КОНЪЮНКТУРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҢ САЯСАТТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ


4. КОНЪЮНКТУРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖӘНЕ АЙМАҚТЫҢ САЯСАТТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Қазақстанда конъюнктуралық саясат жоғарыда келтірілген дәстүрлі Батыс моделі түрінде әлі қалыптаса қойған жоқ. Отандық экономика өтпелі кезенде тұр, сондықтан бір-бірін ауыстырып келетін экономикалық даму фазалары жоқ. Бұл жерде отпелі экономикаға әлем нарығында қалыптасқан жағдайлардың әсері туралы ғана айтуға болады. Мысалы, соңғы жылдары әлем нарығында түсті металдарға, одан соң мұнай мен басқа да шикізат өнімдеріне баға деңгейі күрт темендеп кетті. Бұл Қазақстанның ішкі экономикалық жағдайына біршама әсер өткені белгілі. Сондықтан, Қазақстан үшін құрылымдық дамудың ішкі әлеуметтік-экномикалық қажеттілігі, оның сыртқы саяси-экономикалық жағдайымен тығыз байланысты деуге болады.
Қазақстанда конъюнктуралық саясаттың орнына дағдарысқа қарсы бағытталған Үкіметтің Бағдарламалары қолданылады. Олардың ішінде жалпы экномикалық тепе-теңдік қалыптастыруға, экономиканың жеке секторын, орта және ұсақ кәсіпкерлікті қолдауға, өндірістің құрылымын дамытута арналған қаржы, бюджет, салық, инвестиция және несие саясаттары шеңберінде жүргізілетін Үкіметтін іс-шаралары іске асады.
Қазақстан экономикасында құрылымдық саясат шеңберінде шешілетін проблемалар жеткілікті және олар өте күрделі түрде қалыптасқан. Жоспарлы экономикада өндіріс құрылымы тұрғындардың қажетіліктері мен сұранымдарынан тыс қалыптасқан. Бұрынғы Кеңес Одағында өндіріс құрылымы негізінен қару-жарақ өндіру кешенінің басымдылығы негізін-де қалыптасқан болатын. Қазақстанда орналасқан бірталай машина жасау өндіріс орындары нарық жағдайында дағдарысқа ұшырап, олардың өндіріс көлемі күрт құлдырап кетті (90%-ке дейін) . Сондықтан Қазақстанның машина жасау өндіріс саласын нарық жағдайьша және ұлттық қауіпсіздік талабына сәйкестендіру мақеатында 2001-2003 жж. арналған арнайы Бағдарлама жасалып бекітілді. Қазақстанда құрылымдық проблемалардың күрделі түрде қалыптасуының тағы бір себебі - ол бұрынғы Одақ көлеміндегі біртұтас экономикалық кеңістік пен байланыстардың күйреуі. Жалпы экономи-калық кеңістіктің күйреуі және оның шеңберінде қалыптасқан экономикалық байланыстардың нарық жағдайыңда үзілуі -заңды құбылыс. Жоспарлы экономика жүйесінде шикізат өнімдері томен бағамен Одақтың өндіріс орталықтарына жі-беріліп тұратын. Нарық жағдайында бұрьтнғы «ортақ кеңістік» деген ұғым жаңа экономикалық мазмұнға ие болуы қажет.
Реформаны құрылымдық іс-шаралардан бастау Қазақстан үшін өте қиын, тіпті мүмкін болмайтын жағдай еді. Құрылымдық даму мақсаттары Қазақстанда үйымдық-институцио-налдық шаралар негізінде (меншікті жекешелендіру, жске экономика секторын қалыптастыру, нарық инфрақұрылымын құру, нарық бағаларына кошу т. б. ) ғана қолға алына бастады. Экономика құрылымын нарық үлгісіне сәйкес қайта құру үшін ұлттық шаруашылық шеңберінде нарық механизмінін қызмет атқару негіздері кажет болады. Мемлекет нақты қалыптасқан нарық жағдайына және нарық қажетгілігіне сәйкес ұлттық өндірістің өзгеріп дамуына қолдау көрсетіп, жағдай жасайды. Қазақстанда нарық механизмі біртіндеп қалыптасып, қызметін атқара бастады. Бірақ Қазақстанда сыртқы экономикалық нарық қатынастары қарқынды даму үстінде болса да, ішкі ұлттық шаруашылық шеңберіңде нарық механизмі жақсы қызмет атқармады. Қазақстан экономикасында «толем дағдарысы» деген жағдай жылдан-жылға асқынып күрделене түсуде. Кәсіпорындардың озара төлем қарызы өсіп, реформа жүргізу жолында негізгі кедергі болып отыр. Құрылымдық саясат жүргізу үшін мем-лскеттің қаржы ресурстары шектеулі, ал ұлттық экономикада қалыптасқан өзара төлем қарыздарының өсуі нарықтың қызмет аткару шеңберін қысқартып, оның мүмкіншіліктерін шектеп отыр. Басымдылық беріліп, қарқынды дамуы қажет өндіріс салаларын қолдау үшін қосымша мол қаржы қажет екепі белгілі. Төлем дағдарысы да және өнімді өнімге тікелей айырбастау - «бартер» деп аталатын тәртіп те бюджетке түсетін кіріс келемін шектейді. Жанадан құрылған Кіріс министрлігінің бір міндеті, жоғарыда айтылған «төлем дағдарысын» және бартер түріндегі айырбасты шектеп, мемлекеттің құрылымдық саясат жүргізу ісі бірталай арта бастағанын айтуға болады. Оның себептері де белгілі.
Қазақстанда құрылымдық саясаттың міндеттерін былай анықтауға болады. Біріншіден, Қазақстан әлем экономикасында өзінің орнын анықтап алуы қажет. Өндірістік дамудың ұлттық үлгісін (моделін) жасап, соның негізінде өзіміздің халықаралық маманданудың негізгі бағыттарын анықтауға болады. Бұл осы күндері ең қажетгі және манызды мәселеге айналып отыр. Екіншіден, ұлттық шаруашылықтың салаларына ықпал жасау әдістер жүйесін, оның ішіпде жекешелендіру мен мемлекеттік және жеке сектор экономикаларынын әртүрлі салаларьша қолдау керсету аркылы қалыптастыру қажет.
Елдің әкімішілік-аймақтык құрылымын өзгерту де қалыптасқан шаруашылық пропорцияларына бірталай әсер етеді. Бүгінгі күндері барлық аймақтық экономикалық қатынастар жүйесін толық жаңарту қажет болып отыр. Жеке аймақтардың экономикалық-әлеуметгік жауапкершіліктері артқан сайын, олардың өзара қатынастарында экономикалық қайшы-лықтар қалыптасуда және оларды орталықтан үйлестіріп шешіп отыру қажет болады. Аймақтық саясаттың мақсаты -регионалдық-экономикалық даму дешейін теңестіру. Осыны іске асыру үшін елдің әкімшілік-басқару құрылымын жетілдіре түсу қажет. Бұл жерде, ең алдымен, жергілікті басқару мекемелерінің және жергілікті бюджеттік шаруашылық құрылым тәртібі мен мәртебесін нақты анықтап, шешіп алу қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz