Қыз әсем кестесімен көркем



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Көлемі: 15 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Сабақтың тақырыбы: Қыз әсем кестесімен көркем.

Сабақтың мақсаты:
а) Оқушыларға тәрбие және білім беру.
б) Оқушылардың ой - өрісін
жетілдіріп,
салт – дәстүріміз бойынша
қыз
балаларға эстетикалық тәрбие
беру.

Тәрбиелік мәні: Қыз балаларға саналы да сапалы білім беру эстетикалық
мәні бар тәрбие беру, қыз бойындағы қасиеттерді
асылдандыру. Қыздардың кесте тоқу арқылы шыдамдылыққа,
ою арқылы жылдамдыққа баулу және адамгершілікке
қасиетке баулу. Қазақ халқының салт – дәстүрі бойынша
қыз бала бойындағы асыл қасиеттерді көрсете білу.

Сабақта пайдаланатын көрнекіліктер: буклеттер, қыз бала жайында нақыл
сөздер, фотосуреттер, шар, гүлдер ілінген. Сынып
бөлмесін сабаққа лайық безендірілген.

Қорытынды.

1.Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар этнопедагогикалық коледжінің
бастауыш бөлімінде оқитын ІІ курс студенттері дайындаған Қыз әсем
кестесімен көркем атты ашық тәрбие сабағын бастауға рұқсат етіңіздер.
Құдіретті жыр тудырған санамда. Кім екен бұл Қыз Жібек пе? Баян ба? Әлде
ару Қарлыға ма? Құртқа ма? Әлде гүл ме өсіп тұрған даламда. Кім болса да
періште ғой ғажайып. Әттең шіркін кетпесе екен азайып.
Өнердің нәр береді шапағаты.
Әркімнің өнерге бар махаббаты
Талпынып барлығыңда шығыңдаршы
Халайық қошеметтеп қол соғады.
Сахнаға барлық асылда әсем аруларымызды шақырамыз.
1. Амекбарова Кенже
2. Дауленбаева Рахат
3. Ермаханова Гүлназ
4. Құрақбаева Ләйла
5. Шамаханова Салтанат
6. Саметова Фатима
7. Құшмағанбетова Перизат
8. Молдажанова Мадина
9. Алтыбаева Рахат
10. Әуелбекова Айгүл
Ал ендеше ару қыздарымыздың орындайтын шарттарымен таныстырып
өтейін.
1. Мақал - мәтел сайысы.
2. Қыздың көркі шашында сайысы.
3. Бармағынан өнер тамған қыздардың құрақ көрпеше жасау сайысы.
4. Оюлар сыр шертеді.
5. Салт – дәстүрге байланысты сұрақ жауап.
6. Өнеріне өріс кең – ұршық иіру сайысы.
1. Енді бірінші сайысымызға кезек береміз. Қыздарымыз ілінулі тұрған
қоржыннан біртіндеп асық арқылы мақал – мәтел айтып сынға түседі.
2. Ал келесі сайысымыз Қыздың көркі шашында сайысы –
Қою қара шашыңыз,
Қиылып тұрса қасыңыз
(қыздар 5 минут ішінде ұзын шашты қыздардың шашын өрумен сынға түседі).
Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй
Жүрекке түрлі ой салар
Әнді сүйсен менше сүй
Өмірәлиев Нурдәулеттің орынауында Қыздар - ай әні (қыздар дайын
болғанша).
3. Ал келесі сайысымыз Бармағынан өнер тамған сайысы. Қыздар сахнаға
шығып құрақ көрпеше дайындау үстінде. (берілетін уақыт 10 минут).
Жүргізуші: Кешіміз өтіп жатыр салтанатты
Тоймен күн нұрының шапағаты
Халайық қаттырақ қол соғыңдар
Күйіміз бар сүйкімді Тұрсынбек
атты
күй Шалкиіз.
Жүргізуші: Жақсылық адамдардың тілегі екен
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен
Дәстүрлі қазағымның сарқылмаған
Жобаларын қыздарымыз біле ме екен

деп келесі сайысымыз оюлар сыр шертеді атты ою ою шеберлігіне кезек
береміз. Берілетін уақыт 10 минут.
Қыздарымыз дайын болғанша.
Жүргізуші: Біреулер сынға түсер өнерімен
Біреулер жырға түсер өлеңімен
Не болса да айтады жүрегімен
Өлең нағыз өнер деп білемін мен
деп Ана жүрегі өлең оқилады. Орындайтын ҚТК – 03 тобының студенті Ерлан.
Жүргізуші: Өзінің кім екенін танымастан
Бойына ұлттық киім жарасымдай
Қазақтың салт дәстүрін дамытатын
Болсыншы қыздардың бәрі осындай –
деп қыздарымызды салт дәстүрімізге байланысты сұрақ жауап сайысына кезек
береміз.
Қыздар бір – бірлеп келіп қоржыннан асық алады.
Жүргізуші: Өзінің кім екенің танытатын
Бойына ұлтттық киім жарасатындай
Қазақтың салт дәстүрін дамытатын
Болсыншы қыздардың бәрі осындай.
деп қыздарымызды салт дәстүріне байланысты сұрақ жауап сайысына кезек
береміз.
Қыздар бір – бірлеп келіп қоржыннан асық алады.
1 асық – 1. Ерулік дегеніміз не?
2. Қонақ түрлерін ата?
2 асық – 1. Жеті қазынаны атаңыз.
2. Малдың бас қандай қонаққа қойылады?
3 асық – 1. Бесікке салу дегеніміз не?
2. Асықты жілікті кімге ұстатады.
4 асық – 1. Тусау кесер дегеніміз не?
2. Төс кімге тартылады? Мәнін айт.
5 асық – 1. Қымыз ашу сапасына қарай қалай аталады?
2. Қызға таңдай берудің мәнін түсіндір.
6 асық – 1. Бастаңғы дегеніміз не?
2. Балаларға неге құлақ беріледі?
7 асық – 1. Үлпершек қандай ыдыс?
2. Құдаға қандай табақ тартылады?
8 асық – 1. Ұлттық ойын түрлерін ата?
2. Қыздарға кәріжілікті неге ұстатады?
9 асық – 1. Шілдехана дегеніміз не?
2. 12 жілікті ата
10 асық – 1. Төрт түлікті ата.
2. Киіз үй жабтықтарын атаңыз.
Музыкалық үзініс: Би орындайтын Дарханбекова Айнур.
Жүргізуші: Қыздарымыз салмақты
Әке көрген – оқ жанар
Шеше көрген – тон пішер
Ешқайсысы жоқ сияқты
Бір – бірінен кем түсер
деп қыздарымыздың келесі сайысы ұршық иіруге кезек береміз.
Ал қыздарымыз дайын болғанша қазақтың мақал – мәтелдерін айтысайық.
1. Баба бүркіт барлап ұшады, Бала бүркіт парлап ұшады.
2. Ағайын тату болса, ат көп, абысын тату болса ас көп
3. Орта жүзді қамшы беріп дауға қой, ұлы жүзді қауға беріп малға қой,
кіші жүзді найза беріп жауға қой
4. Өнерлі өрге шығар, өнегесіз жарға шығар.
5. Ескірген ескісін сақтайды, ел болған естісін сақтайды.
6. Шешесін көріп қызын ал, ыдысын көріп асын іш.
7. Қызға қырық үйден тыю.
8. Қыз әсем кестесімен көркем.
Жүргізуші: Енді ең соңғы сайысымыз үй тапсырмасы. Мұнда қыздар үйде
дайындап келген әсем кестелерін көрсетеді.
Сонымен барлық аруларымызды ортаға шақырып осы 7 турдан өткен
сайысымызды қорытындылап өздерінің жасаған бұйымдарын көрермендерге
көрсетеді. Бұл қыздарға көрермендер тарапынан жақсы өнерлерімен көзге
түскен аруларымызға, өнерлі ару сияқты баға беріліп мақтау қағазы
беріледі.
Жүргізуші: Құттықтаныз ал енді
Жүзден жүйрік күшімен
Мыңнан тұлпар шықты шың
Өрге өрлесін талабы
Қуаныштан жанары
Шоқтай болып жанады
деп бүгінгі Қыз әсем кестесімен көркем атты ашық тәрбие сағатын
аяқтаймыз.

Сабақтың тақырыбы: Ана – өмір тірігі

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға ананы қадірлеудің маңызын
түсіндіру.
б) Ана туралы жазылған ақындардың
өлеңдерін
оқи білуге дағдыландыру
.
в) Ананы сүйіп, оны құрметтеуге
тәрбиелеу.

Сабықтың тәрбиелік мәні:а) Ата – анаға қарап, мәдениетті сөйлеуге
баулу.
б) Мақал – мәтелдер арқылы
ананы
құрметтеуге, сыйлауға
оқушылардың бойына
сіңіру.
в) Ойланып сөйлеуге, анаға
қарап қатты
сөйлемеуге,
адамгершіліке тәрбиелеу.

Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер:
1. Ана туралы қанатты сөздер.
2. Фото – суреттер жапыстырылған буклеттер.

Қорытынды.

Құрметті ұстаздар мен студенттер. Бүгін этнопедагогикалық
коледждің, қазақ тілі және әдебиет бөлімінде оқитын ІІ курс стеденттері
дайындаған Ана - өмір тірігі атты ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат
етіңіздер.
Ән ұран.
Баяндама. Әйелдер мерекесі. Ол жайлы біз не білеміз?

Барлық энциклопедиялар мен анықтамаларда 8 наурыз
әйелдердің экономикалық, әлеуметтік және саяси теңдік үшін күресін
халықаралық ынтымақтастығын білдіретін күн ретінде көрсетіледі. Бұл күнді
атап өту рәсімі осыдан 93 жыл бұрын 1910 жылы Копенгаген социалист
әйелдерінің 2 халықаралық конференциясында Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша
қабылданды. Сосын ол келесі жылда тарихта тұңғыш рет Австралияда, Швецария
мен Данияда атап өтілді. Енді бір жылдан кейін 8 наурыз күні Ресей –
Петербургте өткізілді. Халықаралық әйелдер күні өз дәуірінің көкейкесті
қажеттілігінен туған мақсат мұраты ізгілікті жалпыға ортақ бүкіл әлемдік
қозғалыс еді. Европадағы социал – демократиялық қозғалыс пен оның аса
көрнекті өкілі неміс қызы Клара Цеткин тікелей әсер етті.
Жұмысшы қозғалысы ортасында аса дарында да жалынды күрестер екі
әйелдің бейнесі айрықша көріне түседі. Олар Клара Цеткин мен Роза
Люксембург.
1892 ж. бастап Клара неміс жұмысшы әйелдерінің Теңдік атты
газетінің редакторы болып, оны 25 жыл бойы атқарды. Европадағы жағдай
шиеленісіп, әлем соғыс апатына таяп қалғанда Клара Цеткин, Роза Люксенбург,
Карн Либкнехт, Фран Меринг Германияның соғыс саясатын әшкерлейі.

Хор Ана туралы жыр.
1 оқушы:
Құтты болсын ардақты ана
Асыл анам мерекең
Құтты болсын теңдік алған
Қуанышты берекең
Өмірдің иесі сен ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ
Өмірдің ащы тұщы аралаған
Сондықтан Анаш ойы дана маған.
Жайқалып жауқазындай өсіп келем
Өсірген ер жеткізіп панам- анам
Бал Анам, асыл – Анам таңым да Анам
Мен семен қуат алам жалын да алам
Күн болып көңілімде күйге бөлеп
Арнадың өміріңнің бәрін маған
2 оқушы:
Жапырағымды жас емендей күнге тосам
Қанатыңмен қарлығаш боп су себесің, жан ана
Көкрегіңе жақсы өлеңдей күй толтырсам
Таң алдында сандуғаш боп жыр төгесің, жан ана
Құба белде құлын болып құлдырасам
Көк майса боп тербелетіп құлпырасың, жан ана
Көркеш бақта гүлің болып бүршік жарсам
Алтын күн боп көктем күліп нұр құясың, жан ана
Ендігі кезекте Оміралиев Нұрдәулеттің орындауында Жан ана әнін
тамашалаңыздар.

3 оқушы:
Ақында бар сөз асылын теретін
Шешенде көп тіл маржанын төгетін
Ұстаз ғалым, инженер бар әйелде
Аналар көп бал бөбегін өтетін
Жан анам құттықтаймын наурыз күнімен
Көктемнің құлпыра бер март гүлімен
Өрлесін елің берген бақыт – бағың,
Жазбасын шат қөңілің шат күйінен
Көрініс Ана қасиеті
4 оқушы
Кім сағынар сендерді келгенінше
Құлындарын көзімен көргенінше
Сендер қайтып келсеңдер адам болып
Еш арманым болмас еді өлгенімше
Кім сендерді балалар тәрбиелейтін
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін
Жалқау болсаң балалар жаман болсаң
Қамқор анаң көз жасын көлдететін
Дарханбекова Айнұрдың орнында Би
5 оқушы
Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен
Мәпелеп, әлдилеген пейілің кең
Аналық маххабаттың кәусар бұлақ
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ
Алтын анаш ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Қыз еркем – қылығымен көркем
Отбасындағы қыз бала тәрбиесі
Қыз айттыру
Қыз ұзату
Қыз әдебі
Астана - әсем қала
Қыз бала тәрбиесі
«Қыз құпиясы пәктікпен тазалықта»
Алматы - әсем қала
Қыз өссе елдің көркі
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь