Ландшафттану ғылымы туралы


Глоссарий
- Абиссалды белдеу - тереңдігі 2500-ден 6000 метрге дейінгі мұхит түбі.
- Аллювий - үйінділігі жыныстардың өзен суымен шайылып, өзен өңірлеріне жайылуынан пайда болатын шөгінділер.
- Антициклон - атмосферадағы ауа қысымы жоғары аймақтар.
- Беткей экспозициясы - беткейдің горизонт жақтарына жайғасуы.
- Биотикалық факторлар - ландшафтардың пайда болуындағы тірі организмдердің тіршілік әрекеттері.
- Батолиттер - жер қыртысының беткі қабатына қатқан интрузивтік жыныстар.
- Гетеротрофты тірі органимдер - дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін организмдер, бұларға микроорганизмдер, кейбір бактериялар, жануарлар мен адмдар жатады.
- Денудациялық процестер - тау жыныстарын үгуші және пайда болған үйінділерді биік жерлерден сумен, желмен, мұзбен, тасымалданып ойыс жерлерге шөктіруші сыртқы күш әрекеттері.
- Климакс нүктесі - ландшафтың дамуындағы шарықтау шегі.
- Полярлық асимметрия - Солтүстік полярлық белдеудегі табиғат жағдайының оңтүстік полярлық белдеу табиғат жағдайына ұқсас болып келмеуі.
- Регрессия - теніз, көл деңгейлерінің қайтуы, ландшафтың құнарсыздану бағытындағы өзгерісі.
- Цикл - жуық шамамен өлшенетін көпжылдық табиғат құбылысының ырғағы.
- Географиялық зона - жылу мен ылғал баланстары қатыныстарының әр түрлі болып келулеріне байланысты қалыптасқан жазықты аймақтардағы территориялық табиғат кешендерінің типі, солтүстіктен оңтүстікке қарай алмасады.
- Ландшафт - құрамдық, құрылымдық бөліктердің баламлары қайталанбайтын нақтылы территориялық табиғат кешендері.
- Қоныс - ландшафтылардың құрылымдық бөлігін құрайтын территориялық табиғаткешені.
- Фация - жер бедерінің ұсақ бөлшектерінде қалыптасқан ландшафт құрылымындағы ең төменгі рангдан орын алатын территориялық тиғат кешені. Ол территориялық бөлшектерге бөлінбейді.
ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН : лекция тезисі
1-дәріс
Ландшафттану ғылымы туралы
1. Ландшафттану пәні, зерртеу объектілері, мақсаты мен міндетері.
2. Ландшафттанудың ж. т. ғ. орны.
Мақсаты:
Ландшафттану ғылымының пәнін, зерттеу объектілерін, мақсаты мен міндеттерін студенттерге түсіндіру.
Әдебиеттер:
- Исаченко А. Г. Ландшафттану негіздері. Алматы, 1996.
- Молдағұлов Н. Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафттары. Алматы, 1988.
- Исаченко А. Г. Ландш-е и ф. г. районирование. Москва, 1991.
- Гвоздетцкий Н. А. Основные проблемы ф. г. Москва, 1979.
- Преображенский В. С., Макаров В. З. Развитие ландшафтоведения в СССР. Москва, 1988.
Дәріс мазмұны:
Ландшафттану ғылымының дамуы 19-ғ. басталады. «Ландшафт» (нем. ) - ел, жер дегенді білдіреді. Ландшафттану ғылымы география, биология, геология, климатология, гидрология, т. б. жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты.
Ландшафттанудың мақсаттары мен міндеттері ТТК-ның иерархиялық құрылымын, оның табиғи заңдылықтарын және компоненттерінің өзара байланысын ғылыми тұрғыда сараптау. Ландшафттанудың басқа ғылым салаларымен байланысы, география ғылымдыарның иерархиялық жүйесіндегі орны, оның жаңа конструктивтік салалары. Қолданбалы ландшафттану туралы.
2-дәріс
Ландшафттану тарихы
1. Ландшафттанудың бастауы: В. В. Докучаев мектебі.
2. XX ғ. 20-30 ж. ж ландшафттану.
Мақсаты:
Студенттерді ландшафттану ғылымының тарихымен таныстыру. Ландшафттану дамуының әр кезеңдеріндегі оның көрнекті өкілдерінің еңбектерін қарастыру.
Әдебиеттер:
- Гвоздетцкий Н. А. Основные проблемы ф. г. Москва, 1979.
- Исаченко А. Г. Развитие географических идей. Москва, 1971.
- Преображенский В. С., Макаров В. З. Развитие ландшафтоведения в СССР. Москва, 1988.
Дәріс мазмұны:
19 ғ-дың аяғында география тарихында күрделі кезең басталды. А. Геттнердің хорологиялық концепциясы. Ресейдегі В. В Докучаев мектебінің құрылуы. Зоналылық заңдалығының шығуы. Кешенді далалық экспедициялардың ұйымдастырылуы (1882-1898 ж. ж. ) .
В. В. Докучаев - қолданбалы ландшафттанудың негізін қалаушы. Оның шәкірттері - А. Н. Краснов, Г. Ф. Морозов, Г. Н. Высоцкий, Г. И. Танфильев, В. И. Вернадский, Л. С. Берг, С. С. Неуструев, Б. Б. Полынов, т. б. XX ғ. 20-30 ж. ж ландшафттану. Ландшафттанудағы негізгі бағыттар:
- Провинциялық принцип;
- Далалық ландшафттық картаға түсірулер;
- Аймақтақ принцип.
3-дәріс
Ландшафттану тарихы (жалғасы)
1. Екінші д. ж. соғыстан кейінгі ландшафттану.
2. Қазіргі кездегі ландшафттану ғылымы.
Мақсаты:
Студенттерді ландшафттану ғылымының тарихымен таныстыру. Ландшафттану дамуының әр кезеңдеріндегі оның көрнекті өкілдерінің еңбектерін қарастыру.
Әдебиеттер:
- Гвоздетцкий Н. А. Основные проблемы ф. г. Москва, 1979.
- Исаченко А. Г. Развитие географических идей. Москва, 1971.
Преображенский В. С., Макаров В. З. Развитие ландшафтоведения в СССР. Москва, 1988.
Дәрістің мазмұны:
Н. А. Солнцев 1947 жылы II Бүкілодақтық географтар съезінде ландшафттық зерттеулер жайында баяндамалар жасады.
Ландшафт геохимиясының пайда болуы (Б. Б. Полынов, М. А. Глазовская еңбектері) . КСРО-ның ландшафттық картасының жасалуы (1961) . Масштабы 1:4. 1965 жылы ландшафттанудан тұңғыш рет оқу құралы жарық көрді. 1964 жылы ФГАМ атласы жасалынды.
60 жылдарда Германияда ландшафт экологиясы дамыды.
Қазіргі ландшафттану дамуының кезеңіне XX ғ. 60 жылдарынан қазіргі кезге дейінгі уақыт аралығы алынады.
1958 ж. Ш. Забайкальеде, 1964-1967 жж Сібір тайгасында, 1964 жылы Курскіде ландшафттық стационарлар ұйымдастырылды. Негізгі ұйымдастырушылардың бірі - В. Б. Сочава.
Ландшафт геохимиясының одан әрі дамуы. Ландшафттық әдістемелер түрлерінің модификациясы. Шетелдік Европа мемлекеттерінде де ландшафттық зерттеу жұмыстары кеңінен жүргізіле бастады.
4-дәріс
Эпигеосфераның аймақтық және жергілікті жіктелуі
1. Ендік зоналылық.
2. Азоналылық, секторлық және ландшафттық зоналар жүйесі.
Мақсаты:
- Эпигеосфераның аймақтық және жергілікті жіктелуінің негізгі себептерін қарастыру.
- Ендік зоналылық заңдылығының геосферадағы негізгі салдарларына талдау жасау.
- Азоналылық, секторлық және ландшафттық зоналар жүйесінің сипаттамасын беру және факторларға талдау жасау.
Әдебиеттер:
- Мильков Ф. Н. Физико-географическое учение о ландшафте и географическая зональность. Воронеж, 1984.
- Николаев В. А. Проблемы регионального ландшафтоведения. Москва, 1979.
Дәріс мазмұны:
Ендік зоналылық дегеніміз - ф. г. процестердің, компонеттер мен табиғи кешендердің экватордан полюстерге қарай заңды өзгерісі. Ендік зоналылықтың негізгі факторлары:
- Астрономиялық фактор;
- Жер массасы;
- Жер өсінің еңістігі;
- Жердің тәуліктік айналымы;
- Жер бетінің біркелкі болмауы.
Күн энергиясының зоналы түрде таралуының салдарлары:
- Жер бетінде радиациялық баланстың зоналы түрде таралуы;
- Ауа массаларының, атмосфераның циркуляциясы, ылғал айналымының зоналылығы;
- Жылулық белдеулердің болуы;
- Ылғал айналымы;
- Ылғалдану коэффициентінің зоналар бойынша өзгеруі.
Азоналылық анықтамасы: жердің ішкі энергиясы мен тектоникалық жағдайларға байланысты зоналылықтың бұзылуы. Оның негізгі және қосымша факторлары. Климаттың континенттілігі туралы ұғым. Секторлық анықтамасы. Батыс, орталық және шығыс секторлар. Зоналар жүйесі туралы түсінік.
5-дәріс
Таулар мен жазықтардағы сатылық және тосқауылдық факторлар
1. Сатылық факторлардың мәні.
2. Тосқауылдық фактор: беткей экспозициялары.
3. Құрылымдық петрографиялық фактор.
Әдебиеттер:
- Мильков Ф. Н. Физико-географическое учение о ландшафте и географическая зональность. Воронеж, 1984.
- Николаев В. А. Проблемы регионального ландшафтоведения. Москва, 1979.
Мақсаты:
- Таулы аймақтардағы сатылық факторлардың табиғи ландшафттарды қалыптастырудағы ролін анықтау.
- Беткей экспозициялары туралы ұғымды қалыптастыру.
- Құрылымдық петрографиялық факторлардың ландшафт құрылымына әсері.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz