Ұлттық тілдің қуаты – ұлттық намыста


Қазақстан Республикасындағы Тіл саясаты
Жоспар
I. Кіріспе
Қазақстан Республикасының тіл саясаты
II. Негізгі бөлім
а) Қазақстан Республикасының мемелекеттік тілі
ә) Қазақстан Республикасындағы тіл мәселесі
б) Ұлттық тілдің қуаты - ұлттық намыста
в) Тілдік ахуал
III. Қорытынды
Қазақстанда «қазақ тілінің» мемелекеттік жылы
Қазақ тілі-мемлекеттік тілі
Қазақ тіліне заң жүзінде мемлекеттік тіл мәртебесі берілген. Бұл туралы Ата заңымызда да, «Тіл туралы» заңда да тайға таңба басқандай анық көрсетілген. Мәселе қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде өзінің мәртебесіне лайық мемлекеттік тіл деңгейінде қолданылмауында. Қазақстанда болашақта қазақ тілін білу өте қажет болады. Яғни букіл іс қағаздары қазақ тілінде жүргізіледі, жұмысқа түсу үшін міндетті түрде қазақ тілін білуін керек.
Менің ойымша қазіргі заманымызда қазақ тіліне өте зор мағына беру керек, өйткені Қазақстанда қазақ тілі көп адам білмейді. Ол үшін Елбасы өзі барлық жерде қазақша сөйлеп, өзгелерден соны талап етуі керек. Қазақстандағы барлық мемлекеттік басқару органдары, заң шығару огандары, сот ісін жүргізу органдары қазақша сөйлеп, қазақша іс қағаздарын жүргізуі керек. Ал қарапайым қазақ онсыз да қазақша сөйлей де алады және жаза да алады. Радиодан «қазақтың болашағы-қазақ тілінде» деп күнде хабарлап жатады. Мен мұны өзгертіп: «Қазақ тілінің болашағы-қазақ-тардың қолында» деп айтар едім. Қайдағы бір шағын мемлекеттер Еуро-Одаққа кіріп, өздерінің мемлекеттік тілдерінде қарым-қатынас жасап, өздерінің тілдерін шетелдіктерге үйретіп, аудармашылар даярлап жатыр. Біз байтақ жерімізге, жерасты кенімізге сеніп, «бойына сеніп, жылдан құр қалған түйенің» керін кешіп, Құдай бетін аулақ қылсын, америкалық үндістердің кебін киіп қалмайық. Дербес мемлекет болған соң тіліміздің де дербестігін ойланғанымыз жөн. Тіл - мемлекет тірегі. Тірегі жоқ мемлекеттің болашағы бұлыңғыр. Қазақтардың мұңы жоқ тілден басқа. Соны ойлайық, ағайын, қазақ бауырлар демекпін. Бүгінгі жастар - білімді жастар. Аға буын өкіл-дерінің ағаттығын түзетіп, ана тіліміздің мәртебесін арттырары анық деп ойлаймын.
Мемлекеттік тіл деген аты бар, мемлекеттік тіл мәртебесіне лайықты заты жоқ. Сондықтан алдын-ала «пәлен-түген» уақытта деп болжау айту қиын. Дегенмен белгілі бір заңдылық шарттар бар. Егер солар орындалса онда қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне лайықты қолданылады.
Мемелекеттік тіл саясатының басты бағыттырының бірі - мемлекеттік тілді барлық азаматтардың арнайы белгіленген көлемде меңгеруі үшін жағдай туғызу. Осы мақсатта демографиялық, кәсіби ерекшеліктеріне сәйкес мемелекеттік тілді міндетті және ақысыз оқыту орталықтарын құру қажет.
Мемлекеттік ақпарат құралдары: теледидар, радио, газеттер арқылы мемлекеттік тілді үйрену жөнінде бағдарламалар, сабақтар жүргізуге, жаңа айдарлар енгізуге тиіс.
Барлық мемелекттік және мемлекттік емес мектеп жасына дейінгі мекемелерде жалпы білім беретін мектептерде, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарында мемелекттік тілді оқытудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету керек, мұның өзі жеке адамдар арасындағы қарым-қатынасты, іскерлік қарым-қатынастағы және қазіргі заманғы іс жүргізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Тілді тиімді үйрету әдістемесін ендіру жөніндегі орталықтардың жинақталған жұмыс тәжірибесі республиканың барлық оқу орындарының игілігіне айналуы керек.
Тұрақты даму барған сайын қазіргі әлемдегі қоғамдық процестердің ұтымды жүруінің негізгі өлшеміне айналып келеді. Ал тұрақты дамуының шарттарының бірі - ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы болып табылады. Көп ұлтты мемлекетте этностардың жарасты өмір сүруіне, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің сақталуына тіл саясаты ықпал етеді. Тіл саясатының жүргізілуінің өзі Қазақстан Республикасының халықтарының мәдениеттерінің бір-біріне ықпал жасап, бірін-бірі байытуына, олардың одан әрі дамуына жағдай жасайды.
Қазақстанның егеменді Мемлекет ретіндегі жаңа әлеуметтік-саяси болмысы - елдің көп ұлтты халқының қажеттіліктерін өтейтін және тілдік, демографиялық, сондай-ақ саяси ахуалдың ерекшеліктерін ескеретін тіл саясатын талап етіп отыр. Ол өзекті тіл мәселелерін шешуде өзінің тиімділігі мен нәтижелігін іс жүзінде көрсететін пәрменді факторға айналуға тиіс. Елде біртұтас тіл саясатын жүргізу үшін елде мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің діни және басқа да ұйымдардың күш жігерінің үйлесімділігі қажет. Қазақстан Республикасының Конституциясына сай тілдік дамудың басым бағыттарын, тілдердің қызмет ету тетіктерін айқындау қажет.
Ресей Президенті В. Путин 2007 жылды Ресейде және бүкіл әлемде орыс тілі деп жариялауды ұсынды. Мемлекет басшысының бұл ұсынысын бүкіл Ресей халқы зор ризашылық сезіммен қарсы алды. Ұлт үшін ең негізгі мүдде тіл екенін, «тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалатынын» Ахмет Байтұрсынұлы сонау өткен ғасырдың басында-ақ айтып еді. Бірақ әлемдік деңгейдегі жалпыға белгілі қағиданы қайталағаны үшін ғана жүрегі ел деп соққан ағартушы ұстазымыз кеңестік тоталитаризм шеңберінде «ұлтшыл», халық жауы» атанып, атылып кетті. Сол үрейдің, бүгінде жеке мемлекет атасқан әлі жалғасып келе жатқанына қайран қалмасқа шара жоқ. 2004 жылы 22 желтоқсан күні Парламент Мәжілісінде 2005 жылды мемлекеттік тіл жылы деп жариялау туралы 40-тан астам депутаттың қолдауымен ұсыныс енгізілген болатын. Бірақ Республикамыздың мемлекеттік хатшысы Оралбай Әбдікәрімов Парламентке келіп, бұл ұсыныстың тиімсіздігін өзінше дәлелдеген болатын.
Бүгінгі таңда қазақ халқының тең жарымынан астамы ана тілінде оқып, не жаза алмаса және космополиттік ағымның дұрыс не бұрыстығына мемлекеттік деңгейде баға берілмесе, 1992 жылға дейін елімізде салтанат құрған 8881 балабақша мен бөбекжайдың көпшілігі тиын-тебенге жекешелендіріліп, олардың жалпы санын мыңға дейін құлдырап, қазір 1391-ге әзер жетсе, оның ішінде қазақ тіліндегі балабақшалар саны 487-ге зорға ілінсе біздің ұсыныстарымыздың негізсіз болмағаны.
Егер Парнламент күні бүгінге дейін 1534ке тарта заң қабылдаса, оның екеуі ғана мемлекеттік тілде қабылданған. Бұл мемлекетіміздің көлеңке түсірер, естіген құлаққа ұят іс. Мемлекеттік тілді қадірлеуде, қолдануда алдымен Парламент үлгі көрсетуі керек. Бірақ өкінішке қарай, мұндай озық мінез Парламент қабырғасында салтанат құрмай тұр. Ілеспе аударма бола тұрса да қазақ тілінде тәп-тәуір сөйлей алатын депутаттардың кейбіреулері өз ана тілін менсінбеуге бет бұрғаны секілді. Тілге құрмет - елге құрмет екенін терең түсінбей бұл салада алға жылжу мүмкін емес.
Ана тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына биыл 17 жылға аяқ басты. Одан берідегі 1997 жылғы шілдеде қабылданған мемлекттік тіл туралы заңның күшіне енгеніне де 9 жыл толып отыр. Тіл туралы 1989 жылғы тұңғыш Заң 1997 жылғы жаңа Заң мемелекеттік тіл саясатының сандарлы орнығуына негіз еді. Одан беріде Заңды жүзеге асыру мақсатында қабылданған қаулылар, мемлекеттік деңгейде қабылданған бағдарламалардың да ұлттық тілдің дамуына зор ықпалы болды.
«Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңының» 1 тарау 4 бабында - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздар ісін жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:
Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;
Қазақстан Республикғасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық материалдық-техникалық жағдайларды жасауға;
Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті. Алайда қолданылып отырған шараларға қарамастан қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін толық іске асыру әлі мүмкін болмай отыр. Мұның негізгі себебі - тіл мәртебесі тек ресми тұрғыдан емес жарияланғанмен, оның жер-жерде үйретілуі мен қолданылуын жүзеге асырар тетік күні бүгінге дейін жеткілікті дәрежеде іске қосылмай отыр. Мемлекеттік тілде іс жүргізу мен қызметтік қарым-қатынас жасау қосалқы сипатта ғана.
Тіл - адамзаттың байлығы. Бізде мемлекеттік тіл туралы заң бар, бір емес, екі нақты бағдарлама. Олар Республика Президенті жарлығымен бекіген және облыс әкімі шешімімен бекітілген. Осы құжаттардың орындалуы жұртшылықты қанағаттандырмай отырғаны шындық. Неге осылай, мемлекеттік тілдің дамуына кедергі жасап отырған кімдер?Әрине шындықты айту керек. Мемлекетік тілге қарсылар өзіміздің қазақтар, мемлекеттік тілде іс жүргізе алмайтын, тілді білуге ұмтылмайтын орыс тілді қазақтар.
Мемлекеттің ұлттық тілін жоғалтуы - ол қазақтың өзін жоғалтуы деген түсінік. Біздің ұлт болып толыққанды сақталуымыздың өзі де, ең алдымен, тіліміздің тағдырына байланысты екені ақиқат. Қазақ тілінің өзекті мәселелері шын мәнінде мемлекеттік тіл мәртебесін иеленумен, шектелмейді. Ең алдымен, қазіргі қазақ тілінің ахуалының өзі, оның дамуы мен баюына байланысты проблемалар ғалымдардың, мамандардың, оқытушылардың айрықша көңіл бөлуін қажет ететін мәселе.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz