ҚЫРАН ҒҰМЫР ХИКАЯСЫ
ҚЫРАН ҒҰМЫР ХИКАЯСЫ
Ерлердің өлімінде де өмір бар.
БАУБЕК.
Таяуда Ашхабад қаласында өткен Бүкілодақтық ХІІІ кинофестивальда
республикамыздың Байқоңырлық қос қыран атты деректі фильмі жүлдегер
атанды. Талантты журналист Сейілхан Асқаровтың сценарийі бойынша түсірілген
бұл деректі фильм Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жалынды публицист
Баубек Бұлқышев пен ұшқыш Серікбай Асатов жайлы.
Ол өмірге ғашық еді. Мәңгілік өмір жайлы армандайтын. Сол үшін де
жазушы болғысы келетін. Данышпан Гете айтқандай, сәт сайын өмір үшін атой
салып күрескен, сол іңкәрлігімен де өмір сүруге хақылы бір ғазиз жан еді.
Асылы өмір қызық, өлгісі келетін адам жоқ, – деп жазды ол бір хатында. –
Ал адал адам Отанын сүйеді. Адал ақ жүрекке Отан анасындай. Отанның дегенін
істеу – қуаныш, мақтаныш. Отанға деген махаббатты, әсіресе біздей өлшеуге
болмайды....
Жалынды журналист, қаһарман жауынгер Баубек Бұлқышев осындай ізгі
ойларымен өмір сүрді. Отан үшін от кешіп, осындай Отаншыл махаббатымен
күресте қаза тапты. Бірақ мұндай от-өмір өшпек емес қой, әдетте. Баубек
өлімін де өзі аңсаған мәңгілік өмір жеңді. Алдымен оның өз мұрасы аз да
болса, сазды ойларымен қалың жұртшылық жадында қалды. Қаһармандық ерлігі
майдан күндерінен күні бүгінге дейін жетіп, ұрпақтарға естіліп жатыр.
Әдетте мұндай ерліктер жанартаудай жаңғырып, жаңарып жететіні, Отанды
сүюдің әсем үлгісі, қайталанбас көрінісі болып болашаққа кететіні мәлім.
Солай болды да! Содан соң елдік үшін ерлік өмір кешкен жауынгер есімін
өшірмеудің амалына соңындағы халқы да кіріскен. Жалынды публицист, жаңа
қалыптаса бастаған ақын Баубектің уақытында замандастары көңілін оятып,
көзіне жас үйірген ойлы, отты мұрасы дүркін-дүркін жинақталып жарияланды.
Арнайы кітапқа тоқталып, аманат-сөз халық қолында жүргелі де қашан. Енді
міне, оның өмірі еліміздің экрандарына көшті. Одақтық байқаудың жүлдегері
деректі фильмі Байқоңырлық қос қыран осының айғағы.
Жастар газетінің бұдан екі-үш жыл бұрынғы бірнеше санында Сейілхан
Асқаровтың Баубек жайлы очерктері жарияланғаны жадымызда. Күні бүгінге
дейін жеке кітап ретінде жарық көрмегені болмаса ізденімпаз журналист сол
жолы да бір игілікті іс бітірген еді. Жаңалыққа жаны құмар сол дәйекті
суреткер сценария бойынша бүгін Байқоңырлық қос қыран фильмін көріп
отырмыз.
Осынау жалын ғұмыр аяулы жанның әдеби образын сомдауда сәтті қадам
жасалыпты. Фильм сирек архивтік деректерді, беделді, бедерлі замандастары
естелігін қамтиды. Замандастарының бірі, Орталық Правда газетінің саяси
шолушысы – Юрий Александровия Жуков сол жылдары Баубекпен кездесуі жайлы
тебірене сыр толғайды: 1943 жылы, жол түскен сәтінде Бұлқышев редакцияға
соқты. Қаншама әңгіме, сыр шертістік десеңізші!
Біздің адамдарымыз сияқты адамдармен жеңіп шықпау мүмкін емес. – деді
ол сөз арасында. – Ұрысқа беріліп кеткен сәтте, өзімді-өзім ұмытып кетем
де, бұйрықты қазақ тілінде беріп қалатын кезім болады. Жауынгер соны
бұлжытпай орындайды. Ал, ұрыс аяқталған кезде: Жолдас, аға лейтенант,
бұйрығыңызды орысша айтсаңызшы, біз сіздің тіліңізді білмейміз ғой –
дейді. Мінекей, тілімді білмесе де ойымды жүрегімен ұғады. Өйткені біздің
бәріміздің де ой мақсатымыз бірегей. Немесе Комсомольская Правда
газетіне тілшілікке шақырған ұсынысқа Жоқ. Әдебиетке мен тек соғыстан
кейін ораламын. Ал қазір солдатпын. Соғысуым керек! –деп үзілді-кесілді
жауап беруі де оның образын ашатын фактілер.
Бүгін Ю.Жуков арқылы жетіп отырған бұл ойлар ұлы Отаншылдық сезімнен
туған қайсар сөздер кезінде Баубектің жүрегінен толқып, тебіреніп шыққан.
Жеңілді тілемес жанымен, жалынға осылайға түскен Баубек! Комсомольская
Правда газеті ғана емес, бір деректерге қарағанда, оны Қазақстан Жазушылар
одағы да кезінде әдебиет қызмет, әскери тілшілікке ауыстыруды ойлаған.
Бірақ көнбеген тағы да Баубектің өзі екен. Орысша-қазақша екі тілде бірдей
жазатын Баубек кезінде отты публицистикалық мақалаларымен майдан мен тылды
бірдей дүрліктіргені мәлім. Оның әрбір парасатты мақаласына Отаншылдық
ойына ортақтаса әр қиырдан хаттар легі келіп түсіп жатады. Баубек образын
жасауда осындай жазбалардың да септесетіні бар. Тек ыждаһатты автор
ізденісі керек. С.Асқаров осы міндетті он жылдай ізденіспен абыройлы
атқарып отыр. Журналист ізденісін Жуков тілімен айтқанда: Жылдар
тереңінен қазақтың тамаша патриоты Баубек Бұлқышев келбетін кестелеген
Сейілхан Асқаров теңдесі жоқ іс тындырды. Сейілхан Асқаров табысты
тәмамдаған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz