Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қазақстан-Қытай қатынастарының дамуы


45
2. 2. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қазақстан-Қытай қатынастарының дамуы.
Біздің ұлттық тарихымыздың ұзына бойына созылып жатқін Аспан Асты елімен қарым-қатынас ең басты маңызға ие болып келген. Адамзаттың XXI ғасырдағы дамуы көбіне-көп Қытаймен байланысты болды. Көптеген елдер Қытаймен арақатынасты өз сыртқы саясатының негізгі өзегі деп түсінеді. Ал Қазақстан үшін осынау болашағы зор, экономикасын қарышты қадаммен дамытып жатқан мемлекетпен ойдағыдай қарым-қатынас орнату айрықша маңызға ие.
Біздің тарихымыз қоян-қолтық араласып кеткен. Біз қазір өз бастауларымызды білгіміз кеп, ғасырлар тұңғиығынан өрбіп жатқан кіп сауалдарға жауап іздесек, сол арқылы өткеніміз бен бүгінімізге баға бергіміз келсе, Қытай жылнамаларынан барып бір ақ шығамыз.
Біз Қытай-Кеңес қатынастарында соңғы 40 жылдық тарихында күйіп-жанған достық, көрместей боп кеткен өштестік кезеңдерін де бастиан кештік. Екі ұлы мемлекеттің астасар тұсында, Қазақстан сол бір текетірестің нағыз тұсында тұрды. Екі жақ бір кезде соғысқа шындап дайындалды ма? Біздіңше, шындап дайындалды. Шекараның екі бетінде де жер қайысқан көп әскер шоғырландырылды. Қытай шекарасының ар жағына саны мен қарулануы жағынан қандай әскери күш шоғырланса, Қазақстанда дәл сондай мөлшердегі күштің басын біріктірген Орта Азия әскери округы құрылды. Бүгінгі күн ұғымынан келер болсақ, екеуі де қорғанушы емес, шабуылдаушы күш екені даусыз. Тянь-Шань тауларындағы Қытай мен Қазақстанды жалғастыратын бірнеше асуларға лық толтыра әскери техника қордаланып, бекіністер, ядролық қару қоймалары, аэродромдар мен арсеналдар салынды.
Екі жақ та бірін-бірі жау тұтты. Әскери доктриналар екі жақты да бір-бірінің ең басты қарсыласы деп жариялады. Қысқасы, жалпы саясат, жалпы насихат бізді Қытай-бірінші жауымыз дегенге иландырып бақты.
Бірақ халықтар тек жаман нәрсені ғана жадында сақтаса, бір-бірімен ешқашан тату-тәтті тұра алмас еді. Заман өзгереді. Әр ұрпақ өз көзқарасын қалыптастырады. Мемлекет мүддесін де өзінше түсінеді. Қазақстан тәуелсіздік алған соң, Қытай халық республикасымен қарым-қатынасты өзінше пайымдай бастады. Партиялық идеологиядан қалған қатаң қисындардың көбінен бас тартуға тура келеді.
Менің Қытай Халық Республикасына бірінші сапарым 1991 жылы болды. ҚХР төрағасы Цзян Цзэминьмен, премьер-министр Ли Пэнмен, Шанхай шахарбасшыларымен кездестім. Шығыс Қытайдағы еркін экономикалық аймақтарды көрдім. Ол сапар бұл ел жайындағы пікірімді түбірімен өзгертті. Қытай-кеңес тайталасынан қалған жаңсақ түсініктерден, "қағаз жолбарыстар" жайындағы ұшқалақ ұғымдардан арылмауға жағдай қалмады. Басшылармен де, қарапайым азаматтармен де болған кездесулерде тұрақтылыққа деген, елдің іші мен сыртындағы тыныштыққа деген құлшыныс айқын байқалады. Ол біздің көзқарасымызбен де сәйкесетін еді.
Қытаймен екі ортадағы бірқалыпты достық қарым-қатынас бейбітшілікке бастайтын тағы бір сенімді жол. Қазақстанның Қытайға баратын жолы ол кезде Ресей арқылы өтетін. Орталыққа керегі сол болды. Біз қиыптасып келе жатқан орай, сыртқа шығатын балама жолдар қарастыра бастадық. 1990 жылдың өзінде ақ Қазақстан мен Қытайды байланыстыратын темір жолды Тынық мұхит жағалауына шығып алар үміт те сол кезде оянды. Сол кезден бастап, кү. нгей көршілерімізбен келіссөздер жүргіздік. Иран Президенті Али Акбар Хашеми РафСАНДЖАНИ ЕКЕУМІЗ КЕЗДЕСІП, Қазақстан мен Иран
47
арасындағы Түркіменстан үстімен өтетін темір жол байланысын өзара жалғастыруға келістік. Одан әрі Түркия арқылы Европа магистральдарына үласуға мүмкіндік туады. Ұлы Жібек жолы 1996 жылдан бастап темір жол арнасына айнала алады.
Қазақ-Қытай қатынастары өте шапшаң қарқын алды. Бірінші сапардан соң, барлық сауда жолы ашылды. Біржарым жылда екі ортадағы сауда он есеге өсті. Шекара бойы саудасы басталды. Алты асу ашылды 17 .
Темір жолдармыздың тасмал қабілеті де күрт көбейді. Қытай орталығына дейінгі жолдың қазіргі тасмал көлемі 30 миллион тоннаға жетті. Қазақстанға Қытай тауары көптеп әкелінді. Әуелгі кезде әкелінген тауарлардың сапасына көңіл бітпей, сын көбейді. Әрине, бүл мәзді қүбылыс емес. Алайда қазіргідей тауар тапшылығы тұсында қытай бұйымдары өз қызметін атқарары сөзсіз. Менің екінші сапарым мен келіссөздерім тұсында төменгі сапалы импортты азайтып, сауданы өркениетті деңгейге көтерудің сәті түсті.
Шынын айтсам, бастапқы кезде екі арадағы мәселелердің барлығының шұғыл шешім таба қоюына біраз сақтықпен қарадым. Бұл -елдің басшыларын сүйкімсіз қып суреттеп көп жылғы насихаттың салқынынан әлі арылып болмағандығымыздан шығар.
Сөйтсем, қателесіппін. Ол қатем өзіме пайдалы сабақ болып шықты. «Мың рет естігенше, бір рет көр», - деген рас екен. ҚХР басшысы Цзян Цзэминьмен кездесуім көп нәрсеге көзімді ашты. Цзянь Цзэминь- тағдыры қызық адам. Мәскеуде оқу бітіріп, көптеген электростанцияларды басқарыпты. Үкімет пен министрлікте энергетика жөнінен басшы қызметтер атқарыпты. Кейіннен Қытайдағы ең үлкен қалалардың бірі Шанхайда партия қызметіне жоғарылатыпты. Қазіргі таңда Қытай Халық РеспубликасынЦің
17 Назарбаев Н. Гасырлар тогысында. Алматы, 1996, 209-бет.
48
төрағасы Қытай Коммунистік Партиясының Бас хатшысы Цзянь Цзэминь үлттық дәстүр мен мәдениетті терең білуді Батыстың өркен -
иетті жетиістіктерімен үйлестіруді меңгерген. Оған Жапониядағы оқыған, Америка Құрама Штаттарында тәжірибеден өткені де аз әс&р етпесе керек. Орыс, ағылшын, жапон тілдерін жетік меңгерген. Көзбе-көз жолығып, тілмәшсіз тіл қатысып, оңаша сұқбаттасқанда, екі арадағы сенімсіздік азая түседі. Сол бір байсалды мәслихаттан оның геосаяси ждағдайды жетік талдай алатын адам екендігіне көзің жете түседі.
Цзянь ЦэЗэминь Қытай Коммунистік партиясының реформалануын да сөз етті. Жаңару партиялық тәртіп жағдайында орталықтан басқарылып, ешқандай дүрбелеңсіз өтіп жатыр. Сосын делегация мүшелерінің қатысуымен келіссөз басталды. Әңгіі\) іе Қытай Халық Республикасының төрағасы Цзянь Цзэминьнің Қазақстан делегациясына арнап берілген қонақасы үстінде одан әрі жалғасын тапты.
Реформа жөніндегі Бүкілқытайлық комитөтте де арнайы кездесу ұйымдастырды. Қытай Халық Республикасының басшыларымен келіссездер тұсында Кеңес Одағын да Қытай үлгісімен реформалау жөнінде де ойлар бөлісілді. Бірақ тарих ондай мүмкіндіктерге жол бермегендігі анық.
і
Қытай реформасы партиялық тәртіп пен мемлекет^ік құрылымдардың қатаң қадағалауына сүйенеді. Соңғы 7-8 жыл ішінде экономиканың 35 проценті жеке меншікке беріліпті. Оның үстіне, Қытай Халық Республикасы-көп ұлтты мемлекет. Әрбір аймақтың даму деңгейі де әртүрлі. Соған орай, теңіз жағалауларына өскелең өсу аймақтары жасалыпты. Шетелдік капитал мен технология көптеп тартылып, көптеп таралыпты. Енді ондай аймақтар Қытайдың орталығы мен батысына қарай таратыла бастапты.
49
Біздің Қытай Халық Республикасымен қатынастарымыз бірте-бірте жиілеп келеді. Қазақстанға Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлері, оның орынбасарлары, экономика, тарнспорт өнеркәсіп министрлері келіп қайтты. Біздің үкімет мүшелері де Қытай Халық Республикасына жиі барып жүр. Біздің бұл қарым-қатынасымыз белгісіз елеусіз қалып жатқан жоқ. Сыртқы істер мнистрліктеріміздің келіссөздері өте жылдам өрістеуде. 1994 жыгіы Қытай Халық Республикасының премьері Ли Пэннің Қазақстанға келген сапарында, екі елдің арасындағы шекараны заңдастырып үлгеріп, тиісті келісімге қол қойдық. Кеңес жылдарында 1700 шақырым жер «ықтимал қарсыластың» арасындағы қатерлі шеп саналып келді. Қазірдің өзінде біз шекараның екі бетінде сенімділік шаралары туралы келсімге қол қойып, әскерлерді жүз шақырымға ішке шегіндіруге әзірміз.
Меніңше, ең бірінші, ең басты мәселе- шекара мәселесі достық қарым-қатынасымызды одан әрі дамытуға негіз бола алады. Оған менің төраға Цзянь Цзэминьмен іш ашып ұзақ сөйлескенім қолайлы жағдай жасады. 1995 жылғы ақпанда Қытай Халық Республикасының Қазақстан қауіпсіздігіне кепілдік берген екі елдің қарым-қатынасын одан әрі баянды ете түсті.
Әрине, мен бір нәрсеге қатты алаң болмай тұра алмаймын. Қытайда ядролық сынақтар әлі тоқтаған жоқ. Ол экологиялық ахуалға оң ықпал етпейтіні белгілі. Цзянь Цзэминь де Қазақстанның Елбі-Нұрға
алаңдайтынын жақсы түсінетіндігін айтты. Ол аз десеңіз, Қытайдың
і
ядролық қаруды сынауды жаппай тоқтатуға қатысуға әзір екендіпін білдірді.
Істің барысы, қатынастарымыздың жәйі маған Қытай Халық Республикасы төрағасы Цзян Цзэминьнің бейбітшілікке, реализмге және прагматизмге шынымен ықыласты екендігіне нық сенім білдіруге мүмкіндік береді.
1995 жылдың қыркүйегіндегі, бүл елге барып қайтқан үш күнДік сапар үстіндегі соңғы жолығысым өте ерекше болды.
Келіссөздердің нәтижесінде біз Қазақстан Қытай Халық Республикасы арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрі дамыту мен тереңдету жөніндегі бірлескен декларацияға қол қойдық. Қорғаныс министрліктерінің байланыстары туралы меморандумға метеоролгия саласындағы ғылыми-техникалық байланыс туралы келісімге, Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімді ратификациялау жөніндегі грамоталар алмасу протоколына қол қойылды. 18
Тағы бір ірі тарихи оқиға болды. Біздің екі үкімет арасындағы Қытайдың Ляньюньган теңіз портын Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдеріне және кері бағытта жөнетілетін Қазақстан жүктерін өңдеу және тасымалдауға пайдалану туралы келісімге қол қойылды.
Бұл біз үшін неге маңызды, мұндай келісім Қазақстанға не береді, Темір жол 30 миллион тонна біздің жүгімізді, оның ішінде мұнай құйылған цесторналарды да тасымалдай алады. Ляньоньган портына дейінгі жолдың ұзындығы 3, 5 мың шақырым. Сібір мен Қиыр Шығыс арқылы Ресейдің шығыс портына дейінгі жолдың ұзындығы 8, 5 мың шақырым. Аз ұтыс емес. Оның үстіне, біздің тауарымызға Қытайдың сұранысы зор екенін ескеріңіз.
Қытайдың даму үстіндегі экономикасы бүгінгі таңда қуат ресурстарына өте зәру. Кейбір мамандардың айтуынша, бұл энергетикалық дағдарыстарға да ұштасып кетуі ықтимал. Ең бір қарапайым болжамдар бойынша, елдің жыл сайынғы экономикалық өсу қарқыны2000 жылдарға дейін 9 проценттен кем болмақшы емее. Демек, Қытай Халық Республикасының қуат ресурстарына мұқтаждығы стандартты көмірге шаққанда, 2, 3-, 2, 5 миллиард тонна
18 Внешная политика Республики Казахстан, Казахстанско-китайские отношение гл5, стр. 74. Алматы, 1999
51
деңгейінде болмақ. Алайда келесі ғасыр басында Қытай 1, 5 миллиард тоннадан артық көмір өндіре алмайды. Қытай ресурстарға бай, сондықтан ол қуат ккат көздеріне зәру деу қате түсінік. Қытай Халық Республикасы дүниежүзінде көмір өндіру бойынша- бірінші орында, жылына 1, 1 миллиард тонна көмір өндіреді. Электр қуатын өндіру бойынша төртінші орында, жылына 742, 7 миллиард квт/сағат өндіріледі. Ал, мұнай өндіру бойынша бесінші орында, жылына 142 миллион тонна өндіретін алпауыт мемлекет есептеледі. Бірақ соған қарамастан, жан басына шаққанда, Қытай дүниежүзілік норманың 40 процентін, өнеркәсібі дамыған мемлкеттердің деңгейінің бір бір процентін ғана шығындайды. Су қуаты ресуртарының қазіргі кезде 9 проценттейі ғана өндіріледі. Олардың мүмкіндігі мол болғанымен, бұрын салынған электр станцияларын жаңартуға бір кезекте шығындалатын қаражат көлемі тым үлкен. Олардың өндіретін электр қуаты соңғы он жылда 22, 4 проценттен 17, 5 процентке дейін төмендеді. Қытай Халық Ресупбликасы өзінің экономикалық өсу деңгейін жылына 9 процент көлемінде ұстап тұру үшін, жылына 5-10 ірі электр станцияларын салуға мәжбүр болды. Біздің Қазақстан Қытайдың бұл проблемаларын шешуге ат салыса алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz