Табиғатты пайдалану экономикасы дәрістер тізімі
Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:
Табиғатты пайдалану экономикасы пәніннен Экология мамандығы
бойынша 3 курсқа 6 семестрде оқылатын 30 сағаттық дәрістер тізімі.
№1. Пәннің мазмұны және мәселелері. Табиғат байлығын пайдалану
түсінігі. Қоғамдық дамудағы табиғи жағдай мен ресурстардың теориялық және
практикалық мәні.
Бүкіл адамзат қоғамының даму тарихы - табиғат пен адамзаттың қарым-
қатынасынан тұрады. Осы уақыттың барлығында да табиғат адамзаттың өмір сүру
ортасы, материалдық байлық көзі болып келді. Коғамның дамуының алғашкы
сатыларында табиғат қорын пайдалану мелшері ылғи артып отырганымен, оның
табмғи ортаға кері эсері елеусіз еді.
Коғамнын. ендірістік дамуына байланысты адамның табиғи ортаға эсері;
табиғат байлығын, табиғи күштерді пайдалануы артып келеді. Бұл әсер екі
сипатта. Бір жағынан, ғылыми-техникалык, жетістіктің арқасында табиғи орта
жақсартылады, оның қорын молайтып, ұқыпты пайдалануга мумкіндік туады.
Мысалрға, шөлді жене шөлейт жерлерді суландыру, орман отырғызу, жерді
көгалдандыру, өсімдіктердің құнды турлерін көбейту, жалпы табиғи ортаны,
ондағы өсімдіктер, жан-жануарлар дүниесін корғауды атауға болады.
Ал екінші жағынан, табиғи ортаны бүлдіру ауқымы да артып келеді.
Мысалы, ендірістің кері әсері ретінде табиғат байлығының, тугесілуін,
судың, жердің, атмосфераның ластануын, орманның жойылуын, жердің тозуын,
ауыл шаруашылық жерлерінің қазба жұмыстарын жургізуге, құрылыстар салуға
бөлінуін айтуға болады.
Қоғамдық өндіріске табиғаттың жаңа байлықтары ұдайы қосылып және
оларды игеру мөлшері артып отырады. Ғылыми-техникалық жетістіктер бұрын
игеруге мүмкін болмаған, сапасы төмен табиғат байлықтарын өндіріске
қолдануға мүмкіндік береді, нәтижесінде өндірістің табиғи ортаға әсері
күшейеді, табиғат байлығын пайдалану мәселесі шиеленісе түседі. Табиғат
байлығын пайдалану қарқынының артуы халық санының өсуіне де байланысты.
Үстіміздегі ғасырдың басында жерде 1571 млрд. адам өмір сүрген болса, 1990
жылы хапық саны 5300 млрд.-қа жетті, ал 2000 жылы 6 млрд.-тан асады деп
есептеледі.
Халық санының өсуіне байланысты, халық тұтынатын өнімдерді арттыруға,
оған шикізат ретінде табиғат байлығын пайдалану мөлшерін кеңейтуге тура
келеді. Сонымен қатар табиғат байлығы қорының шексіз еместігін де ескерген
жөн. Әсіресе қалпына келмейтін табиғат байлықтарының, оның ішінде отын-
энергия қорының тапшылығы сезілуде. Түсті металлдардың көпшілігі - мыс,
қорғасын, мырыш, қымбат бағалы металдар тапшы бола бастады. Олардың әр
тоннасын өндіруге бүрынғыға қарағанда анағұрлым көп еңбек жұмсауға тура
келеді.
Осындай жағдайда экономикалық даму факторларының: еңбек және табиғат
қорының, өндіріс қүралдарының даму себеп-салдарын айқындай білу қажет. Бүл
факторлар бір-бірімен диалектикалық байланыста және қарама-қайшылықта
болады. Қоғамның экономикалық өсуі ендіріс масштабымен, табиғат байлығын
игеру қарқынының артуымен, өндіріс күштерінің дамуымен байланысты. Сонымен
қатар өндіріс күштері қоғам мен табиғаттың қоғамдық-экономикалық
қатынастары негізінде қүрылады. "Адам және табиғи орта" жүйесінде өндіріс
күштерінің, өндіріс қатынас-тарының даму процестерін тереңірек түсіну
қажеттігі жаңа экономикалық ғылым - табиғат пайдалану экономикасының
қалыптасуын туғызды. Бұл ғылымның пайда болуы мен дамуын ең алдымен
шаруашылық қажеттіліктен деп ұғу керек. Ұзақ уақыт экономика және экология
ғылымдары жеке-жеке ғылым салалары ретінде дамып келді, олардың өзіне тән
ғылыми негіздері, әдістері болды. Қазіргі кезде табиғат байлығын пайдалану
және табиғи ортаны қорғау мәселелері жүйелі, кешенді экономикалық-
экологиялық түр-ғыдан қарастыруды қажет етіп отыр. Табиғат байлығын тиімді
пайдалану табиғи ортаны қорғай отырып, қоғамның әлеуметтік-экономикалық
қажеттілігін табиғат байлығымен қамтамасыз етуді талап етеді
Табиғат байлығын пайдапану экономикасының пәні - қоғамдық өндіріс
кезінде қалыптасатын қоғам мен табиғат арасындағы экологиялық, экономикалық
қатынастар болып табылады.
Табиғат пайдалану экономикасы: табиғат пайдалану процестерінде
туындайтын экономикалық заңдылықтарды, өндірістің табиғи ортаға тигізетін
әсерін және оның кері әсерінен қорғануды ұйымдастыруды:
• халық шаруашылығын табиғат ресурстарымен қамтамасыз ету жағдайларын;
• табиғат байлығын экономикалық бағалау әдістерін, табиғи ортаны
бүлдіруден, табиғат байлығын ысырап етуден келетін зиян мөлшерін есептеу
әдістерін;
• табиғат байлығын неғүрлым тиімді пайдалану, табиғи ортаны қорғау
мүмкіндіктерінің тиімділігін айқындау жолдарын;
• табиғат байлығын тиімді пайдалануды табиғи ортаны қорғауды басқарудың
экономикалық механизмін, оны жетілдіру бағыттары мен жол-дарын зерттейді.
Табиғат пайдалану экономикасының танымдық негізі - қоғамның дамуының
экономикалық заңдарын зерттейтін экономикалық теория болып табылады. Ол
экономикалық заңцарға сүйеніп табиғат байлығын пайдалану, оның қорын
молайту және табиғи ортаны қорғау жөніндегі өндірістік қатынастарды
зерттейді.
Табиғат пайдалану экономикасы тек қана экология-экономикалық
заңдылықтарды зерттеп қана қоймай, одан туындайтын өндірістік мәселелерді
шешудің нақты экономикалық тетіктерін жетілдірумен де айналысады.
Экология-экономикалық қатынастар мен табиғаттану және басқа
экономикалық ғылымдарды бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайды. Табиғат
байлығын пайдалану экономикасы әсіресе халық шаруашылығын жоспарлау,
аймақтық және салалық экономика, статистика және талдау, экономикалық
кибернетика және т.б. экономикалық ғылымдармен тығыз байланыста.
Табиғат пайдалану экономикасы техникалык, ғылымдармен де тығыз
байланыста, өйткені өндірісті экологиялық талаптарға сәйкес ұйымдастыру,
жүргізу барлық ғылыми-техникалық жетістіктерді ескеруді талап етеді.
Техника - экономикалық шешімдердің де тиімдісі (дұрысы) - қолданылатын
техника мен технологияның және табиғи ортамен үйлесімділігі болады.
Табиғат пайдалану экономикасы география ғылымымен де маңызды
байланыста. Аймақтық үйлесімділік, табиғат байлығының орналасу тиімділігі,
табиғат байлығын пайдаланушы өндірістерді орналастыру тиімділігі, т.б.
ортақ шешетін мәселелер.
