Құрбан айт - мұсылманның ең ұлық мерекесі


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Құрбан айт - мұсылманның ең ұлық мерекесі

Кіріспе

Ел мұсылмандарының көптен бергі тілегіне орай Құрбан айттың алғашқы күні мемлекеттік деңгейде ресми демалыс күні болып жарияланды. Бұл үшін Алла тағалаға сансыз мадағымыз болсын.

Бүгінгі тәуелсіз елімізде исламдық мерекелерді мемлекеттік деңгейде ресмилендіру, ол күндерді демалыс күндеріне айналдыру жөніндегі отандастарымыздың талап-тілегін мен мұнан 5 жыл бүрын Мемлекет басшысына жеткізгенмін. Бұл ой-пікірімізді 2001 жылдың қаңтарында Парламентте сөйлеген сөзімде де айтып, депутаттардың Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынысына қолдау білдіруін өтінгенбіз. Діни мерекелерді демалыс күн деп жариялау расында да пісуі жеткен мәселе еді.

Бұлай деуім негізсіз де емес. Күні кешегі дінді апиын санаған қызыл империяның алғашқы кезеңінде де діни мерекелер демалыс күні болып белгіленгені мәлім. 1921 жылы 5 наурызда Орынбор қаласында өткен сол кездегі Қазақстан Автономиялы Республикасының Орталық атқару комитетінің С. Меңдешев төрағалық еткен, халқымыздың А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов секілді біртуар перзенттері қатысқан Төралқасында "Мұсылмандардың мерекесі" мәселесі қаралып, Ораза айтқа 3 күн, Құрбан айтқа 3 күн, Наурызға 1 күн беру туралы қаулы қабылданған екен. Еліміз бұл діни мерекелерді 1926 жылға дейін тойлап келген. Кейін келе бұл аса ізгі де иманды шешім дінге жаппай шабуыл басталғанда асыра сілтеушілік салдарынан күшін жойған.

Бұрынғы басшылық тұсындағысынан хабарсызбын, ал Діни басқармаға біз келгелі соңғы бес жарым жылда Ораза айт пен Құрбан айтты мереке ретінде демалыс деп жариялау туралы отандастарымыздан хаттар түсуде. Дәл осындай тілек-ұсыныс бұқаралық ақпарат құралдарында да айтылып әрі жазылып келді. Бұрынғы одақ тарап, ел егемендігін алған соң бұрынғы жасанды кедергілер алынып, дінге деген көзқарас та, мемлекеттік саясат та өзгерді. Әрине, оңға қарай. Халық имандылыққа бет бұрды. Елбасымыздың өзі халқымыздың рухани мұраларына үнемі терең мән беріп, қолдап, дініміздің өркендеп, қанат жаюына жағдай жасап келеді. Бұған үлкенді-кішілі жиындарда, елді аралаған кездегі жер-жердегі халықпен кездесуінде айтқан жылуарлы сөздері мен пікірлері нақты дәлел бола алады. Құдайға шүкір, діндер мен халықтар арасындағы ынтымақ пен бірлікті сақтап, одан әрі дамыта түсу жөніндегі жүргізіліп отырған сындарлы саясат нәтижесінде Жер шарының әр бұрышынан қылаң беріп жатқан діни алауыздық пен қақтығыстан еліміз аман.

Қазір ел халқының 70 пайызға жуығы мұсылман. Ал қалған бөлігінің денін христиан дінін ұстанушылар құрайды. Олай болса осы негізгі екі діннің айтулы күндері мемлекет деңгейінде мерекеленіп жатуы заң және адамгершілік тұрғысынан да орынды деп санаймыз. Құрбандық шалудың түп-төркіні ислам тарихы бойынша мұсылманның түп атасы Ибраһим мен ұлы Исмайыл пайғамбарларға (ғ. с. ) барып тіреледі. Ибраһим тұңғыш ұлы Исмайылдың дүниеге келгеніне қатты қуанып, Алла тағалаға бұл нығметі үшін көп-көп шүкірлік білдіреді. Ол ер жетіп, жігіт болған шағында, Алла тағаладан әкесіне баласын құрбандыққа шалу туралы әмір келеді. Жалғыз ұлды құрбандық ету әкеге өте ауыр сынақ еді. Әке ұлына: "Балам, мен түсімде сені бауыздап жатқанымды көрдім", - деп оған Алла тағаланың әмірін жеткізеді. Перзенті батылдық танытып, ойланбастан: "Әке, өзіңізге бұйырылған істі орындаңыз. Инша Алла, мені сабырлылардан табасыз", - деді. Міне, бұл мықтылықтың, сабырлы, шыдамды болудың, бойұсынып, бағынудың үлгісі. Шайтан әке көңілін қаншама алаңдатып, жолдан тайдыруға тырысса да, әке-бала Алла тағаланың әміріне бағынды.

Әке пышақты баласының тамағына апарып, тартып қалды. Пышақ өткір болса да, өткен жоқ. Екінші рет тартты. Пышақ өтпеді. Ибраһим бұл іске таң қалып, басы қатып тұрғанында аспаннан бір періштенің: Ей, Ибраһим, сен түсіңді шынға жорып орындадың. Біз игілерді осылай жарылқаймыз", - деген дауысы естілді. Сөйтіп, Исмайыл құтқарылды. Періште Ибраһимге ұлының орнына құрбандыққа шалу үшін бір дәу қошқар әкелді.

Алла тағала:

Өздеріне пайдалы істерді көзімен көрсін, белгіленген күндерінде өздеріне ризық етіп берген малдарын Алла атымен құрбандыққа шалсын!" - дедік. Құрбандық етінен сендер де жеңдер. Мұқтаждарға, пақырларға беріңдер", - деп бұйырады ("Хаж" сүресі, 28-аят) .

Алла тағаланың әмірлерін орындау әрдайым ризашылығына жақындатып ақиретте сый-сияпатына кенелтеді, жүзі жарқын болып, сауабы молаяды. Бұл ақиқатты Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) : "Адам баласы Құрбан айт күнінде (құрбан шалып) қан ағызудан да сүйікті басқа іспен Алла тағалаға жақындаған емес. Қаны ағызылған мал қиямет күні мүйіздері, тұяқтары және жүндерімен келеді. Ағызылған қан жерге тамбай жатып, Алла тағаланың құзырында үлкенмақамға жетеді. Сондықтан құрбандарыңды көңіл ризашылығымен шалыңдар", - деп түсіндіреді.

Құрбандықтың мән-маңызы туралы хазреті Мұхаммед (с. ғ. с. ) : «Бірінші орындайтынымыз мерекелік намаз, содан соң құрбандық. Кім осылай істесе, біздің сүннетімізге ергені. Ал, кімде-кім бұдан бұрын құрбандығын шалса, оның жай кездегі отбасы қажеті үшін берілген еттен айырмашылығы жоқ. Бұл құрбандыққа жатпайды", - деген.

Құранның құптауы бойынша «Бисмиллә Аллаһу Акбар", "Алла атымен", "Алла ризалығы үшін" деп құрбандық шалынуға тиіс. Қасиетті Құранда:

"Біз барлық үммет үшін, өздеріне ризық етіп берілген малдардан, Алланың ғана атын атап ("Бисмиллә" деп), құрбандық шалуды бекіттік. Сендердің Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондықтан оған ғана бойұсыныңдар. Ықыластыларға қуанышты хабар бер", ("Хаж" сүресі, 34-аят) - делінген.

Қазақстан халқының басым бөлігін мұсылмандар құрайды. Мұсылмандар өзге дін, өзге ұлт өкілдеріне түсіністікпен, кұрметпен қарайды. Сахабалардың көпшілігі кұрбандық шалғанда қызметшілеріне: "Етті таратқанда көршіңнен баста, егер ол өзге дінде болса да", - дейтін.

Осылайша адамдарды бірін-бірінен бөтен еместігін насихаттайтын хақ дін

- Ислам әрдайым жақсылық жасау, әділ болуды жақтайды. Мұсылман үмметінің бетке ұстар кітабы Құран кәрімде:

"(Ал, кәпірлер ішіндегі) Сендермен соғыспағандарға, сендердің мекендеріңнен қуып шықпағандарға келсек, оларға жақсылық жасаудан, олар туралы әділ болудан Алла сендердің жолдарыңды тоспайды. Алланың әділ жандарды жақсы көретіні даусыз", ("Мүмтаһина" сүресі, 8-аят) - делінеді.

Шындығында Алла тағала біздің шалған құрбандарымыздың ағызылған қанына немесе етіне мұқтаж емес. Біздің сойған құрбандығымыздың қаны мен еті Алла құзырына жетпейді. Сіздер мен біздерден Жаратқанға жететіні ықыласымыз бен ниетіміз ғана. Бұл туралы Алла тағала:

"Әрине, Аллаға жететіні олардың еті де, қаны да емес, сендердің тақуалықтарың", ("Хаж" сүресі, 37-аят) - деп ескертеді.

Негізінде тақуалық - адамгершіліктен тыс істерге жетелейтін амалдарға бармай, Алла әміріне бойұсыну, өз нәпсін тізгіндеу. Бір хадисте: "Сахабалар Пайғамбарымыздан (с. ғ. с. ) : "Ей, Алланың елшісі! Тақуа қайда?" - деп сұрады. Ол (с. ғ. с. ) оң қолын көкірегіне қойып: "Мұнда", - деп көрсетті", - делінген. Құран кәрімде:

"Кім Алланың белгілерін ұлықтаса, күдіксіз ол, жүректің тақуалығынан", ("Хаж" сүресі, 32-аят) - делінген. Аятта "Алланың белгілері" дегенде Ислам дінінде көзге көрінетіндей дәстүрге айналған амалдар деп түсіндіріледі. Бұл жерде құрбандыққа шалынатын мал айтылған. Сондықтан кұрбандыққа сойылатын малды күту, оны жақсы бағу, бауыздағанда шариғаттан ауытқымау тақуалықтан.

Сондай-ақ тақуалық тек іс-әрекетімізге ғана емес, ішкі жан-дүниемізге де байланысты.

Алла тағала қасиетті Құранда тақуалықты:

"Ізгілік деген тек жүздеріңді шығысқа немесе батысқа қаратып, құлшылық ету ғана емес. Ол - Аллаға, қиямет қайымға, періштелерге, кітапқа, пайғамбарларға сену, иман келтіру. Содан соң (олардың кім екеніне қарамай, ) жақындарға, жетімдерге, міскіндерге, мүсәпір-жолаушыға, қайыршыға және құлдарды азат етуге шын ниеттерімен көмегін аямағандар, намаз оқу, зекет беру, уәдеде тұру, кедейлікке, кемтарлыққа және (Құдай үшін) күреске шыдау, міне, осылар нағыз ізгілік. Тақуа деп, міне, осындайларды айтады", ("Бақара" сүресі, 177-аят) - деп ашық баяндаған.

Мейрам айт намазынан басталады

Жұма намазы парыз болған кісілерге айт намазын оқу - уәжіп. Шынында, жұма намаз парыз болғандарға айт намазын оқу уәжіп. Әбу Дәуд Әнас ибн Мәліктен риуаят еткен мына хадис екі ракаат намазын оқуға негіз болады: "Расулуллаһ (с. ғ. с. ) Мединеге келгенде қаладағы тұрғындардың ойнап-күлетін екі мейрамы болатын. Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) : "Бұл қандай күн?" - деп сұрады. Олар: "Иә, Расулалла бұл біздің жаһилиет заманындағы ойнап-күлетін

мейрамдарымыз еді", - деп жауап берді. Содан кейін Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) : "Шынында Алла тағала бұл екі мейрамды бұдан да жақсы екі мейрамға ауыстырды, бұл Ораза айт пен Құрбан айт" - деді. Жұма намазындағыдай айт намазының да шарттары бар.

Айт намазының уақыты шариғат үкімі бойынша күн найза бойы көтерілгенше, яғни күн шыққаннан 15-20 минөт өткен соң. Жундуб (р. а. ) мына хадисті риуаят етеді: "Біз Пайғамбарымызбен (с. ғ. с. ) бірге ораза айт намазын күн екі найза бойындай болғанда оқыдық, ал құрбан айт намазын күн бір найза бойы көтерілгенде оқыдық", - деді.

Құрбан айт намазына тездетіп баруды ғалымдар мұстахаб санайды. Құрбан айт намазын ертерек оқу, яғни түске жақындатпай оқу абзал.

Айт намазы екі ракаат. Ол кұтпадан бұрын азансыз, қаматсыз оқылады.

Себебі ол Пайғамбарымыздан (с. ғ. с. ) қазірге дейін келе жатқап сүннет.

Айт намазында екі құтпа оқылады және екі құтпаның арасында жұма намазында отырғандай отырады. Құтпаның басында кемінде 3 рет "Аллаһу әкбар" деп тәкбір айту мұстахаб (тәкбірді көп айту артықтық етпейді) .

Айт намаздарының басында немесе соңында сүннет намаздары оқылмайды. Бухари мен Муслим және басқалары ибн Аббастан (р. а. ) төмендегі хадисті риуаят етеді: "Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) айт күні шығып екі ракаат айт намазын оқыды, оның алдында немесе соңында ешқандай намаз оқымады".

Құрбан айт күндері тәкбір айту - уәжіп. Өйткені Алла тағала Қасиетті Құран кәрімде: "Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкіршілік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар", ("Бақара" сүресі, 185-аят) - деген.

Құрбандық шалу - маңызды амал

Айт күндері мүмкіндігі бар мұсылмандар үшін қүрбандық шалу бүгінгі мерекенің маңызды амалы. Сондықтан бұл мерекелік сәт арабтарда Ид әл-Адха - бізде құрбандық шалу мерекесі яки Құрбан айт деп аталады.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с. ғ. с. ) хадис шарифінде:

"Арафа, құрбандық шалу және ташриқ күндері мұсылмандар үшін мереке", - делінген.

Құрбандық күні (яғни, одан бір сағат та, бір күн де бұрын емес) өзінің және жас бала-шағаларының атынан шалады. Оны Имам Әбу Ханифа, Имам Зуфар, Имам Хасан және Имам Әбу Юсуфтен жеткен бір риуаятта уәжіп деп көрсетеді.

Құрбандық кімдерге уәжіп?

Мына шарттарсыз құрбандық ешкімге уәжіп болмайды:

1. Мұсылман болу;

2. Азат болу;

3. Тұрғын болу;

4. Дәулетті болу;

Мұсылман кісінің құрбан айт күні зекет берерлік мөлшерде дәулеті болса яғни, өзінің басты қажетінен артық мал-мүлкі болса ол кісіге құрбан шалу уәжіп.

Құрбандықтың уақыты

Зул-Хиджа айының оныншы күнінің таңы атқаннан басталып, осы айдың 12-ші күні күн батқанша шалып үлгеру. Көшушілер, ауылдағылар айтқа жетер-жетпес жерлер үшін үкім - құрбандықтарын айт күні таң атқаннан шалса бола береді, алайда хадистің талабы бойынша малды айт намазынан кейін шалған сауапты. Ал қалалық жердің тұрғындары айт намазы оқылмай құрбандық шала алмайды. Ең абзалы құрбандық айттың алғашқы күні шалынуы, әйтпесе екінші, үшінші күні де шалып үлгеру. Ханафилер: "құрбандықтың уақыты айт күнінің таңында басталады, содан айттың үшінші күні күн батқанға дейін жалғасады" - дейді.

Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) бір хадисінде: "Кім айт намазынан бұрын мал шалса, оның орнына қайта мал шалсын. Ал кім намаздан кейін құрбандық еткен болса, оның құрбандығы қабыл болады және ол мұсылмандардың сүннетіне дөп келеді", -

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрбан айт - барша мұсылманның ұлық мейрамы
Қазақтың діни мерекелері
Құрбан айт
Қазақстан Республикасының мерекелері
Ораза айт - қасиетті Рамазан айы
Құрбандық шалу
Қазақ халқының мерекелері
Саддамның ақырғы сөзі немесе сүниттер мен шейттер арасын шиеленістірген өлім
Құрбан айт – ұлттық мереке
Ең жас дін - Ислам діні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz