Рим құқығында мұрагерлік институты


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Рим құқығында мұрагерлік институты ерекше орынға ие. Мұрагерлік институты рим заңгерлерімен өнделген институт болды. Рим заңгерлері көптеген түсініктер мен ережелерді өндеді. Мұрагерлік -қайтыс болған адамның мүлкінің бір немесе бірнеше тұлғаға өтуі. Мұрагерліктің нәтижесінде әмбебап құқыққабылдаушылық болады. Осы кезде рим құқығы сингулярлық құқыққабылдаушылықты да білді. Сингулярлық құқыққабылдаушылық бойынша мұрагерге мұрагердің барлық құқықтары емес, кейбір құқықтары ғана өтеді. Мұрагерлік құқықтың нормалары мүлікке ие болу тәсілдеріне жатады. Рим заңгерлерімен мұрагерлік құқықтың қажетті мұрагерлік, мұрагерлік трансмиссия, өсиеттен бас тарту, ұсыну құқығы сияқты мұрагерлік құқықтың институттары өңделді.

Рим мұрагерлік құқығының дамуының қалыптасу кезеңін төртке бөлуге болады: цивильдік құқық бойынша (hereditas), преторлық эдикт бойынша (bonorum possessio), императорлық заңдар және Юстиниан заңдары бойынша.

Цивильдік құқық бойынша мұрагерлік . Римде, барлық жерлердегі сияқты мұрагерліктіің пайда болу мерзімі бойынша мұрагерліктің негізі заң бойынша мұрагерлік болды (hereditas legitima) . Бұл бойынша мүлік отбасында қалып отырды.

Рим мұрагерлік институтының сипаты, оның әр кезеңде де: nemo pro parte testatus, pro parte intestatus decedere potest -бір адамның мүлкі бір мезгілде өсиет бойынша мұрагерлік және заң бойынша мұрагерлікпен берілуі мүмкін емес -деген ережемен анықталады.

Мұрагерлік құқығының бұл кезеңде дамуы өсиет қалдырудың еркіндік қағидасының айқын болуымен ерекшеленеді. Когнаттық туыстық бұл кезеңде заң бойынша мұрагерлікке құқық бермеді.

Преторлық құқық бойынша мұрагерлік. Цивильдік мұрагерлікпен қатар преторлық мұрагерлік бекітілді. Бұл туралы Цицеронның шығармаларында айтылған. Мұрагерлікке қатысты реформалар претормен республика кезеңінде басталып принципат дәуірінде аяқталды.

Агнаттық туыстыққа байланысты өмірдің жаңа сұрақтары барлық әлеуметтік-экономикалық құрылымның өзгеруі претормен ескеріліп, қандық бойынша туыстық заң бойынша мұрагерліктің негізі бола отырып, алғаш рет преторлық құқықта танылды және император заңдарында көрініс тапты.

Претор мұрагерлік мүлікті иеленуге байланысты ерекше интердикт -interdictum quorum bonorum-ді бекітті. Бастапқыда бұл интердиктіні претор наразылықты қарағаннан кейін цивильдік құқық бойынша кімді мұрагер деп таныса соған берді. Мұндай жағдайда претор цивильдік құқықты дамытуға байланысты қолдану мақсатында әрекет етті. Бірақ, жақын туыс мұрагерлікті қабылдамаса, ол келесі туысқа өтпей иесіз болып қалатын немесе кез келген тұлғаға берілетін, сондықтан осындай жағдайлардан арылу үшін және мұрагерлік мәселесінің күрделілігіне байланысты претор мұрагерлік иеленуді bonorum possession берді, яғни мұрагерлік келесі туыстарға берілді. Бұл жағдайларда претор цивильдік құқықты толықтыру үшін әрекет етті.

Кейін, bonorum possession эмансипацияланған балаларына, яғни әкесінің билігінен шыққан балаларына және мұрагерліктен шеттетілген балаларына берілді. Бұл жағдайда да претор цивильдік құқықты түзету үшін, когнаттық туыстықты заң бойынша мұрагерлікпен байланыстырды.

Осылайша мұрагерліктің цивильдік жүйесімен преторлық жүйе қалыптасты. Цивильдік норманың ескірген нормаларының орнына преторлық қағидаларға негізделген норма келді.

Император заңдары бойынша мұрагерлік. Мұрагерлікке принципат дәуірінде әсіресе империя дәуірінде көп көңіл бөлінді. Осы кезеңде мұрагерліктің преторлыө жүйесінің негізгі бастамалары бекітілді.

Император қаулылары және сенатусконсульттар қандық туыстық тенденциясын дамытты және бұл аналық мұраға балаларының құқықтарын заңдандыруды кеңейтті. Осы кезеңде ана тарапынан туыстарға мүлікті мұраға қалдыру мәселелері қалпына келтірілді.

Юстиниан құқығы бойынша мұрагерлік. Мұрагерлік құқығының дамуы Юстиниан новеллаларында аяқталды.

Өсиет бойынша мұрагерлік. Рим құқығында өсиет бойынша мұрагерлік заң бойынша мұрагерлікке қарағанда кейінірек пайда болды. Ульпиан өсиетке мынадай анықтама берді: Testamentum est mentis nostrae iusta contestation in id sollemniter factum, ut post mortem nostrum valeat -Өсиет еркімізді құқықтық білдіру, біз қайтыс болғаннан кейін әрекет ету үшін жасалған.

Өсиет заңды нәтиже беру үшін мынадай талаптар қойылды: а) бекітілген нысанды; б) белсенді өсиеттік құқыққа қабілетті тұлға жасауы; в) енжар өсиеттік құқыққы қабілетті тұлғаны тұлғаның мұрагері деп бекіту.

Гайдың айтуы бойынша, ерте құқықта өсиеттің екі нысаны болған. Біріншісі жылына екі рет шақырылатын халық жиналыстарында жасалды. Өсиет қалдырушы ауызша нысанда өзінің еркін халыққа жариялады, мұрагерді тағайындады. Сонымен қатар легат туралы билік ете алатын, әйеліне және балаларына қамқоршы бекіте алатын. Екінші нысан бойынша өсиет жария түрде болды. Соғыс кезінде өсиет қалдырушының еркі жауынгерлер алдында жарияланатын.

Өсиеттің екі нысанында кемшіліктер болды. Олар:

1) өсиеттің екі нысаны да жария түрде болды, бұл көп жағдайда өсиет қалдырушының мүдделеріне сәйкес келмейтін;

2) бірінші өсиет жылына екі рет жарияланатын, ал екіншісі әскер құрамына кірмейтін тұлғалар үшін, соның ішінде кәрі адамдар мен ауру адамдар үшін қолы жетпейтін өсиет.

Аталған өсиеттің нысандары қолайлы болған жоқ және өмірдің қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады және тәжірибе тиісті қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа тәсілдерін манципацияны қолдану арқылы тапты. Осыған байланысты рим құқығында өсиеттің үшінші нысаны пайда болды және ол «қорғасын мен таразының көмегі арқылы» жүзеге асырылатын мұрагерлік деп танылды.

Жоғарыда алғаш айтылған өсиеттің жалпы кемшілігі:

Familiae emptor өсиет қалдырушының барлық мүлкінің иесі болып танылды, яғни ол heredis loco -мұрагер жағдайында болды. Бірақ оның міндеттерді (nuncupatio) орындауы тек fides -адамгершілікпен ғана санкцияланған жоқ, өсиетте бас тартылған кез-келген тұлға қоюға құқығы бар талаппен де санкцияланды. Бірақ, familiae emptor өсиет пен өсиет пайдасына жасалған тұлғаның арасындағы заңды құрал болды.

Уақыт өте келе өсиеттің жазбаша нысаны ауызша нысанды ығыстырып шығарды. Доминат кезінде өсиеттің жаңа жария нысаны пайда болды: соттың алдында жарияланған өсиет және императорға сақтауға берілетін өсиет.

Өсиет заңды күшке ену үшін, өсиеттің нысанын сақтау жеткіліксіз, сонымен қатар өсиеттік құқық қабілеттілік болуы керек.

Заң бойынша мұрагерлік. Заң бойынша мұрагерлік өсиет жарамсыз деп танылған жағдайда немесе өсиет болмаған кезде қолданылады.

Мұрагерлік жүйесі ерте цивильдік құқық бойынша XII кесте заңдарының ережелері бойынша анықталды: «Si intestate moritur, cui suus heres non essit, agnatus proximus familiam habeto. Si agnatus nec essit, gentiles familiam nabento -егер кімде-кім өсиетсіз өлсе және «өзінің» мұрагерлері болмаса, онда мұрагерлікті жақын агнат қабылдасын. Егер агнат та болмаса, мұра туыс мүшесіне берілсін».

Осы ереже бойынша мұрагерлердің үш кезегі бекітілді. Претор эдиктісімен мұрагерлердің төрт кезегі бекітілді. Мұрагерліктің дамуының соңғы кезегі Юстиниан новелласы бойынша қорытындыланды. Юстиниан заңы мұрагерлікті түпкілікті өзгертті. Новеллада 118 (543 ж. ), кейіннен 127 (548 ж. ) новелламен мұрагерлік кезегін когнаттық туыстықпен анықтады.

Юстинианның новелласына сәйкес мұрагерлердің төрт кезегі болды. Бірінші кезекте: ұлдары, қыздары ерте қайтыс болған балаларынан немерелері. Немелері мен келесі дәрежедегі ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұрагерлікке ие болды. Бұл кезекте жынысына, әкесінің билігіне және туыстық дәрежесіне қарамастан мұрагерлікке ие болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рим құқығы бойынша мұрагерлік
Рим құқығынан кешен
Мұрагерлік құқықтың түрлері
Қазақстан Республикасының заңдары бойынша мұрагерліктің сипатын, түрі мен артықшылықтары
Рим құқығының қайнар көздері
Мұрагерлік туралы істер бoйынша өндіріс
Қазақстан Республикасындағы мұрагерлікті құқықтық реттеу: теория және тәжірибе мәселелері
Рим мемлекетіндегі меншік құқығы
Отбасылық қарым-қатынастар
Құкық пен заң шығарушылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz