Тянь-Таньдағы Хан-Тәңірі тау тізбегін зерттеу


Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

1884 жылдың аяғында орыс Географиялық қоғамының вице-председателі П. П. Семенов пен физикалық география бөлімшесінің бастығы И. В. Мушкетов Қоғам алдында Тянь-Таньдағы Хан-Тәңірі тау тізбегін зерттеу үшін арнайы экцпедиция жасақтау жөнінде мәселе қойды. Осындай экцпедициялардың қажеттігін дәлелдеп И. В. Мушкетов Хан-Тәңірінің өр қапталын жанай өткен саяхатшылардың бәрі де оның аумағының кереметтей үлкендігіне, төбесі мен баурайына түскен қардың соншалық қалыңдығына ауыздарын ашып, таңданып, аоны алыстан болса да көргендеріне мәз болудан аса алмағанын, ол осынау заңғар тауға жақындап баруға ешкімнің жүрегі дауаламағанын жазды. Тек бір ғана саяхатшы, Тянь-Шаньды тұңғыш рет зерттеген орыс ғалымы П. П. Семенов 1857 жылы Хантәңірінің етегіне қарай жылжи бастаған Сарыжаз мұзарттарына жетіп, осы төңіректі зертеудің маңыздылығын алғаш рет атап көрсетті. Ол кезде, яғни осыдан 30 жылға жуық бұрын, Тянь-Шаньға саяхат жасау үшін жағдайдың қиындығы мен қауіптілігі соншалық, тіпті жүйелі түрде зерттеу жұмыстарын жүргізуді ауызға алудың өзі әбестік сияқты көрінетін-ді. Міне сондықтан П. П. Семеновтың Сарыжаз мұзарттарын ашудың өзі-ақ асқан ғылымы ерлік болды. Ал қазір, машықтанған саяхатшыларды айтпағанның өзінде, тіпті туристердің өздері Тянь-Шаньді атша ерттеп бағындырып алған, ғалымдар оны жан-жақты танып-білуді өрістетіп, ендігі жерде таудың практикалық немесе ғылыми тұрғыдан неғұрлым маңызды жекелеген тұстарын егжей-тегжейлі зерттеу қажеттігі туып отырған бүгінгі күні жағдай мүлде басқаша. Хантәңірі - тап осындай өте-мөте көңіл аударарлық қызғылықты жерлердің бірі болып саналады. Тянь-Шань жайында осы заманғы деректі мағлұматтар қолда бар қазіргі жағдайда ол араларды егжей-тегжейлі зерттеу толып жатқан маңызды мәселелерді шешуге көмектесері хақ. Хантәңірге экцпедицияны жасақтау ісі 1886 жылы таукен инженері И. В. Игнатьевке, ал ботаникалық зерттеулерге жетекшілік ету А. Н. Красновқа жүктелді. Оған Хантәңірдегі экцпедицияны пайдаланып, жол-жөнекей Балқаш төңірегіндегі құмдақ-саздақ топырақты далалы жерлердің өсімдіктерін қадағалап байқау, одан әрі таулы аймақтардың өсімдіктер дүниесін зерттеу ісіне ауысу міндеті тапсырылды. Балқаш көлінің оңтүстік қапталы мен Іле өзенінің төменгі ағысы бойындағы шөлдер мен далалы жерлерде бұрын ботаникалық зертеу жұмыстары мүлде дерлік қолға алынбай келген-ді. Ал оның бержағында Тауқұм құмдары, Іле өзенінің төменгі сағасы мен Шу-Іле таулары ботаникалық география үшін өте-мөте көңіл аударып зерттеуді қажет ететін аймақтар еді. Өйткені мұндағы өзендер мен көлдер мұз дәуірінен кейінгі кезеңдерде пайда болып, құрғап кеткен немесе сол уақыттың өзінде әлі де кеуіп үлгермеген ең жаңа кезеңдегі тұнба шөгінділер көп болатын. Сонымен қатар А. Н. Красновқа жаратылысы әр түрлі топырақтар мен оларда өсетін өсімдіктер арасындағы байланысты анықтап, физикалық-географиялық жағдайлардың өзгеруі, әсіресе мұз басқан жерлердегі өсімдіктерде болатын өзгерістерді тексеру міндеті де жүктеледі. Каспий төңірегіндегі аймақтардағы осыған ұқсас жерлерді анықтау үшін бұл өте-мөте қызғылықты іс еді. Өйткені ғалымға ең жаңа кезеңде пайда болған дала өсімдіктерін бақылаудан Хантәңірі секілді заңғар өңірде ежелгі заманнан бері өсетін өсімдіктерді зерттеуге мүмкіндік туды.

1886 жылдың көктемі туа А. Н. Краснов Верный қаласына келіп, П. П. Семеновтың нұсқауы бойынша Іле өзенінің төменгі сағасы мен Шу-Іле тауларынан бастап өзінің географиялық-ботаникалық зерттеу жұмыстарына кірісті. Ол Іле өзенінің бойымен Іле поселкесінен бастап Күрті өзенінің жоғары сағасына дейін түсті де, осы өзенді бойлай отырып, Шу-Іле су айрығына жетті, содан соң Балқаш көлінің оңтүстік-батыс өңіріне өтіп, одан Алакөлге асты да, Тауқұм, Хантау, қандықтау сілемдері арқылы Верный қаласына қайтып оралды.

Алакөл көлі А. Н. Красновқа Балқаш көлінің оңтүстік шетінен бөлінгендей болып көрінеді: Саяхатшы көлдің суының тартылып қалғаны соншалық, соңғы бес жыл (яғни 1881 жылдан бері) бойы жергілікті тұрғындар Алакөл мен Балқаш аралығында көлікпен өткел арқылы қатынағанын, бір ғажабы, Іленің құйылысынан пайда болған атырауға дейін Балқаштың батыс жағалауының суы түгел дерлік тұшқылтым болып келеді. Ал керісінше, Ақкөлдің суы кермек. Бәлкім Каспий теңізі үшін Қарабұғаз шығанағы қандай рол атқаратын болса, Балқаш үшін Алакөлдің де алатын орны сондай болатынды, ын айтады.

Ботаникалық тұрғыдан алғанда өте-мөте қызғылықты Алакөл төңірегі А. Н. Красновқа географиялық-ботаникалық зерттеулер үшін өте мол материал берді. Ол айтарлықтай бай коллекция жинады. Энтомологиялық жануарлар дүниесі де алуан түрлі болып шықты. Аңдардан Балқаш көлі маңында үйір-үйір құландар, Қамау төңірегінде - қарақұйрықтар, Іленің төменгі сағасындағы аралдарда бірен-саран жолбарыстар мекендейтіні анықталды. Ал сол некен-саяқ жолбарыстардың өздері әр жаз сайын жергілікті тұрғындардың екі-үш жылқысын шығынға ұшыратып отырған.

Әрине, қазір антропогендік ландшафтының өзгеруіне байланысты жоғарыда аталған өсімдіктер мен жануарлар мүлдем кездеспейді, себебі адамдардың табиғатты игеруіне байланысты қазіргі туып отырған биологиялық кризис осының нәтижесі.

А. Н. Краснов Тауқұм өзінің жаратылысы жағынан Арал маңындағы Қарақұмға ұқсас екенін ескертеді, бірақ Тауқұмда сексеуілдің көбірек өсетінін атап көрсетеді. Тауқұм құмдары бұрынғы өзен атырауын бітеп тастаған.

А. Н. Краснов өзінің ат басын тірейтін жері - Хантәңіріне барар сапарында жол жөнекей Іле Алатауының бөктерлерін, Шарын мен Текес өзендерін шолып, Қоюлы асуы арқылы Сарыжаздың тармағы лирташ өзеніне өткен, одан шығып Бедел асуы арқылы Тянь-Шаньның Қытай жағына шыққан. Саяхатшы оюлы өзенінің жоғары сағасынан жаңа мұздық ашты. Кейінірек ол Жетісу губернаторының құрметіне «Фриде мұздығы» деп аталды. Лирташ маңында жеті мұздық бар екені анықталды. Олардық ең ірісі Дала өлкесі генерал-губернаторының құрметіне «Колпоковский мұздығы» деп аталды.

Зерттеуші Сарыжаз бен Лирташ өзендері орман өсетін шекарадан биігірек (яғни 3300м) таулардың арасынан ағып жатқанымен, ондағы өсімдіктер көбіне биік таулы шалғындарда шығатын өсімдіктерге ұқсай бермейтінін байқады. Көбіне-көп Кавказ, Алтай, Полярлік Сібір тауларында өсетін өсімдіктерге ұқсас биік таулардағы көгалдар тек ылғалы мол солтүстік беткейлерде ғана сақталған. Ал керісінше, оңтүстік беткейлердегі топырақтың құрғақтығы соншалық, мұнда шалғын орнына Тұран ойпатының да далалы жерлерінде шығатын жусан өскен.

1887 жылы А. Н. Краснов зерттеулерінің қорытындылары бойынша алдын-ала есебін жариялады. Толық деректер жинақталып тұжырымдалған түрде «Шығыс Тянь-Шаньнің оңтүстік бөлігінде өсетін өсімдіктердің өніп-өрбу тарихының тәжірибесі » атты еңбекте жарияланған. Бұл еңбекте Тұран өсімдіктері мен Алдыңғы Азия және Жерорта теңізі өсімдіктері түрлерінің тарихи өніп-өрбуінің ұқсастығы жөнініде өте байсалды пікір айтылған.

А. Н. Краснов өз еңбектерінде зерттеген аймақтарының өсімдіктері мен топырақтары, Европалық түрлері мен салыстырғанда олардың өсіп-өну, қалыптасу тарихын мұқият суреттеп жазған. Ол айналадағы өзге таулардан және Азияның басқа жерлерінен келіп тарап, Тянь-Шань тауларының арасында немесе етектеріндегі жазықтықтарда өсетін өсімдіктер топырақтағы ылғалдың және тұнбадағы тұздың мөлшеріне қарай шығады немесе ойдым-ойдым болып топтасады; мұндағы түрлер қара топырақта, қопада, жусанды, сортаң, шилі-қамысты жерлерде өсетін Европалық Россияның далалы оңтүстік-шығыс аудандарында кездесетін өсімдік тектес болып келеді. Дегенмен ши секілді кейбір Азиялық өсімдіктердің өзгелерге ұқсамайтын өзіндік ерекшеліктері де бар.

Өсімдік түрлерінің топырақ жағдайларын тексере келіп, А. Н. Краснов ең ежелгі заманнан бері қара топырақты және батпақты жерлерде өсетін өсімдіктердің Европалық өз тектестеріне ұқсастығын атап көрсетеді. Қалған үш түрі - біршама кеш шыққан біріңғай азиялық өсімдіктер. Мұз дәуірінен кейінгі кезеңде киматтың континентальдығы артуына байланысты кейбір өсімдіктер бір жола құрып кетсе, ал екінші бір түрлері, керісінше, барған сайын қаулап өсуде.

И. Б. Игнатев экспедициясының өзге мүшелері Сарыжаз өзені алқабының мұздықтарын, Мұзартты және Хан - Тәңірі шыңын зерттеді, Сарыжаз өзенінің жоғарғы сағасындағы П. П. Семенов «мұз теңізі» деп атаған үлкен мұздықты экспедиция «Семенов мұздығы», ал Адыртүр өзенінің жоғарғы сағасындағы екінші біреуін «Мушкетов мұздығы» деп атады.

Хан - Тәңірі шыңының биіктігін өлшегенде оның теңіз деңгейінен 24 000 фут жоғары екені анықталды. Бұл сол кездегі Қазақ жеріндегі ең зәулім тау шыңы еді. Салыстыру ретінде айта кетарлік, сол уақыттағы өлшем бойынша Памирдегі Кауфман шыңының (қазіргі Жеңіс шыңының) биіктігі 23 000 фут болып есептелетін.

Экспедиция мүшелері Тянь - Шаньның тау жыныстарының құрамын анықтап, ол кейінгі кезеңдердегі геологиялық зерттеу үшін негіз болды. И. В. Игнатьевтің пікірі бойынша, Хантәңірі шыңы палеозой теңізінен қалған гранит арал болып табылады. Ол палеозой дәуірінде де, сол сияқты одан кейінгі геологиялық кезеңдерде де көтеріліп өсіп, қазіргі зәілім биік қалыпқа жеткен. Мұзарт шатқалының оңтүстік беткейінде 6800 фут биіктікте ежелгі мұздықтардың жатқан іздері табылған.

Экспедиция зерттеу жұмыстарының нәтижелері туралы алдын - ала есеп 1887 жылы басылып шықты (Орыс Географиялық қоғамының баспасы, ХХІІІ том) . И. Б. Игнатьев жинақтаған геологиялық мол материал аяғына дейін өңделіп бітпей, кейіннен И. В. Мушкетовтың қолына табыс етілді.

И. В. Игнатьевтің жолсерігі топограф А. Александров «Семенов мұздығын сьемкаға түсіру және оның жылжу жылдамдығын анықтау, сондай - ақ Хантіңірі шыңының ең биік тұсын анықтау жөніндегі негізгі жұмыстарды атқарып, Географиялық қоғамның Батыс Сібір бөліміне өзінің жазба есебін табыс етті. Ол есеп 1895 жылы «Географиялық қоғамның Батыс Сібір бөлімі хабарларының» ХХ томында жарияланды.

1886 жылы Дала өлкесі генерал - губернаторының жарлығы бойынша Жоңғар өңірінің шекарадағы аудандарын топографиялық зерттеу қолға алынды, ал бұл өлке географияда Барлық таулы елі деген атпен мәлімді. Осы мақсатпен Географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімі Р. М. Закрежевскийді сапарға атандырды. Оның зерттеулерінің нәтижелері «Барлық таулы елінің очерктері (картасымен қоса) » деген атпен жарияланды (Бөлім жазбалары, 1888 жыл, Х том) . Бұдан біршама кейінірек, 1893 жылы Р. М. Закржевский «Жоңғар Алатауының солтүстік беткейінің қысқаша очеркі» деген екінші маұаласын бастырып шығарды (Бөлім жазбалары, ХҮІ том) .

География қоғамы Батыс Сібір бөлімінің жоспары бойынша сол кезде атқарылған істердің ішінде Б. И. Герннің Шу өзенінің төменгі сағасы маңында, Ю. А. Шмидтің қазақтың ұсақ шоқысының оңтүстік-батыс бөлігі мен Бетпақдала шөлінде жүргізген зерттеулерін атап айтуға болады.

1888 және 1889 жылдары геодезит Ю. А. Шмидт қазақтың ұсақ-шоқыларының оңтүстік-батыс шеті мен Шу өзенінің алқабында болып, Созақ қыстағына келген. Ол жазба есебінде өз болған жерлердің өте-мөте құнды сипаттамасын және Шу өзенінің картасын қоса берген (масштабы 15 шақырымға - бір дюйм) . Бұған қоса оның есебінде Саумалкөл көлінің, Сарысу өзенінің және Бетпақдала шөлінің сипаттамасы бар.

Ю. А. Шмидт астрономиялық және гипсометриялық өлшемдер жүргізу жөнінен де аса зор іс тындырған. 1884 және 1893 жылдар аралығындағы кезеңде ол Батыс Сібір мен Дала өлкесінің аудандарында 155 астрономиялық, 235 гипсометриялық пункт және 7 магнитті бағыт белгіледі. Айқындалған пункттер 1893 жылы «Жазбаларда» (XV кітап) басылып шықты.

1886-1887 жылдары ағылшын биологы В, Батесон суы тұзды көлдердің жануарлар дүниесі жайында мағлұматтар жинау мақсатымен Ырғыз, Торғай өзендерінің алқаптарында, Шалқар көлінде, Арал теңізінің солтүстік жәнесолтүстік-батыс жағаларында, Телікөлде, Шу өзенінің қапталында және Балқаш көлінде болған. Ол Перовск шығанағы мен Сарышығанақ жағаларынан палеоген дәуірінен қалған Арал шөгінділерінен carbium edule ұсақ жәндіктерін кездестірген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туризмді түлету – Ақ жайыққа бір арман
XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу
Хан тәңірі шыңы
Экстрималды туризмнің жіктелімі
Тянь - Шань тауының климаты, биіктік белдеулері
Шығыс Қазақстан облысының туризм орындары
Туризм, альпинизм
ТЯНЬ-ШАНЬ ТАУЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Ш. Уәлихановтың Шығыс Түркістан халықтары туралы тарихи көзқарасы
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz