Қытай әдебиеті
Жоспар:
1.Қытай өнері
2.Қытай әдебиеті
3.Қытай философиясы
Пайдаланған әдебиеттер
1. Қытай өнері
Қытай өнерінің ежелгі ескерткіштері б.з.б. 3-мыңжылдықта пайда
болды. Неолит дәуірінде жасалған керамикалық бұйымдар сақталған. Инь
мемлекеті тұсында айналасы дуалмен қоршалған қалалар пайда болды. Цинь
мемлекеті (б.з.б. 221 – 207) кезінде Қытайдың ұлы қорғанының негізгі
бөліктері салына бастады. Тан (618 – 907) және Сун (960 – 1279) мемлекеті
дәуірлеп тұрған кезде қытай мәдениеті жан-жақты өркен жайды. Қытай музыкасы
дүние жүзіндегі ең көне мәдени мұралардың бірінен саналады. Б.з.б. 11 – 6
ғасырлардағы жазбаларда кездесетін юэ (музыка) сөзі поэзия, би, бейнелеу
өнері деген ұғымдарды да қамтыған. Ежелгі қытай философы Конфуций тамаша
музыканың мемлекеттік құрылысқа игі әсері тиетіндіктен оның арнайы
құрылымдық сипаты болу керек деп тұжырымдаған. Дәстүрлі қытай оркестрінде
100-ге тарта музыкалық аспаптар қолданылады. Олардың негізгілері: шекті –
сэ, цинь, пипа, ху (эрху, сыху, баньху); үрмелі – сяо, пайсяо, шэн; соқпалы
– барабан, шылдырмақ қоңыраулар, тағы басқа Қытайдың театр өнері байси
(жүз ойын-сауық) ойын түрінде пайда болған. Б.з.б. 2 – 1-мыңжылдықтың
жазба ескерткіштерінде чан-ю (әнші актер), пай-ю (қуақы, комик)
деген терминдер кездеседі. Тан дәуірінде (7 – 10 ғасырлар) ән мен бидің
сахналық жаңа түрі – дацюй пайда болды. 8 ғасырдың орта шенінде Тан
императоры Сюань-цзунь сарайының жанынан музыканттар мен бишілер, әншілер
дайындайтын Алмұрт бағы (Лиюань) атты театр мектебі құрылды. 17 – 19
ғасырларда көптеген жергілікті театрлар: банцзы, цинь-цян, юэцзюй, тағы
басқа құрылды.19 ғасырдың орта шенінде осы театрлар негізінде пекиндік муз.
драма (цзинси) театры дүниеге келді. Қытай театрының негізгі сипаттары осы
цзинсида толық қамтылған.Орта ғасырлардағы Қытай мәдениетінің орны өте
ерекше. Олардың өнері өзіне ғана тән қайталанбайтын қасиеттерімен
дараланды. Үнді өнерімен салыстырғанда, ортағасырлық Қытай өнерінде
анағұрлым қатаң әрі ұстамды стиль де және поэтикалық толғаныс та басымырақ.
Қытайдың ағаштан жасалған сәулеттік
өнері өзінің пропорцияларының жеңіл дігімен, айқындылығымен, өрнекті
оюларының әсемдігімен және иілген қанаттарыныңырғақтылығымен
қызықтырады. Қытай кескіндемесіндег і анық байқалатын құбылыс— лиризм, аса
қатты көзге түспейтін тұнық бояу түстеріндегі үйлесімділік.
Ал Буддамүсіндері күшейтілген динамикаға мүлдем жуықтамайтын сызықтардың
жұмсақтығымен, дене қимылдары мен бет пішінінің құндылығымен, дене
құрылысының калыпты салмақтылығымен ерекшеленеді.Елдегі феодалдық
құрылым өте ертеде, II жән IV ғасырлар ширегінде қалыптасты. Шығыс
елдерінің бірқатары ортағасырлық өркениетке енді ғана ене бастаған кездің
өзінде, ондағы көркем өнер гүлденудің биік шыңына қол жеткізіп үлгерді.
Орта ғасырлар Қытай тарихындағы барынша ұзақ мерзім ғана емес, бұл елдің
рухани деңгейінің мүмкіндігінше көтерілген тұсы. Аса үлкен калалар мен
зәулім сарайлардың, бақтар мен храмдар, яғни көптеген құрылыстардың
гүлденген кезеңі болды.
Орта ғасырлар — Шығыс елдерінің өзара үздіксіз тәжірибе алмасу кезеңі болып
табылады. Орта ғасырдың басында-ақ дамыған көркемдік дәстүрлерге қол
жеткізген Қытай өнері, жазу үлгілерін таныту жағынан
көршілес Жапония, Корея,Вьетнам елд еріне негіз болды. Өз
кезегінде Қытай елі де Үндістан, Иран, Ауғанстан секілд і көне
мемлекеттерден үйреніп отырды. Орта ғасырлар ширегінде қытайлықтар
Үндістаннан буддизм ілімін алып кірген буддалық пластикалардың бейнесін
қабылдады. Ал Ираннан ою-өрнектің алуан түрі келді. Оларды Таң дәуірі
кезеңіндегі мата өрнектері менкерамика формаларынан оңай байқауға болады.
Қытайдағы феодализм дәуірінің ауқымдылығын, сан алуандығын көптеген ірі
оқиғалар мен құбылыстар арқылы түсіндіруге болады. Елдің феодалдық
мәдениетінің дамуында өнердің қалыптасуының бірнеше маңызды кезеңдері бар.
Бұлар — алғашқы кезеңі (IV—VI ғғ.), гүлдену кезеңі (VII—XIII ғғ.) және орт
ағасырлық кезең, яғни Қытайдың ұзақ тарихын тамамдайтын соңғы кезең
(XIV—XIX ғғ.).Басқа феодалдық мемлекеттер секілді Қытай өнері де ондағы
өpic алған діни ұғымдармен тығыз байланысты болды. Негізгі ілім ретінде өте
ертеде негізі қаланған конфуцизм мен даосизм, сондай-ақ оларды б.з. алғашқы
ғасырында толықтырған буддизм діні өмір сүрді . Алайда Қытайдағы орта
ғасырлық идеология Еуропа елдерімен салыстырғанда мешіт догмаларына
анағұрлым тәуелсіз болды. Қытайдағы орта ғасырлық халықтық наным-
сенімдерден тұратын, өте ертеден келе жатқан көптеген секталар мен діни
мектептер арқылы айқындалды.Қытай суретшілері мен сәулетшілері өздерінің
дүниетаным заңдылықтары туралы түсініктері мен көзқарастарын кеңейту
мақсатымен, бірде Мүсін өнері рельефке бет бұрса, бірде каллиграфия мен
кескіндемеге жүгінді. Мәселен, орта ғасырлардың алғашқы кезеңдерінде
дүниенің құрылымы туралы түсінік, көбінесе буддалық пластикамен және аспан
әлемінің тұрғындары деп саналатын музыканттармен, бишілермен, енқыршылармен
байланыстырылды. Буддизмтабиғаттағы көне мәдениет дәрежесіне еніп, өзінің
жетекші рөлін жоғалта бастаған кезеңнен бастап, Будда образы дүниетаным мен
санадан ығысып шықты. Ал қытай өнеріндегі жаратылыстың сұлулығы мен
заңдылықтарын поэтикалық жағынан барынша көрнекті формада жеткізуге
мүмкіндік берген кескіндеме атқарушы рөлге ие болды. Ортағасырлық қытай
өнерінің нағыз пісіп-жетілген шағы да осы кескіндемемен тығыз байланысты
болды.
Қытай кескіндемешілері VIII гасырдың өзінде мөлдір әрі дымқыл
минералды бояулармен қатар әр түрлі реңкке бай қара тушьты да пайдалана
бастады. Жазудың түрлі әдістері де осы кезеңде өріс алды:
1. Көрерменнің картинадағы әрбір ұсақ детальдарға дейін анық көрінуін
талап ететін, мұқияттылықты қажет қылатын "гун-би" ("тәртіпті
қылқалам") әдісі болды.
2. Бітпеген еркін жұмысты көрсететін "се-и" ("идея кескіндемесі") әдісі.
Соңғысы көрерменнің қиял деңгейіне қарай суретшінің одан жасырып
қалған сырларын өзі ашып алуға мүмкіндік береді. Ештеңемен
толтырылмаған ашық түсті фон мен өте икемді әрі анық сызықтардың,
қанық бояулардың үндестігінде қытай кескіндемесіндегі көркемдік
әдістердің құпия сыры жасырынып жатыр.
Бойына ылғалды тушьпен бояуды жеңіл сіңіріп алатын картинаның жібектен
жасалған бетін кескіндемешілер — бірде ауа кеңістігі деп, бірде өзеннің
тұнық түсі деп, кейде тұманды көкжиек деп
қабылдады. Қытайдың пейзажды картин алары еш уақытта тікелей натурадан
салынған емес. Олар тек есте сакталатын табиғаттың ең сенімді деген,
нанымды деген құбылыстарын, жаратылысқа тән қасиеттерін ғана көрсетуге
тырысады. Осыдан келіп орта ғасырдағы пейзаждарға берілген атаулар шығады —
"шань-шуй" яғни "таулар-сулар". Тау көне дәуірлердің өзінде жаратылыстағы
алып күш — "яньмен" байланыстырылса, су нәзік өрі жұмсақ, баяу әйел затының
негізі — "иньмен" шендестірілді. Осылайша пейзаж атауының өзіне көнедегі
натурфилософиялық ілімнің аса маңызды түсініктері мен ұғымдары негіз
болды.Табиғатты бейнелейтін қытай картиналарының бәрін пейзаж деп қарауға
болмайды. Таулар мен сулардың классикалық формадағы бейнесімен қатар, өзге
де формалар — табиғат фрагменттері немесе оның жекелеген құбылыстары да
беріледі.Оған Қытайдағы "гүлдер құстар","өсімдіктер-жәндіктер" деп
аталатын кескіндеме жанры секілді табиғаттың сұлулығын ашып көрсететін
белгілі бағыт жатқызылады. Бұл жанрдың шығармалары тек орама қағаздарда
ғана емес, сондай-ақ төртбұрышты альбом парақтарында, шымылдықтар мен
желдеткіш перделерінде жазылады. Бірде шымшық торғайды бейнелесе,
бірде лотос гүлінің жалпақ жапырағында отырған шырыл- дауық шегірткені
көрсетеді. Қытай суретшілері осылай ашылып келе жатқан гүлдің немесе аңның
әрбір қимылын үлкейткіш шыны арқылы қарағандай дәл, бейнелеп көрсетуге, сол
арқылы кішкентай сахнаға табиғаттың тұтас картинасын сыйғызуға
тырысқан.Ортағасырлық қытай кескіндемесі өзінің сан түрлілігімен, жаратылыс
сырын нәзік те терең түсіне білуімен ерекшеленеді. Дүниетаным мен
ұстанымдарының терендігі қытайдың ортағасырлық мәдениетінің белгілерін
бүгінгі күнге жеткізді, күр жеткізіп қана қоймай, оны бар сән-салтанатымен
түсінікті, тым жақын етіп көрсетті. Әрине, ұзақ, мерзімді қамтыған орта
ғасырдың барлық кезеңдері қытайдың өнері мен мөдениеті үшін жемісті болды
десек, қателесеміз.
Ең көне кезеңнен бізге жеткен суретші Гу Кайчжидің орамалары
(шамамен 340—406 жылдары) қытай кескіндемесіне жаңа поэтикалық
ноталардың енгенін көрсетеді. Оның "Сарай бикештеріне арналған
өсиеттер" картинасы көп жайдан хабардар етеді. Ұзынша орама формасында
орындалған бұл жұмыс әр түрлі тоғыз сахналық көріністен тұрады. Чжан
Хуаның поэмаға арналған иллюстрациялары сарай аксүйектерінің тұрмыс-
тіршілігімен таныстырады. Әрбір сахна бір-біріне ұқсамайтын өлең
құрылыстарымен ерекшеленетін дербес жанрлық композиция. Гу Кайчжи іс-әрекет
өтіп жатқан жерді, мекенді мүлдем көрсетпейді десе де болады. Оның
тұлғалары алтындатылған жібек фонда еркін орналасқан. Мұндай әдіс-тәсіл
көне қытай дәуірінде-ақ қалыптасып үлгерген еді.Феодалдық қытай өнерінің
бар ерекшелігі келесі кезеңде елдің ортағасырлық өркениетінің барынша
дамыған тұсында ажарлана түсті. Бұл тарихта мәдени жетістіктерінің ізін
қалдырып кеткен екі бірдей ірі мемлекет Таң (618—907) және Сұң (960—1279)
империяларының бірігуімен байланысты еді. Қытайдың рухани өмірі үш ғасыр
бойында айтарлықтай шырқау биікке көтерілді. Өнердің, шығармашылықтың түрлі
салалары — сәулет өнері мен кескіндеме, мүсін мен
қолданбалы өнер,поэзия мен проза кемелденіп, гүлдене түсті.
Таң және Сұң кезеңінің кескіндемесі өмірдің көптеген жақтарын ашып
көрсетті. Онда көрініс тапқан құбылыстардың ішінде қалалықтардың тұрмыс-
тіршілігін жіті бақылау, жаратылысқа аса мұқияттылықпен назар аудару басты
орын алды. Кескіндеме мен поэзия біртұтас бөлінбес бірлікке
айналды.Таң және Сұң кезеңінің суретшілері өз таланттарын танытудың түрлі
жолдарын тапты. Олар сарай қабырғалары мен храмдарды безендірді,
желпуіштерге миниатюрлі кескіндемелік композициялар салды. Көлемді орама
қағаздарда қала және сарай өмірін, пейзаждарды, портреттерді, тұрмыс-
тіршілікті, аңыздар мен саяхатшылықтың сюжеттерін бейнеледі. Орамалар
өзінше кескіндемелік кітап қызметін атқарады. Онда суретші өзінің алған бар
әсерін дербестеп, ұсақ бөлшегін көрсете алды. Көркем
шығарманың композициялық құрылымы өте күрделі орама кағаздарға салынған
сурет үздіксіз ойды білдіреді.Таң сарайы суретшілерінің жібекке салған
суреттерінің сюжеті ретінде сарай тіршілігі, бикештер серуені, ғалымдардың
әңгімелесу сәті алынды. Сонымен қатар әрбір шебердің өзі сүйіп жазатын
белгілі бір тақырыбы болды. Әйгілі У Даоцзы будда жазбалары такырыбына
композициялар мен портреттер жазса, Хань Гань жылқы малын салумен
әуестенді, Янь Либэн "Жэньу" жанрында ("адамдар мен заттар") жұмыс
істегенді ұнатты. Сол кездегі атақ пен даңққа бөленген суретшілердің бізге
жеткен еңбектері саусақпен санарлық. Олар — қырғын соғыс пен табиғат
апаттарының құрбаны. Солай бола тұра, бізге жеткен шағын образдарының өзі
Таң кескіндемесінің биік деңгейін тануға мүмкіндік береді.
Янь Либэннің (600—673) "Түрлі династиялардың әміршілері" атты орамасы —
көне жанрлық композициялардың бірі. Оны Хан дәуіріне дейін билік құрған
отыз императорды көрсетуге арналған топтық портрет деуге де болады.
Осы картинаның стилінде жібек бетіне көсілте жазылған топтамалардың ұзак,
жылдарға созылған дәстүрлілігі байқалады. Императорлардың тұлғалары
қимылсыз қалпында бар тәкаппарлығымен көрінген. Бет әлпеттері орта ғасырлар
ханымдарының шарттарына сәйкес жасалған. Суретші кейде императорды табиғи
калпында беру үшін оларды іс-әрекет үстінде көрсетуге тырысады. Әсіресе бұл
портреттерді жазудағы суретшінің бет сызықтарын, шаш үлгісін, киіміндегі
жеңіл қатпарларды анық әрі жеңіл сызықтар арқылы еркін көрсете білуі таң
қалдырады.
Солтүстік Сұң кезеңінің кескіндемешісі Сюй Даоның ұзын горизонтальді
орамадағы "Тау арнасынан балық аулау" картинасы алыстан мұнартып көрінетін
дала және өзінің беймәлім күшімен белгісіз әсерге бөлейтін тізбектелген
таулар сілемімен басталады. Сирек кездесетін өсімдіктермен көмкерілген биік
тау шыңдары, тасты майда өзендер мен үлкен айнакөлдің салмақты қалпы — бәрі
біртұтас алып ырғаққа бағынып тұр. Бүкіл пейзаж тек қара бояудың еркіне
көнген, анық графикалық сызықтар мен жайылған жұмсақ таңбалар бірлесе
жарасымды үйлесім тапқан. Көруші дымқыл ауамен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz