Қазақстанның экономикалық жүйесінде нарықтық институттың пайда болуы


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Құнды қағаздардың қазіргі түсінігі, мәні, құнды қағаздардың спецификалды ерекшеліктері, құнды қағаздармен байланысты құқықтық қатынастар.

Қазақстанның экономикалық жүйесінде нарықтық институттың пайда болуы құнды қағаздың экономикалық және заңды құрылымы, сондай-ақ заңды режимінің өзекті тақырыпқа айналуына себеп болды. Осылайша, құнды қағаздардың құқықтық түсінігі отандық және шетелдік заңгер ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Олар, мысалы: Агаркова М. Л, Шернешевич Г. Ф, Нерсесова Н. О және т. б. Құнды қағаздардың нарығы және оның обьектілері қазақстандық заңгерлермен де зерттеліне бастады және олардың ішінде профессор Басин Ю. Г ерекше орын алады.

Азаматтық құқықтың обьектілерінің бірі құнды қағаздар. АК-ның 129-бабында оған мынадай анықтама берілген: мүліктік құқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы, сондай-ақ оның жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын құжат . Бұндай анықтама құнды қағаздың классикалық түсінігі болып табылады. Құнды қағаздарға акциялар, облигациялар және құнды қағаздың АК-пен және ҚР-ның өзге де заң актілерінде айқындалған өзге де түрлері жатады. Құнды қағаздардың мынадай түрлері бар:

  1. Құжатты және құжатсыз;
  2. Эмиссиялық және эмиссиялық емес;
  3. Атаулы, ұсынбалы және ордерлік құнды қағаздар болып бөлінеді.

Құнды қағаздардың спецификалды ерекшеліктерін қысқаша былай сипаттауға болады:

1) Құнды қағаз оның иеленушісінің мүліктік құқығын куәландырады;

2) Түрі мен мазмұны заң талаптарына қатаң бағынатын құжат;

3) Құнды қағаздағы құқықты жүзеге асыру үшін оны көрсеткенде не бергенде ғана құқық іске асырылады.

Құнды қағаздар, ең алдымен, мүліктік құқықтарды куәландырады, бұл, атап айтқанда, олардың құндылығын айқындайды. Құнды қағаздар рыногы, шын мәнінде, мүліктік құқықтар рыногы болып табылады.

Құнды қағаздардың мазмұны заң актілерінде көрсетілген талаптарға сай келуі тиіс. Яғни, міндетті реквизиттер мен белгіленген нысандарды сақтауы тиіс. Құнды қағаздардың міндетті реквизиттері арнайы нормативтік құқықтық құжаттарынды көрсетілген. Оларға мыналар жатады:атауы, сериясы, нөмірі, өтініш жасау мерзімі, субьектілердің құжат бойынша көрсетілген міндеттері, номиналдық құны, кіріс көлемі немесе марапаттау, құжат бойынша орындалу орны мен басқа да талаптар, шарттар болып табылады. Құнды қағаздардың міндетті реквизиттерінің болмауы немесе құнды қағаздың ол үшін белгіленген нысанғы сай келмеуі оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады.

Ең ақырында, құжаттық құнды қағаздарды ұсынғанда ғана құнды қағаз куәландырған құқықтарды жүзеге асыратын болады. Алайда, заң құжаттарында көзделген реттерде құнды қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру және беру үшін арнайы (жай немесе компьютерленген) тізілімде бекітілген құнды қағаз шығаруды жүзеге асырушы және онда айтылған міндеттемелер бойынша, сондай-ақ құнды қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын құнды қағаздар рыногына кәсіпқой қатысушылардың жауап беретін адамы - эмитенттің айғағы жеткілікті.

Құнды қағаздардың тағы бір ерекшелігі - олардың жария анықтығы, ол міндеттеменің негізгі болмауын не оның жарамсыздығын сылтауратып, құнды қағазбен куәландырылған міндеттемені орындаудан бас тартуға жол бермейді. Бұлайша бас тарту заңда көзделген негіздерде ғана, атап айтқанда, жалған құжат не жалған құнды қағаз жасау кезінде ғана кездесуі мүмкін.

Құнды қағаз куәландырған құқықтарды жүзеге асыру үшін оны ұсыну қажет. Бұл арада заңсыз иесінің құнды қағаз бойынша міндеттемені орындауды талап ету құқығы болмайды. Ұсынылатын құнды қағаздар бойынша міндеттеменің орындалуын талап ететін адам оның заңды иесінің қолдауын пайдаланады.

Ордерлік немесе ұсынбалы құнды қағаздар жоғалатын жағдайда ол заңды иесінің өтінішімен сот арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Бұл жағдайда жоғалған құнды қағаз жарамсыз деп танылады. Құнды қағаздарды шығару және пайдалану жөніндегі қатынастарды АК (Жалпы бөлім), 2003 ж. 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар рыногы туралы заң; «Акционерлік қоғамдар туралы заң»; «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы жарлық; басқа да заңдар, құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның өзге де нормативтік құқықтық актілері, басқа да заңға сәйкес актілер реттеп отырады.

Құнды қағаздармен байланысты құқықтық қатынастар мүліктік құқықтың пайда болуында да теориялық қана емес, сондай-ақ практикада азаматтық-құқықтық қатынастарды іске асыруда үлкен маңызға ие.

Құнды қағаздармен байланысты құқықтық қатынастар классикалық теория бойынша азаматтық айналымда мәміле арқылы пайда болады. Құнды қағаздардың мәтінінде мәміленің шарты анық және толық көрсетіледі. Құнды қағаздарды шығарушы тұлға құнды қағазды иеленуші тұлғаға займ қатынасы бойынша және мекеменің инвестрленуі жағдайында не басқа да жағдайларда шартқа отырады. Егер екінші жақ, (құнды қағазды қабылдаушы) құнды қағазды қабылдаса, онда шарт жасалды деп есептеледі.

Қандай заңды факт құнды қағаздардағы құқықтың пайда болуының алғышарты бола алады деген сұрақтың 4 теориясы бар:

  1. Келісім теориясы, ол бойынша бұл құнды қағаздағы құқықтар осы келісімді жасаушы тұлғалар арасында пайда болады, яғни шарт құрушы тұлға және оны қабылдаушы.
  2. Эмиссиондық теория, ол бойынша келісім жасау арқылы емес, біржақты ерікті білдіру арқылы, яғни шартты құрастырушы тұлғаның еркі көрсетіледі.
  3. Креационды теория, ол бойынша құнды қағаздағы құқықтың пайда болуы біржақты мәміле негізінде жүргізіледі. Егер құнды қағаз жоғалтылса, онда құнды қағазды құрушы тұлға міндеттерінен босатылады. Құнды қағаз бұрын тіпті айналымға заңсыз енгізілгеніне қарамастан оны тауып алушы тұлғада талап қою құқығы болады.
  4. Немістік немесе германдық теориябойынша құнды қағаздағы құқықтың пайда болуының негізі ретінде құнды қағазды құрастырушы мен бірінші адал иеленуші тұлға арасындағы келісімді растайтындығы болып табылады.

Бұдан қорытынды, яғни келісім және эмиссионды теория бойынша құнды қағаздағы құқық тек мәміле жасаушы тұлғалар арасында пайда болады, ол оны ұсынушыларда (көрсетушілерде) болмайды. Ал керісінше, креационды және немістік теория бойынша құнды қағаздағы құқықтар құнды қағазды ұсынушыларда пайда болып, олар талап ету құқығына да ие болады.

Құнды қағаз бойынша құқықтарды өзге тұлғаларға беру :

  1. Ұсынбалы құнды қағаздар бойынша, ұсынушыға құнды қағазбен куәландырылған құқықты басқа тұлғаға беру үшін құнды қағазды сол тұлғаға тапсыру жеткілікті.
  2. Атаулы құнды қағаздар бойынша, атаулы құнды қағазбен куәландырылған құқықтар талапты (цессияны) жеңілдету үшін белгіленген тәртіп бойынша беріледі. Құнды қағаз бойынша құқық беруші адам АК-тің 347-бабына сәйкес, яғни талап етуді берген бастапқы несие беруші жаңа несие берушінің алдында оған берілген талаптардың жарамсыздығы үшін жауап береді, бірақ бұл талапты борышқордың орындамағаны үшін бастапқы несие беруші жаңа несие берушінің алдында борышқор үшін кепіл болуды өзіне алғаннан басқа жағдайда, сондай-ақ егер АК-те немесе шартта өзгеше көзделмесе, жауап бермейді деген талапты орындау үшін емес, тиісті талаптың жарамсыздығы үшін жауапты болады. Атаулы құнды қағаз бойынша құқықтарды басқа адамға берген кезде берілетін қағаз жойылады, ал оның жаңа иесіне басқа құнды қағаз беріледі.
  3. Эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша құқықтар беру және солар бойынша құқықтарды растау ерекшелігі ҚР-ның заң актілерімен айқындалады.
  4. Ордерлік құнды қағаздар бойынша құқықтар бұл қағазға берілген жазу - индоссамент арқылы беріледі. Ордерлік құнды қағаз бойынша құқық беруші адам (индоссант), жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы ҚР-ның заң актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, құқықтың болуы үшін ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшін де жауапты болады. Құнды қағазда жасалған индоссамент құнды қағазбен куәландырылған барлық құқықтарды құнды қағаз бойынша құқықтар берілетін адамға - (индоссантқа) немесе соның бұйрығына ауыстырады. Индоссамент бланкілік болуы мүмкін (орындауға тиіс адам көрсетілмейді) . Құнды қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру, бұл құқықтарды индоссантқа бермей-ақ (сену индоссаменті) индоссаментке тапсыруымен ғана шектелуі мүмкін. Бұл жағдайда индоссант өкіл ретінде әрекет жасайды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік институт және процесс
Қазақстан Республикасы президенті өкілеттіктерінің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы президенттік республика ерекшеліктері
Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесі
МЕМЛЕКЕТТЕГІ ПРЕЗИДЕНТІК БИЛІК НЫСАНДАРЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Саяси бәсекелестік
Демократиялық режимнің белгілері
Әлеуметтік институттардың тұрпаттары мен міндетті қызметтері
ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТТЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕХАНИЗМІ
Қазақстан Республикасында президенттік институттың қалыптасу кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz