ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ – ТӘРБИЕНІҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІ

Мақалада мектептерде қосымша білім беру мәселесі сөз болады. Қосымша білім
берудің қазіргі кездегі мән-маңызы, оның баланың бос уақытын тиімді
пайдалануға және кәсіби-бейіндік басымдықтары жайлы тарқатылады. Сонымен
қатар 12 жылдық білім жүйесіне көшуді жоспарлап отырған білім саласында
қосымша білімнің маңыздылығы жөнінде айтылады. Қосымша білімнің жас
ұрпақты, жеке тұлғаны жан-жақты жетілген, толыққанды азамат ретінде
тәрбиелеуге ықпалы мен әсері жайлы да ой-пікірлер мамандар мен зерттеушілер
пікірімен өріліп отырады.
Кілт сөздер: тәрбие, қосымша білім беру, отбасы, мектеп, жеке тұлға, ұрпақ
тәрбиесі.
Еліміздің білім және ғылым саласында соңғы кездері күрделі жаңғырулар
жүруде. Бұл әрине, еліміздің алдағы уақытта әлемдегі бәсекеге қабілетті
озық елдердің қатарына ену мақсатынан туындап отырғаны айқын.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айқандай: Болашақта өркениетті дамыған
елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды
дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім.
Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге
айналуымыз керек [1]. Сол себептен де, қазіргі даму кезеңі білім беру
жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Педагогтік қызметтің инновациялық бағыттылығы, оқытудың тың әдістері мен
технологиясы, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибелері зерттеліп, мектеп
өміріне дендей енуде. Білім беру саласының ажырамас бөлігі – тәрбие
мәселесі екені айқын. Тәрбиесіз берілген білімнің пайдасыз екенін кезінде
ұлы ойшыл, философ Әл-Фараби бабамыз да негіздеп кеткен. Қазақстан
Республикасының Білім заңының 11-бабында білім беру жүйесінің міндеттері
айқындалып, оқушылар мен білімгерлерді жеке тұлға ретінде қалыптастырудың
міндеттері нақтыланған:
1. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік
шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2. Жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін
А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №2, 2013
қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту
[2].
Тәрбие – тек адам баласына ғана тән. Адамның жеке тұлғасының қалыптасуына,
саналы тіршілік кешуіне, еңбек етуіне, оның бойындағы барлық жақсы
қабілеттерін жан-жақты жетілдіретін адам өміріне қажетті ұзақ және күрделі
процесс – тәрбие. Тәрбие мен білім беру етене, егіз ұғымдар десек артық
айтқандық емес. Бүгінгі қарқынды даму үстіндегі қоғамда, заман талабына
орай білім саласы үлкен бетбұрыстар мен күрделі жаңғыруларды бастан
өткізуде деп жоғарыда да айтып өттік. Сөз болып отырған өзгерістер қосымша
білім беру саласын да айналып өткен жоқ. Керісінше, 2015 жылдан бастап 12
жылдық білім беру жүйесіне көшу жоспарына орай, балаларға арналған қосымша
білім берудің маңызы да арта түскендей.
Қосымша білім берудің қазіргі жүйесі мен болашақта дамуының жайы білім
саласының маңызды мәселелерінің біріне айналды. Қосымша білім беру жүйесі
дәстүрлі педагогикалық шарттармен жүзеге асырылуда. Ол мектептердегі үйірме
сабақтарынан басталып, білім бөлімдеріне қарасты арнайы мектептерде жүйелі
жалғасуда. Яғни, мектептердегі Жас техниктер, Жас натуралистер, Жас
тілшілер, Полиглот, Шеберлер, т.б. үйірмелер мектептерде жемісті жұмыс
істеп, бұл үйірмелерден тыс арнайы мектептерде қосымша білім алатын
жеткіншектеріміз де бар. Мәселен, Саз-өнер мектептері, спорт, бейнелеу
өнері мектептері, Оқушылар сарайы үйірмелері қосымша білім беру қызметімен
айналысып, баланың бейімділігіне қарай олардың қабілетін ұштап, өмірден өз
орнын табуға бағыттайды. Бірақ, қосымша білімге қосымша деп қарайтын ескі
көзқарас та жоқ емес. Қосымша білімнің – мектептегі негізгі білім берудің
сыртында, тасасында қалып қоя беретіні бар. Алайда, қосымша білім беру
жүйесі әлеуметтік тұрғыдан алғанда қажет-ақ және ол жеке тұлғаны оқыту,
тәрбиелеу және дамыту тұтастығын қамтамасыз ететін білім ретінде қоғам мен
мемлекет тарапынан тұрақты назар аударуды, қолдау көрсетуді талап етеді.
Алдағы уақытта 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу сатысында, бүгінгі
күндегі кәсіптік білімді игеру, білім мен кәсіпті ұштастыру сынды заман
сұранысынан туындап отырған талаптарға байланысты қосымша білімнің маңызы
артып отырғанын ұғынуымыз керек. Білім берудің бұл түрі туралы
статистикалық көрсеткіші төмендегідей: Бүгінгі таңда республика бойынша
680 қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды, оларда 577 998 бала мен
жасөспірім қамтылған. Бұл көрсеткіш барлық оқушылар санының 21,5%-ын
құрайды. Ұйымдарда 13784 қосымша білім педагогы қызмет атқарады, 169 ұйым
типтік үлгідегі ғимаратта, ал қалғаны жалға алынған не ыңғайланған
ғимараттарда орналасқан [3].
Қосымша білім берудің қазіргі жүйесі мен даму болашағына арналған
республикалық семинар-кеңесте Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі
және орта білім департаментінің директоры Н.Аршабеков: Қосымша білім беру

саласы - үлкен жүйе. 12 жылдық білім беру жүйесі халықаралық деңгейде
мойындалатындықтан, біз жаңа жүйе арқылы өзге мемлекеттермен иық
теңестіріп, олармен бәсекеге түсе алатындай дәрежеге жетуіміз керек. Елбасы
2020 жылы 12 жылдық мектеп жүйесінің Қазақстанда орнықты деңгейде
жүргізілуін тапсырды, соған орай, біз 2015 жылдан бастап жаңа жүйеге көшуді
жоспарлап отырмыз. Ал бұл ретте қосымша білім берудің оқушылардың болашақ
мамандығын таңдауда өте жоғары маңызы бар -деді
[4].
Жалпы, қосымша білім беру елімізде қалай жүзеге асуда деген сұраққа жауапты
педагогика ғылымдарының кандидаты А.Семченконың пікірінен табамыз. Қосымша
білім беру елімізде қос бағытта жүзеге асып жатыр. Біріншісі, айталық,
баланың өнер саласына не өзге де кәсіптік бағытта бір мамандыққа әуестігі
болса, оны осы салаға бейімдейміз. Бұл - баланың ән айтуға не биге,
болмаса, безендіру, бейнелеу өнеріне деген құмарлығы. Екінші жағынан,
кәсіби тұрғыдан балаларды экономикалық ахуалға сәйкес, болашақ мамандығын
дұрыс таңдауына жол ашамыз. Әдетте оқушы баланың бойындағы 12-14 жас
шамасында туған әуестік не қабілет, егер оған дем беріп жіберетін болсақ,
оның болашағына жол ашады. Бұл - бала психологиясындағы заңдылық. Сондықтан
ұстаз оқушысының дәл осы жастағы қабілетіне аса мән бергені абзал [4].
Қосымша білім беру – білім алушылардың білім алу үдерісінде сұраныстарын
жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбие ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz