Қызылорда қалалық жастар саясатының 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы туралы


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Қызылорда қалалық жастар саясатының 2009-2011 жылдарға

арналған бағдарламасы туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамытудың 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 516 қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қызылорда қалалық жастар саясатының 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру туралы есебі назарға алынсын.
  2. Қызылорда қалалық жастар саясатының 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы мақұлдансын (қоса берілді) және қалалық мәслихаттың сессиясына бекітуге ұсынылсын.
  3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары А. Мұхимовқа жүктелсін.

ҚАЛА ӘКІМІ М. ЕРГЕШБАЕВ

ІV шақырылған қалалық мәслихаттың

2008 жылғы «__» желтоқсанындағы

ХІІІ сессиясының № ___ шешіміне

№ 1 қосымша

Қызылорда қалалық

жастар саясатының 2009-2011 жылдарға

арналған бағдарламасы

Қызылорда қаласы, 2008 жыл

1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ

Бағдарлама атауы: Бағдарлама атауы
Қызылорда қалалық жастар саясатының 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы: Қызылорда қалалық жастар саясатының 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы
Бағдарлама атауы: Әзірлеу үшін негіздеме
Қызылорда қалалық жастар саясатының 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы: «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі № 581 Заңы, «Жастардың бәсекеге қабілеттілігін қолдау мен дамытудың 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 маусымдағы № 516 қаулысы
Бағдарлама атауы: Бағдарламаны әзірлеуші
Қызылорда қалалық жастар саясатының 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы: «Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі
Бағдарлама атауы: Орындаушылар
Қызылорда қалалық жастар саясатының 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы:

Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі, ауылдық округтердің әкімдері, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, қалалық білім беру бөлімі, қалалық спорт бөлімі, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық құрылыс бөлімі, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, қалалық ішкі істер бөлімі, жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының басшылары (келісім бойынша)

Бағдарлама атауы: Мақсаты
Қызылорда қалалық жастар саясатының 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы: Әлеуметтік бағдарланған жастар саясатын жүргізу, жастардың рухани, мәдени, білімді, кәсіби қалыптасуына және дене дамуына, бүкіл қоғам мүддесіне олардың шығармашылық әлеуетін ашуға, жастарды әлеуметтік бағдарлама негізінде және республикадағы жастар ұйымдарының жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасауға арналған әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды әзірлеу және қабылдау.
Бағдарлама атауы: Міндеттері
Қызылорда қалалық жастар саясатының 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы:

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулығын нығайту мен сақтаудың тиісті дағдыларын қалыптастыру.

Жас азаматтарды әлеуметтік және құқықтық қорғау.

Жастардың экономикалық дамуы мен еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдай жасау.

Жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету.

Жас дарындарды қолдау мен шыңдау.

Жастардың азаматтық белсенділігін арттыру оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу және жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметін жақсарту үшін жағдай жасау.

Жастардың дамуы мен әлеуметтік көмек көрсету үшін жағдай жасау.

Бағдарлама атауы: Негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері
Қызылорда қалалық жастар саясатының 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы: Бағдарламаны іске асыру тетігі Бағдарламаның іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды жастармен жұмыс істейтін барлық мүдделі құрылымдарды тарта отырып, кезең-кезеңмен іске асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың үйлестірілген іс-әрекеттерінен тұрады.
Бағдарлама атауы: Жүзеге асыру мерзімі
Қызылорда қалалық жастар саясатының 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы: 2009 - 2011 жылдар
Бағдарлама атауы: Қаржыландыру көзі мен көлемі
Қызылорда қалалық жастар саясатының 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы:

Бағдарламаны жүзеге асыру қалалық бюджеттен мынадай қаржылық шығындар бөлуді көздейді:

2009 жылы - 3 млн. 654 мың;

2010 жылы - 3 млн 800 мың теңге;

2011 жылы - 3 млн 900 мың теңге.

Ескерту: Бағдарламаның 2010, 2011 жылдардағы іс-шаралар бюджеттің нақтылануына байлынысты кезең-кезеңімен қаржыландырылады.

Бағдарлама атауы: Күтілетін нәтиже
Қызылорда қалалық жастар саясатының 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламасы:

Бағдарламаны жүзеге асыру мынадай мүмкіндіктерге жол ашады:

1) жастар саясаты саласында еңбек ететін мемлекеттік органдардың қызметін бағыттауға және жүйелендіруге;

2) әлеуметтік-экономикалық жағынан жастардың өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау;

3) жастармен жұмысты ұйымдастыру деңгейін арттыру;

4) жастардың саяси, әлеуметтік және іскерлік белсенділігін арттыру;

5) жастарды отансүйгіштік пен азаматтыққа тәрбиелеу деңгейін арттыру;

6) жас ұрпақтың денсаулығын жақсарту.

2. Проблема мазмұны және оны бағдарламалық әдістермен шешудің қажеттігіне негіздеме

Кіріспе

Қызылорда қаласын одан әрі дамыту үшін қажетті шарттардың бірі - жас ұрпақтың әлеуметтік бағытталуы мен азаматтық қалыптасуы үшін ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағдайларды жасау және нығайту.

Қызылорда қаласында соңғы кездері жастармен белсенді түрде жұмыстар жүргізілуде. Жастар форумдары, конференциялар, түрлі конкурстар, «дөңгелек үстөлдер», мәдени-көпшілік шаралары, тақырыптық акциялар өткізу дәстүрге айналды.

Осы Бағдарлама Қызылорда қаласы ішкі саясат бөлімі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жүйесін құру мақсатында мемлекеттік органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың тығыз қарым-қатынасы мен әріптестігінің негізінде әзірленді.

Жастар тұрғылықты халықтың қоғамдық белсенді бөлігі және қаланың перспективалық дамуы үшін стратегиялық ресурсы болып табылады. Жастар саясаты мемлекет мүддесі мен мемлекеттің болашақта дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар интеллектуалды және рухани-саналы тұлғаның қалыптасу қажеттілігі аясында айқындалды.

Қала халқының жалпы санының 32 пайызын жастар құрап отыр. Оның ішінде қала жастары - 68 449 адам.

Жастар саясатын жүйелі қажеттілігі өзінің әлеуметтендіру процесінде жас адамның кезігіп отыратын өмір қиыншылықтарымен айқындалады. Әсіресе экономикалық проблемалардың шешілмей отырғандығын атап өтуге болады. Жастар өзінің біліктілігі кәсіби даярлығы деңгейінің төмендігімен халықтың аз қорғалған бөлігі болып табылады. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі және рухани шектеу қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік және осы сияқты әлеуметтік құбылыстардың таралуы олардың басты фактор болып отыр.

Жастар дамушы әлеуметтік-демографиялық топ ретінде репродуктивті жаста бола отырып, сонымен бірге тұрғын үймен аз қамтылғандар қатарында.

Осындай проблемалар қысқа және ұзақ мерзімде жастардың барлық категориялары келешекте өзіндік белсенді азаматтық санасын тәрбиелеуге, олардың қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге белсене қатысуына бағытталған жастардың қоғамдық маңызды бастамаларын тиімді қызмет ететін мемлекеттік органдармен қорғау жүйесін қалыптастыруды қажет етеді.

2008 жылғы 1 қаңтарда қалада 22 жастар ұйымы тіркелген, оның ішінде ұйымдардың басым көпшілігін құқықтық-мәдениетті қалыптастыру, олардың құқықтары, бостандықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету сұрақтары бойынша жастар ақпараттық-кеңес берушілік, әлеуметтік көмек көрсету бойынша қызмет ететін бірлестіктер құрайды.

Қоғамдық бірлестіктердің барлық жұмыс атқару формалары мәдени-көпшілік және патриоттық акциялар, қайырымдылық іс-шаралары, концерттер, пікір-сайыстар, интеллектуалдық ойындар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» және басқалары болып табылады.

Алайда, жастар қоғамдық бірлестіктерінің саны өскеніне қарамастан, олар әлі күнге дейін көпшілік үшін қызмет атқара алмай отыр.

Бар үкіметтік емес ұйымдар толық дәрежеде әлі де қала жастарының мүддесін білдірмейді. Өйткені мектеп оқушылары, жоғары және орта оқу орындарының студенттері сияқты тек белгілі категориямен жұмыс істейді. Сонымен қатар жұмыс істейтін, жұмыссыз және басқа да категориялы жастар бірлестіктерге қамтылмай отыр.

Демократиялық қоғам дамуының басты көрсеткішінің бірі - жастардың қабылданған шешімдерді шешуіне атсалысуы болып табылады. Оң әсерлі шешім жобаларын қабылдауға жекелеген жастарды тарту мысалдарына қарамастан, бұл тетік әлі де дұрыс жетілдірілмеген.

2006-2008 жылдардағы жастар саясаты бағдарламасының орындалуы туралы

2006-2008 жылдары мемлекеттік жастар саясатын Қызылорда қаласында жүзеге асыру 2006 жылдың 17 наурызындағы қалалық мәслихаттың №26/6 шешімімен бекітілген «Жастар саясатының 2006-2008 жылдарға арналған қалалық бағдарламасымен анықталған басты бағыттарға сәйкес жүзеге асырылды.

2006-2008 жылдары құрылған жастар қоғамдық бірлестіктері негізінде жастар әлеуметтік қызметтері өздерінің басты мақсаттары етіп жастардың әлеуметтік өзін-өзі реттеуін ықпал етуді қойды. Осылайша бағдарламаның жүзеге асырылуы барысында құрылған әлеуметтік жастар қызметтері мынадай бағыттар бойынша қызмет етті:

1) жастардың дамуы мен оларға әлеуметтік көмек көрсету үшін жағдай жасау;

  1. жастарға экономикалық даму мен еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдай жасау;
  2. жастардың мүддесі мен құқықтарын қамтамасыз ету;
  3. жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету;
  4. жас дарындарды қолдау мен шыңдау;
  5. жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  6. жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және азаматтық белсенділігін арттыру.

2006 жылдан 2008 жылға дейін аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру бағытында әлеуметтік қызметтер аясында 64 кездесу, 37 тренинг-семинар, 76 акция өткізілді және 300-ден астам заңды және психологиялық көмектер көрсетілді.

Сонымен бірге, осы кезеңде жоба аясында әдістемелік нұсқаулықтар әзірленді. Әлеуметтік қызметтер жұмысы барысында әр түрлі сұрақтар бойынша 300-ге жуық қала жастарына көмек көрсетілді.

Жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша біршама жұмыстар жүргізілді. Баспа және электронды БАҚ-да арнайы айдарлар ашылып, олар жастар саясатының мәселелері мен проблемалары бойынша материалдарды ақпараттандырды. Олардың қатарында «Сыр жастары», «Жастар және мен», «Мен жаспын», «М-клуб», «Ой-дода», «17 жастар бағдарламасы» және т. б. бар. Жастар мен студенттерді еңбекпен қамтамасыз ету саласында да бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды. “Жасыл ел” бағдарламасы аясында 2008 жылы студент жастар аумақты көркейту мен көгалдандыру жұмыстарына белсенді түрде тартылды.

Облыс жастарының жыл сайын желтоқсан айында өткізілетін форумына қала жастары өкілдерінің жиналуы дәстүрге айналды. Оның аясында жастар өз проблемаларын талқылап, ойларымен бөлісті, билік өкілдерімен, мәслихат депутаттарымен кездесті және т. б. пайдалы іс-шаралар өткізілді.

Әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу бойынша мемлекеттік органдардың жұмысы туралы ақпараттандыруды жақсарту. “Жастар саясаты туралы” Заңның жүзеге асырылуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, жергілікті басқару органдарында және мемлекеттік билік органдарында жас азаматтарға олардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда көмек көрсету, жастар мәртебесін көтеру, қоғамда жастардың орны туралы ескі ұстанымдарды жою, жастардың жаңа өмірлік құндылақтарын айқындау, билік органдарында жастар мүдделерін жүзеге асыру.

Қазіргі таңдағы проблемалардың жай-күйіне талдау жасау

Сонымен бірге, қазіргі таңда қалада жастар саясатын тиімді жүргізуге кедергі болып отырған бірқатар проблемаларды белгілеуге болады:

1) қалада жастар саясатын жүзеге асыру үшін тиісті ақпараттық, ұйымдастырушылық, қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігі (жеке ғимараттың, көліктің және т. б ресурстардың болмауы) ;

2) жастардың әлеуметтік проблемаларының шешілмеуі. Мұнда жастарға қатысты жүргізілетін мемлекеттік саясат еңбек ету, денсаулық, білім беру және тәрбие сияқты өмірдің аса маңызды салаларына өзінің назарын аударту қажет. Бұл ретте, жас ұрпақтың құндылықтарын айқындап, олардың құштарлықтарын арттырып, өз-өздерін көрсетудің әртүрлі әдістерін, бастамаларын, әлеуметтік белсенділігін, өмір сүру салтын назарға алу қажет;

3) бүгінгі күні жастар - жұмыспен толық қамтылмаған әлеуметтік топ ретінде болып отыр, яғни, қандай да бір қоғамдық іс-әрекетке тартылмай қалған еңбек ресурстары болып табылады. Дәл осы мәселенің астарында жастардың белсенділік деңгейінің төмендігі жатыр. Осыған орай, өз еліне және де өз болашағына қатысты жастардың жауапкершілігі мен әлеуметтік және азаматтық белсенділігін арттыру мақсатында барлық мүмкіндіктерді кардиналды түрде кеңейту үшін қажетті шарттарды қалыптастыру керек.

Жастар арасындағы басты проблемалардың қатарына: жұмыссыздық, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, ұстанымдарының (моральдің) төмендеуі және экологиялық қолайсыздық жатады.

Бұдан басқа, жастар үшін өмірлік маңызды мәселе - тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасы болып табылады. Жастарға бұл проблеманы шешу жолында өз тұрғын үйін сатып алуға жеткілікті жалақы табу мүмкіндігін беру, аталмыш мәселені льготтық ипотекалық несиелендіру жүйесін дамыту арқылы шешуге болады.

Жастар үшін жаңа және қосымша жұмыс орындарын ашу, еңбек рыногын кеңейту - тығырықтан шығудың нақты жолдарының бірі. Сондай-ақ, кәсіпкерлікпен айналысу да пайдалы.

Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметтері бойынша 2008 жылы жұмысқа орналасуға ықпал ету үшін 1170 жас адам өтініш білдірген, оның ішінде 374 адам жұмысқа орналастырылған. Бұлардың жоғары білімділері - 37, орта арнаулы білімділері - 1021. Ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған жастар - 153, жаңа мамандыққа оқытылып даярлықтан өткендері - 241. Бұл жастардың экономикалық дамуы үшін жағдай жасалып, оларды жұмыспен қамтуда мақсатты бағытталған жұмыс жүргізіліп жатқандығын көрсетеді. Бұл бағыттағы жұмыста жастарды кәсіпкерлік негізде оқыту бойынша қызметтер кешенін көрсетумен қамтамасыз етеді. Жалпы алғанда ұсынылған бағдарламаға сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар жастардың ұсынысына байланысты болған бизнес-жобаларға сараптау және баға беруді, сонымен бірге, кәсіпкерліктің негіздерін үйрету бойынша кешенді қызмет көрсетуді қамтамассыз ететін - жастар әлеуметтік қызмет көрсету орындарының қызметтерін ұйымдастыруына екпінді аударуы қажет.

Студенттер әрқашан да қоғамның ең ойлы, энергиялы, жаңашыл бөлігі болып табылады. Әрине, бұл мемлекеттік-саяси, қоғамдық және бизнес орталарында кең қызығушылық туғызады.

Сонымен қатар, студент жастар қоғамның әлеуметтік сезімтал бөлігі болып табылады.

Бұл санатқа қатысты туындаған проблемаларға оқу және демалыс кезеңдерінде жұмысқа орналасу, оқу кезеңінде тұрғын үймен қамтамасыз етуі, жеңілдетілген медициналық қызмет көрсету, жас отбасыларын, жетім балалар қатарынан шыққан студенттерді және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғау, дарынды студенттерді қолдау, олардың құқықтық қорғалуы, еңбекпен қамтылуы жатады.

Оқушы және студенттерге ерекше назар аударуды, әсіресе жатақханада тұратын жастармен атқарылатын жұмыстарға көңіл бөлуді қажет етеді. Қала орталығында жоғары және орта оқу орындарының жанында 2 мыңға жуық студенттер тұратын 8 жатақхана қызмет етеді.

Студент жастар қозғалысының белсенділігін арттыру, білім беру сапасын талқылау, студенттердің жұмыспен қамтылуы және студенттік құрылыс жасақтарының жұмысын жандандыру, жастардың бос уақытын, шығармашылығын және студенттік өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру, студенттердің әлеуметтік және құқықтық мүдделерін қорғау, студенттік ақпараттық кеңістікті дамыту мақсатында «Қазақстан студенттер Альянсы» республикалық қозғалысы құрылды. Қаладағы әрбір жоғары оқу орнында оның өкілдері қызмет етеді.

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс жасаудың негізгі себебі- жасөспірімдердің құқықтық санасы төмендігі мен жасөспірімдер, отбасы институттарымен жүргізілетін жұмыстардың нашарлығы, әлеуметтік аз қамсыздандырылған отбасыларынан шыққан жасөспірімдерді қамтуға мүмкіндігі бар аула клубтарының, бос уақытын өткізу мекемелері санының аздығы, ақылы спорт секцияларының және басқа үйірмелердің қолжетімсіздігі болып табылады.

Қаладағы жастардың жан-жақты болып өсуінің негізгі тетігі салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорттың көпшілік арасында дамуына жағдай жасау. Қолда бар мәліметтер бойынша қазіргі барлық жастар санының 20, 0 пайызы спортпен тұрақты түрде айналысады. Спортпен айналысатын 82, 9 пайыз жастардың басым көпшілігі мектеп, интернат және БЖСМ оқушыларын құрайды. Жоғары оқу орындарының студенттері - 1, 7 пайыз, колледж студенттері - 2, 2 пайыз және кәсіби мектептердің оқушылары - 4, 2 пайызды құрап отыр.

Соңғы кезде спорт мекемелерінің жасақталуы және материалдық-техникалық жағдайы біршама жақсарды.

Жастардың арасында аурулар санының өсуі келешек ұрпақтың денсаулығы үшін алаңдаушылық туғызады. Осы саладағы жағдайдың күрт өзгеруі ерекше күш-жігерді, әр түрлі аурулардың алдын-алуды және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауды қажет етеді.

Осы ретте жастар арасында туындап отырған маңызды сұрақтардың қатарына демографиялық саясаттың пәрменділігін күшейту және неке-отбасылық қарым-қатынастар жатады.

Сонымен қатар қазіргі таңда жас отбасылар арасындағы некелік - отбасылық қатынастардың тұрақты болмауы басты мәселе болып отыр.

Көптеген жағдайларда ажырасудың негізгі себебі - жұмыссыздық, маскүнемдік, ерлер мен әйелдер арасындағы нашақорлық, әлеуметтік-экономикалық және басқа да тұрмыстық проблемалардың белең алуы.

Жоғарыда атап көрсетілгендей жастар арасындағы теріс әсерлі тенденцияның қалыптасуы жас отбасылар үшін қолайсыз жағдай туғызуда. Ол ажырасулар санының өсуіне әсер етіп, өңірдің әлеуметтік-демографиялық жағдайын нашарлатады.

3. Бағдарлама мақсаттары мен міндеттері

Бағдарламаның мақсаты әлеуметтік бағдарланған жастар саясатын жүргізу, жастардың рухани, мәдени, білімдік, кәсіби жағынан қалыптасуына және дене дамуына, бүкіл қоғам мүддесіне олардың шығармашылық әлеуетін ашуға, жастарды әлеуметтендіруге және республикадағы жастар ұйымдарының жұмыс істеуі үшін қажетті көмектер жасауға арналған әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды әзірлеу және қабылдау болып табылады.

Қойылған мақсаттарға сәйкес мынадай міндеттердің шешілуі көзделеді:

  1. салауатты өмір салтын қалыптастыру және сәйкесінше жастар арасында денсаулық сақтау мен нығайтудың дағдыларын игеру;
  2. жас азаматтарды әлеуметтік және құқықтық қорғау, жанұя институтының дамуы, оның өмірлік проблемаларын шешуге ықпал ету;
  3. жастарға экономикалық дамуы мен еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдай жасау;
  4. жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету;
  5. жас дарындарды қолдау және шыңдау;
  6. жастарды азаматтық белсенділікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу және жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметі үшін жағдай жасау;
  7. даму мен әлеуметтік көмек көрсету үшін жағдай жасау.

4. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері

Жастар арасында салауатты өмір салтын және денсаулықты нығайту мен сақтаудың тиісті дағдыларын қалыптастыру

Осы бағдарламаның жүзеге асуы шеңберінде жас азаматтарға мемлекеттік көмек көрсету мақсатында денсаулық, дене тәрбиесі және спорт саласында мынадай іс-шаралар көзделген:

  1. жас азаматтардың салауатты өмір салтын қалыптастырып, денсаулығын сақтауға байланысты шараларды жүзеге асыру және жастар арасында салуатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттауды ұйымдастыру;
  2. «ЖҚТБ - XXІ ғасырдың дерті», «Денсаулық жәрмеңкесі», «Жастар есірткіге қарсы» тақырыптарында жастар қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен акциялар, «дөңгелек үстелдер» өткізу;
  3. жастар арасында дене тәрбиесі мен спортты дамыту, бұқаралық спортты қалыптастыруды насихаттайтын шараларды ұйымдастыруды жүзеге асыру;
  4. кәмелетке толмаған жастардың мінез-құлқы мен тәртібінің өзгермелік және жастар арасында нашақорлардың таралуын ескертетін орталықтың қызметін ұйымдастыру;
  5. Жыныс жолдарымен жұғатын аурулар, ЖҚТБ, маскүнемдік, нашақорлық мәселелері туралы әлеуметтік сауалнама, «дөңгелек үстелдер» өткізу;
  6. әлеуметтік дәрігерлік-кеңес қызметін ұйымдастыру;
  7. аула клубтарының қызметін ұйымдастыру.

Жоғарыда көрсетілген шаралардың жүзеге асырылу нәтижесінде жастар бұзақылығы мен бақылаусыздығы сияқты әлеуметтік жат тәртіптің әр түрлі формаларына қарсы күресте алдын-алу шаралары ретінде жастар мен балалардың тұтастай әлеуметтік жұмыс жүйесі құрылуы мүмкін.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру әрбір жас қызылордалықтың шыңдалып өсуіне және қалыптасуына өз септігін тигізеді, өзінің өмірлік жолын таңдап, анықтауда оң әсер етеді. «Қазақстандық социумның тәрбиелік потенциалын, оның жас мүшелеріне кешенді әлеуметтік көмекті дамыту мен оны өзектілікке айналдыру мақсатындағы, сонымен бірге, адамзаттық ресурстарды қайта қалыптастыруға бағытталған қаржылай салымдар нағыз сенімді де нәтижелі салым болып табылады. (Н. Назарбаев) .

Жас азаматтардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуы

Жастар арасында құқықтық мәдениетті арттырмай тұрақты және жүйелі құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамыту мүмкін емес. Әрбір тұлғаның дамуы үшін өзінің құқығы мен міндеттерін білуі міндетті шарт болып табылады. Ал заң нормаларының орындалуы жазалаудан қорыққандықтан емес, азаматтық-құқықтық принциптің белсенділігімен анықталады. Әзірге әлеуметтендіру мен тәртіптендіруде негізгі күш жағымсыз салдарды болдырмау мақсатында жастар арасында қалыптасқан келеңсіз жағдайдың алдын алып, түбегейлі өзгертуге бағытталған.

Жастардың қызығушылығы мен құқығын қорғау қоғамдағы жалпы құқықтық мәдениеттің көтерілуін, жас адамдардың Конституцияны, заңдарды, Қазақстанның мемлекеттік дамуының негізгі идеяларын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.

Осыған орай, кәсіби дайындау және білім, еңбекпен қамту саласында олардың құқықтарының жүзеге асыру мүмкіндіктерін жастар арасында құқықтық ақпарат тарату мен насихаттауды қамтамасыз етуді жүзеге асыру мақсатында және де жас отбасылар үшін қолайсыз жағдайлар туғызатын проблемалардың пайда болуын алдын алу үшін келесідей іс-шаралар қарастырылады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2011 жылғы 1 шілдедегі қорытындылары туралы АҚПАРАТ
Көші қон факторлары
Қазақстанның әлеуметтік жағдайы және кедейшілік деңгейін талдау
ЖАСТАРДЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛУЫН БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК БАҒЫТТАРЫН ТАЛДАУ
Отандық еңбек нарығындағы тұрғындардың жұмысбастылық мәселесі
ҚР-да жастар саясаты саласындағы жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламаларды талдау
Ағымдағы жылдың алты айында
Ауыл шаруашылық өндірісі
Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыз жəне лайықты жұмыстың түсінігі
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің теориялық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz