Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны
Кіріспе
Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті
бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып
табылады.
Бірақ нарықтық қатынастарға көшу барысында экономикалық және
әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз
бола бастады. Сондықтан қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет
қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып,
жұмыс істей бастады.
Бюджеттен тыс қорлар-мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны,
мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде
пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша
ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар
бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан
қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып
табылады.
Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың
қажеттіліктерінен туындады, қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын
мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік
бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын
төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен
тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық органдарына
аударуды қажет етті, бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры сай болды.
Басқа жағдайларда, нарыққа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі
жағдайында оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік
мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін
межелеу қажет болы. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік
сақтандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-
республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының
шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың — Жол қорының, Әскери өндірісті
конверсиялау қорының, түрлі арналымның инновациялық қорларының және
басқаларының өте-мөте тар мақсатты арналымы болды.
Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты
әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет
етті — бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын
қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдырылатын қаражаттардың белгілі
бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорды
қалыптастыру субьектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі. Жалпы
бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі
үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатынастарының
бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында. Бюджеттен тыс арнаулы
қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы қаржы
қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған сфераларға
бағыттауға, қаржылық қызметтің әртүрлі бағыттарында бұл қатынастардың
өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.
Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да,
басқарудың деңгейі жағынан да өте әртүрлі. Мақсатты арналымы бойынша
бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне
қарай және мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді. Экономикалық қорлар
— экономикалық дамудың проблемаларын шешуге арналған қорлар. Әлеуметтік
қорлар қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып
табылады. Мемлекеттік қорлар — бұл мемлекеттік деңгейде, ал аймақтық қорлар
аймақтық деңгейде қалыптасатын қорлар.
Бюджеттен тыс қорлардың көздері тұрақты және уақытша болуы мүмкін.
Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттарын жұмсаудың негізгі бағыттары
мыналар:
Жарғылық қызмет;
Артық ақшалардың белгілі бір үлесін қаржы активтеріне инвестициялау;
Коммерциялық қызмет.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің қаржы буындарының бірі болып табылады.
Өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар — бұл, жоғарыда атап
кеткеніміздей, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді оперативті дербестік
негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тартатын қаржы
ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны.
Арналымы — мына арнаулы мақсатты аударымдар есебінен мақсатты
шараларды қаржыландыру:
а) арнаулы мақсатты салықтар;
ә) қарыз және ақшалай-заттай лотереялар өткізу есебінен;
б) бюджеттен берілетін субсидиялар есебінен;
в) қосымша анықталған кірістер мен үнемделген қаржы ресурстары;
г) ерікті жарналар мен заңды және жеке тұлғалардың қайырымдылықтары.
Бюджеттен тыс қорлардың көмегінен:
Отандық кәсіпорындарды қаржыландыру, қаражаттандыру, несиелендіру жолымен
өндіріс процесіне ықпал жасауға;
Арнайы белгіленген көздер мен қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұлдар
есебінен қаржыландыра отырып, табиғат қоғау шараларын қамтамасыз етуге;
Зейнетақылар, жәрдемақылар төлеу, жалпы әлеуметтік инфрақұрылымды
қаражаттандыру және қаржыландыру жолымен халыққа қызметтер көрсетуге;
Қарыз беруге, соның ішінде шетел мемлекеттерін қоса шетелдік әріптестерге
беруге болады.
Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу ұйымы биліктің мемлекеттік
органдарының – орталық, республикалық және жергілікті органдарының
қарамағында болады.
Бюджеттен тыс қорлардың белгілі бір жеңілдіктерінің болуы мүмкін:
а) салық төлеуден босаты;
ә) кеден баждарын төлеуден босату
Бюджеттен тыс қорларды қалыптастырудың көздері шешілетін міндеттердің
сипатымен және ауқымдылығымен алдын ала анықталады. Көздердің әралуандылығы
мен олардың мөлшеріне сол бір кезеңдегі елдің экономикалық және қаржы
жағдайы әсер етеді.
Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу көздерінің салыстырмалы
тұрақты да, сондай-ақ уақытша да сипаты болады. Әкімшілік-аумақтық
бірліктер бойынша ажырай отырып, олар мемлекет аумағында әртүрлі болуы
мүмкін. Бюджеттен тыс қорларға түсетін қаражаттарды жұмсаудың бағыттарына
қорлардың арналымы, нақтылы экономикалық жағдайлар және әзірленген және
іске асырылатын бағдарламалардың мазмұны себепші болады. Қаражаттардың бір
бөлігі құрылтайшылық қыметке бағытталады, сонымен бірге бағалы қағаздарға
салынады. Біріншіден, ақша қаражаттарын пайдалану оларды жасаудың уақытымен
жиі тура келе бермейтіндігіне, екіншіден, инвестициялардан алынған кірістер
тиісті қордың шығындарын қаржыландырудың қосымша көздері болып
табылатындығына байланысты бюджеттен тыс қорлар инвестициялар мен қаржы
рыногының қатысушылары болады.
Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекттік емес қорларды ажырата
білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы,
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әртүрлі ізгілік, тік, соның
ішінде халықаралық қорларға ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы
бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар және
мақсатты қаржыландыру қоры болып ажыратылады., бұл қорлар 1996 жылға дейін
мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау және
минералды-шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты
қорғаудың республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл-мезгіл,
1992-1996 жылдар ішінде мемлекеттік бюджетке енгізіліп, одан шығарылды. Бұл
қаржы жүйесінің қалыптасу процесін, оның құрылымының оңтайлы нұсқасын
іздестіруді қамтып көрсетеді.
Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шаруашылық жүргізуші
субьектілердің қорлары үшін қабылдауға болатын арнаулы қорлар термині
қолданылуы мүмкін, мұның өзі олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.
Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы
төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың
қаржысын қалыптастурудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара
берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың
бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік-экономикалық
мұқтаждықтарды мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз
етілмеді.
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1999 жылдан бастап
мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты
мақсатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары республикалық
бюджетке шоғырландырылды. Алайда дүниежүзілік практика қоғам тарапынан
қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржы
ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды
орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.
Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары
Қаржы институттарының — бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттары
қозғалысын 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеген кейбір
қорлардың мысалында қарауға болады.
Мелекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Бұл қор сақтық әдісімен
жасалды.
Жасалу көздері:
1) кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары
2) мемлекеттік бюджеттің қаражаттары
3) санаторийлерге, демалыс үйлеріне, курорттарға жолдамаларды сатудан
түскен табыс
4) басқадай көздер.
Қордың қаражаттары мыналарға жұмсалды:
1.Жәрдемақылар төлеуге (еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша, жүкті
болғанда және босанғанда берілетін, балға оның белгілі бір жасқа толғанға
дейін қарауға берілетін; көмектің басқа түрлері)
2. Санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді қаржыландыруға.
3. Кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етуге.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақының қорының міндеттері:
а) зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен бірге
зейнетақы ісін ұйымдастыру.
ә) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу.
Зейнетақы қорының қаражаттары мынадай көздерден жасалынады:
1. Міндетті зейнетақы жарналары
2. Меншкті нысанына қарамастан барлық шаруашылық органдары төлейтін
сақтық жарналары немесе арнаулы салықтар
3. Жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтардың сақтық жарналары
4. Жоғарғы органдардың қаражаттары
5. Ерікті зейнетақы жарналары және т.б
Зейнетақы қорының жұмсалу бағыттары:
заңнамаға сәйкес зейнетақыларды төлеу
1. балаға қарау жөніндегі жәрдемақыларды төлеу
2. материалдық көмектің бір жолғы төлемақылары
3. зейнетақыларды индекстеуге байланысты оларды көбейтуге байланысты
болатын шығыстар
4. қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қағаздарға, ғылыми-техникалық базаны
дамытуға және т.б резервтерді орналастыру
Бюджеттен тыс қорлардың органдары:
Басқару;
Атқарушы органдар;
Тексеріс комиссиясы;
Қордың аймақтық бөлімшелері.
Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі ұшырады: біраз
уақыт олар өзін-өзі биледі, мемлекттік бюджеттің құрамында Мақсатты
қаржыландыру қоры бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді, 1999 жылдан бастап
түгелдей мемлекеттік бюджетке шоғырландырылды.
Қазақстанда Астана қаласын экономикалық және әлеуметтік дамыту үшін
Жаңа Астана қоры сақталынған. Бұл қор:
1. кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде жеңілдетілетін қаражаттар:
2. Астана қаласында тұрғын үй құрылысына бағытталатын және іс жүзінде
мақсатты арналымға пайдаланылған қаражаттар;
3. мемлекеттік бюджет қаражаттары;
4. қалада құрылыс пен абаттандыру жүзеге асыратын шетелдік инвестордың
қаражаттары;
5. шет елдердің үкіметтерінің, фирмаларының және компанияларының мақсаты
гранттары есебінен жасалынды.
Ұлттық Қорды басқару Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан
құрылған Кеңес тарабынан жүзеге асырылады.
Кеңестің құрамы:
1.Қазақстан Республикасының Президенті
2.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
3.Қазақстан Республикасының Парламенті сенатының төрағасы
4.Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің төрағасы
5. Қазақстан Республикасының Президенті әкімшілігінің төрағасы
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің төрағасы
7. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
9. Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуына бақылау
жүргізу жөніндегі есеп Есеп комитетінің төрағасы сияқты мемлекеттік жоғары
лауазымды тұлғалардан тұрады.
Негізінен шикізат секторы ұйымдарынан алынатын мына салықтар мен
міндетті төлемдердің: 1. заңды тұлғалардан алынатын корпарациялық табыс
салығының; 2. қосылған құн салығының; 3. үстеме пайда салығының; 4.
бонустардың; 5. роялтидің; 6. жасалған келісім-шарттарға орай өнімді бөлу
бөлігіндегі ҚР үлесінің республикалық және жергілікті бюджеттерге
жоспарланған мөлшерден артық түсірілген сомаларының 10 проценті ресми
трансфертер ретінде Ұлттық қордың кірісіне аударылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы
активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге
де мүлік түріндегі активтері Қазақстанның Ұлттық қоры болып табылады.
Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге
дүниежүзілік бағалардың коньюнктурасына республикалық және жергілікті
бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің
тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қаматамасыз етуге, қаржы
активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де
мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және
қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни,
Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және
елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін қаржы
резервтерін шоғырландырады. Сөйтіп, Ұлттық қор екі функция орындайды:
жинақтаушы және тұрақтандырушы функциялары.
Жинақтаушы функция қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді
қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы
функциясымен қатар Қор қаражаттарының қалптасуы мен пайдаланалуының
қолданылып жүрген тетігі ағымдағы экономиканың жағдайына тұрақтандыру
ықпал көрсетеді.
Тұрақтандырушы функция шикізат ресурстарына әлемдік бағаның
коньнктурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған.
Қордың тұрақтандырушы функциясын іске асыру мемлекеттік бюджетті орта
мерзімді жоспарлауға көшуге мүмкіндік береді.
Қазақтан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану
дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының коньнктурасы,
мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, республиканың
әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте
макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі
мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.
Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталарымен
жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен
есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырады.
Қаражаттардың көздері мен қорды қалыптастырудың тәртібі мынамен
анықталады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономиалық дамуының
бесжылдық индикативтік жоспарының құрамында Қазақстан экспортының едәуір
үлесін құрайтын шикі мұнайға, мысқа және басқа шикізат тауарларына
есептік тұрақты дүниежүзілік бағалар белгіленеді., олардың негізінде
республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеп, бекіткен кезде
Қазақстан тауар өндірушілері шикізат тауарларын өткізудің орташа
бағаларын және оларға сәйкес шикізат секторынан мемлекеттік бюджеттің
кірістерін есептеп шығарады. Шикізат таруарларның есептік тұрақты
бағалары дүниежүзілік бағалардың серпінін сақтанпаздық болжауды негіздей
отырып белгіленеді.
Қор республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы процесінде
оған шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін салық және өзге
міндетті міндетті төлемдердің республикалық және жергілікті бюджеттердің
түсімдердің олардың мына түрлері бойынша: корпорациялық табыс салығының,
қосылған құнға салынатын салықтың, үстеме пайдаға салынатын салықтың,
бонустардың, роялтилердің бекітілген сомаларынан асып түсуін есепке
жатқызу жолымен қалыптасады.
Ұлттық қор мына түсімдердің есебінен қалыптасады:
1. шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін нақты
түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
заңда бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсуі ретінде
айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми транферттер;
2. республикалық меншіктегі және кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын
мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен
айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;
3. шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін
республикалық бюджетке жоспарланған түсімдер сомасының он пайызы
мөлшерінде есептелген республикалық бюджеттен берілетін ресми
трансферттер;
4. ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер
есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттің ресми трансферттері;
5. қорды басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;
6. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбаған өзге де
түсімдер мен кірістер.
Қаражаттарды Ұлттық қорға есептеудің тәртібін Үкімет анықтайды.
Негізгі қызметі табиғи ресуртарды өндіру мен өңдеу болып табылатын
заңи тұлғалар шикізат секторының ұйымдары болып табылады. Шикізат секторы
ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Шикізат секторның ұйымдарынан түсетін түсімдер — шикізат секторы
ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін түсімдердің
жиынтығы:
Корпорациялық табыс салығы;
Қосылған құнға салынатын садық;
Үстеме пайдаға салынатын салық; бонустар;
Роялти;
Жасасқан келісім шарттар бойынша Қазақстан Республикасының өнімді бөлу
жөніндегі үлесі.
Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер болжамы шикізат
секторының тауарларына республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта
мерзімді жоспарында айқындалған дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары
ескеріле отырып жасалады.
Жоғарыдағы бірінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттерді,
сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өңдеуші салаларға
жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспардан тыс түсімдер
есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми
трансферттерді республикалық бюджеттің атқарылуы барысында оны Қазақстан
Республикасының Парламентінде нақтыламай-ақ бюджетті атқару жөніндегі
орталық уәкілетті орган айқындап, республикалық бюджеттен Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорына аударады.
Үшінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттер, сондай-ақ
республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын
мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспарлы түсімдер есебінен
айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер тиісті
қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Ауылшаруашылық мақсатындағы жер уаскелерін сатудан түскен түсімдер
есебінен айқындалатын, төртінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттер
мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімімен
бекітіледі, ал жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын ресми
трансферттерді жергілікті бюджеттен бюджетті атқару жөніндегі жергілікті
уәкілетті орган бюджетті атқару барысында оны мәслихатта нақтыламай-ақ
Ұлттық қорға аударады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін
инвестициялық кірістер Ұлттық қорды қаржы активтеріне және материалдық емес
активтерді қоспағанда өзге де мүліктерге орналастырудан құрылады.
Қордың қаражаттары мына бағыттар бойынша жұмсалады:
1. тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойынша шикізат секторы ұйымдарынан
түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдері арасындағы айырма
ретінде анықталған республикалық бюджет шығынын өтеу үшін. Өтем
мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер бойынша толық атқарылмаған
жалпы сомасынан аспауға тиіс. Түсімдердің нақты көлемі олардың
бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтем жүзеге асрылмайды;
2. ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақтан Республикасының
Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы
трансферттер түрінде;
3. Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты
шығыстарды жабуға.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;
2. Ұлттық қордың жергілікті өтімділік деңгейін ұстап тұру.
3. Тәуекел деңгейінің қалыптылығы жағдайында ұзақ мерзімді перспективада
Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін ұстап тұру;
4. инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат етілген
қаржы активтеріне және материалдық емес активтерді қоспағанда өзге де
мүліктерге орналастырылады.
Рұқсат етілген қаржы активтерін және материалдық емес активтерді
қоспағанда өзге де мүліктердің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Ұлттық банкпен бірлесіп
Үкімет айқындайды.
Ұлттық қорды жеке және заңи тұлғаларға кредит беруге және
міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебінен республикалық бюджеттің
шығынын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық
қорын басқару жөніндегі кеңестің келісімімен қаржы жылының қорытындылары
бойынша Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджетті
нақтыламай-ақ жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке
берілетін нысаналы трансферттердің көлемі тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Активтерді Ұлттық қорға есептеу және Ұлттық қорды пайдалану тәртібін
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Ұлттық
қоры туралы жарлығымен қорды басқару кезіндегі мемлекеттік биліктің
өкілеттілігі анықталған.
Қазақстан Республикасының Президенті:
1. Қазақтан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің
құрамын құрады.
2. қор мәселелері жөнінде Кеңеске, Үкіметке және Ұлттық банкке орындау
үшін міндетті нұсқаулар береді.
3. Қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады.
4. Ұсыныстар беру үшін Кеңеске қорды басқарумен байланысты оған бекітуге
берілген құжаттарды бағыттайды.
5. Ұлттық қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қорды басқару кезінде мына
өкілеттктерді жүзеге асырады:
1.есептемені жасау ережелерін, ақшаны қорға есепке алу және оны
пайдалану тәртібін әзірлеп, бекітеді.
2.Ұлттық банкпен бірлесіп ақпараттық материалдардың және қорды
басқарумен байланысты қызмет бойынша қаржылық есептеменің графигін
жасап бекітеді.
3. Президенке қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы есепті
және Парламенке қорды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақпаратты
ұсынуды қамтамасыз етеді.
4. Қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізуді қамтамасыз етеді.
5. Қорды қалыптастыру мен пайдаланудың бухгалтерлік есебін қаматамасыз
етеді.
6, Қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттктерді жүзеге асырады.
Қорды сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында
жасалынған сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Ұлттық банк
жүзеге асырады:
1. Қорды оның бір бөлігін сыртқы басқарушыны басқаруға беруді қоса
дербес инвестициялау;
2. Инвестициялық операцияларды жүзеге асырудың ережелерін әзірлеп,
бекіту;
3. Үкіметке қорды сенімгерлік басқарудың нәтижелері туралы есепті
ұсыну.;
4. Сенімгерлік басқару туралы ережелер мен шартта қарастырылған өзге
өкілеттіктер.
Қорды тиімді сенімгерлік басқаруды қамтамасыз ету мақсатында
Ұлттық банктің шешімімен арнаулы лауазымды тұлғаны (Ұлттық банк
төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) өкілетті өкілді
анықтайды, оның өкілеттілігіне Ұлттық банктің атынан қорды сенімгерлік
басқару жөнінде шешімдерді оперативті қабылдау кіреді.
Қазақтан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банк
қорды басқару мәселелері бойынша болжамды іс-әрекеттер мен қол жеткен
нәтижелер туралы бір-біріне ақпарат беріп отыруға міндетті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржылық
активтерге және материалдық емес активтерді қоспағанда өзге де
мүліктерге орналастыру жөнінде ұсыныстар талдап-жасайтын
консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
Кеңестің негізгі міндеті қорды пайдалану мәселелері бойынша
Президентке жәрдемдесу және ұсыныстар жасау болып табылады. Кеңестің
мәжілістері Президенттің немесе оның тапсыруы бойынша Кеңес
мүшелерінің бірінің төрағалық етуімен жүргізіледі және хаттамамен
ресімделеді. Кеңес шешімі Кеңес мүшелерінің жалпы санының жай көп
даусымен қабылданады және заңнамамен бекітілген тәртіппен Қазақстан
Республикасы Презитентінің актілерімен іске асырылады. Кеңестің
құрамына мыналар кіреді: Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер-
министрі, Сенаттың төрағасы, Парламент мәжілісінің төрағасы, Премьер-
министрдің орынбасары, Қаржы министрі, Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы.
Кеңестің жұмыс органы Қазақтан Республикасы Презитентінің
Әкімшілігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі
кеңестің функциялары:
1.Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру
жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;
2.Қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды
қарау және талдап-жасау;
3.Қазқстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат
етілген қаржы активтерін және материалдық емес активтерді қоспағанда
өзге де мүліктердің тізбесі жөнінде ұсыныстар талдап-жасау болып
табылады.
Қазақтан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті
құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Президент
бекітеді.
Жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1-сәуіріне дейін Ұлттық
банкпен бірлесіп қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық
есепті Қазақтан Республикасының Үкіметі жасайды және оны Ұлттық банкпен
бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1-сәуірінен кешіктірмей
Президентке бекітуге табыс етеді.
Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті
Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан
Республикасының Парламентіне ұсынады.
Қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп
мыналарды кіріктіруі тиіс:
1. Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен
басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;
3. Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге де мәліметтер
Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін
қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды немесе
аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде және Үкімет белгілеген
тіртіппен жүзеге асырылады.
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп және
аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына
жарияланады. Ұлттық қор қызметі туралы 2003 жылғы есеп бойынша қордың
таза активтерінің өсімі 2002 жылғы 57,5%-дың орнына өткен жылы 76,6% құрды.
Ұлттық қордың жалпы рыноктық құны жыл ішінде 1919 миллион 3662,7 миллионға
өсті. Активтер өсімінің негізгі үлесі экономиканың шикізат секторы
кәсіпорындарының нормативтен тыс пайдасынан алынған кірістерге тиеді.
Мұндай коньюнктура мұнайға жоғары әлемдік бағаның арқасында қалыптасып
отыр.
Қор активтерінің орташа пайдалылығы оның қызметінің барлық
жылдары ішінде 4,23 %-ға бағаланады.
2003 жылы Ұлттық қор активтерінің пайдалылығы 8,69 % құрды, 2004
жылы 222,8 миллион доллар мөлшерінде инвестициялық кіріс алынды. Сонымен
бірге тұрақтандырушы портфелдің пайдалылығы 1,87%-ға тең болды, ал қордың
негізгі бөлігін құрайтын жинақтаушы портфель 11,98% пайдалылық берді.
Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның
қалыптасуының тұрақтылығы шындап құман тудырмай қоймады. Қор табысының
толымдылығы көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық коньюнктурамен, ұзақ уақыт
бағаның мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр.
Бюджет кодексіне сәйкес Ұлттық қорды толдырудың көздері
республикалық бюджеттен түсетін трансферттер, сондай-ақ шикізат секторынан
түсетін нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсу көлемі болып
табылады. Сөйтіп, қорды қалыптастыру көздері жеткілікті сияқты болғанымен,
бірақ бұл оның тұрақты толымдылығына кепілдік бермейді.
Инвестициялық кірістердің бірде болуы, бірде болмай қалуы
мүмкін, сондықтан қордың инвестициялық кірістері оған түсетін түсімдердің
тұрақты көзі ретінде қарастырылмайды.
Мемлекеттік бюджеттен берілетін трансферттер сияқты көзіне
келетін болсақ мұнай мен металдарға бағаның ұзақ уақыт төмендеуі кезінде
олар едәуір қысқарады. Бұл жағдайда, керісінше, Ұлттық қордың қаражатынан
бюджеттің ысыраптаратын өтеуге тура келеді. Мемлекеттік меншікті
жекешелендіруден түсетін кірістер мен бонустар біржолғы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz