Қытай өнері


Қытай өнері
Уикипедиядан алынған мәлімет, ашық энциклопедия
Қытай өнері
Будда
Орта ғасырлардағыҚытай мәдениетініңорны өте ерекше. Олардың өнері өзіне ғана тән қайталанбайтын қасиеттерімен дараланды. Үнді өнеріменсалыстырғанда, анағұрлым қатаң әрі ұстамдыстильде жәнепоэтикалық толғаныста басымырақ.
ҚытайАтыТан Династиясы
Китай каллиграфиясы, Ми Фупоэтімен жасалғанСұң Династиясы
Чан Чунь храмы
, айқындылығымен, өрнекті оюларының әсемдігімен және қызықтырады. анық байқалатынқұбылыс-лиризм, аса қатты көзге түспейтін тұнықбояутүстеріндегі үйлесімділік. АлБуддамүсіндері жуықтамайтын сызықтардың жұмсақтығымен, дене қимылдары мен бет пішінінің құндылығымен, дене құрылысының калыпты салмақтылығымен ерекшеленеді.
Елдегіфеодалдық құрылымөте ертеде, II жән IV ғасырлар ширегінде қалыптасты. Шығыс елдерінің бірқатары ортағасырлық өркениетке енді ғана ене бастаған кездің өзінде, ондағы көркемөнергүлденудің биік шыңына қол жеткізіп үлгерді. Орта ғасырларҚытай тарихындағыбарынша ұзақ мерзім ғана емес, бұл елдің рухани деңгейінің мүмкіндігінше көтерілген тұсы. Аса үлкен калалар мен зәулім сарайлардың, бақтарменхрамдар, яғни көптеген құрылыстардың гүлденген кезеңі болды.
Бұл уақыттановелла, романсекілді әдеби шығармалардың жаңа түрі пайда болды. Поэзияменпроза, театрменмузыка, мүсінменсәулетшілік, кескіндеме мен дамудың биік сатысына жетті. Шығыс елдерінеқытай философтарымен ақындарын, өнертеоретиктерін кеңінен таныстыруға мүмкіндік берген кітап басу өнері қалыптасты. Сонау алыс дәуірлердегі білім мен ілімді таратушылар, басқа елдердің өмірін зерттеп, сол елдерге өз білімін жеткізу үшін ұлан-ғайыр жерлерді аралап, түрлі қиыншылықтарды бастан өткізген саяхатшы ғалымдар және дәруішмонахтареді. Солардың біріҮндістандағыГанга өзенініңжағасына дейінсаяхатжасаған, сол саяхаттан алған бақылауларын "Батыс елдері туралы жазбаларда" керсеткен, VII ғасырдың тамашафилософыСюань Цзаньеді. Сол керемет храмдардың бірі саналатын Тоседайдзидің негізін қалаушы, будда уағызшысыКан Синде тарихи ірі тұлғалардың бірі болып саналады.
Орта ғасырлар - Шығыс елдерінің өзара үздіксіз тәжірибе алмасу кезеңі болып табылады. Орта ғасырдың басында-ақ дамыған көркемдік дәстүрлерге қол жеткізген Қытай өнері, жазу үлгілерін таныту жағынан көршілесЖапония, Корея, Вьетнамелдеріне негіз болды. Өз кезегіндеҚытайелі деҮндістан, Иран, Ауғанстансекілді көне мемлекеттерден үйреніп отырды. Орта ғасырлар ширегінде алып кірген буддалық пластикалардың бейнесін қабылдады. АлИраннаною-өрнектің алуан түрі келді. Оларды Таң дәуірі кезеңіндегі мата өрнектері оңай байқауға болады. Қытайдағы феодализм дәуірінің ауқымдылығын, сан алуандығын көптеген ірі оқиғалар мен құбылыстар арқылы түсіндіруге болады. Елдің феодалдық мәдениетінің дамуында өнердің қалыптасуының бірнеше маңызды кезеңдері бар. Бұлар - алғашқы кезеңі (IV-VI ғғ. ), гүлдену кезеңі (VII-XIII ғғ. ) және орт ағасырлық кезең, яғниҚытайдыңұзақ тарихын тамамдайтын соңғы кезең (XIV-XIX ғғ. ) .
