ҚЫМЫЗДАН АСҚАН ДӘМ ЖОҚ



Пән: Ет, сүт, шарап өнімдері
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚЫМЫЗДАН АСҚАН ДӘМ ЖОҚ
Дертке шипа, денеге күш осы ұлттық асымыздың парқын өзiмiз бiлетiндей
көргенiмiзбен, атам заманнан дәмiн татып келе жатқанымызбен, әлi де қадiрiн
бiлмей жатырмыз-ау. Кiшкентай бала тұрмақ, жастардың алдына пепси кола
мен қымыз қойсаң, қолын алғашқысына созады... Мiне, ұлттық тағамымыз —
қымыз бен шұбаттың орнына басқа сусындарды насихаттаудың нәтижесiн осыдан-
ақ бағамдауға болады. Сондықтан бiз бүгiн дәмi тiл үйiретiн қымызымыздың
жай-күйi жайлы мамандармен пiкiрлескен едiк.
Қымызды зерттеп жүргенiме 24 жыл болды, сол еңбектерiмдi жинап,
Қымызмұрындық деген кiтап шығардым. Осы уақыт аралығында шетелдегi
қазақтардың көмегiмен қымыздың 70 түрiн таптым. Қазiр қымыз сапасы дәмi,
уақыты, шипалық қасиетi, ыдысына байланысты және биенiң сауылған кездегi
жасына орай бөлiнедi. Негiзi Елбасымыз Н. Назарбаев салауатты өмiр салтын
насихаттау үшiн, маған қымыздың пайдасын уағыздауды тапсырды. Ендi хал-
қадерiмiз жеткенше жұмыстар жасап отырмыз. Бiрақ бiздiң қолымызда нақты
қаражат жоқ болғандықтан, әлi де бiраз iстiң оң шешiм таппай отырғаны
жасырын емес...
ұрпағымызға ұқтыра алмай жатқан асыл сусынымыздың қадiрiн бiз азғантай
жаңалығына бола аузымыз ашыла беретiн Батыс Еуропаңыз әбден бiлiп болды.
Мысалы, ҚР-ның ГФР-дағы Елшiлiгi, қымыз өндiру мен шұғылданатын Цольман
әулетiнiң фермасымен, Германияның қазақ диаспорасымен, Германияға қоныс
аударған қазақстандықтармен бiрлесе отырып Баден-Вюртемберг жерiндегi
Вальдбрунн-Мюльбен қаласында Қымыз күнi-хоффест мерекесiн өткiздi. Сол
кезде бiзге Германияның Қазақстандағы елшiсi Германияға қанша қымыз
жөнелте аласыздар? деп сұрады. Бiз екi тоннадай дедiк. Онда бұл шаруамен
ертерек айналысайық дедi олар. Жалпы, бiздiң елiмiзден өз атамекенiне
қоныс аударған немiстер қымыздың қыр-сырын жақсы бiледi. Германияға қоныс
аударған бiр немiс Көкшетауда жылқы зауытында жұмыс iстеген екен. Елiне
барып, жылқы жинап, қымыз шығарып жатыр. Соған бiр кездерi бiздiң елшiмiз
Ерiк Асанбаевты шақырыпты. Бiз жақтан барғандар Рас, қымызының дәмi нашар,
бiрақ зауыты, жерi, жылқысы, оның күтiмi керемет деп таңдай қағып келдi.
Сосын қымызды жылқы сүтi, йогурты деп дәрiханада сататын көрiнедi.
Германияда Мюнхен деген үлкен қала бар. Олар осы қалаға және Берлинге қымыз
бередi екен. Ал Түркиядағы қазақтар Германияға күнiне 1000 литр қымыз
жiбередi. Соған қарағанда, бұл елде қымызға деген сұраныс өте жоғары.
Елiмiздiң қымызын қалай ашыту технологиясын бiлгiсi келетiн қаншама елдер
бар. Мiне, немiстер қымыз ашытуды бастап та жiбердi. Олар бiздiң ұлттық
байлығымызды – мүмкiндiгiмiздi пайдаланып кете ме, кiм бiлсiн?.. Менiң
ойымша, ұлт ретiнде танылатын үлкен мүмкiндiк бiздiң уысымыздан шығып бара
жатқан сияқты. Бiрақ немiстерде бiздiң елдегiдей көп мал жоқ. Дегенмен
ертеңгi күнi Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше болсақ, бiздiң алып шығатын
бiр саламыз осы — қымыз-шұбат өндiру саласы болмай ма? Сондықтан ұлттық
тағамдарымызды мейлiнше жаңғыртып, жастар санасына оның пайдасын қазiрден
ескермесек, ертең кеш болады. Ол үшiн қымыз бен шұбаттың сапасын көтерiп,
шетелдерге танытатындай етiп жақсылап жарнамалауымыз керек. Оның сапасымен
қоса, құйылған құтысына дейiн көздiң жауын алатындай әдемi етiп
әспеттеуiмiз керек.
Қазақ ұлттық техникалық университетiнiң профессоры Махаббат Түсiпбеков:
Мұнай өндiруге жұмсалған 1 доллар 7 доллар пайда бередi, ал бiздiң әдiспен
қымызға жұмсалған 1 доллардан 25 доллар пайда көруге болады екен деп
есептеп шығарды. Бiр кездерi бұл Караван газетiнде жарияланды да. Шын
мәнiнде, солай, өйткенi бұл су тегiн жатқан, таусылмайтын қазына ғой. Жылқы
өз тамағын өзi табады. Тек ұйымдастырып, құятын ыдыстарды дайындап,
реттесең болды, бұдан өзге ештеңе керек емес. Тек жылқының басын көбейтiп,
өсiре бiлсең болғаны.
Мұрат КЕРЕЙБАЙ,
зерттеушi.
– Қымыздың адамға күш-қуат беретiнiн ата-бабамыз ежелде-ақ дәлелдеп қойған.
Ол спортшыларымыз үшiн өте керек сусын.
Қазiр спортшылар адам баласының мүмкiндiгi жетпейдi-ау деген биiктердi
бағындыра бастады. Өмiр бiр орында тұрмайтындықтан спортшыға даңқты жеңiс
үшiн әйтеуiр бiр ғаламатты пайдаланып күш-қуатын арттыруы керек.
Қытайлар мұны допинг-тест байқамайтын дәрiлiк шөптерден тапты.
Ал, Германия соңғы олимпиада циклдарынан берi спортшыларының рационына
қымызды қосқан. Немiс спортшылары өзгеден мықты шығу үшiн қазақтың қымызын
iшедi.
Төрт аяқтыда жылқының тектi мал, судың тұнығын iшiп, шөптiң асылын терiп
жейтiнiн ескерсек, герман ғалымдарының кәлласы мықты iстеп тұр.
Қазақстан боксшылары жауапты жарыстарының алдында Сарыағаштың шипалы суымен
iш-құрылысты тазалап алғаннан кейiн тау баурайында оқу-жаттығу жиынын
өткiзiп, екi-үш апта қымыз iшедi. Нәтижесiн көрiп жүрсiздер... Мен мұны не
үшiн айтып отырмын. Сидней олимпиадасы алдында Ташкентте бокстан Азия
чемпионаты өттi. Ермахан Ыбырайымовтың әкесi Сағи қаһарман ұлы қайда барса
артынан бiр мес қымызын, қазы-қартасын арқалап барады.
Ташкент шаһары тиiп тұрған жер. Барса Ермахан мен Болат Жұмадiловтiң көзi
iшiне кiрiп кеткен, Қазы же, қымыз iш десе салмағымыз өсiп кетедi деп
жолатпайды.
– Жекпе-жектерiн көрдiм, – дейдi Сағи аға. – Екеуiнiң де соққысы әлсiз.
Опырып ұратын жерде бөгеле бередi. Келген соң қарсыласқандарына қарамай
екеуiне бiр-бiр бiлем майлы қазы асатып, қымыз iшкiздiм. Жоқ, көздерi
шоқтай жайнап шыға келдi. Келесi жекпе-жекте бәсекелестерiн сойылмен
ұрғандай сансыратып тастады.
Әне, сол Ермахан Сиднейге екi мес қымыз көтерiп барған. Жарыс алдында сүр
қазы мен қымыз iшiп алады. Рубалкабадай алып зәңгiнi құлатқан Мұхтархан да
сол қымыздан iшкен. Ата-бабасының қасиеттi асын Бекзада болмысты Бекзат та
қайта-қайта сұрап iшкен...
Дулат АЙТЖАНОВ,
Ауыл шаруашылығы вице-министрi:
—Қымыз - халқымыздың бiрнеше ғасырлар бойы үздiксiз пайдаланып келе жатқан
ұлттық тағамы. Ол тек тағам емес, сонымен қатар халықтың қасиетiн,
дәулетiн, салтанатын, байлығын, мырзалығын, дастарқан берекесiн бiлдiретiн
ырыс белгiсi. Басқа тағамдарға қарағанда қымызды дайындаудың әдiс-
тәсiлдерi, ырымдары мен кәде-жоралары көп. Бұрынғы ата-бабаларымыздың
қымызға қатысты ырым-тәсiлдерiн көнекөз қариялар болмаса, қазiргi жастардың
оның қандай сусын екенiн де бiлмей отыратыны жасырын емес. Сондықтан да,
сiздердiң бабаларымыздың ұлттық асын дәрiптеп жазып отырғандарыңызға мен
ерекше қуанып отырмын.
Бүгiнгi таңда бiз де ежелгi аталарымыздың дәстүрi мен нанымын қайта түлету
үшiн Астанада бiрнеше шаралар ұйымдастырдық. Жыл сайын Қымызмұрындық
тойын өткiзудi ұйғардық. Ондағы мақсат бабаларымыздың тағамдық дәстүрiн
жастарға үйрету.
Көктем туып, құлындаған бие байланып, сауылады. Биенiң ашымаған сүтiн
саумал дейдi. Оған арнайы ашытқы қосылып, екi-үш күннен кейiн ашытылады.
Алғашқы қымызды үй иесi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қымыз - қазақтың ұлттық сусыны
Қымыздың ағзаға әсері
Жыраулар поэзиясы жайында мағлұмат
Бие сүтінің құрамы
Бие сүті мен қымыздың шипалық және емдік қасиеттері
Тамақтану гигиенасы. Тамақтану режимі. Қазақтың ұлттық тағамдарының маңызы мен ерекшеліктері
Жыраулар поэзиясындағы тұлпар бейнесі
Жыраулар поэзиясы жайында
Қымызмұрындық
Ұлттық тағам
Пәндер