Бәсекелестік пен бәсекеге қабілеттілік, экономиканың тұрақты дамуы
ӘОЖ 338.24
(574)
Қолжазба құқығында
САГИМБАЕВА АЛЬМИРА ЮБИЛЕРОВНА
ҚР халық шаруашылығы салаларын басқаруды озық тәжірибелерді пайдалану
негізінде жетілдіру жолдары
08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару
(қызмет ету салалары және аялары бойынша)
Экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
Авторефераты
Қазақстан Республикасы
Астана, 2010
Жұмыс Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде
орындалған
Ғылыми экономика ғылымдарының докторы,
жетекшісі профессор Байзақов С.Б.
Ресми экономика ғылымдарының
оппоненттер: докторы,
профессор
Темірболатов
Ә.О.
экономика ғылымдарының кандидаты,
доцент Қасқатаев Н.М.
Жетекші Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
ұйым Университеті
Қорғау 2010 жылы 19 наурызда сағат 1430 Қазақ экономика, қаржы және
халықаралық сауда университетінде экономика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын БД 14.08.01 диссертациялық
кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010008, Астана қаласы,
Жұбанов көшесі,7, мәжіліс залы.
Диссертациямен Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда
университетінің кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2010 жылы 17 ақпанда таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы
Исмаилова Р.А.
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттің экономикалық жетістігін анықтау
үрдісінде еліміздің бәсекеге қабілетті болуы мен оны әріқарай дамыту
механизмдерін жетілдіру ісіне баса назар аударылады. Өйткені ұлттық
шаруашылықтың экономикалық тиімділігін басқару жолдарын жетілдіру
Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жоспарының негізгі міндеттерінің бірі болып
табылады. Ең бастысы – экономиканың бәсекеге қабілетті моделін таңдау,
басым салаларды анықтау, бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыратын қолда
бар экономикалық мүмкіншіліктерді анықтау, сондай-ақ сыртқы экономикалық
бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан бәсекелестік байланыстарды дамытуға әсер
ететін механизмдер мен факторларды анықтау жөніндегі мәселелер туралы сөз
қозғалады. Осы және басқа да мәселелердің шешімін табу Қазақстанда
толыққанды зерттелмеуі экономиканың тұрақты дамуына қиындықтар туғызып
отыр. Ел экономикасын бәсекеге барынша қабілетті ету мен оны дамытудағы
басқару мәселелерін шешуде жаңа теориялық-әдістемелік негіз салу
қажеттілігі шетелдік озық тәжірибелерді толық зерттеуді талап етеді.
Берілген жұмыс тақырыбының өзектілігі болып дамыған елдердегі ең озық
тәжірибелерді пайдалану негізінде Қазақстан экономикасын бәсекеге қабілетті
ету табылады.
Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстан Республикасы экономиканы қай бағытта
дамыту қажет деген сауалға тірелгені белгілі. Әрине, осыдан он жеті жыл
бұрын социалистік даму үрдісінде болып келген Қазақстан үшін АҚШ немесе
Жапония сияқты дамыған ел экономикасы үлгісін көшіру мүмкін емес еді. Ол
кезде Малайзия сияқты дамушы елдің мысалын зерттеу біздің экономика үшін
анағұрлым қолайлы болатын. Алайда, қазір Қазақстан экономикасы дамудың
екінші сатысынан үшінші сатысына – инновациялық даму бағытына бет бұруда.
Осыған орай, мысал ретінде елде қабылданып, іске асырылып жатқан
индустриалды-инновациялық дамуды жеделдету стратегиясын айтуға болады. Ал
инновациялық дамуда біз үшін аса пайдалы болатын үлгі - әлемнің ең озық
елдерінің экономикалық даму үлгілері. Өйткені дәл осы елдер - әлем бойынша
ғылым мен технологияны дамытуға өкімет тарапынан аса мән беретін
мемлекеттер. Әлемнің жетекші елдері дәл осы ғылыми-техникалық дамуға зор
мән берудің арқасында, айталық Жапония, қысқа мерзім ішінде ХХ ғасырдың
ортасынан бастап әлемдегі екінші дәрежелі экономикалық державаға айналды.
Олай болса, қазіргі таңда, яғни, ХХІ ғасырдың басында әлемдегі бәсекеге
барынша қабілетті елу елдің қатарынан орын алуды көздеген Қазақстан үшін
экономика салаларын басқаруды дамытуда үздік үлгілерді зерттеу аса қажет
әрі тиімді.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазақстан экономикасын барынша бәсекеге
қабілетті етудегі басқару мәселесінде Жапонияның озық үлгісін пайдалану
мүмкіндігін ғылыми негіздеу мен жалпы Қазақстанға қатысты салалық, аймақтық
және ұлттық деңгейде бәсекелестік мәнін анықтау мен Жапонияның экономикасы
салаларының бәсекеге қабілетті болу ерекшеліктерін зерттеу отандық және
шетелдік ғалымдардың теориялары мен көзқарастарын кешенді әрі жүйелі түрде
зерттеуді қажет етеді. Бәсекелестік пен бәсекеге қабілеттілік, экономиканың
тұрақты дамуы сияқты мәселелер көптеген ғалымдардың еңбектерінде жарық
көрген. Зерттеудің жалпы теориялық негізі ретінде А.Смит, Д.Рикардо,
А.Маршалл, Дж.Стиглер, Й.Шумпетер, Э.Чемберлин, Дж.Робинсон, Дж.Кейнс,
П.Хайек, Е.Бем-Баверк, Дж.Хикс, К.Эклунд, А.Пигу және Г.Джереффи,
Р.Каплински, Р.Буайе және т.б. ғұлама экономистердің еңбектері қолданылды.
Олардың еңбектерінде нарықтық шаруашылықтың классикалық қалыптасуы
кезеңіндегі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік мәселелері, ұлттық
жүйе мен бизнестің ғаламдық бәсекеге қабілетті болу концепциялары, елдер
мен аймақтардағы экономикалық және әлеуметтік дамудың заңдылықтары мен
ондағы басқару мәселелері қарастырылған.
Зерттеу базасын қалаған деректер ретінде жапон менеджменті мен ұлттық
экономикасының даму ерекшеліктерін зерттеп, оған баға берген Сато Мотосигэ,
Имаи Масаки, Ингиу Оу, Дьюинъичи Гото, J.Abegglen, R.Dore, R.Benedict,
Ch.Nakane, Ch.Johnson, P.Drucker, C.Brown, M.Weber, J.D.Foster, Shigeto
Tsuru, Shozo Uemura, Yoshio Suzuki, Masahiko Aoki сияқты жапон және
американдық экономист-ғалымдардың еңбектерінен жапон менеджменті туралы,
оның қалыптасуы мен дамуы, әсіресе, оның соғыстан кейінгі кезеңдегі даму
ерекшеліктері, жапон жұмысшыларына тән өзгешеліктер, кейрецу, сондай-ақ,
жапондық банк жүйесінің жұмысы және Жапониядағы экономикалық реформалар
жөнінде бай мәліметтер диссертациялық жұмысты жазу барысында кеңінен
қолданылды. Сонымен қатар С.С.Артобалевский, А.Р.Бахтизин, С.Ю.Глазьев,
А.Г.Гранберг, С.А.Дебабов, Е.А.Коломак, Б.Л.Лавровский, В.Л.Макаров,
К.М.Попов, Ю.Н.Попов, А.А.Прохожев, В.В.Радаев, Р.А.Фахутдинов, А.В.Шевчук
сияқты ұлттық және аймақтық экономиканы зерттеуші ресейлік ғалымдардың
еңбектері пайдаланылды.
Отандық экономика әдебиеттерінде мемлекеттің немесе аймақтың бәсекеге
қабілеттілік түсінігі біржолата анықталып, қалыптаспаған. Өтпелі экономика
жағдайындағы бәсекеге қабілеттілік және ондағы басқару мәселесінің кейбір
аспектілері Ахметжанова С.Б., Әлімбаев А.А., Байзақов С.Б., Баймұратов
О.Б., Есентүгелов А., Қадыржанов Е.К., Қошанов А.Қ., Нұрланова Н.К.,
Нұрымов А.А., Сағадиев К.Ә., Сейтқасымов Ғ.С., Сейтқазиева А.М., Сәбден
О.С., Сатыбалдин С., Темірболатов А.О., Тоқсанова А.Н., Төлемісов О.Т.
сияқты қазақстандық экономист-ғалымдармен зерттелген.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеуде нарықтық
экономиканы басқарудағы озық тәжірибелерді анықтау және оларды пайдалану
жолдары қарастырылды. Осы негізде Қазақстан экономикасын бәсекеге қабілетті
етуге, экономиканы басқару тетіктерін жетілдіруге, оның теориялық-
әдістемелік негіздерін қалыптастыруға және оны әрі қарай дамытуға болады.
Белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттер қойылды:
1. жетекші елдердің сала экономикасын басқаруды жетілдірудің
тәжірибелерін талдау және артықшылықтары мен ерекшеліктерін анықтау;
2. алдыңғы қатарлы елдердегі ғылыми-техникалық жетістіктердің
экономикалық тиімділігін зерттеп, бәсекеге барынша қабілетті елдердің
қолданбалы ғылыми зерттеу жұмыстарына жұмсайтын шығындарын анықтау
арқылы олардың экономика дамуына тигізетін әсерін көрсету;
3. жетекші елдер мысалында еңбек өнімділігі және оның еңбекақы, еңбек
адамын қормен қаруландырумен байланыстылығын дәлелдеу және оны
Қазақстанда пайдалану қажеттілігін көрсету;
4. Қазақстан экономикасын бәсекеге барынша қабілетті етуде озық
тәжірибелердің маңызын түсіндіру, осы тұрғыда экономиканы
қаржыландырудағы шетелдік әдістерді қарастыру;
5. шағын инновацияны жетілдірудің экономиканы диверсификациялаудағы
маңызын үздік тәжірибелер негізінде көрсету;
6. әлемдік менеджменттің ерекшеліктері мен артықшылықтарын көрсету және
оның экономикалық дамуға қосатын үлесіне баға беру.
Зерттеу нысанасы ретінде Қазақстан экономикасының анағұрлым бәсекеге
қабілетті салаларын дамыту мәселесі алынды.
Зерттеу пәні ретінде озық тәжірибелерді анықтау нәтижесінде Қазақстан
экономикасы салаларын басқарудың тетіктерін анықтау және жетілдіру
мәселесі қаралды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Қазақстан мен дамыған елдер
экономикаларының бәсекеге қабілеттілігінің тұрақты дамуы мен оңтайлы
басқару мәселелерін зерттеуде жүйелі талдау мен салыстырмалы талдау
әдістері қолданылды. Бәсекелестік теориясы мен экономикалық даму теориясы
пайдаланылып, ұлттық экономика мен экономика салаларының бәсекеге
қабілеттілігі индикаторларын, факторлары мен динамикасын зерттеуде жүйелік
талдау әдістемелері анықталды. Математикалық екі жақтылық теориясы қолданыс
тапты.
Зерттеу әдістеріне абстрактілі-логикалық, салыстырмалы, құрылымдық-
функционалдық әдістер мен экономикалық-математикалық және графикалық
әдістер кірді. Қолданбалы зерттеулер барысында классификациялау, топтарға
бөлу, экономикалық-статистикалық талдау әдістері, зерттеліп жатқан
үрдістердің құрылымы мен динамикасын талдау әдістері пайдаланылды.
Еңбекте отандық және шетелдік экономистердің (оның ішінде ағылшын және
жапон тіліндегі) мемлекеттік және аймақтық экономикалық даму мен
стратегиялық басқару тақырыптарына жазылған жұмыстары диссертацияда
зерттеліп, қолданыс тапты.
Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде келесілер қолданыс тапты:
1. әлемдегі экономикалық басқару саласындағы озық тәжірибелер және
Қазақстанның мемлекеттік биліктерінің заңнамалық және нормативтік-
құқықтық актілері;
2. халықаралық сауда және банктерінің, мемлекеттік органдарының
ақпараттық және сараптамалық материалдары мен жапон статистикалық
бюросының мәліметтері;
3. ҚР Индустрия және сауда министрлігінің, ҚР Экономика және бюджетті
жоспарлау министрлігінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР
Статистика агенттігінің, ҚР Қаржы министрлігінің, Халықаралық
валюталық қорының, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық еңбек ұйымының,
БҰҰ, Еуропалық реконструкция мен даму банкінің, Азия даму банкінің, ҚР
Ұлттық банкінің, Евростаттың ақпараттық-сараптамалық мәліметтері мен
құжаттары;
4. ашық баспада жарық көрген экономикалық және әлеуметтік зерттеулер
нәтижелері;
5. отандық және шетелдік экономистер еңбектерінде жарық көрген фактілік
және эмпирикалық материалдар, мерзімді басылымдар, дөңгелек үстел
материалдары, семинарлар мен конференция материалдары және Интернет
ғаламдық жүйесі ақпараттары.
Нәтижелердің негізділігі мен шынайы-нақтылығы. Еңбектің негізділігі мен
шынайы-нақтылығы жүргізілген теориялық зерттеулермен, ресми дереккөздерден
алынған статистикалық мәліметтерді пайдаланумен, модельдер мен әдістерді
қолданумен және тәжірибелік есептеулер жүргізу арқылы расталды.
Қорытындылар мен нәтижелер әртүрлі формаларда байқаудан өтіп, мемлекеттік
және ұлттық компаниялардың басқару тәжірибелерінде іске қосылды.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы дамыған елдердің экономика салаларын басқаруды
жетілдірудегі ерекшеліктерін зерттеп, оның Қазақстан үшін пайдалануға
болатын тәжірибелерін анықтау болып табылады. Бәсекеге барынша қабілетті
елдер экономикаларының дамуы негізінде ғылыми-техникалық жетістік
жатқандығы, яғни еңбектің капиталмен қарулануының жоғары дәрежеде болуы
үлкен еңбек өнімділігін қамтамасыз ететіндігі дәлелденді. Мәселен, капитал
тиімділігі Жапонияда, АҚШ-та, Скандинавия түбегіндегі елдерде, Еуропалық
одақ елдерінде және т.б. үлкен көрсеткіш болуы себебінен бұл елдердің
барлығына да инновациялық даму тән екендігі расталды. Осының негізінде
ұлттық экономиканы бәсекеге қабілетті етудегі басқару тетіктерін жетілдіру
бойынша теориялық және әдістемелік негізді кешенді әрі жүйелі түрде
дайындауға әрекет жасалып, Қазақстан экономикасын әріқарай дамытуда іс
жүзінде ұсыныстар берілді.
Қорғауға шығарылатын негізгі ғылыми ұстанымдар:
1. бәсекеге қабілеттілік және инновациялық қызмет түсініктерінің
авторлық анықтамасы;
2. Қазақстан экономикасы салаларын басқаруды жетілдіруде және бәсекеге
қабілетті етуде жетекші елдер тәжірибелерін игеру қажеттігінің
негіздемесі;
3. дамыған елдер мысалында еңбек адамының жоғары қормен қарулануы -
еңбекақы өсімінің кепілі екенінің маңыздылығы негіздемесі;
4. дамыған елдер мысалында еңбекақының өсуі – еңбек өнімділігі артуының
кепілі екендігінің мазмұндық және сандық тұрғыдағы дәлелі;
5. шағын инновацияны жетілдіру экономиканы диверсификациялаудың негізгі
кепілдіктерінің бірі екендігі;
6. дамыған елдердегі озық менеджментті қолдану - отандық бизнесті
дамытуға апаратын тура жол екендігі.
Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы ұлттық экономика,
Қазақстан өнеркәсіптерінің салалары мен отандық бизнестің бәсекеге
қабілеттілігін дамыту мен ондағы басқару тетіктерін жетілдіру бойынша
мемлекеттік іс-шаралар жүйесін дайындауда теориялық, әдістемелік және
тәжірибелік қолданысқа түсу мүмкіншілігімен анықталды:
1. жетекші елдер үлгілері негізінде елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына
талдау жасаудағы қолданылған ақпараттық-сараптамалық құралдар
экономикалық субъектілерге қатысты бәсекеге қабілеттілік теориясының
даму дәрежесін көрсететіні дәлелденді;
2. өсімтал даму жолдары мен Қазақстан үшін анықталған сабақтары, талдау
нәтижелері жалпы мемлекеттік және аймақтық даму мәселелерімен
айналысатын ғылыми-зерттеу орталықтарының пайдалануына болады;
3. бәсекеге қабілетті елдер тәжірибесі негізінде жүргізілген
макроэкономикалық индикаторлардың ұлттық экономиканы бәсекеге
қабілетті етудегі рөліне жасалған сараптамалар статистикалық
агенттіктер жұмысында қолданысқа ене алады;
4. мемлекеттік органдар мен жекеменшік компаниялар үшін еңбек
өнімділігінің артуына ықпал ететін факторларды анықтау, басқарудың
озық үлгілерін іс жүзінде дәлелдеудің тәжірибелік мәні зор;
5. еңбектің қормен қарулануы мен еңбекақының өсуі сияқты факторлардың
еңбек өнімділігіне қаншалықты оң әсер ететіндігін анықтау отандық
бизнес үшін және мемлекеттік экономикалық басқару ісінде үлкен
жетістік болып табылады.
Зерттеу нәтижелері мен негізгі ұстанымдарын байқаудан өткізу.
Диссертацияның негізгі нәтижелері автордың ғылыми жариялымдарында Проект
SONA (OSA) по системной поддержке государственного управления (в
экономическом анализе и прогнозировании) (Караганда, 2008 г.), Прикладные
инструменты системного анализа динамики экономических индикаторов
(Караганда, 2008 г.) жарық көрді. Сонымен қатар зерттеудің ғылыми
нәтижелері автордың халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік
конференцияларға дайындаған баяндамаларында көрініс тапты: Қазақстан
республикасының экономикалық өсу жағдайының өзекті мәселелері (Астана,
2007 ж.), Ғылым және білім-2009 (Астана, 2009 ж.), Әлемдік қаржылық
дағдарыс салдарынан арылу және Қазақстан экономикасының даму болашағы
(Астана, 2009 ж).
Сондай-ақ бәсекеге барынша қабілетті елдердегі менеджмент жүйесін жетілдіру
мәселелерін зерттеу негізінде алынған ғылыми нәтижелер ҚР Президенті
Телерадиокешенінің қызметін ұйымдастыру барысында қолданысқа ендірілсе, ал
ғылыми-техникалық дамудың экономикалық тиімділігін анықтаудың ғылыми
нәтижелері ҚазТрансОйл АҚ ҒТО филиалының өнідірістік қызметіне енгізіліп,
жобалау мен тиімділіктің сапасын көтеру, тәжірибелік жұмыстар мен
зерттеулерге жұмсалатын шығындарды дұрыс анықтау, еңбек өнімділігін арттыру
істерінде қолданысқа ие болды.
Тақырып бойынша басылымдар. Диссертациялық зерттеу тақырыбы бойынша жалпы
көлемі 3,3 б.п. құрайтын 8 ғылыми жұмыс жарық көрді. Оның ішінде Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы
бақылау комитетімен ұсынылған журналдарда 3 мақала және халықаралық ғылыми-
тәжірибелік конференциялар материалдарында 3 мақала жарық көрді.
Жұмыс құрылымы. Диссертациялық жұмыс 158 бетте қамтылған. Оның құрылымы
кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттерден, 2
қосымшалардан, 15 суреттен, 27 кестеден және 12 формуладан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Экономиканы басқару тетіктерін жетілдіру қажеттілігінің теориялық
негіздемесі атты диссертацияның бірінші бөлімінде салалық экономиканы
дамытудың үздік үлгілері зерттеліп, соның негізінде экономика
салаларын басқарудың озық тәжірибелері қарастырылды. Қазақстан
экономикасының даму ерекшелігіне баға беріліп, оның экономикасын
бәсекеге қабілетті етудегі халық шаруашылығы салаларын басқару
тетіктерін жетілдірудің маңыздылығын теориялық тұрғыда негіздеу қолға
алынды. Бәсекелестік, экономикалық даму теориялары мен
институционализм, неоинституционализм теорияларының негізінде
экономиканың бәсекеге қабілетті болуы және ондағы басқару тетіктерінің
рөліне баға берілді.
Жүргізілген зерттеу барысында бәсекелестікті талдау бойынша маңызды әдістер
қарастырылды. Бәсекелестік пен бәсекеге қабілеттіліктің анағұрлым жаңа
теориясын талдау, атап айтсақ, кластерлік даму (М. Портер, М. Энрайт, М.
Сторпер), кластерлердің құндылықтар қорының тізбегімен (Г. Джереффи, Р.
Каплински, Дж. Хамфри), техноэкономикалық парадигмамен (К. Фримэн)
байланысы ұзақ жылдар бойы көптеген мемлекеттердің стратегиялық даму
векторын анықтап отырғандығын көрсетті.
Қазіргі таңда қарастырылған бәсекелестік және бәсекеге қабілеттілік
теорияларының Қазақстан жағдайына бейімделуі тәжірибелік тұрғыда іске
асырылып жатыр деп айтуға болады. Бұл кластерлік саясаттың жүргізілуімен,
аймақтық және ұлттық инновациялық жүйенің дамуымен, өндіріс факторларының
даму кезеңінен инвестиция мен инновация кезеңіне өтуімен, бәсекелес
субъектілердің нарықтағы артықшылықтар үшін күресінен байқауға болады.
Бірақ осымен алға қойған мақсатқа қол жеткіздік деп қол қусырып отыруға
болмайды. Шешімін таппаған мәселелер көп. Яғни, әріқарай да ұлттық
экономиканы бәсекеге қабілетті ету үшін қажетті де тиімді тетіктерді
іздестіру қажет. Өйткені бәсекеге қабілетті экономика – бәсекеге қабілетті
мемлекет кепілі.
Қолданылып жүрген бәсекеге қабілеттілік анықтамаларының ішінде әдетте ол
көрсеткіш, құрал, экономикалық категория ретінде түсіндіріледі. Ал автордың
пікірінше, бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін басымдыққа ие деңгей
елдің барлық шаруашылық жүйесінің қызмет етуі анықталатын макроэкономикалық
деңгей. Яғни, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті болуы дегеніміз –
тиімді бәсекелес ортада экономиканың тауарлар мен қызмет түрлерін өндіру,
тұтыну және іске асыру, сондай-ақ өзінің экспорттық мүмкіндіктерін халықтың
әл-ауқаты сапасын жақсарта отырып, өзінің экономикалық және инновациялық
шамасын арттыру үшін пайдалану қабілеті.
Автордың пікірінше, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне ұсынылып
отырған анықтама бәсекеге қабілетті ұлттық экономиканы құру үрдісін
анағұрлым жүйелі түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Яғни, оның бағыттарын,
оған әсер ететін факторларды, тиімді тетіктерін нақты анықтауға ықпал етері
сөзсіз.
Қазақстан экономикасы дамуындағы ерекшеліктер мен әлемдік тәжірибеге
жасалған талдау мемлекеттің бәсекеге қабілетті экономиканы басқарудағы
басты бағыттары келесілер болуы керектігін көрсетті:
1. экономиканы реттеу тетіктері мен инфрақұрылымды дамыту;
2. өндірістің ғылыми-техникалық және инноавциялық мүмкіндіктерін құру;
3. тиімді басқару жүйесін құру;
4. ғылыми сиымдылығы мол салалар мен қызмет көрсету салаларының дамуын
ынталандыру;
5. адами капиталды дамыту мен тиімді пайдалану.
Й.Шумпетер бойынша, экономикалық дамудың басты ішкі себебі адамның
шығармашылығымен байланысты, ал новаторлар – кәсіпкерлер – бұлар жаңа
иедяларды тиімді экономикалық шешімдерге жүзеге асыруға қабілеттілер.
Экономика тепе-теңдік күйден шығуы, әдеттегі траекториясынан тайып кетуі
үшін, кәсіпкерлер жаңа комбинацияларды жүзеге асырады, олар өзіне мынаны
қамтиды:
1. жаңа игіліктер өндіру;
2. өндірістің жаңа әдістерін қолдану немесе қолда бар игіліктерді
пайдалану;
3. шикізатты өткізудің жаңа нарықтарын немесе көздерін меңгеру;
4. салалық құрылымды өзгерту (монополия жасау немесе құлату).
Аталған қызмет түрлерін Шумпетер экономикалық новаторлыққа жатқызады.
Новаторлық үдеріс жаңа комбинация ескішіл, яғни барлық экономикалық
агенттерге әдеттегі және қол жетімді функция болмағанша жалғасады.
Қазіргі таңда Қазақстанда стратегиялық жоспарлау да, қаржылық бағдарламалау
да жобалық менеджмент те біртіндеп дамып келеді. Дж.Мартиноның айтуынша,
технологиялық болжамға негізделген жобалық менеджмент экономиканың ғылыми
сиымдылығы мол саласына жатады. Өкінішке орай, экономика ғылымында оған
қажет деңгейде көңіл бөлінбейді. Ғылыми зерттемелерге деген сұраныстардың
болмауы және осының салдары болып табылатын өнеркәсіптердегі инновациялық
белсенділіктің төмен деңгейі экономиканы реформалаудағы ғылымның рөлін
бағаламаудан туындайды. Шын мәнінде, өндіріс факторларының өнімділігіне тек
қана ғылыми-техникалық және инновациялық прогресс арқылы ғана қол жеткізуге
болады. Ғылыми-техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай,
инновация саласын дамыту мүмкін емес.
Автор инновациялық қызметке келесідей анықтама береді – бұл жаңа идеяларды,
ғылыми білімдерді, технологиялар мен өндірістің әртүрлі салаларындағы өнім
түрлерін игеріп, оларды іске қосуға және нәтижелері экономикалық даму мен
бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін пайдаланылатын қоғамды басқару
салаларына бағытталған қызмет. Мемлекеттің инновациялық саясаты – бұл
инновациялық қызметті дамыту мен ынталандыруға бағытталған әлеуметтік-
экономикалық саясаттың құраушы бөлігі. Бұл саясаттың Қазақстан экономикасын
дамыту мен оны бәсекеге барынша қабілетті етудегі орны ерекше. Осыған орай
елімізде 2003-2015 жж. арналған ҚР индустриалды-инновациялық даму
стратегиясы қабылданған болатын. Аталған Стратегияны іске асыру барысынан
бері оның заңнамалық және нормативтік-құқықтық базасы жасалып, Самұрық-
Қазына ұлттық әл-ауқат қоры, жеті Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар,
арнайы экономикалық зоналар, ұлттық инвестициялық жүйенің негізгі
элементтері құрылып, жұмыс істеп жатыр. Жалпы, Қазақстанда
диверсификацияланған, экспортқа бағытталған және инновациялық экономиканы
құруға барлық алғышарттар бар.
Зерттеу нәтижесінде ауыл шаруашылығын дамыту мәселесінде Жапонияның,
Беларусь Республикасының және Израильдің тәжірибелері анағұрлым тиімді
екендігі анықталды.
ХХІ ғасыр табалдырығындағы бүгінгі күнгі экономикадағы ғылыми зерттеулердің
басты мәселесіне әртүрлі экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік және
басқару салаларындағы өзгерістер сияқты мәселелер айналып отыр.
Жоғарыда қарастырылып, талданған теориялар ұлттық экономиканың бәсекеге
қабілеттілігін арттыру, халық шаруашылығы салаларын басқаруды жетілдіру
мәселелерінің мәнін ашуда және олардың теориялық негізін қалауда ерекше
құндылыққа ие екендігі сөзсіз.
1. Экономиканы дамытуда басқару тетіктерін жетілдірудің тиімділігін
талдау. Диссертацияның екінші бөлімінде экономиканы басқарудың
Қазақстан үшін тиімді шетелдік үлгілері анықталды. Біріккен Ұлттар
Ұйымының рейтингтік жүйесіндегі әлемнің бәсекеге барынша қабілетті
елдері және әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елі қатарынан
үміткер Қазақстан қарастырылады. Аталған елдердің қатарына кіруге
үміткер мемлекеттердің ықтимал мүмкіндіктерін анықтау үшін келесідей
сапалық экономикалық индикаторлар қолданылды. Олар:
2. адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) деңгейі;
3. орташа жылдық еңбекақы деңгейі;
4. еңбектің капиталмен қарулану деңгейі;
5. еңбек өнімділігі деңгейі.
Жалпы, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын басты
көрсеткіш – адам басына шаққандағы ЖІӨ болып табылады. Тіпті, БЭФ, БҰҰ да
дәл осы критерий бойынша әлемнің 140-тан астам елдерін топтастырып,
экономикалық даму деңгейлерін анықтайды.
Бұл тұжырымды математикалық екі жақтылық теориясын пайдалану арқылы оңай
негіздеуге болады. Мәселен, өндіріс нәтижелігі тұрғысынан, тікелей
өндірістік есеп ретінде адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнімді келесідей
жіктеуге болады:
,
(1)
Мұндағы:
ЖІӨ N – адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім;
- халық саны;
L – экономикадағы жұмысбастылар саны;
- еңбек өнімділігі ();
- жалпы халық санына есептегендегі экономикадағы жұмысбастылар
санының үлесі.
0 и 1 жылдарының статистикалық мәліметтері болатын болса, (1)
формуланы түрлендіру арқылы адам басына шаққандағы ЖІӨ өсімін есептеп
шығаруға болады:
және деп белгілеп, оның өсімінің негізгі жіктелінген формуласын
аламыз:
Мұндағы:
- сәйкесінше көрсеткіштің өсімі.
1 жылдағы адам басына шаққандағы ЖІӨ өсімі үш қосылғыштарға жіктеледі:
(2)
Елдің экономикалық даму деңгейінің басты индикаторы болып оның адам басына
шаққандағы жалпы ішкі өнімінің көрсеткіші табылады. Жоғарыда қарастырған
(2) формула бойынша адам басына шаққандағы жалпы ішкі өнім абсолютті өсімін
жіктеу әлем елдерінің үш тобына жасалды (1-кесте). Мұнда әлемнің 210 елінің
180 елі қарастырылды. Бұл елдер, бұрынғыша, БЭФ әдістемесіне сәйкес дамушы
(80), дамыған елдер қатарынан үміткер (50) және дамыған (50) елдер деп үш
топқа бөлінді. Сондай-ақ 1-кесте негізінде жасалған 1-суреттегі
диаграммадан аталған елдер бойынша адам басына шаққандағы ЖІӨ динамикасын
байқауға болады. Аталған есептеулер 2004-2006 жж. халықаралық ұйымдардың
статистикалық мәліметтеріне негізделіп жасалды:
Кесте 1 – Адам басына шаққандағы ЖІӨ өсімін факторларға жіктеу: еңбек
интенсивтілігі және жиынтық еңбек өнімділігі (еңбек пен капитал)
Адам басынаЕңбекті Жиынтық еңбек Екі фактор Бақылау,
шаққандағы интенсивті өнімділігі өсімдерінің%
ЖІӨ өсімі, пайдалану есебінен (еңбек жиынтық
% есебінен,% пен капитал), % ықпалының
есебінен, %
(80) дамушы елдер тобы
2006 100 16,1 81,1 2,9 100,0
1-кестенің жалғасы
2005- 100 10,6 87,5 1,9 100,0
2006
2004 100 8,7 89,8 1,5 100,0
-2006
Дамыған елдер қатарынан үміткер елдер тобы (50)
2006 100 17,58385712 80,09813774 2,31800513 100,0
2005-200100 10,40486288 88,16182399 1,43331313 100,0
6
2004-200100 11,72358818 86,71915423 1,5572576 100,0
6
Сонымен қатар Қазақстан
2006 100 26,5 67,1 6,4 100,0
2005-200100 16,7 79,3 4,1 100,0
6
2004-200100 13,6 82,9 3,5 100,0
6
Дамыған елдер тобы, 17000 АҚШ долл. (50)
2006 100 6,2 93,6 0,2 100,0
2005-200100 6,3 61,0 0,2 67,484892
6
2004-200100 3,0 62,1 0,2 65,225622
6
АҚШ
2006 100 8,2 91,4 0,4 100,0
2005-200100 6,7 93,0 0,3 100,0
6
2004-200100 3,7 96,1 0,2 100,0
6
Жапония
2006 100 -0,2 100,2 0,0 100,0
2005-200100 -1,5 101,4 0,0 100,0
6
2004-200100 -16,4 118,3 -1,9 100,0
6
Ескертпе –берілген кесте автордың есептеулері негізінде жасалды
Сурет 1 – 2004-2006 жж. адам басына шаққандағы ЖІӨ динамикасы
(Ескертпе – Диаграмма 1-кесте негізінде автормен жасалды)
Зерттеу жұмысында математикалық есептеу әдісі негізінде жүргізілген талдау
нәтижесі адам басына шаққандағы ЖІӨ динамикасының өсуіне жиынтық еңбек
өнімділігі (еңбек пен капитал) есебінен қол жеткізіп отырған ел Жапония
екенін көрсетті. Бұл Жапония экономикасының тиімді жолмен дамып
отырғандығының дәлелі. Яғни, жапон экономикасының даму үлгісі - ең озық
тәжірибе.
Бұл 2-суреттен макроэкономикалық көрсеткіштердің өзара тәуелділіктерін
көруге болады. Яғни, өндірістегі ғылыми-техникалық дамудың өнімі, басқаша
айтқанда жоғары технологиялар немесе негізгі капитал көбейіп, әрбір
жұмысшының қормен қарулануы артса, онда оның еңбекақысының көлемі де
артады. Бұл өз кезегінде, еңбек өнімділігінің артуына әкеледі. Жапонияда
дәл осындай жағдайда, жапон экономикасының құрылымы өзгеріп, экономика
ғылыми-техникалық дамуға толығымен негізделді. Яғни, жапон экономикасының
қозғаушы күшіне ғылыми-техникалық даму айналды. Канторович-Купманстың екі
жақтылық теориясы негізінде, өндіріске кететін шығын тұрғысынан, екі жақты
есеп шешімі ретінде еңбек өімділігін келесідей етіп жазуға болады:
(3)
мұндағы:
- еңбек бағасы (экономикадағы бір жұмыспен қамтылған адамның орташа
айлық ақысы);
r - негізгі капитал бағасы;
f - ақша күйіндегі еңбектің капиталмен қарулануы (KL);
K - экономиканың нақты саласындағы, үй шаруашылығы салалары мен нысандарын,
білім, денсаулық және мәдениет салаларындағы негізгі капитал.
Еңбек өнімділігінің өсіміне еңбек пен капитал ресурстық потенциалының
қаншалықты үлес қосатынын нақты ашып көрсету мақсатында еңбек өнімділігі
мен еңбектің капиталмен қарулану көрсеткіштерін ақша өлшем бірлігіне
ауыстырған ыңғайлы болады. Бұл аталған көрсеткіштерді еңбек бағасына
() бөлуден шығады. Оларды сәйкесінше келесідей: - ақша
өлшеміндегі еңбек өнімділігі, ал - ақша өлшеміндегі еңбектің
капиталмен қарулану деңгейі деп белгілеп, капитал бағасын (r) пайдаланған
капитал тиімділік нормасы деп қабылдап (E), келесіні аламыз:
,
(4)
мұндағы:
q - ақша күйіндегі еңбек бірлігінің өнімділігі;
h - ақша күйіндегі еңбек бірлігінің капиталмен қарулануы.
Яғни, еңбек өлшеміндегі еңбек өнімділігі еңбек ақысы мен ақша күйіндегі
еңбек өнімділігінің көбейтіндісіне тең:
,
(5)
(5) формула еңбек өлшеміндегі еңбек өнімділігі, шын мәнінде де шексіз өсу
мүмкіндігіне ие. Оның өсуіне тек қана технология, білім, ресурстар мен
уақыт қана кедергі жасай алады.
Адам басына шаққандағы ЖІӨ формуласын жіктеу арқылы, (5) формула негізінде
келесідей формула аламыз:
,
(6)
Бұл (6) формулада берілген еңбек өлшеміндегі еңбек өнімділігінің абсолютті
өсімін жіктеудегі бірінші компонент еңбек бағасының өсімін еңбек бағасының
өнімділігіне көбейткенге тең. Екінші компонент еңбек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz