ҚР Конституциясының даму тарихы және қалыптасу кезеңдері


Мазмұны
Кіріспе . . . 3-5
1-бөлім. ҚР Конституциясының даму тарихы және қалыптасу кезеңдері
1. 1 1926 жылғы 18 ақпандағы Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы . . . 6-7
1. 2 1937 жылғы 26 наурыздағы Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасының Конституциясы . . . 7-8
- 1978 жылғы 20 сәуірдегі Қазақ КСР Конституциясы . . . 8-11
2-бөлім. ҚР-да Конституцияның даму тарихы
2. 1 1993 жылғы ҚР-ның конституциясы . . . 12-13
2. 2 1995 жылғы ҚР-ның конституциясы . . . 14-20
3-бөлім. Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар . . . 21-33
4-бөлім. Құқықтық мемлекет жолындағы конституцияның алатын орны . . . 34-43
Қорытынды . . . 44-47
Пайдаланған әдебиеттер . . . 48-54
Кіріспе
Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген
Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып,
өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып,
дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып,
қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып,
өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып,
осы конституцияны қабылдаймыз.
Ия, осылай азаттық аңсаған, елдікті жақтаған, теңдікті тілеген рухы мықты Қазақстанның әрбір азаматы жүрекпен қабылдаған Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігін баянды етті. Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекетіміздің негізгі заңы. Ол мемлекет өмірінің негізгі мәселелерін заң жүзінде ресмилендіреді. Оған жататындар - адам мен азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары және міндеттері, мемлекеттік құрылымы және қоғамның экономикалық негізі [1, 126] . Әр елдің егемендігін паш ететін белгілердің бірі мемлекеттік тарихи аумағының қалыптасуы болса, ол белгі Қазақстанда да бар. Аумағы біртұтас және ешкім қол сұғуға болмайтын Қазақстан бес бірдей мемлекетпен шектеседі: Ресеймен, Қытаймен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен және Түркменстанмен шектеседі. Сондай-ақ, егемендіктің маңызды белгісі - онда мемлекеттік биліктің жоғары органдарының болуы. Осы жоғары өкілдік орган, яғни Қазақстан Республикасының Парламенті - заң шығару қызметін жүзеге асырады. Бұл заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясын құрайды.
Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат - осы Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы .
“Конституция” деген сөздің латыннан аудармасы “құрылғы”, “жарғы”, “заң” деген мағыналарды білдіреді. Конститутция ұғымын ерте заманда Грецияда Аристотель қалыптастырған, ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған, яғни императорлардың құқық көздеріне айналған түрлі нұсқаулары мен жарлықтарын білдірді. Еуропада бірінші конституциялар 1791 жылы Франция мен Польшада қабылданған [2, 28] . Ұлы Франция төңкерісі қарсаңында “конституция” сөзі “мемлекеттің жай -күйі” ұғымын танытты. Ал, конституция ұғымының қазіргі түсінігі ХҮІІІ ғасырдан бастап орнықты. Ең бірінші конституция дүниежүзінде 1787 жылы қабылданып, осы күнге дейін қолданылып келе жатқан АҚШ-тың конституция болып табылады[3, 164] .
Кеңестік Конституцияларда бұл терминмен қатар “Негізгі Заң” термині де қолданылды. Мәселен былай жазылып көрсетілген: 1918 жылы РКФСР конституциясы (Негізгі Заң), 1924 жылғы КСРО Негізгі Заңы (Конституция), т. б. Осылай терминді қосарланып пайдалану әдісі Қазақ, КСРО Конституцияларында қолданылған.
1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап, құрамына кірген одақтас республикалар егемен, тәуелсіз әрі дербес мемлекеттер құрды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет құрылды. Еліміз егемендік алған соң 1993, 1995 жылғы Конститутцияларда жоғарыда айтылған қос терминнің жақша ішіндегі “Негізгі Заң” термині алынып тасталды.
Қазақстан Республикасы құрылғаннан бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып, жаңа мемлекеттің заңды негізін қалай бастады. Олар:
- Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңы.
- 1993 жылғы және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциялары.
Қазіргі кезде Конституция оның мейлінше көп тараған мағынасы - ең жоғарғы құдыретті күші бар заң немесе заңдар деген ұғымда қолданылады [4, 228] . Бұл ұғымды растайтын белгілер мыналар: біріншіден, оның нормалары өзге заңдардың тұжырымдарынан айрықша басылымдылықта болады, екіншіден, жай заңдар оған тәуелді нормативтік актілер осы Конституцияда айқындалған органдар арқылы Конституциялық процедураға сай қабылдануы тиіс, үшіншіден, төменгі деңгейдегі нормативтік актілер Ата Заңымыздың нормаларына сай болуы керек.
Егемендік алған еліміздің ең басты құқықтық нысанасына айналған Конституция қоғамымыздағы қайта құрылу кезеңінің әрбір бел-белесі алға тартқан өзекті мәселелерді шеше отырып, оны сындарлы жылдардан аман алып шыққан құқықтық құжат болды.
1-бөлім. ҚР Конституциясының даму тарихы және қалыптасу кезеңдері
1. 1 1926 жылғы 18 ақпандағы Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасы Конституциясы
Алғашқы жылы кеңестік Конституциялары
Қазан революциясынан кейін пайда болды. Олар - 1918 жылғы РСФСР Конституциясы, 1924 және 1936 жылдардағы КСРО Конституциялары, ақыры, 1977 жылғы бүкілхалықтық мемлекеттің Негізгі заңы. Біздің елімізде ең алғашқы Қазақ автономиялық республикасының Конституциясы 1924 жылы жасалынды. Тек 1926 жылы 18 ақпанда Орталық Атқару Комитеті бекіткен болатын. Ол кезде біз Ресей Федерациясының қармағында болғанбыз, өкінішке орай, бұл Конституцияның жобасын Бүкілресейлік орталық Атқару Комитеті бекітпей тастады, өйткені ол кездегі Ресейдің Конституциясы бойынша автономиялық республикалардың Ата Заңдарын бекіту Ресей өкілеттілігінде болатын. Сондықтан да болар Қазақ Автономиялық Республикасының 1926 жылғы Конституциясы қағаз жүзінде қалып қойғаны өкінішті.
Қазақстан Республикасының қазіргі конституциясы төртінші Ата заң (1937, 1978, 1993, 1995 жж. ) . Орталықтың үстемдігін осы 1937 және 1978 жылдардағы Қазақ КСР-інің Конституцияларының мәтіндерінен аңғаруымызға болады. Оларда КСРО Конституцияларының негізгі мәтіндері толығымен сақталғанын, тек аздаған өзгерістер, Қазақстан Республикасының ерекшелігінен туындаған. Кейінгі екеуінің алдыңғылардан айырмашылығы сол - бұлар тұңғыш рет мемлекеттік тәуелсіздікті, егемендікті және Қазақстан халқының толық билігін бекітіп, одан әрі орнықтырады.
Бұл туралы Табанов “Конституция - мемлекеттің Ата Заңы: қалыптасуы мен дамуы” атты еңбегінде: “Шындығына келетін болсақ Қазақстан өмірінде еліміздің Ата заңы бес рет қабылданған болатын”, - дей келе олардың қалыптасуын сатылай көрсетіп кеткен [4, 233] . Оның айтуынша, Ата заңның ең біріншісі - Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасының 1926 жылғы 18 ақпандағы Конституциясы. Бірақ Қазақстан заңгер ғалымдар қауымы оны осы күнге дейін елемей келеді. Оның да өзіндік сыры бар. Өйткені ол кезде біздің еліміз РКФСР-дің құрамында болатын. 1926 жылғы Конституция ҚАКСР Орталық Атқару комитетінің қаулысымен бекітіліп, РКФСР бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетіне бекітуге жіберілген болатын. Бірақ бұл Конституцияның соңғы жобасы онда қаралмады да, ол жоба түрінде жабулы қалды. Дегенмен, көкірегі ояу, көзі ашық әрбір заңгер азамат бұл мәліметті ұмыт қалдырмай, жете тануы қажет. Себебі, оның бөлімдері мен тарауларында біздің тарихымыз бен ғылымымыз үшін керемет мәнге ие тұжырымдар жатыр.
1. 2 1937 жылғы 26 наурыздағы Қырғыз Кеңестік Социалистік Республикасы Конституциясы
Бұл 1937 жылғы 26 наурыздағы ҚКС Республикасының Конституциясы. Ол төтенше бүкілқазақ съезінің қаулысымен алғысөз, бөлімдерсіз бекітілген. Тек 11-тараудан (қоғамдық құрылыс, мемлекеттік құрылыс; мемлекеттік өкіметтің жоғары органдары; мемлекеттік басқару органдары; бюджет; сот пен прокуратура; азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері; сайлау жүйелері; елтаңба, ту, астана;
Конституцияны өзгерту тәртібі) және 124 баптан тұрады. Бұл мәліметтерге көз салсақ, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері тек қана 9-тарауда берілген. Ал, 108-бап 2-бөлімде “Қоғамдық социалистік меншікке қол сұғушы адамдар халық жауы болып табылады” деген сөздер қандай қатыгез десеңші. Сонда қаншама адам қоғамдық меншікке қол сұққаны үшін ғана, оның көлемі мен мөлшеріне, сапасы мен құнына қарамастан атылды? Бұны ойлаудың өзі қорқынышты.
- 1978 жылғы 20 сәуірдегі Қазақ КСР Конституциясы
Бұл кезең 1978 жылғы 20-сәуірде Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы. Ол 10 бөлімнен, 19 тараудан, 173 баптан тұрады. Бұл Негізгі заңның көтерген мәселелерінің толық дені мына тақырыптарды: жалпыхалықтық мемлекетті, мемлекет құрылысының принциптерін, қоғамның саяси жүйелерінің бөліктерін немесе буындарының беріктігін дәріптеу, ең бастысы - қоғамдық саяси ұғым ретінде Коммунистік партияның үстемдігін заңдастыру.
Осы 1978 жылғы Қазақ КСР-нің Конституциясының құрылымындағы тарауларды былайша жүйелеп көрсетсек, артықтық етпес: 1) Қазақ КСР-нің қоғамдық құрылысы мен саясатының негіздері; 2) мемлекет және жеке адам; 3) Қазақ КСР-нің ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аумақтық құрылымы; 4) Қазақ КСР-і халық депутаттарының Кеңестері және оларды сайлау тәртібі; 5) Қазақ КСР-нің мемлекеттік өкіметі мен басқаруының жоғарғы органдары; 6) Қазақ КСР-індегі мемлекеттік өкіметі мен басқарудың жергілікті органдары; 7) Қазақ КСР-інің экономикалық және әлеуметтік дамуының мемлекеттік жоспары. Қазақ КСР-інің мемлекеттік бюджеті; 8) Сот төрелігі. Арбитраж және прокурорлық қадағалау; 9) Қазақ КСР-інің Елтаңбасы, Туы, Гимні және астанасы; 10) Қазақ КСР Конституциясының қолданылуы және өзгерту тәртібі. Осы Конституциялық бөлімдер құрылымдарының дұрыстығына көңіліміз толмай тұр. Себебі, ең алдымен, Қазақ мемлекеті ұлттық-аумақтық бөліністерге ешқашанда бөлінген емес. Сол себептен де, Ата Заңның 3-бөлімінің атауы шын мәнінде әкімшілік-аумақтық құрылымы
делінуі тиісті; одан кейін де азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, олардың міндеттері 2-бөлімдегі “жеке адам” тұжырымдарына да енуі бұрыс секілді.
Жаңа Конституция турасында дау көтерудың негізгі себебі - ол елімізді болып жатқан қоғамдық және мемлекеттік өмірдегі позитивтік елеулі өзгерістердің салдарынан республиканың қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаттарын баянды ету.
Тарихтың сырлы сахнасында мәңгілік өшпес елестей болған КСРО-ның күйреуі, оның орнына өз алдына тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы қоғамдық құбылысты түбегейлі өзгеріске ұшыратты. Социалистік одақтас республикалардың орнын басқан зайырлы, егеменді, демократиялық, құқықтық мемлекеттердің бірі - Қазақстан Республикасы еді. 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясының 12 отырысында жаңа Конституция дүниеге келді. Конституцияның басты нысанасы - дүниежүзілік қоғамдастықта жалпы адамгершілік принциптерді дамыту негізінде Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік және біртұтас мемлекет ретінде дүниежүзіне жария ету. Оның құрамдас бөлімдері: 4 бөліктен (конституцияның алғысөзі; конституциялық құрылыстың негіздері; Ата заңның мәтіні; өтпелі кезең ережелері), 4 бөлімнен (азамат, оның құқығы, бостандығы мен міндеттері; қоғам, оның құрылыс негіздері; мемлекет, оның органдары мен институттары; конституцияны сақтау кепілдіктері) және 20 тараудан, 126 баптан құралған.
Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан көрінеді. Ол негізгі үш қызметі: заң (құқықтың негізгі қайнар көзі ретінде), саяси (мемлекеттің құрылысын), идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын - адам мен адам өмірінің, құқықтарының, азаттықтарының) дәріптеуші қызметін атқарады.
Азаттық алған жас мемлекетіміздің басқару, атқару, заң шығару
органдарын белгілеп берген Конституциямыздың тұғырының беріктігі негізінде қоғамдық дамуымыздың барлық салаларында қарқынды жүргізілген реформалар өзінің оң нәтижесін бүгінгі қол жетіп отырған табыстар арқылы дәлелдеп отыр.
Конституция басқа құқықтық нормативтік кесімдерден айырмашылығын былайша көрсетуге болады:
- қоғамдық қатынастардың негізін қалайды;
- құқықтың негізгі бастауы болып табылады;
- ең жоғарғы заңдылық күші бар;
- оның ерекше тәртіппен қабылдануы;
- тұрақтылығы [2, 28] .
Конституцияның бұл айырмашылықтарының жанында оның басты мақсаттарын да айтып өтсек болады. Оның басты мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауды, конституциялық құрылыстың мызғымайтындығын, еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуын оның халықаралық қатынастарын қамтамасыз ету болып табылады [3, 165] . Тек осы мақсаттар арқылы Конституцияның маңызын, ең жоғарғы заңдық күш екенін және оның нормаларының Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылатындығын нақтылай түседі.
Ал, ең соңғы рет қабылданған 1995 жылғы Конституцияның басты жетістігі - демократиялық қоғам құру принциптерін белгілеп бергендігі. Бұл туралы Президентіміздің Қазақстан халқына жолдауында “Біз демократия жол басы емес, алдағы мақсатымыз екенін ешқашан естен шығарғанымыз жоқ. Біз демократияны декретпен енгізуге болмайтынын, оны өз өзегіңнен өткізу керек екенін білдік” деген сөзінде зор мәнге ие болып отыр. Бұл шынында да тәуелсіз жас мемлекет үшін жаңа жағдайда, еркін өмір сүруге бейімделу жолдарының бастамасы болды.
Аталған Конситуциялық кесімдер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін жария етіп, демократиялық, құқықтық мемлекет құрудың негізін қалады.
2-бөлім. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. 1 1993 жылғы ҚР-ның конституциясы
Бәрімізге мәлім болғандай, КСРО-ның күйреп, саяси аренадан кетуі, сөйтіп барлық бұрынғы социолистік республикалардың орнына енді өз алдына тәуелсіз мемлекеттерге айналу заңды процесс. Сөйтіп, социолизмнің қоғамдық құрылысы түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Оның орнына демократиялық, құқықтық, зайырлы, тәуелсіз мемлекеттер келді. Осындай елеулі құбылыстарды Негізгі заңда нақыштап белгілеу - өмір заңы. Осының нәтижесінде 1993 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясының 12 отырысында жаңа Конституция дүниеге келді. Конституцияның басты нысанасы - дүниежүзілік қоғамдастықта жалпы адамгершілік принциптерді дамыту негізінде Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік және біртұтас мемлекет ретінде дүниежүзіне жария ету. Оның құрамдас бөлімдері: 4 бөліктен (конституцияның алғысөзі; конституциялық құрылыстың негіздері; Ата заңның мәтіні; өтпелі кезең ережелері), 4 бөлімнен (азамат, оның құқығы, бостандығы мен міндеттері; қоғам, оның құрылыс негіздері; мемлекет, оның органдары мен институттары; конституцияны сақтау кепілдіктері) және 20 тараудан, 126 баптан құралған. Яғни, адам мен адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы деген ұстанымнан туындаған шығар.
Әйткенмен, бұл еліміздің Ата Заңы ұзаққа бармады. Оны жаңартуға тура келді. Қазақстан конситуциясының жеті жылдығына орай өткізілген салтанатты жиналыстағы баяндамасында (2002, 29 тамыз) Елбасы Н. Назарбаев: “…. . сайып келгенде, 1993 жылғы жағдайда қабылданған Конституция қоғамның әлеуметтік-экономиялық және саяси реформалар жүргізуге қарсы тобы мен Қазақ КСР-ін демократиялық өркениетті қоғамға айналдыру қажеттігін және одан басқа жолдың жоқтығын түсінетін тобы арасында ымыраға баруды көздегені де жасырын емес…
Сонымен қатар, бір қарағанда, қабылдауға тұрарлық қағидаттардың бар болғанына қарамастан, ол Конституцияның дегенменде социалистік идеологияның саяси және экономикалық сартабынан ақырына дейін айыға алмағаны аян.
Оның кемшіліктері мен нақтылығы әдеуметтік-экономиялық және саяси аухалдан алшақтығы бірден көзге түсті. Онда саяси және құқықтық қатыспаушылықтарды еңсеру тетіктерінің болмауы көп ұзамай-ақ атқарушы және заңнамашы органдардың арасында қайшылықтардың ушығуының себебіне айналды. Олардың арасында қайсысымыз жоғарымыз дейтін талас ұзақ-сонар дауға айналғаны да белгілі.
Бұған Кеңестік сот жүйесінің дағдарысы қосылып, мұның бәрі айналып келгенде, мемлекеттік құрылысты жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды дамыта беруге кедергі болып көлденең тұрды.
Өтпелі кезеңнің “алғашқа легтегі” заңдары (1990-1994 жылдар) маңызды болды десек те олар да мемлекеттің қаржылық қауқарымен дәйектелмеген, сол себепті де жүзеге асырылуы екіталай көптеген ұраншыл низамдардың орын алғаны да белгілі жәйт…. Міне, осындай жағдайда жаңа Конституцияның қажеттігі айдан анық еді”, - деп тұжырымдаған болатын. Осы пікірдің соңғы нәтижесі де көп ұзамай жарияланды.
2. 2 1995 жылғы ҚР-ның конституциясы
Сөйтіп, Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық бүкілхалықтық дауыс беру арқылы (референдум) арқылы қабылданды. Ата Заң қабылданған күн демалыс - мемлекеттік мереке Қазақстан Республикасының Конституциясы күні деп жарияланды. Ата Заңды қабылдау әдісінің орасан зор мәні бар, өйткені оның мазмұнын сайлаушылар көпшіліктің қатысуымен мақұлдады. 1995 жылғы ҚР Конституциясы құқықтық жүйенің ядросы болып табылады. Конституцияның принциптері мен ережелері бүкіл құқық жүйесі мен заңдар жүйесі үшін бағыт беруші рөлін атқарады. Сондықтан Конституция құқық шығармашылық істерін өзі анықтайды, яғни әртүрлі органдардың қандай негізгі актілерді қабылдайтындығын, олардың аттарын, заңдық күштерін, заңдарды қабылдау тәртібі мен жолдарын белгілейді. Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы кіріспеден, негізгі мәтіннен , қорытындыдан және өтпелі ережелерден тұрады. Кіріспеде , әдетте, Ата заңның мақсаты баяндалып, оны қабылдаудың тарихи жағдайы, кейде құқықтары мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясатта басшылыққа алатын негіздер көрсетіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясының кіріспесі Ата заңды қабылдаудың себептері мен мақсаттарын былай түсіндірген:
“ Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген
Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілік құра отырып,
өзімізді еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып,
дүниежүзілік қоғамдастықта лайықты орын алуды тілей отырып,
қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершілігімізді сезіне отырып,
өзіміздің егемендік құқығымызды негізге ала отырып,
осы конститутцияны қабылдаймыз”. Ата заңның бұл бөлігінде мемлекетіміздің негізгі мақсаты туындайды:
- өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтарын, оған мемлекеттік кепілдіктерді айқындап, бекіту;
- өз елінде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбітшілікті, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынастықтың әдістерін нақтылардырып бекіту;
- байырғы қазақ жерінде мемлекеттік бірлікті сақтау;
- республиканың егемендігін сақтап, ұстап тұру;
- Қазақстан Республикасының демократиялық негіздерінің мызғымастығын бекіту. Мұның ұшқыны ретінде, республика қызметінің түбегейлі принциптері де айқындалады. Олар:
- қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық;
- бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму;
- Қазақстандық патриотизм;
- мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу;
- егемендіктің және мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көздерін иемдеуші Қазақстан Республикасының халқы деп тану;
- әлеуметтік саясаттың басты бағыты адамның қадірлі өмір сүріп, еркін дамуына қолайлы жағдайларды тудыру;
- мемлекеттік меншік пен жеке меншікті тану және олардың бірдей қорғалуын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік билікті Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарында бөлу, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасауы принципіне сәйкес жүзеге асыру;
- жергілікті өзін-өзі басқаруды тану және оны іске асыруға қажетті кепілдіктерді қамтамасыз ету;
10) идеологиялық және саяси әр алуандылықты тану; қоғамдық және мемлекеттік институттардың бірігіп кетуіне, мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол бермейтіндігін нақыштау, сөйтіп, ешбір идеологияның мемлекеттік не міндетті деп танылмауы;
11) республика бекіткен халықаралық шарттардың республика заңдарынан басымдылығы болуын және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданатындығын тану.
Ата Заңның Негізгі бөлігіне азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері туралы, Конституциялық құрылысы жайлы, мемлекеттік нысандар жөнінде, мемлекеттік буындардың жүйесі мен мәртебесі туралы (Президент, Парламент, Үкімет, Конституциялық кеңес, Соттар және сот төрелігі, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы) нормалар енген. Қорытынды және өтпелі ережелер баяндалған ақырғы ІХ бөлімде Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі туралы, Конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсімі және басқалар жайлы сөз болады. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан және де көптеген тармақтардан, тармақшалардан тұрады. “Жалпы ережелер” деп аталатын бөлімде жаңа конституциялық құрылысқа сипаттама бере отырып, Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліне және олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасауы қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылатындығын баяндайды. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасын Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет екендігін айқындап берген. Олай дейтініміз - біздің ұлан-байтақ жеріміздің ұлттық-аумақтық бөлістерге бөлінбей тек әкімшілік-аумақтық бөліністерге - облыстарға, қалаларға, аудандарға, поселкелерге (кенттерге), селоларға (ауылдарға) т. б. - бөлінетіндігі және олардың жоғарыдағы бір орталыққа бағынатындығы. “Адам мен азамат” деп аталатын ІІ бөлімде адам мәртебесін мемлекетпен тікелей байланыстырмай, жеке бастың құндылығын ашып көрсетеді. Онда жеке адамдардың құқықтары мен бостандықтары халықаралық құқықтың мойындаған қағидаттары мен қалыптарына тікелей байланыстырылған. Жаңа қазақстандық Ата Заңның басты желісі - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекет мүддесінен жоғары тұрғыдан қарау болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz