Балалар аурулары пәнінен дәрістер кешені



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Ф – ОБ – 012016

Қ.А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ОҚУ–КЛИНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ

Жалпы медицина факультеті
Амбулаторлы-емханалық педиатрия кафедрасы

ДӘРІС КОМПЛЕКСТЕРІ

Балалар аурулары пәні

Мамандығы 051301 Жалпы медицина

Сағат көлемі 297 кредит саны

Курс IV; Семестр VІІ - VІІІ

Дәріс: 18 сағат

Шымкент 2010 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к. _____________ Н.Бекенов

хаттама №______ ____ ________ 2010 ж.
.

№ 1.
1.Тақырыбы: Педиатрияға кіріспе. Балалар өлімі және ауруларын төмендету
бойынша ДДСҰ және ЮННСЕФ бағдарламалары. Балаларды емізу бойынша ДДСҰ
бағдарламасы.

2.Мақсаты:
-Балалардың аурушандығы мен өлім көрсеткішің төмендетуге бағытталған ДДҰ
мен ЮНИСЕФ бағдарламасымен танысу және студенттерге үйрету.
-Табиғи, жасанды және аралас тамақтандыру принциптерімен және емшек сүтімен
қөректендіру бойынша БДҰ бағдарламасы мен танысу және студенттерге үйрету

3. Дәріс тезистері :
Педиатрия – бала ағзасының қурылымының айырықша ерекшілектері мен
ауруларына, балалардың денсаулығын сақтау ерекшілектері мен ауруларын
емдеуге негізінен ғылым болып табылады. Баскаша айтқанда педиатрияның
негізгі мәселесі баланың өзінің өмірің жағдайын барынша жақсартып,
денсаулығын сақтау және оны қалпына келтіру болып табылады.
Педиатрияның дамуы барысын үлкен 4 бөлімге бөлуге болады: қорғау,
қамтамасыз ету,
Қарқынды стимуляция, даму ақауларың бақылау және қалпына келтыру.
Негізгі бірінші пофилактика баланы қоршаған жанұяның және ата-анасының
салауытты өмір салтын қалыптастыруна, толыққанды тамақтануына және күн
тәртіпіне, шынығуына баланың психомоторлы тәрбиесіне педиатрдың аса қөніл
бөлуы болып табылады. ДДҰ (1985).
Зерттеушілердің ойынша балалардың денсаулық 50% өмір салтынан, 20%
қоршаған ортадан, 20% тұқым қуалайтың факторлардан, тек қана 10% ғана
медицинаның даму денгейінде және медициналық көмек жағдайымен анықталады.

ДДҰ анықтамасы бойынша : Денсаулық аурулардың және физикалық ақаудың
болмауы ғана емес, толық физикалық, рухани және әлеуметтік жағдайың өзара
үйлесуі.
ДДҰ өкіндері соңғы жылдары дамушы және дамылған елдерде балалар мен
жасөспірімдер арасында өлім көрсеткіштері жоғарынғанын анықталған. Осыған
байланысты ДДҰ арнайы бағдарлама қурастыруда.
Бүкіл әлемде жылына 11.000 000 бала, оның ішінде көп бөлігі емделетін
аурудан көз жумуда. Айтап айтар болсқ малярия, диарея, пневмония, және
қызылша аурулары балалардың өліне алып келеді. Балалардың жасөспірім
шағындағы мәселелері психикалық және жұқпалы аурулар, СПИД, сонымен қатар
есіртке, іші, темекі тарту ушықтырады.
Осы аталған мәселені талдай отырып ДДҰ бірнеше бағыттан тұратын арнайы
бағдарлама ойлап тапты. Барлығынан бурын бұл бағыт нәрестелердің
тамақтандыру мен жуқпалы аруруларын ескертумен байланысты.
Келесі бағыт ерте диагноз қою, егулерді жүргізуге бағытталған. Сондай ақ
бағдарлама аясында кейбір бағдарламалар есірткегеге, алкоголизмге, шылым
шегуге қарсы кұреске бағытталған.
Өз кезегінде Қазахстан және ҚР үкіметі мен ЮНИСЕФ БҰҰ-ың балалар фондының
арасында әрептістік туралы келесім шарт жасасқан (ҚР 10.04.2001 ж. №176
заңы)
Бағдарламаның алға қойған мәселері:
1. Жеке аудандарда 1999 ж деңгейден ана өлімін 10% қысқарту
2. Жеке аудандарда 1999 ж деңгейден нәрестелер мен балалар өлімін 10%
қысқарту
3. Үкіметің ана мен бала өлімін анықтаудың халықаралы стандарттарын қолдау
4.Балаалрдың микро-нутриентік тамақтану бұзылыстарумен көрінетің аурулардың
деңгейін төмендету
5.Емшек сүтімен тамақтандыру тәжірибелік кеңейту және қолдау
6.2004 жылға үкіметің өзі вакцинамен, соңдай-ақ қаражатпен қамтамасыз етуге
қол жеткізу және қөмек көрсету
7. Басқарылатын жұқпалы ауруларды азайту
8.Балалардың өлім деңгейін, балалар аурулары ішінен аурушаңдық жиілігі мен
ауырлығы, мүгедектік денгейін төмендету
9.Ерте жастағы балалардың дамуы мен өсу барысында туындайтын мәселерге
байланысты жаңұя мен қоғамның біліне деңгейі көтеру
10. Еерекше қорғауды қажет ететін балалрды арнайы мемлекеттік мекелермен
әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің дамуын кеңейту.
11.Жаңұяларға беру немесе патронатты тәрбиеге ьеру арқылы және аудандарда
мемлекет қарашағыңдағы балалар санын азайту
12. Мемлекет қарашағында қалған балаларға сапалы психологиялық және
әлеуметтік жағдай жасау
13. Бала құқығын қорғау принциптеріне байланысты саясат қуру және талқылау

Емшекпен емізудің тиімді он принциптері

1.Емщекпен емізу тәжірибесі жөнінде бекітілген ережені қатаң сақтау және
оны барлық медицина қызметкерлеріне жүйелі түрде мәлімдеу.
2.Осы саясатты іс жүзіне асыру үшін қажетті ережелерге барлық медицина
қызметкерлерін оқыту.
3.Барлық екіқабат әйелдерді емшекпен емізудің артықшылығы мен өдістері
жөнінде хабардар ету.
4.Босанғаннан кейін жарты сағат ішінде емшекпен емізуді бастау үшін
аналарға көмек көрсету.
5.Бөпелерінен бөлек болатын жағадайда, емшекпен емізу мен лактицияны қалай
сақтау керек екендігін аналарға көрсету.
6.Жаңа туған нәрестелерге емшек сүтінен басқа тағамдар тек дәрігердің
кеңесі бойынша берілсін.
7.Ана мен нәрестенің бірге бір палатада болуын тәжірибеге енгізу.
8.Нәрестені қажетінше емшек емуге ынталандыру.
9.Емшек еметін нәрестелерге алдандыратын немесе жұбататын жасанды заттарда
(емізік, бөтелке) бермеу.
10.Емшекпен емізуді қолдайтын топтардың болуын жандандыру және
перзентханадан шыққаннан кейін аналарды сол топтарға жолдау.

Емшекпен емізу – анасының бөпесіне бере алатын, оның өміріндегі маңызды
бастамасы болғандықтан, сіздің және нәрестеңіздің денсаулығын сақтаудың
жақсы тәсілі болып табылады.

Емшекпен емізудің артықшылықтары
Ана сүті:
-сіздің сүтіңіз тек сіздің бөпеңізге арналғандықтан, алғашкы 6 айда ол оның
ең тиімді корегі болып табылады;
-құрамында нәрестеге кажетті барлық коректік заттары бар және тез
қорытыладыҢ
-нәрестені әртүрлі инфекциялардан қорғайды;
-әруақытта пайдалануга дайын, әрі жылы, таза және тегін;
-нәрестенің физикалық және ақыл-ойының дамуына ықпал етеді.
Емшекпен емізу:
-анасы мен бөпесінің арасындағы тығыз байланыс;
-босанғаннан кейін, алғашқы 6 айда кезекті жүктілікті болдырмайды;
-*қаназдық
*омырау мең аналық бездердің қатерлі ісіктері сияқты аурулардың даму каупін
төмендетеді.

Ана мен нәрестенің бірге болуы және қажетінше емізудің артықшылықтары
-ана мен нәрестенің арасындағы сүйіспеншіліктің қалыптасуына жағдай
жасайды, сіз бөпеңізді жақсы түсінуге үйренсіз;
-нәресте аз жылап, оны бөтелкеден емізу себебі азаяды;
-емшекпен емізуге сіздің сеңімділігіңіз артады;
-емшекпен емізу ұзаққа созылады.

Қажетінше емізудің артықшылықтары :
-сүт тезірек келеді;
-нәрестенің салмағы тез өседі;
-сүт безініің қатаюы сияқты қиындықтар азаяды;
-нәрестеңі емшекпен емізуге тез үйрету жеңілрек болады.

Емізудің сапалық коррекциясы.

Емізудің басты коррекциясы емізуші әйелдің салмағы мен тамақтануын
бақылау. Емізетін, тез арықтаған әйелдің сүті қайтып, сүттің құрамы
өзгеріп, онда ауыр металлдардың дефицитымен, артықшылығы болуы мүмкін.
Негізінен екі қабаттылығы дұрыс өтіп, дені сау әйелдерден тұған балаға
емшек сүтін коррекциялау деген таласты мәселе. Табиғи тамақтандыруда бала
өмірінің бірінші күндері заңдылық дефицит болып, вит.К мен Д, ал кейінгі
апталар мен айларда темірдің жетіспеушіліктері.
Витамин К тапшылығы, баланың бастапқы күндері ана сүтіндегі К витаминінің
немес ана сүті көлемінің аздығынан болады. Сондықтан, жаңа тұған нәресте І
рет парентелаьды витамин К жіберу керек.
Д витаминінің кемістігі, оның ана сүтінде жоқтығына, нәрестенің күн
сәулесіне шықпағандығына байланысты. Иод коррекциясы бұлшық етке І рет иод
майын жіберу арқылы жүреді.
Бала асты жақсы сіңіргенде реттік ауқаттың көлемі, бірінші жылдың 3-4
кварталына қарай 200-240г. болады да, тамақтану жиіліге 4 ретке азаяды
(түнгі тамақтануды есептемегенде). Бір жастан кейін 3 рет негізгі, І рет
жеңіл (сүттік, шырын немесе жеміс) тамақтанады.
Емізу сиреген сайын, анасынының да сүті тартылады. Баланы емшектен
шығарғанда бала мен ана арасында конфликты болмау керек. Анасы емшігін
таңып тастау, сұйықты аз ішке сүті тезірек қайтады.
Қосымша қорек бергенде, балаға оң эмоциялы мінез көрсетіп, иісін, дәмін,
сервировкасын талапқа сай жүргізу шарт.

Қосымша қорек (прикорм) беру.

Белгілі бір қосымша қоректерді белгілі бір жаста міндетті түрде балаға
беру керек деген бұрынғы концепциялар, қазіргі кезде қайта талқыланып
белгілі бір жүйеге келгендей. Негізінде сәбиге қосымша тамақ беру, бермеу
мәселесі емшек сүтінің құндылығына, көлеміне баланың дұрыс өсіп дамуына
тікелей байланысты. Осы аталған мәселелер баланың өсу кезендерінде дұрыс
шешіліп отырса, онда сәбиді қосымша қорексіз 1-1,5 жасқа дейін емізуге
болады. Егер анасы емшектегі баласының тамақ жетіспеген жайсыздығын сезсе,
онда міндетті түрде жасы 4 тен 6 айға дейінгі қою қосымша қоректер беру
керек. Соңғы кездері балаға қосымша қорек берудің кейбір тенденциялары
мәлім болып келеді.
1.Қосымша қоректі кеңірек беру.
2.Қосымша қорек беруде бұрыңғы мержімдерді емес, баланың индивидуальдық
ерекшеліктерін негізге алу керек.
3.Қосымша қорек беруде дайындық және үйрету мерзімдеріне асы көңіл аудару.
4.Үй жағдайында дайындаплған қосымша қоректерді (ботқа, көкөніс пен ет
бөкпелер), фабрикалық өндіріс жолымен дайындалған, эссенциальды
нутриенттермен байытылған қоректерге ауыстыру тенденциясын қолдау.
5.Сиыр сүті мен кефирдың орнына екінші қатарды балаға арналған сүттік
қоспаларды (немесе „follow up”) беру тенденциясы.
Дегенмен жаңа 4-6 айлық сәбилер, тәулігіне 1-2 шәй қасықтан көкөніс,
жеміс бөкпелерін, педагогикалық немесе „үйрету” қосымша қорек ретінде алу
керек. „Үйрету” қорегі, баланың әртүлі астың дәмін біліп, шайнап, әрі қарай
қорек алуға дайындайды. Қосымша қорек беру мерзімі төмендегі көрсетілген
баланың жетілу белгілеріне негізделген:
1.Аузындағы тамақты тілімен шығарып тастамай, әрі қара жұту рефлекстері
өзара байланысты жұмыс істегенде;
2.Бала аузына түскен нәрсені, емізікті найнай бастағанда.
„Үйрету” қорегі ретінде 5-20 г. алма немесе жеміс бөкпесін қантсыз
береді. Шәй қасықтың ұшымен тілінің ортасына, бала еміп болғаннан кейін
(бірақ әлі онша тоймағанда) салады. Бала қоректі жақсы жегенде бірте-бірте
оны емгенге дейін беруге болады. Аллергиялық реакциялар болса, қосымша
қоректі ұзаққа дейін бермеу керек.
Басты немесе энергиялық қосымша қоректі береді, егер бала анасүтіне
тоймаса бала мазасызданса, жиі емсе, түнде жиі оянса, аз сиіп аз тышса.
Кейбір емшекке жарымаған сәбилер әлсіз қимылсыз жатады, жыламайды, 1-1,5
аптадан кейін арықтай бастайды. Мінеке осы жағдайлар қосымша қорек берудің
басты шарттары болумен қатар, төменгі көрсеткіштерді есепке алу керек.
-жасы 5-6 айдан жоғарғы;
-қою тамақты жұтуға үйренген;
-тісі шыққан немесе тісін жарған;
-сенімді отырып, басын ұстауда (тамақтан басын алып қашандай);
-ас қорыту ағзаларының қою тамақты аллергиялық реакциясыз қорытындай холге
жетуі.
Алдымен қосымша қоректі 1-2 шәй қасық беріп байқыйды, бала жақсы алатын
болса, қорек көлеміне тезірек 100-150г. дейін өсіреді (көкөніс, жеміс-жидек
бөкпесі, қантсыз, майсыз, тұзсыз қарақұмық немесе күріш ботқасы).
Қосымша қоректі кеңейтудің келесі этаптарын (қадамдарын) бөлуге болады:
1-ші қадам-үйрету қорегі (жемістер, немесе көкөніс).
2-ші қадам-тек көкөніс бөкпесі (картоп, сәбіз, капуста, шпинат).
3-ші қадам-глютенсіз ботқалар (күріш, джүгері, қара құмақ), өндірістік
болғаны абзал. Егер де ботқа үйде дайындалса бірінші 2 аптада жартылай
сүтте, кейінгі 2 аптада су қосылмаған таза сүтте пісіреді.
1-ші айдан кейін, бір қорек бөкпе, бір қорек ботқа болады.
4-ші қадам – көкөніс бөкпесін еттің, не балықтың, не құстың етімен қосып
дайындайды. Бұндай қорекке бала 1-1,5 айдай үйренеді.
5-ші қадам – бидай ұнынан (ұнтағынан) пісірген ботқа.
6-ші қадам – бала ауқатын сиыр сүтінен істелген қоспаларға, ауыстыру
„follow up” немесе бейімделмеген сүттерді (сүт, кефир, йогурт, творог)
цитрустар мен шырындар, пісірлген жұмыртқа уызы.
7-ші қадам – тістеп жеуге үйрете бастау: печенье, нан мен борнопеалардың
бөлшектері, кесілген жемістер, буланған котлеттер, майдаланған көкөністер.
Өндірістік азық-түліктердің артықшылғы: біркелкі, түйіршіксіз қоюлық,
экологиялық тазалық, микронутриенттердің көптігі.
Осынша қосымша қоректерді балаға беру, емізуді ығыстырумен жүретіні
түсінікті, бірақ жасқа толмаған бала қанша қорек алсада ана сүтінің
тәуліктік көлемі 600-700 мл-ден кемімсу бір рет емізгеннің өзі, оның
дамуына оң себебін тигізетіні ғылыми түрде дәлелденген.
10.Емізердің алдында бірнеше тамшы емшекке сүтін сауу.
12.Баланы емшекке 20-30´-қа салу.
13.Емшекты жылы сүты жуум кейтіру.
14.Баланы 2-3´ вертикальды ұстап, сосын оң бүйіріне жатқызу (немесе басын
бір бүйіріне бұру).
Ескерту:
-баланы тыныштық жағдайда емізу;
-бала емгенде теккеғана емшегетің ұшын емес, ареолында ему керек;
-емшек баланың тыныс ағзаларын жанинау керек;
-ларикіндігінше тек бірншек емшекті беру;
-емізгенде бала жұмыс істеу керек, аяту қажет.

4. Иллюстрациялы материалдар

1. Слайдтар
2. Таблицалар.

5.Әдебиеттер.

1.Папаян А.В., Жукова Л.Ю. Анемии у детей. М.-2001.
2.Алексеев Н.А. Гематология детского возраста. М.-1991.
3.Шабалов Н.П. Болезни крови. С.-Пб., 1991.
4.Шабалов Н.П. Детские болезни. С.-Пб., 2000.2007г.
5. Хабижанов Б. Х. Педиатрия. 2005ж.

6.Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):

1. Педиатрия дегеніміз не?
2. Педиатрияның негізгі бағыттары?
3. Баланың өлімін және аурушандығың төмендететің қандай бағдарламаларды
білесіндер?

№2
1.Тақырыбы: Жаңа туылған нәрестенің ерекшеліктері. Жетіліп туылған және
шала туылған бала. Нәрестелердің гемолитикалық ауруы. Балалардың
жатырішілік инфекциялары.

2. Мақсаты: Жаңа туған, шала туған нәрестелердің ерекшілектерімен және
нәрестегі гемолитикалық ауруымен таныстыру

3. Дәріс тезистері :
Жетіліп тұылған нәрестенің анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Тері:
нәзік, ұстап көрсенде бархыт тәрізді, эластикалы, қызғылт түсті, арқасында
және иық белдеуінде түктердің қалдығы болуы мүмкін. Тері қабатының қан
тамырлары мен капиллярға бай болуы, тері бездерінің активті әрекет етуін
баланың денесінің тез арада қызыуына және жаурауына соқтырады. Баланың
терісі өте тез жарақатға бейім болады, сондықтан дұрыс күтім жасалмаса,
бала денесінде қызарып-шабыртулар (опрелости), тері тәсіктері арқылы
инфекциялар оңай еніп, іріңдіктер (гнойнички) пайда болады. Сонымен қатар
шүйдесінде, қабағында, екі қасының ортасында қан тамырларының кеңеюі
нәтижесінде пайда болаты көкшіл және қызыл қоңыр түсті дақтар
(телеангиэктазиялар) немесе нүктелі қан үю орындары болуы мүмкін. Кейбір
кезде мұрынның үстінде немесе мұрын қанатында ақшыл сары түсті майда
бөтпелер түйіндер болады. Бұл құбылыстар баланың өмірінің алғашқы айларында
өзінен-өзі жоғалын кетеді. Құйымшақ тұсында сонымен қатар „монгол таңбасы”
деп аталатын тері пигментінің орны болады. Бұл таңба ұзақ уақытты бойына,
кейде өмір бойына бала денесінде қалып қоюы мүмкін, бірақ ол бұзылыстың
белгісі болып есептелмейді. Жаңа тұылған нәрестенің шашы ұзындығы 2см-ге
дейін болады, қасы мен кірпіктері онша байқалмайды, тырнақтары саусақ ұшына
дейін жетіп тұрады.
Тері асты май қабаты жақсы дамыған, тығыз, құрамында қатты, жай
ыдырайтын май қышқылдары болады.
Сүйке-қаңқа жүйесі. Қаңқа сүйектерінде қаттылық қасиет беретін тұздар
(Са+) аз болады, сондықтьан балаға дұрыс күтім жасалмаған жағдайда қаңқа
сүйектері қисайып кетеді. Нәрестеге тән ерекшелік – ол бас сүйектерінде
сүйектенбеген бөліктерінің - яғни үлкен және қий еңбек терің болуы. Үлкен
еңбек ромб пішінді, төбе сүйегі мен мандай сүйегінің біріккен жерінде
орналасады, өлшемі 1,8-2,6х2-3 см. Кіші еңбек, ұшбұрыш пішінді, төбе
сүйегі мен шуйде сүйегінің біріккен жерінде болады, көптееген нәрестелерде
туылған кезде жабық болады, немесе бірінші 3 айда жабылуы керек. Бас
сүйектерінің жұмсақ болуын практикалық маңызы зор, ол бала тар, туылу
жолдарынан өткенде әртүрлі формаға түсіп бейімделе алады. Бала басының
„алмұрт” тәрізді болып формасының өзгеруінен қорықпау керек. Оның дұрыс
пішінге келуі – уақыт еншісінде, яғни уақыт өте кем басының формасы өз
қалпына келеді. Баланың дене бітімінің бір-біріне сәйкес болмауы – ата-
анасының үрейін тұғызбағаны жоқ. Бала туылғанда басының өлшемі денесімен
салыстырғанда 1-2 см үлкен, аяғынан ұзындау болып туылады. Бұл диспропорция
да уақыт өте келе түзелік кетеді.
Кеуде клеткасы – бөлке пішінді қабырғалар горизонтальды
орналасқан (үлкен адамдарда қиғаш орналасыады). Негізінен шеміршектен
тұрады. Ал омыртқа жобасының физиологиялық иілімдегі болмайды
(физиологиялық иілімдер бала отыруға және игеруге әрекет жасағанда пайда
болады).
Бұлшықет жүйесі – жоғары тонусына болады – қолдары шынтақ буынынан
бүгілген, алқатарын ішіне қарай жинап алады: яғни құрсақ ішілік ұстай
алмайды. Нәрестенің аяқ-қолын ұздіксіз қымыл-қозғалыста болады, бірақ
белгілі бір бағытталған қимылдар мен қозғалыс дағдылады жүйке жүйесінің
жетілуімен қатар дамиды.
Тыныс органдары: Тыныс жолдарының шырышты қабаты нәзік, қан тамырларына
өте бей сал себепті вирусты инфекция кезінде шырыш өте көп бөлініп, (қан
тамырлары ісініп, баланың тыныс алуын қиындататын жібереді). Сонымен қатар
жаңа тұған нәрестенің мұрын құысының жолдары, трахеясы және бронхтарының
құысы тар болады.
Есту түтігі (евстахиев түтігі) үлкен жастағы балалармен саллыстырғанда
үлкен және қысқалау болады, сондықтан инфекция оңай кіреді де, көбінесе
отиттің ортаңғы құлақтың қабынуы дамуына себепші болады. Бірақ ешқашан
мандай қайнадының (фронтит) және гайморов нерв жоғары шақ қайнауының
(гайморит) болмайды, себебі нәрестелерде бұл қайнаулар әлі дамымаған, жоқ
нәрестенің, жоқ нәрестенің өкпесі әлі толық жетілмеген, тыныс алуы
беткейлік және тыныс алу диафрагманың есебінен жүзеге асады. Сондықтан
асқазанға, ішекке, газ жиналғанда, іші қатқанда, жаялықпен қатты қысып
орағанда, диафрагма жоғары жылжып кетеді де, баланың тыныс алуы бұзылып,
қиындайды. Сол себепті – нәрестенің ішінің босап тұруын қадағалап,
жаялықпен орағанда қатты қысып кетпеуін өскеріп отырған жөн болады.
Нәрестенің тыныс алуа беткейлім болғандықтан, өттегіні жеткілікті
мөлшерде ала алмағандықтан жиі тыныс алады. Қалыпты жағдайда нәресте
минутына 40-60 рет тыныс алады. Тыныс алу жиілігі сәл құм түскенде
жоғарылайды. Сандықтан бала ентігіп тыныс алып жатса көңіл аудару қажет,
ентікпе ауа жетіспеушіліктің және аурудың белгісі болып табылады.
Жүрек-қан тамыр жүйесі. Дүниеге келген соң жаңа тұған нәрестелердің
қан айналым жүйесінде бірщама өзгерістер болады. Іші функциональды
өзгерістер – кіндік венасы мен қан тамырлары өзінің қызмет өтуін
тоқтатады. Одан кейін анатомиялық өзгерістер балада – қан айналымының
құрсақ ішілік қаналдары жабылады. Алғаш тыныс алғанда кіші қан айналым
жүйесі іске қабылады да, қан өкпеден өттегімен қанығады.
Пульс жиілігі минутына 120-140 рет, емізген кезде немесе нәресте
жылағанда 160-200 ретке дейін кетеді. Алғашқы айларда артериальды қысымы 66-
36 мм. сынап бағанасы бойынша, жыл соңына қарай – 80-45 мм. сынап бағанасы
бойынша.
Ас-қорыту жүйесі: функциональды деңгейде жетілмеген, нәрестенің зат
алмасу процессі жоғары, егер нәрестенің тамақтануында, анасының диетасында
бұзылыстар болса – нәрестелік ас қорытуының бұзылысы – диспепсияны шақыруа
мүмкін. Ауыздың шырышты қабығы қан тамырларға өте бай, жұқа, нәзік, тез
жарақаттанғыш болады.
Тілі үлкен. Ерінің шырышты қабатында „жастықшалар! деп аталатын-кішілеу
ақшыл түсті, сызықтармен бөлінген, тілдің ұзындығына перпендикуляр түскен
қыршалар орналасқан (Пфаундлера-Люшка валиктері). Шырышты қабат иектің
айналасында қатпар түзеді (Робена-Мажито қатпалары). Нәрестенлердің ұпаты –
Биша түйіншектері (комочки) деп аталатын ұрттың қалындығында орналасқан май
ұлпаларының есебінен қатты болады. Бұл май ұлпасы дені сау нәрестелерде де,
дене салмағының төмендеуімен сипатталатын тамақ бұзылысымен, гипотрофиямен
туылған нәрестелерде де болады. Гипотрофия ауыр ағымына өткенде нәресте
Биша түйіншектерінен басқа денесіндегі барлық май ұлпаларын жоғалтады. АС
қорыту бездері сонымен қоса сілекей бездері әлі жақсы жетілмеген: сілекей
алғашқы айларда өте аз бөлінеді. Әңештен асқазанға өту жердегі бұлшықеттер
дамымаған , осының салдарынан нәресте жиі құсатын болады. Құсуды болдырмау
үшін нәрестені емізіп болған соң 20-30 мин. вертикальды жағдайда қанда
ұстау керек. Асқазан көлемі алғашқы айда 10-20 мл., сұйық айдың соңына
қарай 90-100 мл. болады.
Ішектің бұлшықеттері әлі жақсы жайтықпаған және тамақтың ол арқылы
жылжуы жай болады. Сондықтан нәрестелерді газдың жиналуы, ішінің кебуі,
метеоризм қатты қинайды. Іш қатуда жиі кездеседі. Алғашқы 1-3 күнде
шығарған дәретінің өзіне тән қара жасыл түсі, тұтқыс консистенциясы, иіссіз
болады (меконий). Меконий ұрықтың асқазанына және ішегіне түскен ұрық
айналасы судан , шырыштан, өттен түзіледі.
Туылғаннан кейін алғашқы сағаттарда бөлінген осы бөліиділерге қарап
нәрестенің өңешінде, асқазанында, ішегінде және амоль тесігінде даму
ақауларында жоқ екендігін білуге болады. Соғандарда өткізбеушіліктің болуы
шұғыл түрде хирургиялық емдеудің қажет етеді. Туылғаннан кейін алғашқы 10-
20 сағ. нәрестенің ішегі стерильді болады, одан кейін ішекке ас қорытуға
қажеттің де түсі өзгереді – сары түсті, 13-і сілекейден, асқазан ішек
солдерінен және 13-і тамақ қалдығыннан тұратын масса т.б. Массаға қарап ас
қорыту бездерінің функциясында байқауға болады. Бездердің ішінде ең үлкен -
әрі қорғаныс қызметтін атқаратын бауыр – сәбилерде үлкен болады. Бірақ дені
сау балаларда бауырдың жиегі ең төменгі қабырғадан 2 см-ге дейін (артық
емес) шығып түруруы керек.
Зәр шығару жүйесі. Туылғанға дейін бүйрек, зәрагар, қуық жақсы
деңгейде дамыған болады. Бірақ туылу көзіндегі күшті стресс зат алмасулы
қысқа уақытқа бұздырады. Зәр түзілетін зоналарда зәр қышқылының кристалдары
жиналып қалады да, бүйректің жұмысы бірнеше күнге дейін төмен болады. Бала
күніне 56 рет дәрет жібереді. 2 аптадан бастап зат алмасу біртіндеп
қалпына келеді де, бала күніне 20-25 ретке дейін кіші дәретін жіберетін
болады. Алғашқы айларда бұл жиілік қалыпты болып есептеледі. Сыртқы жыныс
мүшелері қалыптасқан. Ұл балаларда жұмыртқа безі ұмаға түскен болып тұрады.
Қыз балаларда үлкен жыныс еріні кіші жыныс ерінің жауып тұрады.
Зат алмасу. Көмірсуға қажеттілік жоғарылаған. Майларды сіңіру және
ұлпаларда жинау күшейген. Су-тұз балансы тез бұзылуға бейім. Сұйықтың
тәуліктік мөлшері – 150-165 млкг.
Қан тұзілуі: жаңа тұған сәбилерде қан түзетін негізгі ошақ-барлық
сүйектердің қызғы кемік майы, қосымша ошағы – бауыр, көкбауыр, лимфа
түйіндері. Көкбауырдың төменгі жиегі сол қабырға доғасының проекциясы
тұсында орналасқады. Лимфа түйіндері қараған кезде байқалмауы керек, бірақ
олардың қорғаныстық функциясы төмендеген.
Эндокринді жүйе. Бүйрек үсті безіне туылу кезінде басқа бездерге
қарағанда біраз ауыртпалық түскендіктен, жасумаларының бір бөлігі өліп
қалады. Осыған байланысты шекаралық жағдайдың (өтпелі кезең) ағымы да
анықталады. Айырша безі қорғанышық қызмет атқарады және туылу кезінде
салыстырмалы түрде үлкен болады. Қалқанша және қалқанша маңы безі, гипофиз
туылғаннан кейін де дамуын жалғастырады. Ұйқы безі (асқазан асты безі) ас
қорытуға және көмірсу алмасуға қатысады (инсулин бқөліп шығарады), түту
кезінде жақсы дамыған болады.
Жүйке жүйесі. Жетілмеген балада. Бас мидың қыртыстары (извилины)
әлсіз көрініп тұрады. Қыртыстар өмірлік маңызды орталықтар – тыныс алу
ортиалықтары, жүрек, ас қорыту және т.б. орталықтар арналасқан жерлер
күмбірек дамыған. Сәби кезінде балалар тәуліктік көп бөлігінде ұйықтайды
тек қарны ашқанда және жағымсыз сезімдер п.б.-да аянады. Тума шартсыз
рефлекстер – сору, жүту қаршау, қозғалу және т.б. рефлекстер жақсы
айқындалады, ая өмірінің 7-10 күнінде шартты рефлекстер (дәм сезіну, емізу
кезіндегі поза және т.б.) қалыптаса бастайды.
Сезім мүшелері: алғашқы аптада иіс сезу мүшелері иіс сезбейді,
баланы ұйқыдан тек қатты дыбыс қана естуы мүмкін, қатты жарық түсіру де
баланы мазалайды.
Шала туылған нәрестелерге тән: бойы қысқа, тері асты май қобаты жұқа, басы
үлкен. Бас сүйегі жұмсақ, қозғалғыш, жіктері жабылмаған. Құлақ қалқандары
деформацияланған, өйткені олар жұмсақ, ішке қарай оқай майысады. Қей
нәрестелерде экзофтальм, тырнақтардың дамиды байкалады. Тері асты май
қобаты жоқ.
Қыз балаларда үлкен жыныс еріндері толық дамышаған, кіші жыныс
еріндерін жаппайды, жыныс тесігі ашық, клитор анық көрінеді. Ер балалардың
аталық бездері ұмаға түскеген, ол іш қуысында немесе шап каналында
орналасады. Сүт бездерінің ісінуі өте сирек болады.
Шала туылған нәрестелерде тыныс жиілігі минутты 65 рет, 2 айда –55, 3айда –
50рет. Тереқ шала туылған нәрестелерде сору, кейде жұтыну рефлекстері
болмайды.
Оларда асқазан сиымдылығы аз. Асқазан солі мен өт аз мөлшерде бөлінеді.
Ішек кен бауырдың барьерлік функциясы төмен, ішек перистальтикасы тұрақсыз
болғандықтан дисбактериозға бейім болады.
Шала туылған нәрестелерде нерв жүйесінің толық жетілмеу белгілері: қозғалыс
активтіліге төмен, бұлшықет гипотониясы мен гипорефлексия, ұсақ және
тұрақсыз аяқ-қол треморы байқалады.
Шала туылған нәрестелерде арнасты емес ? айқын, олар тез жаурап, тез ысыды.
Терморегуляция жақсы дамышағандықтан туылғаннан кейін дене температурасы
тез төмендейді (30-32С).
Туылған кезде дене салмағы мен гестациялық жасына қарай шала туылудың 4
дәрежесін ажыратады:
1дәреже – дене салмағы 2500-2000г, 37-34 апталық жүктілік.
2дәреже – дене салмағы 2000-1500г, 34-31 апталық жүктілік.
3дәреже – дене салмағы 1500-1000г, 31-28 апталық жүктілік.
4дәреже – дене салмағы 1000-500г, 28-24 апталық жүктілік.
Шала туылған нәрестелерде физиологиялық сарғаю ұзақ сақталады, салмақ
жоғайу 18% қатта қолпына келу 2 аптаға созылады. 3 айда дене салмағы екі
еселенік 6 айда – үш еселенеді.
Шала туылғандар күтімі 2 аптадан тұрады: босану үйінде және арнайы
нәрестелерді күту бөлімшесінен кейін ғана емханаға жіберіледі.
Өттегі инкубаторын қою нәрестенің жалпы жағдайына байланысты. Инкубатор
ішінде өттегінің концентрациясы жоғары болса токсикалық әсер, береді,
ретролентальды фиброплазиясы осымен байланысты. Соңдықтан өттерті
инкубаторға барлық уақытта қоспайды, концентрациясы 30 % немесе 2-2,5лмин
аспау керек.
Ашық кувезге барлық шала туылғандарды жатқызады. Кроватқа салмағы
1600-1700г 2-3 апталық балаларда жатқады. Палата температурасы 23-28С
болуы керек.
Шала туылған нәрестелерді 12-14-ші күненен бастап, кіндік қалдығы түскеннен
кейін ғана шомындырады.
Шала туылған нәрестелерді тамақтандыру әсіресе алғашқы 2 апта өте қиын. Бұл
асқарыту және ОНЖ-ң толық дамымауы мен нәрестенің жоғадайының вуырлығымен
байланысты.
Шала туылғандарды 9-18 сағаттан кейін ғана тамақтандырады. Оған дейін
энтеральды 5-10% глюкоза ертіндісін береді.
Тыныс жетімсіздігі, ауыр бассүйек ілшілік ? алған, асфиксиямен шала
туылған нәрестелерге 24-36сағаттан ана сүтін береді. Оған дейін веноға
немесе интрогастральды 10% глюкоза ертіндісі 30-60млкг тәулігіне.
Шала туылған нәрестелерді әр 2 сағат сойын күніне 10 рет донорлық немесе
ана сүтімен тамақтандырады.
Алғашқы 2 аптадшала туылған нәрестелерді емшек бермейді, 1800г салмақын
туылған нәрестелерде сауылған ана сүтімен, бөтелкемен тамақтандырады.
Салмағы 2000г болғанда емшек береді.
Шала туылған нәрестелерге ана сүтін аз порцияда 3-5мл ден береді. Кейін 3
мл-ден қосып атырадыү Полиэтиленді зонд 2-3 күн сайын егуыстырлык турады.
Шала туылған нәрестелерге қажет сүт мөлшеріп Фенкельштейн формуласымен
есептейді:
У= п х 10 У-сүт көнемі, п- баланың күндік жасы.
Шала туылған нәрестелердің сүтті қосқандағы сұйықтыққа қажеттілігі 200-
250ммкг.
Нәрестелердің гемолитикалық ауруы (НГА) – ана мен ұрық қанының
эритроциттерінің антигендері арасындағы иммунологиялық сәйкессізділігімен)
көбіне АВО – антиген немесе резус фактор бойынша) туылғандарда 0,5-0,6%
жағдайында кездеседі және патологиялық сарғаюдың жиі себебі болады. Егер
ана эритроцитінде Rһ антиденесі болып, ұрықта резус антиген болса, онда
АВО антиген бойынша қанның сәйкессіздігі дамиды. Бұл кезде қан тобы 0(І)
анасында, ал балада А(ІІ). Кейде қосарланған ана мен бала қанның
ссәйкессіздігі болады. Анасында 0(І) Rһ-, ал балада А(ІІ) Rһ+ немесе В(Ш)
Rһ+. Қан топтары сәйкессіз болған жағдайда дамитын НГА. Негізгі 3 түрі
бойынша көрінеді: анемиялық, сарғаю, ісіктік. Анемиялық түрі ананның ұрыққа
АВО антидененің аз мөлшерде, ұзақ емес әсері етуі салдарынан дамиды. Анемия
өмірінің 1-ші аптаның соңында 2-ші аптаның босында дамиды, Нв-, эритроцит
төмендеп, анизацитоз, полихронозия, эритробластоз, бауыр мен көкбаурыдың
ұлғаюы байқалады. Сарғаю түрі антидененің әсірінен ұрық толық дамымайды.
Бала анемиямен және сарғаюмен, гепатоспленомегалия мен туылады лимфоадения.
Билирубин мен улану, ауыр ағымды анемия болады. СГА көп жағдайда баланың
олуіне алын келеді. Ісіктік түрі – жүктілі кезінде антидененің ұзақ әсер
етуінен дамиды. Ұрық өлмейді, ойткені улы заттар плацента арқылы ана
организміне енеді. Бауырдың қызметі бұзылады әсіресе белок түзуші болігі,
тамырлардың өткізгіштігі жоғарлайды. Гипобилирубинемия болады бұл ұрық
ісінуі массасының қалыптыдан 2 есеге жоғарлауына алып келеді. Тірі туылған
бала бірнеше минут немесе сағаттан соң қайтыс болады. Мұнда жалпы ісіну,
бозару, денеде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерде балаларды ұстау ата - аналар үшін ақысыз
Асқазан - ішек жолдарының ауруларының негізгі себептері студенттерде
Асқазан - ішек жолдарына түсініктеме
Педагогика және психология мамандығында арнайы
Балалар мен жасөспірімдерді физикалық тәрбиелеуде медициналық бағалау.
Бауыр ауруларының түрлері
Аурудың клиникалық белгілерін талдау
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ДӘРІСТЕР
Колледж студенттеріне салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру аспектілері
Математикадан дидактикалық материалды дайындау әдістемесінен дәрістер
Пәндер