ҚР авторлық құқықтың ерекшеліктері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:
Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті
Асанов Ерболат
ҚР авторлық құқықтың ерекшеліктері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В030100-мамандығы - «Құқықтану»
Түркістан-2014
Ф-ОБ-001/033
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ. А. Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Гуманитарлық-педагогикалық сырттай оқу факультеті
Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі, м. а., аға оқытушы
Қ. А. Тұрлыбеков
«___»2014ж №___Хаттама
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ҚР авторлық құқықтың ерекшеліктері
5В030100-мамандығы - «Құқықтану»
Орындаған студент
ЗҚТ-011
Ғылыми жетекшісі
Аға оқытушы
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1 ҚР авторлық құқықтың жалпы сипаттамасы
1. 1 Авторлық құқықтың пайда болу тарихы . . . 6
1. 2 Автор және авторлық құқықтың басқа субъектілерін танудың құқықтық ерекшеліктері . . . 14
1. 3 Авторлық құқық жағдайының кейбір ерекшеліктері . . . 18
2 Авторлық құқықық мұрагерлері мен басқа да мирасқорлар
2. 1 Авторлық құқықтың мұрагерлік қатынастарға түсетін субъектілеріне қатысты талаптар . . . 30
2. 2 Авторлық құқықтың мұрагерлеріне өтуінің құқықтық жүзеге асырылуы . . . 34
2. 3 Азаматтық құқықтарды қорғау . . . 36
3 Автордың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқарушы ұйымдардың қызметін қамтамасыз ету мен қызметтік туындыларға қойылатын авторлық құқықтық ерекшеліктері
- Автордың мүліктік құқықтарын ұжымдық негізде басқарушы ұйымдардың қызметін қамтамасыз ету факторлары . . . 43
3. 2 Қазақстан авторлар қоғамының қызметтік ерекшелігі . . . 45
3. 3 Жинақтар мен қызметтік туындылардың авторлық құқығын реформалау-дың жаңа бағыттарын саралау . . . 48
3. 4 Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы халықаралық қатынастар . . . 54
Қорытынды . . . 61
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 64
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі негізі бұл-халықаралық конвенциялар, келісімдер, шарттар мемлекетіміздің ұлттық заңдарына қайшы келмеуі керек. Қазақстан Республикасының Конституциясының 20-бабында: "Сөзбен шығармашылық еңбегіне кепілдік беріледі. Ал цензураға тыйым салынады"-деп анық бекітілген [1] . Азаматтық құқықтың ең жетекші бөлімдердің бірі бола тұра, сонымен қатар құқықтық қатынастардың бірқатарында авторлық құқық-кең орын алып, өте күрделі, ауқымды және аса мәнді институтын құрайды.
Тәуелсіз мемлекетімізді жеделдете жан жақты жаңғырта жаңарту жолы таңдап алынды. Біз Тәуелсіздік алғалы бері мемлекетіміздің құқықтық жағдайыда жедел түрде жақсарып келе жатыр. Соның ішінде авторлық құқықта өз арнасына түсіп келе жатыр. Мемлкетіміз көптеген халықаралық конвенцияларға, шарттарға, келісімдерге қосылып республикамыздың экономикалық, құқықтық ынтымақтастығын, шет мемлекеттермен сауда т. б. қатынастарын дамыту үстінде.
Бұл жолда Қазақстан мен әр өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерінің өзімізде іске асыра отырып, қандайда бір табыстарға қолымыз жетіп үлгерген секторларды жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет.
Бірақ қазіргі таңға дейін авторлық құқық саласына қатысты көптеген құқық бұзушылықтар, даулар орын алуда. Қаншама заңдар қабылданып, конвенцияларға, шарттарға қосылған мен осы күнге дейін, осы авторлық құқық және сабақтас құқықтардың халықаралық аренада Қазақстанның көптеген халықаралық шарттарға қосылуы арқылы өз еліміздің авторларының құқықтарын, мүдделерін шет елдерде қорғауды қамтамасыз ете отырып, мемлекетіміздің халықаралық беделін өсіріп, инвестиция тарту мәселесін арттырады. Басқаша айтқанда, конвенцияларға, шарттарға, келісімдерге қосылу республикамыздың экономикалық ынтымақтастығын, шет мемлекеттермен сауда т. б. қатынастарын дамытады.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1996 ж. 19 ақпанында "Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі туралы" N211 қаулысын қабылдады. Сонымен бірге республикамыз ТМД мемлекеттері деңгейінде де көптеген келісім-шарттар жасасуға белсене қатысуда. ТМД-ның 9 мемлекет басшылары 1993 жылғы 24 қыркүйекте Мәскеуде "Авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы" келісімге қол қойды.
2000 жылдың 20 маусымында ТМД елдерінің Үкіметтерінің басшылары кеңесінің шешімімен "Санаткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтың жолын кесу жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің бірлескен жұмыс комиссиясы туралы" Ережені бекітті. Республикамыз бұдан басқа да көптеген халықаралық конвенцияларға, келісімдерге, шарттарға қосылған. Қазақстан Республикасында авторлық құқықты бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі деп айтуға әбден болады. Санаткерлік ой еңбегімен айналысатын өнер тапқыштардың, жазушы-драматургтердің, композиторлардың, дыбыс-бейнежазба жасаушылардың, орындаушылардың біздің қоғамда құқықтық мәртебелері толық, жеткілікті деңгейде реттелмеген.
Шығармашылық өнермен шұғылданатын суреткер тұлғалар туған елінің өсіп-өркендеуіне үлес қосар мүмкіндігі өте зор. Шет мемлекеттерде қазақстандық авторлардың аты шығып, өзінің елін сыртқы қатынастарда жақсы жағынан көрсету мақсаты құқық саласында да маңызды орын алады.
Осы салаға да қатысты көптеген құқық бұзушылықтар, даулар орын алуда. Қаншама заңдар қабылданып, конвенцияларға, шарттарға қосылғанмен осы күнге дейін, осы салаға байланысты реттелмеген мәселелер жетерліктей. Сабақтас құқықтардың туындыларын және объектілерін заңсыз пайдалану, әсіресе, дыбыс, дыбыс-бейне саласындағы "қарақшылық" көптеген мемлекеттерді алаңдатып отыр.
Тақырыптың зерттеу деңгейі Авторлық құқықтар жөніндегі комитетпен аумақтық әділет органдарының күшімен, құқық қорғау, салық, кеден органдарымен бірлескен дыбыс, дыбыс-бейне өнімдерін өндірумен, көбейтумен және сатумен айналысатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға мақсатты ішінара тексерулер өткізілді. Ол мәліметтерге жүгінсек, 2012 жылдың мамырынан желтоқсанына дейінгі аралықта өткізілген 735 ішінара тексеру қорытындысында айналымнан жалпы сомасы 2547420 теңгені құрайтын 95755 дана контрафактілік дыбыс, дыбыс-бейне өнімдері тәрткіленді. Өкілетті органдар бұл заңды бұзушыларға 933170 теңге айыппұл салды. Алысқа бармай-ақ, өзіміздің қасымыздағы кейбір өзінің іздену ғылыми жұмыстарын жазушы тұлғалардың өздері арнайы ережені сақтамайды.
Әуелі тәжірибеде бір орыс тілінде жазылып қорғалған іздену ғылыми жұмысты қазақ тіліне аударып, тура сол жұмысты басқа бір азамат қорғаған жағдайлар да кездескен. Бұл жағдайлардың бәрі әрбір азаматтың қоғамда өз құқықтарын қорғай ала бермейтіндігін көрсетеді. Мемлекет тарапынан қандай кепілдіктер берілсе де, азаматтардың өздері ойланып, белгілі бір түзу жол қабылдамағандарынша, қоғамда өзгеріс болмайды. Авторлық құқық субъектілерінің қатарына жасөспірімдер де кіреді, менің ойымша, сол жасөспірімдердің авторлық құқықтары да заңда көрсетілсе, бұл үлкен жеңілдік болар еді.
Жалпы авторлық құқық субъектілерінің құқықтары ҚР Азаматтық Кодексінде Санаткерлік меншік V бөлімінде, Авторлық құқық 50-тарауында, авторлық құқық шығармашылық қызмет нәтижесі болып табылатын ғылым, әдебиет және өнер туындыларына олардың бағытына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ оларды білдіру әдісі мен нысанына қарамастан қолданылады делінген [2] . Сонымен қатар ҚР "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Заңында реттелгендігін көрсете отырып, авторлық құқық объектілерінің ерекшеліктерін басқа санаткерлік меншік объектілерімен салыстыру арқылы айқындау керек.
Жұмыс құрылымы мен көлемі Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қортынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚР авторлық құқықтың жалпы сипаттамасы
1. 1 Авторлық құқықтың пайда болу тарихы
Халықаралық деңгейде авторлық құқық туралы идея Еуропада кітап басу ісімен байланысты ХV ғасырда пайда болды. Бұрын баспа ісі жоқ кезде қол жазбаны көбейту өте қиын болатын да, автор мүлкіне қол сұғу сирек кездесетін. Уақыт өте келе Гутенберге жылжымалы литерді ойлап тауып, кітап басатын станок жүйеге келісімен кітап шығару күрт өсіп шығарма иесіне пайда түсіре бастады.
Творчестволық еңбек саудаға айналды. Жақсы кітапты ұрлап шығырытындар біреудің шығармасын екіншілердің жөнсіз пайдаланып кетуі кітап басу арқылы пайда табатындардың арасында бәсекелестік алғашқы «әдебиет қарақшыларын» тудырды. Баспа өнімдерінің экономикалық пайдасымен қоса, саяси және әлеуметтік күш қуатын тани білген билік иелері ХV ғасырдың аяқ шенінде өздеріне ыңғайлы жеке баспагерлерге ғана ерекше мүмкіндік тудырып, қалғандарын патшалар мен корольдердің жарлығы арқылы тежеп, реттеп, басқарып отырды [3, 210б. ] .
Европадағы алғашқы заң ХVІІ ғасырда Англиядя дүниеге келді. Ағылшынның баспагерлері мен кітап саудагерлері компанияларының автор құқығын қорғауға байланысты талаптарына сәйкес әзірленген заң жобасы 1709 жылы талқыланып, ол 1710 жылдың сәуірінде «Королева Аннаның статусы» деген атпен күшіне енді. Бұл заң тек баспагерлердің ғана мүддесін қорғады. Ал суретшілердің авторлық құқығы туралы заң Англияда 1735 жылы қабылданды.
Әдеби меншік туралы ұғым Францияда бұрыннан пайда болғанмен ол 1777 жылы ХVІ Людовиктің пәрменімен бір жүйеге келтіріліп, автордың өз шығармасын басып шығаруына және сатуына деген құқық заңдастырылды. Германияның әртүрлі аймақтарында автордың құқығын мойындайтын құжаттар 1686 жылдан бастап қабылданғанымен, бүкіл Германияда авторлық туралы алғашқы заң 1837 жылы жарық көрген [4, 115б. ] .
Ал Дания мен Норвегияда 1741 жылы қабылданып, 1814 жылға дейін күшін сақтаған декретте автор мен мың мұрагерінің құқығы өмір бойы сақталады. 1762 жылы 3-ші Каролдың патшалығы кезінде Германияда қабылданған заң кітап шығарушыға тек автордың айырықша құқығының барын бекітті.
Ал Россияда авторлық құқық туралы тұңғыш заң 1828 жылы қабылданды. Оның бастау көзінде орыстың ұлы драматургы А. Н. Островский, А. К. Толстой, И. Тургенев сияқты алыптар тұрды. Шағын ғана топтан тұратын бұл бөлімше авторлардың қаламақысын реттеу мен шұғылданып, Мәскеуден келетін нұсқауларды орындаудан аса алған жоқ. Өз тараптарынан авторлық құқықты реттейтін бірден-бір құжат әзірлеген емес. Оған мүмкіндіктері де жоқ еді. Дегенмен де бұл мекеменің өмірге келуі әдебиет пен өнер өкілдерінің творчестволық еңбегінің ақысын қорғау мүмкіндігін тудырды.
Баспа мен газет, журналдарда, радио мен телеарналарда, театар сахнасымен эстрада да жарық көрген туындылары үшін автор мен сабақтас құқық иелері-актерлар, әншілер, цирк ойыншылары, т. б. басқа өз өнерінің жемісін Үкімет белгілеген мөлшер бойынша алатын дәрежеге жетті. Бөлімшеде Қазақстан авторлар мен орындаушылардың олардың шығармалырының аса мол деректері жиналды. Бұл мекемені өз кезеңінде Әнуар Әлімжанов, Сағат Әлімбаев, Қалдарбек Найманбаев сияқты қазақтың белгілі жазушылары басқарды.
Авторлық құқықты қорғаудың жаңа кезеңі Қазақстанның тәуелсіздік алуымен тікелей байланысты. Мұнда бүкіл одақтық агенттіктің қазақ бөлімшесі негізінде Қазақстанның авторлық құқығын және сабақтас құқықтар жөніндегі мемлекеттік агенттігі құрылды. Бұл экономика министрлігімен энергетика өнеркәсіп және сауда министрліктің құрамында болған. 1999 жылдан бастап Әділет министрлігінң құрамына беріліп, «Авторлық құқық жөніндегі комитет» деп аталады.
Қазақстанда авторлық құқықты қорғауды жетілдіріп, дамытудың таяу жылдарға арналғанын стратегиялық жоспары бекітіліп, кең ауқымды бағдарлама жасалды. 1999 жылдың маусым айында Үкімет қаулысымен бекіген комитеттің ережесіне сай бұл бағдарламада Қазақстандағы авторлық құқыққа қатысты заңдарды жетілдіру, халықаралық қатынастарды күшейту, жеке авторлардың құқығын қорғау, ұжымдық негізде мүлік құқықтарды басқаратын ұйымдардың қызметін бақылау, республикамызға ендеп кіре бастаған дыбыс-бейне таспаларды заңсыз сататын қарақшылық топтармен күресті өрістету, құқық қорғау, заң орындарымен қарым-қатынасты күшейтіп, бірлесе қимыл жасау, т. б. мәселелер қамтылды.
Сондай тұңғыш заң 1886 жылы қабылданған, әдеби туындылар мен көркем шығармаларды қорғайтын Берн Конвенциясы болатын. Қазір бұл заңды 140-қа жуық мемлекет мойындап отыр.
Әлемнің 175 елін біріктіріп Үкіметтер мен жұмыс жүргізетін және санаткерлік меншікке байланысты жүздеген қоғамдық ұйымдардың мүддесін қоса қорғайтын дүние жүзілік санаткерлік меншік ұйымының құрылуына осы заң түрткі болғанын айту ләзім [5] . Авторлық құқықтар жөнінде ресми құжаттар Қазақстанда тұңғыш рет ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ғылыми-қоғамдық еңбектерде көрініс берді. Қазақстандағы авторлық құқықты қорғаудың мемлекеттік негізі 1973 жылы Бүкілодақтық авторлық құқық жөніндегі агенттің Қазақстандағы бөлімшесі жұмыс істей бастаған күннен басталады.
Бүгінде санаткерлік меншікті қорғауда өз жүйесін жасаған Америкада авторлық құқық туралы зан тұңғыш рет 1790 жылы қабылданған болатын. Содан бері талай өзгерістер мен толықтыруларға ұшыраған бұл заңның бүгінгі күш-қуаты орасан. Авторлық құқықты қорғаудың Американдық жүйесі қазір әлемнің қай еліне болса да, өз ықпалын тигізіп отырғаны ақиқат.
Өйткені жыл сайын мемлекет бюджетіне 450 млрд. доллар пайда келтіретін санаткерлік меншікке ие жасап, өз елінің рухани қазынасын ғылым мен жазушының кино шеберінің т. б. азаматтарының көкірегін жарып шыққан көркем дүниесінің, ғылыми жаңалықтарын, өнер табыстарын қорғау арқылы ел байлығын еселей түсетінін олар жақсы біледі.
Сондықтан бұл істі дамытуға күш жігерді де қаражатты да аяп қалмады. Ел мен елдің байланысы дамыған сайын авторлардың өнері де бір-біріне ауысып, рухани қазынасын байытады. Бұл әлімсақтан белгілі жайт. Халықаралық байланыстың дамуы санаткерлік меншік иесін анықтап, оны тудырушы ел мен пайдаланушылар арасындағы қарым-қатынасты реттеудің, яғни осы саланы бір жүйеге келтіретін халықаралық заңдарды қабылдаудың қажетттігін тудырады.
Бұны жүзеге асыру үшін көлемді қаражат бөлуге қол жеткізуі. Бұл санаткерлік меншікті қорғауға байланысты Үкіметіміздің аса игі қадамдары болып табылар еді.
Қазіргі танда Қазакстан Республикасының экономикасы өтпелі кезеңнен енді-енді бас көтеруде. Мемлекетіміздің беделін халықаралық сахнада көтеру және дамыған мемлекеттер қатарына қосу үшін халыктың әл-ауқатын көрсететін оның экономкасының мыкты болу қажеттілігі сөзсіз. Бүгінгі таңдағы білімге негізделген экономикада интеллектуалдық активтер негізгі валюта болып табылады.
Қазақстанның экономикалық өсудің қарқынына жетуі, оның әлемдік нарық құрылымынына толық енуі қазіргі индустриалды экономиканың мықты материалдық, техникалық және технологиялык базасын құруға ықпал ететін интеллектуалдық меншікті қорғаудың дамуынсыз мүмкін емес.
Интеллектуалдық меншік құқықтарын сақтау біздің мемлекеттің дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі және саудада ең қолайлы жағдайларға қол жеткізу үшін басты шарттардың бірі болып табылатынын да айта кету жөн. Ал бұл біздің елдің беделін халықаралық сахнада арттыруға әсер етеді, өйткені интеллектуалдық меншік құқықтарын корғау адам мен азаматтың құқықтарын және заңи мүдделерін сақтаудың қажетті шарттары мен кепілдіктерінің бірі.
Сондыктан, интеллект-дегеніміз бұл елдің маңызды және ешқашан таусылмайтын ресурсы. Ал осы қордың күші өзінің тек қана осындай мәртебесінде мемлекет пен қоғамның мүдделеріне қызмет ететін қорғалатын интеллектуалдық меншікте.
Нарықтық экономикада қандай да бір кәсіпкердің алдында тұратын мәселе-тауарларының бәсекеге қабілетті болуы. Кәсіпкерлер үшін осындай қорғанудың бір жолы болып кәсіпкерлердің өз кәсіпорындарында инновациялық қызметті дамытуы болып табылады.
1992 жылы 24 шілдеде Қазакстан Республикасының алғашқы Патент Заңы қабылданды. Өнертабыстар мен өндірістік үлгілерді патенттік қорғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейін Қазакстан Республикасындағы патент иеленушілер осы объектілерді пайдалануға монополиялық құқықты мемлекеттің берген құқыктык кепілдігі ретінде алды. Монополиялык құқықты иеленуші тұлғаларда үшінші тұлғалардың кұқықтарын және заңнаманың нормаларын бұзбай патентік құқық объектілеріне билік ету мүмкіндігі пайда болды.
Қазақстанның социалистік жүйеден нарықтық экономиқаға ауысуы санаткерлік еңбек нәтижелерін қорғау және құқықтық қатынастарды реформалауды талап етті. Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделікті тұрмыста «интеллектуалдык меншік», «өнеркәсіптік меншік», «патент», «патент иеленуші», «айрықша құқық» ұғымдары енді [6] . ҚР-ң заңшығармашылығында әрбір құқық иеленушінің келісімінсіз ешбір жан өнертабысты, пайдалы модельді немесе тауар таңбасын пайдалана алмайды.
Құқық иеленушінің рұқсаты, көбінесе, сыйақы төлеу және лицензиялық шарт жасасу жолымен ғана пайдалану жолға қойылған.
Бұл құқық «айрықша құқық» деп аталады. Бұл ҚР АК-нің 125, 964-баптарымен бекітілген [2] . Патент негізінен мынандай мән-жайларды айқындайды:
1) аталған техникалық шешімнің өнертабыс екендігін;
2) авторы болып белгілі бір тұлға екендігін;
3) аталған тұлға немесе оның мұрагері осы өнертабысқа айрықша құкық иеленетіндігін куәландыратын құжат.
Патент оны берген ведомство мемлекеті аумағында әрекет етеді. Шетел құкығы бойынша, лицензия немесе патент алу туралы келісімге қол жеткізілген кезде, иесіне сыйакы төлей отырып, патентті мемлекет немесе оның еркі бойынша белгілі бір ұйымның қолданылуына мәжбүрлеп сатып алынуы мүмкін.
Патент беру әр елде оның патент құқығы нормаларына сәйкес жүргізіледі. Өнертабысқа келесі талаптар қойылады: «өнертапқыштық деңгей», «прогрессивтілігі», «қолданылуға жарамдылығы» және міндетті түрде жаңалығы.
Патенттеу мақсаты-сәйкес саладағы маман патент мазмұнын оқып, ондағы техникалық шешімді жүзеге асыра алатындай деңгейге жеткізіп ашу. Патенттік қорғау келесі аспектілермен сипатталады:
- қорғалатын объектілердің шектеулі шеңбері;
- патенттік құқыктар пайда болуынын ерекше тәртібі, яғни патент иесіне құқыктар кешенінің және объектіні пайдалануға айрықша құқықтың берілуі;
- айрықша құқық (қорғау құжаты) әрекетінін мерзімдік және аумақтық сипаты;
- айрықша құқықтардың занды шектелу мүмкіндігі.
Аталған объектілердін барлығы біздін мемлекетімізде қолданылады.
Белгілі бір өнертабыс негізі болған шығармашылықтың деңгейін бағалау қажет болғандықтан, өнертабыс түсінігінің объективтік анықтамасын беру мүмкін емес. Сондықтан, Қазақстан Республикасының Патент Заңында бұл түсініктің анықтамасы берілмеген, тек оған қойылатын талаптар керсетілген:
- жаңалығы;
- өнертапқыштық деңгейдің болуы;
- өнеркәсіпте қолдануға болатын техникалық шешімнің болуы.
Егер өнертабыс осы аталған талаптарға сай болса, онда оған Қазакстан Республикасы Патент Заңының 6-бабына сәйкес қорғау қамтамасыз етіледі.
Әрбір өнертабыс белгілі бір объектіні, яғни қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыра алатын техникалық құралды сипаттайды. Өнертабыс объектілерінің түрлері қойылған мақсатқа жету үшін техникалық шешімдерде көрсетілген құралдарға тәуелді анықталады.
Мысалы: құрылғы, әдіс, зат, микроорганизмдер, өсімдіктер мен хайуанаттар клеткаларының тегі, сондай-ақ бұрыннан белгілі құрылғы, әдісті, затты текті жаңа мақсатта қолдану өнертабыс объектілері бола алады. Осыларға жеке тоқталар болсақ.
Құрылғы-өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектілері ретінде құрылғыларға конструкторлар мен бұйымдар жатады. Кеңістікте орналасқан бір-бірімен тығыз байланыстағы элементтер жүйесі құрылғы болып танылады. Бұл машиналар-мысалы, «Қар жинаушы машина»;
Құрылғы болып көлік кұралдары, жабдык, кұрылыстар, сонымен қатар, әр түрлі бұйымдар танылады-мысалы, «Әмбе-бап оқу партасы». Электр схемалары да құрылғының бір түрі болып табылады.
Тәсіл-өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектісі ретінде тәсілдерге материалдық объектілер көмегімен материалдық объектілерге әрекет ету процестері жатады. Тәсіл- белгілі бір тәртіппен немесе белгілі бір ережелерде сақтау арқылы орындалатын әдістер жиынтығы.
Зат өнертабыс объектісі ретінде. Өнертабыс объектісі ретінде заттарға: жеке химиялық қосындылар, сонымен қатар, оларға жоғары-молекулярлық қосындылар және гендік инженерия өнімдері. Тауар таңбасы, қызмет көрсету таңбасы-бұл осы заңға сәйкес тіркелген немесе Қазакстан Республикасы қатысатын шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын, бір занды немесе жеке тұлғаның тауарларын басқа заңды немесе жеке тұлғаның біртектес тауарларынан ажырату үшін қызмет ететін белгі.
Бұл анықтамадан тауар таңбасынын басты міндеті - қандай болмасын ендірушінің (сапалық, бағалық немесе өзге сипаты бойынша) тауар немесе қызметін баска ендірушілердің ұқсас бірыңғай тауарлары мен қызметтерінен бөлу, яғни тауар немесе қызметті дараландыру болып табылады. Таңба неғұрлым көрнекті болса, соғұрлым оның иесінің оны құқықтық қорғау, жарнама және өткізу салаларында сәттілігі үлкен болады.
«Интеллектуалдық меншік» түсінігі кейбір құқықтық институттарға қатысты, соның ішінде аса маңызды коммерциялық құпия, патенттік құқық, авторлық құқық және тауарлық белгілер сияқты құқықтық институттарға қатысты жалпы сипаттқа ие.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 49-тарау осы интеллектуалдық меншікке арналған.
Интеллектуалдық меншік құқығының объектілеріне:
- интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері;
- азамматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары жатады.
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz