Құрылыста және құрылыс материалдары өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы



Пән: Құрылыс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс тақырыбы: Құрылыста және құрылыс материалдары өнеркәсібіндегі еңбек
гигиенасы

Дәрістің мақсаты:
Ознакомить студентов с основными вредными факторами в строительстве где
занято около 10% работающего населения и мерами профилактики.
Дәріс жоспары:
1. Кіріспе
2. Құрылыс материалдар өндірісі
3. Цемент өндірісі
4. Темірбетонды бұйымдар мен конструкциялар өндірісі
5. Құрылыс кірпіш және керамика өндірісі
6. Еңбек жағдайының гигиеналық сипаттамасы
7. Асбестоцемент, шифр, асбестжылу изоляция материалдар өндірісі
8. Еңбек жағдайының гигиеналық сипаттамасы
9. Полимерлік құрылыс материалдар өндірісі
10. Еңбек жағдайының гигиеналық сипаттамасы
11. Ағаштан жасалатын құрылыс бұйымдар өндірісі
12. Еңбек жағдайының гигиеналық сипаттамасы
13. Сауықтыру шаралары
14. Құрылыс өндірісінің технологиясы

Әдебиеттер
1. С.В.Алексеев, В.Р.Усенко. Гигиена труда, 1988 г.
2. Руководство к лабораторным занятиям по гигиене труда.
Под ред. З. И. Израэльсона, Н. Ю. Тарасенко. М., 1981.
3. Санитарные правила и нормы по гигиене труда в промышленности в
3-х частях. Под редакцией Козловского В.А. Омск. 1995.
4. Измеров Н.Ф, Ткачев В.В, Войминский А.С, Гигиена труда.-1990.- N1.- с.1-
7
5. Санитарно-гигиеническая аттестация рабочих мест и ее значение в
сохранении здоровья рабочих Разбаш Ф.Л, Борисенкова
Р.В, Догле Н.В. и др. ГТ и ПЗ - 1990.-N9. - с. 46-47.
6. Измеров Н.Ф. Актуальные проблемы медицины труда и промышленной экологии.
- Медицина труда и промышленная экология. -
1996. - N1. - 1-4.

Кіріспе

Өндірістік және азаматтық құрылыс Қазақстанда белгілі бір уақытта
төмендеу тенденциясына ие болды, бірақ кейінгі жылдары азаматтық құрылыс
Республикамызды Солтүстік астанасы - Астана қаласында орасан зор масштабта
өсіп отыр.
Осыған байланысты құрылыс материалдарының өнірілуі айтарлықтай өсті,
сонымен қатар құрылысқа шетелдің ірі фирмаларын тарту түпкілікті түрде
құрылыс материалдар өнеркәсібі жұмысшылар еңбегін ғана емес құрылысты да
өзгертті, ол технологиялық процесстерді жоғары деңгейде механизациялау және
автоматизациялау, еңбектің алдынғы қатардағы әдістерін қолдану, жаңа
құрылыс материалдар мен конструкцияларды енгізу арқасында қол жеткізіп
отырмыз. Жалпы қоғамдық өнім бойынша құрылыс өзінің меншікті салмағы
бойынша Қазақстанда 6-10 % құрайды. Ол еліміздің өнеркәсіп саласында
қолданылатын барлық өндірістік өнімнің 10-15 % тұтынады. Құрылыста
өндірілетін материалдың 80-90 % жұмсалады, 50% жуығы ағаш. Ол темір жол
бойымен тасымалдаулардың төрттен бірі осымен байланысты.
Қазіргі кезде Қазақстанның астанасы Астана қаласында азаматтық
құрылыста 70 түрлі фирма жұмыс жасайды, ал жалпы құрылыста 250 фирма
істейді.
Қазақстандағы құрылыс материалдар өнеркәсібі Қарағанды, Семей
облыстарындағы ірі цемент заводтарымен, барлық облыстардағы үй салу
комбинаттары, темірбетонды бұйымдар заводтарымен (ең ірілері Алматық.,
Қарағанды қ., Павлодар қ. Және т.б.) сипатталады.

ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАР ӨНЕРКӘСІБІ
Қазіргі заманның негізгі құрылыс материалдарына цемент, бетон,
темірбетон жатады. Кірпіш, керамика, шыны, ағаш аз маштабта қолданылады.
Құрылыстағы технологиялық прогресстің негізгі бағыттары: құрылыс өндірісін
индустриялизациялау, яғни құрылыс алаңдарын құрастыру алаңдарына алмастыру,
салынып жатқан ғимараттардың санын азайтып, сапасын жоғарлату. Тиімді,
жиналмалы темірбетонды конструкциялар бөлшектерді жаппай енгізу, әсіресе
алдын ала қысымдалған жеңіл бетондар, металл, цемент шығындарын азайтып,
еңбек өнімділігін жоғарлатады, ғимараттар мен құрылыстардың мықтылығын
жоғарлатады, солай құрылыстарың бағасын төмендетеді.

ЦЕМЕНТ ӨНЕРКӘСІБІ
Цементті өндіру үшін бастапқы шикізат материалдарына әк, мергель,
пемза, шлактар және т.б. жатады, олар ұсақтау, араластыру және күйдіруден
өтеді. Алынатын клинкер шарлы диірменде ұсақталады, ал дайын өнім (цемент)
сүрлемдерге тасымалданып, сол жерде белгілі бір уақыт сақталып кейін
тұтынушыларға таратылады.
Цемент – тұтастырғыш құрылыс материалы, құрғақ және ылғалды әдістермен
алынады. Дайын цемент шикізат сияқты 0,8-9,05% кремнидің қос тотықты
кристалдарынан және алты валентті хром қосындысынан тұрады.
Қазіргі заман зауыттары жоғары өнімді, технологиялық үрдістер тек
механикаландырылып қана қоймай, сонымен қатар автоматтандырылған.
Цемен зауыттарының негізгі кәсіптік зияндылықтарына жатады:
1.Ауаның шаңмен оннан бастап жүздеген мгм концентрацияда ластануы. Осы
жағдайда шаңның ауаға түсуі ғана маңызды емес, сонымен қатар шаңның тері
қабаттарынластауы маңызды, себебі цемент шаңы химиялы активті және
аллергиялық әсерге ие.
Күйдіру пештерінің басында шаңның концентрациясы 30-40 мгм
құрайды, ыстық клинкерді тасымалдау кезінде ашық конвейерде – 50 мгм,
клинкерді жабық колікте ұсақтауда – 20-30 мгм, буып-түю цехтарында – 200-
500 мгм, шикізатты ұсақтауда – 70-80 мгм.
2.Микроклиматтың жағымсыз факторлары, әсіресе - ауаның жоғары
температурасы 35-40 С және жылулық сәулелену – 1200 ккалмсағ. Жылулық
сәуле көзіне пештердің, кептіргіш барабан, рекуператорлардың ысыған беттері
жатады.
3.Шикізат және ұнтақтау диірмендері, күйдіру пештерінен берілетін
интенивтілігі 90-115 дб орташа және жоғары жиілікті шу.
Цемент зауыттарының жұмысшыларының аурушаңдылығы тыныс алу, тері,
асқазан ішек трактысы ауруларының жоғары деңгейімен сипатталады. Кәсіптік
аурулардың ішінде пневмокониоз, шаңды бронхит, экзема, бронхиальді астма,
кереңдік тіркеледі.

ТЕМІРБЕТОН ЖӘНЕ КОНСТРУКЦИЯЛАР ӨНЕРКӘСІБІ
Темірбетон және оның негізіндегі конструкциялар арнайы зауыттар мен үй
салу комбинаттарында өндіріледі. Оларды дайындау технологиясына кіреді:
цементпен араласқан бетон қоспасы, құм, гравий, щебень, жеңіл жасанды
кеуекті толтырғыштарды (керамзит, күптелген перлит және вермикулит,
аглопорит және т.б.) алу, арматураларды дәнекерлеу, бұйымдарды формаға
келтіру. Бетонның – ауыр, торшалы, асфальтобетон сияқты түрлерін және
олардың толтырғыштарын дайындаудың жеке кәсіпорындары болуы мүмкін.
Ленталық тасымалдағыштармен және пневматикалық тасымалдағышқа берілетін
бетонның құрылымдық бөліктері бөлініп формалаушы бөлімге жіберіледі. Бетон
толтырғыштарын дайындау үшін шикізатты бөлуге арналған құрал-жабдықтардан
басқа материалдардың күптелуі мен біруктірілуі жүретін күйдіру пештері
қолданылады. Осыдан кейін толтырғыштар қолдануға дайын болады.
Асфальтобитондарды алу кезінде құрылымдық бөлшектері (шебень, мрамордың
ұсақ бөлшектері) араластырылып, ұсақталып, қыздырылған нефтебитуммен
кептіріледі. Арматура – болашақ бұйымның металл қаңқасы – дәнекерлеудің
нүктелік және т.б. түрлерімен арматуралық цехта жасалады.
Бетонды қоспаны алдын ала арматура салынған формаларға құю
вибратығыздағыш алаңдарда орнатылған вибраторлармен орындалады. Қорытынды
операцияға бұйымды камераларда сулы бумен өңдеу жатады. Темірбетонды
қазіргі заманда өндірісте өндіру едәуір механикаландырып және
автоматтандырылып отыр. Темірбетон бұйымдарын өндіруші зауыттың негізгі
кәсіптік зияндылықтарына жатады:
1.Бетон қоспасын алу үшін қолданылатын цемент және т.б. шикізат
материалдарының шаңы. Аз механикаландырылған зауыттардағы шаң
концентрациясы ондаған, жүздеген мгм-пен есептеледі.
2.Төмен және орташа жиіліктегі вибрация мен шудың әсері.

Бетон дайындау учаскісінде шу деңгейі 95 дб, толтырғыштарды дайындау
кезінде – 110-120 дб дейін жетеді. Формалаушы машина жұмыс орнындағы
вибрация тербеліс жиілігі 0,25-8,94 смc октавалық сызықта 32-63 Гц
сипатталады. Қол вибротығыздағыштарын қолдану кезінде жұмысшылар локальді
вибрацияға ұшырайды.
Метеорологиялық жағдай жалпы алғанда қалыпты, тек толтырғыштарды
дайындауға арналған қыздыру пештерінің бөлмесінде ауа температурасы,
жылулық сәулелену жоғарылайды, формалау және пісіп жетілдіру цехында –
ауаның салыстырмалы жоғары болып келеді. Кейбір зауыттарда агломирациялық
машиналарды қолдану кезінде ауа күкіртті ангидрид және көміртегі тотығымен
ластанады. Пультпен басқару операторлардың еңбегі нервті-эмоциональді
қысыммен сипатталады. Темірбетон өндірісінде жұмысшыладың кәсіптік ауру
ретінде: жалпы вибрация әсерінен болатын вибрациялық ауру, кәсіптік
кереңдік, дерматоздар, сирек пневмокониоз кездеседі.

ҚҰРЫЛЫС КІРПІШІ ЖӘНЕ КЕРАМИКА ӨНЕРКӘСІБІ
Қызыл кірпіш өндірісінде негізгі шикізат - глина, оның құрамында 50-
85% (SiO) кремний диоксиді, 7-20% глинозем, 2-8% темір оксиді және СаО,
MgO, КО, NaO металдары бар. Аз мөлшерде органикалық заттар мен химиялық
байланысқан судан (2-10%) тұрады.
Технологиялық үрдістер глинаны алдымен кептіру барабандарында дайындау,
кейін ұсақтау агрегаттарында ұсақтау, илегіш масса жасау үшін су қосу,
формалаушы машиналарға салып, сақиналы және тональді пештерде кептіріп
күйдіреді.
Силикат кірпіштері мен силикат блоктарын өндіру технологиясы бірқатар
ерекшеліктерден тұрады. Шикізат ретінде әк пен кварц құмы қызмет етеді. Әк
арнайы барабандарда ұсақталып сөндіруге ұшырайды. Ұсақталған құм
сөндірілген әкпен араластырып, алынған масса формаға пресске түседі де
кейін автоклавка қатыру салынады.

АСБОЦЕМЕНТ, ШИФЕРЖӘНЕ АСБЕСТ ЖЫЛУ ОҚШАУЛАҒЫШ МАТЕРИАЛДАР ӨНЕРКӘСІБІ
Шифер, вулканит, асбокартон, совелит, асбопермент, асбовермикулит
асбест негізінде дайындалады. Асбест жүгіргіштерге, одан кейін голлендерге
түседі, онда сумен цемент араласады. Қоспа тұнып, сусызданып листо- және
құбырформалаушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек гигиенасы курсынан дәрістер кешені
Ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі зиянды және қауіпті факторлар
Еңбек гигиенасы. Оқу құралы
Еңбек гигиенасының түрлері
Еңбек гигиенасында кәсіби ауруларды алдан алуды зерттеу әдістері
Құрылыс материалдар өндірісіндегі ресурстарды сақтау және тиімді пайдалану
«Мұнай өңдеу және мұнай химия өнеркәсібіндегі зауытының санитарлық нормасы ».
Кәсіптік аурулар мен улану жағдайларын тіркеу, есепке алу, сондай-ақ олар бойынша есептілікті жүргізу ережесі
Газды бетон бұйымдарының түрлері
Құрылыс материалдарының қауіпсіздігін тексеру Кірпіш өнімі
Пәндер