ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТӨЛЕНЕТІН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ СЫЙАҚЫЛАР


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

19-IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ

Қызметкерлерге берілетін сыйақылар

Бұл нұсқа 2004 жылғы 16 желтоқсанда шығарылған «Қызметкерлерге қосымша жеңілдіктер мен төлемдер - Актуралы пайда және залал, топтық сақтандыру және ақпаратты ашу» IAS 19 Түзетулерден туындайтын түзетулерді қамтиды.

19-IAS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНІҢ СТАНДАРТЫ

Қызметкерлерге берілетін сыйақылар

МАҚСАТЫ

Осы Стандарттың мақсаты есеп тәртібін орнату және қызметкерлерге берілетін сыйақы туралы ақпаратты ашу болып табылады. Стандарт компаниядан мыналарды тануды талап етеді:

(а) міндеттемені - егер қызметкер болашақта төленуі тиіс сыйақы орнына қызмет көрсеткен жағдайда; және

(b) шығысты - қызметкердің сыйақы орнына қызмет көрсету нәтижесінен шығатын компанияның экономикалық пайданы пайдаланған жағдайда.

ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ

1. Осы Стандарт, оларға қатысты 2-«Үлестік құралдар негізіндегі төлемдер» IFRS Халықаралық стандарты қолданылатындарды қоспағанда, жұмыс беруші қызметкерлерге беретін барлық сыйақыларды есепке алу үшін қолданылуы тиіс.

2. Осы Стандарт зейнетақы жоспарлары бойынша есептілікке қатысты емес (19- «Зейнетақымен қамсыздандыруға жұмсалған шығындар» IAS қараңыз) .

3. Оларға қатысты осы Стандарт қолданылатын қызметкерлерге сыйақылар мынадарды қамтиды:

(а) жасалған жоспарларға немесе компания және оның қызметкерлері немесе олардың өкілдерінің арасындағы басқа да жасалған келісімдерге сәйкес;

(b) заңнаманың талаптарына сәйкес немесе компания ұлттық, мемлекеттік, салалық немесе басқа да жұмыс берушілер тобына жарналар төлеуді жүзеге асыруға тиісті сала ішіндегі шарттарға байланысты; не

(с) жүктелген міндеттеменің шығуына әкеліп соқтыратын компания тәжірибесінің қалыптасуына сәйкес. Егер компанияның қызметкерлерге төлеулерді жүзеге асыруына нақты баламасы болмаса, қалыптасқан тәжірибе жүктелген міндеттемеге әкеліп соқтырады. Жүктелген міндеттеменің мысалы компанияның қалыптасқан тәжірибесінің өзгеруі оның қызметкерлерімен қарым-қатынасында тиімсіз зиянға әкеліп соқтыратын жағдайы болуы мүмкін.

4. Қызметкерлерге берілетін сыйақыға:

(а) жұмысшыларға және қызметкерлерге берілетін жалақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге арналған жарналар, жыл сайынғы ақы төленетін демалыс және ауруына байланысты ақылы демалыс, пайда және сыйлықақыларға қатысу (егер олар кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленетін болса), сонымен қоса осы уақытта жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін ақшалай емес нысандағы сыйақылар сияқты (медициналық қызмет, үймен және көлікпен қамтамасыз ету, ақысыз немесе күні белгіленген тауарлар немесе қызметтер сияқты) қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар;

(b) зейнетақы, зейнетке шыққаннан кейін берілетін басқа сыйақылар, еңбек қызметі аяқталған соң өмірді сақтандыру және медициналық қызмет көрсету сияқты еңбек қызметінің аяқталуына байланысты берілетін сыйақы;

(с) жұмыс стажы ұзақ қызметкерлер үшін ақы төленетін демалыс немесе ақы төленетін шығармашылық демалыс, мерейтойларға арналған, еңбекке жарамсыздығы үшін ұзақ мерзімді жәрдемақылар, сондай-ақ пайдаға және сыйлықақыға қатысуға, егер көрсетілген төлемдер кезең аяқталғаннан кейінгі 12 айдан астам кезеңде жүзеге асырылса, қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар; және

(d) шығу жәрдемақылары.

(а) -(d) көрсетілген әрбір санаттың әр түрлі сипаттамаға ие болуына қарай осы Стандарт әрбір бөлек санат үшін жеке талаптар қояды.

5. Қызметкерлерге берілетін сыйақы қызметкерлерге берілетін, сол сияқты асырауындағы адамдарға берілетін сыйақы сияқты, және/не қызметкерлердің, олардың жұбайларының, балаларының немесе басқа асырауындағы адамдардың, не, мысалы, сақтандыру компаниялары сияқты басқа тұлғалардың тікелей пайдасына іске асырылатын төлем жасау (немесе тауарлар немесе қызмет көрсету үшін) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

6. Қызметкер компанияға толық жұмыс күні негізінде, тұрақты, біржолғы немесе уақытша негізде ішінара жұмыспен қамту қызметін көрсете алады. Осы Стандарттың мақсаты үшін қызметкерлер санына директорлар және басқа да басқару саласының қызметкерлері кіреді.

АНЫҚТАМАЛАР

7. Мынадай терминдер осы Стандартта белгіленген мағынада қолданылады:

Қызметкерлерге берілетін сыйақы - компанияның қызметкерлерге олар көрсеткен қызметтің орнына ұсынылатын сыйақылардың және төлемдердің барлық түрлері.

Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылар - қызметкердің тиісті қызмет көрсеткен кезең ішінде кезең аяқталғаннан кейін толық көлемде 12 ай ішінде төленуге тиісті, қызметкерлерге берілетін сыйақы (шығу жәрдемақылары және үлестік құралдарға өтемақы төлемдерін қоспағанда) .

Еңбек қызметі аяқталған кезде төленетін сыйақылар - еңбек қызметі аяқталғанда төленетін қызметкерлерге берілетін сыйақылар (шығу жәрдемақылары және үлестік құралдарға өтемақы төлемдерін қоспағанда) .

Еңбек қызметі аяқталған кездегі сыйақылар жоспары - компанияның қызметкерлерге олардың еңбек қызметі аяқталғаннан кейін тиісінше төлейтін сыйақыларға жасалған немесе жасалмаған келісімдері.

Белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары - егер қор қызметкерлерге ағымдағы және алдыңғы кезеңдерде олардың көрсеткен қызметтері үшін есептелген барлық сыйлықақыларды төлеу үшін жеткілікті қаражаты болмаса, компанияның белгіленген жарнаны бөлек қорға төлеуді жүзеге асыруын және қосымша жарналар төлеу бойынша қандай да болмасын заңды және жүктелген міндеттемелері болмаса, белгіленген жарнасы бар зейнетақы жоспарларынан ерекшеленетін зейнетақы жоспарларын қамтамасыз етуді болжайтын зейнетақымен қамсыздандыру жоспары.

Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары - белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарларынан айырмашылығы бар зейнетақымен қамсыздандыру жоспары.

Жұмыс берушілер тобының зейнетақы жоспарлары - бұл:

(а) жалпы бақылауда тұрмайтын әр түрлі компаниялар енгізген активтерді біріктіретін; және

(b) зейнетақы жарнасы және көлемі зейнетақыны алушы қызметкердің қандай компанияда жұмыс істеуіне тәуелсіз анықталу шартымен бірнеше компаниялардың қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру үшін бұл активтер пайдаланылатын белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары (мемлекеттік зейнетақы жоспарларынан басқа) немесе белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары (мемлекеттік зейнетақы жоспарларынан басқа) .

Қызметкерлерге берілетін басқа да ұзақ мерзімді сыйақылар - қызметкер тиісті қызмет көрсеткен кезең ішінде төлем жасау бойынша берешек, кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде толық көлемде өтелу мүмкін болмайтын қызметкерлерге берілетін сыйақы (еңбек қызметі аяқталуы бойынша төленетін сыйақылар, шығу жәрдемақыларды және үлестік құралдармен өтемақы төлемдерін қоспағанда) .

Шығу жәрдемақылары -:

(а) қызметкерді зейнеткерлік жасқа толмағанға дейін компанияның шешімімен жұмыстан шығарса; не

(b) қызметкердің өз еркімен осындай сыйақыға айырбастауға жұмыстан шығу салдары болып табылатын қызметкерлерге берілетін сыйақылар.

Кепілдік берілген зейнетақылар - оларды алу құқығы қызметкерлердің әрі қарайғы жұмысына тәуелді емес зейнетақылар.

Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құны - ағымдағы немесе өткен кезеңдерде көрсетілген қызметкерлердің қызметіне байланысты шығатын міндеттемені орындау үшін қажетті күтіліп отырған болашақ төлемдердің дисконтталған құны (жоспар активтерін есептеп шығарғанға дейін) .

Ағымдағы қызмет көрсету құны - ағымдағы кезең ішінде қызметкерлерге қызмет көрсету нәтижесінде белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құнының ұлғаюы.

Пайыздарға жұмсалған шығын - зейнетақыны төлеу сәтінің бір кезеңге жақындауына байланысты шығатын кезең ішінде белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құнының ұлғаюы.

Активтер жүйесіне:

(а) қызметкерлердің ұзақ мерзімді сыйақылары қорларының активтері; және

(b) белгілі бір талаптарды қамтамасыз ететін сақтандыру полистері жатады.

Қызметкерлерге берілетін ұзақ мерзімді сыйақы қорының активтері (есеп беруші компания шығарған жіберілуге тиісті емес қаржы құралдарынан басқа) - бұл активтер мыналар:

(а) есеп беретін компаниядан заңды түрде оқшауланған, тікелей қызметкерлерді қаржыландыруды және сыйақы төлеуді жүзеге асыру мақсатында жұмыс істейтін тұлғаға (қорға) жатады; және

(b) қызметкерлерді қаржыландыруды және сыйақы төлеуді жүзеге асыру үшін пайдаланылуы мүмкін, компания кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін пайдаланылуы мүмкін емес (бұдан әрі банкроттық жағдайында) және мынадай жағдайларды қоспағанда, есеп беруші компанияға қайтарылуы мүмкін емес:

(і) қорда қалатын активтер қызметкерлерге сыйақы беру бойынша барлық міндеттемелер жоспарымен немесе есеп беруші компаниялар міндеттемелерімен байланысты қанағаттандыруы үшін жеткілікті; не

(іі) активтер есеп беруші компанияларға қызметкерлерге төленіп қойған сыйақыны өтеу ретінде қайтарылады.

Белгілі бір талаптарды қанағаттандыратын сақтандыру полисі - егер полистен келіп түсетін табыс есеп беруші компания тарапына ( 24-«Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашу» IAS Халықаралық стандартындағы анықтамаға сәйкес) байланысты болып табылмайтын сақтандырушы шығарған сақтандыру полисі

(а) белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша тек қызметкерлерге берілетін сыйақыны қаржыландыру және төлеу үшін пайдалануы мүмкін; және

(b) компания кредиторларының (әрі қарай банкрот жағдайында) талаптарын қанағаттандыру үшін қолданыла алмайды және есеп беруші компанияға мынадай жағдайларды есептемегенде қайтарылмайды:

(і) түсімдер қызметкерлерге сыйақы беру бойынша барлық тиісті міндеттемелерді қанағаттандыру үшін қажетті болып табылатын қосымша активтерді білдіреді; не

(іі) есеп беруші компанияға қызметкерлерге төленіп қойған сыйақыны өтеу ретінде түсімдер қайтарылады.

Әділ құн - жақсы хабардар, осындай мәмілені жасауға келіскен және бір-бірінен тәуелсіз тараптардың арасындағы мәмілені жасау барысында активке айырбастауға болатын немесе міндеттемені реттеуге болатын сома.

Жоспар активіне кіріс - іске асырылған және іске асырылмаған пайда және залалдармен бірге зейнетақы жоспарының активтерінен алынатын пайыздар, дивидендтер және өзге де түсім, минус осы активтерді басқаруға арналған кез келген шығындар және осы жоспарға қатысты төленуге жататын салықтар.

Актуарлық пайдалар және залалдар - актуарлық пайдаға және залалға мыналар кіреді:

(а) тәжірибе негізіндегі түзету (болашақ жағдайларға қатысты алғашқы актуарлық жорамалдар және негізінде болған жағдайлар арасындағы айырма нәтижелері) ; және

(b) актуарлық жорамалдағы өзгеріс нәтижесі.

Бұрынғы көрсетілген қызметтердің құны - төлемдер белгіленген зейнетақы жоспарлары бойынша міндеттемелердің дисконтталған құнын қызметкерлердің өткен кезеңде көрсеткен қызметіне байланысты ағымдағы кезеңде пайда болған жаңа төлемдер енгізу немесе еңбек қызметінің аяқталуына байланысты бұрынғы төлемдерді өзгерту нәтижесінде немесе басқа да ұзақ мерзімді төлемдерге байланысты ұлғайту.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТӨЛЕНЕТІН ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ СЫЙАҚЫЛАР

8. Қысқа мерзімді сыйақыларға мынадай баптар кіреді:

(а) жұмысшыларға және қызметкерлерге төленетін жалақы және әлеуметтік қамтамасыз етуге салынатын жарналар;

(b) қызметкерлердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде болжанатын демалыс жағдайында қысқа мерзімді төленетін демалыс (жыл сайынғы төленетін демалыс және ауруына байланысты демалыс сияқты) ;

(с) қызметкерлердің тиісті қызмет көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде төленуі тиіс табыс және сыйлықақыларға қатысу;

(d) осы уақытта жұмыспен қамтылған қызметкерлер үшін төленетін ақшалай емес нысандағы сыйақы (медициналық қызмет көрсету, үймен, автокөлікпен және ақысыз немесе күні белгіленген тауарлармен немесе қызметтермен қамтамасыз ету сияқты) .

9. Қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақыларды есепке алу әдетте оңай, себебі міндеттемелерді немесе шығыстарды бағалау үшін актуарлық жорамалдарға жол берілмейді, және компанияда актуарлық пайданың немесе залалдың пайда болуы мүмкін емес.

Тану және бағалау

Қызметкерлерге төленетін барлық қысқа мерзімді сыйақылар

10. Есеп беру кезең ішінде қызметкер компанияға қызмет көрсеткен кезде компания осы:

(а) кез келген төленіп қойған соманы ұстап қалғаннан кейін міндеттемелер ретінде (есептелген шығыстың) . Егер төленіп қойған сома төлеулердің дисконтталмаған шамасынан асып кетсе, компания осындай асып кету аванстық шығыстардың әкеліп соқтыратын шамасына қарай актив ретінде (аванс шығыстарының) тану керек; және

(b) активтің өзіндік құнына қосуға талап ететін немесе рұқсат беретін басқа Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты сол сыйақылар сомаларын есептемегенде шығыс ретінде (қараңыз: мысалы, 2- «Босалқылар» IAS және 16- «Негізгі құралдар» IAS)

қызметтердің орнына төленуі тиісті қызметкерлерге берілетін қысқа мерзімді сыйақылардың дисконтталмаған шамасын тануға тиіс.

11, 14 және 17-параграфтарда компанияның бұл талаптардың төленетін демалыс нысанындағы қысқа мерзімді сыйақыларға қалай қолданылуы тиіс екені түсіндіріледі.

Қысқа мерзімді төленетін демалыстар

11. Компания 10-параграфқа сәйкес қызметкерлерге төленетін демалыс нысанындағы қысқа мерзімді сыйақыларды төленуі күтілетін шығындарды мынадай:

(а) жинақталатын ақы төленетін демалыс кезінде - болашақ ақы төленетін демалысты пайдалануға қатысты олардың құқықтарын күшейтетін қызметкерлердің қызмет көрсету кезінде;

(b) жинақталмайтын ақы төленетін демалыс кезінде - тікелей демалыс басталған кезде тануы тиіс.

12. Қомпания қызметкерлердің әр түрлі себептермен, соның ішінде жыл сайынғы демалыс жағдайын, ауруы және қысқа мерзімді жұмыс жасауға жарамсыздығын, бала бағу кезінде, ант берген заседатель ретінде қызметке немесе әскер қызметін өтеу кезінде болмауын төлей алады. Ақы төленетін демалыс екі санатқа бөлінеді:

(а) жинақталатын; және

(b) жинақталмайтын.

13. Жинақталатын ақысы төленетін демалыстар, егер ағымдағы кезең ішінде толықтай пайдаланбаған болса, олардың мерзімі кейінгіге жылжытылып және келесі кезеңдерде пайдалануға болады. Жинақталмайтын ақысы төленетін демалыстар не өтем жасалатын (басқаша айтқанда, қызметкерлердің пайдаланбаған демалыстардың орнына ақшалай төлем құқығына ие), не өтем жасалмайтын (қызметкердің пайдаланбаған демалыстардың орнына ақшалай төлеулерді алуға құқығына ие болмаса) болуы мүмкін. Міндеттеме қызметкерлердің қызметті қалай көрсеткені, болашақта олардың пайдалана алатын ақы төленетін демалыстардың ұзақтығы ненің нәтижесінен көбейетініне байланысты шығады. Қызметкерлер өтем жасалмайтын жинақталған демалыс алу құқығын пайдаланғанға дейін жұмыстан шығу мүмкіндігі осы міндеттемені бағалауға ықпал еткен жағдайда да міндеттеме ақы төленетін демалыс өтелетін болып табылатын жағдайдың өзінде де күшін жоймайды және танылады.

14. Компания жинақталатын ақысы төленетін демалыстарды төлеуге күтілетін шығындарды қызметкерге төлеу болжанатын қосымша сома және есеп беру күнгі жағдайға байланысты жинақталған пайдаланбаған демалыстар ретінде бағалауы тиіс.

15. Алдыңғы параграфта анықталған әдіске сәйкес міндеттеме тек қана ерекшелік ретінде төлемдердің жинақталуына байланысты пайда болатын қосымша төлем шамасы бойынша бағаланады. Көпшілік жағдайда компанияда пайдаланбаған ақысы төленетін демалыстарға қатысты елеулі міндеттемелердің жоқ екендігі туралы қорытындыға келу үшін толық есептеу қажеттілігі жоқ. Мысалы, ауруына байланысты демалысқа қатысты міндеттеме ауруына байланысты пайдаланбаған демалыс ақысы төленетін демалыс ретінде алынуы мүмкін формальды немесе формальды емес болжауға негіз болған жағдайда ғана маңызды болады.

14 және 15-параграфтарды көрнекілендіретін мысал

Компанияда 100 қызметкер жұмыс істейді. Әрқайсысы ұзақтығы бес жұмыс күні болатын ауруына байланысты ақысы төленетін жыл сайынғы демалысқа құқығы бар. Ауруына байланысты пайдаланбаған демалыс бір жылға кейінгіге жылжытылуы мүмкін. Ауруына байланысты демалыс, ең алдымен ағымдағы жылға қатысты күн есебінен алынып, одан кейін алдыңғы жылдан жылжытылған пайдаланбай қалған демалыс есебінен алынады (ЛИФО негізінде) . 20Х1 жылдың 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша орташа есеппен ауруына байланысты ақысы төленетін пайдаланбаған демалыс бір қызметкерге екі күннен келді. Негізгі тенденциялары болашақта сақталуы болжанатын өткен тәжірибе негізінде компания 20Х2 жылы ауруына байланысты ақысы төленетін демалысты 92 қызметкердің бес күннен көп алмайтынын, ал қалған сегізі орта есеппен әрқайсысы алты жарым күннен алатынын күтеді.

20Х1 жылдың 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша жиналған демалысты пайдаланбау нәтижесінде компания қосымша ауруына байланысты 12 күн демалысты төлейтінін болжайды (әрбір сегіз адамға шаққанда бір жарым күннен) . Осылайша компания ауруға байланысты демалысты 12 күн көлемінде төлеу міндеттемесін таниды.

16. Жинақталмайтын ақысы төленетін демалыстар болашақ кезеңге ауыстырылмайды: ағымдағы жылы пайдаланылмаған немесе толық пайдаланылмаған жағдайда олар жойылады, және қызметкерлерге пайдаланбаған демалыс үшін ақшалай төлемдерді алуға құқық бермейді. Әдетте бұл ауруына байланысты демалысқа (өткен кезеңдердегі демалысты қаншалықты пайдаланбаса, болашақ кезеңдерде демалыстардың ұлғаймауы сондай дәрежеде болады), бала күтімі бойынша демалыс және ант берген отырыс төрағасы ретінде қызметке немесе әскери қызметін өтеу кезінде берілетін демалысқа қатысты. Компания қызметкер көрсеткен қызметіне сыйақы сомасының көбеюіне әкеліп соқтырмайтындықтан, демалыс кезеңі басталғанға дейін міндеттемелерді немесе шығыстарды танымайды.

Пайдаға және сыйлықаға қатысу жоспары

17. Компания 10-параграфқа сәйкес пайдаға қатысуға және сыйлықақыларды төлеуге жұмсалуы күтілетін шығындарды:

(а) компанияның ағымдағы немесе шартқа немесе заңнамаға сай туындайтын немесе өткен оқиғаларға байланысты осындай төлемдерді жүзеге асыруға міндеттемесі бар; және

(b) міндеттеме сенімді бағалануы мүмкін болған жағдайда ғана тануы тиіс.

Ағымдағы міндеттеме компанияның төлемдерді жасамауға нақты мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана болуы мүмкін.

18. Пайдаға қатысудың кейбір жоспарлары бойынша қызметкерлер белгіленген кезең ішінде компанияда жұмыс істеуге қалған жағдайда ғана пайда үлесін алады. Осындай жоспарлар, егер қызметкерлер белгіленген кезең аяқталғанға дейін компанияда жұмысын жалғастырып, олар төлеуге тиісті соманы ұлғайтатын қызметтерді көрсеткендіктен, жүктелген міндеттеменің пайда болуына әкеліп соқтырады. Осы сияқты жүктелген міндеттемені бағалау кейбір қызметкерлердің тиісті пайда үлесінсіз жұмыстан кету мүмкіндігін ескереді.

18-параграфты көрнекілендіретін мысал

Пайдаға қатысу жоспарына сәйкес компания ағымдағы жыл ішінде жұмыс істеген қызметкерлерге жыл ішіндегі оның таза пайдасының белгілі бір бөлігін беруі тиіс. Жыл ішінде қызметкерлердің ешқайсысы жұмыстан шықпаса, онда пайдаға қатысу жоспары бойынша төлемдердің жалпы сомасы бір жылдың таза пайдасының 3% құрайды. Компания кадр тұрақсыздығы таза төлем пайдасының 2, 5% дейін қысқаратынына сенімді.

Компания таза пайданың 2, 5% мөлшеріндегі міндеттемені және шығысты таниды.

19. Компания сыйлықақыларды төлеуге заңды міндеттемелерінің болмауы да мүмкін. Алайда, кей жағдайларда компанияда сыйлықақыларды төлеу тәжірибесі болуы да мүмкін. Осындай жағдайларда компанияның сыйлықақыларды төлемеуге нақты мүмкіндігі болмағандықтан, жүктелген міндеттемесі болады. Жүктелген міндеттемені бағалау бұл жағдайда кейбір қызметкерлердің компаниядан сыйлықақы алмай кету мүмкіндігін есептейді.

20. Компания өзінің заңды түрдегі және жүктелген міндеттемелерін мынадай жағдайларда ғана сенімді бағалауы мүмкін:

(а) жоспардың белгіленген талаптарының ішіне сыйақы шамасының анықтама формулалары кіргенде;

(b) компания қаржы есептілігін шығаруға бекіткенге дейінгі төленуі тиіс сыйақы көлемін анықтағанда; не

(с) өткен жылдар тәжірибесі компанияның жүктелген міндеттемесінің шамасын нақты анықтауға мүмкіндік бергенде.

21. Пайдаға және сыйлықақыларға қатысу жоспарлары бойынша міндеттемелер компания иеленушілермен мәміле нәтижесіне емес, қызметкерлердің көрсеткен қызметіне байланысты шығады. Сондықтан да компания пайдаға қатысу және сыйлықақыны төлеу жоспары бойынша жұмсалған шығындарды таза пайданы бөлу ретінде емес, шығыс ретінде таниды.

22. Егер пайдаға және сыйлықақыларға қатысу жоспарлары бойынша төленуі тиісті сома қызметкерлердің қызметтерді көрсеткен кезеңі аяқталғаннан кейінгі 12 ай ішінде толықтай төленбесе, олар қызметкерлерге берілетін басқа ұзақ мерзімді сыйақыларға жатқызылады (126-дан бастап 131-ге дейінгі параграфтарды қараңыз) .

Ақпаратты ашу

23. Осы Стандарт қызметкерлерге қысқа мерзімді төленетін сыйақыларға қатысты ақпаратты арнайы ашып көрсетуді талап етпейтініне қарамастан, оны басқа Стандарттар талап етуі мүмкін. Мысалы, 24- «Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету» IAS Халықаралық стандарты негізгі басқарушыға төлемдер туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді. 1- «Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық стандарты қызметкерлерге сыйақы төлеуге жұмсалған шығыстарды ашып көрсетуді талап етеді.

ЕҢБЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯҚТАЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ БЕРІЛЕТІН СЫЙАҚЫ: БЕЛГІЛЕНГЕН ЖАРНАЛАРЫ БАР ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖОСПАРЛАРЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕНГЕН ТӨЛЕМДЕРІ БАР ЗЕЙНЕТКЕРЛІК ЖОСПАРЛАР АРАСЫНДАҒЫ АЙЫРМАШЫЛЫҚ

24. Еңбек қызметінің аяқталуы бойынша сыйақыларға, мысалы:

(а) зейнет демалысына шыққан кездегі зейнетақылар сияқты сыйақылар; және

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс ұйымдарындағы қызметкерлерге берілетін сыйақылар есебі
Еңбекақы төлемінің аккордтық жүйесі
Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есеп шоттарының жоспарын бекіту туралы
Еңбекақының теориялық негіздемесі және аудиті
Қысқа мерзімді активтер
Еңбекақыны есептеу және еңбекақы төлеу есебі
Нарықтық экономикаға көшу барысында бухгалтерлiк есеп және аудит қызметiнiң алатын орны және қажеттiлiгi
Нарық экономикасы кезеңіндегі еңбек және еңбекақы есебінің маңызы
Салықтар бойынша міндеттемелер есебі
Ағымдағы міндеттемелер мәні және мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz