Бастауыш және орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға жақындату



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жолдаудың басты бағыттарының бірі болып: бастауыш және орта білім
беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін әлемдік стандарттарға
жақындату.
Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру
қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек.
Біріншіден, 3 ауысымдық оқытуды жою керек. Таяудағы үш жылдың өзінде
мемлекеттік- жекеменшік әріптестік негізінде Қазақстанның өңірлерінде 10
жаңа мектеп салу қажет.
Екіншіден, оқытудың, әр оқушының білімі мен қабілет деңгейінің
тиімділігін бағалаудың біртұтас жүйесін жасау керек.
Үшіншіден, он-лайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу
теледидарын құру қажет.
Төртіншіден, оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші
кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пәндер
енгізу керек.
Бесіншіден, мектептерге ағылшын тілінің шетелдік оқытушыларын тарту
қажет. Кез келген ортасанатты мектептің балалардың ең жоғары деңгейде шет
тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежесіне қол жеткізуіміз қажет.
Алтыншыдан, жұмыстың жоғары нәтижелеріне қол жеткізген мектептерге
гранттар тағайындау жөнінде мемлекеттік конкурстар жүйесін енгізу туралы
ойластырған жөн, айталық, оларды аз қамтылған отбасындағы оқушыларға
арналған степендияларды қаржыландыру түрінде беруге болар еді. Бұл олардың
одан әрі неғұрлым беделді әрі озық білім беру мекемелерінде білім алуларына
жағдай жасайды. Үздік оқушылардың жұмысын бағалау мен оларға сыйақы төлеу
жүйесін өте мұқият зерттелген жөн.
Он сегізінші бағыт- Оқу орындарын халықаралық стандарттар деңгейінде
аттестациялауды енгізу, жоғары білім беру ғылымдарды басым дамыту
Біріншіден, Үкімет әрбір жоғары оқу орындағы білім беру сапасын әділ
бағалауға мүмкіндік беретін халықаралық деңгейде аттестациялау жүйесін
енгізуге тиіс. Жоғары білім беру ұйымдарын халықаралық аккредитациялау үшін
беделді агенттіктерді тарту жөнінде де ойланған жөн.
Екіншіден, ғылымды құрылымдық реформалау шеңберінде бірқатар академиялық
ғылыми мекемелерді алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен біріктірген
тиімді, мұның өзі білім беру мен ғылыми зерттеу жұмысын ұштастыратын
университеттер құруға негіз болар еді. 
Үшіншіден, Үкімет оқытудың мамандандырылған бағдарламалары мен нақтылы
және инженерлік ғылымдардың ғылыми-қолданбалы орталықтарын дамыту үшін
тиісті нормативтік құқықтық база әзірлеуге тиіс. 
Төртіншіден, Білім және ғылым министрлігі мен Үкіметтің өзге де тиісті
құрылымдары ғылыми-техникалық оқыту бағдарламасын әзірлеп, ақша қаражатын
тиімді пайдалану мен ғылыми және қолданбалы зерттеулердің қосарластығын
еңсеру арқылы ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстардың
салааралық үйлестірілуін нығайту қағидаттары бойынша оның іске асырылуын
бақылауға алуы керек.
Бесіншіден, біздің шетелдердің мемлекеттік даму институттарын белсендірек
тартып, сонымен қатар жеке меншік сектор инвестицияларының математикалық
және ғылыми білім беру ісіне құйылуын көтермелеп отыруымыз қажет.
Алтыншыдан, біз үшін барынша мүдделік туғызып отырған білім беру салаларына
шетел ғалымдары мен оқытушыларын белсендірек тарту өзіміздің білікті
оқытушылар құрамы мен инженер-педагог кадрлардың санын ұлғайту жөніндегі
стратегиямыздың құрамдас бөлігі болуы керек.
Жетіншіден, ақпараттық технологиялар мен ақпаратты тартудың жаңа
нысандарына бағдарланған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру
міндеті де алдымызда тұр.
Келесі бағыттың бастысы Парасатты экономика негіздерін қалыптастыру болып
табылады.
Әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне белсене кіріккен осы заманғы белді
мемлекеттердің барлығы дерлік бәрін де парасатты экономиканың жолына
тіккен еді. Ондай экономика құру үшін, ең алдымен, өзіміздің адами
қазынамызды молайтуымыз керек екені анық.
