Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 332. 439. 5. (574) Қолжазба құқығында

МАНАП АЛМАГҮЛ СЕРІКҚАЛИҚЫЗЫ

Қызмет көрсету саласындағы франчайзингтің қалыптасуы және даму бағыттары (Алматы қаласындағы франчайзингтік фирмалардың материалдары негізінде)

08. 00. 05 -Экономика және халық шаруашылығын басқару

(қызмет салалары және сфералары бойынша) мамандығы

Экономика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2008

Жұмыс Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінде орындалған

Ғылыми жетекшісі:: Ғылыми жетекшісі:
экономика ғылымдарының докторы, профессор Есімжанова С. Р.: экономика ғылымдарының докторы, профессор Есімжанова С. Р.
Ғылыми жетекшісі:: Ресми оппоненттер:
экономика ғылымдарының докторы, профессор Есімжанова С. Р.:

экономика ғылымдарының докторы

Джангарашева Н. В.

экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Базарова С. Қ.

Ғылыми жетекшісі:: Жетекші ұйым:
экономика ғылымдарының докторы, профессор Есімжанова С. Р.: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты (Алматы қ. )

Қорғау 2008 жылдың «23» мамыр күні 14. 00 сағатта Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетіндегі экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін іздену жөніндегі Д 14. 02. 01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде өткізіледі, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144 бөлме.

Диссертациямен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат « » сәуір 2008 жылы таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы, э. ғ. д. А. Б. Темирбекова

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында елімізді жан-жақты жаңартудың жаңа кезеңіндегі басты басымдықтарының маңызды бағыттары ретінде қолымызда бар мүмкіндіктерді айқындау және пайдалану, сондай-ақ жаңа бәсекелестік артықшылықтар қалыптастыру арқылы Қазақстанды жаһандық экономикаға ойдағыдай кіріктіруге негізделген мемлекеттік саясат, экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін толымды стратегия әзірлеу және оны іске асыру, осы тұрғыда орта және шағын кәсіпкерліктің жаңа инновациялық сипатын құруды айқындады. Осы тұжырымдар Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы Жолдауында да өзінің ары қарай дамытылуымен сипатталады. Кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының бірі - өндірісті дамытуға және филиалдар ашуға өз қаражатын салмай-ақ өркендеуге мүмкіндік беретін фирманың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жаңалықтарды енгізуге бағытталған бизнесті ұйымдастырудың ерекше нысаны - франчайзинг.

Қазақстан экономикасының жандануына шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы тікелей әсер етеді. Кәсіпорындардың нарықтағы тұрақтылығын шешу жолдарының, шағын кәсіпорындарды дамытудың тиімді әдістерінің бірі - франчайзинг болып табылады.

Франчайзинг - ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы. Франчайзинг жүйесін пайдалану тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Франчайзингтік қатынастар желі қатысушыларына бірқатар артықшылықтар ұсынуымен тартымды: біріншіден, жаңа кәсіпкерлерге - табысы тұрақты бизнестің көмегімен өзіндік кәсібін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, екіншіден, танымал компаниялардың нарықтағы қызметін кеңейту және нығайту жолы, үшіншіден, мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдаудағы тиімді тетігі болып табылады.

Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері бойынша, елімізде 120 франчайзингтік жүйе және 1000 франчайзи кәсіпорындар бар. Экономиканың қарқынды дамуы, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-гі үлесінің өсуі, алдыңғы қатарлы бизнес технологияларына сұраныстың артуы, салыстырмалы түрде франчайзинг тауашасының қанықпағандығы және тағы басқа бірқатар факторлар жуық арада бұл сектор үлесі бірнеше есеге ұлғаяды деп болжам жасауға мүмкіндік береді. Бірақ, франчайзингтің дамуына кедергі болып отырған факторлар бар, олар: франчайзингтік секторға арналған мемлекеттік жеңілдіктер мен преференциялардың болмауы, санаткерлік меншіктің толық қорғалмағандығы, кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі, франчайзинг туралы ақпараттың аздығы, жылжымайтын мүлікке деген бағаның әлі де болса жоғары болуы. Жоғарыда аталғандарға байланысты, кәсіпкерлік дамуының ерекше нысаны ретіндегі франчайзинг жүйесін қалыптастыру мен дамытуға байланысты теориялық және практикалық аспектілерді зерттеу уақтылы және өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Франчайзингтің көп аспектілі сипаты мен өзектілігі ғалымдардың оған деген қызығушылығын арттырады.

Франчайзинг мәселесін зерттеген шетелдік авторлардың ішінен оның жан-жақты дамуына өз үлесін қосқандар: М. Мендельсон, Я. Мюррей, Дж. Стэнворд, Б. Смит, Н. К. Сирополис және т. б.

Франчайзингтің теориялық және ғылыми тәжірибелік аспектілері ТМД ғалымдары - В. В. Довгань, Д. Н. Земляков, Д. Н. Колесников, А. З. Майлер, М. О. Макашев, С. В. Поворин, И. В. Рыкова, С. А . Силинг, Л. Б. Сульповар, А. В. Цират және т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Шағын кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуының жекелеген аспектілерін отандық ғалымдар Ә. Ә. Әбішев, О. Б. Баймұратов, Ж. О. Ихданов, М. Б. Кенжеғозин, А. Қ. Қошанов, Қ. О. Оқаев, Х. Н. Сансызбаева, Т. С. Сатқалиева, Ә. Ә. Сатыбалдин және т. б. қарастырған.

Кәсіпорындардың маркетинг қағидалары негізінде нарықта әрекет жасау мәселелері Ш. Р. Әбділманова, Н. В. Джангарашева, С. Р. Есімжанова, Ұ. М. Искаков, К. К. Қажымұрат, С. Н. Нысанбаев, К. Ә. Сағадиев, Ф. С. Сейдахметова, Н. Н. Хамитов сияқты отандық ғалымдар еңбектерінде сипатталған.

Бірақ, шағын және орта кәсіпкерлік жүйесіндегі, оның ішінде қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік қатынастар мәселелерін толық қамтитын еңбектер аз. Қазақстанда қалыптасып келе жатқан франчайзингтік қатынастардың теориялық және тәжірибелік аспектілері толыққанды зерттелмеген. Қызмет көрсету саласындағы франчайзингтің даму беталысы және оны маркетинг қағидалары негізінде ұйымдастыру мәселелері ғылыми тұрғыда негіздеуді талап етеді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - франчайзингтің теориялық және практикалық аспектілерін кешенді талдау арқылы оның Қазақстан Республикасының қызмет көрсету саласындағы дамуы жөніндегі ғылыми негізделген ұсыныстарды жасау болып табылады.

Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер анықталды және шешімін тапты:

  • франчайзингтің теориялық негіздерін, нарықтық тұжырымдамасын жан-жақты зерттеу және жүйелендіру; франчайзингтің қалыптасуы және дамуының Қазақстан экономикасындағы артықшылықтары мен кемшіліктерін жалпылау; Қазақстандағы франчайзингтің дамуына әсер ететін факторларды талдау; франчайзинг түрлерінің салалық аспектілердегі ерекшеліктерін шетелдік тәжірибе тұрғысынан айқындау; қоғамдық тамақтану кәсіпорындары тұтынушыларының талғам-талаптарын, қалауын анықтау үшін маркетингтік зерттеу әдістемесін дайындап, жүргізу; франчайзингтік қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының қызметін ұйымдастыру және жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындау.

Зерттеу пәні. Қазақстандағы франчайзинг жүйесінің қалыптасуы және даму үрдісінде пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы диссертацияның зерттеу пәні болып табылады.

Зерттеу объектісі ретінде Алматы қаласындағы қызмет көрсету саласының франчайзингтік кәсіпорындары алынды.

Диссертациялық зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі ретінде экономикалық теория, франчайзингке, маркетингке байланысты отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасының Заңдары, Президент Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары және франчайзингтік қатынастар мәселелеріне жөніндегі нормативтік құжаттар қарастырылды.

Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің, Алматы қаласы Статистика басқармасының ресми мәліметтері, сонымен қатар франчайзингтік кәсіпорындар мен Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері және жүргізілген маркетингтік зерттеу нәтижелері ақпараттық база болып табылады.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы:

  • франчайзер мен франчайзи арасындағы келісім шарттық қатынастарға негізделген бизнестің инновациялық нысаны ретіндегі франчайзинг түсінігіне авторлық анықтама берілді; франчайзингтің түрлері жүйелендіріліп, жіктелу белгілері теориялық негізделіп, олардың Қазақстандағы қолданылу салаларына сипаттама жасалды; Қазақстандағы франчайзингтің даму факторлары, кезеңдері мен ерекшеліктері айқындалып, оның қазіргі жағдайына баға берілді; маркетингтік зерттеулер жүргізу арқылы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары тұтынушыларының таңдауына әсер етуші факторлар айқындалды; қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік қатынастарды нормативтік-құқықтық базаны, салық жүйесін және қызығушылық білдіретін шаруашылық субъектілерді ақпараттық қамтамасыз етуді жетілдіру негізінде жақсарту туралы ұсыныстар берілді.

Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:

  • франчайзингтің анықтамасы мен оның Қазақстандағы даму ерекшеліктері; мейрамхана бизнесі саласындағы франчайзингтік қызметтер нарығындағы тұтынушылардың талғамын айқындау бойынша маркетингтік зерттеулер әдістемесі; Қазақстанның қызмет көрсету саласындағы франчайзингті дамыту бойынша ұсыныстар; франчайзингтік қызметтер нарығының қалыптасу және даму үрдістерін кезеңдеу.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы. Зерттеу жұмысында ұсынылған іс-шаралар қызмет көрсету, соның ішінде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы франчайзингті қалыптастыру мен жетілдіруге үлесін қосады. Теориялық және әдістемелік материалдарды жоғары оқу орындарында «Маркетинг», «Тұрмыстық қызмет және сервис» мамандықтарының пәндерінен дәріс оқу және тәжірибелік сабақтар жүргізу барысында қолдануға болады.

Жұмыстың негізгі нәтижелерінің қолданылуы. Зерттеу жұмысының негізгі қорытындылары мен ұсыныстары халықаралық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалып талқыланған.

Диссертациялық жұмыстың нәтижелері Қазақстан Франчайзинг қауымдастығы және Қазақстан Туристік қауымдастығы жұмысында пайдаланылып, қолдау тапты.

Зерттеу нәтижелерінің жарияланымдары. Зерттеу тақырыбы бойынша 3, 57 баспа беттен тұратын 11 ғылыми мақала жарық көрді. Оның ішінде төрт мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің нұсқауындағы экономикалық басылымдарда жарияланған.

Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

«Франчайзинг» термині француздың «franchise» - жеңілдік, артықшылық, сонымен қатар салық пен жарналардан босату сөзінен пайда болған. Франчайзингтің қалыптасу және даму тарихы, оның дефинициясы мен терминінің мағынасы батыс және отандық әдебиеттерде әр түрлі белгіленген. Франчайзингтің бастапқы пайда болу мекені - АҚШ-та ол тауарлар мен қызметтерді сату, сатылған күрделі тауарларға сервистік қызметтер көрсету қажеттілігіне байланысты дистрибьюторлық желіні құру, кеңейту және жетілдіру мәселелері туындаған кезеңде кеңінен таралды. Әйгілі «Зингер», «Форд», «MC Donald , s» сауда маркілері франчайзинг қатынастары негізінде дамыған.

Дамыған елдерде франчайзинг тұтынушылардың әр түрлі қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың құралы ретінде жарты ғасырдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Франчайзингтің әлемдік жылдық тауар айналымы 2 триллион АҚШ долларынан астам соманы құрайды, оның әлемдегі франчайзингтік 20 мың желілерінде 30 миллионнан астам адам қызмет етеді. Шетелдердегі франчайзингті қолданудың көпжылдық тәжірибесі оның іскерлік тиімділігін дәлелді түрде көрсетеді. Бүгінгі таңда франчайзингтік желілердің саны бойынша әлемдегі көшбасшысы - Қытай, оның 3000-нан астам франчайзингтік желілері бар, екінші орында АҚШ, үшіншіде Жапония тұр.

Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың орын алғанына 10 жылдан асты, алайда отандық экономика үшін осы бизнестің кең дамыған ұйымдық нысаны әлі де жаңа құбылыс болып табылады.

Франчайзингтің шетелдік және отандық ғалымдар ұсынған неғұрлым жиі кездесетін анықтамаларын талдай келе, оларды экономикалық мәні, ерекшелік белгілері бойынша келесі түрде бөлуге болады:

  • бизнесті жүргізудің ерекше әдісі; ірі және шағын кәсіпорындардың интеграциясы; кәсіпорынның дәстүрлі емес қаржыландыру көзі; жеңілдікті кәсіпкерлік.

Франчайзинг орта және шағын бизнестің дамуына, отандық тауарлар мен тауар өндірушілерді ішкі және халықаралық нарықта жылжытуға, жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Шетелдік және отандық әдебиеттерді ғылыми тұрғыда зерттей отырып, франчайзингтің келесідей авторлық анықтамасын ұсынамыз: «Франчайзинг -келісім-шарт негізінде франчайзердің (құқық иесі) франчайзиге (құқық алушы) өз атынан өнімдерін, бизнесті жүргізу технологияларын немесе басқа коммерциялық ақпараттарын белгілі бір аумақта сатуға (таратуға) эксклюзивті құқық беретін кәсіпкерліктің инновациялық нысаны».

Франчайзинг - көптеген франчайзилер желілерін және территориялық дамудың жетілген технологияларында қалыптасқан серіктестік бизнес. Франчайзингтік жүйе жалпы түрінде құрылымды басқарушы франчайзер-компаниядан және оның бақылауындағы франшиздік кәсіпорындар желісінен тұратын ұйымдық құрылымды сипаттайды. Әрбір жүйе оның тараптарының өзара байланысымен сипатталады, осыған орай, франчайзингтік қатынастарды оның қатысушылары тұрғысынан қарастырамыз (1-сурет) .

1-сурет - Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік жүйесіне қатысушылардың өзара байланысы

Ескертпе - автор құрастырған.

1-суретте көрсетілгендей, франчайзингтік келісім-шарттың тараптары болатындар:

Франчайзер - франшиза беруші, лицензиар, бас кәсіпорын, құқық иесі. Көп жағдайда франчайзердің рөлін тұтыну нарығында жоғары мәртебеге ие, атақты сауда маркасы немесе бренді бар, жеке кәсіпкерлерге немесе олардың топтарына белгілі бір мерзімге және келісім-шартқа сәйкес сауда маркасын пайдалану құқығын беретін ірі фирма (корпорация) атқарады. Әдетте франчайзерлердің өз атынан ұсынатын тауарлық белгісі немесе қандай да бір өнімді өндірудегі қаржылық тәжірибесі мен жеке жүйесі болады. Франчайзер үшін франчайзинг өткізу нарығын жылдам кеңейту және персоналды басқару шығындарын азайту, шаруашылық субъектісінің тауарлық белгісі мәртебесін көтеру, өнім сапасы мен бірегей ассортиментіне деген тұтынушылар сенімінің артуы сияқты артықшылықтармен қамтамасыз етеді. Франчайзи - франчайзиат, франшиза алушы, лицензиат, оператор, франшиза ұстаушы, құқық алушы. Франчайзи - франчайзердің сауда белгісі мен технологиясын пайдалану арқылы коммерциялық қызметін жүргізетін тұлға, компания немесе серіктестік. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде - франчайзи франчайзерден белгілі бір мерзімге және шартқа сәйкес айрықша құқықты (франшиза) алатын жеке немесе заңды тұлға болып табылады. Франчайзи үшін франчайзинг - өз бизнесін ашудың қайталанбас мүмкіндігі, себебі франчайзер оған дайын нарықтық тауашаны, өзінің фирмалық атауын бере отырып, жан-жақты көмекпен қамтамасыз етеді. Франчайзинг компоненттерінің бірі - франшиза - белгілі бір шарттарға және сыйақыларға сәйкес неғұрлым ірі фирманың қызметтерін ұсынуға немесе оның өнімін сатумен айналысатын коммерциялық кәсіпорынды құруға берілетін құқық. Франшиза - франчайзинг негізінде белгілі бір экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін өзара келісіммен бекітілген айрықша құқықтар жиынтығы немесе франчайзингтік жүйеде қолдануға арналған іскерлік тұжырымдама. Франшизалық пакет франчайзингтік келісімге қатысты құжаттардың және франчайзиге берілетін бәсекелік артықшылықтар жиынтығы болып табылады. Оның келесідей құрамдас бөліктері бар:

Кәсіпорынды ашуға қажетті алғашқы жарна - франчайзердің бизнес-тұжырымдамасын және брендін пайдалануға алу үшін төленетін алғашқы төлем мөлшері; Роялти - франчайзингтік келісімде көрсетілген нақты мерзімде франчайзидің төлеп отыратын міндетті мерзімдік төлемдерінің мөлшері, немесе, франчайзердің авторлық құқықтарын пайдалану үшін төленетін төлемдер (лицензиялық төлем, роялти) ; Жарнамалық қорға төленетін төлемдер - бизнестің тиімді жүргізілуін ынталандыратын, франчайзер тарапынан өткізілетін әр түрлі жарнамалық шараларға франчайзидің ат салысуының қаржылық мөлшері. Әдетте, франчайзингтік келісімде франчайзер оның мөлшері алдын-ала белгілейді. Франчайзинг жүйесін әзірлеу үрдісі келесідей бес кезеңнен тұрады:

1) Франчайзинг тұжырымдамасын әзірлеу кезеңінде жүйеге қатысушы тараптарды анықтау және олардың міндеттерін тағайындау;

2) Франчайзингтік келісімді әзірлеу кезеңінде жүйеге қатысушы тұлғаларды белгілеп, ережелер мен шарттар жасау;

3) Франчайзинг жөнінде әдістемелік нұсқаулықты әзірлеу;

4) Франчайзинг бағдарламасын әзірлеу кезеңінде жүйені кеңейту жоспарын жасау;

5) Бағдарламаны жүзеге асыру және бақылау.

Франчайзингті жіктеудің тәсілдемелері тәжірибе жүзінде толық зерттелмегендіктен, шетелдік және отандық тәжірибеге сүйене отырып, оны белгілеріне сәйкес жіктеудің авторлық үлгісін ұсынамыз (2-сурет) .

2 - сурет- Франчайзинг түрлерінің жіктелуі мен олардың сипаттамалары

Ескертпе - автор құрастырған.

Әрине, франчайзингтік үлгінің жалпы жіктелімі мұнымен шектелмейді, ұсынылған жіктеме франчайзингтік қызметтің жалпы құрамын сипаттап, франчайзингте жүретін барлық үрдістерді зерттеуге жеткілікті негіз болуы мүмкін.

Қазақстандағы франчайзингтің дамуын негізгі сипаттамалары бойынша талдай отырып, оның келесі кезеңдерін бөліп көрсеттік (1-кесте) .

кесте Қазақстандағы франчайзингтік қатынастардың даму кезеңдері

Кезең-

дері

Компания атауы
Құрылу жылы
Негізгі сипаттамалары
Кезең-дері:

Бірінші кезеңі

1994-1999 ж. ж.

Компания атауы: «Coca Cola»
Құрылу жылы: 1994
Негізгі сипаттамалары:
Кезең-дері: «Рахат Палас»
Кезең-дері: «Adidas»
Компания атауы: 1995
Кезең-дері: «Сеймар»
Компания атауы: 1996
Кезең-дері: «Kodak»
Компания атауы: 1997
Кезең-дері: «Дока»
Компания атауы: 1999
Кезең-дері: «Анкара»
Кезең-дері: «Рамстор»
Кезең-дері:

Екінші кезеңі

2000 - 2004 ж. ж.

Компания атауы: «1C»
Құрылу жылы: 2000
Негізгі сипаттамалары:

Франчайзинг туралы Заң қабылданды. Шетелдік ірі фирмалардың франчайзилерінің нарыққа шығуына байланысты бәсекелестік қалыптасты. Қазақстан Франчайзинг қауымдас-тығы құрылды. USAID кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бағытында франчайзинг бағдар-ламасын ұсынды.

Кезең-дері: «Баскин31Роббинс»
Кезең-дері: Қазақстан Франчайзинг қауымдастығы
Компания атауы: 2002
Кезең-дері: Қазақстан Республикасының «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Заңы
Кезең-дері: «Il Patio», «Планета Суши»
Кезең-дері: «World Class»
Компания атауы: 2003
Кезең-дері: «Business Consult», «Scot Holland Estates»
Кезең-дері: «Пятерочка»
Компания атауы: 2004
Кезең-дері: «MaxMara», «Sela»
Кезең-дері: «Три Толстяка»
Кезең-дері:

Үшінші кезең

2005 жылдан басталып осы кезге дейін

Компания атауы: «English First»
Құрылу жылы: 2005
Негізгі сипаттамалары:
Кезең-дері: «Алма - TV»
Кезең-дері: «Tiffany Marble»
Кезең-дері: «Ромат»
Компания атауы: 2006
Кезең-дері: «Umex Realty»
Кезең-дері: «Сбарро»
Кезең-дері: «Finn Flare»
Компания атауы: 2007
Кезең-дері: «Aquatoria of Luxury Life»
Компания атауы: 2008
Кезең-дері: Ескертпе - автор құрастырған.

Франчайзингтік қатынастардың дамуындағы бірінші кезең жекелеген кәсіпкерлердің отандық экономикада жаңадан қалыптасып келе жатқан нарықтық экономикада франчайзингтік қатынастар жүйесін пайдаланудағы талпыныстарымен сипатталады. Бұл кезеңде франчайзинг тамақтандыру саласында, пиццериялар мен шағын наубайханаларға арналған құрал-жабдықтар саласында дамып, өндірістік және сервистік франчайзинг қалыптаса бастады. Екінші кезеңде - Қазақстан нарығына ірі шетелдік франчайзингтік фирмалардың келуі, елімізде осы салаға қатысты заңнаманың қабылдануы, Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының (ҚФҚ) құрылуы, отандық кәсіпкерлер мен аймақ басшыларына тақырыптық семинарлар жүргізу бойынша USAID шаралары жүзеге асырылды. Үшінші кезең Қазақстанда 400-ге жуық оператор-фирмалармен іскерлік қарым-қатынас жасайтын, ҚФҚ-на біріктірілген, 40 - 50 франчайзингтік жүйелердің қызмет көрсету, БАҚ, сауда, қоғамдық тамақтандыру салаларында қызмет етуімен сипатталады.

Франчайзингтің отандық баламалары сауда мен халыққа қызмет көрсету салаларында пайда болып, дами бастады, ол бизнес жүйесінің экономикалық, құқықтық, мәдени-әлеуметтік жағынан даму деңгейінің төмендігіне қарамастан, қазақстандық жағдайларға бейімделу қабілетінің негізінде өз тиімділігін көрсетті. Еліміздегі дербес франчайзингтік қатынастар техника-технологиялық, материалдық және тұтынушылардың мәдени-әлеуметтік даму ерекшеліктерін ескеретін экономика салаларының қажеттілігіне сәйкес пайда болуда. Қазақстандағы франчайзингтің дамуының бірқатар ерекшеліктерін атап өтуге болады, біріншіден, елімізде бөлшек саудадағы франчайзинг қарқынды даму үстінде болса, ал батыс елдерінде іскерлік франчайзингтің үлесі басым. Оған мысал ретінде «Пятерочка» бөлшек сауда дүкендерінің желісі, «Sela» киімдер дүкені, «DIXIS», «Евросеть» байланыс дүкендерін келтіруге болады. Екіншіден, отандық франчайзинг нарығының сублицензиялық сипаты, халықаралық франчайзерлердің қазақстандық нарыққа әлі де болса сенімсіздікпен қарап, тікелей қарым-қатынастардың орнына ресей, түрік субфранчайзерлері арқылы жұмыс істеуді таңдайды. Атап айтқанда, түрік субфранчайзерлері «Mariott», «Интерконтиненталь» қонақүйлері, «Coca-Cola» сусындар өндірісі, «Mango» киім дүкендері. Үшіншіден, Қазақстан нарығында шетелдік франшизалар саны басым. Мысалы, «РосИнтер Алматы», «English First», «Lefutur» компаниялары және т. б. Жоғарыда аталған ерекшеліктерді бағалау барысында еліміздің шетелдік франчайзерлердің Орта Азия нарықтарына шығуының себепшісі болу мүмкіндігі айқындалды. Мұнда отандық кәсіпкерлердің де өзіндік үлесі болатыны анық. Сонымен бірге еліміздегі ірі және шағын бизнес арасындағы ішкі франчайзингтік қатынастардың дамымауы оның басты кемшіліктерінің бірі болып тұр. Бұл кемшіліктің алдын алу үшін ірі мемлекеттік компаниялар аймақтық даму бағдарламасында шағын және орта бизнес субъектілеріне франчайзинг жүйесі арқылы қызметті жүргізудің технологиясы мен әдістерін ұсынуды қарастыру негізінде қол жеткізуіне болады. Қазіргі кезде осы бағдарлама аясында ұлттық байланыс операторы «Қазақтелеком» компаниясы кәсіпкерлерге Интернеттегі уақытты жалға беру франшизасын, «Қазақстан темір жолы» франчайзинг негізінде темір жолдарды жөндеу шеберханаларын жеке меншікке ұсынуда.

Қазақстанда соңғы жылдары франчайзингтік нысанды таңдаған бірқатар компаниялар нарықта белсенділік танытуда. Қазақстан франчайзинг қауымдастығы мәліметтерін жинақтап, оларды зерттеу барысында еліміздегі франчайзингтік жүйелердің қызмет ету салалары бойынша даму қарқыны мен үлесі 2-кестеде сипатталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ
Қазақстанның халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде халықаралық аренаға шығуы
Ішкі саясаттың негізгі бағыттары
Мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесін жетілдіру
Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты
Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы
Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы Н. Назарбаевтің ролі
Құқықтық мемлекетті нығайтудағы президент жолдауларының маңызы және тиімділігі
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Қазақстан Республикасының Рәміздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz