Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қаржыландыруда сенімді серіктестік


Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
:
Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қаржыландыруда сенімді серіктестікҚазақстанның Инвестициялық қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік даму институттарының бірі болып табылады. Қордың қызметі 2003 жылдың 11 маусымында басталған-ды. Ұйымдық-құқықтық нысаны - жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыздық қатысуы бар акционерлік қоғам. Жарғылық капиталының мөлшері - 37, 8 миллиард теңге, немесе 300 миллионнан астам АҚШ доллары, кейіннен оны кезеңдеп арттыру жоспарланған.Қордың мақсаты және негізгі міндеттері:Қордың мақсаты - экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру жөніндегі жеке сектордың бастамаларына жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына қатысу жолымен қаржылық көмек көрсету.Мақсаттары:шикізат пен материалдарды түпкілікті өңдеуден өткізетін, жаңа технологияларды қолданып бәсекеге қабілетті өнімдер шығаратын, сондай-ақ келешегі бар ұйымдарға өндірістік қызмет көрсететін, өзінің қызметін өнеркәсіпте жүзеге асыратын жаңадан құрылған, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияны жүзеге асыру;инвестициялық жобаларды Қазақстанның Инвестициялық қорының қосымша қаржыландыруы арқылы экономиканың шикізаттық емес секторындағы жеке инвестицияларды ынталандыру (ұйымдардың жарғылық капиталына инвестицияны жүзеге асыру) және осы жобаларды басқаруға қатысу;қосымша, аралас өндірістерді дамытып, отандық және шетелдік ұйымдар арасындағы өндірістік кооперацияны қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру арқылы қазақстандық ұйымдардың инвестициялық белсенділіктерінің шетелдерде көтерілуіне ықпал ету.Қор қызметінің тұжырымдамалық ережелері:Қор акциялардың 49 пайызға дейінгі бөлігін сатып алуымен, жобалардың тікелей инвесторы болады.Инвестициялық жобалардың табысты іске асуы мақсатында Біз жобаның орындалуына тиісті ұйымдастыру деңгейін қамтамасыз ететін, жобаның техникалық-технологиялық жақтарын жүзеге асыру үшін маркетингілік және технологиялық жеткілікті тәжірибесі бар және акциялардың 50 пайыздан астамын бақылайтын стратегиялық инвесторлары (бір инвестор немесе инвесторлар тобы) бар, кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысқанды неғұрлым тиімді болады санаймыз.Қор және басқа акционерлердің тараптарынан кәсіпорынның жарғылық капиталына салынатын инвестиция Жобаны іске асырудың түрлі сатыларында қаржыландырудың басқа көздерімен де ұштастырылуы мүмкін, соның ішінде листингіленбеген облигациялар, банктік займдер, бірлестірілген займдер, лизингілер және мерзімі ұзартылған төлеммен сатып алу, экспорттық несие агенттіктерінің қатысуымен алынатын несиелер.Қор инвестор ретінде кәсіпорынның жарғылық капиталына қатыса отырып, жобаны іске асыру барысындағы, қатерлер мен тиімділіктерге ортақтасады. Қор қатерлерді барынша азайтуға ықпал ете отырып, осы өңірдегі мемлекеттік мекемелермен және басқа да инвестицияға қатысушыларымен өзара қызметті үйлестіреді.Жоба іске асырылу сатысынан өтіп, сатылым мен өндіріс тұрақты деңгейге жеткен кезде Қор өзінің үлесін стратегиялық серіктестеріне, басқа акционерлерге және портфельдік инвесторларға сату жолымен жобадан шығады.Бағыттардың басымдықтарыҚазақстанда және дүние жүзінің басқа елдеріндегі салаларды дамыту беталысын талдау негізінде, бәсекеге қабілетті салалар мен кластерлерді құру мақсатындағы инвестициялаудың басымды бағыттары анықталды, атап айтқанда:Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу (консервілік, жүнді- және мақтаны қайта өңдеу өнеркәсібі мен басқа салаларды есептегенде агроөнеркәсіптік кешен) ;Құрылыс материалдарының өндірісі (алғашқысынан бастап құрылыс материалдарының әрлеу мен қаптауына дейінгі өндірісіне шейін) ;Химия және мұнай химия өнеркәсібі;Металлургия;Машина жасау;Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі;Инфрақұрылым (энергетика және көлік) .Қазіргі уақытта Қор қызметінің түйіні құрылымды құрайтын мәні бар және экономикалық кластерлерді жаңадан құру мен құрастырылғандарын толықтыруға жағдай жасайтын ірі және келешегі бар маңызды жобаларды кезеңмен қаржыландыруға ауыстырылды.:

Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарын қаржыландыруда сенімді серіктестік

Қазақстанның Инвестициялық қоры Қазақстан Республикасының мемлекеттік даму институттарының бірі болып табылады. Қордың қызметі 2003 жылдың 11 маусымында басталған-ды. Ұйымдық-құқықтық нысаны - жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыздық қатысуы бар акционерлік қоғам. Жарғылық капиталының мөлшері - 37, 8 миллиард теңге, немесе 300 миллионнан астам АҚШ доллары, кейіннен оны кезеңдеп арттыру жоспарланған.

Қордың мақсаты және негізгі міндеттері:

Қордың мақсаты - экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабілетті өндіріс орындарын құру жөніндегі жеке сектордың бастамаларына жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жарғылық капиталдарына қатысу жолымен қаржылық көмек көрсету.

Мақсаттары:

  • шикізат пен материалдарды түпкілікті өңдеуден өткізетін, жаңа технологияларды қолданып бәсекеге қабілетті өнімдер шығаратын, сондай-ақ келешегі бар ұйымдарға өндірістік қызмет көрсететін, өзінің қызметін өнеркәсіпте жүзеге асыратын жаңадан құрылған, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияны жүзеге асыру;
  • инвестициялық жобаларды Қазақстанның Инвестициялық қорының қосымша қаржыландыруы арқылы экономиканың шикізаттық емес секторындағы жеке инвестицияларды ынталандыру (ұйымдардың жарғылық капиталына инвестицияны жүзеге асыру) және осы жобаларды басқаруға қатысу;
  • қосымша, аралас өндірістерді дамытып, отандық және шетелдік ұйымдар арасындағы өндірістік кооперацияны қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру арқылы қазақстандық ұйымдардың инвестициялық белсенділіктерінің шетелдерде көтерілуіне ықпал ету.

Қор қызметінің тұжырымдамалық ережелері:

Қор акциялардың 49 пайызға дейінгі бөлігін сатып алуымен, жобалардың тікелей инвесторы болады.

Инвестициялық жобалардың табысты іске асуы мақсатында Біз жобаның орындалуына тиісті ұйымдастыру деңгейін қамтамасыз ететін, жобаның техникалық-технологиялық жақтарын жүзеге асыру үшін маркетингілік және технологиялық жеткілікті тәжірибесі бар және акциялардың 50 пайыздан астамын бақылайтын стратегиялық инвесторлары (бір инвестор немесе инвесторлар тобы) бар, кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысқанды неғұрлым тиімді болады санаймыз.

Қор және басқа акционерлердің тараптарынан кәсіпорынның жарғылық капиталына салынатын инвестиция Жобаны іске асырудың түрлі сатыларында қаржыландырудың басқа көздерімен де ұштастырылуы мүмкін, соның ішінде листингіленбеген облигациялар, банктік займдер, бірлестірілген займдер, лизингілер және мерзімі ұзартылған төлеммен сатып алу, экспорттық несие агенттіктерінің қатысуымен алынатын несиелер.

Қор инвестор ретінде кәсіпорынның жарғылық капиталына қатыса отырып, жобаны іске асыру барысындағы, қатерлер мен тиімділіктерге ортақтасады. Қор қатерлерді барынша азайтуға ықпал ете отырып, осы өңірдегі мемлекеттік мекемелермен және басқа да инвестицияға қатысушыларымен өзара қызметті үйлестіреді.

Жоба іске асырылу сатысынан өтіп, сатылым мен өндіріс тұрақты деңгейге жеткен кезде Қор өзінің үлесін стратегиялық серіктестеріне, басқа акционерлерге және портфельдік инвесторларға сату жолымен жобадан шығады.

Бағыттардың басымдықтары

Қазақстанда және дүние жүзінің басқа елдеріндегі салаларды дамыту беталысын талдау негізінде, бәсекеге қабілетті салалар мен кластерлерді құру мақсатындағы инвестициялаудың басымды бағыттары анықталды, атап айтқанда:

  1. Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу (консервілік, жүнді- және мақтаны қайта өңдеу өнеркәсібі мен басқа салаларды есептегенде агроөнеркәсіптік кешен) ;
  2. Құрылыс материалдарының өндірісі (алғашқысынан бастап құрылыс материалдарының әрлеу мен қаптауына дейінгі өндірісіне шейін) ;
  3. Химия және мұнай химия өнеркәсібі;
  4. Металлургия;
  5. Машина жасау;
  6. Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі;
  7. Инфрақұрылым (энергетика және көлік) .

Қазіргі уақытта Қор қызметінің түйіні құрылымды құрайтын мәні бар және экономикалық кластерлерді жаңадан құру мен құрастырылғандарын толықтыруға жағдай жасайтын ірі және келешегі бар маңызды жобаларды кезеңмен қаржыландыруға ауыстырылды.

:

Қордың басшылығы

:
:
:
:

Басқарма Төрағасы

Зейнолла Халидоллаұлы Кәкімжанов

Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (КСРО АҒ Ғылыми-Техникалық Прогрессінің Экономика және Болжау институты, қазір РҒА Халықшаруашылық болжау институты) . Ағылшын тілін меңгерген.

Университетті бітіргеннен кейін Қазақ ССР Мемжоспар жанындағы экономика, жоспарлау және нормативтік ғылыми-зерттеу институтында экономист, ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген, Мәскеу Ғылым Академиясының экономика және болжау институтының аспирантурасында оқыған, Банкаралық валюта биржасының төрағасы, Республиканың Халықтық жинақ банкінің басқарма төрағасы болып қызмет атқарған.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық Кеңесі төрағасының орынбасары, «НСБК-групп» Ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясының төрағасы қызметтеріне тағайындалған.

1999 жылдың 22 қаңтарынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрі болып тағайындалды.

2002 жылдың 28 тамызынан Қазақстан Республикасы Қаржы министрі болып тағайындалды. 2003 жылдың 17 маусымынан Қазақстанның Инвестициялық қоры басқармасының төрағасы болып сайланды.

Басқарма мүшелері:

Тимур Эрмекұлы Жақселеков

1990 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірген, дипломы - тау инженері.

1993 жылдан банктік секторда жұмыс істейді. 1993 жылдан бастап 1994 жылға дейін «Қазақстан Әлем Банкі» жобаларды бағалау және оларды қаржыландыруды жүзеге асыру жөніндегі құрылымында жұмыс істеген. 1994 жылдан бастап 2001 жылға дейін «Қазақстан Эксимбанкі» ЖАҚ жұмыс істеді. Банкінің шетел несиелік желісі шеңберіндегі жобаларға қызмет көрсетуді жүзеге асыратын құрылымын басқарған. 1996 жылы Банктің Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалған. 2001 жылдың маусымынан бастап 2003 жылдың тамызына дейін «Қазақстан Даму Банкі» ЖАҚ Вице-төрағасы қызметін атқарған.

Тагир Мұсаұлы Сисинбаев

Саратов заң институтын бітірген.

25 жыл сот жүйесінде еңбек еткен. Аудандық, облыстық соттарында судья, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотынды судья және Төраға орынбасары болып жұмыс істеген. Жоғары білікті судья.
1999 жылы Т. Сисинбаев Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды.
2002 жылдың қыркүйегінен Қазақстан Республикасы қаржы вице-министрі болып тағайындалған.

Мұқан Қаныбекұлы Сағындықов

Қарағанды кооператив институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы сауда басқармасында ревизорлықтан бастаған.

1996 жылдан бастап 2002 жылға дейін банк секторында (Темірбанк, Казкоммерцбанк) басшы болып жұмыс істеген.

2004 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаментінің директоры лауазымын атқарған.

Шымкенттің қалалық әкімшілігінде түрлі лауазымдарында, қала Әкімінің орынбасары, облыстық әкімшілікте Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген.

«Ерен еңбегі үшін» (ҚР Президентінің Жарлығымен), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конститутциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

Талғат Маданятұлы Күкенов

С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, ҚЭБМИ, Амстердам Университетін бітірген. Физика-математика ғылымдарының кандидаты. Іскер әкімшілдік магистрі, Халықаралық қаржы мастері.

ҚазМУ-де оқытушы, Кәсіпкершілікті қолдаудың Орталық-Азия-Америка Қорында инвестициялар жөнінде аналитик, Алматы Банктік оқыту орталығында бас менеджер болып жұмыс істеген.

1997 жылдан бастап 1999 жылдары ҚЭБМИ және Мак Гилл (Канада) университетінің бірлескен жобасында бас қаржы кеңесшісі ретінде жұмыс атқарған.

Қайта қалпына келтіру және дамыту Еуразия банкінің Eagle Venture Partners қорында бас инвестициялық менеджері және Ислам даму банкінде инвестициялық менеджері болған.

2005 жылдан «Ұлттық Инновациялық қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарған.

Асхат Еркінұлы Ахметов

1994 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын бітірді.

Еңбек жолын ҚР Экономика министрлігі жанындағы Шетел инвестициялары жөніндегі Ұлттық агенттігінде бастаған.

1995 жылдан бастап банктік жүйеде (Қазақстанның Мемлекеттік Даму Банкі, Қазақстан Эксимбанкі) жұмыс атқарған.

1998 жылдан бастап түрлі коммерциялық құрылымдарда («Коммерциялық телевизия каналы» АҚ, «Акцепт» корпорациясы, «Central Logistics» ЖШС, «NEK-CL» ЖШС ) мынадай қызметтерде жұмыс істеген: қазынашылық бастығы, Несиелік серіктестіктің төрағасы, қаржы директоры, қаржы және даму жөніндегі бас директордың орынбасары, бас директор.

Айдос Тұрдаќынұлы Жексенбай

Әль-фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің экономист мамандығын үздік бітірген, дүние жүзілік экономика саласының маманы, сондай-ақ Oregon State University АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған, оны 1997 жылы Bachelor of Science, Business Administration дәрежесімен бітірген.

1997 жылдан бастап 2000 жылға дейін «Қазақстанның Эксимбанкі» ЖАҚ саудалық қаржыландыру департаментінде, кейіннен несиелендіру департаментінде жұмыс істеді. 2000 жылдан бастап 2003 жылдары «Шинторг» ЖШС маркетингі мен сатуды басқарды

Елена Геннадьевна Юнусова

Алматы халық шаруашылығы институтын, «Әділет» Жоғары құқық мектебін бітірген.

Институтты бітіргеннен кейін Алматы қаласының сақтандыру ұйымдарында жұмыс істеген.

1994 жылдан бастап 1996 жылдары ҚР ҚМ және ҚР бағалы қағаздар жөнінде ұлттық комиссиясының («USAID» жаппай жекешелендіру жобасы) жұмысы жөнінде кеңесшілер тобының басшысы болды.

1996 жылдан 2005 жылдары мерзімінде бас қаржы аналитигі, инвестициялық менеджері, заң кеңесшісі, Қайта қалпына келтіру және дамыту Еуразия банкінің Eagle Venture Partners қорының Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы болып жұмыс істеген.

2005 жылдан «Ұлттық Инновациялық қоры» АҚ-ның Заң департаменті директорының лауазымын атқарды.

Қордың құрылуы

:
:
:
:

Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы N 501 қаулысы (ҚР Үкіметінің 11. 06. 03 ж. N 566; 28. 10. 04 ж. N 1119; 15. 11. 04 ж. N 1201 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)

"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Iшкi және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған негiзгi бағыттары" туралы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 15. 10. 04 ж. N 1201 қаулысымен 1-тармақ толықтырылды 1. Жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген 100 пайыз мемлекеттiң қатысуымен "Қазақстанның Инвестициялық қоры" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қор) құрылсын.

2. Мыналар:

1) шикiзаттар мен материалдарды тереңдетiп өңдеудi жүргiзетiн, қазiргі заманғы және озық технологияларды пайдалана отырып бәсекеге қабiлеттi әрi табысты өнiм шығаратын, сондай-ақ өнеркәсiптiң перспективалы кәсiпорындарына өндірiстiк қызметтер көрсететiн жаңадан құрылатын, сондай-ақ жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру;

2) инвестициялардың көлемiн кеңейту жолымен Қазақстан Республикасында корпоративтiк бағалы қағаздар рыногының дамуын ынталандыру, сондай-ақ қор рыногының қазiргi заманғы құралдарын қолдану үшiн жағдайлар жасау;

3) Қордың кәсiпорындардың жарғылық капиталына және оларды басқаруға қатысуы есебiнен ықтимал инвесторлар үшiн кәсiпорындардың тартымдылығын арттыру;

4) отандық және шетелдiк кәсiпорындардың арасында өндiрiстiк кооперацияны қамтамасыз ету, толықтыратын, сабақтас өндiрiстердi дамыту үшiн шетелдiк инвестицияларды жүзеге асыру;

5) шетелдегi қазақстандық кәсiпорындардың инвестициялық белсендiлiгiн арттыруға жәрдемдесу;

6) халықаралық тәжiрибе мен стандарттарды қолдану негiзiнде инвестициялық портфельдердi басқарудың озық практикасын әзiрлеу;

7) Қордың инвестициялық жобаларына қатысу үшiн менеджерлердi даярлау Қор қызметiнiң негiзгi мiндеттерi болып белгiленсiн.

ҚР Үкіметінің 11. 06. 03 ж. N 566 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) Қордың жарғысын және инвестициялық декларациясын бекiтудi, Қордың әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;

2) республикалық бюджет қаражаты есебiнен 23 000 000 000 (жиырма үш миллиард) теңге сомасында Қордың жарғылық капиталының акцияларына ақы төлеудi және мынадай мекен-жай бойынша: Алматы қаласы, Зеньков көшесi, 80 орналасқан ғимаратты беруді;

3) "Қазақстанның Инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзiрлеудi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгізудi;

4) осы қаулыдан туындайтын өзге шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсiн.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Қор акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқықтарын берсiн.

5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

1) ҚР Үкіметінің 28. 10. 04 ж. N 1119 қаулысымен күші жойылды (бұр. қара)

2) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат) :

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:

"Алматы қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-85-жолмен толықтырылсын:

"123-85. "Қазақстанның Инвестициялық қоры АҚ";

3) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына:

көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:

"Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 217-5-жолмен толықтырылсын:

"217-5. "Қазақстанның Инвестициялық қоры" AҚ".

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары А. С. Павловқа жүктелсiн.

7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі И. Тасмағамбетов

:
:

Басқарманың құрылымы

:
:
:
:

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі
Шағын және орта бизнесті дамытудың, несиелендірудің тиімділігі
Қазастандағы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі
Қазақстанның Инвестициялық қоры
Бюджеттен тыс қорлар туралы ақпарат
Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының инвестициялық іс – әрекетін бағалау
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы мағлұмат
Шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары
Шағын және орта бизнестің теориялық аспектісі. Кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен экономикадағы алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz