Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін аңдарды қорғау
Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:
Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін аңдарды қорғау
Табиғат жануарлар мен өсімдіктері миллиондаған жылдар бойы жасады,
міне, енді соның көбі жер бетінен жойылып кету қаупінде тұр. Бұған кінәлі –
адамдар. Біздің еліміміз өрмекшінің торындай аса күрделі де әрі соншалықты
осал. Өрмекші ұясының бір жібін қиып жіберіңізші, бәрі бірдей тарқатылып
кетсін. Біз бұған жайдан жай тоқталып отырғанымыз жоқ, адамның айналадағы
ортаға елеулі ықпалы туралы айтып отырмыз. Қажеттілік тумаса да орман
ағаштарын кесіп, құртудамыз, шаңды дауыл мен жел эрозиясының ошақтарын
жасаймыз, теңіз бен атмосфераны былғаймыз... тегінде жануарлардың
тіршілік ету ортасын бүлдіру арқылы олады мылтықтың, қақпанның, улы заттың
көмегімен қырып-жойғандай жоқ қалуға болады. Мен көптеген адамдар өзін
табиғаттың алдында қарыздар сезініп, тым құрығында сол қарызының кейбірін
өтеуге тырысса екн деп тілер едім.
Дүние жүзінің ғалымдары көптеген жануарлардың жер бетінен жойылып бара
жатқанын айтып, дабыл қағуда. Сондықтан да Қызыл кітаптар шығарылып, оған
жойылу қаупінде тұрған жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркелді. Қазақ
Қызыл кітабі да жарыққа шықты. Бұл бүгінде саны азайған, құрып кетуге
жақын қалған табиғат дүниелерінің құр тізімі немесе жай дабыл қағу емес,
сол бағалы әрі сирек кездесетін жануарларды қорғап, сақтауға бағытталған
іс-қимыл программасы болып табылады. Біз ендігі жерде қорықта тіршілік
ететін сондай жануарлар туралы әңгімелеуге көшеміз.
Субүркіт. Қазақстанда оның ұя салатын жерлері өте аз қалды, ол Жайық
және Іле өзендерінің бойыда, Алакөлде, Зайсан мен Марқакөл көлдерінде ғана
мекендейді. Субүркіттің оншақты жұбы Наурызым қорығында ұя салады.
Біз субүркіттің қорықтағы ұяларының бірін күтпеген жерден тауып
алдық. Орман ішіне кіре бере аумақты жайылған ескі қарағайдың басынан үлкен
ұяны көрдік – оның биіктігі бір метр, ені екі метірдей болады, ол
бұтақтармен үйіліп, жасырылып қойылыпты. Ұяның шет жағынан бір құс басын
шығарыңқырап, мойын соза түсті. Қабағы түйілген, өткір көзді, үлкен
тұмсвқты субүркіт осы еді.
Субүркіт – белгілі бір дәрежеде балық аулайтын жыртқыштың бірі,
сондай-ақ ол су құстарымен, кейде сүт қоректілермен де қоректенеді.
Сондықтан да ірі көлдердің бойында, теңіз жағалауларына жие қоныстанады.
Бірақ Наурызымда табан балықтан басқасы су бетіне жақын жерде болмайды,
сондықтан да олар оңайлықпен қолға түспейді. Мәселен, Нарызым көлдерінен
субүркіттерін бірнеше рет көргенімізбен, олардың ұясын кездестірмедік.
Үлкен құстың қанатының алымдылығы екі метірден артық. Қауырсынының
түсі ашық әрі қоңыр болып келеді, басы мен тамақ жағы көмескі алтын
жалатқандай жалтылдайды. Желке дейінгі қанатының түсі өте ашық сары да,
тамағының жоғарғы жағымен екі аралықта көлденең тартылған қара жолақ бар,
ол батырлардың жамылғы-сауытындай әсер береді. Оның қысқа келген ромб
тәрізді ақ құйрығы көз шағыллыстырады. Бәрінен де янтарь түстес жарқыраған
үлкен тұмсығы, аю тырнақты, сары қабыршақты аяғы айрықша әсер қалдырады.
Субүркіт ұшу кезіндегі екпінімен, күш-қуатымен де таңқалдырады, ол шомбал
денелі құс, қысқа ақ құйрығы ақ бұлттардың арасында көп байқала бермейді.
Үлкен, кең, тік бұрышты келген қанаттары бірден көзге түседі.
Тарғақ. Бұл балшықты құс тек Қазақстанда тіршілік етеді. Оның тұрақты
мекенінің бірі – Наурызым қорығы, ол мұңдағы сортаңды-жусанды далаға, судан
онша қашық емес жерлерге (0,5 – 1 километр) тұрақты бір орынға ұя салады.
Тарғақтардың ұя салатын жерлері бізге белгілі бола тұрса да, көзге көп
көріне бермейді, аяқ астынан, күтпеген тұстан кездеседі. Тарақтың түсінің
сұр-қоңыр болып келуі оны жусанның ақшыл сабақтары мен сарғыш түсті
кермектің арасына жасырып,көрсетпей тұрады.
Тарғақтарға далада да қауіпті, өйткені көрші совхоздың егістігі мен
шабындығына жыл сайын самолетпен минералды тыңайтқыштар себіліп, өңделеді
ғой. Улы химикаттардың ретсіз пайдаланылуы балықшы құстардың санын азайтып
жіберіп отыр. Бұрын мұнда істеген ғалымдардың жарияланған ғылыми
еңбектерінде қырқыншы жылдары далада тарғақтардың жүздеген, тіпті мыңдаған
тобы кезіп жүргені айтылады. Солтүстік Қазақстанның тың жерлерін интенсивті
игеру жағдайында, тірі табиғат ншін пайдасынан да зияны басымулы
химикаттардың барған сайын кеңінен қолданылуы нәтижесінде құстардың
көптеген түрлеріне, оның ішінде тарғақтарға да жойылып кету қаупі тұр.
Ақ бас үйрек.бұл қорықтың ежелгі тұрғыны. Олардың мұңда жыл сайын 10 –
16 жұбы ұя салады. Отызыншы және қырқыншы жылдарда ақ бас үйректердің
топтары жүзден саналатын. Қазір бұл да сирек кездесетін құстардың
қатарына жатады. Көлемі жағынан ол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz