ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ҚОР БИРЖАЛАРЫ



Пән: Полиграфия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ҚОР БИРЖАЛАРЫ
Құнды қағаздар - тарихы мен мәні
Бағалы қағаздар орта ғасырлардан бастап қолданыла бастады. Сол кезеңдегі
ұлы географиялық жаналықтардың ашылуымен байланысты, сауданың аясы кеңіді,
ал осы мүмкіндіктерді пайдаланып, қалғысы келген кәсіпкерлерге ірі капитал
сомасына деген қамсеттілк туды. Оның үстіне, теңізден шалғай нарық пен
шикізат көзіп игерумен байланысты орындалатын шығындарды жекелеген адамдар
көтере алмайтын да еді. Нәтижесінде ағылшын, голландық компаниялары
акционерлік қоғамы Ост-Индия, Гудзон бұғазы компапияларымен сауда жасаумен
байланысты дүниеге келді.

Miнe осылар - бағалы қағаздарды бірінші шығарған ірі компаниялар болды.
Олардың акциялары бүгінгі күнге дейін Лондон мен Торронто биржаларында
сатылуда. XVI-XVII ғғ. Англиядағы акционерлк компаниялар, капиталды көп
қажет ететін көмір өндірісін қаржыландыру үшін де ұйымдасқан болатын.
Сол кездегі Лондондық брокерлер, келісімді тікелей көлемде немесе
кафелерде жасаған. Осыдан да болар көше рыногы деген атқа ие болуы.
Өнеркәсіп төңкерісінің басталуы, ірі өңдеуші өнеркәсіп орындарының
құрылымымен байланысты, акцияны сату - кең өріс алды. Бұған жауап ретінде
лондондық брокерлер 1979-жылы королеваның иелігінің бір бөлігінің біріп
жалға алды. Сойтіп, тқңғыш рет лондондық қор биржасы дүниеге келді. Көше
рыногымен қатар ұйымдасқан рынок тез даму алды. Ол, алғашқы американдық қор
биржасы - 1779 жылы Филодельфияда пайда болды, ал, 1972 жылы бұған пара-пар
бүгінде әлемге әйгілі Нью-Йорк биржасы құрылды.
Бүгінгі таңда дүниежүзінің 60-тан астам елінде шамамен 200 биржа бар.
Солтүстік Америкада - 15 биржа (канадалық бесеуін қосқанда), еуропада -100-
ден астам, Орталық және Оңтүстік Америкада - 20, қалғандары Африка, Азия
және Австралияда. Дамыған капиталистік елде кем дегенде бір-бірден биржа
бар. Биржалар жаңадан дамып келе жатқан индустриалды мемлекеттерде бар. 31
биржа халықаралық қор биржаларының федерациясына кіреді. Бұл федерацияның
мақсаты - барлық акционерлер үшін бірдей құқықпен қамтамасыз ету және
бағалы қағаздар нарығының құрылымын үйлестіріп отыру болып табылады.
Бастапқыда биржалар акциялар сатумен емес, үкімет пен теміржол компаниялары
шығарған облигацияларды сатумен шұғылданады. Олар болса, ірі машина
өндірісінің инфрақұрылымын құруға қажетті қаражатқа мұқтаж болатын. Ѳткен
ғасырдың аяғынан бастап, акционерлік меншіктің кеңінен дамуы, биржаларды
акциялар сатуға мамандандырады да, облигациялармен жұмыс - көше нарығына
ауысты.
XIX - ғасырдың 60-жылдары тағы бір маңызды оқиға болды. Германияда
ауыр өнеркәсіпті дамытуға шығарған бағалы қағаздармен делдалдық
операцияларды жүргізуді универсалды инвестициялык банктер өз қолдарына
алды.
Ресейге брокерлік бизнес осы Германиядан келді (аз мѳлшерде
Франциядан). Маклер, биржа, акция деген ұғымдар - осындай финанс
инвестициясының тәжірбиесімен бірге санаға енді.

Құнды қағаз нарығы оның басты негіздері
Сонымен бағалы қағаздар нарығы дегеніміз не? Ол қаржы нарығының
бір бөлігі екен. Қалған бѳлігін банк қарызы нарығын құрайды. Банк - шын
мәнінде коммерциялық банк болса (мемлекеттік мекеме емес) қарызды бір
жылдан астам уақытқа өте сирек береді. Ал бағалы қағаздарды
шығара отырып, олардан түсетін ақшаны ондаған жылдар бойы
пайдалануы мүмкін. Қаржы нарығын осылайша бөлу -капиталдың
айналмалы және негізгі болып бѳлінуімен байланысты. Бағалы
қағаздар нарығы, банктың несие жүйесін толықтырады, өзара байланыста
әрекет етеді. Мысалы, коммерциялық банктер, бағалы қағаздар
нарығында аралық қызмет атқарушыларға - жаңадан шығарылған
бағалы қағаздарға жазылу үшін қарыз береді, олар банктерге артық бағамен
сату үшін бағалы қағаздардың бір блогын береді.
Бағалы қағаздар нарығының маңызды белігі - ақша нарығы болып табылады.
Онда қысқа мерзімді қарыз міндеттемелері бар қазыналық вексельдер айналыста
болады. Ақша нарығы, қолда бос тұрған ақшаларды, мемлекетке берудің икемді
жолын қамтамасыз етеді, сөйтіп корпорациялар мен жеке адамдардың уақытша
бос ақшалармн табыс табуға, пайдалануға мүмкіндік жасайды. Онсыз толыққанды
қаржы нарығының орын алуы мүмкін емес, Барлық нарықтар сияқты, бағалы
қағаздар да нарықты сатып алу, сатумен байланысты экономикадық қатынастар
жүйесін құрайды. Нарықтың мөлшері - қоғамдық еңбектің мамандануы
дәрежесімен тікелей байланысты.
Бағалы қағаздар нарығы - тікелей алғашқы және кайталама нарықтап
тұрады. Алғашқы нарықта - мемлекеттік және муниципалды облигациялар,
сол сияқты акциялар, облигациялар эмиссия жүзеге асырылады. Оны
қаржылық және қаржылық емес тұлғадағы әр қилы акционерлік компаниялар
шығарады. Алғашқы нарықта бағалы қағаздардың тікелей инвесторлары:
коммерциялық және инвестициялық банктер, биржа фирмлары, сақтандыру
компаниялары, зейнетақы қорлары, қаржылық емес корпорациялар және жеке
адамдар (жеке инвесторлар). Олар биржа фирмалары мен
инвестициялық банктер арқылы акциялар мен облигациялар
сатып алады. Бағалы қағаздардың қайталама нарығы – эмитент бағалы
қағаздарды, орталықтанған немесе орталықтанбаған сатып алу мен
сатуды түсіндіреді. Бағалы қағаздар спецификалық тауар, барлық
тауар сияқты тұтыну құны мен бағасы бар. Бағалы қағаздардың тұтыну құнының
мәні – белгілі дәрежеде табыс келтіреді, яғни, пайыз (облигациялар бойынша)
және дивиденд (акциялар бойынша) төлегенде, сонымен қатар
бағалы қағаздардың құн курсының өсуі нәтижесінде келетін табыстар.

Құнды қағаздар түрлері және мәні
Бағалы қағаздардың өздері туралы айтар болсақ, оның үш түрі бар. Олар:
ақшалар, облигациялар және олардан туындайтын қағаздар.
Акцияларды корпорациялар шығарады, акциялар шығарудың өзі -
корпорациялар ұйымдастырудың әдісі. Акцияны ұстаушы корпорация мүлігінің
бөлігіне иелік ететін болады. Корпорациялар акцияларды шығарып, ірі
инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, сөйтіп қаржы қуаттылығы артады.
Акция иесі корпорация пайдасының бір бөлігін дивиденд ретінде алады.
Облигацитарды корпорациялар да, үкімет те шығарып отырады. Облигация
шығарушылар белгілі бір мерзімге (қарызды) және қарыз пайызын төлеуге
міндеттенеді. Ол қарыз арқылы алынатын пайданың бір бөлігі. Дивидендтен
пайыздың өзгешелігі тұрақты әрі банк ставкаларының
өзгерісіне тәуелсіз. Сондықтан да, облигацияларды, белгілі бір табыс
әкелетін бағалы қағаздар деп атайды. Әдетте бір табыс қарызының қызмет
мерзімі бойынша бірдей үлеспен төленеді.
Акция мен облигациялардың инвестициялық сапасы бірдей емес, яғни,
инвесторлар үшін тартымдылыгы әр түрлі Облигациялар, әдетте акцияларға
қарағанда жинақы, сақтау кепілдігі молырақ. Әсіресе, мемлекеттік
облигациялардың толем қабілеті өте жоғары. Бағалы қағаздардың басқа да
түрлері бар. Мысалы, ордерлер - қозғалмайтын мүліктерге қатысты: бағалы
қағаздар, опциондар, фьючерлік келісімдер. Олар тәжірибелі инвесторлар үшін
де, алып сатарлар үшін де тартымды. Инвестицияның сенімділігі мен табыс
әкелу тұрақтылығы тұрғысынан ең сапалысы - мемлекеттік облигациялар,
әсіресе - қазыналық билеттер. Олардан кейінгі жеке облигациялар және ірі
компаниялардың көп дауысты акциялары. Белгісіз жаңадан ұйымдасқан
фирмалар шығарған акциялар сапасы төмен дәрежеге жатады.
Осыған қарамастан АҚШ-та 120 миллион қызметкердің 47 миллионы
акционерлер болып табылады. Осыншама адамды қамтитындай акциялардың қандай
тартымдылық күші бар? Біріншіден, болашақта ескі инвестициялардың еселеп
өсуімен байланысты. Айталық бір акцияны 100 долларға сатып алдыңыз дедік,
ал он жылдан кейін, егер кәсіпорын жақсы жұмыс істейтін болса, ол акция
1000 доллар табыс әкеледі.
Екіншіден, акция ұстаушыларга оның қатаң заңды нормасының
болмағандыгына қарамастан, дивиденд тѳленіп отырады.
Үшіншіден, акцияны ұстаушының дауыс беру құқы бар және кәсіпорын иесі
ретінде басқадай да құкықтары бар.
Тѳртіншіден, акцияларды сатып жіберу өте жеңіл.
Акционер - кәсіпорынның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биржалық қызмет бағдарлары және Қазақстандағы қор биржалары
Қор биржасының мәні мен міндеттері
Биржа ісін талдау
Қазақстан Республикасының қор биржасының қызметін ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктері
Қор биржасы және оның қызметтерi мен құрамы жайлы
Қор биржасы және оның қызметтерi мен құрамы
Қазақстан Республикасының қор биржалары
Қор биржасының айналымындағы бағалы қағаздардың түрлері
Бағалы қағаздар нарығының мәні мен қалыптасуы
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы мен дамуы
Пәндер