Құстар класын қортындылау



Сабақтың тақырыбы: "Құстар класын қортындылау",
Сабақтың түрі: Ойын сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Құстардың ішкі құрылысы, сыртқы
құрылысы, қан айналым жүйесі суреттері, экологиялық топқа жіктеу схемасы,
ауызша журнал,
Сабақтың мақсаты: а) білім беру: Оқушылардың құстар класы бойынша
алған білімдерін бекіту мақсатында қайталау жұмысын жүргізу.

б) дамыту; Ойын элементтері мен тест жұмысын жүргізу барысында
оқушылардың білімдерін дамыту.
в) тәрбиелік: Экологиялық тәрбие беру, жануарлар әлемінің
қызықтарына баулу
Пән аралық байланыс: география, әдебиет, тарих,
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа дайындау: б) Жаңа сабақ мәтіні. Жоспары:
а) Тақырыптық түсінік;
ө) Қайталау арқылы оқушыларға өткен сабақтарды түсіндіріп өту;
б) Тест жұмысы;
в) Брейн-ринг ойынын жүргізу;
г) Жүлдегерлерді белгіліп, оқушыларды марапаттау;

Тақырыптық түсінік: Құстар класын қорытындылау яғни қайталау тарауды,
құстар туралы алғаш барлық білімімізді бекітеміз.
4. аяқты жіліншік, тепкі, тырнақты саусақ орналасқан.
Қанаттың 2 түрі бар: демеуші қанат, желпеуіш (орналасуына байланысты)
Қауырсынның 3 түрі болады: қауырсын қанат, мамықты қауырсын, мамық.
Қаңқасына тоқталу.
Ішкі құрылысына тоқталу.
б) Осы тақырыпшалар бойынша қайталау тест жұмысын алу.
в) Тест жұмысын қорытындылап, Брейнг-Ринг ойын ын жүргізу:
Рейтингілеу жүйесі бойынша сұрақтар қойып, жауаптарын бағалау.
г) Жүлдегерлерді тағайындап, оқушыларды марапаттау,
в) Сабақ бекіту:
Окушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру:
... ... ... ... ... ... ... ...
40 БАЛДЫҚ СҰРАҚТАР.
1.Қандай қарлығаштың құйрығы айыр емес, неге?
2.Бәбісек туралы не білесің?
З.Су маңында мекендейтін құстардың ширақ балапандылары қайсы?
4.Суда жүзетін құстардың жұбын мәңгі сақтайтын түрлерін ата?
5.Орман құстарының қоректену ерекшелігі неде, бейімделуі?
б.Асыранды тауықтың арғы тегі туралы не білесің?
7.Жыртқыш құстар қоректенуіне байланысты жіктелуі?
50 БАЛДЫҚ СҰРАҚТАР.
Шығармашылық жұмыс
1.Мекен жайды төңіректейтін құстар туралы қандай әңгіме, аңыз, оқиға, өлең
білесің?
2.Ашық жерде мекендейтін құстар туралы қандай әңгіме, аңыз, оқиға, өлең
білесің?
З.Су маңында мекендейтін құстар туралы қандай әңгіме, аңыз, оқиға, өлең
білесің?
4.Суда жүзетін құстар туралы қандай әңгіме, аңыз, оқиға, өлең білесің?
5.Орман құстары туралы қандай әңгіме, аңыз, оқиға, өлең білесің? 6.Жыртқыш
құстар туралы қандай әңгіме, аңыз, оқиға, өлең, білесің?

10 БАЛДЫҚ СҰРАҚТАР.
А. Мекенжайды төңіректейтін құстардың Қазақстан қызыл кітабына неше түрі
тіркелген?
Б. Сауысқан ұясын қайда салады, оның ұясының ерекшелігі неде?
В. Ашық жерде мекендейтін құстардың мойны қандай болады?
Г. Пингвиндер қанша метр тереңдікке сүңги алады?
Д. Бұлбұл құстардың қай экологиялық тобына жатады?
Е. Жыланмен қоректенетін жыртқыш құс?
Ж. Күйкентай қасқыр, түлкі, қоян аулайды ма, себебі неде?
20 БАЛДЫҚ СҰРАҚТАР.

А.Шауқарға мен ұзақтың ұқсастығы және айырмашылығы?
Б. Нанду мен түйеқұстың ұқсастығы және айырмашылығы?
В. Байғыз құстардың қай экологиялық тобына жатады?
Г. Қазтәрізділер тұмсығының ерекшелігі неде?
Д. Гокко қай елдерде кездеседі, қалай тіршілік етеді?
Е. Қазақстанда қандай орман тауық тәрізділері кездеседі?
Ж.Жапалақ пен үкінің жұмыртқа салуы және басуы?

30 БАЛДЫҚ СҰРАҚТАР.
А.Мекенжайды төңіректейтін, құстардың ұя салу ерекшелігі?
Б.Ашық жерде мекендейтін құстардың басқа басқа құстардан ерекшелігі неде?
В.Пингвин тәрізділер отрядындағы құстардың ерекшелігі неде?
Г.Суда жүзетін құстардың балапанына қамқорлық көрсетуі?
Д.Қораздану деген не? Кейбір құстардың қораздануы.
Е.Құмай баласын қалай қоректендіреді?
Ж.Құс салуға жарамды құстар қалай жіктеледі?

Арымды сатқанша, абақтыда жатайын
Дүниеде адамның бостандығынан артық не бар? Өмірде өз еркіңмен жатып,
өз еркіңмен тұрғанға, біреудің бұйрығын, сілтеуін күтпей тірлік атқарғанға
не жетсін! Дегенмен, арыңды кіршіксіз сақтау үшін бостандықтан да бас
тартуға болады екен.
... Әбіләзім мен Алтынайдың үйлері көрші еді. Кішкентай күнінде Алтынай
жыласа, Әбілазім бірінші болып жұбататын, өзінің туған қарындасынан кем
көрмей, арқалап, немесе жетелеп жүруші еді. Бұл көрші үй балаларының
бауырмалдығы ғана еместі. Ол екеуі бірге туған туыс еді. Әбіләзімнің анасы
Алтынайдың әкесімен бірге туған бауырлар болатын. Соның өзінде олар бір-
біріне нағашы қарындас пен жиен ағадай емес, бір үйдің балаларындай
қарайтынды.
Жылдар жылжып өтіп жатты. Табиғатынан ұяң мінезді Әбіләзім алдына
қойған мақсатына жетуге талпынып, жоғары оқу орнына түспек болып, астанаға
кетті. Бұл да бір жүйріктің жүйрігі озатын жарыс, кейде бағы жүрген ие
болатын бақыт қой. Өз топшылауынша, білімі ешкімнен кем болмаса да, бәйге
төрінен көріне алмаған бозбала шамаданын арқалап ауылға қайтуды ар көрді
де, құрылысқа жұмысқа кірді, келесі қабылдау емтиханына дейін бетоншы
болды. Тек екінші талпынысы да сәтсіз аяқталған соң, ол ауылға оралып,
аудан орталығындағы ауыл шаруашылығы техникасын жөндейтін заводқа дизель
жөндеушінің шәкірті болып орналасты.
Адамның жаман қасиеті өзгенің көңілінде ұзақ сақталмайды. Ал жақсы
қасиет жылдар бойы жүректе жатталып, біреуден біреуге үлгі ретінде таралып
жатады ғой. Әбіләзімнің алғашқы еңбек жолын бастаған коллективінен
кеткеніне де біраз жыл болды, ал оның еңбекқорлығы, мамандығын жете
меңгерген қасиеті осы күнге дейін ұмытылған жоқ.
Әбіләзімнің мұндай шеберлікке қалай қол жеткізгенін техникалық
терминдермен дәлелдеп жатудың қажеті болмас. Тек оны осы шеберлікке
жеткізген тапсырылған іске деген жауапкершілік сезімі екенін атап айту
қажет. Адам бойында жауапкершілік сезімі қалыптасса, ол өмірлік ережеге
айналса, алынбайтын қамал да, асу бермейтін асқар да жоқ. Ал ар-намысты
биік бәйтерекке теңесек, жауапкершілік сезімі соның бір жапырақ жайған
бұтағы іспеттес. Ардан жұрдай, бойында намыс оянбаған адамнан жауапкершілік
күту деген шөл даладан су іздегенмен бірдей,
Әбіләзімді қоя тұрып, енді Алтынайдың тірлігімен таныстырайық. Қатар
өскен екі жастың бірін мақтап, бірін даттаудан, немесе өз пікірімізді
дәлелдемек болып, екінші адамға қара күйе жағудан аулақпыз.
Ол да мектеп бітірді, біраз уақыт оқусыз, жұмыссыз үйде отырып, ақыры
сатушылар даярлайтын курсқа түсті. Онымен сатушылықты да үйлестіре алмады.
Сосын облыс орталығындағы сауда техникумына түспек болып, өзіне тетелес
апасының күйеуіне ілесіп, бір ай емтихан тапсырды. Ақыры техникумға сырттай
оқуға қабылданған ол аудан орталығында тұратын ағасының үйінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын оқыту әдістемесі
Дәстүрлі емес сабақтар
Биология пәнінен сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстарды өткізу әдістемелері
«Медбикелік ісі негіздері» пәнінен тәжірибиелік сабаққа арналған әдістемелік өңдеу 2 бөлім Дәрілік терапия тәсілдері және әдістері
Оқыту әдістерін, құралдарын бастауыш білім беруде пайдалану
Биологияны оқытуда халықтық педагогиканың орны
К. Линнейдің Табиғат жүйесі
Қыста ауыл-шаруашылықтың түрлері
Балаларды табиғатпен таныстыру
Биология сабағында қосмекенділер класын оқыту
Пәндер