Л.В.Занков жүйесі бойынша дамыта оқыту теориясының мазмұны



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Л.В.Занков жүйесі бойынша дамыта оқыту теориясының мазмұны, принциптері

Л.В.Занков мектеп оқушыларын карқынды дамыту міндетін қоя отырып, оның
көзкарасы бойынша, оқу материалының заңсыз жеңілдетілуінің, оның қисынсыз
баяу оқытылуы және бірсарынды қайталануын сын көзбен бағалайды. Және де сол
уақытта оку материалының өзін де Л.В.Занков теоретикалы білімнің
тапшылығымен, дағдыларды меңгеруге бағытталған сипатының үстірттігімен
сипаттайды. Л.В.Занков бойынша, дамыта оқыту ең алдымен, осы уақыттағы
жетіспеушіліктерді жоюға бағытталған. Л.В.Занковтың зерттеген дамыта
оқытудың эксперименталдық жүйесінде келесі принциптер орын алады:
1. қиындықтың жоғары деңгейінде оқыту. Оны жүзеге асыру қиындық өлшемін
сақтау, тосқауылдарды жою, оқылатын құбылыстардың өзара байланысы мен
жүйелілігін түсінуді үйғарады (бұл принциптің мазмұны
оқытудағы проблемалықпен байланыса алады);
2. теориялық білімдердің жетекші рөлі, принципі, оған сәйкес ұғымдар, қарым-
қатынастар, оқу пәнінің ішіндегі байланыс пен пәндер арасындағы байланыс
дағдылар қалыптастыру маңыздылығынан кем емес (бұл принциптің мазмұны
әрекеттің жалпы принциптерін түсіну маңыздылығымен байланыса алады);
3. мектеп оқушыларының өзінің оқуын өзіндік сана-сезімімен үғынуы. Ол
рефлекция, өзін оқу субъектісі ретінде ұғынуы (бұл принциптердің
мазмұны тұлғалық рефлекцияны дамыту, өзін-өзі реттеумен байланыса алады);
4. барлық оқушылардың дамуы бойынша жұмыс принципі. Оған сәйкес, жеке
ерекшеліктер ескерілуі тиіс, бірақ оқыту барлығын дамытуы тиіс, себебі
дамыту оқытудың нәтижесі (бұл принциптің мазмұны білім
беру процесін адамгершіліктендірумен байланысты).
Л.В.Занков жүйесінің негізгі ерекшеліктері болып: мектеп оқушыларының
жоғары жалпы дамуына бағытталуы (бұл жүйенің басты сипаты); оқытудың
жүргізілуінің жоғары деңгейдегі қиыншылығы; оқу материалын өтудің
жылдамдығы; теоретикалық үлес салмағының күрт көтерілуі. Оқытудың берілген
жүйесі ойлауды, оқушының эмоциялык саласын дамытады, оқығанының негізгі
мазмұны мен жалпы мағынасын анықтауға және түсінуге үйретеді.
Дамыта оқытудың Л.В.Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктері, яғни
дәстүрлі оқытудан өзгешелігі:
5. оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;
6. мақсаттағы айырмашылықтар;
7. дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;
8. әдіс-тәсілдердегі ерекшеліктер;
9. оқытуды өзгеше ұйымдастыру;
10. мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;
11. мұғалім мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынастар.
Л.В.Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты баланы
жалпы дамыту. Ал жалпы даму деп байқампаздығын, ойлаудың дамуы және
практикалық іс-әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай-ақ ақыл, ерік-
жігері, сезімдердің дамуы алынады.
Л.В.Занков жүйесі дәстүрлі оқыту жүйесінен басқаша дидактикалық
принциптерге негізделген (Жоғарыда айтылған жоғары қиындықта оқыту
принципі). Бұл қағида баланың қиындатылған тапсырмаларды орндауға
мүмкіндігінің бар екеніне көз жеткізеді (мысалы, шведтік нейробиолог Холгер
Хиден зерттеуі...). Қорыта келе бастауыш сынып оқушыларының қарқынды ой
еңбегімен айналысуға табиғи мүмкіндіктерінің бар екенін оқыту процесінде
ескеру қажет деген тұжырымға келеміз.
1. Дәстүрлі педагогикада қарапайымнан күрделіге, нақтыдан абстрактіге
қарай деген принцип бар. Дамыта оқыту жүйесінің авторлары керісінше, бала
ойлауын абстрактіден қарапайымға қарай жетелейді (Мысалы, А әрпін
өткенде, алманың суретін көрсетіп, бала ол туралы не білетінін сұрап
білудің оны дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады).
Екі жүйе арасындағы тағы бір қарама-қайшылықтардың мәні мынада.
2. Дәстүрлі оқытуда оқыту мазмұны баланың жас ерекшеліктеріне сай жеңіл
болғанда ғана, оқушылар білім, білік, дағдыны меңгереді деген
қағиданы ұстанған. Л.В.Занков бұл анықтаманың дұрыс еместігін дәлелдейді.
Оқыту ісінде балалардың жас ерекшелігінің ескерілуінің қажет
екенін жоққа шығармай, дегенмен әр даму кезіндегі жас ерекшеліктерінің
оқыту барысында өзгеріп, жаңа кескінге алмасып отыратындығы акиқат екенін
еске салады. Оқыту бұл жағдайда абстрактіден қарапайымға қарай түзіледі
деген пікірді айтады. Бұл принциптердің мақсатына жету үшін дәстүрлі
оқулықтардағы жеңіл-желпі тапсырмалардың орынына, баланың
тапқьірлығын, зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырмаларды
орындау үлкен нәтиже беретіндігі тәжірибеден белгілі.
Теориялык білім берудің жетекшілік рөлі принципі. Бұл принципті баланың
теорияны жаттауы, терминдерді есте сақтауы деп түсінбеген жөн. Керісінше,
оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы, өмір
заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру. 1970
жылдардың басынан бастап жүргізілген педагогикалық-психологиялық зерттеулер
бастауыш сынып оқушыларының таным мүмкіндіктері туралы ескі түсініктерді
мүлдем өзгертті. Бұл жаста оқушыда ойлаудың эмпирикалық түрлерін тірек ете
отырып, теориялық ойлауға өте аларлықтай мол мүмкіндік бар екені
дәлелденді. Заттар мен құбылыстардың тек сыртқы қасиеттері ғана емес ішкі
байланыстарын, заңдылықтарын меңгерту олардың танымын тереңдететіндігі
анықталды (Мысалы, жыл мезгілдері туралы түсіндіргенде әр жыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыта оқыту теориясы
Дамыта оқытудың ерекшеліктері мен қолдану тәсілдері
Дамыта оқыту технологиясы
Дамыта оқыту технологиясын айқындау
Психикалық даму және оқыту жайлы
Оқу-тәрбие процесiнде мектеп оқушыларына Дамыта оқыту жүйесiнде ғылымдар тәжiрибесiне сүйене отырып оқушылардың дамытушылық қабiлетiн қалыптастырып педагогикалық жаңа әдiстердiң тиiмдiлiгiмен жетiстiктерiне тоқталу
Оқыту процесінде болашақ мұғалімдердің танымдық іс-әрекеттерін арттыру
Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушының ойын жетілдіру
Кәсіптік мектептің оқу мекемесі туралы жалпы мәліметтер
Дамыта оқыту әдістері
Пәндер