Инь-ян
Басқа феодалдық мемлекеттер секілдіҚытайөнері де ондағы өpic алған діни ұғымдармен тығыз байланысты болды. Негізгі ілім ретінде өте ертеде негізі , сондай-ақ оларды б. з. алғашқы ғасырында . АлайдаҚытайдағыорта салыстырғанда мешіт догмаларына анағұрлым тәуелсіз болды. Қытайдағыорта ғасырлық халықтық наным-сенімдерден тұратын, өте ертеден келе жатқан көптеген секталар мен діни мектептер арқылы айқындалды.
Қытайсуретшілері мен сәулетшілері өздерінің дүниетаным заңдылықтары туралы түсініктері мен көзқарастарын кеңейту мақсатымен, бірдеМүсін өнерірельефкебет бұрса, бірдекаллиграфиямен кескіндемеге жүгінді. Мәселен, орта ғасырлардың алғашқы кезеңдерінде дүниенің құрылымы туралы түсінік, көбінесебуддалық пластикаменжәне аспан әлемінің тұрғындары деп саналатын музыканттармен, бишілермен, енқыршылармен байланыстырылды. Буддизмтабиғаттағы еніп, өзінің жетекші рөлін жоғалта бастаған кезеңнен бастап, Буддаобразы дүниетаным мен санадан ығысып шықты. Ал қытай өнеріндегі жаратылыстың сұлулығы мен заңдылықтарын поэтикалық жағынан барынша көрнекті формада жеткізуге мүмкіндік берген кескіндеме атқарушы рөлге ие болды. Ортағасырлық қытай өнерінің нағыз пісіп-жетілген шағы да осы кескіндемемен тығыз байланысты болды.
Қытай кескіндемешілері VIII гасырдың өзінде мөлдір әрі дымқыл минералды бояулармен қатар әр түрлі реңкке бай қара тушьты да пайдалана бастады. Жазудың түрлі әдістері де осы кезеңде өріс алды:
Көрерменнің картинадағы әрбір ұсақ детальдарға дейін анық көрінуін талап ететін, мұқияттылықты қажет қылатын "гун-би" ("тәртіпті қылқалам") әдісі болды.
Бітпеген еркін жұмысты көрсететін "се-и" ("идея кескіндемесі") әдісі. Соңғысы көрерменнің қиял деңгейіне қарай суретшінің одан жасырып қалған сырларын өзі ашып алуға мүмкіндік береді. Ештеңемен толтырылмаған ашық түсті фон мен өте икемді әрі анық сызықтардың, қанық бояулардың үндестігінде қытай кескіндемесіндегі көркемдік әдістердің құпия сыры жасырынып жатыр.
Бойына ылғалды тушьпен бояуды жеңіл сіңіріп алатын картинаның жібектен жасалған бетін кескіндемешілер - бірде ауа кеңістігі деп, бірде өзеннің тұнық түсі деп, кейде тұманды көкжиек деп қабылдады. уақытта тікелей натурадан салынған емес. Олар тек есте сакталатын табиғаттың ең сенімді деген, нанымды деген құбылыстарын, жаратылысқа тән қасиеттерін ғана көрсетуге тырысады. Осыдан келіп орта ғасырдағы пейзаждарға берілген атаулар шығады - "шань-шуй" яғни "таулар-сулар". Тау көне дәуірлердің өзінде жаратылыстағы алып күш - "яньмен" байланыстырылса, су нәзік өрі жұмсақ, баяу әйел затының негізі - "иньмен" шендестірілді. Осылайша пейзаж атауының өзіне көнедегі натурфилософиялық ілімнің аса маңызды түсініктері мен ұғымдары негіз болды.
Табиғаттыбейнелейтін қытай картиналарының бәрін пейзаж деп қарауға болмайды. Таулар мен сулардыңклассикалық формадағыбейнесімен қатар, өзге де формалар - оның жекелеген құбылыстары да беріледі. ОғанҚытайдағы"гүлдер құстар", "өсімдіктер-жәндіктер" деп аталатын кескіндеме жанры секілді табиғаттың сұлулығын ашып көрсететін белгілі бағыт жатқызылады. Бұл жанрдың шығармалары тек орама қағаздарда ғана емес, сондай-ақ төртбұрышты альбом парақтарында, шымылдықтар мен желдеткіш перделерінде жазылады. Бірде шымшық торғайды бейнелесе, бірделотосгүлінің жалпақ жапырағында отырған шырыл- дауық шегірткені көрсетеді. Қытайсуретшілері осылай ашылып келе жатқан гүлдің немесе аңның әрбір қимылын үлкейткіш шыны арқылы қарағандай дәл, бейнелеп көрсетуге, сол арқылы кішкентай сахнаға табиғаттың тұтас картинасын сыйғызуға тырысқан.
Ортағасырлық қытай кескіндемесі өзінің сан түрлілігімен, жаратылыс сырын нәзік те терең түсіне білуімен ерекшеленеді. Дүниетаныммен ұстанымдарының терендігі қытайдың ортағасырлық мәдениетінің белгілерін бүгінгі күнге жеткізді, күр жеткізіп қана қоймай, оны бар сән-салтанатымен түсінікті, тым жақын етіп көрсетті. Әрине, ұзақ, мерзімді қамтыған орта ғасырдың барлық кезеңдері қытайдың өнері мен мөдениеті үшін жемісті болды десек, қателесеміз.
Ең көне кезеңнен бізге жеткен суретшіГу Кайчжидіңорамалары (шамамен 340-406 жылдары) қытайкескіндемесіне жаңапоэтикалық ноталардыңенгенін көрсетеді. Оның "Сарай бикештеріне арналған өсиеттер"картинасыкөп жайдан хабардар етеді. Ұзынша орама формасында орындалған бұл жұмыс әр түрлі тоғыз сахналық көріністен тұрады. Чжан Хуаныңпоэмаға аксүйектерінің тұрмыс-тіршілігімен таныстырады. Әрбір сахна бір-біріне ұқсамайтын өлең құрылыстарымен ерекшеленетін дербес жанрлық композиция. Гу Кайчжиіс-әрекет өтіп жатқан жерді, мекенді мүлдем көрсетпейді десе де болады. Оның тұлғалары алтындатылған жібек фонда еркін орналасқан. Мұндай әдіс-тәсіл көне қытай дәуірінде-ақ қалыптасып үлгерген еді.
Феодалдық қытай өнерінің бар ерекшелігі келесі кезеңде елдің ортағасырлық өркениетінің барынша дамыған тұсында ажарлана түсті. Бұл тарихта мәдени жетістіктерінің ізін қалдырып кеткен екі бірдей ірі мемлекетТаң(618-907) жәнеСұң(960-1279) империяларының бірігуімен байланысты еді. Қытайдыңрухани өмірі үш ғасыр бойында айтарлықтай шырқау биікке көтерілді. Өнердің, шығармашылықтыңтүрлі салалары - сәулет өнері мен кескіндеме, мүсінмен қолданбалыөнер, поэзиямен проза кемелденіп, гүлдене түсті.
ТаңжәнеСұңкезеңінің кескіндемесі өмірдің көптеген жақтарын ашып көрсетті. Онда көрініс тапқан құбылыстардың ішінде қалалықтардың тұрмыс-тіршілігін жіті бақылау, жаратылысқа аса мұқияттылықпен назар аудару басты орын алды. Кескіндеме мен поэзия біртұтас бөлінбес бірлікке айналды.
ТаңжәнеСұңкезеңінің суретшілері өз таланттарын танытудың түрлі жолдарын тапты. Олар сарай қабырғалары , желпуіштерге миниатюрлі . Көлемді орама қағаздарда қала және сарай өмірін, пейзаждарды, портреттерді, тұрмыс-тіршілікті, аңыздар бейнеледі. Орамалар өзінше кескіндемелік кітап қызметін атқарады. Онда суретші өзінің алған бар әсерін дербестеп, ұсақ бөлшегін көрсете алды. Көркем құрылымыөте күрделі орама кағаздарға салынған сурет үздіксіз ойды білдіреді.
Таң сарайысуретшілерінің жібекке салған суреттерінің сюжеті ретінде сарай тіршілігі, бикештер серуені, ғалымдардың әңгімелесу сәті алынды. Сонымен қатар әрбір шебердің өзі сүйіп жазатын белгілі бір тақырыбы болды. Әйгілі УДаоцзыбуддажазбалары такырыбына композициялар менпортреттержазса, Хань Ганьжылқы малын салумен әуестенді, Янь Либэн"Жэньу" жанрында ("адамдар мен заттар") жұмыс істегенді ұнатты. Сол кездегі атақ пен даңққа бөленген суретшілердің бізге жеткен еңбектері саусақпен санарлық. Олар - қырғын соғыс пен табиғат апаттарының құрбаны. Солай бола тұра, бізге жеткен шағын образдарының өзі Таң кескіндемесінің биік деңгейін тануға мүмкіндік береді.
Янь Либэннің(600-673) "" атты орамасы - көне . ОныХан дәуірінедейін билік құрған арналған топтықпортретдеуге де болады. Осыкартинаныңстилінде жібек бетіне көсілте жазылған топтамалардың ұзак, жылдарға созылған дәстүрлілігі байқалады. қимылсыз қалпында бар тәкаппарлығымен көрінген. Бет әлпеттері орта ғасырлар ханымдарының шарттарына сәйкес жасалған. Суретші кейде императорды табиғи калпында беру үшін оларды іс-әрекет үстінде көрсетуге тырысады. Әсіресе бұл портреттерді жазудағы суретшінің бет сызықтарын, шаш үлгісін, киіміндегі жеңіл қатпарларды анық әрі жеңіл сызықтар арқылы еркін көрсете білуі таң қалдырады.
Солтүстік Сұң кезеңінің кескіндемешісіСюй Даоныңұзын горизонтальді орамадағы "Тау арнасынан балық аулау"картинасыалыстан мұнартып көрінетін дала және өзінің беймәлім күшімен белгісіз әсерге бөлейтін тізбектелген таулар сілемімен басталады. Сирек кездесетін өсімдіктермен көмкерілген биік тау шыңдары, тасты майда өзендер мен үлкен айнакөлдің салмақты қалпы - бәрі біртұтас алып ырғаққа бағынып тұр. Бүкілпейзажтек қара бояудың еркіне көнген, анықграфикалық сызықтармен жайылған жұмсақ таңбалар бірлесе жарасымды үйлесім тапқан. Көруші дымқыл ауамен қатар, таңғытабиғатбояуының түсін де анық сезінеді. Мұндай аз нәрсемен көп дүниені аңғарту тәсілі табиғатты жіті бақылаудың нәтижесі деуге анық болады.
Пейзаждыңірі шебері атанғанГо Сидің(шамамен 1020-1100) "Ерте көктемі" де жаратылыс сұлулығын терең сезіне білуге негізделген. Ұзак қысқы ұйқыдан оянып келе жатқан әлем әрекетке толы. Картинадағы ырғақ тым белсенді, сабырсыз. Таулардың күңгірт сұлбасы тұманды бұлттардан әрең байқалады, ал ағаштар кәрі бұтақтарын керіле жайып келеді. Кеңістіктің шексіздік әсерін, таулардың алыптығын көрсетуге ораманың тіке формасы көмектеседі.
Сұңдәуірінің көптеген жалғастыра отырып, тұрмыстық тақырыптарға да картина жазды. Өздерінің ұзын орама халқы көп мереке-думан өмірін, балалардың ойының шеберлікпен бейнелей білді. Мұндайкартиналартек қызғылықты оқиғаларымен ғана ерекшеленбей, дараланды. Жануарлардыбейнелеу, портрет салу жанрлары да гүлдену дәрежесіне жетті. Мұнда текпейзаждыкескіндеме ғана сол дәуірдегіқытай мәдениетініңбет бейнесін айқындай алды.
АтСюй Бэй-хун
ҚытайдағыМинжәнеСин династиясыныңкөптеген талантты суретшілері өнердегі жаңа бағытты жасырын ұстап, мәпелеумен болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz