Қымыз- емдік қасиеті мол, экологиялық таза мал өнімі
УДК 635.61(62.631.53.575.1)
Қымыз- емдік қасиеті мол, экологиялық таза мал өнімі.
Х.А. Аубакиров, -а-ш.ғ.к- доцент.
Қ.Ж. Сейтбаев,- а-ш.ғ.к- доцент.
Ғ.А.Рахметильдаева –аға оқытушы,
Г.А. Мамырова- оқытушы.
(А. Ясауи атындағы қазақ-түрік Университеті Тараз Институты)
Қымыздың емдік қасиеті жөнінде отандық және шет елдік ғалымдар тарапынан
көптеген жақсы пікірлер айтылған және сол себепті оған деген қызығушылықтар
мен сұраныстар жыл санап өсуде.
Қазіргі кезде қымыздың көптеген ауруларды, атап айтақанда өкпе аурыларын
емдеуде, қан айналу жүйесіндегі қан тамырларының жұмсақтығы мен беріктігін
қамтамасыз ететіні, қандағы қызыл қан түйіршіктері (эритроцит) мен
гемоглобин синтезіне әсер ететіні, ағзада жүретін зат алмасу процестерін
жақсартып, жалпы иммуниттетті күшейтетіні анықталған.
Сондықтан профилактикалық алдын алу шаралары және ауру адамдарды емдеу
мақсатында қымызға деген сұраныс барлық жерлерде жыл бойы үзілмей келеді.
Бірақта бұл сұраныс көптеген жағдайда осы уақыттқа дейін белгілі себептерге
байланысты қанағаттандырылмай келінуде.
Сондықтан қазіргі еркін экономикалық жағдайында маңызы жағынан ең алдыңғы
орындарға қойылатын негізгі мәселелер қатарына стартегиялық мәні бар,
халықтың денсаулығына тікелей әсер ететін диетикалық-емдік және тағамдық
қабілетті күшті, сапалы бие сүті мен қымыз өнімдерімен қамтамасыз ету
өзекті мәселе болып табылады.
Бие сүтінің химиялық құрамы өте күрделі болып келеді. Оның құрамына
ақуыздар, майлар, көмір сулар, әр түрлі минералды заттар, ферменттер,
дәрумендер және микроэлементтер кіреді. Құрамының әр түрлі заттармен бай
болуы себепті бие сүті өте қажетті азықтың маңызы бар болып табылады. Бие
сүтінің азықтық құндылығы оның құрамындағы жоғарыда келтірілген ақуыз, май,
көмірсулар және минералды тұздардың ара қатынасының ағзаға қажетті деңгейде
болуы себепті олар адам организмінде тез қортылып оңай сіңіріліп кетеді.
Сүттің химиялық құрамы тұрақты болып келмейді және ол малдың тұқымына,
жасына, физиологиялық жағдайына, күтіп-бағу және азықтандыруына байласты
өзгеріп тұрады. Сонымен бірге сүттің химиялық құрамы ондағы жүретін
технологиялық процесстерге және қымыз өнімінің сапасына да белгілі бір
дәрежеде әсер етеді.
Сүт майы оның құрамындағы негізгі бөліктерінің бірі болып табылады және
өте үлкен азықтық маңызы бар болып саналады. Ана сүтімен салыстырғанда бие
сүтіндегі май мөлшері азырақ болғанымен, олардың сапасы бойынша өте жақын
тұрады. Бие және ана сүтіндегі май түйіршіктерінің көлемі сиыр
сүтіндегілермен салыстырғанда біршама кішірек болып келеді. Осындай май
түйіршіктері көлемінің майда болып келуі себепті олар ас қорыту жүйесінде
тез сіңіріліп кетеді.
Бие сүтіндегі май түйіршіктерінің ерекше қасиеттерінің арқасында олардан
май түзілу мүмкін емес болады. Сондықтан бие сүтінің бұл бағыттағы
өндірістік маңызыжоқ. Бірақ бие сүтіндегі май мөлшерлері оның төлінің өсіп-
жетілуіне және одан дайындалатын қымыз сапасына тікелей әсер етеді.
Неғұрлым бие сүті майлырақ болса, соғұрлым одан жасалатын қымыздың сапасы
жақсырақ болады.
Жыл мезгілдеріне байланысты бие сүті құрамындағы май мөлшерімен оның
диаграммалық кескіндемесі келесі 1 кестеде берілген.
1 кесте – Сауылу мерзімдеріне байланысты бие сүтіндегі майлар мөлшері,
%
Тәжірбие-лn Сауылу мерзімдері Орта есеппен
ік мал М±m
топтары
мамыр М±m маусым М±m шілде М±m тамыз М±m
Жабы типті10 1,59±0,064 1,98±0,052 2,18±0,055 2,13±0,061 1,97±0,024
Қазақ
жылқысы 10 1,51±0,042 1,90±0,033 2,07±0,042 1,72±0,024 1,80±0,017
Жабы х
қазақ 10 1,63±0,023 1,87±0,061 1,98±0,034 1,84±0,031 1,83±0,036
типті
Кесте мәліметтерінен біздер тәжірбиелік топтағы малдар ішіндегі ең
сүті майлы жылқылар І топтағы жабы типті екенін көреміз. Бұлардың сауылу
мерзімдеріндегі орташа сүт майлылығы 1,97% құрап, ІІ топтағы қазақ биелері
мен ІІІ топтағы 21 қанды жабы биелерінен тиісінше 0,17 және 0,14%артық
екенін көреміз.
Сонымен бірге біздің зерттеулеріміздің барысында әр түрлі жылқы
тұқымдарының сүт құрамындағы май көрсеткіштері деңгейлерінің
өзгешеліктерімен бірге, олардың жыл мезгілдеріндегі сауылу уақытына
байланысты өзгеріп отыратыны да анықталды.
Мысалы, сүт құрамындағы майлардың ең аз мөлшері 1,51-1,63% аралықтарында,
бие сауымының жаңа басталған мамыр айында екені байқалады.
Бұл айдағы бие сүтінің сұйықтау болуын жыл мезгілінің осы уақытындағы
жылқылардың сүт қуатын көк майса шөптерімен көптеп азықтануымен
байланыстыруға болады. Бие сауымының екінші мерзімі мауысм айында сүт
құрамындағы май мөлшері жедел артып 1,84-1,98% болатынын көреміз. Байқалған
үрдіс шілде айында да жалғасын тауып отыр, осы мерзімде ең жоғары деңгейге
1,98-2,18% жететіні анықталды. Бұл ерекшелікті біздер осы айларда әбден
жетіліп піскен шөптерге тойынған жылқы малының сүт құрамының қоюлана
басталуымен түсіндіре аламыз.
Тәжірбие жүргізген уақыттың соңғы мерзімі – тамыз айында сүт құрамындағы
май мөлшерінің деңгейі (1,72-2,13%) екенін көреміз. Жалпы мұнан кейінгі
айларда айғырдан шығыпкеткен биелердің іштегі төлдерінің жетіле бастауына
және де бауырындағы құлындарының да жайылып тойынуы себепті биелердің сүті
біртіндеп сұйылып, суала бастайды.
Сүттегі ең бағалы заттардың бірі ақуыз болып табылады. Бие сүтінде ол 1,8-
2,2 пайыздай болады. Ақуыздар казеин, альбумин және глобулин сияқты негізгі
үш түрге бөлінеді. Олардың әр қайсысы одан әрі бірнеше бөлшектерге
тарамдалады.
Бие сүтінің құрамында 40 пайзға жақын суда еритін ақуыздар (альбуминдер,
глобулиндер, пептондар және бос амин қышқылдары) болады.
Сүттегі ақуыздың мөлшері мен өзара арақатынасы сүттегі қышқылдың
ықпалымен оның әріқарай ұлғаюына әсер етеді. Бие сүті ашығанда оның
құрамындағы ақуыздар ұсақ борпылдақ масса түзеді.
Бие сүті құрамындағы май түйіршіктері сиыр малымен салыстырғанда майдалау
болып келеді, төмендеу температурада ериді (21-230С) және көбірек мөлшерде
суда ерігіш май қышқылдарынан тұрады.
Бие сүті өзінің құрамындағы ақуыздар мен аминқышқылдары бойынша ана
сүтіне жақын тұрады. Осы ерекшелік теориялық жағынан және іс-тәжірбиеде
тұрғысында пайдалану үшін зор мәнге ие болды. өйткені адамдар үшін сиыр
сүтіне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz