ҚР-ның экологиялық заннамасына жалпы сипаттама


ҚР-ның экологиялық заннамасына жалпы сипаттама

Экология (грекше оікоs- үй, мекен, 1оgоs - ғылым) жанды организдердің тіршілік ортасы мен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым.

Қазіргі заманда экология табиғат пен қоғам арақатынастарын зерттейтін ғылымға айналған. Онда адам мен табиғаттың өзара бір-бірі мен байланысты екені көрініс табады.

Адамзаттың тіршілік ортасының айырықша күйзеліске үшырайтына байланысты табиғи ортаны қорғау ісіне кеңінен мән беріліп отыр.

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы ҚР Конституциясына негізделеді және Экологиялык. кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта ҚР Экологиялық кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Экологиялық кодекс пен Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін нормалары бар өзге де заңдарының арасында қайшылық болған жағдайда, Экологиялық кодекстің ережелері қолданылады. Қоршаған орта объектілерін қорғау мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы қатынастар Экологиялық кодексте реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының арнаулы заңдарымен реттеледі.

Экологиялық кодекспен Қазақстан Республикасы аумағының шегінде табиғи ресурстардьг пайдалану мен қоршаған ортаға әсер етуге байланысты шаруашылық және өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау, қалпына келтіру және сақтау, табиғи ресурстарды пайдалану мен молықтыру саласындағы қатынастар реттеледі.

Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік реттеуді және табиғи ресурстарды пайдалану саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар экологиялық құқықтық қатынастардың қатысушылары болып табылады.

Қазақстан Республикасы орнықты дамуының экологиялык, негіздері:

1) адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету жөніндегі мақсатқа мемлекеттің қол жеткізуі;

2) қоршаған ортаны қорғау және биоәртүрлілікті сақтау;

3) Қазақстан Республикасының өз табиғи ресурстарын өндіруге құқықтарын қамтамасыз ету мен іске асыру және табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету мәселелерінде ұлттық мүдделерді қорғау;

4) қазіргі және болашақ ұрпақтардың сұранысын әділ қанағаттандыру;

5) өндіріс пен тұтынудың орнықты үлгілерін дамыту;

6) қоршаған ортаның жай-күйін есепке ала отырып, экологиялық нормалаудың әлеуметтік және экономикалық даму талаптарына сай келуі;

7) әрбір адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын сақтау және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерін шешуге жан-жақты қатысуы;

8) қоршаған ортаны қорғау саласында қабылданатын шаралардың жариялылығын қамтамасыз ету;

9) Жердің экожүйесінің салауатты жай-күйі мен тұтастығын сақтау, қорғау мен қалпына келтіру мақсатындағы жаһандық әріптестік;

10) қоршаған ортаға залал келтіргені үшін жауаптылыққа қатысты халықаралық құқықтың дамуына жәрдемдесу;

11) қоршаған ортаға елеулі залал келтіретін немесе адам денсаулығы үшін зиянды деп есептелетін қызмет пен заттардың кез келген түрлерін басқа мемлекеттерге көшіру мен ауыстыруды тежеу, болдырмау, сондай-ақ қоршаған ортаға елеулі немесе орны толмайтын залал қатері төнген жағдайларда сақтандыру шараларын қолдану болып табылады.

Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының негізгі принциптері:

1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;

2) экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

3) экологиялық қатынастарды реттеу кезіндегі экожүйелі көзқарас;

4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару;

5) қоршаған ортаны ластаудың және оған кезкелген басқа түрде залал келтіруді болдырмау жөнінде алдын алу шараларының міндеттілігі;

6) Қазақстан Республикасьшың экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықтан бұлтартпау;

7) қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеу міндеттілігі;

8) қоршаған ортаға әсер етудің ақылы болу және оған рұқсат алу тәртібі;

9) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде неғұрлым экологиялық таза жене ресурс үнемдеуші технологияларды қолдану;

10) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік органдар қызметінің өзара әрекеттестігі, үйлесімділігі мен жариялылығы;

11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға жене оны жоюға, қалдықтарды кемітуге ынталандыру;

12) экологиялык ақпараттың қолжетімділігі;

13) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезінде үлттық мүдделерді қамтамасыз ету;

14) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерімен және нормаларымен үйлесуі;

15) жоспарланып отырған шаруашылық және өзгеде қызметтің экологиялық қауіптілігі презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешімдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерін бағалау міндеттілігі болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік реттеу:

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті лицензиялауды;

2) экологиялық нормалауды;

3) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеуді;

4) мемлекеттік экологиялық сараптаманы;

5) экологиялық рұқсаттар беруді;

6) мемлекеттік экологиялык бақылауды;

7) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық реттеу жүйесін, неғүрлым экологиялық таза технологияларды енгізуді ынталандыруды, табиғат қорғау іс-шараларын қаржыландыру жүйесін;

8) мемлекеттік экологиялық мониторингті;

9) табиғат пайдаланушыларды, қоршаған ортаны ластау көздері мен учаскелерін мемлекеттік есепке алуды;

10) экологиялық білім беру мен ағарту ісін қамтиды.

Қоршаған ортаны қорғау объектілері

Жер, жер қойнауы, жер үсті және жер асты сулары; атмосфералық ауа; ормандар мен өзге де өсімдіктер; жануарлар дүниесі, тірі организмдердің гендік қоры; табиғи экологиялық жүйелер. климат және Жердің озон қабаты жойьглудан, тозудан, зақымданудан, ластанудан және өзге де зиянды өсерден қорғалуға тиіс. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері айрықша қорғалуға тиіс.

Мемлекеттік табиғи-қорық қоры

Мемлекеттік табиғи-қорық қоры - табиғат эталондары, уникумдар және реликттер, генетикалық резерв, ғылыми-зерттеулер, ағарту, білім беру, туризм мен рекреация нысанасы ретінде экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды, мемлекеттік қорғауға алынған қоршаған орта объектілерінің жиынтығы.

Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді. Мемлекеттік табиғи-қорық қорын қорғау ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру жолымен, сондай-ақ қоршаған ортаның экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды объектілерін пайдалануға тыйым салу мен шектеулер белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимі белгіленген мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілері бар жер, су объектілерінің және олардың үстіндегі әуе кеңістігінің учаскелері.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері, қүру тәртібі, қорғау режимінің түрі, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жекелеген түрлерінің қызметін үйымдастыру ерекшеліктері «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.

Адамның күнделікті өмірінде, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы және (немесе) қоршаған ортаға әсер етуі табиғат пайдалану болып табылады.

Табиғат пайдалану жалпы және арнайы болып бөлінеді. Жалпы табиғат пайдалану тұрақты болып табылады және халықтьщ өмірлік қажетті сұраныстарын қанағаттандыру үшін және табиғи ресурстар пайдалануға берілмей, тегін жүзеге асырылады.

Жерге меншік құқығы

Қазақстан Республикасында жер мемлекеттік меншікте болады. Жер учаскелері ҚР Жер кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.

Жерге меншік құқығының түрлеріне - Қазақстан Республикасында жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.

Меншік құқығының субъектілеріне: республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі - Қазақстан Республикасы; ҚР Жер кодексінде белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі-азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, егер Жер кодексінде өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.

Меншік иесінің өзіне тиесілі жер учаскесін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар. Жердің меншік иесі ретіндегі мемлекеттің құқықтарын өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік органдар жүзеге асырады. (Жер комитеттері) .

Жер учаскесіне меншік құқығы:

1) меншік құқығын табыстау;

2) меншік құқығын беру;

3) меншік құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен (мұраға қалдыру, заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы) ауысуы арқылы туындайды.

Меншік қүқығын табыстау, беру және оның ауысуы жер учаскесінің нысаналы мақсаты ескеріле отырып, жүзеге асырылуға тиіс. (Мысалы: үй салу, егін егу) .

Жер учаскесіне меншік құқығы мына негіздерде туындайды:

1) мемлекеттік органдар актілерінің; 2) . азаматтық-қүқықтық мәмілелердің негізінде. Азаматтар мен занды тұлғалардың жер учаскелеріне меншігі

Жеке меншікте болмайтын жер учаскелерін қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелері азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғаларға жеке меншікке берілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) мен олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін.

Шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман есіру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскесінің меңшік иесі болып табылатын азамат Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде меншік құқығы иеліктен алынуға қайта ресімделуге тиіс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды түлғаларының жеке меншігінде тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу, орман өсіру үшін, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерін салу үшін берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін.

Тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізуге және орман өсіруге арналған жерді қоспағанда, жер учаскелері шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды (мемлекеттік емес) тұлғалардың жеке меншігінде болуы мүмкін.

Жеке меншік құқығын іске асыру

Жер учаскесінің меншік иесі мемлекеттік органдардың қандай да бір рұқсатын алмай, жер учаскесін өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырады.

Меншік иесі өзінің жер учаскесіне қатысты оның нысаналы мақсатын өзгертпей, Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген мәмілелерді жасасуға қүқылы. Жер учаскесіне меншік құқығы басқа адамға мәміле жасалған кездегі барлық ауыртпалықтарымен беріледі.

Жер учаскесінің меншік иесі оның нысаналы мақсатын өзгертпей, жер учаскесін уақытша пайдалану туралы шарттың негізінде оны уақытша пайдалануға беруге қүқылы. Жер учаскесін уақытша пайдалану туралы шарт жалдау шарты (жалға алушымен) немесе өтеусіз пайдалану туралы шарт (өтеусіз пайдаланушымен) нысанында жасалады.

Жерге мемлекеттік меншік

Мемлекеттік билік органдарына, мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге берілген, қорғаныс қажеттеріне пайдаланылатын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алып жатқан, сауықтыру және тарихи-мәдени мақсаттағы, орман және су қорларының, елді мекендер жеріндегі ортақ пайдаланудағы, босалқы жер, оның ішінде арнайы жер қорының жер учаскелері, кенттер мен ауылдық елді мекендердің маңындағы жайылымдық және шабындық алқаптар, сондай-ақ жеке меншікке берілмеген шалғайдағы жайылымдар мен басқа да жерлер мемлекеттік меншікте болады.

Мынадай жер учаскелері: қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік, мемлекеттік меншіктегі қорғаныс өнеркәсібі қажеттеріне; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету үшін тұрғызылған инженерлік-техникалық құрылыстар, коммуникациялар орналасқан; кеден қажеттеріне арналған жер учаскелері; ерекше қорғалатын табиғи аумақтар; орман қорының жері; су қорының жері; магистральдық темір жол желілері мен ортақ пайдаланудағы автомобиль жолда-ры; жеке меншік құқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға қызмет көрсетуге қажетті жер учаскелерін қоспағанда, елді мекендердегі ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды.

Азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бөлек меншігіне: тұрғын халықтың қажетіне арнап пайдаланылатын және соған арналған жайылымдық және шабындық алқаптар; ортақ пайдаланудағы жолдар, оның ішінде шаруашылықаралық және мекен аралық маңызы бар, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы жер учаскелеріне өтуге арналған жолдар: жер учаскелерінің екі немесе одан көп меншік иелері немесе жер пайдаланушылар

бірлесіп пайдаланатын суландыру құрылыстары (суландыру каналдарьг, суағарлар, құдықтар, суат пункттері) орналасқан жер учаскелері берілмейді.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, магистральды темір жолдарды, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарын және магистральды құбырларды кеңейте түсу үшін белгіленген тәртіппен резервке қойылған. сондай-ақ сәулет-қала құрылысының және (немесе) құрылыстың бекітілген құжаттамасына сөйкес әкімшілік және әлеуметтік маңызы бар объектілер (әуежайлар, әуеайлақтар, вокзалдар, станциялар. ортақ пайдаланудағы жол-дар, мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттары, ауруханалар, мектептер, мемлекеттік түрғьш үй қоры, парктер, бульварлар, гүлзарлар және қоғамдық пайдаланудағы басқа объектілер) құрылысына арналған жер учаскелері олардың жобалық игерілуіне дейін жер пайдаланушыларға басқа мақсаттар үшін уақытша пайдалану құқығымен берілуі мүмкін.

Мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскелері:

1) жеке меншікке сатылуы немесе өтеусіз берілуі;

2) тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берілуі мүмкін.

Жерді пайдалану құқығы

Жер пайдалану құқығы заттык құқық болып табылады. Жер пайдалану құқығы түрақты немесе уақытша, иеліктен шығарылатын немесе шығарылмайтын, өтеулі немесе өтеусіз алынатын болуы мүмкін. Ешкімді де жер пайдалану күқығынан айыруға болмайды.

Жер пайдаланушылар:

1) мемлекеттік және мемлекеттік емес;

2) ұлттық және шетелдік;

3) жеке және заңды тұлғалар;

4) тұрақты және уақытша;

5) бастапқы және кейінгі болып белінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік - құқықтық режимнің түрлері
Мемлекеттік метрологиялық қадағалау мен бақылау
Кедендік төлемдер
Арнайы кедендік статистика
Төтенше жағдай режимінің құқықтық негіздері
Тауарларды еркін кедендік аймағы кедендік рәсімімен орналастыру шарттары
Экология - Дәрістік курс
Қоршаған ортаның сапасын басқару пәні бойынша лекциялар жоспары
Коксохимия өндірісінде суды пайдалану және оның ластануын экологиялық зерттеу, ақаба суларды тазарту
Каспий теңізінің экологиясы туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz