Қазақстан тарихындағы тіл саясаты


Мазмұны
- Кіріспе
- Тіл білімнің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынов жайлы
- Қазақстан тарихындағы тіл саясаты
- Қазақстан Республикасындағы тіл туралы саяси-құқықтық құжаттар және оларды жүзеге асырудың жолдары
Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді жария еткеннен бергі қас-қағым уақыт өтінде қабырғасы қатпаған жас мемлекетіміз қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық сынақтардың сан-алуанын бастан өткеруде күрмеуі қатты сол түйіндердің ішіндегі аса бір негізгі де, өміршеңі де ұлт аралық қатнас мәселелері екендігі баршаға мәлім. Мәдениет пен мәдениетті тоғыстырып, тіл мен тілді сіңістіруге тырысып, бар билікті уысында ұстаған КСРО империясы құрдымға құлаған соң жылдар бойына көл түбіндегі шөріндідей қордаланған сансыз проблемалардың кез-келген уақытта жарылып кетуге шақ тұрған бітеу жараға айналғаны жасырын емес.
Шындығына келгенде, бұл біздің көп ұлтты жас республикамыздың мәртебесі мен қарым-қабілетіне үлкен сын болды. Біз осы сынақтан демократиямен гуманизмді, өзара түсінікті таяныш етіп, сүрінбей етіп келе жатқанымызды қастерлей білуге тиістіміз деп ойлаймын. Соңғы кездегі көңілге қуаныш ұялататын аса маңызды бір жайт біздің ұлттық мәселеге деген көзқарасымыздың бағзы көзжұмбай самарқаулықтан арылып, аса күрделі мәселенің терең кірімдеріне дейін байлай білетін қағылездікке жете алғанда осы бір нәзік саланы тереңірек бағамдап, орынды әділ шешім таба білуге, халықтың төл мәдениетін, тілі мен салт-дәстүрін қайта жаңғыртуға, дамытуға деген ұмтылысын дұрыс түсінуге, сайып келгенде, өмірдің өзі мәжбүр етті және үйретті де.
Барлық нәрсеге әрқашан уақыт төреші. Уақытқа жүгінсек, біздің басты олжамыз - тәуелсіздік, теңдік, бақыт деп аталатын барлық игі істің, ұлы мұраттардың негізгі тірегі - халықтар ынтымағын, жұртшылық тыныштығын, ел іргесінің бүтіндігін, береке-бірлікті сақтау.
Егемен Қазақстан беделін әлем қауымдастығы алдында асқақтай көтеріп, елбасымыз призидентіміздің абырой-атағын асырғанда осы халықтық парасаттылық, ұтымды ұлттық саясат екені сөзсіз.
Ұлт аралық қарым-қатнас, ұлттық сананың оянуы, ұлттық қайта өрлеу туралы сөз бола қалғанда ең бірінші ауызға ілінетін тіл екендігі белгілі. «Тіл - халықтың жаны» дегенді ұмытпау керек. Осыған қатысты кез-келген іс кімді болсада бейжай қалдырмайтыны белгілі.
Ана тіліміздің мүшкіл халі жөнінде аз айтылған жоқ. Кімдеде болса істелген іс, нақты шаралар толғандырады. Бұл орайда әр кез көпшілік көңілінде тұратын алғашқы медеу-тіл туралы заң мен қазақ тілін және басқада ұлт тілдерін дамытудың 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттік бағдарламасы екендігі анық. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда, қазақ тілімен басқада ұлт тілдерін дамытуға, олардың қолданылу аясын кеңейтуге жәрдемдесетін, әлеуметтік және экономикалық жағдайлар кешенін жасауда біраз шаралар жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына он жылдан астам уақыт өтіп, елімізде саяси-экономикалық әлеуметтік жүйеде қайта жаңғыру үрдістері жүзеге асып, әлемдік жаһандану үрдісінің ықпалымен мемлекетіміз халықаралық деңгейдегі өркениетті мемлекеттің бірі болуға ұмтылуда. Қазақстан қоғамының демократизациялануға бағыт алуы, қол жеткізген демократиялақ бостандықтар елдің саяси-экономикалық жағдайының тұрақтанып, нығайып, өркендеуіне үлкен жол ашты. Халқымыздың рухани оянуы тәуелсіздігіміздің өміршең болу шартының бірі болып саналады.
Елімізде жүргізілген экономикалық реформалармен қатар халықтың сана-сезіміде заман талабына сай өзгерді. Ұлттық филофосия осы үрдістің қозғаулы күші болып табылады.
Ұлттың алынбауға тиісті үш қамалы бар. Оның бірі - ұлттық ахуал, екіншісі - ұлттық тіл, үшіншісі - ұлттың өнері мен салт-дәстүр. Ұлт өміріндегі осындай маңызды мәселелер жөнінде терең ойлар қозғап, соны пікірлер айтып, әліде өзектілігін жоймаған тұжырымдамалары бар. XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының мұралары халық руханиятының құндылығы десек қателеспейміз.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» - деп орынды атап өткенін ескерсек, Алаш зиялы қауымының арманы тәуелсіз елімізде жүзеге асып жатқанын, мойындауымыз керек. Өркениетке аяқ басқан елімізде уақыттың талабыда жоғары болуда, сондықтан халқымыздың қоғамдық-саяси, әлеуметтік мұралары мен рухани қазынасын зеріттеу күн тәртібінде өзекті мәселеге айналуда.
Еліміз егемендік алғаннан бері бұл мәселеге азаматтық позиция тұрғысынан баға беруге мүмкіндік туды.
Азаматтық оймен ел еркіндігіне жол салған тұлғаның бірі ұлы ағартушы, ғылым-лингбист, түркітанушы, қазақ зиялы қауымының абыройлы көсемі, «туған тілді түрлеуде» өлшеусіз еңбек сіңірген Ахмет Байтұрсынов болып табылады. Ол XX ғасырдың басында қазақ қоғамының өмірінде жаңа бағытқа бет бұрған қайраткерлердің алдыңғы шеберінде болып, қазақ мәдениеті мен қоғамдық ой-сананың дамуына орасан зор үлес қосты. Тіл - тек каммуникатибтік құрал емес, ол-әр халықтың тарихы, оның өмірі, тіршілігі, мәдениеті.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңында «тіл - ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» - деп, атап көрсетілген. Сондықтан А. Байтұрсыновтың тіл философиясына қатысты ойлары қазіргі жағдайдада өзекті болып есептеледі, себебі елімізді «тіл туралы заң» өзкүшіне еніп, жүзеге асырылып жатқанда «өз алдына ел болуға өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз» - деген Байтұрсыновтың сөзі әлі күнге дейін Қазақстан жағдайында маңызын жоймағандығын мойындасақ, Байтұрсыновтың тарихтағы орнын, оның қоғамдық-әлеуметтік істерін, дүние танымындағы кейбір қайшылықтарды өз заманында дұрыс көрсетіп, ақиқатын айтқан адамның бірі - Сәкен Сейфулин.
Ел призиденті Н. Ә. Назарбаевтың 2003 жылғы халыққа жолдауында мына мақсаттарға ерекше назар аударылған: «Мемлекеттік тілде әлемдік ғылыми ойдың мәдениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толымды қорын жасау» - деп айтылған.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2001 жылы ақпандағы жарлығымен бекітілген, тілдердің қолдану мен дамудың 2001-2010 жж. Арналған бағдарламасының қабылдануы мемлекеттік тіл саясаты саласындағы пәрменді қадам болды. Тәуелсіз Қазақстан жағдайында әлеуметтік жаңғыру құбылысы үлкен орын алуда. Ғасырлар бойы бір тұтас тоталитарлық жүйенің өзіндік еркіндігі жоқ құрамдас бөлігі болған.
Тәуелсіз Қазақстанның тіл саясаты жөніндегі тұжырымдамасы мен Тіл туралы Заңы өткендегі тарихи тәжірибе тағылымының нәтижесі. Бұл бұрынғы ұлт саясатында, оның ішінде тіл мәселесінде жіберген әділетсіздіктер мен қателіктерді қайталауға және түзетуге бағытталған шаралар болып табылады. Қазақ халқы, басқа да аз ұлттар патшалы ресей мен Кеңестік тоталитаризм жүргізген империялық тіл саясатынан орасан зор зардаптарды басынан кешіргені белгілі. Ондай әділетсіз саясат келешекте «бір ұлт болады», «тілдер бірігеді», «аз ұлт тілдері ірі ұлттардың тілдерін пайдалануға көшеді, ал оған топтық тілді жасау арқылы қол жеткізіледі» тіпті «халықаралық эсперанто тілін жасаймыз» дейтін утопялық принциптерге негізделеді.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясаты, біріншіден, имперялық өктемдік тіл саясатынан мүлдем ерекше. Екіншіден, ол тәтті қиялға емес, халық өмірімен тығыз байланысты, қазіргі кезде тілдік ахуалға сәйкес жасалған. Үшіншіден негізінен тілдік саясатта батыл да нақты мақсат қоя алған. Төртіншіден, сол әлі жетілдіре түсетін жақтары болғанымен, өмір бір орнында тұрмайды, қазірдің өзінде көптеген оң нәтижелерге жеткізе бастады.
Бұл айтылғандар республикадағы тілдік саясаттың жалпы сипаты. Ал бұдан гөрі нақтырақ айтқан да тілдік саясат әлеуметтік фактор ретінде тіл проблемасын шешуге белгілі бір мақсатты көздейді. Ал әлеуметтік фактор жүйелі түрде ұйымдасқан әлеуметтік іс-әрекет. Сөйтіп, тілдік саясаттың мәні ұлттық идеологиямен анықталады. Осы арқылы әрбір ұлттың өмірлік маңызды мүдделеріне қызмет етеді. Ондай ұлттық саясат бұрынғы империялардың кезінде құрып кезде жаздаған аз ұлт тілдерін дамытуға мүмкіндік жасайды. Оған Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты жаңа Конститутцияның қабылдануы, «Тіл туралы» Заңның осыған сәйкес басқа да құқықтық құжаттардың қабылдануы кепілдік береді. Бұл құжаттардың маңызы, біздіңше, үлкен, оны теріске шығаруға болмайды. Мәселе заңдық немесе құқықтық күші бар жарлықтар мен шешімдерде емес дейтін пікірге қосыла алмаймыз. Дүниеде тек қаулы-қаралармен орныққан тіл болғандығын дәлелдейтін мысал жоқ деу тым бір жақты тілдік қарым - қатынастарда заңның орны ерекше. Сол себепті тілдік қатынастардың саяси - құқықтық негіздері одан әрі жетілдіруге қажет етеді. Сондықтан, біржақты қорытынды жасауға болмайды.
Тәуелсіздік алған жылдарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл саясаты бірқатар жетістіктерге жетті. Қазақстан республикасындағы тіл туралы соңғы қабылданған Заң қоғамның оның ішінде этносаралық қарым - қатынастардың тұрақтылығына едәуір дәрежеде ықпал тигізді. Президент Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақ тілі» қоғамның екінші құрылтайында атап көрсеткендей, Бүкіл ұлттық мерейін тасытып, айбынын асырған игіліктің бірі - біздің ана тіліміздің, бай да құнарлы, әсерлі де жүзді қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы, оның өмірдің сан - саласында кеңінен қолданылуына жол ашылуы. Атасы мен немересі екі тілде сөйлеп, әр ұрпақ өкілдері бір - бірін түсінуден қала бастаған, ана тіліміздің балынан бағы тайып, негізінен ауызекі әңгіменің құралы деңгейіне дейін төмендеген тұста ұлттың сана - сезімі оянды да, қоғам өмірінде жаңа қанат жая бастаған демократиялық үрдістер арқасында республикада тіл туралы заң қабылданды. Тіл тағдырына ел тағдыры деп қараған абзал азаматтардың арқасында «Қазақ тілі» қоғамы құрылды.
«Тіл туралы» Заңда мемлекеттік тілдің статусы анықталып, бекітілді. Ол бойынша «Мемлекеттік тіл - мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі» болып табылады. Сол сияқты республикадағы тілдердің барлық салаларында қолданылуының негізгі тәртіптері белгіленген. Оларды заңның мына тарауларынан айқын көруге болады. 1. Тіл - мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарында; тіл - білім беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында; тіл - елді мекен атауларында, жалқы есімдерде, көрнекі ақпаратта; тілді құқықық қорғау; тілді шетелдермен және халықаралық ұйымдар мен қатынастарда пайдалану.
Бұл заңның ең басты қасиетінің бірі, оның демократиялық сипатында. Оны «осы заңның реттейтін мәселесі» деп аталатын екінші бап айқын дәлелдеп тұр. Онда былай делінген: «мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының қызметтерінде тілдерді қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастыр осы заң реттейтін мәселе болып табылады. Осы заң жеке адамдар арасындағы қатынастарды және діни бірлестіктерде тілдердің қолданылуы реттелмейді». Басқаша айтқанда, мемлекеттік тіл барлық уақытта әрбір азаматқа зорлықпен таңыла бермейді. Азаматтардың өз еркімен жеке қатынастарында және діни уағыздарында тілдік еркіндігі сақталады. Заңның демократиялығы міне осында.
Мемлекеттік тілдің негізгі міндеті республика ауқымында қазақ тілінің тұтастығын сақтау болып табылады. Бұл қазақ тілінің республиканың барлық аймақтарында бірдей тұтастығын сақтау туралы мәселе. Ал екінші мәселе - қазақ тілінің өмірдің барлық салаларында қолданылу қажеттілігі. Бірақ ол әлде болса азаматтарымыздың және мемлекеттік ұйымдардың қарым - қатынастарында тиісті дәрежеде қолданыс таппай келеді. Қазақ тілі түрік әлеміндегі ең бай, таза тіл деп есептелінеді. Олай болса мемлекеттік тілге көшудің жүйелі жүзеге асырудың негізгі жолы ол: «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның 23-бабында көрсетілген, «тілдің даму мемлекеттік тілдің басымдығын және іс қағаздарын жүргізуді қазақ тіліне кезең - кезеңмен көшіруді көздейтін мемлекеттік бағдарламамен қамтамасыз етіледі» - деген қағидасы. Тіл туралы заңның және Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сәйкес жоспарлы түрде жүзеге асырылатын болады. Бірақ осының бәріне қарамастан тіл туралы заң мемлекеттік тілдің жүзеге асуын республикадағы тілдік ахуалды толық реттей алатын дәрежеде емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz