Лаула, лаула Желтоқсанның мұзда жанған алауы



Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Лаула, лаула Желтоқсанның мұзда жанған алауы!

Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын
мәңгі есте сақтау; тәуелсіздік бастауы — ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін
жете түсіну; жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық
сезімін қалыптастыру.
Желтоқсан оқиғасы, Тәуелсіздікке байланысты шығарылған қабырға газеттері,
Желтоқсан құрбандарының портреті, плакатқа жазылған өлең жолдары, буклет,
альбом, мөңгілік алау, бейнематериал.
Тәуелсіздік бастауы.
1980 жылдардың басында Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының
барлық Республикаларында аса ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайлар айқын
біліне бастады. Шаруашьшықты жұргізудің шығындық тәсілі,ғылыми-
техникалық ағымда артта қалушылық, тауар зәрулігі, ұлтаралық қатынастардағы
шиеленістер, адамгершіліктің азуы, ұрлық, маскүнемдік пен нашақорлық,
коррупция етек алды. Миллиардтаған табыстың Республикаға титімдей ғана
бөлігі бөлініп, жергілікті тұрғындарға ештеңе тимеді, ел мүддесі есепке
алынбады. 1954-1986 жылдары қазақ тіліндегі 600 мектеп жабыдды. Қазақ тілі
тұрмыстық қана тілге айналып, өрісі тарылды. Тілге деген менсінбеушілік
пайда бодды. Мәңгүрттер көбейді. Ұлттық көңіл-күй ауырлады. Дінмүхамет
Ахметұлы Қонаевтың өзіне сөз жүзінде ғана жарияланған егемендік жағдайында
жұмыс істеуіне тура келді. Анағұрлым маңызды саяси шешімдер Мәскеуде
қабылданып, онымен келіспеушілік "партиялық тәртіпті бұзушылық" немесе
"ұлтшылдық" деп бағаланып, жазаланды.
Дінмүхамет Ахметұлы Қонаевтың тағдыры Кремльде шешілді. 1986 жылы 16-
желтоқсанда таңертең болған Қазақстан Коммунисттік Партиясы Орталық
Комитетінің V пленумын Қазақстан Одақтық Коммунистік Партиясы Орталық
Комитетінің басшысы Г.П.Разумовский жұргізіп, 16 минуттың ішінде
"ұйымдастыру мәселесін" шешті. Оның ұсынысы бойынша:

1986 жылы 16-желтоқсанда таңғы сағат 10-да Қазақстан Коммунистік партиясы
Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмүхамет Ахметұлы Қонаев Қазақстан
Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің V пленумының шешімімен қызметінен
алынып, орнына Кеңестер Одағы Комунистік партиясы Ульянов облыстық
комитетінің бірінші хатшысы
Геннадий Васильевич Колбин Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық
Коммитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалды.
Бұл кезде жатақханадагы студенттер бірі сабақ оқып, бірі музыка тыңдап,
бірі кешкі ас қамына кіріскен. Кенет радиодан берілген жаңалық оларды селт
еткізді. Бірінің бөлмесіне бірі барып.
Естідіндер ме радиодан берілген жаңалықты. Дінмүхамет Қонаев орнынан
алынып, орнына белгісіз орыс сайланыпты дейді.
Бұл не масқара!
Біз қарсымыз, наразылық шеруіне шығамыз. Пленум шешіміне қарсы жаппай
толқу 1986 жылы 17-желтоқсанда, таңертең бастадды
Демонстрацияға шыққан жастар: Орталық Комитеттің шешіміне қарсымыз!
Қазақстанды тек қазақ басқаруы керек! Бізге келімсектің қажеті жоқ!
Ұлтымыздың намысын аяққа таптатпаймыз!
Біз кешегі болған пленум шешіміне қарсымыз!
Елім деп, қазағым деп айдай әлемге жар салып, ұлтының намысын қорғаған
жалынды, жігерлі азамат Қайрат Рысқүлбековтың соты болар күн де жетті.
Аруағыңмен жебей гөр! Қаймана қазақ жері үшін Қарусыз шықтық алаңға.
Алыстан әскер алдырып, Қырып салдыау табанда. Артта қалған ата-анам Арулап
қолдан көмсеші-ай! Тұтқынға түстім жаутандай Жоламай ешкім қасыма. "Ақтық
сөзің не?" деген, Бүгін қойды сот сұрақ. Айтайын оны халқыма, Жоқ пейіл
менде жасымақ. Құрлай беріп қайтадан, Титыққа орыс жетпесін. Туған жердің
намысы Бөтен қолда кетпесін. Салтсанадан айырылып, Арақтан ұрпақ азбасын,
Ел көркейтер азамат Қызғаныштан тозбасын. Абай туған жерінде Бомбасын атом
жармасын. Құлпытасты қиратып, Өлігінді қазбасын. Өз ұлтыңның басшысын
Орнынан сүйреп алмасын.
Енді міне, осы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен
апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы
армандаған тәуелсіздікке қол Қайрат Рысқүлбеков қылмыскер деп танылып,
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қылмыстық Кодексінің 60
бабы бойынша 3 жыл бас бостандығынан айрылсын; Қылмыстық кодекстің 173
бабының 1-тармағы бойынша жазалаудың ең ауыр түрі — өлім жазасына, атуға
кесілсін!
Ал, декабрист, соңғы ақтық сөзіңді айт.
Қайрат: Ақтық сөзді енді мен
Сотқа да бір айтайын.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдактай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар,
Алам десең алыңдар!
"Қайрат" деген атым бар,
"Қазақ" деген затым бар,
"Еркек тоқты құрбаңдық",
Атам десең атыңдар!

Алғашқыда кешірім берілмейді. Одан соң ату жазасын 20 жыл бас
бостандығынан айыруға өзгертеді. Өкінішке орай, Қайрат бұл шешімді
естіместен мәңгілікке көз жұмды.
Желтоқсан оқиғасы — үстемдік саясатқа мойынсынып, қалғып, қараңғылана
бастаған халықты оқыс оятқан ойлы оқиға! Ата-бабаның қанымен, жанымен
қорғаған қасиетті қазақ жерінің құнын арзандатушыларға қатал сабақ болды.
Ол жеңіліс емес, жеңіс еді!Қылышынан қаны тамған колбинизм заманының өзінде-
ақ "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ" деп баспасөз бетінен алаңдағы
оқиғаның ақиқатын батыл айта білген қазақ ақын -жазушыларының есімін
бүгінде бүкіл әлем таниды.

ЖЕЛТОҚСАННЫҢ ЫЗҒАРЫ.
Желтоқсан оқиғасының арқасыңда жүздеген жыддар бойы бабаларымыздың
армаңцаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында
талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын көрерменге жете
ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге,
адамгершілікке, әділеттілікке. ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға
тәрбиелеу.
Бүгін біз еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның үшымен, еліміздің ерен
ісімен, кешегі дүниені дұр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасымен келген,
тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалған тәуелсіздік, егемендік күніне
арналған "Желтоқсанның ызғары" атты төрбие сағатымызды ұсынамыз.
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда, Алма бақтар ақ қырауға батқанда. Күңірене
күн күркіреп тау жақтан, Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан. Желтоқсанда
шындық жырын, Шырқаймын деп шарқ ұрдың. Желтоқсаңда егемеңді ел болсақ деп
талпыңдың, Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның, Айналайын,
айналайын, жас өркені халқымның!
Қазір бұл күн қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да,
әділетсіз көтерілістің бірі.;
Міне, бүгін сол Желтоқсан көтерілісіне қатысқан, куә болған
ағаларымыздың бірі ортамызда отыр. Ағамызбен таныстырып өтейік, Парламент
мәжілісінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1986 жыл. 16 желтоқсан
Түркия Республикасы
Отанымыздың азаттығы аға ұрпақтың арманы болған
Тәрбие сағаты «елбасы еңселеткен елорда»
Жалаулы жастардың алаулы шағы
Тәуелсіздік мерекесі
БІЗ – ҚАЗАҚ, ЕЖЕЛДЕН ЕРКІНДІК АҢСАҒАН
Тәуелсіздік - қазақ халқының сан ғасырлық асыл арманы
Ақын Мұхтар Шаханов
Қазақ тілдеріндегі етістік тұлғалы антропонимдердің құрылымы
Пәндер