Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлік және оның ерекшеліктері



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлік және оның ерекшеліктері

Саяси экономиядағы "экономикалық адам" түрі алғашқыда кәсіпкер
мағынасында қолданылады және оған "орташа" адам жатқызылады.
"Кәсіпкер" түсінігін XVII ғ. Р. Кантильон енгізді. Бірінші
түсіндірмеге сай кәсіпкерді капиталдың иесі ретінде құрады. Бұл көзқарасты
ұстағандар Ф. Кэне, А. Смит. Басқалары (Ж. Сай, С. Миль) оны өндірістің
ұйымдастырушысы деп түсіндірді, ол үшін меншік құқықтық болуы міндетті
емес. А. Маршалл, Л. Вальрас, К. Менгер мен Ф. Вебер кәсіпкерге менеджер,
яғни басқарушы ретінде анықтама берді. Тағы бір топ ғалымдар кәсіпкерлікті
тәуекелге бел байлаудың ауыртпалығымен белгісіз экономикалық дамуды
көтерушілер деп тапты.
Австрияның жаңа мектебінің өкілдері (Л. Мизес, Ф. Хайек, Й. Шумпетер,
П. Дракер) кәсіпкерліктің белсенді және жаңашылдықтың ендіру-шілдік
сипатына көңіл аударды. Мысалы, Й. Шумпетер жан-жақты тәптіштеп
көрсеткендей, инновацияны жаңа технологияны, жаңа өнімдерді жаңа қорлармен
жабдықтау және өндірісті ұйымдастырудың жаңа тұрпаттарын енгізу деп
анықтады. Сонымен, жаңашылдықты жасаушыны кәсіпкермен теңестірді.
Капиталистік жүйені кәсіпкерлікке жағдай тудырушы тұтастық ретінде алып
қарап, кәсіпкер экономикада болатын барлық өзгерулердің қай-нар көзі әрі
қозғаушы күші екенін пайымдайды.
Шумпетер жаңашылдықты өндіріске ендірудін бес бағытын сілтейді: 1)
тұтынушыға белгісіз жаңа игіліктерді жасау немесе қайсыбір игіліктің жаңа
сапасын істеп шығару; 2) өнеркәсіптің бір саласында өндірістің жаңа тәсілін
енгізу; 3) тауарларды өткізетін жаңа базарлар меңгеру; 4) ішкі заттардың
жаңа көздерін ашу; 5) өз жағдайын нығайтатын қайта құруды өткізу.
Ғалымдардың жасаған кәсіпкерлердің жинақы бейнесін мынандай қасиеттер
суреттейді: "әрекет етуге жеке қуаты мен жігері" (Й. Шумпетер); "ақыл мен
қиялдың үйлесімі" (В. Зомбарт); "жорамалдаушылығы мен тапқырлығы" (Дж.
Шэкль); "парасат пен жаңа білімге жан-тәнімен берілуі" (И. Киртцнер).
Менеджерге кәсіпкер әрекет істеуге толық еркіндігі болуға тиісті.
Пайданы табуға ұмтылыс қажет, бірақ ол қара бастың қамын ғана көздемеуі
керек және жеке тұтынудың қайнар көзі ретінде қаралмағаны жөн. Кәсіпкер әр
түрлі амалмен тұрмыстан ләззат алуға өзінің жек көрушілігін қалыптастырады.
Пайда табу кәсіпкер үшін дайындаған жобаның табысты болуының көрсеткіші
ретінде ғана маңызды. Кәсіпкер еркіндік пен өзінің мүмкіндіктерін еркін
жүзеге асыруды көздейді.
Д. Макленандтың тұжырымдамасында кәсіпкердің құдіретін жетістіктерге
артқан ұмтылысы мен қажеттігінің болуымен байланыстырады. Бұл оның қанына
сіңгендіктен, ол табиғи жалқаулығынан күшті және жай арам пайдаға ұмтылу
мен қоғамдық беделге ие болудан маңыздылау.
Неміс социологы Веблен Торстейн Бунд (1857— 1929 жж.) адамзат тарихын
әр түрлі үстемдік еткен әлеуметтік институттардың белгілі кезеңдерге
алмасуы деп анықтайды. Алғашқы қауым кезеңін "тонаушы қоғам" ауыстырады
(тікелей әскери зорлық) және ақшалы қоғам дәуірі (тауарлы ақшалы қатынастар
арқылы жасалатын зорлық). Соңғы кезеңде қолөнер мен өнеркәсіп дамиды. XX
ғасырдың негізгі сипаты ретінде өнеркәсіп пен бизнестің мүдделерінің қарама-
қарсылығын атайды. Мамандар мен өндіріс жетекшілері кәсіпкерлердің жеке-
меншіктік пайдакүнемдік мүдделеріне қарсы тұрады, олар өндіріс, ғылым мен
техника дамуының, қоғам және жекеліктер игіліктерінің өсуі мүдделерін
қорғайды.
Өмір сүру үшін күресті Веблен табыс үшін және қоғамның қосымша
өнімінің үлесі үшін күресі деп қараған. Қоғамда қанаудың болуы қоғам
өндіретін игіліктердің артығын тартып алуға ұмтылудан туындайтынын
көрсетеді. Өнеркәсіп капитализмі немесе "Ақшалы қоғам" ғылым, техника
дамуы, сыншылдық рух пен еркін әлеуметтік институттар сияқты мәнді
жәйттердің кездейсоқ ұштасуымен пайда болған. Мұндағы капитализмнің
табыстарын өнеркәсіп өндірісіне қатыспайтын алпауыттар иемденеді.
Бірте-бірте кәсіпкерлікті байыптаудың психологиялық түсіндірмелеріне
әлеуметтік көрсеткіштер енгізіле бастайды. Мысалы, кәсіпкерлердің көп-
шілігі үлкен отбасыларынан шыққан. Оның себебі әкенің өктемділік танытып,
жариялық бастамаларын жаншумен ұғындырылды. Сырттан жасалынған қатал
бақылау кезкелген ұйым мен билікті қабыл алмайтындай күй кешуге әкеліп
соғады. Осыдан әлеуметтік бейімделу қиындай түседі. Кәсіпкердің екпінді
ұмтылысы — ырықсыз жаншылған сезімдердің жарлығы.
Жаңа кәсіпкерлік тұрпаты қайдан пайда болды деген сұраққа жауабын
тарихи және әлеуметтік тұрғыдан қарастырған М. Вебер мен В, Зомбарг. Олар
кәсіпкерлік рухтың қалыптасуын капиталистік рухтың құрамдас бөлігі ретінде
көрсетті. Рух — осы қоғамның белгілі даму сатысында шаруашылықты жүргізуші
субъектіге тән психологиялық орнықты ерекшеліктердің, белгілердің,
қасиеттердің жиынтығы.
"Кәсіпкерлікке ынталану", "арам пайдаға ұмтылыс", оңай ақшаға
талаптану, — деп жазады Вебер, — капитализммен үш қайнаса сорпасы
қосылмайды, оған ешқандай қатысы жоқ". Вебердің пайымдауынша, капитализм
осындай иррационалды талаптануды ауыздықтауға, оны парасат-тылықпен
реттеуіне пара-пар болып келеді. Басқаша айтқанда, Вебер өмірді
оңтайландырудың ақ түсті жағын ғана көрген.
Жаңа кәсіпкерлік рух жаңа дәуір капитализмінің жоғары көтерілуіне
қозғаушы күш болды, ал өзі діни негізде дамудың мүмкіндігін алды. Про-
тестанттық өнеге-ғибраттан сусындап өріс алып, өрбіді. Протестантизмнің
кальвинистік нұсқасында нағыз құдайшылдық пен экономикалық пайдақор-лық
өзінің жарасымды үйлесімін тапты. Мұнда асқан жекешілдікті тәрбиелейді.
Вебер Батыс үлгідегі капитализмді протестанттық өнеге-ғибраттың, оның
рационалды-парасатты рухының жемісі деп түйіндейді. Капитализмді
қалыптастырған қайнар көздердің негізгісі протестанттық дүниетаным еді.
Протестанттық тәрбиесіз капитализм өзгеше бағытта дамып, басқа нәтиже
беретінін Вебер дәлелдейді. Бұл діни көзқарас бойынша, адам өз мамандығының
бейімділігіне бой ұруға тәрбиеленеді. Ол экономикалық қызметті қасиет
тұтады, сондықтан оны рухани маңыздылықка толтырады. Осыған орай адам өз
өмірін, өз қабілеттерін өз бейімділігіне ғана арнау керектігін уағыздайды.
Вебердің "Протестанттық өнеге-ғибараты" мен "Капиталистік рухына" сай қазақ
мақалын келтіруге болады: "Сүйген істін түбі — кеніш, сүймеген істің түбі —
реніш".
Әркім өз сүйген ісіне берілгенде ғана өмірден рухани қанағат табады,
бақыт сезіміне беріледі. Бойға дарыған қабілетіне сай кәсіп таңдау, сол ма-
мандықты сүйіп қызмет атқару түбінде рақатқа келтіреді. Ал сүймеген, қолдан
келмейтін іске ұрынудың соңы реніш, кейіске душар ететінін қазақ халқы
ежелден айтып — тәлім-тәрбиесінде қолданған. Осыған тағы "Мырзалық —
ысырапшылдық пен сараңдықтың аралығы" деген әл-Фарабидің сөзі де келіседі —
ол орынсыз мырзалық етіп, ағыл-тегіл ысырап етушілерге айтылған сөз.
Жинақылық сараңдық емес. Өз ісіне ұқыпты, -жинақы адамды сараң деуге
болмайды. Әрбір жинақылықтың түбі молшылыққа жеткізеді деген; ой жатыр. Бұл
нарық жағдайында қазақ халқының жаңа қасиеттерін қалыптастырады.
Қазір әлемде еш ойланбастан басшылыққа алатындай қайта құрудың
ешқандай да жақсы үлгісі жоқ. Әрбір ел өз экономикасының, құқығының,
саясатының, моралінің және халық психологиясы ерекшелігін, әлемдік
шаруашылықтағы өзінің жағдайын ескере отырып, өзінің жеке стратегиясын
әзірлеп шығарады.
Реформалар тәжірибесі адам капиталының жай-күйі жаңа құрылымды, жалпы
алғанда, нарықтық қайта құруларды жасау жолындағы елеулі фактор болып
табылатынын көрсетеді. Республика халқының едәуір бөлігі жаңа жағдайда іс-
қимыл жасауға дайын емес болып шықты, олардың тиісті білімдері,
біліктіліктері, кәсіпкерлік дағдылары жеткіліксіз екендігі анық. Бірінші
кезекте бұл басшы буынға қатысты. Ескі директорлық корпустың өкілдері жаңа
әдеттенбеген жағдайға қиындықпен үйренуде; олардың экономикалық бет алысы
көбіне өзгере алмай отыр; бұрынғы жүздеген мемлекеттік кәсіпорындардың
негізгі назарында рынок және өнімді өткізу проблемалары емес, өндірістік
қуаттылық, шығарылым көлемі туралы әдеттегі уайым ғана тұр.
Қазақстандық экономикада нарықтық ортаға дерлік беріле отырып, алдына
қойғаны толық нарықтың мақсат емес өндірушінің мүлдем ерекше түрі
қалыптасып, бірнеше жылдан бері әрекет етуде.
Коммерциялық банктерге келіп түсетін инвестициялық жобалардың
жартысынан көбі экономикалық негізділіктің талаптарына сай келе бермейтіні
белгілі. Қатардағы жұмыс күшінің әдәуір бөлігі жаңа жағдайларға бейімделуі
қажет. Мәселен, шетелдік фирмаларда жұмыс істейтін біздің мамандар
ұсынылған еңбек ырғағын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Шағын кәсіпкерлікті талдау
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, мәселелері
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік істің теориялық негіздері
Кәсіпкерлік әрекеттің Қазақстанда даму ерекшеліктері
Кәсіпкерлік және оның Қазақстанда даму ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында жеке меншіктің қалыптасуы. Қазақстандағы меншік қатынастарының артықшылықтары мен кемшіліктері
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктегі қиыншылықтар мен одан шығу жолдары
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты
Шағын және орта бизнестің инновациялық әлеуеті
Пәндер