Жаһандану әлеміндегі педагог-психолог мамандарының кәсіби құзіреттілігін білім беруде қалыптастыру



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Құрметті 050103 – Педагогика және психология мамандығы бойынша
студенттердің III Республикалық пәндік олимпиадасына қатысушы оқытушы-
профессорлар қауымы, қонақтар және қатысушы командалар!

Сіздердің назарларыңызға: Жаһандану әлеміндегі педагог-психолог
мамандарының кәсіби құзіреттілігін білім беруде қалыптастыруды
модернизациялау тақырыптағы ғылыми жобаны ұсынамыз (Слайд-1).

Ғылыми жоба мақсаты: Жаһандану әлеміндегі педагог-психолог мамандарының
кәсіби құзіреттілігін білім беруде қалыптастыруды модернизациялаудың
педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін теориялық-әдістемелік тұрғыдан
негіздеу, оны ғылыми-әдістемелік нұсқаулар негізінде жетілдіру(Слайд-2).

Қазіргі қоғамдағы өзгерістер, ғылым мен мәдениет салаларындағы
жетістіктер жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде
тәрбие мен білім беру ісін жоғары деңгейге көтеруді қажет етеді. Әсіресе
бүгінгі таңда жоғары мәдениетті маманға қажеттілігі байқалып келеді.
Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі
тұжырымдамасын даярлау барысында білім беру қызметкерлері мен білім беру
мекемелерінің міндеттері анықталды, онда бүгінгі таңдағы жоғары білімнің
мақсаты мен басты стратегиялық бағдары – кәсіби шеберлігі мен біліктілігі
жоғары, дүниетанымдық көзқарасы мол, кәсіби құзіреттілігі қалыптасқан,
шығармашылық ойлауға дайындалған, іскерлік қабілеттілігі жетілген,
адамгершілік қасиеттері жоғары білікті мамандардың жаңа ұрпағын даярлау
қарастырылған[1].
Болашақ мамандардың құзіреттілігін жалпы мәдени тұрғыда қалыптастыру
заман талабы. Болашақ мамандардың құзіреттілігін мәдени материалдары
негізінде қалыптастыру мәселесі ұлттық мәдениетімізді дамытуға, ұлттық
құндылықтар мен мәдени мұраларымыздың мәнін түсіну, тарихты зерделей
отырып, жан-жақты дамыған, рухани мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеуде маңызы
зор. Мұндағы басты талаптардың бірі – ұлттық қасиеттерімізді танып-білу,
соның негізінде жалпы мәдени құзіреттілікті қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына Жолдауында Осы заманғы
білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, негіздерін қалыптастыру, жаңа
технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық
экономиканы дамыту қажет. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі –
тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез
келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып
табылады делінген. [2]
Ал өткен жылғы Жолдауында Үкіметке, мемлекеттік холдингтерге
облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып
кәсіптік-техникалық білім беруді одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп,
іске асыруды тапсырды. Бұл бағдарлама ел экономикасы үшін барынша
қызығушылық тудырып отырған тиісті білім салаларына шетел ғалымдары мен
оқытушыларын тартуды көздеуді, жұмыс берушілер мен олардың қауымдастықтары,
яғни бірінші кезекте осындай кадрларға зәрулік танытқан бизнес өкілдері
белсенді түрде тартылуды қажет деген болатын. [3]
Бүгінгі күннің басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін
қанағаттандыруда кәсіптік білім берудің беделі артып отыр. Осы мақсатта
2008 жылы Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді
дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.
Оның мақсаты - бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды
жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс
берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен
қамтамасыз ету. [4]
Жалпы мәдени құзыреттілік қасиет адамның белсенді өмірін, оның кәсіби
өмірі мен әр алуан әлеуметтік салаларды бағдарлайтын қабілетін анықтайды,
сонымен бірге оның әлеуметтік санасы мен ішкі әлемін үйлесімділікке
жетелейді. Алдына белгілі бір мақсат қоя білетін әрі сол мақсаттарға қол
жеткізу жолдарын қарастыруға, ерікті шешім қабылдауға, әрі олардың
орындалуын өз жауапкершілігіне алуға қабілетті, жігерлі, беделді мамандарға
қоғамда қажеттілік туындап отырған сәтте осындай көп қырлы сапаның
маңыздылығы арта түсуде.
Сонымен қатар, жалпы мәдени құзіреттілігінің негізін салушы санатындағы
жоғарғы оқу орнының заманауи оқу үдерістері осы күнде дәстүрлі жағдайынан
өзгермеген, әрі аталған мәселені шешуге арналған толыққанды мүмкідіктер
жасалынған.
Бүгінгі таңда жалпы мәдени құзіретті тұлғаға бірыңғай көзғарастардың
жоқтығын ғылыми жұмыстарға талдау жасау барысы көрсетті. Жалпы мәдени
құзіреттіліктің жұртшылыққа белгілі құрылымы жоқ, әрі оны бірегей
айқындайтын анықтамалар да белгіленбеген. Жалпы мәдени құзіреттіліктің
қалыптаспағандығы студенттердің тұлғалық өсуіне және барлық оқу
үдерістерінің тиімді болуына кері әсер етуде.
Сонымен, қазіргі кезде әр саладағы көрнекті ғалымдар ұлттық негіздегі
мәдениет, құзіреттілік мәселелерінің мән-мағынасына, жалпы адамзат
қоғамындағы олардың рөліне айрықша мән беруде. Дегенімен де, болашақ
мамандардың жалпы мәдени құзіреттілігі негізінде қалыптастыру мәселесі
арнайы зерттеуді талап ететіндігі дәлелденіп отыр.
Демек, мәселе бойынша тәжірибелерге, оқу-әдістемелік және т.б.
әдебиеттерге жүргізілген теориялық талдаулар жоғары оқу орындарындағы оқу-
тәрбие үдерісінде бұл проблема толық зерттелмеген және осы негізде кәсіби
біліктілікті шыңдаудың шарты ретінде, арнайы зерттеулер жүргізуді талап
ететіндігін дәлелдейді. Сондықтан қазіргі рухани мәдениетіміздің жаңару
кезеңінде жалпы мәдени құзіреттілігін дамыту қажеттігі мен аталған
проблеманың теориялық түрде жүйелі зерттелмеуі; оны өмір талабына сай
ұйымдастыру мен жалпы мәдени құзіреттілігін қалыптастыру мазмұны,
әдістемесінің болмауы арасындағы қайшылықтар шешімін табу бізге зерттеу
проблемасын айқындап, тақырыпты “Болашақ мамандардың мәдени құзіреттілігін
қалыптастыру” ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыстың жалпы сипаттамасы
Көптілді білім беру жағдайында болашақ педагог - психологтардың кәсіби құзіреттілігінің әдіснамалық тұғырлары
Қазіргі болашақ мұғалімдердің жаһандану жағдайындағы кәсіби құзыреттілігін дамытудың педагогикалық мәселелері
Кәсіби құзыреттілік ұғымының мазмұны
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері
Іскер әйелдер мен жастарға иек артады
Болашақ педагогтің құзіреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық негізі
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi
Бaлaның eрeкшe бiлiм aлу қaжeттiлiгiн aнықтaу бoйыншa, пeдaгoг-психoлoг, лoгoпeд- мұғaлiм, дeфeктoлoг әлeумeттiк пeдaгoгтың aтқaрaтын қызмeтi туралы
Болашақ педагог-психолог мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру
Пәндер