Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы
• 1 Абаймен қарым.қатынасы
• 2 Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы
• 3 Ағартушының педагогикалық қызметі
• 4 Ыбырай Алтынсариннің экономикалық көзқарасы
• 5 Ыбырай Алтынсариннің ғылыми және әдеби қызметі
• 6 Ағартушының қоғамдық.саяси қызметі
• 7 Шығармалары
• 8 Пайдаланған әдебиет

Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті
ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы.
Туып-өскен жері — Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы.
Осы өңірде, Тобол өзенінің жағасынан топырақ бұйырған.
1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан
мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында
әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының
хатшысы болады (1857—1859). Орынбор облыстық басқармасында тілмаштық қызмет
атқарады.
1860 жылы Орынбор бекінісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу
тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді.
Ыбырайдың бүкіл өмірін арнаған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай
басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін
және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын
салтанатты түрде ашады.
Ұстаздық-ағартушылық қызметке қоса Ыбырайға басқа да жұмыстарды атқару
жүктеледі. Орынбор генерал-губернаторының тікелей тапсыруы бойынша Торғайда
төрт рет уездік судья болып (1868—1874), торғай уездік бастығының аға
жәрдемшісі (1876—1879) қызметін атқарады.[1]
Ыбырай инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан
әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі
кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен
жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық
ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді.
Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін
қазақ жатарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ыбырай
мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер
кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар даярлайтын училищелер ашуға көп күш
жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің
иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ыбырайдың қазақ қыздары
үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының
тарихи мән-маңызы зор болды.
[3]
Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет
деп санады. Оқыту әдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы
мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп
оқуында, әсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д.Ушинскийдің ойларына жүгінді.
Қазақ балаларының таным-түсінігіне лайықты оқу-әдістемелік құралдар жазды.
Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің Балалар дүниесін, Л.Н.Толстойдың
Әліппе және оқу құралын, Д.И.Тихомировтың Грамматиканың қарапайым
курсын оқу құралы ретінде ұсынды.
Ыбырайдің пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары
өзінің идеялық мазмұны және нақты материалдары жағынан ана тілінің және
халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның
Қазақ хрестоматиясы атты оқулығы және дидактик. оқу мәселесі жөнінде
Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы жарық көрді. Бұл екі
кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу
құралдары болды. [4]
Ыбырай – жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес
қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, тех-ны игеруге
шақырады (Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар). Автор оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына
мән берді. Бұған инемен құдық қазғандай ыждаһаттылық, талап пен сабырлылық
қажет екенін ескертеді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап,
олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады (Оқымаған жүреді,
Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі – Еш ақылға жарымас). Оқу,
білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мәселеге келгенде, оның өмір
үшін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді (Ата-енең қартайса, Тіреу
болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу). Жастарды өнер-
білім, тех-ны игеруге үндеу ақынның Өнер-білім бар жұрттар деген өлеңінде
өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай,
олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не
секілді күрделі мәселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой
тастап, өнер-білімді батыл игеруге шақырады (Адамды құстай ұшырды, Мал
істейтін жұмысты, От пен суға түсірді. Отынсыз тамақ пісірді, Сусыздан
сусын ішірді).
Ыбырай сондай-ақ Ушинский, Л.Н.Толстой, И.А.Крылов, И.Паульсон
шығармаларын қазақ тіліне тәржімалап, қазақ әдебиетінде көркем аударма
жанрын қалыптастырды. Қазақстан Үкімет 1989 ж. 22 желтоқсандағы қаулысымен
Ыбырайдің туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойы өткізіліп, ұстаздың
мұраларына арналған ғылыми, тарихи, педогогикалық еңбектер жарық көрді.
Арқалық қаласында Ыбырай мұражайы ашылды. Тобыл бойындағы Ыбырай қыстауы
жанында, мүрдесі қойылған жерде, Ыбырайға күмбезді мазар орнатылды.
Қазақстанда Ыбырай атында аудан, ауылдар, жоғары оқу орындары, шың, т.б.
бар.
Ыбырай оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін
қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән
береді. Қазақ хрестоматиясы атты оқулық, қазақтарға орыс тілін үйретудің
бастауыш құралы атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы
оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке — тәрбиелейтін ғибратты
шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес.
Тек қана оқу-ағарту жұмыстары емес, Ыбырай сонымен бірге сол кездегі
қоғамдық — саяси өмірге сергек араласып, ғылым-білімге, еңбек пен өнерге,
дінге, этнографияға қатысты мақалалар жазды. Оның, әсіресе, көркем
еңбектері қазақ әдебиетінің қалыптасуына айрықша ықпал етті.
Ыбырай есімі берілген аудан, ауылдар, оқу оырндары, көшелер, жер
атаулары Қазақстанның түкпір-түкпірінде кездеседі.
Мазмұны
• 1 Абаймен қарым-қатынасы
• 2 Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы
• 3 Ағартушының педагогикалық қызметі
• 4 Ыбырай Алтынсариннің экономикалық көзқарасы
• 5 Ыбырай Алтынсариннің ғылыми және әдеби қызметі
• 6 Ағартушының қоғамдық-саяси қызметі
• 7 Шығармалары
• 8 Пайдаланған әдебиет
Абаймен қарым-қатынасы
Абай мен Ыбырайдың жасаған өмір кезеңдерінде де көп алшақтық жоқ, төрт-
бес жыл ғана айырма бар. Әлеуметтік-саяси өмірдің ұқсас бірлігі де олардың
таным-талғамының бір бағытта өрістеп дамуына қолайлы жағдай жасаған. М.
Әуезовтың айтуынша Абай Алтынсаринды жақсы білген, тіпті кейбір мәселелер
бойынша одан үйренуді де жат санамаған: Абай Ыбырайды жақсы білген. Кейін
Абайдың өзі қадірлегендіктен, Абайдың қолжазбаларының ішіне Пушкин,
Лермонтов, Крылов шығармаларынан жасалған аудармалар қоса кірумен бірге,
Ыбырай өлеңдері де үнемі бірге көшіріліп жазылып жүруші еді. Абайдың өзінің
тапсыруы бойынша солай болса керек... Ыбырайдың әрқашан Абай атымен бірге
жазылып, жатталып, таратылып жүруі бүл екеуінің үні бір, үміті бір, арман
бағыты және болашақ тағдыры бір ақын екендіктерін танытушы еді (Әуезов М.
20 томдық шығармалар жинағы. 19-т., - А., 1985, 246-6.). Қазақ әдебиеті
тарихында табиғат лирикасы жанрының туындап, қанат жаюына Абай мен
Алтынсарин зор үлес қосты. Олар өзіне дейінгі ақындардың жыр мен толғау,
дастандарында табиғат көріністерінің жеке бөлінбей, түйдек-түйдегімен қоса
жырланып келген үлгілерін түңғыш рет жеке алып, түр мен мазмұн жағынан тың
сипат бере білді. Орыс ақыны А. С. Пушкиннің табиғатты жырлау дәстүрін
Алтынсарин қазақ әдебиетіне алғаш рет батыл енгізіп, жаңа сипатты поэзияның
қалыптасуына жол салды. Алтынсаринның табиғат көріністерін адам өмірімен
шебер астастыра бейнелейтін Сәуірде көтерілер рахмет туы өлеңінде мал
баққан көшпелі өмірдің шындық суреттері әсем де нанымды өріледі. Сәуір
айындағы күн нұрымен еріген мұз бен жауын-шашынның жерге нәр беруімен
даланың құлпырған әсем бейнесі, таза ауаға мастанған адам мен жан-
жануарлардың мәре-сәре болуы, мал төлдеп, аққа аузы тиген жұрттың қуаныш-
көңілі, әзілі жарасқан жастар мен кәрілердің шаттығы, көл жағалай ұшқан қаз
бен үйрек, тасыған өзен мен мал даусының жаңғырығы, ынтық жастардың оңашада
бас қосуы - бәрі де реалистік тұрғыда әсерлі сипатталады. Жақындар
құдайымның көктен күні, Тең болар жарлықпенен күн мен түні. Аспаннан
рақымменен күн төнгенде, Қуанып қыбырлайды ыныс-жыны (Алтынсарин. Таза
бұлақ. - А., 1988, 93-6.),- деп, Алтынсарин күн бейнесін бүкіл тіршіліктің
қайнар көзі, мейір-шапағаты ретінде ұтымды суреттеп, Жердің қуануы ұғымын
жас баланың ұйқыдан оянып гүлдей жайқалып шыға келуімен астастырады. Абай
Алтынсаринның осы бейнелі сөз тіркесін Жазғытұры өлеңінде: Күн - күйеу,
жер - қалындық сағынысты, Құмары екеуінің сондай күшті... Күн күйеуін жер
көксеп ала қыстай, Біреуіне біреуі қосылыспай, Көңілі күн лебіне тойғаннан
соң, Жер толықсып түрленер тоты құстай... - деп, көркейте жетілдіріп,
сомдап қолданады. Осы тұрғыда М. Әуезовтың: Абайдың кейін жазатын осы
алуандас Жазғытұры, Жаз, Күз Қыс дейтін өлеңдерінің бәрінен біз
жаңағы айтылған, Алтынсарин салған тың жолдың түгелімен қабыл алынып, онан
әрі көркейіп, дами түскенін білеміз деген пікірі өте орынды айтылған
(Әуезов М. Көрсетілген еңбегі. 213-6.). Абай мен Алтынсаринның табиғат
лирикалары мағыналық жағынан ұқсас, оларда жарыса жырлау дәстүрі (нәзира)
мен стиль бірлігі ортақ және өлеңдерінің мазмұны мен құрылысы сабақтас,
өзара үндес келеді. Қазақтың ұлы ағартушыларының адамгершілік ой-
тұжырымдары өрнектелген Абайдың Ескендір поэмасы мен Алтынсаринның
Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым атты өлеңі Ескендір патшаның
төңірегінде құрылып, өрбітіледі. Алтынсаринде оқиға желісі жинақталып,
қысқа қайрылса, Абай шығармасы дамымалы мазмұнға құрылған. Ескендір
патшаның уәзірі ретінде Алтынсаринде Қыдыр Ілияс, Абайда ежелгі грек
философы Аристотель алынған. Бұл шығармаларында Абай мен Алтынсарин дүние
жүзін түгел жаулап, адам қанын судай шашқан тойымсыз патшаны әшкерелейді,
сол арқылы бүкіл адамзатқа ой салып, адамгершілікке шақырады, ізгілікті ту
етіп көтереді. Екі ақын да бір тақырыпты өздерінше қайталай жырлап,
адамгершілікті, имандылықты арнайы сөз етеді. Мұндай ұқсастықтар Абай мен
Алтынсарин шығармашылығының бір бағыты - орыс классиктерін тәржімалау
тәжірибесінен де байқалады. Олар орыс әдебиетінің рухы мен стилін сақтап,
қазақ оқырмандарының табиғатына етене жақын етіп аударудың көркем үлгісін
жасады. Абай буған қоса өлеңнің түпнұскалық мән-мазмұнын дәл беруге, ой-
қорытындысын өзгертпей жырлауға ерекше көңіл бөледі. Ал Алтынсарин
дәлдіктен гөрі, мазмұн бірлігін сақтауға зер салған. Абайдың И. А.
Крыловтан аударған Қарға мен түлкі мысалы мазмұны мен стилі жағынан
түпнұскаға мейлінше жақын болып келетін болса, Алтынсарин осы өлеңді Абай
секілді 7- 8 буынды жыр үлгісімен емес, 11 буынды қара өлең түрінде
аударған. Ол Крыловтың ангельский голосок деген тіркесін: сөзің күміс,
алтын десе, енді бірде: сандуғаш, бұлбұлдарды көріп едім деп, қазақ
ұғымына жақындатып алады. Қоғамдық құрылысы мен әлеум. ортасы ортақ, бір
дәуірде өмір сүрген қазақтың екі ұлы ағартушысы туған халқын өнер-білімге
үндеді. Абай ел-жұрттың көкірек-көзін оятпақ болса, Алтынсарин техника
тетіктерін үйренуге шақырды. Олардың жастарды білім алуға, ғылым жолына
түсуге үндеген ой-тұжырымдары өзара өзектес, сабақтас келеді.[7]
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық көзқарасының қалыптасуы
Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихында және ұлттық
мектебінің қалыптасуында терең із қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай
облысының аумағында дүниеге келді. Әкесінен ерте айырылған ол атасының —
белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршинның қолында тәрбиеленеді. Ыбырай
бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін
байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып
тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В. Григорьевпен
жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасын Ыбырай Алтынсариннің еркін
пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол
кітапханада өткізді.
Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек
пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік
ұстанымына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбек сүйгіш
еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек
біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдасына асыруға
талпынды.
1857 жылы ол Орынбор шекара комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен
бітірді. Ыбырай орыс, араб, татар және парсы тілдерінде еркін сөйлей білді.
Кейінірек халық ағартушысы ретінде өз білімін өзінше оқып, арттыра түсуді
белсенді түрде жалғастыра түсті. Дүние жүзі әдебиетінің классиктері В.
Шекспирдің, И. Гетенің, Д. Байронның, А. Пушкиннің, Н. Гогольдің, М.
Лермонтовтың, Ғ. Низамидің, А. Фирдоусидің, Ә. Науаидың шығармаларын зор
зейін қойып оқыды. Ы. Алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына
орыс педагогы К. Ушинскийдің және чех ойшылы Я. Коменскийдің еңбектерімен
таныс болуы игілікті әсерін тигізді. Ы. Алтынсарин орыстың көрнекті
демократтары Н.Г. Чернышевскийдің, Н.А. Добролюбовтың, А.И. Герценнің және
басқалардың шығармаларымен де таныс болды.
Мектепті бітіріп шыққан халық ағартушысы Ы. Алтынсарин үш жылдай атасының
қол астында кеңсе қызметкері болып істеді. Осы жылдар ішінде ол өз халқының
сауатын ашып, білімін көтерудің аса қажет екенін жете түсінді.
Ағартушының педагогикалық қызметі
Білімін өзі жүйелі жетілдірудің нәтижесінде ол өз заманының аса
білімді азаматы болды. Орыс педагогика ғылымының тарихы мен өз тұсындағы
жағдайын терең зерттеп білу оны қазақ халқының аса көрнекті ағартушысы етіп
қалыптастырды. Ы. Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқу- шыларына арнап
екі оқу құралын: Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы мен Қырғыздарга
(қазақтарга) орыс тілін уйретуге алғашқы басшылық жазып шықты. Ол қазақ
балалары үшін зайырлы мектептер ашуды армандады. 1860 жылы облыстық
басқарма оған Торғай қаласында қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуды
тапсырды. Өзі сол мектепте орыс тілінің мұғалімі етіп тағайындалды.
Ағартушылық идеялары жігерлендірген ол ауыл-ауылды аралап, жергілікті
халыққа білім алудың маңызы мен қажеттілігін түсіндіруге күш салды. Ондай
мектептер ашу үшін қаржы-қаражат жинауды қолға алды. Ондай ақшаның алғашқы
үлесін Ы. Алтынсариннің өзі қосты. Осыдан бастап оның ағартушылық және
педагогикалық қызметі басталды.
Ыбырай Алтынсарин
1864 жылы қазақ балаларына арналған интернаты бар мектеп салтанатты
түрде ашылды. Үгіт жұмыстарының нәтижесінде оқуға 16 бала жазылды.
Кейінірек бұл мектептердегі оқушылардың саны арта бастады. Халық ағартушысы
жүргізген үгіт жұмыстары нәтижелі болды. Бұл ретте ол былай деп қуана
жазды: Аш қасқырдың қойға ұмтылғаны сияқты, мен балаларды оқытуға қызу
кірістім және мені өте қанағаттандыратыны — бұл балалар әлдеқандай уш айдыц
ішінде оқуды, тіпті жазуды үйреніп алды.
1879 жылы Ы. Алтынсарин Торғай облысы мектептерінің инспекторы болып
тағайындалды. Оның еңбегінің арқасында білім беру саласы қазақ даласында
кең орын алды. Атап айтқанда, облыстың барлық уездік қалаларында училищелер
ашу қолға алынды. Ол осы мақсатпен Торғай облысының қазақ ауылдарын түгел
аралап шықты. Халықтан қажетті қаржы жинастырды. Соның нәтижесінде Ырғыз,
Николаев, Торғай және Елек уездерінде екі сыныптық орыс-қазақ училищелерін
ашты. Оларды мұғалімдермен және оқушылармен толық қамтамасыз етті. Ол
мектептердің жабдықталуына, олардың жанында шағын кітапханалар
ұйымдастыруға ерекше күшті мән берді.
Қазақстанда қыз балаларға білім берудің басталуы да Ы. Алтынсариннің
есімімен байланысты. Аса көрнекті халық ағартушысының басшылығымен қыз
балаларға арналған бірнеше мектеп ашылды. Ол мектептердің жанында интернаты
болды. 1886 жылы мектеп-интернаттарда 211 қыз бала оқыды. Ы. Алтынсарин
мектепті халық ағарту ісінің маңызды буыны санады.
Ыбырай Алтынсариннің экономикалық көзқарасы
Ы. Алтынсарин жан-жақты білімді адам болды. Білімді адам ретінде ол
прогреске, білімге ұмтылудың қазақ халқы үшін қаншалықты зор маңызы бар
екенін айқын көре білді. Ол қазақтардың арасында ағартушылық жұмыстарын
жүргізіп, темір жолдар мен электр қуатының, егіншілік кәсібінің,
телеграфтың және әр түрлі қолөнердің пайдасы туралы айтып берумен болды.
Қазақстанның экономикалық дамуы үшін қажетті мамандар даярлауға ерекше мән
берді. Қолөнер және ауыл шаруашылық училищелерін ашуға да көп күш-жігер
жұмсады. Алдыңғы қатарлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен кездесу кезінде
қолөнер кәсібі, бау-бақша егу, мал өсіру және диқаншылық жөнінде жазылған
оқу құралдарын табуға көмектесулерін өтінді.
Ол қазақ жастарына тері илеу, сабын қайнату, май шайқау және кірпіш
күйдіру, көзе жасауды үйретуге тырысты. Сондай-ақ ағаш ұсталығы, темір
жону, слесарьлық кәсіпке баулуды да армандады. Ол жастарға жаңа машиналарды
қалай пайдалану, ауру малдарды қалай емдеудің және зиянды жәндіктерге қарсы
қалай күресудің тәсілдерін үйретуге тікелей өзі де қатысып жүрді. Өзінің
очерктер мен ауызекі әңгімелерінде қазақтарды диқаншылықпен айналысуға
шақырды. Ы. Алтынсарин жастарды еңбек сүйгіштікке баулыды, уақытты босқа
өткізуден және жалқаулыққа салынудан сақтануға шақырды.
Ыбырай Алтынсариннің ғылыми және әдеби қызметі
Ол өз замандастары арасында ғалым-этнограф, көсемсөзші әрі ақын
ретінде де кеңінен танылды. Ол Орыс географиялық қоғамы Орынбордағы
бөлімінің толық мүшесі болды. Географиялық қоғамның тапсырмалары бойынша
баяндамалар жасап түрды, қазақ халқының этнографиясы бойынша мақалалар
жариялады. Атап айтқанда, Кіші жүз қазақтарының адамды жерлеу, ас беру,
құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрі, ежелгі әдет-ғұрып зандары
туралы зерттеу мақалалары жарық көрді. Ол өзінің жұмыстан қолы босаған
кездерінің бәрін де ауыл арасында өткізді, туған халқының тарихы,
фольклоры, шежіресі, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы материалдар
жинастырды. Өзінің көзі тірісінде бірқатар ғылыми мақалалары журналдар мен
газеттерде жарияланды.
Орынбор ведомствосы қырғыздарының құда түсу мен үйлену тойы кезіндегі әдет-
ғұрыптарының очеркі атты еңбегінде үйлену тойларына байланысты толып
жатқан әдет-ғұрыптарды тәптіштей суреттеді.
Ы. Алтынсариннің әдеби мұрасы да едәуір елеулі. Ол И.А. Крыловтың
мысалдарын, Л.H. Толстойдың әңгімелерін орыс тілінен қазақ тіліне аударумен
қатар өзі де қысқа әдемі әңгімелер жазды. Ы. Алтынсариннің қаламынан туған
аудармалар, өлеңдер, әңгімелер, мысалдар, этнографиялық очерктер мен
ертегілер оқырман жүрегіне жол тапты. Оның шығармаларының тақырыбы да әр
алуан. Ы. Алтынсаринді қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушы деп айтуға
болады. Ыбырай Алтынсарин тамаша ақын да еді. Оның Азған елдің билері,
Әй, достарым!, Әй, жігіттер!, Ана атты өлеңдерінің адамгершілік-
ғибраттық сипаты басым. Ақынның бұл өлеңдерінен қазақ жастарының талай
ұрпағы үлгі-өнеге алып, тәрбие көрді. Кел, балалар, оқылық! деген
өлеңінің:
Бір Құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ыкыласпен тоқылық!
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар... —
жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызы өте зор.
Ы. Алтынсариннің шығармаларында қазақтардың өмірі шыншылдықпен
бейнеленді. Оларда білімге, ғылымға деген құлшыныстың қажеттігі кеңінен
насихатталды. Жастарды оқу-білімге шақыра отырып, ол өзге халықтардың
мәдени өмірін, олардың ғылымда қол жеткізген табыстарын үлгі-өнеге ретінде
мысалға келтірді.
Ағартушының қоғамдық-саяси қызметі
1868 жылы Ы. Алтынсарин Торғай уездік басқармасына іс жүргізуші
ретінде қызметке орналасты. Содан соң уезд бастығының аға көмекшісі және
уақытша уездік судья міндеттерін қатар атқарды. Қызмет бабымен қазақ
ауылдарында жиі болып тұрды. Өз халқының аса қажетті мүдделері неде екенін
жақсы білді. Болыс басқарушылары мен ауыл старшындарының сайлауына қатысып
жүрді. Ол сайлау кезінде дауысты сатып алудың, парақорлық пен қиянат
жасаушылықтың орын алуына жол бермеуге тырысты. Бұған риза болмаған байлар
оның үстінен облыстық басқармаға, әскери губернаторға және одан әрі Ішкі
істер министрлігіне шағым жасады. Оны 1868 жылғы Уақытша ережеде
белгіленген сайлау тәртібін бұзды деп айыптады. Ы. Алтынсарин қарапайым
халықтың қамын ойлады. Ол өзінің парасатты мінез-құлқы және барынша
адалдығы, халық алдындағы атағы мен беделінің аркасында ақталып шықты. Ол
өзінің халық алдында сөйлеген сөздерінде патша үкіметінің отаршыл аграрлық
саясатын ашық сынады. Патша үкіметі шенеуніктерінің озбырлық іс-
әрекеттерін, олардың жергілікті қолшоқпарларын айыптады. Мәселен, ол 1864
жылғы хатында былай деп жазды: Қызмет бабы бойынша мен байлармен жиі
қақтығысып қаламын. Маған жамандық ойлайтындар лауазымды адамдар арасында
да бар. Олар қорғансыз кедейлерді арсыздықпен талап-тонауда...
Ы. Алтынсарин патша өкіметінің жергілікті халыққа қысым жасайтын жүгенсіз
саясатын айыптап отырды. Оған 1880 жылы Оренбургский листок газетінде
жарияланған мақалалары айқын дәлел. Ол өз ғұмырының соңғы кезінде былай деп
жазды: Мен түбегейлі терең сеніммен туған халқыма шамамның келгенінше
пайдамды тигізсем деген ниетімнен ешқашан бас тартпаймын. Ы. Алтынсариннің
үшан- теңіз еңбегі қазақ халқының экономикалық дамуына, білім көкжиегінің
кеңеюіне, рухани және мәдени гүлденуіне игі ықпал етті. Оның есімі халықтың
есінде мәңгі сақталады. Бүгінде Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік білім
академиясы Ыбырай Алтынсариннің есімімен аталады. Еліміздегі педагогтар
қауымының ең таңдаулы өкілдері жыл сайын Ы. Алтынсарин атты төсбелгімен
марапатталады. Ағартушы ғалымның қүрметіне жыл сайын ғылыми конференциялар
өткізіліп түрады.
Мұғалімдердің Ы. Алтынсарин туралы жазған хаттарынан :
Марқұмның мен қазақ даласында болған кезімдегі бүкіл өмірі өзінің
сүйікті халқына білім беру жолындағы ағартушылық қызметіне арналды. Ол
халық өмірінің қалай бет бұрып бара жатқанын мұқият бақылап отырды және оны
терең түсіне білді... Мұғалімдерге қатаң талаптар қойды, әрбір іске барынша
ұқыпты қарауды талап етті, ол өз міндетіне жүрдім- бардым қарап, жұмысты
шала-шарпы орындайтындарды қатаң жазалап отырды. Оқу ісін өзі қандай жанын
сала жақсы көрсе, өз инспекциясына қарасты мұғалімдерден де тап соны талап
етті. Ол өзінің шын жүректен шыққан тартымды әңгімелері арқылы мұғалімдерді
оқу ісіне шын ниеттерімен құлшынып, адал еңбек етуге жұмылдыра білетін.
Жұрттың көз алдында бізді соншалықты жоғары бағалайтын, өзгелерді
мұғалімдерге ең адал ниетті азаматтар ретінде зор құрметпен әрі мақтанышпен
қарауға мәжбүр етті. Ол әрдайым қасынан мұғалімдерді қалдырмай, өзімен
бірге ертіп ала кететін, оларсыз сапарға сирек шығатын. Ол әсіресе жас
қазақ мұғалімдеріне ерекше қамқорлықпен сүйсіне қарайтын... Оны мұғалімдер
де жанындай жақсы көретін... Ол өзінің жеке өмірінде де өте сүйкімді,
жомарт жүректі ақ көңіл адам болды. Онымен қашан болса да, қандай мәселемен
болса да емін-еркін ашық сөйлесуге, ақыл-кеңес сұрауға мүмкін еді. Қашан
болса да ақ көңіл адал ниетімен ақылын айтуға, тіпті нақты ісімен
көмектесуге әрқашан әзір тұратың. Қазақ халқы да оны қатты құрметтейтін.
Олай ететін толық жөні де бар еді: оның есігі келем деушілердің қай-
қайсысына болса да әрқашан ашық тұратын. Ол өзінің ақыл- кеңесін берумен
ғана шектелмей, қиын-қыстау кезде қиналып келген адамға өз қалтасынан ақша
да беріп жіберетін, кейін оны көбінесе қайтарып ала да бермейтін. Орыс
тұрғындары да оған қайырымды да әділетті адам ретінде сый-құрметпен
қарайтын. Қостанайдың зиялы қауымы оны сағына күтетін. Өйткені ол
көпшілікпен ортақ тіл табысып сөйлесетін, отырыстың сәнін кіргізетін,
көңілді де сүйкімді әңгімелер айтатын... (Мұғалім Ф.Д. Соколовтың
естелігінен)[8] [9]
Шығармалары
• Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку, Оренбург,
1879;
• Қазақ хрестоматиясы, Орынбор, 1906; Мәктубат, Қазан, 1896, 1899;
• Киргизская хрестоматия, Оренбург, 1879, 1906;
• Таңд. шығ. 3 томдық, А., 1943, 1953;
• Собрание сочинений в 3-х т. Т.1–3, А.-А., 1975, 1978;
• Әңгімелер, А., 1980.
Қазақтың оқымысты, ағартушыларының ірі өкілдерінің бірі Ыбырай
Алтынсаринның өмірбаяны, оның ағартушылық жолындағы жұмыстары, жазушылығы,
педагогикалық еңбектері, көзқарастары жайлы жазылған мақала, таныстыру,
талдаулар көп (М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Ә.Қоңыратпаев,
С.Сүлейменов, Қ.Жармағамбетов, т.б.).
Алтынсаринның творчествосын мұқият зерттеп, терең
түсінгісі келгендерге бәрі де керекті. Бірінде аз айтылған, не мүлде
айтылмай, қалтарыста қалып қойған жазушының кейбір құнды пікір, өмірге
көзқарастары екіншісінде айтылады. Сондықтан олардың барлығымен таныс
болып, сын мұнарасынан әділ бағасын бере отырып пайдалану - әрбір оқушы,
зерттеушілердің келелі міндеті.
Сонымен қатар Ыбырай Алтынсарин туралы бірнеше
монографиялық зерттеулер де бар. Солардың ішінде Алтынсаринның өмірбаянын
және ағартушылық ісі мен педагогикалық ой-пікір, көзқарастарын мол қамтып,
тереңірек зерттеген - Ә.Сыздықов жолдас. Оның Педагогическая идея и
просветительство Ибрая Алтынсарина (1949ж.) атты еңбегі Алтынсаринды
тануда бағалы еңбектердің бірінен саналуға тиіс.
Ы.Алтынсаринның жазушылық қызметі туралы жас ғалым
Ә.Дербісалин жолдастың бірінші кітапшасы 1957 жылы шықты. Бұл жоғарғы
аталып өткен еңбектердің негізінде жазылса да, автор өзінше бірталай
зерттеу жүргізіп, жаңа фактілер, салыстырулар арқылы көп жұмыстар жасаған.
Әсіресе бір құндылығы - бұрынғы зерттеушілерде кездеспейтін, Алтынсаринның
балаларға арналып, қысқа-қысқа, әр алуан тақырыпқа жазылған әңгімелерінің
қайдан, кімдерден алынғандығын айқындауы деуге болады. Бұл кітапта да оның
өмірбаяны айтылады. Сондықтан біз еңбегімізде Алтынсаринның өмірбаянына
мейлінше аз тоқталамыз.
Ыбырай (Ибрагим) Алтынсарин 20 октябрьде 1841 жылы
Қостанай облысы бұрынғы Аманқарағай болысы, қазіргі Затоболь ауданында
туған. Өз әкесі Алтынсары Ыбырайдың 4 жасар кезінде өледі де, үлкен әкесі
Балғожаның тәрбиесінде өседі.
Балғожа Жаңбыршыұлы - өз кезінің қабырғалы биі, патша
өкіметіне де қызмет еткен адам. Бірақ оны өзі қатарлы қазақтың басқа
феодалдарымен салыстырғанда, өмір ағымының бет алысы қалай бара жатқанын
аңғара алатын адам болған. Балғожа ендігі жерде оқу, өнер-білім керектігін
ерте түсінген. Келешекте ел басқару үшін де, күнкөріс үшін де оқу
қажеттігін жақсы білген.
1844 жылы Орынборда қазақ балаларына арналған жетіжылдық
мектеп ашу туралы патша ережесі бекітіледі.
Балғожа осы ашылмақ мектепке 1846 жылы 5 жасар немересі
Ыбырайды жаздырып қояды. 1850 жылы 23 августе орыс-қазақ мектебі ашылып,
қазақтардан 30 бала алынады, солардың бірі Ыбырай Алтынсарин болады.
Жеті жылда Ыбырай мектептен ойдағыдай, жақсы білім алып
шығады.
Мектеп программасы бойынша арифметика, тарих, татар тілі,
дін сабағы, тағы басқалар өтілсе де, негізгі нысана орыс тілін жақсы
білгізіп шығару болады да, басқалары осыған бағындырылады. Өйткені орыс-
қазақ мектебін бітіріп шыққан қазақ балалары писарьлік, тілмаштық
қызметтерін атқарып, патша чиновниктеріне көмекші болуын, солар арқылы
қазақ даласына патшаның саясатын молырақ, кеңірек таратуды мақсат
еткендіктен, орыс тіліне айрықша көңіл бөлінеді.
Алтынсарин 1857 жылы мектепті жақсы бітіріп шығады.
Біразырақ өз елінде писарь болып істейді де, 1859 жылдан бастап Орынборда
тілмаштық жұмысын атқарады.
Алтынсаринның жалпы білімін толықтыруда болсын, орыс
тіліне жетілуінде болсын, не әлеуметтік мәні зор ірі мәселелерге құлаш
серпуінде болсын оның өмірінде шешуші орын алған кез осы Орынборда болған
жылдары тәрізді.
Шығыс зерттеушісі, профессор В.В.Григорьевпен жақындасып,
оның бай кітапханасын еркін пайдаланудың арқасында орыс әдебиетінің және
шет елдердің ұлы адамдарының еңбегімен мол танысады. Сөйтіп кешегі
жетіжылдықты бітіріп, писарьлік, тілмаштыққа ғана жарап жүрген Ыбырай
Григорьевтің көмегі, өзінің талмай оқып, ерінбей еңбектенуінің арқасында,
1860 жылдары елде учитель боп, бала оқытуға жарарлық дәрежеге шейін
көтеріледі. Осы мақсатпен ол 1860 жылы Торғайға келеді. Бірақ мектеп ашу
оған оңайға түспейді. Жаңа талап жас мұғалім кертартпа феодалдардың әртүрлі
бөгеттеріне кездесіп, көп қиыншылықтар көреді. Көп жылдар аңсап, өз
өмірінің арманы болған мектебі тек 1864 жылы ғана ашылады. Бұл оқытушылық
жұмысында бес жыл болып, өзінің оқу-ағартушылық майданында қабырғалы
қайраткер екендігін танытады. Енді оны бір мектеп емес, Торғай облысының
барлық мектептеріне басшылық етіп, ақылшы, жетекші боларлық орынға
тағайындайды. Оны 1879 жылы облыстық мектептердің инспекторы етеді.
Қысқасы, 1864 жылдан бастап, 1889 жылға шейін Алтынсарин өзінің барлық күш,
барлық ынта-жігерін халық ағарту ісіне жұмсайды. Оның осы ағартушылық
жолында, әсіресе, тарихи еңбегінің бірі - көп жылдар бойы жоғарғы үкімет
орындарынан сұрана жүріп, ақыры 1887 жылы қазақ қыздары үшін Ырғызда мектеп-
интернат ашқызып, әйел балаларды оқыту ісіне өз халқының тарихында бірінші
рет жол салушылығы. Ыбырай қайтыс болғаннан кейін 1891-1896 жылдар
аралығындағы Қостанай, Қарабұтақ, Ақтөбе қалаларындағы интернатымен ашылған
әйелдер училищелері де Алтынсаринның ізденулерінің нәтижесі екендігі
документ арқылы дәлелденіп отыр. Қазақ балалары үшін ауылшаруашылық қолөнер
кәсібіне үйретерлік училищелер ашу туралы да көп ізденіп, үлкен әрекеттер
жасағаны, ақыры Торғай қаласында ремесленное училище ашуы, басқа
қалалардағы ауылшаруашылық оқу орындарына қазақ балаларын жіберуге, оларды
орналастыруға күш салуы - бәрі де оның өз халқы үшін істеген айбынды іс,
ұмытылмас еңбектері екені сөзсіз.
Алтынсарин 25 жасында Достарқызы Айғанысқа үйленеді.
Айғаныстан Абдолла (1882ж.), Абдрахман (1884ж.) атты екі ұл, Шәрипа деген
бір қызы (1886ж.) болады. Ыбырай балаларына өзі тәрбиеші болып, жасынан
орыс тіліне үйретеді. Абдрахман гимназияда оқып жүргенде жастай қайтыс
болады. Абдолласы аурулы болған себепті оқи алмайды (ол революциядан кейін
өлген).
Алтынсаринның мектеп ашу, бала оқыту, ондағы тәлім-тәрбие
жұмыстарын алдына нысана етіп қойып, белгілі жүйемен жүргізу мәселесі өз
алдына, сонымен қатар ол өзінің педагогтік, тәрбиешілдік міндетін бір минут
ұмытпай, оны әрбір ісінде жүзеге асыруға тырысады.
Оқыту, мектеп жұмыстарынан тысқары кезде, халықтың
көпшілігімен қоян-қолтық келіп, асқан кішіпейілділікпен олардың мұң-
мұқтаждарына зор көңіл бөлумен қатар, халықтың жуан ортасынан шыққан талант
иелері, ақын, әнші, әр алуан өнерпаздардың өсу, ілгерілеуіне көмек
көрсетіп, жетекшілік еткен.
Күдері, Ақмолда, Сейтахмет, Нұржан, т.б. ақындардың теріс
бағытын оңға түзеуге кеңес береді. Күдері де, Нұржан да ескішіл,
кертартпалық көзқараста болған ақындар. Әйтсе де олардың кейбір
шығармаларының әдебиеттік, идеялық жақтарының жақсаруына Ыбырайдың ықпал
тигізгені сөзсіз. 1879-1880 жылы болған Жалпақ қоян атты жұтты
суреттейтін ұзақ өлеңін Күдері ақын Ыбырайдың кеңесімен жазады. Оның
бұрынғы өлең, жырларына қарағанда, бұл - анағұрлым бағалы шығарма.
Көп ақындар Ыбырайды өздерінің рухани басшысы білген.
Сондықтан да олар Ыбырайдың іс-амалдарындағы бұқарашылдықты, ел қамын сөз
етіп, жұрт пайдасын ойлаушылығын, ел арасындағы дау-шар мәселелерінде
туралық, әділдігін өздерінің өлең-жырларына арқау етіп, өзін әділдікті
қолдаушы адам образының негізгі үлгісі етіп алған. Мысалы, Сейтахмет ақын
өзінің Бір нашардың әділ төреге айтқан сөзі деген ұзақ өлеңінде бай мен
кедейдің арасында болған бір дауға төреші болған оқымысты қазақтың
әділдігін көрсетеді. Дауды тыңдап болып, оқымысты төренің шындық кедей
жағында, байдікі даукестік, әлсізге жасап отырған зорлық екендігіне көзі
жетеді де, билікті кедейдің пайдасына шығарады.
Алтынсаринның өмірбаяны жөнінде көп материал берген және
жақсы білетін оның шәкірті Әбдіғали Балғынбаев: Бір нашардың әділ төреге
айтқаны атты өлең Ыбырайдың өмірінен алынған еді1, - дейді (бұл өлең
Алтынсаринның 1879ж. хрестоматиясына енгізілген).
Алтынсаринның өмірбаянын сөз еткенде, айрықша көңіл
аударарлық жайттың бірі - орыстың оқымысты-интеллегенттерімен байланыс,
қарым-қатынастары. Бұл бізде әлі жүйелі түрде зерттелмей келе жатыр. Әрбір
мақала, зерттеу еңбектерінде атүсті, шолу түрінде ғана айтылып жүрген
пікірлер бағалы, керекті екені рас, бірақ ол жеткіліксіз.
Алтынсаринның достасқан, істес, пікірлес болған адамдары ол кездегі
Орынбор, Қазан қалаларындағы шығыстану ғылымымен шұғылданушы ғалымдар:
В.В.Григорьев, Н.И.Ильминский, оқытушы және тіл ғалымдары В.В.Катаринский,
А.А.Мазохин, үйездік қызметкерлер Яковлев, Караулов, т.б. тығыз байланыста
болды. Оқу-ағарту мәселелері жөнінде олардың Алтынсаринға көп көмектері
тиген. Әрине, Ыбырай олармен достас, істес болғанда қазақ халқының келешек
тағдырымен байланысты барлық мәселелер жөнінде де пікірлес болды десек,
қателескен болар едік. Кейбір күрделі мәселелер жөнінде Алтынсаринның
Ильминский, Григорьевтермен де келіспейтін жайлары аз емес. Бірақ Ыбырай
олардың ешқайсысымен араздасып, не айтысып-тартыспай-ақ өзінің ойға алған
жұмысын іске асыруға тырысқан. Бәрімен де істесе білген. Бірақ ешқайсысының
ықпалында кетпеген.
Әрі мәдениетті, әрі талантты педагог-жазушы, әрі мінезге
бай, адамгершілік, жолдастық қасиеті мол Ыбырай орыс жолдастарының арасында
да мейлінше беделді, құрметті, бағалы болады.
1889 жылы Ыбырай айлап ауырып, төсек тартып қалғанда орыс
жолдастарының оны дәрігерге қарату ісін ұйымдастырулары, ол қайтыс болған
күні ақырғы рет қоштасу үшін қаладан көптеген жолдастарының арнайы келуі,
өлгеннен кейін Н.И.Ильминскийдің Ыбырай Алтынсарин туралы есте
қалғандардан деген атпен Қазан баспасында арнаулы кітап бастырып шығаруы,
жоғарғы айтылған Алтынсаринның жолдастары арасында беделді, құрметті
болғандығын және оның өзінің де, істеген жұмыстарының да тарихи-әлеуметтік
мәні зор болғандығын дәлелдейді.
Қазақ халқын мәдениетке үндеп, халық ағарту мәселесінде
көп еңбек еткен қазақтың тұңғыш педагогі, әрі ақын, әрі жазушысы Ыбырай
Алтынсарин 1889 жылы дүние салды дедік. Ол қайтыс болғаннан кейін орыс
жолдастарының Ыбырай туралы жазған мақаласында оның әлеуметтік ісі мен
дүниетанушылық көзқарастарына әрі шындық, әрі дәл төмендегі тәрізді үлкен
бағалар береді.
1Алтынсарин жөніндегі қолжазба, 10-бет. ИЯЛ қолжазбалар фондысында
сақтаулы.
Ыбырай Алтынсарин қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер
адам еді, ол қараңғы көшпелі өз халқының ішіне европалық цивилизацияның
жарығын таратты және оларды Россияны сүюге шақырды1, - деді.
Бұл - тамаша дұрыс, мейлінше терең айтылған және күні
бүгінге шейін мәнін жоймаған, Алтынсаринның өмірі мен творчествосын
зерттеушілердің әрдайым есінде боларлық құнды пікір. Әрбір әлеумет
қайраткерлеріне жақсы білетін тұстас, замандастарының қалай түсініп, оны
қалай бағалағандықтары көп жайттарда пайдалы, кейінгі зерттеушілер үшін ат
айдарлық меже деуге болады.
Алтынсаринның өмір сүрген дәуірі, жағдайы ол кездегі әлеумет
өміріндегі тартыс, әлеумет қайраткерлерінің өмірге көзқарастары,
әдебиеттегі екі түрлі бағыт, ол тартыстарда Ыбырайдың жаңалықты жақтаушы
адамның бірі болғандығы кітаптың кіріспе бөлімінде айтылды. Біздің бұл
жердегі тоқталмағымыз - оның жазушылық қызметі.
Кейде біз Алтынсаринның ағартушылық ісі, жазушылығы деп
бөле сөйлейміз. Мектеп ашу, бала оқыту, тағы басқа игілікті жұмыстар
жүргізгені, атүсті қарағанда, олар екі бөлек нәрсе болып көрінетіндігі рас.
Бірақ Ыбырай бұл шеңберге сыймайды. Өйткені ол - жай ғана ағартушы емес,
әрі оқытушы-педагог, әрі жазушы. Көп жайттарда оның бұл тәрізді екі алуан
профессиясы мидай араласып, жігін таптырмай жатады. Сондықтан оны педагог-
жазушы деп бір сөзбен ғана атауға болады.
Ыбырайдың өмірі мен ісіне көз жіберіп, оның жұмыс еткен
жағдайын еске алсақ, таңғалмасқа болмайды. Ол ісіне кіріскенде, сонау
Торғай, Қостанай, Орынбор қолтықтарындағы қазақ далаларында қараңғылықтың
қаймағы бұзылмай, мұрты кетілмей жатқан болатын. Татар молдалары арқылы,
тағы басқа да жолдармен ел ішіне уын жая бастаған ислам дінін таратушылар
балаңды орысша оқуға берсең, шоқынып кетеді деп, елді үркітуге барынша
күш салды. Ыбырай, не Ыбырай тәрізділерді оқытып шығарғандағы
миссионерлердің ойлаған ойы мен көздеген мақсаттарынан Ыбырайдың ойлаған
мақсат, көздеген нысанасы мүлде басқаша болды. Олардың үстіне елдегі бай-
феодалдармен, ең ар жағы өз туыстарымен де оның тілек-мүдделері қабыспады.
Ыбырайды оқытқанда әкесінің баласы болар деп үміт етуші еді. Ол армандары
орындалмады. Оқып, білім алып, өз тізгінін өз қолына алған күннен бастап-ақ
Ыбырай туыстарынан іргесін бөлек салды. Олардың күткен үміттерін үзіп
кетті.
1МНП жанындағы Педагогикалық ғылымдар институтының қолжазба
материалынан
Осы айтылғандардың бәрі де Ыбырайдың жолында бүк түсіп жатқан үлкен-
үлкен бөгеттер болатын. Өзімен білімі деңгейлес, көзқарасы бір серігі жоқ,
ен қараңғылықтың жуан ортасында жалғыз өзі болса да, Ыбырай бар бөгетке
қарсы барып, күрес майданына шықты. Сүйгені де, сүйенері де халық болды.
Сол халықтың келешегі үшін басын бәйгеге тігіп, желіні ұзаққа тартып,
белсеніп іске кірісті. Кезіндегі жағдаймен санаса отырып, Алтынсарин екі
түрлі ірі мәселені алдына мақсат етіп қойды: біріншісі - мектеп ашу, бала
оқыту, жалпы халық ағарту жұмысы да, екіншісі - халықтың ой-санасын
жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. Оның барлық іс-амалы
мен бізге қалдырып кеткен мұраларына көз жүгіртсек, амалсыз осы қорытындыға
келеміз.
Өзінің алғашқы адымында-ақ ол мектептің ролін бірінші
орынға қойды. 1871ж. 31 августа Н.И.Ильминскийге жазған хатында жастарға
дін мектептерінің басын қатырған зияннан басқа ешбір пайда бермейтінін,
халықтың ілгері дамуына бөгет жасайтындықтарын айта келіп: Қазақтардың
білімге қол жеткізетін ең басты құралы - мектеп. Бірақ даладағы мектептер
шашылыңқы, сондықтан әлі пайдалы бола алмай отыр, әйтсе де олардың үміт
күтері - мектеп, тек қана мектеп және қазақ халқының болашағы да
мектептермен байланысты, - деді.
Ол кезде мектеп, оқу, оқыту мәселесіне әркім әртүрлі
қарады. Қазақ ішінде мектептің, оған бала оқытудың пайдасын тез ұққандар
да, баласын орысша оқытатын мектептерге беруден тартыныңқырағандар да
болды. Тіпті үстем тап өкілдері, феодалдардың өздері де бірыңғай болған
жоқ. Ислам дініне берілушілер және ескілікті берік сақтағысы келгендер
қадым оқуын қолдады. Кейбіреулері өздерінше жаңаға қарай бейімделіп, ел
билеу үшін де, патша үкіметінің ұлықтарымен араласу үшін де орысша білу
керек деп ұқты да, балаларын жаңа мектептерге беруді мақұл көрді. Мұндайлар
қазақтың әр губерния, әр үйездерінен табылды. Бұлардың жерлері басқа болса
да, аңсаған арман, көздеген мақсаттары бір болатын.
Үміт еткен көзімнің нұры, балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мұнда анаңмен есен-аман,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
Атаңды сағындым деп асығарсың,
Оқуға көңіл бөлсең, басыларсың.
Ата-анаңды өнер білсең асырарсың,
Надан боп, білмей қалсаң, аһ ұрарсың.
Шырағым, мұнда жүрсең, не етер едің?
Қолыңа құрық алып кетер едің.
Тентіреп екі ауылдың арасында,
Жүргенмен не мұратқа жетер едің? -
деп Балғожаның Ыбырайға жазған хаты тек Балғожаның ғана емес, сол
сықылдылардың бәрінің көздеген мақсатының бір арнаға құйылатындығын
аңғартады. Балғожа, не Балғожа сықылдылар баласын оқуға бергенде, оқы,
білім ал, өнер үйрен, соған қолың жетсе ғана ата-анаңды асырай аласың деп,
оқудағы мақсатты қара бастың қамына әкеліп тіреді. Бірақ сол 1850 жылғы
орыс-қазақ мектебіне түскендердің бәрі бірдей әкесінің баласы болған жоқ,
оның іштерінен адамның баласы, халықтың баласы болып шыққандары да болды.
Екінші жағынан, олар патша үкіметінің қазақ балалары оқитын мектеп
ашқандағы алдарына қойған мақсат-міндеттерін орындаудан да бас тартты. Ата-
аналары оқу-өнеріңмен тек біз үшін қызмет ет десе, миссионерлер
біліміңді патша үкіметінің ықпалын қазаққа молырақ таратуға күш сал десе,
Ыбырай тәрізді халықтың адал ұлдары алған білімдерін өз елін мәдениетке
жетелеуге, оқу, ағарту ісін өркендетуге жұмсады. Ол кезде надандыққа
белшесінен батып жатқан елді оқуға шақыру, мәдениеттілікке үндеу
айтарлықтай тарихи іс еді. Сол бір тарихи кезеңде әлеуметтік мәні зор үлкен
іс, ауыр жүкті арқалаған адамдардың бірі Ыбырай Алтынсарин болды.
Ыбырай өзінің көптеген бір алуан өлең, әңгімелерін
жастарды оқуға шақыруға арнады.
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық! -
деді.
Кезінде бұл өлеңнің тарихи мәні айрықша зор болды. Ақын
бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, өмірдің
бар қызығы тек қана байлықта деп ұғатын, оқу-өнер, ғылым-білімге, оның
жалпы халық үшін керектілігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы
берді.
Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық білім екендігін айта
келіп, білімге адамның қолы жету үшін ерінбей оқу, қажымай еңбек ету
керектігін түсіндірді. Есті бала мен ессіз баланы қарама-қарсы қойып,
жастарға кімнен үлгі алып, кімнен безу керектігін көрсетті.
Ақын Өнер, білім бар жұрттар атты өлеңінде оқу, білім
алудағы мақсатты алдыңғысынан да гөрі аша түседі. Балғожа сықылдылардың
бала оқытқандағы арманы ата-ананы асырау болса, Алтынсарин оқушылардың
білімді адам болғандағы мақсат, міндеттері өз халқының бір керегіне асу,
оның прогрестік жолмен ілгерілеуіне жетекшілік жасау, мәдениет жағынан
салыстырғанда, басқалардан бірнеше ғасырлық кейін қалған өз елін, тастан
сарай салдырып, айшылық алыс жолдардан, көзіңді ашып-жұмғанша хабар
алдыратын елдердің қатарына жеткізу деп білді.
Алтынсарин мейлінше қиын жағдайда жұмыс істеді, талай
бөгеттерге кездесті. Өтірік арыз, Жаптым жала, жақтым күйенің неше түріне
жолықты. Бірақ ол күрестен қажыған жоқ. Әсіресе, оның келешекке сенімі зор
болды. Аңсаған армандарын өзі орындай алмаса, болашақ жастар орындайды деп
білді. Елді қараңғыдан жарыққа шығаратын жастар, тек қана жастар деген
қорытындыға келді. Өзін қоршаған қараңғылық, надандықтарды шеней келіп:
Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды.
Өнер - жігіт көркі, - деп,
Ескермедік мақалды.
Біз болмасақ, сіз барсыз,
Үміт еткен, достарым,
Сіздерге бердім батамды, -
деді.
Ыбырай қазақ жастарын оқуға үндеумен қатар,
адамгершілікке, махаббат-достыққа, еңбекке, жігерлілікке, тапқырлыққа,
халқын сүюшілікке, қысқасын айтқанда, адам деген ардақты есімді ақтай
алатын кісі болып шығуға үндеді және жастарға бала кезінен бастап дұрыс
тәрбие бергенде ғана бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын ол жақсы
ұғынды. Сондықтан Ыбырай өзінің оқытушылық, жазушылық, аудармашылық
жұмыстарын осы мақсатқа бағындырды.
Балаға жастай дұрыс тәрбие беру бүкіл дүниежүзіндегі
педагог-ғалымдардың кәрі замандардан бері үлкен көңіл аударып, айрықша
көтерген мәселесінің бірі десек, ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ
даласынан оларған үн қосушы бірінші қазақ педагогі - Ыбырай Алтынсарин. Бұл
мәселе жөнінде ол көптеген педагогтердің, әсіресе, орыстың алдыңғы саптағы
ұлы педагог-ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Бунакаковтармен пікірлес
болды. Оның 1879 жылы басылған Қазақ хрестоматиясын алсақ, әрі
методология, әрі методика жағынан жастарға дұрыс тәрбие беруге лайықталынып
құралғандығын көреміз. Методологиялық жағы, татар тіліндегі әдебиеттер
арқылы далаға кең тарауға бет алған ислам діні, оның зиянды әрекеттеріне
қарсы шығу, оның орнына шын ғылым беретін жаңа принципті ұсыну және оны
орыс алфавиті арқылы өзінің ана тілінде тарату болса, методика жағынан,
балалардың жастарына лайықты, ең керекті материалды теріп жинастыру болды.
Бұл кітап 1) балалар өмірі туралы орыс тіліндегі әртүрлі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz