Қызылша және қызамыққа интегрирленген эпидемиологиялық қадағалау


Ф КГМУ 4/3-04/01
ИП №6 УМС при КазГМА
от 14 июня 2007 г.
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы
ДӘРІС
3 Кредит
Тақырыбы: «Қызылша және қызамыққа интегрирленген эпидемиологиялық қадағалау».
Пәні: «Эпидемиология»
Мамандығы: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Курс: 5
Уақыт: (ұзақтығы) 1 сағат
ҚАРАҒАНДЫ - 2011ж.
Кафедраның мәжілісінде бекітілді
Хаттама №
"" 2011ж.
Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының
меңгерушісі м. ғ. д., профессор М. С. Шабдарбаева
● Тақырыбы:
Қызылша және қызамыққа интегрирленген эпидемиологиялық қадағалау.
● Мақсаты: нақты эпидемияға қарсы шаралардың потенциальды тиімділігіне, эпидемиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес қызылша мен қызамық кезіндегі эпидемиологиялық қадағалаудың ғылыми және ұйымдастырушылық негіздерін меңгеру.
● Дәріс жоспары:
1. Қызылшаның этиологиясы, факторлары, берілу механизмі және эпидемиялық процестің білінуі.
2. Қызылша жағдайының пайда болуының эпидемиологиялық алғы шарттары.
3. Қызамықтың этиологиясы, факторлары, берілу механизмі және эпидемиялық процестің білінуі.
4. Қызамықтың жағдайының пайда болуының эпидемиологиялық алғы шарттары.
5. Элиминация және толық жою кезеңіндегі қызылшаға эпидемиологиялық қадағалау.
● Дәріс тезистері:
Қызылша - жедел жұқпалы ауру, негізінде балалар ауырады, интоксикациямен, жоғары тыныс алу жолдарының, мұрын-жұтқыншақтың және көздің шырыштықабаттарында катаралді көріністермен, мокулезді бөртпелермен және кейбір кезде пневмония асқынуымен сипатталады.
Қызылша адамдарға бұрынғы ғасырлардан бастап білінген. 1854-1856 жылдары Ресейде кең таралған. 19 ғасырда Италия, Голандия, германияда, Европаның Солтүстік жерлерінде ауыр ағымы және үлкен өлім көрсеткіші бар қызылшаның эпидемиялары тіркелген. Әр жыл сайын дүние жүзінде 50-60 милн. адамдар зақымдалады.
Қызылшаға қабылдағыштық өте жоғары. Қабылдағыш индексі - 0, 96% (100%), ауырған адамдар қысқа уақыт контактіде болса ауырады. 1935 жылдан бастап бүкіл мемлекеттерде қызылша оқиғалары толық түрде тіркеу және есептеу басталды. БДСҰ-ың мәліметтері бойынша 2 жасқа дейінгі балалар арасында қызылшаның өлім көрсеткіші 1 орын алып отыр. Әр мемлекеттерде өлім көрсеткіші әр түрлі болады.
Этиология - 1911 жылы Эндерс пен Гольберг қызылшаның қоздырғышты вирус деп атады. Вирус құрамында РНК бар, парамиксовиридиа туыстығына, морбиливирус тұқымына, Polynosa morbillorum түріне жатады.
Вирус эфирге сезімтал, тікелей күн сәуле әсерінен 10 минут ішінде 90% вирус жойылады, термолябильды, t=50 град. 30 минутта жойылады, антибиотиктерге тұрақты, төмен температурада минус 70 град. 1 жылға дейін сақталады, температурасы жоғарыласа вирустың инактивациясы тез өтеді, қан сары су, белок болса жақсы сақталынады, субстратсыз вирус тұрақсыз, соған байланысты ошақта дезинфекция өткізілмейді.
Вирусты анықтау үшін бөртпелер пайда болғаннан кейін 32-48 град. сағат ішінде қан мен жұтқыншақтан жұғын алады. Қызылша вирусынның антигені мына компонеттен тұрады: инфекционды, комплемент байланысқан, гемаглютинирленген және гемолизирленген.
Инфекция көзіне сипаттама. Қызылша инфекция көзі - ауру адам. Вирустасымалдаушылық және созылмалы түрде вирустың бөлінуі кездеспейді. Жұқтыру кезеңі продромальді кезеңінен бірінші күннінен бастап ьөртпе пайда болғанынан 4 күнге дейін болады.
Митигирленген қызылшамен ауырғандар (бұл ауру иммуноглобулин немесе вакинациядан кейін пайда болады) инфекция көзі ретінде қауіпті болмайды.
Ауырып шыққаннан кейін тұрақты, өмір бойы иммунитет қалыптасады. Қайта ауырған оқиғалар кездеспейді, кездессе 1%-дан жоғары тіркелмейді.
Эпидемиялық процестің даму механизмі. Даму механизмі аэрозольді, берілу жолы ауа-тамшы. Инфекцияның таралуы тұрғындардың бір-бірімен қарым-қатынасына және тығыздығына байланысты.
Қызылшада антиденелердің қалыптасуы. Қызылшаға қарсы антиденелер бөртпелер пайда болғаннан 1 тәуліктен ейін қалыптасады, 96 сағаттан кейін спецификалық антиденелер 80% оқиғада анықталады. Ал бөртпелер пайда болғаннан кейін барлық ауруларда.
Реконвалесценция кезеңінде антиденелердің титрі жоғарлайды, ауру басталғаннан 30-35 күннен кейін максимумға жетеді.
Эпидемиялық процестің білінуі.
- Кезеңділік байқалады. Егер егудің алдында кезеңділік интервалы 2-3 жыл болса, қазіргі иммунизация кезінде интервал 8-10 жылға созылады.
- Маусымдылық. Егер вакцина қабылдау алдындағы кезеңінгде сырқаттың жоғарылауы қыс айларында тіркелсе (желтоқсан, қаңтар), қазіргі кезде көктем-жаз айларында сырқат көп тіркеледі.
- Қауіп-қатер топ. 1972 жылға дейін сырқат мектепке дейінгі балаларда (7 жасқа дейін) жиі тіркелсе, 1980 жылдан бастап жиі мектеп жастағы балаларда және жасөспірімдерде (31%-ға дейін) кездеседі. Тұрғындардың саны көп аудандарда бұл таза балалар инфекция, бірақта барлық жастағы адамдар ауруы мүмкін. 6-8 айлық балаларда сырқат сирек кездеседі, себебі анасынан транспланцентарлы арқылы иммунитет беріледі.
- Ошақтылық. Қызылша инфекциясына ошқтылық тән, бірақ қазіргі кезде жекелеген ошақтар 80, 7% тіркеледі.
Негізгі клиникалық белгілері. Қызышла ауру жедел басталады. Ағымында 4 кезең анықталады: инкубация, продрома (катаральді), қызу (бөртпелер пайда болу кезеңі) және реконвалесценция.
Инкубация кезеңі 8-11 күн. Иммуноглобулинді профилактика ұшін енгізеді, ол 15-21 күнге созылады.
Продрома кезеңі - анық катаральді симтомдардың ұлғаюымен және температурамен сипатталады. Аурудың 2-3 күннен кейін ауыз шырышты қабаттарында дақтыэнантема пайда болады. Бөртпелер пайда болғанның 1-2 күні алдында Филатов-Коплик дақтары пайда болады. Продрома кезеңінің ұзақтылығы 3-4 күн. Продрома кезеңінің басынан ауру инфекция көзі ретінде жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде вирустарды активті түрінде сыртқы ортаға бөлінеді.
Бөртпелер пайда болу кезеңі - бөртпелер пайда болады, интоксикациямен сипатталады: бөртпелер алдымен құлақ артында, бетте, кейде денеде, қолда, ең соңында аяғында анықталады. Қызылшамен ауырған адамдарда бөртпелердің пайда болған бірінші күні онымен бірінші күнінен бастап қарым-қатынаста болғандардың инкубациялық кезеңін 4 күн деп саналады. Бұл эпидемиологтарға өте маңызды. Бөртпелерден кейін орнында пигментация пайда болады, бұл реквалесценция кезеңіне өтуі деп саналады және инфекция көзінің жұқтыру кезеңінің аяғы деп саналады.
Пигментация стадиясы анергия деп аталады - бұл организмнің резистентілігін спецификалық және спецификалық емес факторлардың төмендеуі, соған байланысты ауруды басқа жұқпалы аурулар жұқтыруынан сақтау керек.
Үлкендерде сырқат орташа немесе ауыр формада өтеді, жоғары білінген гипертермия және интоксикация, катаральді симтомдар анық емес, бөртпелер кеш басталады, бір-бірімен араласып, энантема ұзақ уақыт (3-5 күндей) болады.
Лабораториялық диагностика. Диагнозын дәлелдеу үшін серологиялық әдістер қолданылады:
- РН (реакция нейтрализации)
- РТГА (реакция торможения гемагглютинации)
- РПГА (реакция пассивті гемагглютинациясы)
Диагноз қою үшін ауырған адамнан қан сары суды 2 рет алу қажет: 1-ші рет бөртпелер пайда болғаннан 3 күнде кешікпей, ал 2-ші рет бірінші қан сару суды алғаннан 12 күннен кейін. Антиденелердің титрі 4 есе көтерілсе диагностика ретінде саналады.
Клиникалық формалар. Клиникалық формалар: токсикалық, геморрагиялық, абортв, митигирленген қызылша. Қызылшамен ауырған адам толық жазылып шығады. Летальді көрсеткіш өте сирек.
Асқынулар : ларингит, бронхит, пневмония, қызылша крупы, гангренозды стоматит, катаральді отит, фурункуллез, менингит, энцефалопатия, энцефалит.
Қызылша эпидемиологиясының ерекшелігі анықталады:
- Абсалютты қабылдағыштылығымен.
- Ауырып шыққандардың өмір бойы тииунитет қалыптасуымен.
- Аэрозольді берілу механизмімен.
- Инфекция резервуар активтілігін шекті кезеңімен.
- Қоршаған ортада вирустың тұрақтылығымен.
- Тұрғындардың бір-бірімен қарым-қатынасы.
Қызылшаның профилактикасы.
Ең тиімді профилактикалық шара жоспарлы түрде тірі қызылшаға қарсы вакинамен иммунизация. Бірақ бұл шара инфекцияны жоюға әліде мүмкіншілік етпейді. Өйткені қызылшамен қайта ауыру оқиғалары тіркеледі, вакцинацияның қатесіне байланысты. Сондықтан вакцинацияның біріншілік және екіншілік қателері анықталады.
Біріншіліке вакцинаны сақтау жағдайы, транспортировка және қолдану тәсілінің бұзылуы, кейбір вакцина сериясының стандартизациясы дұрыс емесіне байланысты. Қызылшаға қарсы вакцина термолабильді, ол температура -минус 15 град. және минус 20 гард. сақталынады. Транспорировка кезінде плюс 10 град. жоғарыламау керек. Еріткен кезде вакцинаны 2 сағаттан артық сақтамау керек, өйткені вирус жартылай активтілігін жоғалтады.
Екіншілік қателерге жатады - бұл 12 айға жетпеген балаларда вакцинациялау. Бұл балаларда анасынан берілген қызылшаға қарсы нейтрализерленген антиденелер жоғары дәрежеде болады.
Қосымша осы қателерге қызылшаға қарсывакцинамен бірге гаммаглобулин енгізсе де жатады.
Эпидемияға қарсы шаралар.
- Инфекция көзіне арналған:
- ауруды жиі үй жағдайда оңашалау
- эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштер бойынша госпитализациялау
- оңашалауды бөртпелер пайда болғанынан 4 күнде, егер асқынулар кезінде 10 күнде аяқталады.
- Берілу механизмге арналған.
Дезинфекция өткізілмейді. Ылғалды уборка және ауру жатқан бөлмені желдету.
- Қарым-қатынаста болғандарға арналған.
Ошақта ауырмаған балаларға медициналық бақылау 8 күннен бастап 17 күнге дейін, ал иммуноглобулин қабылданғандарға аурумен контактіде болғанынан 1 күннен бастап 21 күнге дейін. Егер аурумен контактіде болған күні нық білсе, онда балалар мекемелерге алғашқы инкубациялық кезеңін 7 күнге дейін бала қатыса береді, ал аурумен контактіде болған 8-ші күннен бастап оңашаланады. Ауырған адамдар және егу қабылдағандар (аурумен контактіде болғанынан 2 апта бұрын) және үлкендер оңашаланбайды.
Ұйымдасқан ұжымда жедел вакцинация барлық балаларға жүргізіледі (егер бұрын ауырмаса және егілмесе) . Вакцинаға қарсы көрсеткіштер және егу жасына жетпеген балалар болса - бұлшық етке иммуноглобулин егеді:
3 айдан 1 жасқа дейінгі балаларға -3 мл.
1 жастан 7 жасқа дейінгі балаларға - 1, 5 мл.
Эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру.
Үш этапта жүргізіледі:
- инфекция өршулерін алдын-алу және летальді көрсеткіштерді болдырмау;
- сырқаттың спорадикалық деңгейінің тұрақтылығын ұстау;
- инфекцияны жоюға арналған бағдарламаны жоспарлау;
Эпидемиологиялық қадағалау 6 компонентен тұрады:
- эпидемиологиялық бақылау
- иммунологиялық бақылау
- клиникалық бақылау
- эпидемитологиялық талдау
- эпидемиологиялық диагностика
- эпидемияға қарсы және профилактикалық шараларды жоспарлау және өткізу.
Қызамық.
Қызамық - жедел антопонозды, вирусты жұқпалы ауру аэрозольді беріліс механизмі бар. Ұсақ бөртпелі экзантемамен, генерализерленген лимфаденопатиямен, интоксикациямен және жүкті әйелдерге ұрықтың зақымдалу сипатталады.
Этиология. Қызамықтың қоздырғышы құрамында РНК бар вирус, Todaviridae туыстығына, Rubivirus тұқымына жатады. Физикалық және химиялық факторларға тұрақты емес. Ультрафиолет сәулесі әсерінен тез арада жойылады, температура минус 20 0 С төмен болса жақсы сақталынады.
Вирустардың организмге ену қақпасы - жоғары тыныс алу жолдардың шырышты қабаттары. Вирус сілекей арқылы жөтелгенде, сөйлегенде, түшкіргенде сыртқы орта ға бөлінеді. Вирус мұрында, жұтқыншақта және ликворде 80% оқиғада анықталады. Нәжісте вирус үнемі болмайды және аз уақыт болу мүмкін, тек қана бөртпелер пайда болған күнде. Неғұрлым сырқат жеңіл формада өтсе, соғұрлым вирусты анықтау қиын.
Қызамықтың инфекция көзі - тек қана ауру адам немесе бактериотасымалдаушы. Ауру адамда сырқат мына түрде өтуі мүмкін:
- типтік (манифесті) формада - бұл форма сырқаттың 15% құрайды, ал 15 жастағы және ересектерде бұл форма 90% тіркеледі;
- атипті форма;
- симтомсыз форма, 75-80% кездеседі;
Инфекция көзі қызамықта клиникалық сау балаларда болуы мүмкін, егер аналары бұрын қызамықпен ауырса немесе туа пайда болған қызамықпен ауырса.
Инфекцияның берілу механизмі:
- аэрогенді (ауа-тамшы) ;
- вертикальді;
Бұл кезде вертикальді берілу механизмі осы ауа-тамшы механизмнің байланысқан звеносы бап саналады, өйткені қызамықпен туа пайда болған балалар қоршаған қабылдағыш тұрғындарға тамшы инфекция қоздырғыштың көзі болады.
Қызамық қоздырғышының берілу механизмі реализация үшін аурулармен жақынрақ және ұзақ уақыт контактіде болу керек, қызылша мен желшешек ауруларға қарағанда орындарында ешқандай іздер қалмайды. Қызамықтың клиникалық ағымына вериабельдік тән, ол клиникалық белгілеріне инаппаранты түрлеріне дейін болады.
Балаларда қызамықтың ағымы жеңіл түрде өтеді 4-5 күннің ішінде жазылып шығады. Үлкендерде температура жоғарылап, ісінген лимфа бездерінің ауырсуынуымен, артрит және миалгиямен өтеді.
Лабораториялық диагностика.
- вирусологиялық әдіс - мұрын-жұтқыншақтан жұғындыжәне қанның ішінде вирусты анықтау;
- серологиялық әдіс - РТГА;
- иммуноферментті талдау (ИФА) ;
- Ig M - антиденелерді анықтау. Егер жүкті әйел 10-12 күннен кейін қызылшамен ауырған адаммен контактіде болса, антигемагглютининнің титрі жоғарыласа, онда қатысқаннан 20 күн өткеннен кейін қан сары судың ішінде Ig M - антиденені анықтау болады. Егер қан сары суда Ig M - антидене болмаса - бұл реинфекциядан кейін екіншілік иммунологиялық жауап. Егер Ig M - антидене анықталса - бұл алғашқы зақымдауды дәлелдейді және екі қабат кезінде баланы алдырып тастау сұрақты шешу керек.
Туа пайда болған қызамық - бұл анасы жүктілік кезінде 1 триместерде ауырса пайда болады, кейбір кезде анасы бірнеше күнге дейін ұрықтың пайда болар алдында зақымдалса сырқат пайда болуы мүмкін. Жүктілік кезінде анасы 4 ай ішінде зақымдалса балада саңыраулық пайда болады.
Ұрықтың ауыр зақымдалуы байқалады, егер анасы симтомсыз формамен де ауырса және серологиялық әдістермен анықталса. Соған байланысты әр әйелдің иммунды статусын тексеру керек, ұрықтан пайда болар алдында және жүктіліктің ерте мерзімінде.
Егер спецификалық антидене зақымдалғаннан 10 күннен алдында немесе кейін анықталса, әйел иммунды деп саналады, сондықтан ұрпаққа зиян келтірмейді.
Егер антиденелер анықталмаса және жүкті әйел зақымдалса, жұп қан сары судың ішінде антиденелерін титрін анықтау керек, аурудың жедел фазасында және реконвалесцент кезінде алынады, интервалы 2-4 апта болу керек.
Туа пайда болған қызамық зақымдалған анасынан транспланцента арқылы беріледі, сонымен ұрықтың дамуын баяу тоқтатады, бауыр мен көк бауырдың қан тудыратын клеткаларын инфильтрациялайды, интерстициальды пневмония тудырады, орталық нерв жүйесін және қан айналу мүшелерін зақымдайды. Вирус зәрде, нәжісте анықталады, бірақ та қоздырғыштың фекальді-оральді берілу механизм контакт-тұрмыстық берілу жолы реализациясы туралы мәліметтер жоқ.
Тұрғындардың қабылдағыштылық қызамықта жасына байланысты жоқ және барлығында бірдей.
Контагиозділік индекс -0, 95%.
Анасынан транспланцентарлы арқылы берілетін антиденелер балада 4 айда жоғалады, содан кейін инфекцияға қабылдағыштық пайда болады. Бірақ сәбилердің сырқаттанушылығы өте сирек тіркеледі - 1, 8% құрайды.
Иммунитет ауырып шыққаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Қызамықта антиденелер тез қалыптасады, бөртпелер пайда болғаннан 1-2 күннен кейін аурудың қан сары суында вирус нейтралдизерленген антиденелер қалыптасады. Олар аурудың басталған күннен 3-ші аптада 1:1280 максимальді титірге жетеді, содан 1:160 - 1: 320 титрді өмір бойы сақталады. Егер комплемент байланысқан антиденелер анықталса, онда жақын кезде қызамықпен ауырған деп саналады.
Эпидемиологиялық процеске сипаттама.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz