Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылғы 1 шілдедегі қорытындылары


Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылғы 1 шілдедегі қорытындылары
Өнеркәсіп. 2006 жылдың қаңтар - маусым айларында қаланың өнеркәсіп кәсіпорындары 209098, 8 млн. теңгенің өнеркәсіп тауарларын өндіріп, өнім көлемі өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 116, 8 пайызды құрады.
Кен өндіру өнеркәсібінде өнім көлемі 203090, 0 млн. теңге болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 116, 7 пайызды құрады. Бұл жалпы өнеркәсіп өнімінің 97, 1 пайызын құрайды. Барлығы 5469, 7 мың тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 116, 5 пайызды құрады.
Өңдеуші өнеркәсіп саласының өнім көлемі 3007, 1 млн. теңгені құрап, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 18, 1 пайызға артты. Бұл барлық өнімнің 1, 4 пайызын құрайды. Сүт өнімдерін өндіру 41, 6 пайызға, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі, баспа өндірісінде өнім көлемі 8, 6 есеге, резеңке және пластмасса өнімдерін өндіру- 10, 4 пайызға, өзге де металл емес минералды өнімдер өндіру - 39, 8 пайызға, машина жасау - 43, 4 пайызға, өнеркәсіптің басқа салалары - 98, 4 пайызға артты.
Электр қуатын, суды және газды өндіру және тарату саласында өнім көлемі 3001, 8 млн. теңге болып, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 121, 9 пайызды құрады. Бұл жалпы өнімнің 1, 4 пайызын құрайды. Оның ішінде газды өндіру және тарату көлемі 225, 5 млн. теңгені құрады. Электр қуатын өндіру және тарату 35, 1 пайызға, суды жинау, тазалау және бөлу 4, 3 пайызға артты.
Ауыл шаруашылығы. Мал шаруашылығында 2006 жылдың 1 шілдесіне меншіктің барлық нысандары бойынша 10735 бас ірі қара мал, 4307 бас сиыр, 60179 бас қой мен ешкі, 1475 бас жылқы, 492 бас түйе, 1044 бас шошқа, 180159 құс өсірілуде. Өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен ірі қара мал 1, 4 пайызға, сиыр-1, 0 пайызға, шошқа - 3, 1 пайызға пайызға өсті.
Есепті мерзімде 780, 1 (тірілей салмақпен) тонна ет, 1999, 2 тонна сүт, 11731, 0 мың дана жұмыртқа өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен ет 0, 4 пайызға, сүт 0, 7 пайызға, жұмыртқа 11, 7 пайызға артты.
Негізгі дақыл күрішті егу үшін қажетті 902 тонна тұқым толық тексеріліп, 40 тоннасы I класты, 700 тоннасы - II класты, 162 тоннасы III-класты себу дәрежесіне жеткізіліп себілді. Қажетті 2640 тн минералды тыңайтқыштардың 1615 тоннасына, оның ішінде 512 тн фосфорлы, 1103 азотты тыңайтқыштарға субсидия алуға сұраныс тапсырылып, облыстық ауылшаруашылығы департаментімен келісім -шарт жасалынды. Қазіргі таңда оның 400 тонна азотты тыңайтқышы алынды. Ауылшаруашылығы құрылымдары 2160 тонна тыңайтқыштарды өз күштерімен әртүрлі мекемелер арқылы алуды қамтамасыз етті.
Көктемгі дала жұмыстарын атқаруға мемлекет тарапынан субсидия арқылы 600 тонна жанар-жағар май бөлініп отыр.
Көктемгі егіске барлығы 92 дана тракторлар және 107 дана түрлі ауылшаруашылығы техникалары қатысты.
Қалаға қарасты ауылшаруашылығы құрылымдарының барлық нысандары бойынша 2006 жылы 3005 га күріш, 420 га жаздық бидай, 870 га картоп, 860 га көкөніс, 505 га бақша дақылы, 330 га жаңа жоңышқа егіліп, қолда бар 550 га ескі жоңышқа тырмаланып, суғарылып, күтімге алынды.
Негізгі капиталға инвестиция салу. 2006 жылдың қаңтар-маусым айларында негізгі капиталға меншіктің барлық нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар 13619, 1 млн. теңгенің күрделі қаржысын салды, бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 86 пайызды құрайды.
Инвестицияның 894, 4 млн. теңгесі республикалық бюджет, 136, 4 млн. теңгесі жергілікті бюджет, 12203, 4 млн. теңгесі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы, 75, 8 млн. теңгесі шетел инвестициясының, 309, 1 млн. теңгесі қарыз алынған қаржы есебінен игерілді.
Өткен мерзімде жалпы көлемі 49013 шаршы метр 449 тұрғын үй іске қосылды. Бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен 149, 1 пайызды құрайды. Оның ішінде жеке тұрғындар қаржысы есебінен 35843 шаршы метр тұрғын үй, екі 8 пәтерлі, екі 14 пәтерлі және 70 пәтерлі ипотекалық көпқабатты тұрғын үйлер және 60 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй пайдалануға берілді.
Көлік және байланыс. Қала бойынша қаңтар-маусым айларында автокөлік кәсіпорындарымен 1206, 22 мың тонна жүк тасымалданды. Жүк көлемі өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 35, 5 пайызға артты.
Автокөлік кәсіпорындары есепті мерзімде 2768, 1 мың жолаушы тасымалдады. Жолаушылар тасымалдау өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 17, 1 пайызға артты.
Қала бойынша қаңтар-мамыр айларында 439, 5 млн. теңгенің байланыс қызметі көрсетілді. Бұл қызмет көлемінің 9, 1 пайызын немесе 40, 1 млн. теңгесі пошта байланысы, ал 90, 9 пайызы немесе 399, 4 млн. теңге телекоммуникация байланысы бойынша көрсетілген.
Шағын кәсіпкерлік. Облыстық статистика басқармасының мәліметі бойынша 2006 жылдың 1 шілдесіне қалада 2304 шағын бизнес кәсіпорындары (заңды тұлғалар) тіркелді. Бұл облыс бойынша тіркелгендердің 74 пайызын құрайды. Бүгінгі күнге
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz