Құрмалас сөйлемнің қкалыптасу мен даму жолдары



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Шымкент институты

Филология факультеті

Қазақ тілі кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Құрмалас сөйлемнің қалыптасуы

Орындаған:
Балабекова Ф
Қабылдаған:
Керімбаева З

Шымкент 2008 жыл

Жоспар:

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

А) Құрмалас сөйлемнің қкалыптасу мен даму жолдары
ә) Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері
б) Жай сөйлемдердің баяндауыш формасы арқылы құрмаласуы
в) Жай сөйлемдердің көсемше арқылы құрмаласуы
г) Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы
ж) Құрмалас сөйлемнің компоненттерінің орналасу тәр ібі

III Қорытынды

Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемнің Қазан революциясынан бұрын да сөз
болған.Олардын нағыз ғылыми дәрежеде зерттелуі сонғы кездің жемісі.
Құрмалас сөйлемдер олардын түрлері жасалу тұрғысынан Ахмет Байтұрсынов,
Сейіл Жиенбаев, Нығмет Сауранбаев, Маулен Балақаев, Т. Қордабаев, Қ.Есенов
сынды ғалымдар едәуір үлес қосты. Осы ғалымдар ішінде құрмалас сөйлемдер
туралы арнайы зерттеу жүргізген С.Жиенбаев,Н.Сауранбаев,
Т.Қордабаев,Қ.Есенов олардын еңбектерінде құрмалас сөйлемдер әр қырынан
зерттеліп, қазіргі қазақ тілі, оның теориялық мәселелері айқындалды.
Тілдік категориялардың басқа да түрлері сияқты құрмалас сөйлемдердің де
өзіне тән қалыптасу, даму тарихы бар. Марксизм классиктерінің пікірінше
тіл мен ойлау бір-бірімен тығыз байланысты.Ойлаусыз тіл, тілсіз ойлау
болмайды.Сондықтан да тіл ойдың тікелей шындығы, ой шындығы тек тіл арқылы
көріне алады.
Тілдік категориялар ішінде ойды білдіретін бірден-бір көрсеткіш
–сөйлем. Сөйлемге біршама аяқталған ойды білдіреді деп, анықтама
беретініміздің себебі де сол. Сөйлем мен ой бір форма, екіншісі соның
мазмұны ретінде өзара тығыз байланысты, берік бірлікте болатын
категориялар. Бұл екеуі де қоғамның өмір сүрген уақыты бойына болып келе
жатқан және сол қоғамның материалдық, идеялық дамуына, соның қажетіне қарай
бірте-бірте дамып отыратын қоғамдық құбылыс.
Сөйлем ойдың формасы, ой сөйлемнің мазмұны болғандықтан, бұл екеуінің
қалыптасуы, даму тарихын да бірлікте қарау қажет. Ой дамып жетілмеген,
күрделенбеген замандарда күрделі ойдың көрсеткіші болып табылатын
сөйлемдердің, яғни құрмалас сөйлемдердің болуы да мүмкін емес.Құрмалас
сөйлем адамның щй өрісін дүние тануының кеңейіп, күрделі ойлардың туып,
дамуына байланысты, сол ойдың көрсеткіші ретінде қалыптасып дамыған.
Тіл дамуының қазіргі дәуірінде тілдерде солардың ішінде қазақ тілінде
құрмалас сөйлемнің неше алуан күрделі түрлері кездеседі.
Бірақ, солардың бәрі бірдей белгілі бір уақыт ішінде, бірден пайда
бола қалмаған.Олар тілдің өзіндік ішкі даму заңына лайықты бірте-бірте
дамып жетілген.
Көрнекті ғалымдардың айтуына қарағанда, тіл дамуының көнерек заманында
сөйлем құрамындағы сөздерді, сол сияқты жай сөйлемдерді бір-бірімен
байланыстыратын қазіргі дәнекерлер тәсілдер болмаған. Ол уақыттағы сөздер,
сөйлемдер арасына қазіргі тіліміздегі бірі-екіншісіне меңгеріліп,
жетектеліп, бірі екіншісін меңгеріп, жетектеп өзіне тәуелді етіп тұру
сияқты байланысу тәсілдерінің анағұрлым берік түрлері болмаған.Сөздер
сөйлемдер байланысындағы тәсіл олардың тұрған орындарына, мағына
желілерінің жақындықтарына қарай бір-бірімен қабыса, іргелесе байланысу
тәсілі болған. Сөзбен сөзқдің сөйлем мен сөйлемнің бір-бірімен байланысы
арақатынасы тығыз берік болмағандықтан оларда дербестік, бір-біріне
тәуелсіздік күшті болған.
Тіл дамуының мұндай сатыдағы дәуірінде құрмалас сөйлемнің тек
саласы түрі ғана яғни мағыналары бір-біріне ақын жай сөйлемдердің өзара
іргелес, тіркесе айтылуы арқылы жасалған түрі ғана – болған.
Құрмалас сөйлемнің мұндай түрі –яғни компаненттері бір-бірімен ешқандай
қосымша дәнекерсіз, тек мағына жақындықтарына қарай іргелес, қабыса
айтылулары арқылы байланыстың түрі—тіл білімінде п а р т а к с и с деп
аталады. Құрмалас исөйлемнің әр алуан дәнекерлері арқылы байланысатын
түрлері, соның ішінде сабақтаса байланысатын түрлері де, тіл дамуының
кейінгі түрлерінде бстапқы іргелес слслсастың негізінде пайда болған.
Сөйтіп ең әуелі құрмалас сөйлемнің салалас түрі пайда болған. Кейінірек
келе сол салалас құрмаластың негізінде сабақтас құрамалас сөйлемдер пайда
болған.
Құрмалас сөйлемнің бастапқы түрі болып саналатын көне замандағы
салалас құрмаластың сөйлемдегі қазіргі тіліміздегі салалас құрмалас
сөйлемдермен бірдей деп қарауға, әрине болмайды, қазіргі әдеби тілімізде
кездесетін іргелес салалас сөйлемдер былай тұрсын тіпті ең көне деп
есептелетін ертнгілер де халық дастандары да кездесетін іргелес салаластың
өздері де құрмалас сөйлемнің алғашқы түрімен таныстырғанда дамудың талай
өткелдерінен өткен, ж,етілген түрі деп қаралуы керек.
Біз жоғарыда құрмалас сөйлемнің бастапқы көне түрі болып табылатын
пратаксистен кейінірек келе жай сөйлемдердің бір-бірімен түрлі дәнекерлер
арқылы сабақтаса құрмаластың г и п о т а к с и с деп аталатын түрінің
пайда болатындығын айттық. Бірақ мұндай алмасуды жай сөйлемдерді бір-
бірімен байланыстыратын жалғауыш дәнекерлер пайда болғаннан кейін тіл
дамуының көне замандағы протаксис компоненті болған жайә сөйлемдердің
ешқандай ішкі өзгеріссіз, дайын тұрған дәнекерлер арқылы бір-бірімен
сабақтаса салуынан пайда болған деп түсінуге болмайды. Мұндай алмасу сөйлем
құрылысында сөздердің синтаксистік байланысында болған өзгерістерінің ескі
құрылысының орнына жаңа құрылыстың пайда болуымен нәтижесінен келіп шыққан.
Құрмалас сөйлемнің ар алуан түрлерінің қалыптасуп даму жазу тілінің
қалыптасып дамуына байланысты болжды. Өйткені сөйлеу тілі сөйлемді онша
ұластыруды күрделендіруді көтермейді. Сөйлеу тілі сөйлемнің ықшамды болып
келуін керек етеді. Көне замандардағы тілдерде мысалы ру-тайпа тілдерінде
тіпті қарапайым халық тілінде сөйлемдерді белгілі грамматикалық стильдік
жүйелі тілздермен құмаластырып ұластырып айтудан гөрі жай сөйлемді дара
жеке айту дағдысы күшті болған. Керісінше бірнеше сөйлемдерді шумақты сөз
тіркестерін ұластырып, қиюластырып, күрделендіру әдеби тілге тән.

Жай сөйлемдердің бір-бірімен құрмаласу тәсілдері.
Құрмалас сөйлем жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесіп
бірігуі арқылы жасалады. Жай сөйлемдердің күрделі ойды білдіруі үшін
бірігуіндегі белгілі заңдылық болады.Жеке ұғымдардың көрсеткіші болып
табылатын сөздерді қалай болса солай бір-бірімен тіркестіре салу арқылы жай
сөйлем жасауға болмайтыны сияқты жеке ойды білдіретін кез-келген
жай сөйлемдердің жөнсіз тіркестіре салу арқылы да құрмалас сөйлем жасала
қалмайды. Жай сөйлемдердегі сөздердің тіркесулерінде болатындай тәсілдер,
заңдылықтар құрмалас сөйлемде де болады.Мысалы: бала, оқу, кел немесе
Байжан, биыл, қуаныш, жүр дегендерді ешкім де сөйлем деп танымайды.Өйткені
бұларда сөйлемге тән негізгі қасиеттердің бірі сөздердің өзара байланысу,
синтаксистік қарым-қатынасқа келу амалы жоқ.Егер бұл екі жай сөйлемді
грамматикалық тәсілдер арқылы жоғарыдағы сөздер тәріздес бір-бірінен
байланысқа келтіріп: баласы оқудан келіп, Байжан биыл қуанып жүр немесе
баласы оқудан келгендіктен, Байжан биыл қуанып жүр деп құрсақ, құрмалас
сөйлем болып шығар еді.
Олай болса, бұдан шығатын қорытынды : құрмалас сөйлем болуы үшін оның
құрамына енетін жай сөйлемдер бір-бірімен синтаксистік байланыста, қарым-
қатынаста болуы шарт.
Жай сөйлемдерді бір-бірімен ұштастырып, оларды бір бүтін етіп тұратын және
олардың арасындағы әр алуан мағыналық қарым-қатынастарды айқындайтын
тәсілдер, формалар түрлі-түрлі болады.Атап айтқанда, жай сөйлемдер бір-
бірімен мынандай тәсілдер арқылы құрмаласады:
а) Құрмалас құрамына енетін жай сөйлемдердің бастапқысының баяндауышы
тиянақсыз формада айтылу арқылы;
ә) Жай сөйлемдер арасында немесе жай сөйлемдер ішінде шылау я шылау мәнді
сөздер келуі арқылы;
б) Интонация тұтастығы арқылы;
в) Құрмалас сөйлемдердің компаненттерінің орын тәртібі арқылы;
Енді осылардың әр қайсысына жеке-жеке тоқталайық.
Жай сөйлемдердің баяндауыш формасы арқылы құрмаласуы
Жай сөйлемдердің бір-бірімен баяндауыш формсының тиянақсыздығына
құрамаласуы – қазақ тілінде құрмалас сөйлем жасаудағы құнарлы тәсіл. Кейбір
тәсілдердегідей мысалы орыс тәсіліндегідей, жай сөйлемдерді бір-бірімен
орналасатын бағындырушы жалғаулықтар бізде жоқ.
Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру функциясында қолданғанда бұлардың
әрайсысы әр түрлі.

Жай сөйлемдердің көсемше арқылы құрмаласуы
Көсемше –етістіктің ең тиянақсыз категорияларының бірі. Оның сөйлемдегі
негізгі мағынасы мен функциясы – басқа бір етістік арқылы берілген іс
әрекеттің қалай болғанын амал, тәсілін білдіру, яғни іс-әркетті сындық,
мезгілдік жағынан анықтау, оның болу, болмауының себеп мақсаттарын білдіру.
Көсемше етістіктердің тиянақсыз басқа бір сөздерге сүйенсек боллуының
себебі де оның осы айтылған мағыналық ерекшелігіне байланысты.
Көсемшелер пысықтауыш мүше қызметінде қолданылғанда көбінесе екінші бір
етістікке тіркесе айтылыды да, сол етістіктің мағынасы рқылы блінеті іс-
әрект жайкүйдің қимылқозғалыстың болу амалын қашан болған мезгілін немесе
болу-болму мақсат себептерін білдіреді. Мысалы; Бәйбішеніғң қапысын таба
алмай ыза болып отырған Жұманның құлағына қатар қонап жатқан қас ауылдың
қатты күлкілері естілді. Игік би ақынды ұзын арқан Кен тұсаумен өз
маңайынан ұзатпрй өрелеп ұстайды. Ауыл жігіттері сәлем беріп
алдынан шығып атын ұстап , аттан түсіріп алып, құрдай жорғалап,
енгізіп күтүп жатыр.
Жай сөйлемдердің есімше арқылы құрмаласуы

Жай сөйлемдерді бір-бірімен құрамаластыру үшін есімшелерде көсемшелер
сияқты құрмалас сөйлемнің бағыныңқы жай сөйлемнен баяндауышы функциясында
қолданылады. Бірақ есімшелер мен көсемшелердің жай сөйлемдердерді
құрмаластыру жолы бірдей емес. Егер бағыңқы сөйлемнің баяндауышы болып
тұрған көсемшелер басқа бір қосымша тәсілдерден, формалардың көмегінсз-ақ
жай сөйлемдерді бір-бірімен құрмаластыру функциясына да тікелей өзі
атқаратын болса, есімшелерде ондай қасиет жоқ.

Есімшелер ішінде жай сөйлемдерді құрмаластыру функциясында жиі
қолданылатын да және формалық мағыналық құбылыстарға байы да –қан, ген,
ған,кен жұрнақтар түрі.

Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы құрмаласуы
Шартты рай –етістіктің райлары ішінде синтаксистік функциясы
тұрақтылардың бірінен саналады. Ол әрдайым дерлік сөйлемнің баяндауышы
қызметін атқарады. Онда да кез келген сөйлемнің емес, негізінде, сабақтас
құрмалас сөйлемнің бағыныңқы компоненттерінің баяндауышы болады. Бұл
функцияда ол жіктеліп те, жіктелмей де қолданыла береді. Бұл арада ескеруді
керек ететін бір нәрсе –шартты райға жалғанатын жіктік жалғаудың өзі
жалғанатын жіктік жалғаудың қалыпты баяндауыш жалғауынан өзгешелігі.Ал
шартты райға жалғанатын жіктік жалғау да баяндауыш жалғау, ол да баяндауыш
болып тұрған шартты райды бастауышпен жақтастырады.

Жай сөйлемдердің шылаулар арқылы құрмаласуы
Жай сөйлемдерді құрмаластыруда шылаулардың атқаратын рольдері де
ерекше. Шылаулар құрмалас сөйлемдердің салалас түрін жасауға да
қатынасады. Бірақ екеуіне қатысатын шылау екі түрлі: жай сөйлемдерді
салаластыра құрмаластыруға қатынасатындар жалғаулық шылаулыр да, сабақтаса
құрамаласуға қатынасатындар, негізінде, демеулер.
Жай сөйлшемдерді бір-бірімен сабақтастыра құрмаластыру қызметін атқарғанда
демеулер бағыныңқы компонент баяндауышы болып, сонны меңгеріп, жетектеп
тұрады.Ондай демеулер қатарына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрмалас сөйлемнің қалыптасуы
Құрмалас сөйлем туралы жалпы түсінік
Құрмалас сөйлем ықшамдалуының басқа тілідік құрылымдармен байланысы
Т.ҚОРДАБАЕВ және ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ МӘСЕЛЕСІ
Құрмалас сөйлемді оқытуда қолданылатын тиімді әдістер
Сабақтас құрмалас сөйлемді оқыту барысында жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану
Тілдегі үнемдеу заңдылығының теориялық негіздері
Қазақ тілі синтаксисінің зерттелуі
Құрмалас сөйлемнің зерттелуі
Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы құрмалас сөйлемдер
Пәндер