ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН РЕТТЕУ


51 ҚҰНДЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТ ТАРАПЫНАН РЕТТЕУ
Мемлекет құнды қағаздар нарығына келесі бағыттар ықпал жасайды:
- Мемлекет мекемелері құнды қағаздар нарығын реттеп ұйымдастыратын заң жүйесін қабылдайды. Бұл заңдар:
а) ақционерлік қоғамдардың қалыптасу тәртібін анықтайды және реттейді;
ә) құнды қағаздарды шығару тәртібін және ақцияны щығаруға рұқсат алу түрлерін анықтап реттейді;
б) құнды қағаздармен жүргізілетін оперыцциялардан түсетін пайдаға салық кесімдерін реттейді
г) биржаның қызметін және құнды қағаздармен жүргізілетін операциялар түрлерін анықтап реттейді.
2. Мемлекет мекемелері нарық субьектісі ретінде құнды қағаздар нарығына шығады. Қаржы ресурстарын жинау үшін мемлекет облигациялар, қазыналық міндеттемелер (қысқа мерзімлік облигациялар ) сияқты құнды қағаздарды айналымға шығарады.
3. Орталык банкінін ақша-несие саясаты арқылы құнды қағаздар нарыгына ықпал жасайды. Басқаша айтқанда, қор нарығындағы жагдай айналымдағы ақша көлемін реттеумен жэне несиені колдау немесе ірку саясатымен тығыз байланысты. Орталық банк коммерциялық банкілердін ақша резервтерін бастауы да, тоқтауы да мүмкін. Ақша массасын қысқа мерзімде реттеу үшін Орталық банк қазыналық міндеттемелерді сатады немесе қайта сатып алады. Құнды қағаздардың бұл түрін коммерциялық банкілерден басқа ірі фирмалар, зейнетақы қорлары, сактандыру компаниялары сатып апады. Облигацияларды сатып алғанда олар кебіне чек түрінде төлейді. Орталық банк бұл чектерді төлеуге коммерциялық банкіге ұсынады, сондықтан олардың төлем қорлары белгілі сомаға қысқарады.
Бұл облигацияларды Орталық банк сатып алғанда коммерциялық банкілердің резервтері өседі. Нақгы экономикалық жагдайга байланысты мемлекеттік қағаздар сатылады немесе сатып алынады. Мысалы, елде жұмыссыздық деңгейі жоғары болса, онда Орталык банк ашық нарыққа шығып мемлекегтік қағаздарды коптеп сатып алады жэне сонымен бірге резервтерін арттырады. Бұл, өз кезегінде, ақшаны арзандатады, несие алу жеңілдейді, іскерлік белсенділігі артады, , инвестиция өсіп, жаңа жұмыс орындары ашылады. Құнды қағаздар нарыгына Орталык банкінің есептеу проценті де әсер етеді. Орталық банк басқа банкілерге несие бере алады. Бұл «міндеттемелерді есептеу» деп аталады. Есептеу кесімін (ставкасың), яғни қарыз төлемін төмендетіп Орталық банк міндеттемелер есебін қолдайды, оны көтеру арқылы банк бұл ұмтылысты әлсіретеді. Есептеу ставкасы жоғарылаган кұні процент кесімі өседі, ал акциялар мен облигациялар курсы темендейді және керісінше, есептеу ставкасы төмендегенде акциялар мен облигациялар курсы өседі. Міндетті резерв қорларының нормасы да кұнды қағаздар нарығына ықпал жасайды. Орталық банк несиені тез қыскарту ушін міндетті резерв нормасын өсіреді. Ал егер несиені кеңейту қажеттігі туса, онда. Орталық банк резерв нормасын қысқартады. Несие кеңейгенде қарыз проценті төмендейді, акша, алу жеңілдейді. Осындай іс-әрекеттің нәтижесіңде, акциялар мен
облигациялардьң проценті банк процентінен жоғары болса,
олар күрт көтеріледі.
Резерв нормасы өскен болса, онда акша алу қиындайды, карыз проценті өседі, ал облигациялар мен акциялардың төлем проценті төмен болса күрт төмендейді.
Бірақ банк резервтерін өзгерту қаржы саясатының өте қуатты құралы екенін естен шығармаған жөн. Сондықтан Орталық банк міндеттемелерді есептеу және қысқа мерзімдік облигацияларды сату сияқгы емес, резерв нормасын өте сирек - екі-үш жылда бір рет қана өзгертеді.
Орталық банктің кұңды қағаздар нарығына ықпал жасау жолымен акцияларды сатып алуга, несие беруге де болады. Мысалы, АҚШ-та Федералды резерв жүйесі акция сатып алушылар үшін міндетті түрде өз қорынан төленетін қаржы нормасын белгілейді; ал калған соманы олар несие арқылы төлей алады екен.
Құнды қағаздар нарығына мемлекет бюджетінің ташлығы да әсер етеді. Бюджет тапшылығын толтыру мақсатында мемлекет облигациялар шығарады. Осыған байланысты мемлекет қарыз процентінің төмен болуына мүдделі келеді. Банк проценті төмен болғанда мемлекеттік қағаздарды арзан процентпен орналастыруға болады. Процент нормасын төмендету үшін айналымдағы ақша массасын арттыруға тура келеді. Ал бұл болса, жоғары процентпен шығарылған акциялар мен облигациялардың курсын өсіретін болады. Бұл болуы мүмкін бір ғана жағдай.
Банкілердің, корпорациялардьщ және тұрғындардың қолында өзгермелі процентті облигациялар өте көп жиналган жағдайда мемлекет қарыз бойынша процент денгейін төмендетіп ұстап тұру үшіп женіл несие алу саясатын жүргізеді. Мұндай іс-әрекет бұның алдында келтірілген жағдайға ұқсас, жоғары процентті акциялар мен облигациялардың курсын котеруі мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz