Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы



Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім
Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймақтары
1.Ақсу – Жабағылы қорығы
2.Алматы қорығы
3.Наурызым қорығы

Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы
Ерментау қорығы
Қаратау қорығы
Алакөл қорығы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстанда сұлу Көкше, Баян-ауыл, Қарқаралы, Қызылрай, Кент таулары,
Бурабай, Жасыбай көлдері, Алтай ормандары, жер жанаты атанға, тау-тасына
дейін жасыл желекті, бау-бақшалы Жетісу жерлері бар. Қай жерге барсақ та
табиғаттың қайталанбас сұлу көркін, баға жетпес байлығын көреміз. Бірақ
табиғаттың бұл қазынасы сарқылмайтын қор емес, оның өміршеңдігі, өсіп-
өніуі, жасанып-жандануы аялы алақан қамқорлығын күтеді. Ғылым мен
техниканың шарықтап өсуі, ауыр индустрияның және алып құрлыстардың қанат
жаюы, халықтың көбеюі тың және тыңайған жерлерді игеру, міне, осылардың
бәрі табиғатқа өз әсерін тигізеді. Сондықтан табиғаттың қайталанбас
сұлулығы мен байлығын сол қалпында сақтаумен қатар дамытып жетілдіруде,
сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғап, санын қалпына келтіруде
мемлекеттік қорықтардың рөлін айтып жеткізу өте қиын. Бұл мәселе КПСС
Орталық Комитетінің XXVI съезінде СССР-дің экономикалық және
әлеуметтікдамуының 1981-1985 жылдарға және 1990 жылға дейінгі кезеңге
арналған Негізгі бағыттарында жақсы атап көрсеткен. Мысалы, Табиғат
қорғау бөлімінде Қорықты тереториялар мен ұлттық парктердің ғылыми
негізделген жүйелерін қалыптастыру ісі одан ары жүргізілсін және табиғи
ресурстарды ұтымды пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатымен солардың
негізінде табиғат жүйелері мен объектілеріне зерттеу жүргізілсін
делінген.

Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймақтары

Мемлекеттік қорықтардың негізгі мақсаты – қорғап отырған табиғи
комплексті сақтап, табиғи процестердің даму заңдылығын ғылыми тұрғыдан
кеңінен зерттеу. Бұл мәселені қорықтардағы ғылыми қызметкерлерге тікелей
байланысты іс.
Қазақстан қорықтарында белгілі бір географиялық аудандағы жануарлар
мен өсімдіктер дүниесі, оның ішінде бірте-бірте саны азайып бара жатқан
және сирек кездесетін өсімдіктер мен аң- құстар сақталуда.
Қазір республикамызда табиғатты және оның хайуанаттарын қорғауға
бағытталған жер көлемі 576,4 мың гектар алты үлкен қорық бар. Бұлардың
ішінде бес қорық – Ақсу-Жабағалы, Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Марқакөл
Қазақ ССР Министрлер Советі жанындағы қорықтар және аңшылық шаруашылығы бас
басқармасына қарайды, ал Наурызым қорығы (87,6 гектар) Қазақ ССР Орман
шаруашылығы министірлігіне қарайды.
Республикамыздағы қорықтардың жері шаруашылықтың пайдалануынан
босатылған. 1972 жылғы Қазақ ССР Министрлер Советінің қаулысы бойынша
бекітілген қорықтардың ережесіне сәйкес қорық жерінде мал жаюға, шөп шалуға
, ормандарына кіріп ағаш кесуге, дәрі-дәрімектік шөптер жинауға, жеміс-
жидек, өсім- дік тұқымдарын дайындауға, балық аулауға, аңшылық құруға, су
қоймаларын шаруашылыққа пайдалануға, пайдалы қазбаларды өндіруге , жер
қопару және басқа да шаруашылық жұмыстарын жүргізуге үзілді-кесілді тиым
салынған.
Қорық жері жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне бай. Осыған
байланысты түз жануарлары – аңдар мен құстарды өлтіруге және аулауға,
олардың ұяларын, індерін және басқа паналайтын жерлерін бұзуға рұқсат жоқ.
Қорық жерінде өсіп тұрған ағаштарды, бұталарды сындыруға, шөптерді шабуға,
мүктерді таптауға, бұрын мекендемеген жануарлардың түрлерін
жерсіндіруге,сол сияқты химиялық препараттар-ды қолдануға болмайды . Қорық
территориясын кесіп өтетін жолдар салуға, мал айдап өтуге, сондай-ақ
жаратылыстың табиғи түріне нұқсан келтіретін әрекеттердің бәріне тиым
салынған.
Қорық территориясында өндірістік және ауыл шаруашылық құрлыстарын
салуға, туристік базарларды, демалыс үйлерін, пионер лагерлерін,
санаторийларды орналастыруға рұқсат берілмей-
ді.Өйткені бұлардың бәрі қорық ережесіне сәйкес келмейді және онда
тіршілік ететін аңдар мен құстардың мазасын алып, тыныштығын бұзады,
өлкеміздің даңққа бөленген көрікті орындарын бұрынғы тамаша қалпында
сақтауға кедергі жасайды.
1. Ақсу -Жабағылы қорығы – Қазақстанда азамат соғысының дүбірі
әлі басылмай Верный қаласында контрреволюциялық көтеріліс өршіп жатқанда
біздің республикамыз бейбіт құрылыспен бірге табиғат қорғау мәселесін де
қолға алған еді. Сол кезде Ташкентте ескі ескерткіштерді және табиғатты
қорғау жайында Түркстан комитеті құрылды. Осы комитет Орта Азия мен
Қазақстан жеріндегі табиғат байлықтарын қорғау мақсатында көптеген жұмыстар
атқарды.
Талас Алатауындағы әсем табиғат әлемі үстіміздегі ғасырдың алғашқы
жылдарында-ақ прогресшіл бағыттағы орыс ғалымдарының назарын өзіне ерекше
аударған болатын. Ақыры, сандаған жылдар бойы жүргізілген зерттеулер өз
нәтежиесін берді. 1920 жылдың жазында Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік
университетінің професоры А.Л.Бродский Ақсу және Жабалығы өзендерінің
бойындағы жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемін зерттей келе Түркстан Орталық
атқару комитеті жанындағы Табиғат қорғау комитетінің алдына аталмыш жерге
табиғи қорық ұйымдастыру жөнінде арнайы мәселе қойды. Комитет професор
А.Л.Бродскийдің бұл ұсынысын бірауыздан қабылдап, 1922-1923 жылдары
құрамында Орта Азия мемлекеттік университетінің көрнекті биолог ғалымдары
бар комиссия мүшелерін Ақсу-Жабағылы алқабының табиғат ресурстарын есепке
алып қайтуға жіберді. Мұнда нақты ғылыми жұмыстар жүргізген М.Г.Попов,
Е.П.Коровин, М.А.Димо, Д.Н.Кашкаров сияқты ғалымдар Түркстан Орталық атқару
комитетіне
мынадай қорытынды хабарлама жасайды:
Ақсу мен Жабағылы өзендерінің жоғарғы ағысы төңірегінде, - делінген
онда, - қорыққа тән келетін ерекше қасиетті табиғаттың сұлу да көрікті
жерлері бар екені күмәнсіз. Бұл жерде Түркстан өлкесіне тән өсімдіктер мен
жануарлар дүниесінің типті белгілері көптеп кездеседі және олардың бәрі
адам қолы тимеген күйінде сақталған. Ал оның табиғатты өте сұлу әрі ғылыми
тұрғыдан зерттеуге де аса қолайлы аймақ.
Ғалымдар мен мамандардың осы қорытынды пікірінен кейін көптеген
ғылыми-зерттеу мекемелері 1923 – 1926 жылдар аралығында Ақсу – Жабағылы
қорығын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөле бастады. Ақыры 1926 жылы Ақсу –
Жабағылы қорығы құрылды. Қорықты ұйымдастыруғаең басты мақсат – батыс Тянь-
Шанның табиғаты тамаша көріністерін сол қалпында сақтау және осы тау жүйесі
табиғи комплекстерінің даму заңдылықтарын зерттеу, тау сілемдерімен ұштасып
жатқан аршалы ормандарды , сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді
қорғау. Міне, осылайша 1927 жылы Қазақстан жеріндегі тұңғыш табиғат қорығыт
дүниеге келді.
Мемлекеттік Ақсу – Жабағалы қорығы – Тянь-Шанның тармағы Талас
Алатауының батысында-Қаратау, Жабағалы, Өгем, Піскем тауларының түйіскен
тұсына орналасқан. Қорықтың орталық бөлігін – Бұғылытар, Ақсу, Балдыберек
тау жоталары құрайды. Қорықтың оңтүстік шекарасы Майдантал жотасы арқылы,
шығысы Жабағылы өзенінің оң жағасы арқылы өтеді. Ал батысы Даубаба өзенінің
қуалай отырып Өгем тауына тіреледі. Әрине, қорықтың өсімдіктер мен
жануарлар дүниесі бұл шектеуден ұзап шығып, жан-жаққа қанатын кең жая
созылып жатыр.Ол Шымкент облысының Түлкібас, Ленгр және Алғабас
аудандарының жерінде қоныстанған. Қорық түгелмен дерлік биіктігі теңіз
деңгейінен 1100-4200 метрге дейін болатын жартылай шөлейтті, аласа таулы
аймаққа орналасқан. Оның жер көлемі алғашқы кезде 30 мың гектар болса,
қазір 74416 гектар, оның 14369 гектары орман, 31141 гектары таулы және
далалы шалғындықтар, ал 28620 гектарын биік құздар, қорым және көшпелі
тастар, қар мен мәңгі мұздар алып жатыр. Сондай-ақ қорықта 234 гектар сулы
және батпақты жерлер ұшырасады, 52 гектар жер жол мен басқа да құрлыстарға
берілген.
Сонымен қатар Алғабас ауданының территориясында орналасқан қорықтың
екі филиалы бар – юра дәуірінің өсімдіктері мен жануарларының тастай болып
қатып қалған қалдықтары сақталған Қарабастау (жер көлемі 126 га) және
Әулие палеонтологиялық учаскесі.
Әулие және Қарабастау палеонтологиялық учаскесіндеосыдан 150
миллион жыл бұрын тіршілік еткен жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары
сақталған. Бұл жерден 60-тан астам өсімдік түрлерінің таңбалары табылған.
Қорықтың территориясында тік беткейлі терең сайлар , өзен аңғарлары,
кең аумақты қорым және көшпе тастар, биіктігі 4000 метрден асатын шыңдар,
жылжымалы мұздар, тау көлдері кездеседі.Қорықтың солтүстігі мен батысында
Иірсу, Ақсу, Жабағылыөзендерімен терең тілімделген таулы дала жатыр. Осы
өзендердің аңғарларынан теңіз лилилері мен трилобиттердің іздері,
динозаврлардың тасқа айналған сүйектерінің қалдықтары табылды.
СССР Ғылым академиясыныңпалеонтология институтында насекомдардың
1200 түрінің 18000-дай тасқа түскен суреттерінің қалдықтарысақталынуда.
Біздің ғасырдың жиырмасыншы жылдарында ашылған бұл палеонтологиялық
учаскелердің палеоботаниктер және тағы палеоэнктомологтар, палеоихтиологтар
және палеогерпетологтар үшін маңызы өте зор.
Ақсу – Жабалығы қорығында аса сирек кездесетін Совет Одағының Қызыл
кітабына енгізілген өсімдіктердің 18 түрі сақталып отыр. Бұл құрып біткен
өсімдіктер дүниесінің асыл көздері болып табылады.
Қорықта өсетін өсімдіктердің түрлері де әр алуан. Бұлардың ішінде
тамақтық және жемдік қасиеттері бар өсімдіктер де жүздеп кездеседі.
Қазақстанда дәрілік маңызы бар үш мың өсімдік түрі болса, соның 200-
дейі осы қорық территориясынан табылады. Мұда, әсіресе, шипалық қасиеті
жоғары қылша, қара аңдыз, шайқурай сияқты өсімдіктердің қоры мол. Сондай-
ақ, қорықта құрлыста және үй жиһаздарында қолданылатын техникалық
өсімдіктер де көп.
Қорықтағы жануарлар дүниесі де алуан түрлі. Ғалымдардың көп жылдық
еңбектерінің деректеріне қарағанда қорық территориясында құстың – 238,
сүтқоректілердің – 42, бауырмен жорғалушылардың – 9, қосмекенділердің – 2
және балық пен бірнеше мың ұсақ жәндіктер өсіп-өнуде. Мұнда тұяқтылардың
өкілі – марал, арқар, таутеке, елік, жабайы шошқа, ал жыртқыштардан: аю,
барыс, қызыл қасқыр, түлкі, сусар, борсық, ақкіс пен аққалақ,
кеміргіштерден: суырлар, қарақас, соқыртышқан, қосаяқ және басқа да толып
жатқан тышқандар тірішілік етеді.
Мұнда тұяқты аңдар ішінде көбірек кездесетіні- таутеке. Жаздың ыстық
кезінде таңертеңгілік немесе кешкілік мезгілде оның үйір-үйір болып тау
беткейіндежайылып бара жатқанын жиі көруге болады. Түс кезінде таутекелер
тастар көлеңкесінде тынығады. Мұның саны қорықтамолайып келеді. Мәселен,
тыңғылықты қорғауға алудың нәтижесінде бұрын күрт азайып кеткен арқардың
саны бұл күнде 250-ден асса, қызыл суырдың саны 2000-ға жетіа отыр.
2. Алматы қорығы – бұл қорық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қорығының болашағы
Алматы қорығының физикалық – географиялық ерекшеліктері
Марқакөл қорығының болашағы
Қазақстан қорықтары жайында
Марқакөл қорығының физикалық-географиялық жағдайы
Ерементау қорығы
Марқакөл мемлекеттік қорығы - облыстың Күршім ауданындағы мемлекеттік қорық
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы
Қазақстанның ерекше қорғалатын жерлері
Қазақстан музейлерінің қалыптасу және даму тарихы
Пәндер