Құран – тұтастай тұңғиық ғылым



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

1. Құран Кәрім - Ислам дінінің негізгі көзі

2. Құран – тұтастай тұңғиық ғылым

3. Құран Кәрім ғажайыптары

4. Құран мен ғылым

Пайдаланылған әдебиеттер

Құран Кәрім - Ислам дінінің негізгі көзі

Құран Кәрім бұрыннан бар. Бұған “қадим” делінеді. Кейіннен жаратылған емес.
Мұны тура жолдағы Әһли сүннет ғұламалары сөзбірлігімен айтқан. Кәлами нафси
– Аллаһтың сөзі, яғни Аллаһу Та’аланың Кәлам сипаты дегенді білдіреді.
Кәлами лафзи де Аллаһтың сөзі, бірақ бұл Аллаһтың сипатынан емес,
жаратуынан пайда болған деген мағынаны білдіреді.

Құран Кәрімнің сөздері арабша. Алайда, бұл сөздерді құрастырған Аллаһу
Та’ала. Адамның туындысы емес. Құран Кәрімдегі арапша кәлималар Аллаһ
тарапынан құрастырылып аяттар түрінде реттеліп, Жәбірейіл атты періште оны
сол кәлима және әріптерімен пайғамбарымызға оқыған. Мұхаммед алейһиссалам
оны есітіп, жаттап алып дереу сахабаларға оқып берген. Аллаһу Та’ала Құран
Кәрімді араптар ішінде құрайыш тайпасының диалектісінде жіберген.

Құран Кәрім алғаш рет Қадір түнінде түсе бастаған. Бұл жиырма үш жылға
созылған. Ал Тәурат, Інжіл және басқа да кітаптар мен сахифалар бәрі бірден
түскен. Құран Кәрім Мұхаммед алейһиссаламның мұғжизаларының ең үлкені және
ол адамның сөзіне ұқсамайды.

Жәбірейіл алейһиссалам жылына бір рет келіп, сол кезге дейін түскен Құран
Кәрімді ләухул махфуздағы реті бойынша оқитын. Пайғамбарымыз оны тыңдап,
қайталайтын. Ол қайтыс болатын жылы екі рет келіп барлығын оқыды. Мұхаммед
алейһиссалам мен сахабалардың көпшілігі Құран Кәрімді толығымен жаттап
алған еді. Кейбіреулері біраз жерлерін жаттап, біраз бөлігін жазып алған
еді. Мұхаммед алейһиссалам дүниеден өткеннен соң халифа Әбу Бәкір
(радиаллаһу анһ) аяттарды жатқа білгендерді жинап, жазғандарын алдырып,
Зайд бин Сабит басқарған кеңеске Құран Кәрімді тұтастай қағаз бетіне
түсіртті. Осылайша, “Мусхаф” деген кітап пайда болды. Отыз үш мың сахаба
бұл мусхафтың әрбір әрпінің дұрыс екендігіне бір ауыздан куәлік берді.
Үшінші халифа Осман (радиаллаһу анһ) хижраның жиырма бесінші жылы сүрелерге
бөліп, тағы алты данасын жаздырып, Бахрейн, Шам, Мысыр, Бағдат (Куфа),
Йемен, Мекке және Мәдинаға жіберді. Қазір бүкіл әлемдегі мусхафтар осы
жетеуінен көбейтілген. Олардың арасында бірде-бір айырмашылық жоқ.

Құран Кәрімде 114 сүре, 6236 аят бар. Аят санының өзгертіліп айтылуы ұзақ
бір аяттың бірнеше қысқа аят ретінде көрсетілуінен немесе бірнеше қысқа
аяттың бір аят деп саналуынан немесе сүрелердің басындағы "бисмиллаһ"
сөзінің бөлек аят деп есептелуінен туындайды.

Құран Кәрімнің аудармасы және тәпсірі

Құран Кәрім ешқандай тілге, тіпті араб тіліне де аударылмайды. Құран
Кәрімнің мағынасын түсіну үшін оның аудармасын оқымау керек. “Аяттың
мағынасын түсіну” деген сөз “Аллаһу Та’аланың осы аятта не дегісі келгенін
түсіну” дегенді білдіреді. Бір аяттың аудармасын оқыған адам Аллаһу
Та’аланың бұл аяттағы мақсатын ұғына алмайды. Аударған адамның білім
деңгейіне қарай жазған мағынасын ғана оқиды. Надан, дінсіз адам жасаған
аударманы оқыған кісі Аллаһу Та’аланың айтқандарын емес, аудармашының
өзінше түсіндіргісі келгенін үйренеді.

Құран Кәрім – ахками илаһи (Аллаһтың үкімдері) болып саналады. Бұл –
Жаратқанның белгілеген заңдары деген сөз. Аллаһу Та’ала Құран Кәрімде
құлдарына бақытқа жету жолын көрсеткен және өзінің сөзін адамдардың ең
ұлысына жіберген. Құран Кәрімнің мағынасын тек Мұхаммед алейһиссалам
түсінеді. Басқа ешкім толық түсіне алмайды. Сахабалардың өзі араб тілді
бола тұра, кейбір аяттардың мағынасын түсіне алмай, оны Мұхаммед
алейһиссаламнан сұрайтын еді.

Хазіреті Омар (радиаллаһу анһ) бір күні бір жерден өтіп бара жатып
пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссаламның Әбу Бәкірге бір нәрсе түсіндіріп
жатқанын көреді. Олардың жанына келіп тыңдайды. Мұны басқа сахабалар да
көргенімен, олардың қасына келіп тыңдаудан тартынады. Олар ертеңіне
Омардан: “Ей Омар! Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) кеше сізге не
түсіндірді? Бізге де айтыңыз. Біз де білейік.” деп сұрайды. Өйткені,
Расулуллаһ: Менен есіткендеріңді діндес достарыңа айтыңдар. Бір-біріңе
хабарласыңдар деген. Омар (радиаллаһу анһ): “Кеше Әбу Бәкір радиаллаһу анһ
Құран Кәрімнен түсінбеген бір аяттың мағынасын сұрапты. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алейһи уә сәлләм) оған түсіндірді. Мен де бір сағат бойы
тыңдадым. Бірақ ешнәрсе түсіне алмадым” деп жауап береді. Өйткені,
Расулуллаһ оны Әбу Бәкірдің жоғары деңгейіне лайықтап түсіндірген еді.
Омардың (радиаллаһу анһ) дәрежесі де жоғары болатын. Бұл туралы
Пайғамбарымыз: Мен – пайғамбарлардың соңғысымын. Менен кейін пайғамбар
келмейді. Егер менен кейін пайғамбар келетін болса, Омар пайғамбар болар
еді деген. Осындай жоғары дәрежеде екендігіне, араб тілін өте жақсы
білетіндігіне қарамастан, Құран Кәрімнің тәпсірін де түсіне алмады. Ол да,
тіпті Жәбірейіл алейһиссаламның өзі де Құран Кәрімнің мағынасын
Пайғамбарымыздан сұрайтын. Абдулғани Наблуси “Хадиқа” кітабында:
“Расулуллаһ (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) Құран Кәрімнің толық тәпсірін
сахабаларға түсіндірген. Бұл туралы ұлы Ислам ғалымы Жалалиддин Суйути
айтады.” дейді.

Қысқаша айтқанда Құран Кәрімнің мағынасын тек Мұхаммед (алейһиссалам) ғана
түсінген және оны хадистерімен түсіндірген. Құран Кәрімге толық және анық
тәпсір жасаған адам – Мұхаммед алейһиссалам. Дұрыс тәпсір кітабы да - оның
хадис шәрифтері, оны ең жақсы түсінген адамдар да – сахабалар болды. Ислам
дінінің ұлы ғұламалары тынбай еңбек етіп, бар күштерін, өмірлерін осы
хадистерді жинап, тәпсір кітаптарын жазуға арнаған. Олардың ішіндегі ең
құндысы – “Бәйдәуи” кітабы. Бұл тәпсір кітаптарын түсіне білу үшін де
жылдар бойы оқу - жұмыс істеу керек.

Ислам ғылымы 20 бөлімнен тұрады. Олардың 80 саласы бар. Олардың бірі –
Тәпсір ғылымы. Бұл әрбір ғылым салаларының жеке ғалымдары мен кітаптары
бар. 80 ғылым саласын меңгергендер тәпсірлерді түсініп, басқа мұсылмандарға
түсіндіру үшін мыңдаған кітаптар жазған. Түркі тілінде жазылған “Мәуақиб”,
“Тибйан” және “Әбулләйс” атты құнды тәпсір кітаптары бар. Ислам дұшпандары,
бидғатшылар Құран Кәрімнің мағынасын бұзу үшін қате тәпсірлер мен
аудармалар жасауға тырысқан. Ондай улы кітаптарды оқығандар бидғат ауыруына
шалдығады. Құран Кәрімді және хадис шәрифтерді қате түсіну немесе оған
күмән келтіру адамның иманын кетіреді, күпірлікке түсінуіне себеп болады.

Құран Кәрімнің дұрыс, ақиқат мағынасын түсінуді қалайтын адам Әһли сүннет
ғалымдарының “кәлам”, “фиқһ” және “ахлақ” кітаптарын оқуы керек. Әһли
сүннет ғұламалары бұл ілімдерді Асхаби кирамнан үйренді. Олар да
пайғамбарымыздан есітіп үйренген.

Құран Кәрімнің басқа тілдердегі аудармалары Құран болып саналмайды. Олар
“Құран Кәрімнің түсіндірмесі” деп аталады. Олар маман, білімді мұсылмандар
тарапынан аударылса, оны оқуға болады. Оларды Құран деп оқуға болмайды.
Құран баламасы деп оқыса күнә болады. Мұсылмандар Құран Кәрімді Аллаһу
Та’аланың түсірген қалпында оқуы тиіс. Мағынасын білмей оқу да сауап
әкеледі. Мағынасын түсініп оқу, әрине, үлкен сауап.

Құран Кәрім латын немесе кирилл әріптерімен жазылмауы тиіс. Өйткені, бұл
әріптер Құран Кәрім дыбыстарын дәл бере алмайды. Сондықтан, мағынасы да
бұзылады. Қазіргі кезде көптеген адамның осындай қате аудармаларды және
латын (кирилл) әріптерімен жазылған түсініксіз кітаптарды “ана тілде Құран”
деген тартымды ұранмен жастарға ұсынып отырғандығы байқалады. Бұларға
алданып қалмау керек. Исламды үйренуді ондай кітаптардан бастамау керек.
Құран Кәрім аудармаларынан дініміздің үкімдерін үйрену мүмкін емес. Дінде
хадис, ижма және қияс арқылы шығарылған үкімдер де кездеседі. Бұл төрт
негіз “Әдилләи шарийа” деп аталады.

Құран Кәрімдегі мәліметтер

“Маудуат-ул-улум” кітабында: “Құран Кәрімдегі мәліметтер үш бөлімнен
тұрады.

Аллаһу Та’ала мәліметтердің бір бөлімін ешқандай құлына білдірмеген. Оның
өзін, есімдерін және сипаттарын өзінен басқа ешкім біле алмайды.

Екінші бөлім тек Мұхаммед алейһиссаламға білдірілген болып, оны да ұлы
пайғамбар мен оның мұрагері болған расих ғалымдардан басқа ешкім түсіне
алмайды.

Үшінші бөлім – Аллаһу Та’аланың Мұхаммед алейһиссаламға көрсетіп, оның
үмбетіне үйретуін бұйырған мәліметтері. Бұл мәліметтер де екіге бөлінеді.
Біріншісі, “қисас” және “ахбар”. Қисас - өткен үмбеттердің жағдайын
білдіреді. Ахбар – осы дүние мен ақыретте жаратқан және жарататын
нәрселерін білдіретін ғылым. Екіншісі, ақыл, тәжірибе және араб тілі
ғылымдары арқылы меңгерілетін ғылымдар болып табылады” деп көрсетілген.

Құран Кәрімді оқу

Мұсылмандар өздерінің қасиетті кітаптары – Құран Кәрімді түскен қалпында,
түпнұсқа түрінде, Аллаһу Та’аладан сауап күтіп оқуда.

Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бір хадисінде: Үмбетімнің
жасаған ғибадаттарының ең құндысы – Құран Кәрімді мусхафқа (кітапқа) қарап
оқу деген. Хазіреті Әли айтады: Намазда оқылған Құранның әрбір әрпі үшін
жүз сауап жазылады. Намаздан тыс дәретпен оқылса, әрбір әрпі үшін 25 сауап,
дәретсіз оқылса он сауап жазылады. (Алайда, Құран Кәрімді дәретсіз ұстауға
болмайды) Жүріп бара жатып немесе жұмыс істеп отырып оқылса, аз сауап
жазылады. Мағынасын түсініп, бір аят оқу – басқа нәрсені ойлап отырып,
бүкіл Құранды оқудан артық. Кейінгі кезде қарилердің музыкалық әуенмен
оқуы кездесіп жүр. Бұл үлкен күнә. Құран Кәрімді Аллаһу Та’аладан қорқып
отырып, мұңмен оқу керек. Сүре немесе аят оқығанда “әузу”-мен бастау уәжіп.
Басқа сүрелерді “Бисмиллаһпен” бастау сүннет. Құран Кәрімді тәжуид
қағидаларына сай оқу керек. Құранды басынан соңына дейін оқудың, яғни хатм
етудің сауабы өте үлкен. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) бір
хадисінде былай бұйырады: Ғибадаттың ең жақсысы – Құранды басынан соңына
дейін оқып, біткен соң қайта бастау. Тағы басқа хадис шәрифтерде: Құран
Кәрімді тәжуидке сай оқыған адамға шейіттің сауабы беріледі, Адамның
тыңдаған бір аяты қияметте өзіне нұр болады, Құран Кәрімді оқыған кезде
Аллаһу Та’аланың ризалығын және жұмақты тілеңдер! Дүниелік нәрсе
сұрамаңдар. Бір замандарда қарилар (Құран оқитындар) Құран Кәрімді
адамдарға жақындасу үшін құрал ететін болады, Құран Кәрімді түгел оқыған
адамның дұғасы қабыл болады делінген.

Құран Кәрімді оқыған кезде мына жайттарға назар аударылуы тиіс:

1) Дәретпен оқылуы тиіс (Қазіргі кезде кейбір дін адамдары “Құран Кәрімді
дәретсіз оқуға болады” деп айтып жүр. Шайтанның өкілдері болған ондай
кісілерге алданбау керек). Құбылаға қарап оқу керек.

2) Асықпай, мағынасын түсініп оқу керек. Мағынасын түсінбесе де ақырын оқу
керек.

3) Жылап отырып оқу керек.

4) Әр аяттың мағынасын сезіне отырып оқу керек. Бұл дегені, азап аяттарын
қорқумен, рахмет аяттарын әуеспен және тәнзиһ (Аллаһты төмен сипаттардан
ұзақ деп білу) аяттарын тәсбихпен (мадақтау) оқу дегенді білдіреді.

5) Оқуды "әузу-бисмиллаһпен" бастау керек.

6) Ақырын дауыспен, тәжуидке сай оқу керек.

7) Құран Кәрім – Аллаһу Та’аланың кәлам сипаты. Осыны назарда ұстап оқу
керек. Оқудан бұрын Аллаһу Та’аланың ұлылығын еске алып, ойлану керек.
Басқа нәрселерді ойламау, әр сөзге мән беріп оқу қажет.

Құран Кәрім ғажайыптары — Құран пайда болған кезде белгісіз болған, одан
көп кейін ғана ашылған ғылыми жаңалықтар Құранда айтылған еді деген
көзқарас. Кейде ғажайыптары деп Құрандағы араб тілінің ерекше
көркемділігіне қатысты да айтылады.

Зерттеулер барысында Құран Кәрімнің көптеген мұғжизалары әр түрлі қырынан
ашылуда. Солардың бірі Құрандағы ұғымдар тепе-теңдігі.

Құран Кәрімде кездесетін ұғымдар тепе-теңдігі

Дүние сөзі 115 жерде – Ақырет сөзі де 115 жерде кездеседі.

Періштелер жайлы 88 жерде – шайтандар жайлы 88 жерде айтылып өтеді.

Адамдар сөзі 50 жерде – Пайғамбарлар сөзі 50 жерде кездеседі.

Ізгілік (салах) сөзі 50 жерде – Бүлік, бұзақылық (фасад) сөзі 50 жерде
кездеседі.

Иблис жайында 11 мәрте – Иблистен сақтанып, Ұлы Аллаһқа сыйыну жайында 11
рет айтылып өтеді.

Мұсылмандар сөзі 41 жерде – Жиһад сөзі 41 жерде кездеседі.

Зекет сөзі 88 рет – Берекет сөзі де 88 рет кездеседі.

Мұхаммед сөзі 4 жерде – Шариғат сөзі 4 жерде кездеседі.

Әйел сөзі 24 жерде – Еркек сөзі 24 жерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланың құрсақ ішінде сабақ оқуы
Құран және ғылым
Әлемдік дін
Діннің мәні және оның шығу тегіне қатысты тұжырымдар
Мұсылман құқығының қалыптасуы
Тәрбие барысында діни мәдениетті қалыптастырудың негіздері
Құлшылық құпиясы
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨЗДЕРІ ЖАЙЛЫ
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨЗДЕРІ
Дін мен мәдениеттің арақатынасы
Пәндер