Біріншіден, тұтас алғанда әлемдік технологиялық даму деңейіне сәйкес
өзіміздің жаңа экономикамызға қажетті білімнің баршаға ортақ базасын ұдайы
жаңартып отыру үшін ілгері талаптар қойып, тиісті инфрақұрылым қалыптастыру
қажет.
Екіншіден, білім беру бағдарламаларын іске асыру мен ғылыми қолданбалы
зерттеулер жүргізу үшін инновациялық білім беру консорциумдарын құруға
тікелей қолдау көрсету міндет.
Үшіншіден, ғылыми- зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының
мемлекеттің немесе жеке меншік сектордың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-
конструкторлық жұмыстарға тапсырыстарын, гранттар, бірлескен ғылыми
басылымдар және т.б. алу үшін бірлесіп, конкурстарға қатысу практикасын
кеңейте беру қажет.
Төртіншіден, жаңа технологиялар беруші компанияларға осы технологиялармен
жұмыс істеуге тиіс қазақстандық құрамды міндетті түрде оқытуды ұсынған жөн.
Бесіншіден, кәсіпкерлердің жеке меншік сектордың ғылыми-технологиялық
қамтылуы мен бәсекеге қабілеттілігіне мүдделі болуына қажетті алғышарттар
туғызу да маңызды. Сондай-ақ кәсіпкерлердің қазақстандық мамандарды оқыту
жөніндегі контрактілік міндеттемелерін орындауын қалтқысыз бақылап отырудың
да маңызы үлкен. 

2. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ның даму тарихы және оның даму кезеңдері
1998 жылдың наурызында ҚР Үкіметінің Қазақстан Республикасы білім беру,
мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің білім беру мекемесінің
жүйесін жетілдірудегі қосымша шаралар туралы қаулысымен,Оңтүстік
Қазақстанның екі жоғары оқу орнын –М.О. Әуезов атындағы гуманитарлық
университеті мен техникалық университетін қайта құру және біріктіру жолымен
М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылды.
Оңтүстік Қазақстанның жоғары оқу орындарының ішіндегі бір жасы бола отырып,
өз мазмұнымен М.О. Әуезов атындағы университет Қазақстанның Оңтүстігіндегі
жоғары мектептердің екі жоғары технологиялық және гумантарлық білім беруді
ұсынады.
Қазір университетте ғылыми-педагогикалық қызметпен 1300 оқытушы айналысады,
олардың ішінде:3 Ұлттық ғылым академиясының мүше корреспонденті, 96 ғылым
докторлары мен профессорлары, 427 ғылым кандидаттары мен доценттері.
Университетте 101 мамандық бойынша 24 мың студент білім алады. Оқыту
университеттің 16 факультетінде жүргізіледі: технологиялық; механикалық;
ақпараттық техонология және қолданбалы математика факультетінде; дене
шынықтыру, спорт және туризм; құқықтану және халықаралық қатынастар;
жаратылыстану-педагогикалық; экономика және қаржы; және гуманитарлық,
техникалық, педогогикалық мамандықтар бойынша сырттай оқудың үш
факультетінде. Университет құрамында мәдениет және өнер педогогикалық
институты ашылған.
Магистратура, асперантура және докторонтура бар. 7 мамандық бойынша
кандидаттық және докторлық диссертация қорғаудың 5 диссертациялық кеңесі
қызмет етеді. Университеттің әскери дайындық кафедрасында қосалқы офицерлер
дайындау жүзеге асырылды. 
М.О. Әуезова атындағы ОҚМУ ректоры ҚР ҰҒА корреспондент- мүшесі, техникалық
ғылымдар докторы, профессор Валихан Қозыкеұлы Бишимбаев болып табылады. Ол
отандық өндірістегі шикізат түрлеріне бұрын қолданылмаған және дәстүрлі
емес өнеркәсіптік қолдану әдістері мен тәсілдерін жетілдіру облысындағы ірі
ғалым. В.Қ. Бишімбаев 285 мақаланың, 4 монографияның, 7 оқу құралының және
30-дан астам өнертабыстарының авторы. Оның ғылыми жетекшілігімен 8
докторлық және 12 кандидаттық дисертация қорғалған. В.Қ.Бишімбаев
Қазақстанның Жоғары мектебінде реформалау және дамыту облысындағы белгілі
ғалым болып табылады. 

Техникалық институттының пайда болу тарихы

Халық Комиссарлар Кеңесі 1949 жылдың 19 маусымында №679 Шымкент қаласынан
құрылыс материалдарының технологиялық институтының ұйымдастыру туралы
қаулы қабылдады. 1957 жылы құрылыс материалдар технологиясы институты Қазақ
технологиялық институты болып аталды. 1964 жылы институт Қазақ химия-
технологиялық институты болып аталды.1996 жылдың 7 мамырында ҚР үкіметінің
№573 қаулысымен Қазақ химия-технологиялық институты Оңтүстік қазақстан
университеті болып қайта құрылды. 1998 жылдың 24 наурызында ҚР Үкіметінің
256 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан технологиялық университеті мен М.Әуезов
атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық университеті бірігу нәтижесінде
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті болып қайта
құрылды. ССРО Құрылыс материалдары Халық комиссариатында және ССРО
Комиссарлары Кеңесі жанындағы жоғары мектеп ісі жөніндегі комитетіне
институтты ұйымдастыру, қабылдау жоспарын белгілеп, 1943-1944 оқу жылы үшін
150 адам қабылдауды міндеттеді. 1957-1958 ж институттың мамандыру саласы
артып, онда жаңа екі факультет- технологиялық және механикалық
ұйымдастырылып жұмыс істей бастады. 1964 жылы институт Қазақ химия
технологиялық институты болып қайта аталды. Осы жылы институтта өз
асперантурасы ашылды. 1975-1979 жылдары институтты х.ғ.д., профессор,
қазіргі ҚР ҰҒА академигі, ҚР ҰҒА Орталық Қазақстан бөлімі жетекшісі, ҚР ҰҒА
көмір химиясының органикалық құрау институтының директоры Молдахметов
Зейнолла Молдахметұлы басқарды. 1988-1991 жылдары институтта, қазіргі ҚазҰУ
кафедра меңгерушісі, т.ғ.д., профессор Наурызбаев Михаил Қасымұлы ректорлық
қызмет атқарды. Бұл жылдары Г және Д оқу –лабораториялық ғимараттарының
құрылысы аяқталды, сыртқы және кешкі оқу бөлімдері бойынша физика-
математикалық мектеп ұйымдастырылды. 1989 жылы Химиялық технология
процестері мен аппараттары, ал 1990 жылы ССРО ЖАК бұйрығымен докторлық
диссертациялар қорғалатын мамандандырылған кеңес ұйымдастырылды. 1991-1996
жылдары институтты ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті, ф-м.ғ.д., профессор, ҚР ИА
академигі Қәлменов Тынысбек Шәріпұлы басқарды. Бұл жылдар тәуелсіз
Қазақстан Республикасының құрылуымен және оның нарықтық экономикаға өтуімен
сипатталды. Осыған байланысты институтта 20-ға жуық жаңа экономика,
биотехнология, тағам өндірістері мамандықтары ашылып, жаңа екі факультет-
инженерлік, экономикалық және қайта өңдеу өндірістері мен тағамдық
технология ашылды. Докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау бойынша
Ғылыми Кеңес ашылды. 1997 жылдың наурызынан ОҚТУ-ды т.ғ.д., профессор ҚР ИА
академигі Айнабеков Алпысбай Иманқұлұлы басқарды. Оңтүстік Қазақстан
техникалық университетін М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық
университеттерін ҚР Үкіметінің 24.03.98 жылғы №256 қаулысымен біріктіріп
М.Әуезов атындағы ОҚМУ құрылды. М.Әуезов ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы білім беру саласының жағдайы және болашағы
Қазақстан Республикасының Конституциясындағы, Білім Заңындағы жоғары білім алу туралы тұжырымдар
Экономикадағы сараптау жүйелері туралы ақпарат
Аймақтағы инновациялық іс-әрекеттер дамуының қазіргі заман тенденциясы
Қазақстан Республикасындағы білім саласын мемлекет тарапынан реттеу
«Балбөбек» төл бағдарламасы
Білім беру адам капиталын дамытудың алғышарты және факторы ретінде
Қазақстан Республикасындағы білім мен ғылым интеграция үрдістері
Білім беру жүйесінің дамуына әсер ететін факторлар
Сыртқы экономикалық қызмет боцынша шығыстар
Пәндер