Қоршаған ортаның ластануының ғаламдық әсерлері


Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

а) Қоршаған ортаның ластануының ғаламдық әсерлері

б) Табиғи ресурстардың таусылуы мен қалдықтар проблемасы

в) «Таза ауыз су» пробемасы

ІІІ. Қорытынды.

Қазіргі заманғы экологиялық дағдарыс бүкіл ғаламшарға таралуда және дүние жүзінің барлық елдеріне, барлық саяси және экономикалық жүйелерге, қозғау салуда. Мұндай жағдай көптеген, оның ішінде қарама-қарсы бағытталған, әлеуметтік және экономикалық факторлардың әсерінің нәтижесі болып табылады. Бұл ең алдымен шаруашылықты жүргізудің бұрынғы шығынды-экстенсивті әдістерінің салдары, ол экономикалық та, экологиялық та, көзқарастар тұрғысынан ақталмаған экожүйелердің бұзылуымен, өндірілетін ресурстарды ұтымсыз пайдаланумен, қалдықтардың жинақталуымен және ортаның ластануымен жүрді. Қазіргі экологиялық жағдайдың күрделілігі адамзаттың техникалық ілгерілеудің жетістіктерінен, ресурстарды пайдаланудан бас тарта алмайтындығымен байланысты. Сондай-ақ күнен-күнге үдеп келе жатқан техникалық жарақаттану және халықтың күрт өсуі жағдайында ортаға әсер етудің де арту беталысы жоғары.

Жер бетілік кеңістікте қосымша энергияның жинақталуы табиғи ресурстарды пайдаланумен байланысты, бұл климаттың ғаламдық жылуынан әкеп соғуда. Биосферадағы жылу теңдестігінің бұзылуы сондай-ақ атмосфераның шаңдануының артуымен, топырақтардың, су қоймаларының, және басқа да үстіңгі беттердің өсімдіктер жамылғысының булануының өзгеруімен себептеледі, бұлар салмақты түрленулерді бастан өткеруде . Таяу болашақта біздің ғаламмарымыздағы жылдық орташа температура 1-3 0С көтеріледі деп күтілуде

Экологиалық проблемаларды ғаламдастырудың себептерін қарастыру кезінде адамның қоршаған ортаға антрологендік әсер етумен байланысты жоғарыда аталып өткен өндірістік-экономикалық факторлардан өзге басқа жалығаламшарлық факторлардың саяси және әлеуметтік факторлардың мәні орта түседі. Мекендеу ортасының әлеуметтік қолайсыздығы антисанитариямен (ластықпен), қалдықтың жинақталуымен, тамақтану сапасының төмендеуімен, ауру-сырқаулардың өсуімен жүреді.

аламдық, оның ішінде экологиялық проблемаларды шешу кедейлік, аштық, саутсыздық, жұмыссыздық, мәдени деңгейдің төмендігі сақталып тұрған жағдайда мүмкін емес.

Кедейлік - «демографиялық күрт өсудің» басты қорғаушымеханизмі, оның 90%-ы дамушы елдерге келеді.

Ортаның ластануы деп әдетте оған тән емес әр түрлі заттардың шектен тыс шоғарлануының (химиялық, биологиялық, физикалық) нәтижесінде пайда болатын жағымсыз жайларды түсінеді. Ластағыштар құрамы тек қана улы ғана емес, зиянсыз заттардан да тұруы мүмкін. Мыс, егістік жерді шамадан тыс суарған кезде, табиғи су да зиянды болып шығуы мүмкін.

Ластанудың көбінесе экожүйені тепе-теңдіктен шығаратын агент ретінде қарастыруға болады. Көп жағдайда ластанудың өз орнына қойылмаған кез келген табиғи ресурс немесе оның элементі ретінде қарастырады.

Кез-келген ластағыш затты ең болмағанда үш параметрі бойынща бағалауға болады: ортаға түсу көлемі, агрессиялылығы (улылығы) және төзімділік дәрежесі. Мыс, көмірқышқыл газының жағымсыз әсері оның ортаға көп мөлшерде түсуімен және ауада ұзақ уақыт сақталуымен себептеледі, бұның нәтижесінде оның ауадағы мөлшері көбейіп, көшетхана (парникті) эфффектісіне әкеледі. Фреондар (суытқыштар) төзімділік және агшрессиялық дәрежесі бойынша атмосфераның қандай қабаттарында екендігіне байланысты олардың әсері селқос және ұзақ уақыт сақталады, ал олар озон қабатында - агрессия және айтарлықтай бұзылыстарға ұшырайды.

Әсер ету сипаты бойынша атмосфераның, Дүние жүзілік мұхит суларының, топырақтардың химиялық ластануы кеңінен таралған. Антропогенді химиялық заттар қоршаған ортаға түрлі жолдар арқылы түседі.

Адам өз тұрмысында шамамен 70 мыңдай заттарды пайдаланады, оған жыл сайын 500-1000 жаңа атаулар қосылып отырады. Газды заттар - арнайы алаңдарға қатпарланады немесе жер қатқабатына көміледі, ауыл шаруашылығыда тыңайтқыштар мен улыхимикаттар пайдаланылады.

Әсіресе ірі қалалардағы өнеркәсіп орындарының ауаны ластауы аса өткір проблема болып тұр. Ресейдің 63 миллион адам тұратын 200-ден астам қалаларында орташа жылдық шоғырланулар шектеулі рұқсат етілген көлемнен (ШРК) асып кетеді. Қазақстанның негізгі өндірісті қалаларының ауа бассейіндеріне жыл сайын 3 млн. т. ластаушы заттар шығарылады. 2000 жылғы өлшемдер бойынша ауадағы улы заттар көлемінің ең жоғарғы мөлшерлері мына қалаларда - Өскеменде, Балқашта, Шымкентте, Павлодарда, Жезқазғанда және Теміртауда байқалады. 2002 жылы Қазақстан өкіметі «атмосфералық ауаны қорғау» заңын қабылдады.

Адамның тіршілік етуін қамтамасыз ететін сулы ортаның ластауының мәнін бағалау өте қиын. Шамамен 1 млрд. Адам таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген; 1, 7 млрд. Адамның санитария құралдары жоқ, ал судың жетіспеуі мен антисанитариядан жылына 2-3 млн бала өледі.

Ресей гидромет мониторингінің мәліметтері бойынша су объектілерінің басым бөлігіндегі судың сапасы нормативті талаптарға сай келмейді. Негізгі өзендер: Волга, Дон, Кубань, Обь, Енисей, Лена, Печора « ластанған », олардың ірі салалары: Ока, Кама, Томь, Ертіс, Тобль, Миасс, Исеть, Тура « аса ластанған » деп бағаланады. Қазақстанның аса ластанған өзендеріне Жайық, Сырдария және Ертіс жатады.

Осындай жағдайлар әлемдік мұхит суларына да тән болып тұр. Әлемдік мұхит суларының ластануында ең үлкен үлес мұнайлы ластануда болып тұр. Теңіз суларының мұнайымен ластануында ең үлкен үлесті жағалаулық өндіріс өнеркәсіптері, содан кейін теңіз асты жұмыстары жасап тұр. Өнеркәсіптік қалдықтар мен ағынды сулар мұнайлы ластанудың 60% құрап тұр, мұнай терминалдары мен мұнай өңдеу заводтарының ластанулары 1, 2% құраса, теңіздегі мұнай-газ қондырғылары платфомалар мен скважиналар ластаулары - 2, 1% -ті, су транспортындағы танкерлер ластаушлары - 11, 3%-ті, су транспортындағы басқа ластаулар - 14, 4%-ті құрап отыр.

Қоршаған ортаны өте зиянды ластаушы қатарына радиоактивті ластау жатады. Бұл ластанудың негізгі көздері ядрлық қаруды жару, атом электростанциялары мен атомөндіретіндігі авариялар, радиоактивті қалдықтар жатады. Ядролық жарылыс пен авария кезіндегі сәулелену көздері болып радиоактивті элементтердің бөліну өнімдері, бағытталған нейтрондық белсенділік, трансуарндық элементтер және тритий болып табылады.

Ядролық энергетиканың тағы да бір өнімі ядролық қалдықтар. Ағылшындар оларды бочкаларға салып, теңізге лақтырып жатыр. Ресейде олардан құтылу үшін су линзасы әдісін қолдануда. Бұл линзаларға сұйық күйде радиактивті стронций мен цезинді ғана емесе, сондай-ақ жартылай бөліну периоды 24 мың жыл болатын плутонийй 239-ды да салады. Егер де осы мыңжылдықтар ішінде линза жарылса, ол жағдайда Жер бетіндегі барлық тіршілік жойылып кетуі мүмкін. Су қоймаларындағы суды АЭС-да салқындатқыш ретінде қолдану олардың радиоактивті изотоптарымен ластануына әекеледі.

Ластану жер топырағының құлдырауының негізі, себептерінің бірі болып тұр. Өндіріс орындары мен автотранспорттың қоршаған ортаға шығатын улы заттары, суарылмалы егістік жерлеуде ластанған сулардың қолдану, мұнай өнімдерін өндіру, өңдеу және қолдану кезінде технологиялық шарттарды бұзу, нефтқұбырындағы авариялар топырақтағы зиянды заттардың көбеюіне әкеліп, оның физико-химиялық және биологиялық қасиеттерін нешерлатуда.

Табиғи ресурстардың таусылуы негізгі ғаламдық экологиялық проблемалардың біріне жатады. Табиғи ресурстар - бұл адамдар қолданатын барлық табиғи материальдық және энергетикалық ресурстар.

Табиғи ресурстардың бірнеше классификациясы бар.

Табиғи классификация ресурстардың табиғи орта компоненттары бойынша бөлінуге негізделген: жеолік, минеральдық, сулық, климаттық, өсімдіктік, жануарлық әлем және т. б.

Шаруашылықтық классификация өндірістік тұрғыға байланысты: жанармай - энергетикалық комплекс ресурсы, металургиялық, химиялық өнеркәсіптік, ауылшаруашылықтық және т. б.

Экологиялық - экономикалық көзқарас тұрғысынан таусылу белгісі бойынша классификация маңызды.

Қалдықтарға әр түрлі өнімдерді немесе қолдану кезінде пайда болатын және өзінің бастапқы қасиеттерін жоғалтқан, енді қолдануға келмейтін заттардың, материалдық және т. б. қалып қойған бөлімдерін жатқызамыз. Қалдықтар қоршаған ортаға және адам организміне зиянды материалды заттарға жатады.

Өндірістік қалдықтар қатты және сұйық қалдықтарға бөлінеді. Қатты қалдықтарға металдардың, ағаштардың, пластмассалардың, өндіріс өнімдерінің қалдықтары жатады. Сұйық қалдықтарға ағынды суларды тазартқанан кейін қалатын тұнбалар, газдарды ылғалдық әдіспен тазартқан кезде қалтын минералды және органикалық шаңдар қалдықтары жатады.

Қауіпті қалдықтарға ауылшаруашылығында кең түрде қолданылатын улыхимикаттар, құрамында канцерогенді және улы заттар бар өнеркәсіп қалдықтары жатады. Статистикалық деректер бойынша Ресей мемлекетінің территориясында 80 млрд. т. жуық қалдықтар жинақталған, олардың мөлшері жыл сайын өсіп келеді. Тек қана Свердлов обласында қалдықтар көлемі 35 млрд. т. құрайды. Бұл аймақта жыл сайын 160 млн. т. оның ішінде 11 млн. т. улы қалдықтар түзіледі. Сондықтан да қалдықтардың мұншама көптігі қоршаған ортаның өте ластануына әкеліп, адам денсаулығына зиянын тигізеді.

Қоршаған орта мен адам денсаулығына өте үлкен қауіпті АЭС, редиохимиялық заводтарда, гидрометалургиялық комбинаттарды, ғылыми-зерттеу орталықтарында түзілетін радиактивті қалдықтар әкеледі. Ресей территориясында көмілген радиоактивті қалдықтардың жалпы белсенділігі 4 млрд. Ku (кюри) тең. Ресейде радоиактивті қалдықтарды көметін және оларды өңдейтін 15 полигон бар. Алайда қалдықтарды сақтау және өңдеу процестері қауіпті істерге жатады. Өңдеу өнеркәсіптерінде болып тұратын авриялар қоршаған ортаның ластануына әкеліп, адам денсаулығымен болашақ ұрпақ өміріне орны томас зиянкестік жасайды.

Қазақстан территориясыда жинақталған радиоактивті қалдықтардың активтілігі 13 млн. Кюри-ден, ал салмағы 230 млн. т-дан асады. Республика территориясында бұрынғы Совет одағындағы барлық уранның 40% - ті өндірілді. Қазіргі уақытта республикада 800-ге жуық өндіріс орындарында радиоактивті өнімдер қолданылады және осы өндірістегі қалдықтарды залалсыздандыру мен көму мәселелері әлі шешілген жоқ. 2005 ж. Ақтаудағы БИ-350 ядролық реактордың тоқтатылуына байланысты Қазақстанда осы реактордың жоғары активті қалдықтарын көміп сақтайтын қойма мәселесі алда тұр:

Барлық өнеркәсіп қалдықтары қауіптілігі бойынша 4 классқа бөлінеді:

  • бірінші класс - аса қауіпті заттар
  • екінші класс - қауіптілігі жоғары заттар.
  • Үшінші класс - орташа қауіпті заттар.
  • Төртінші класс - қауіптілігі аз заттар.

Құрамында сынап, сулема, хромқышықылды, цианды камей, үш хлорлы, сурьма, бенз (а) пирен, мышьяк тотығы және басқа да аса улы заттары бар қалдықтарды бірінші классқа жатқызады. Құрамындахлорлы мыс, хлорлы никель, сурьманың үштотығы, азотқышқылды қорғасын және т. б. заттарды екінші классқа жатқызады. Құрамында күкірт қышқылды мыс, қорғасын тотығы, төрт хлорлы көміртек және т. б. заттарды үшінші классқа жатқызады. Құрамында күкіртқышқылды марганец, фосфаттар, күкіртқышқылды мырыш, хлорлы мырыш бар қалдықтарды төртінші классқа жатқызады.

«Таза ауыз су» проблемасы

Таза және қауіпті ауыз суға деген мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі. Есептеулер бойынша дамушы елдерде шамамен 1 млрд. Адам ауыз суға толық жете алмай отыр. Су жетіспей отырған елдерге Солтүстік Африка, таяу Шығыс, Азия мемлекеттері жатады. Жалпы адамзаттың 20% таза ауыз суға тапшы болып отыр. Су мен су ресурстарының жтіспеуі көптеген Оңтүстік Африка елдерінің дамуында да тежеуші факторлардың бірі болып тұр., Өте үлкен мөлшерде суды Еуропа елдері қолданылуда.

Адамның денсаулығы судың тазалығы мен оның санитариялық жағдайларды жақсартудағы ролімен тікелей байланысты. Адам санының өсуінің нәтижесінде судың жетіспеуі су дағдарысына алып келуде.

Қазіргі уақытта шамамен 2 млрд адам канализациясы бар жағдайға қол жеткізу алмайотыр, 5 млн адам, оның ішінде 2-3 млн балалар, жыл сайын таза судың жетіспеуіне байланысты әр түрлі аурулардан өлуде.

Қаладағы су құбарларынан басқа сулар табиғи ресурстарға жатады және қоғамдық меншіктілікке қарайды. Су ресурстарын қолдану, оны ары қарай дамыту мен оны қолдануға контроль жасау тек ұлттық мүдде тұрғысынан ғана емес, халқаралық бірлесіп дамытуды талап етеді.

Жер бітіндегі таза судың қоры жеткілікті көрінгенмен, әлемнің көп аймақтарында халық өтеаз мөлшерде ғана таза суды қолданып отыр. Әлемдегі барлық өзендердің сулардың жылдық көлемі шамамен 42600 км 3 , ал бұл 1995 ж есептеулер бойынша адам басына шаққанда 7600м 3 клелед. Бірақ та адам санының өсуіне байланысты бұл шама жыл сайын өзгеруде. Мыс, 1970 ж. Бұл шама 12900 болса, 2005ж ол 5200 м 3 -ге дейін төмендеуі мүмкін.

Жыл сайын әр түрлі өнісмдермен ластанған және арнайы тазартусыз пайдалануға келмейтін су объектілеріның саны көбейіп келеді. Су қоймаларының ластануы су экожүйесінің құлдарауына әкеліп, табиғи судың сапасын қалпына келтіретін гидробионтардың тіршілік жағдайын қиындатады. Көп жағдайда табиғи су объектілерінен алынған судың тек бір бөлігі ғана қатадан су экожүйесіне қайтып оралады, ал көп бөлігі далаға кетеді және буланып ұшып кетеді.

Таза суға деген жетіспеушілік пен оны ұқыпты түрде қолдану мәселелері бұрыннан бері адамзатты ойландыруда, себебі бұл факторлар сол елдің тұрақты түрде дамуында, халқының денсаулығына және тұрмыстық жағдайының деңгейінде, өнеркәсіп пен тамақ өндіру маңызды роль атқарады. Болашақта бұл жағдай қиындай түсуі мүмкін.

ХХІ ғасырдың ортасына қарай жердің негізгі стратегиялық ресурсы мұнай емес, таза су болуы ғажап емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғи ортаның ғаламдық экологиялық мәселелері
Қоршаган ортаның ластануының жіктелуі
Әлемдік мұхит проблемалары
Әлемдік экологиялық проблемалар жайлы
Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі. Биосфера ғаламдық экожүйе.Биосфераның ғаламдық экологиялық проблемалары.Экологиялық жағдайлар мен экологиялық дағдарыс
Жалпы экологияның қысқаша тарихы
Экологиялық кризистер және экологиялық катастрофалар
Атмосфералық ауаның ластануы. Климаттың ғаламдық өзгерістері
Химиялық экология
Экологиялық проблемалар туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz