Құқық туралы жалпы мағлұмат


Құқық туралы жалпы мағлұмат
Конституциялық кеңес
71-бап
- Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi жетi мүшеден тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады. Республиканың экс-Президенттерi құқығы бойынша ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестiң мүшелерi болып табылады.
- Конституциялық Кеңестiң Төрағасын Республиканың Президентi тағайындайды және дауыс тең бөлiнген жағдайда оның даусы шешушi болып табылады.
- Конституциялық Кеңестiң екi мүшесiн Республиканың президентi, екi мүшесiн Сенаттың Төрағасы және екi мүшесiн Мәжiлiстiң Төрағасы тағайындайды. Конституциялық Кеңес мүшелерiнiң жартысы әркiм үш жыл сайын жаңартылып отырады.
- Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшесiнiң қызметi депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтердi қоспағанда, өзге да ақы төленетiн жұмысты атқарумен, кәсiпкерлiкпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiрумен сыйыспайды.
- Конституциялық Кеңестiң Төрағасы мен мүшелерiн өздерiнiң өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібiмен белгiленетiн әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттердi қоспағанда, Парламенттiң келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
- Конституциялық Кеңестiң ұйымдастырылуы мен қызметi конституциялық заңмен реттеледi.
72-бап Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгiнiң, Премьер-Министрдiң өтiнiшi бойынша:
- дау туған жағдайда Республика Президентiнiң, Парламент депутаттарының сайлауын өткiзудiң дұрыстығы және республикалық референдум өткiзу туралы мәселенi шешедi;
- Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына сәйкестiгiн Президент қол қойғанға дейiн қарайды.
- Республиканың халықаралық шарттарын бекiткенге дейiн олардың Конституцияға сәйкестiгiн қарайды;
- Конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi;
- Конституцияның 47-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген реттерде қорытындылар бередi.
- Конституциялық Кеңес соттардың өтiнiштерiн Конституцияның 78-бабында белгiленген реттерде қарайды.
ЕСКЕРТУ. 72-баптың 1-тармағының 2) тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000. 07. 03. N 15/2 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. 72-баптың 1-тармағының 4) тармақшасына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001. 12. 13. N 19/2 қаулысымен.
73-бап
- Конституциялық Кеңес Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 1) -тармақшасында көрсетiлген мәселелер бойынша өтiнiш жасалған ретте, Президенттiң қызметiне кiрiсуi, Парламенттiң сайланған депутаттарын тiркеу не республикалық референдумның нәтижелерiн шығару тоқтатыла тұрады.
- Конституциялық Кеңес Конституцияның 72-бабының 1-тармағының 2) және 3) -тармақшаларында көрсетiлген мәселелер бойынша өтiнiш жасалған ретте, тиiстi актiлерге қол қою не оларды бекiту мерзiмiнiң өтуi тоқтатыла тұрады.
- Конституциялық Кеңес өтiнiштер түскен күннен бастап бiр ай iшiнде өз шешiмiн шығарады. Егер мәселенi кейiнге қалдыруға болмайтын болса, Республика Президентiнiң талабы бойынша бұл мерзiм он күнге дейiн қысқартылуы мүмкiн.
- Конституциялық Кеңестiң шешiмiне толығымен немесе бiр бөлiгiне Республика Президентi қарсылық бiлдiруi мүмкiн, бұл қарсылық Конституциялық Кеңес мүшелерi жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен еңсерiледi. Президент қарсылығы еңсерiлмеген жағдайда, Конституциялық Кеңестiң шешiмi қабылданбады деп есептеледi.
74-бап
- Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес емес деп танылған заңдар мен халықаралық шарттарға қол қойылмайды не, тиiсiнше, бекiтiлмейдi және күшiне енгiзiлмейдi.
- Адамның және азаматтың Конституцияда баянды етiлген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiрiлген деп танылған заңдар мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылады және қолданылуға жатпайды.
- Конституциялық Кеңестiң шешiмдерi қабылданған күннен бастап күшiне енедi, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей мiндеттi, түпкiлiктi болып табылады және шағымдануға жатпайды.
ЕСКЕРТУ. 74-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2001. 12. 13. N 19/2 қаулысымен.
VIII бөлім, Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
85-бап
Жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады.
86-бап
- Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық, бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi және жалпымемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оны iске асыруға қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге асырылуын бақылайды.
- Мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзiмге халық сайлайды.
- Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады.
- Мәслихаттардың қарауына мыналар жатады:аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту; өздерiнiң қарауына жатқызылған жергiлiктi әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу; заңмен мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау; мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу; Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.
- Мәслихаттың өкiлеттiгiн Сенат заңда белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша, сондай-ақ өзiн-өзi тарату туралы шешiм қабылданған ретте мерзiмiнен бұрын тоқтатады.
- Мәслихаттардың құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібi, олардың депутаттарының құқықтық жағдайы заңмен белгiленедi.
87-бап
- Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi, тиiстi аумақтың мүддесi мен даму қажеттiлiгiн ұштастыра отырып, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi.
- Жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына мыналар жатады:аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi әзiрлеу және олардың атқарылуын қамтамасыз ету; коммуналдық меншiктi басқару; жергiлiктi атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, жергiлiктi атқарушы органдардың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу; жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiне сай Республика заңдарымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;
- Жергiлiктi атқарушы органды Республика Президентi мен Үкiметiнiң өкiлi болып табылатын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмi басқарады.
- Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкiмдерiн Премьер-Министрдiң ұсынуы бойынша Республика Президентi қызметке тағайындайды. Өзге әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң әкiмдерi қызметке Қазақстан Республикасының Президентi айқындаған тәртiппен тағайындалады немесе сайланады. Республика Президентi өзiнiң ұйғаруы бойынша әкімдердi қызметтерiнен босата алады.
- Мәслихат өз депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң даусымен әкімге сенiмсiздiк бiлдiруге және оны қызметiнен босату жөнiнде тиiсiнше Республика Президентiнiң не жоғары тұрған әкімнiң алдына мәселе қоюға құқылы. Облыстар, республикалық маңызы бар, қала және астана әкімдерiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады.
- Жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретi ұйымдастырылуы және олардың қызмет тәртібi заңмен белгiленедi.
ЕСКЕРТУ. 87-бап өзгердi - Қазақстан Республикасының 1998. 10. 07. N 284 Заңымен.
88-бап
- Мәслихаттар өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шешiмдер, ал әкімдер - тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң аумағында орындалуға мiндеттi шешiмдер мен өкiмдер қабылдайды.
- Мәслихаттардың жергiлiктi бюджет кiрiсiн қысқартуды немесе жергiлiктi бюджет шығысын ұлғайтуды көздейтiн шешiмдерiнiң жобалары әкімнiң оң қорытындысы болған кезде ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтiн Мәслихат шешiмдерiнiң күшi сот тәртібiмен жойылуы мүмкiн.
- әкімдердiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң күшiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi не жоғары тұрған әкім жоюы мүмкiн, сондай-ақ олардың күшi сот тәртібiмен жойылуы мүмкiн.
ЕСКЕРТУ. 88-баптың 4-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2000. 05. 31. N 3/2 қаулысымен.
89-бап
- Қазақстан Республикасында жергiлiктi маңызы бар мәселелердi тұрғын халықтың өзi шешуiн қамтамасыз ететiн жергiлiктi өзiн-өзi басқару танылады.
- Жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды тұрғын халық тiкелей сайлау жолымен, сондай-ақ халық топтары жинақы тұратын аумақты қамтитын селолық және қалалық жергiлiктi қауымдастықтардағы сайланбалы және басқа жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырады.
- Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет тәртібiн заңмен белгiленген шекте азаматтардың өздерi белгiлейдi.
- Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының дербестiгiне олардың заңмен белгiленген өкiлеттiгi шегiнде кепiлдiк берiледi.
Адам құқықтарын сақтау
1 Бөлім Адамның қадір-қасиетін қорғау:
a. Өз бетінше немесе заңсыз өмір қиюдан сақтау
13 ақпан күні Алматының қаласынан шеткері жерде денелеріне тиген оқтан қаза тапқан оппозиция жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлы, оның оққағары Бауыржан Байбосын және жүргізушісі Василий Журавлев табылды. Ресми тергеудің нәтижесінде күдікті 10 адамға кісі ұрлады және өлтірді деген айып тағылды. Күдіктілердің ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) арнайы тобының бес мүшесі болды. Үкіметтің өтініші бойынша шетелдік құқық қорғау агенттігі тергеу барысында техникалық жәрдем көрсетті. Талдықорғандағы жергілікті сот 31 тамыз күні айыпталушылардың барлығын кінәлі деп тапты. Сот Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) бұрынғы қызметкері Рустам Ибрагимовты өлім жазасына кесті, бірақ ол өлім жазасына қойылған мораторий күшін жойғанша түрмеде отырмақ. Қалған айыпталушылар 3-тен 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды. Жоғарғы сот 8 желтоқсан күні үкімдерді күшінде қалдырды. Оппозиция жетекшілері Алтынбек Сәрсенбайұлы саяси себептермен өлтірілді деп, сот барысы мен оның алыс жерде өткенін қатаң сынға алды. Дәлелдемелер айыпталушылардың қылмысқа қатысын анық көрсетті, бірақ сот басқа адамдар мен жоғары лауазымды үкімет қызметкерлерінің өлтіруге себепкер болуы немесе тапсырыс беруі ықтималдығын одан әрі тергеген жоқ. Сенат аппаратының бұрынғы басшысы Ержан Өтембаев кейінірек өзі бас тартқан мойындамасында Сәрсенбайұлын жұртшылық алдында жеке басын төмендеткені үшін кек алу мақсатында өлтіруге тапсырыс бергенін айтты.
Әскердегі әлімжеттік соңы кісі өлтіру, өзіне қол жұмсау және ауыр жарақаттануға әкеп соққан өзекті мәселеге айналды (1. б. бөлімін қараңыз) . 2006 жылдың бірінші жартысында Бас прокуратура әскери борышын өтеп жүрген алты адамның өз өмірлерін өздері қиғанын мәлімдеді. 2005 жылы осындай 26 оқиға тіркелген-ді. Әскер қатарына жаңадан қосылған Аманжол Ахметов 4 ақпанда күзет міндетін атқару кезінде қаза тапты. Ресми тергеу мәлімдемесінде Ахметов күзет орнын белгісіз себеппен тастап, басқа бір жауынгерден пулемет тартып алып, өзін-өзі атып өлтірді делінген. Ахметовтың өлімі әскердегі әлімжеттіктің кесірінен болды деп сенген оның ата-анасы мен Жауынгерлер аналары комитеті оқиғаның одан әрі тергелуін талап етті.
Кіші сержант Адалықов әскер қатарына жаңадан қосылған Асылбек Әбдіковті 2005 жылы қараша айында өлтірді деген айыппен 15 ақпанда алты жылға бас бостандығынан айырылды. Әбдіков Адалықовтың тамағына берген соққысынан қайтыс болды. Әскери бөлімшедегі шені жоғары офицерлер де тәртіптік жазаға тартылды. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданындағы Дархан шекара күзет бөлімшесінің жауынгерлері 22 қараша күні әскер қатарына жаңадан қосылғандарды екі күн бойы ұрып-соғып, ұйықтатпай, жәбірлеген. Он сегіз жауынгер жарақат алып, олардың біреуі алған жарақатынан қайтыс болды. Бұл оқиғаны Ішкі істер министрлігінің жергілікті әскери тергеу бөлімінің басшысы хабарлады. Қылмыстық тергеу жыл аяғында әлі жүріп жатты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz