Қытайдағы экотуризмнің дамуы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қытайдағы экотуризмнің дамуы

Қытай - туристік ресурстарға өте бай мемлекет. Мыңдаған ғасырлық тарихы бар мемлекет әлемге ежелгі заманнан қалған мәдени ескерткіштерімен, ұлттық салт-дәстүрлерімен, ерекше үрдістегі театр, музыка, би өнерімен, айрықша асханасымен және бір жарым миллиардқа жуық халқымен танымал. Бұл елдің территориясын «Қызыл кітапқа» енгізілген сирек кездесетін аңдар мекендейді, неше түрлі таң қаларлық өсімдіктер өседі. Қытай әлемге әсем өзендерімен де белгілі. Осының бәрі дүниенің түкпір-түкпірінен жыл сайын ағылып келетін миллиондаған туристерді магниттей тартады.

Қытай өзінің көпғасырлық тарихында көптеген ортағасырлық ескерткіштер мен архитектуралық құрылыстарға ие болған. Осы қалалардың біразына «Қытайдың үлгілі туристік қаласы» деген атау берілген.

Соғысушы патшалықтар кезеңінде іргесі қаланған, 2000 жылдан астам тарихы бар, әлемге әйгілі «Ұлы Қытай қорғаны» - елдегі ең танымал туристік мекен болып саналады. Әлемнің жеті кереметімен теңесетін бұл қорғанды жылына миллиондаған турист тамашалайды. Ұзындығы 1, 5 мильге созылып жатқан ұлы қорғанның басында туристерге қызмет көрсететін оншақты бөлімше жұмыс атқарады. Бұл қорғанды көру үшін біз секілді осында оқып жатқан студенттер жиі келеді.

Қытайдағы тас үңгірлер, скульптуралық ескерткіштер және қасиетті діни орындар - көп сұранысына ие болып отырған бағалы туристік ресурстар. Мұндай ресурстарды осы елдің әр провинциясынан табуға болады. Бүкіл Қытай бойынша шамамен ірі-ірі 500-ге жуық ортағасырлық үңгір, мыңдаған шағын монастырь және миллиондаған скульптуралық ескерткіш бар. Осылардың ішіндегі ең әйгілілері - Сычуань провинциясындағы Лышан тауында тұрғызылған биіктігі 71 метрлік «Үлкен Будда» ескерткіші және 495 жылы салынған, аумағы 300 шаршы шақырым болатын әйгілі Шаолинь монастырі.

Қытайда 101 қалаға «тарихи және мәдени маңызы бар қала» мәртебесі берілген. Бұлардың ішіндегі ең көріктілері - Ханчжоу және Сучжоу қалалары. Ежелгі дәуірден бері мөп-мөлдір өзен-көлдерімен, сәнді көпірлерімен және бақшалы саябақтарымен танымал бұл қалаларды қытайлар жердің жәннаты санайды.

Қытайдың территориясында әсем қалалардан басқа сұлулығын сөзбен айтып тауыса алмайтын алып таулар, өзен-көлдер, сарқырамалар және ерте заманғы үңгірлер жетерлік. Шыңдары көкпен таласқан Тайшань және Хуаншань таулары, Сычуань провинциясының солтүстігінде орналасқан, аумағы 620 шақырым Цзючжайгоу шатқалы, Тяньшань тауындағы тереңдігі 105 метр Тианчи кристалды көлі және гүрілі бес шақырымнан естілетін 18 жерүсті мен 4 жерасты сарқырамаларын қамтитын каскады бар. Гуйчжоу провинциясындағы Хуангошу жері жайында ертеден келе жатқан керемет аңыздар айтылады.

Жалпы, Қытайды 56 ұлт мекендейді. Осы ұлттардың әрқайсысының өзіндік мәдениеті, салт-дәстүрлері қалыптасқан және ұлттық мейрамдары бар. Қарап отырсақ, осылардың бәрі де туристік ресурстар болып есептеледі. Тибеттіктердің «Қышқыл сүт», «Сюедун» мейрамдарын, Ішкі Моңғолия моңғолдарының «Надом» мерекесін, Юнан провинциясындағы Сишуанбань аумағындағы дай халқының «Су мерекесін», Лугуху көлінің маңайында тіршілік ететін, қазір 30 мыңға жуық халқы ғана қалған, әлі күнге дейін «матриархат» дәстүрін сақтап отырған мосо халқының салт-дәстүрлерін қызықтауға келетін туристер ағыны жылдан-жылға көбейе түсті.

Тоқтамай ағылып жатқан шетелдік туристер жосқынына байланысты Қытайда әуе, теміржол, трасса, өзен және теңіз арқылы тасымалдау жолдары жақсы қарқынмен дамып келеді. Әр түрлі деңгейдегі туристердің жағдайын жасау үшін соңғы жылдары жүздеген қонақүйлер жаңадан салынып, мыңдағаны кеңейтіліп, реконструкциядан өткізілді. Қазіргі уақытта жалпы Қытай бойынша ірі қалаларда туристерге арналған 10 мыңнан астам «жұлдызды» қонақүйлер, әрбір кішігірім қалаларда, провинцияларда және туристік орталықтарда толық қызмет көрсететін қолайлы шағын қонақүйлер бар.

Қытай бүгінде әлемдегі жоғары қарқынмен дамып келе жатқан ең үлкен туристік нарықтың мекені болып саналады. 2006 жылы Қытайға туристік сапармен келіп-кеткендер саны шамамен 129 миллион болса, бүгінде олардың саны оншақты пайызға өсіп отыр. Туристерді өзіне тартып қана қоймай, бұл ел қазір өз туристерін шетелдерге шығарудан бүкіл Азия бойынша бірінші орында келеді. Қазір Қытаймен өзара туристер алмасу жөнінде келісімге келген 63 мемлекет болса, олардың 30-дан астамы Еуропаның елдері.

Биыл туризмнен түскен пайда 33-34 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Бұдан осы көрсеткіштің алдыңғы жылдарға қарағанда шамамен 13-14 пайызға өскенін көреміз. Мұндай әлеует Қытайдың отандық туризмі тарихында болып көрген емес. Бүкіләлемдік туризм және саяхат жөніндегі кеңестің болжамы бойынша, алдыңғы он жылда Қытай туризмі жыл сайын 10, 4 пайызға өсіп отыратын көрінеді. Ал 2020 жылы ҚХР әлемнің басты туристік Меккесі болады. Сонымен қатар бұл ел өз азаматтарын шетелге сапарға шығарудан дүние жүзі бойынша төртінші орын иеленеді. Болжамға сүйенсек, сол кездері шетелге жылына 100 миллион қытай сапар шегетін болады.

Жыл сайын еңсесі көтеріле түсіп, қуатына қуат қосып келе жатқан әлемнің алып мемлекеті - Қытайдың туризм саласындағы күні бүгінге дейінгі қол жеткізген жетістіктері осындай. Оның игілігін жергілікті халықпен бірге Қазақстанның жұртшылығы да, тіпті, осында жатқан біздің елдің студенттері де көретін болады.

Бұл жазғы ойындарды қытай лидерлері әлемнің жетекші елдерінің бірі ретінде таныстырудың бірден-бір мүмкіндігі деп қарастырады. Бір жағынан, Қытай спортшылары өзінің бабына 2008-інші жылдың тамызына қарай келуге жанталасып жатса, Бежинде отырған қытай шенеунектері бүкіл әлемге жақсы қырынан көрінуге тырысып жатыр. Қытайдың “қаржы орталығы” саналатын Шанхай қаласы да қызу дайындық үстінде. Өйткені, Шанхай “Әлем-Экспо-2010” дүниежүзілік жәрмеңкесінің қонақтарын қабылдайды.

Бежин қаласының әкімі Уонг Қишанның (Wang Qishan) 2008-інші жылғы Олимпиада ойындарына деген дайындықтың барысы туралы айтар ойы көп. Әйтсе де, егер дүние жүзіндегі ең көне өркениеттің бірі Қытай екені ескерілсе, Уонг Қишанның Олимпиада ойындарына келетін миллиондаған шетелдікті қонақжай қарсы алуға Бежин халқының “мәдениеті лайық па?” деп алаңдауы аң-таң қалдыруы мүмкін. Бежиннің ішкі-сыртқы пішінін жетілдіруге қаншама күш-жігер жұмсалып жатса да, әкім көшелерге лық толған қала халқының ежелден келе жатқан ескі әдет-ғұрпы, көшедегі айқай-шуы, бір-бірімен ұрысып-керісіп, жекірген әдеті қандай әсер қалдырады деген ойға қалады. “Рейтер” агенттігінің хабарлауынша, өткен аптада қала маслихатында Уонг Қишан шенеунектер қаланың 15 млн. халқының “ізеттілігі мен мәдениетін жетілдіруге тиіс” деген мәселені көтерді. Осы жауапты міндетті Уонг 2008-інші жылдың 8-інші тамызында ашылатын Олимпиада ойындарына дейін қалған 18 айдың ішінде жүзеге асыруға тиіс.

Бежин әкімінің қандай келеңсіз құбылысты көргісі келмейтінін елестету қиын емес. Жаздың аптап ыстығында Бежиннің шаң мен айқай-шуға толған көшелерінің қиылысында тоқырап тұрған автокөліктің ішінен таксиге отырып, аң-таң болып айналасына жалтақ-жалтақ қараған шетелдік туристі, құмырсқадай қаптаған жаяу халықтың көшеден өте алмай таксиге айқайлап, балағаттаған күнделікті құбылысты көргісі келмейді.

Кеңсесі Лондонда орналасқан “Чатем хаус” (Chatham House) зерттеу орталығының Қытай бойынша сарапшысы Александр Нэйлл (Alexander Neill) Бежинді “өте дөрекі әрі беймаза қала” деп атайды. Ол осыдан 10 жыл бұрынғы көріністі есіне алады.

А. НЭЙЛ: “Сіз барсаңыз, қаптаған халыққа, әсіресе Бежинге ағылып келіп жатқан және қаланың көлік көп жүретін орталығына шетелдіктерді көру үшін келген ауыл тұрғындарына тап боласыз. Әдеттегідей “Лоауэй”, яғни: “шетелдікті қараңдар!” деген айқай естіледі. Оның ізінше ду күлкі шығады. Шетелдіктерді саусағымен нұсқап көрсетеді немесе оның бетіне тесіле, үңіле қарайды”.

Нэйлдің айтуынша, Қытайда Совет Одағындағыдай қызмет көрсету туралы тіпті түсінігі болмаған марксистік жүйе сақталып қалды. Ондай кемшілік әлемнің өзге бұрышында да бар. Әйтсе де, деп ескертеді Александр Нэйлл, соңғы жылдары Қытай қызмет көрсету саласын зор жетілдірді, әсіресе шетелдік туристермен байланыс саласында көп жетістікке жетті. Бежин әкімі Уонг Қишан Олимпиада қалашығындағы ауқымды құрылыс нысандарын да осы тізімге кіргізді.

Елдің оңтүстігіндегі Қытайдың “қаржы орталығы” болып саналатын және жаңадан бой көтеріп, аспанмен таласқан талай зәулім ғимараты бар Шанхай қаласы да өзінің “бет-бейнесіне” алаңдайды. “Әлем-Экспо-2010” дүниежүзілік жәрмеңкесін өткізетін бұл қала да көп қонақ қабылдайды. Кезекті Олимпиада ойындарын өткізу Бежин қаласы үшін қаншалықты маңызды болса, жер шарының барлық құрлығында шығарылған сан-алуан тауар, қолөнер өнімдері мен мәдениет үлгілері қойылатын “Әлем-Экспо-2010” жәрмеңкесін өткізу - Шанхай үшін де соншалықты мақтаныш.

Күнделікті шығатын “Шанхай дэйли” (“Shanghai Daily”) газетінің тілшісі Келли Ченнің (Kelly Chen) атап көрсетуінше, қала халқы жәрмеңке қонақтарын қуана қабылдайды.

К. ЧЕН: “Біздің жәрмеңкеге біз 110 қатысушыны - мемлекеттерді, аймақтарды және халықаралық ұйымдарды тартып отырмыз. Енді Шанхай қаланың орталығында Экспо алаңын тұрғызып жатыр”.

Ченнің айтуынша, Шанхай тұрғындарының жаман мінез-құлқы туралы түсінікті өзгерту үшін студенттер көшедегі бейтаныс кісіге күлімсіреп қарауды ұсынды. “Рейтер” агенттігінің хабарлауынша, көшені ластайтын адамдарға айыппұл салу жоспарланып отыр. Жұрт назарынан таксистер де қалмады - олар көлік терезесінен сыртқа түкірмей, өзінің жанына орнатылған қапшыққа немесе шелекке бұрылуға тиіс. Бірақ кейбіреулер таксидің ішіне ондай “түкіргішті” орнатудың жаман салдары болуы мүмкін деп ескертеді.

Десе де, нақты бір оқиғаға байланысты өзінің қонақжайлылығын жетілдіргісі келген Бежин, Шанхай және т. б. қалалардың мұндай іс-әрекеттері туризмнен қосымша табыс түсірмекші. Сол себепті де Қытай, студенттері күлімсіреп жүрмесе де, бүкіл дүние жүзіндегі туризмнің орталығына айналып барады.

БҰҰ-ның Әлемдік туризм бойынша агенттігінің мәліметіне қарағанда, 2006-ншы жылы Қытайға 49 млн. -нан астам шетелдік турист барған. Бұл Франция мен Испанияға барған туристерден сәл кем. Бірақ, Ұлттар Ұйымының маркетинг агенттігінің директоры Джон Кестердің мәлімдеуінше, Олимпиада ойындары мен “Әлем-Экспо-2010” жәрмеңкесі Қытайдағы туризмнің дамуына зор серпін беріп, Қытай алдағы бірнеше жылдың ішінде Испанияны қуып жете алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Замануи туризмдағы экологиялық туризмнің Қазақстан үшін маңызы
Қазақстандағы экологиялық туризмді дамыту аймақтарын анықтау
Кологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары
«туризмдегі экобағыттарды ұйымдастыру және жоспарлау»
Экологиялық туризм географиясы
Алматы облысының экологиялық туристік бизнесті дамыту перспективалары
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Экологиялық туризмнің ерекшелігі
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАР ЭКОТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Экологиялық туризмнің қазіргі тұжырымдамасы жəне негізгі ұстанымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz