшiп-қонып
жүретiн құстар мекен етедi. Каспий экожүйесiнiң бiрегейлігін ескере отырып,
тиістi экологиялық талаптар мен стандарттармен шаруашылық жүргізудің ерекше
шарттарын әзiрлеу қажет.
      Республиканың су ресурстарының жай-күйі жалпы жеткiлiксiздiкпен,
жалғасып жатқан ластанумен және тозумен бағаланады. Қазақстандағы тұщы су
ресурстары 524 км3 құрайды, олардан 100,5 км3 өзен ағысына келедi.
      Жер асты суларының барланған қорлары (16 км3) болжамды ресурстардың
салыстырмалы шағын бөлiгiн - шамамен 27% бiлдiредi. Тұщы судың жер асты
қорларына, стратегиялық pecуpc мәртебесін беру қажет.
      2002 жылы шаруашылық-ауыз суын пайдалану көлемi 1995 жылмен
салыстырғанда екі есе төмендедi. Халықтың жан басына шаққандағы eceпте
шаруашылық-ауыз су мақсатындағы сулар орташа алғанда, шамамен тәулiгiне 150
литрден келеді. Республиканың ауыл халқы қала халқына қарағанда суды үш есе
аз тұтынады.
      Жыл сайын шайынды сулардың төгінді көлемi 5 млрд.м3-ден артықты
құрайды, Қарағанды, Оңтүстiк Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау, Алматы,
Қызылорда облыстары оған елеулі үлес қосады. Соңғы 3 жылда жылына 155
млн.м3 деңгейiнде (тазартылмаған және тазартуы жеткiлiксiз) ластанған
шайындылардың көлемдерінің тұрақтануы байқалады.
      44 зерттелген су объектілерiнен 9 өзен, 2 көл және 2 қойма "таза" су
объектілерiне, ал "лас" және "өте лас" су объектілерiне 6 өзен мен 1 су
қоймасы жатқызылған. Елек, Нұра, Ертiс өзендерi мен Самарқанд су қоймасының
сулары өте ластанған.
      2004-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Ауыл аумақтарының
дамуы мемлекеттік бағдарламасында келтірілген деректер бойынша, елдiң 637
ауылды мекендерiнде (8,3%), сапаның нормасына сәйкес келмейтін (ащылығы 1,5
гл-ден жоғары), оның ішiнде, оның 176-да тұздың құрамы 2-3 гл, ауыз суын
пайдаланады. Осындай елдi мекендердің көбi Солтүстік Қазақстан, Ақмола,
Қызылорда облыстарында орналасқан.
      Су тапшылығы және судың ластануы, ауыл шаруашылық өнiмдерiн және азық-
түлiктi алу мақсатында қолданатын, биологиялық ресурстарға керi әсерін
тигiзедi. Өзен аумағында немесе су қоймаларына жақын орналасқан
ауылшаруашылық алқаптары өндiрiстік және коммуналдық кезеңнен өткен
ластанған суды пайдаланады, онда жинақталған лас судың деңгейi өсуде.
Ластанған жерде өсiрiлген өнiм, пайдаланудың шектеулі аясын иемденген және
жiберiлген шығындар өтелмейді.
      Қазiргi уақытта, Қазақстан Республикасында 14-тен 4 әскери-сынақ
полигоны және "Байқоңыр" зымыранды-ғарыш кешенi жұмыс iстейдi.
      Зымыранның ұшуына отынның орасан зор шығыны кететiнi белгілі және 40-
50 км биiктiкке дейiн тығыз атмосфера қабатынан өту кезiнде, сондай-ақ
отынның 500-600 тоннасы жұмсалады, оның 200 тоннасын гептил құрайды.
Оттегiнiң жануымен және ыдырау өнімдердің құралуымен отынның жану процесi
ілесе жүредi. Қоршаған орта үшін, зымыран тасығыштардың бөлiнетiн жерге
құлаған бөлшектерi, улылығы жоғары отынның таралуы және қоршаған ортаға
керi әсерiн тигiзетiн басқа да факторлар ерекше қауiп төндiредi.
      Атмосфераның негiзгі ластануы түстi металлургия, жылу энергетикасы,
қара металлургия кәсіпорындарының, мұнайгаз кешенi мен көлiктiң
шығарындыларымен байланысты.
      Республиканың 19 қаласында атмосфералық ауаның ластану жай-күйін
бақылау жүргізілуде. Риддер, Шымкент, Өскемен, Қарағанды, Алматы
қалаларында ластанудың неғұрлым жоғары деңгейi байқалады. Кей кездерi
ластаушы заттардың ең жоғарғы шоғырлануы ШРШ-ны 10-20 рет асады (мысалы,
Балқаш, Өскемен қалаларында күкірттің диоксиді бойынша).
      Республиканың кейбiр қалаларында атмосфералық ауаның ластану
деңгейiнiң төмендеуi оңтайлы үрдiсi байқалуда. Егер 90 жылдардың басында
Өскемен, Риддер қалаларының ластану индексi 35-40 бiрлiкке жетсе, онда
қазiр 12-17-ге дейiн төмендеді. Алайда керiсiнше үрдiс (Атырау облысы) де
орын алуда.
2-сурет. Тұрақты көздерден ластаушы заттардың
шығарындылары, мың т.
      
      2 және 3-суреттердiң кестелерінде тұрақты және жылжымалы көздерден
атмосфералық ауаға ластаушы заттардың жиынтық шығарындыларының серпіні
көрсетілген. Тұтастай алғанда, өндiрiстiң ұлғаймалы қарқынында 2,6-2,7
млн.тонна деңгейінде 1995-2003 жылдар iшiнде тұрақты шығарындылардан 2000-
2003 жылдар ішінде 0,9-1 млн.тонна деңгейiнде автокөлiктен атмосфераға
жиынтық шығарындылардың салыстырмалы тұрақтануы байқалуда.
3-сурет. Автокөліктен ластаушы заттар шығарындыларының серпіні, мың.т.
      
      Қалалардағы жылжымалы көздерден шығарындылардың үлесі автокөлік
санының ұлғаюы есебінен өсу үрдiсi бар. әсiресе, көмiртегінің оксидi
бойынша автокөліктің жаңа моделдерінің үлестік шығарындылары біраз асатын
пайдаланылған газдардың ластаушы заттардың үлестік шығарындылары ескі
үлгідегі әсіресе, пайдаланылатын көліктің теріс әсері бар.
      Атмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi жүргiзiлетiн iс-шаралар
кәсіпорындар шығарындыларының есебiн алуға және тұрақты әрi жылжымалы
көздермен қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер жинауға бағытталған.
Алайда, зиянды заттар шығарындыларының азаю эффектiсiне мұндай әдiстермен
қол жеткiзiлмейдi, өйткенi кәсiпорындар "экологиялық төлемдерінің" құны ол
үшін түбiнде, тұтынушылар төлейтiн өнiм құнына (жылу, энергия, қызмет
көрсету) енгiзіледi.
      Экологиялық төлемдердi пайдалану тетігі өндiрiсте таза
технологияларды енгiзудi және экологиялық таза өндiрiстер мен циклдарды
қолдауды көздейдi.
      Елдiң әуе бассейнiн ластауға трансшекаралық көшiру бiраз үлес қосады:
мысалы, Мәскеудiң әдiстемелiк синтездеушi орталығы орындаған алдын-ала
есептер бойынша Қазақстанның аумағындағы өз көздерiнен күкiрттiң түсу үлесi
жылына 380 мың тонна, сырттан әкелiнгендерiнің үлесi - жылына 446 мың
тонна. Қазақстан, өз кезегінде көршi елдердiң аумағына түсетiн ластаулардың
бiраз көлемiн жеткiзедi.
      Қазақстанның шамамен 5 млн. тұрғыны ластанған атмосфералық ауа
жағдайында, 2 млн. - ластанудың өте жоғары деңгейi жағдайында тұрады.
      Қазақстандық ғалымдар халықтың емделуiне, диагностика мен сауықтыруға
жалпы шығындарды, өмiрдiң орташа ұзақтығын, аурухана парақтары және
мүгедектерге зейнетақылар бойынша төлемдерге шығындарды ескере отырып,
экологиялық жағдайдың нашарлауы салдарынан халықтың денсаулығына
келтiрiлген залал есебiнiң моделін әзiрледi. Денсаулықты қорғау және
экожобалау орталығының деректерi бойынша Қазақстанның шығындары бiр жылға
әрбiр тұрғынға 8355 теңге ($55,7) немесе атмосфераға шығарындылардың бiр
тоннасы үшiн 9000 теңге ($60) құрайды. Бұл атмосфералық ауаның ластануынан
Қазақстан халқының денсаулығы үшін терiс эффект жылына кемiнде 225 млрд.
теңге ($1,5 млрд.) құрайтынын білдіреді.
      Республикада 22 млрд.т. аса өндiрiс және тұтыну қалдықтары
жинақталған. Пайдалы кен орындарын барлау кезiнде өндiрiлетiн минералдық
шикізаттың 3-5% көлемiн құрайтын 1-2 басым компонент ғана пайдаланылатыны
мәлім, қалған масса қалдықтар түрінде жинақталады.
      Түсті, сирек, асыл және радиоактивтiк металдардың тау-кен
метталлургия өндірісі қалдықтарына жиынтық қорлары тиiстi жеткілiкті iрi
кен орындарының қорларымен тең.
      Қалдықтардың жалпы массасында 6,7 млрд.т - жерлердi, жер үстi және
жер асты суларын, әуе бассейнiн ластау көздерi болып табылатын улы
қалдықтар. Улы өнеркәсiптiк қатты қалдықтардың негiзгi көлемдерi 5,2 млрд.
т астамы түстi металлургия кәсіпорындарында жинақталған. Олар Қарағанды -
29,4%, Шығыс Қазақстан - 25,7%, Қостанай - 17%, Павлодар - 14,6%
облыстарында жинақталған. Сақтаудың 100-ден астам орындарында 50 мың
кюриден астам жалпы белсенділiктегі шамамен 50 млн.т радиоактивтiк
қалдықтар жинақталған. 100-ден астам сақтау орындарында жалпы активтiлігі
250 мың кюри уран өндірісі саласының шамамен 250 млн. тонна радиоактивтi
қалдықтары жинақталған.
      Өндіріс қалдықтарының жыл сайынғы өсiмi 1 млрд.т-ға жетедi.
      Мұнай-газ кешені, жылу энергетикасы, тау-кен және ұқсату өнеркәсiбi
кәсiпорындарының бұрынғы қызметінен қалдықтар, сондай-ақ қазiргi уақытта
иесiз объектілер: мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымалар, шахталар,
кеніштер (oның ішінде радиоактивтiк қалдықтармен), қалдықсақтауыштар және
ақаба сулардың жинақтаушылары, әскери-сынақ полигондары жататын тарихи
ластанулар проблемасы бар.
      Жыл сайын қатты тұрмыстық қалдықтардың көлемi шамамен 10-13
млн.м3 ұлғаяды. Тек, Алматы қаласында жыл сайын 2 млн.м3 қоқыс жинақталады,
одан 300 мың.м3 ұқсатылады. Орташа алғанда, тұрмыстық қалдықтар құрылымында
шамамен 50% тұрмыстық қалдықтар, шамамен 26% - қағаз, шамамен 9% -
пластмасса, шамамен 15% - шыны, тiгін, терi, металл, қыш, құм және өзгелері
құрайды.
      Қатты тұрмыстық қалдықтардың негiзгi массасы компоненттерге
бөлінбестен әкетіледі және ашық қоқыстарда жинақталады, олардың 97% табиғат
қорғау заңнамасының талаптарына сәйкес келмейдi, оларды орналастыру мен
жайғастыру қоршаған ортаға әсер етудi жобалаусыз және бағалаусыз жүзеге
асырылған. Республикадағы қатты тұрмыстық қалдықтардың 5%-тен астамы ғана
кәдеге жаратуға немесе жағуға ұшырайды.
      Қазіргі уақытта, облыстарда өндiрiстiк және қатты тұрмыстық
қалдықтардың статистикалық eceбi ғана жүзеге асырылады. Олардың кадастрлары
жүргізілмейді. Жинақталған қалдықтарға түгендеу жүргізудi талап ететiн
қалдықтармен ластанған көлемдер мен алаңдардың дәл деректерi жоқ.
      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, радиоактивтi,
бактериологиялық, химиялық ластану.
      Радиоактивтiк ластану Қазақстанның негiзгi экологиялық
проблемаларының бiрi болып табылады. Оның көздерi болып мыналар қызмет
етеді:
      уран өндiретiн және ұқсатушы өнеркәсiптiң жұмыс iстемейтін
кәсіпорындарының қалдықтары - уран кеніштерінің үйiнділерi, өздiгiнен
ағатын ұңғымалар, қалдықсақтауыштар, технологиялық желілердiң бөлшектеліп
алынған жабдығы;
      ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған аумақтар;
      мұнай өндiру қалдықтары және жұмыс iстеуiн тоқтатқан мұнай жабдығы;
      ядролық реакторлар қалдықтары, иондаушы сәулеленудің жұмыс iстеуiн
тоқтатқан көздері.
      Қазақстан аумағында уран өндiрушi кәсiпорындардың жинақталған
қалдықтары жинақталған табиғи радиоактивтіліктің жоғары деңгейiн
белгілейтiн алты iрi уран беретін геологиялық провинциялар, көптеген шағын
кен орындары мен уранның кен басқармалары бар. Көптеген аумақтар ядролық
сынақтар жүргiзу салдарынан радионуклидтермен ластанған.
      Қазақстанның 30% аумағында - табиғи радиоактивтi газ - радонның
жоғары бөлiнуiнiң әлеуеттi мүмкiндiгі бар.
      Химиялық ластану проблемасы шаруашылық қызметі процесiнде адам
пайдаланатын химиялық активтi заттардың кең таралуымен байланысты, оның
iшiнде, тiрi организмде жинақталу қабілетіне ие, табиғи ортада бәсең
бүлінетiн, тұрақты органикалық ластанулар (ТОЛ) өте қауіпті.
      ТОЛ-дың ауқымды бөлiгі қалдық санмен топырақ бетiнде және өсiмдiктер
массасында ұзақ жылдар сақталатын пестицидтермен берiлген. Өнеркәсiптiк ТОЛ
энергетика, мұнай өңдеу және химия өнеркәсiбiнің кәсiпорындарында жиналады
және пайдаланылады.
      Төтенше жағдайлар жөнiндегі министрлiктiң деректерi бойынша
Қазақстанда 1994 жылдан басталған кезең үшiн табиғи және техногендiк
сипаттағы 320 мың төтенше жағдайлар мен оқиғалар тіркелген, зиян
шеккендердiң жалпы саны 250 мыңнан астамды, қайтыс болғандар шамамен 40
мыңды құрады. Сараптық бағалаулар бойынша төтенше жағдайлардан тiкелей және
жанама зиян жыл сайын шамамен 25 миллион теңге құрайды. Iрi көлемдегi
табиғи және техногендiк төтенше жағдайлардың әдетте, ауыр экологиялық
салдарлары бар. әсiресе, орман өрттері үлкен зиян келтiредi.
      Қоршаған ортаның сапасынан халықтың ауыру-сырқауын бағалау проблемасы
қатты көрiнiс беретіні айқын. Халықтың денсаулығының жай-күйiн және өмiр
ұзақтығына әсер ететін факторларды зерттеу өте көкейкесті.
      Тұтастай алғанда, әлеуметтiк-экономикалық тұрмыстың өзгеруiмен
туындаған кризис және экологиялық жағдайдың бiр-бiрiне әсер ете отырып,
халықтың тұрмыс жағдайын, әсiресе, экологиялық қолайсыздық аймақтарында
бiршама қоршаған ортаның нашарлауымен Қазақстандағы қазiргi заманғы жай-
күйдi атап өту керек.
      Денсаулықты жоғалтудың қатері аридтік шөлейтті аймақтарда,
экологиялық қолайсыз аймақтарда, минералдық шикiзатты өндiру және ұқсату
объектілерінің, жылу энергетика станцияларының, өнеркәсiптiк және тұрмыстық
қалдықтар полигондарының жанында орналасқан аймақтарда, iрi өнеркәсіп
орталықтарында тұру кезінде ұлғаяды.
 3.2. Қоршаған орта сапасын басқару жүйесiн бағалау
      Табиғат қорғау жұмыстарын іске асыру қоршаған ортаның сапасын
басқарудың жүйесiн қалыптастыру процесiнiң аяқталмауымен байланысты
көптеген проблемалармен соқтығысады. Басты проблемалардың бiрi 10 заң мен
200 заңға бағынысты кесiмдерден тұратынына қарамастан табиғат қорғау
заңнамасын жетілдiру болып табылады.
      Практикада қолданыстағы экологиялық заңнаманың ережелерi мен
нормаларын iске асырудың аз тиімділігі де проблема болып табылады. Табиғат
қорғау заңнамасының epeжелерін қолданудың тиiмдi тетiгінiң болмауы жаппай
байқалады. Халықаралық экологиялық келiсiм-шарттар мен конвенциялар бойынша
міндеттемелерді орындауды үйлестірудiң жүйесi жоқ.
      Қоршаған ортаның жай-күйiне мемлекеттік бақылау жүйесi және табиғи
ресурстарды басқару жүйесi қалыптастыру кезеңiнде тұр және тұрақты
жетілдіруді талап етедi.
      Нормативтік-әдістемелiк базаның қазiргi заманғы жай-күйi iс жүзiндегі
жүйесiздігімен, қайталаумен, сондай-ақ нормаланатын көрсеткiштердiң
жеткіліксіздігімен сипатталады.
      Экологиялық нормалау жүйесi адам организмiне ластаушы заттардың
гигиеналық нормативтеріне негiзделген. Адамға және қоршаған ортаға
техногендiк белгілі факторлардың әсерiн ескеретін экологиялық және
техникалық нормативтердi әзірлеу талап етіледi, ол үшiн арнайы ғылыми
зерттеулер қажет. Экологиялық және техникалық нормативтердiң құқықтық
негiзi болуы және заңнамалық кесімдерге қосымшалар ретiнде бекiтiлуi тиiс.
      Қазіргі уақытта, экологиялық жоспарлау Үкiмет, министрлiктер,
әкімдіктер мен жекелеген кәсiпорындар деңгейiнде жүзеге асырылады.
Кәсіпорындар табиғат қорғау іс-шараларының жоспары көбiнесе тексеру
барысында берілген мемлекеттік инспекторлар нұсқамаларының тармақтарын
қайталайды, ол қоршаған ортаны сауықтыру, ұтымды табиғат пайдалану,
сәйкесінше қаржыландыру мәселелеріне жоспарлы тәсiлдiң жоқ екенiн
көрсетеді. Өз инвестициялық саясатында шетелдік және отандық кәсiпорындар
табиғат қорғау саласын қаржыландырудың қалдық қағидатын басшылыққа алады,
яғни табиғат пайдалану нақты тұтыну сипатын жалғастыруда.
      Әртүрлі министрліктер мен ведомстволар бойынша, оның iшінде
шаруашылық қызметімен айналысатын мемлекеттiк экологиялық бақылаудың
шашыраңқылығы барлық бақылаушы органдардың жұмысын үйлестiрудiң, қайталауды
жоюдың, экожүйелiк мемлекеттiк бақылауды дамытудың қажеттiлігін белгілейдi.
      Бақылаушы құрылымдардың әлсiз материалдық-техникалық жарақтануы
салдарынан құқық қолдану практикасы бөлiгiнде жедел бақылаудың тиімділігі
төмен.
      Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық тетiктерiн жетiлдiру табиғи
ресурстарды пайдалану және қорғау жөнiндегi шаруашылық қызметiн реттеудiң
мықты факторы болып табылады. Бұл салада нормативтік-әдістемелік базаны
жетілдiру жөніндегі жұмыс жүргiзiлуде, қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем
ретiнде алынатын қаражатты нысанды пайдалану тетiктерiн жүргізу қажет.
      Табиғат қорғау қызметiнiң тиімділігін арттыру табиғат пайдалану мен
экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесiн оңтайландыруға жәрдемдеседi.
      Қазiргі уақытта мониторингтің әртүрлі ведомстволық жүйелерінің жұмыс
iстеуi жедел және тиiмдi басқарушылық шешiмдер қабылдауға қажетті қоршаған
opта жай-күйінің толық мәндегi тұтас сипатын бере алмайды.
      Жұмыс iстеп тұрған мониторинг жүйелерi, қызметтер мен желiлер,
негізінен, қоршаған орта объектілерінің ластануын бақылауды жүзеге асырады.
Олар ведомстволарға бағынады, әдістемелік, бағдарламалық және
ұйымдастырушылық жағынан бір-бірімен байланыссыз. Олардың қызметінің
үйлесiмділігі жоқ болғандықтан, тақырыптық табиғат қорғау міндеттерін
шешуге және жедел басқарушылық шешiмдер қабылдауды ақпараттық қолдауға
мүмкiндiк бермейді. Ақпараттық жағынан бұл желiлер бірге жұмыс iстей
алмайды. Ақпараттың техникалық, математикалық және басқа да түрлері талап
етілетін номенклатураны, анық және дәл өлшемдер, экологиялық ахуалды
жақсарту жөнiндегi ақпараттар алудың қажеттi шұғылдығы мен нұсқамалар
әзiрлеудi қамтамасыз ете алмайды.
 4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МIНДЕТТЕРI
      Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық
қауiпсiздiгi тұжырымдамасының ережелерiн кезең-кезеңмен iске асыру 2010
жылға қарай қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыруға қол жеткізуді болжайды.
Алайда, экологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін үлкен дайындық жұмысы қажет.
Сондықтан, осы Бағдарламаның мақсаты қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру
үшiн жағдай жасау болып табылады.
      Бағдарлама табиғи жүйелердің жұтау қарқынын бәсеңдетуге мүмкіндік
беретін тиiмдi тетiктер мен іс-шараларды құру жөніндегі шаралар кешенiн
жүргізуге ғана емес, сонымен қатар, экологиялық жағдайды нақты
тұрақтандыруға бағытталған.
      Бағдарламаның бұл мақсатына қол жеткізу мынадай басым бағыттар
бойынша жүзеге асырылатын болады:
      а) Қоршаған ортаның сапасын басқарудың жүйесiн оңтайландыру мыналарды
қамтиды:
      заңнама базасын жетілдіру;
      мемлекеттік және жергілікті деңгейлерде жоспарлауды қамтамасыз ету;
      қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк басқармасының институционалдық
негізін құру;
      мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүйесiн жетілдiру;
      қоршаған ортаның мониторинг жүйесiн дамыту;
      жүйелік тәсiл негiзiнде табиғат қорғау жұмыстарын ғылыми қамтамасыз
ету;
      сектораралық ынтымақтастық тетiктерiн әзiрлеу;
      экономикалық тетiктердi жетілдіру;
      әлеуметтік әрiптестiк тетіктерін дамыту;
      экологиялық білім беру жүйесiн жетілдiру;
      халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
      б) Қоршаған ортаға шаруашылық және өзге де қызметтің әсерiн азайту
әрі мынадай жолмен табиғат қорғау-қалпына келтiру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаны қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңы
Экологиялық зиянды өтеуді құқықтық реттеу
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға ынталандыратын, жауапкершілігін артыратын экономикалық механизм мен тетіктер жүйесі
Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйін және оны қорғау
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қостанай облысындағы егін шаруашылығын реттеу
Қоршаған ортаның қазiргі жай-күйi
Экологиялық құқық бұзушылықтар салдарынан азаматтық жауапкершілікке тарту
Қоршаған ортаның негігі конвенциясы және хаттамалары
Қазақстандағы ауаның ластануының экологиялық проблемалары
Пәндер