Табиғат пайдалану экономикасының жалпы әдістері, бағытты, мақсатты
зерттеулері жеке салалық экономика мәселелерін шешуге көмегін тигізеді.
Салалық экономика табиғат байлығын пайдалану экономикасынан бүрын
қалыптасты. Сондықтан оларда теориялық, іс-тәжірибелік жинақталған танымдар
табиғат пайдалану экономикасының қалыптасу негізі
болды.
Табиғат пайдалану экономикасының негізгі атқаратын міндеттері: халық
шаруашылығында табиғат байлығын тиімді пайдалану, табиғатты қорғау,эконо
экономикалық басқару механизмін зерттеу және жетілдіру болып табылады.
Экономикалық басқару механизмі табиғат пайдалануға байланысты үш кезеңді
қамту керек: жақсарту (қалпына келтіру, қорғау), игеружәне ұқсату.
Ең бірінші кезекте ғылыми-техникалық жетістіктердің табиғи ортаға
әсерін зерттеу керек. Күрделі құрылыс пен өндірістің, оның қүрылым
тиімділігінің табиғи ортаны, табиғат қорғауға, тиімді пайдалануға тигізетін
әсері, экологиялық басқару жүйесі және табиғи ортаға зиянсыз шаруашылық
үйымдастыру, табиғатты қорғаудың халықаралық мәселелері және т.б. табиғат
пайдалану экономикасының тақырыбы болып табылады.
Табиғат пайдалану экономикасының ғылыми зерттеу негізі - диалектика.
Диалектикалық әдіс бойынша зерттелетін қүбылыс (зат) жан-жақты, қайшылықта,
даму үстінде қарастырылады. Диалектикалық әдіс бойынша ғылыми ой-таным
жинақталған іс-тәжірибені қолданады. Тәжірибедегі кемшіліктері мен
жетістіктерге ғылыми талдау жасалып, нәтижелері іс жүзінде қолданылып
отырады.
Табиғат пайдалану экономикасы үшін тарихи тану әдісінің маңызы зор.
Әрбір қүбылыс қалай пайда болды, қалай дамыды, қазіргі жағдайы қалай,
ертеңі қалай болмақ, осы түрғыдан өткен мен бүгінгінің байланысын
сабақтастыра зерттеп отырады.
Табиғат пайдалану экономикасының негізгі әдістерінің бірі - жүйелілік.
Осы әдісті қолдану арқылы жүйені қүраушылар анықталады, олардың бір-бірімен
қатынасы, бір-біріне ықпалы, жүйедегі алатын орны зерттеледі.
Табиғат пайдалану экономикасында мөлшерлеу (нормалау) әдісі де кеңінен
қолданылады. Табиғат байлығын пайдалану нормалары, шектері, ауада, суда,
жер бетінде және жер қабатында улы заттардың жинақталуы, шоғырлануы,
таралуы, өнім шығаруға табиғат байлығын пайдалану мөлшері, қалдық шамасы,
т.б. нормалар бекітіледі.
Табиғат пайдалану экономикасында аталғандармен қатар экономика-
математикалық, статистикалық талдау, сараптау әдістері кеңінен қолданы-
лады. Табиғатты қорғау, табиғат байлығын пайдалану шараларының тиімділігін
арттыруда, экологиялық залалдың алдын алып, болырмау, сараптау әдісінің
атқаратын қызметі зор. Табиғат байлығын пайдалану, табиғи ортаны қорғау
шаралары сараптаудан өтпейінше іске асырылмайды.
№2. Табиғатты өндірістің материалдық негізі ретінде қарастыру. Табиғи
ресурстардың және экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты
олардың ролі.
Қазіргі кезде табиғи ортаны қорғау және табиғат байлығын тиімді
пайдалану мәселесі ұзақ мерзімдік экономикалық дамудың ең негізгі
стратегиялық бағытына, түп қазығына айналды. Бұл стратегия қоғамдық
өндірістің үздіксіз дамуын, адамзат өмір сүруінін қалыпты жағдайы сақтауын
қамтамасыз етуге тиіс. Аталған мақсатқа тек табиғи ортаны қорғау, табиғат
байлығын ұқыпты, тиімді пайдалану нәтижесінде ғана жетуге болады.
Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат
байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін
өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған.
Өндіріске қатыстырылатын табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар
(минералдық шикізат), су, ауа, орман, жер тек қана өндіріс шикізаты емес,
сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады. Өндірістік қатынасқа
қосылмаған табиғат байлығын да үлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи
қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек.
Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп
қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту
және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда,
табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуға тиіс.
Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық,
рухани, әлеуметтік мүқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына
келтіруге, молайтүға бағытталуы қажет.
Бұл түрғыдан Табиғи ортаны қорғау мен Табиғат байлығын қорғау
түсініктерін ажырата білу керек. Екеуі бір-бірімен тығыз байланысты, көп
жағдайларда бір мағынада қолданыла береді. Әйткенімен нақты шараларды
ұйымдастыру кезінде екеуін бөліп қараған дүрыс. Табиғи ортаны қорғау деп -
табиғи ортаны сақтауға, оның байлығын молайтуға бағытталған заңдылық,
шаруашылық, үйымдастырушылық шаралар жүйесін айтамыз. Табиғат байлығын
корғау -оны тиімді пайдалану болып табылады.
Табиғи орта өндіріс түрғысынан шикізат көзі және өндіріс орналасу
ортасы ретінде қаралып одан өндіріс қажетін өтеу қорын көбірек алу
көзделеді. Ғылыми-техникалық жетістіктер табиғат байлығының қорын орасан
зор мөлшерде өндіріске қатыстыруға мүмкіндік береді. Соның әсерінен табиғи
ортаның теңдестігі бұзылып, жалпы нашарлауына әкеп соғады. Осыдан табиғат
байлығын қорғау, молайту және табиғи ортаны қорғау мәселелерін қатар шешу
қажеттігі, сондай-ақ қоғамның экологиялық қауіпсіздігі мәселесі туындайды.
Табиғат байлықтары, табиғат күштері экономикалық жағынан - пайдалану
тиімділігі бойынша қарастырылады. Ал экологиялық жағынан - өмір сүруге,
шаруашылық ұйымдастыруға қолайлығы бойынша қарастырылады. Табиғат негізі
екі нысанға бөлініп қаралады: табиғи орта және табиғат байлықтары.
Табиғи орта деп - өндіріске тікелей қатыспаса да адамзаттың, жан-
жануарлардың тіршілік етуіне мүмкіндік беретін табиғи заттар мен табиги
күштерді айтамыз. Мысалы, күннің қызуы, сәулесі, атмосфералық ауа,
гидросфера, литосфера, т.б. жер бетіндегі барлық тіршілікке қажетті жағдай
болып табылады.
Табиғат байлығы деп - адамзат пайдаланатын немесе пайдалану мүмкіндігі
бар табиғи заттар мен күштерді айтамыз. Табиғат байлығын адамзат
шаруашылығымен тікелей байланысты қараймыз. Табиғат байлығын өндірістік
материалдық байлық ретінде пайдаланғанда оны табиғат қоры немесе табиғи
ресурс деп те атайды.
Табиғат пайдалану экономикасында табиғи орта, табиғат байлығы ұғымдары
олардың физикалық, химиялық қасиеттерімен ерекшеленбейді, оларды пайдалану
мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді. Табиғи заттар (күштер) пайдаланылатын
табиғи ресурс немесе емір сүруге қажетті жағдай болуы мүмкін, кейде мұның
екеуі де болып табылады. Мысалы, жер, су, орман байлықтары әрі табиғат
қоры, әрі өмір сүру, шаруашылықты ұйымдастыру ортасы болып табылады.
Табиғат байлығын экология-экономикалық (таби-ғат байлығын қорғау,
тиімді пайдалану) түрғысынан сарқылатын және сарқылмайтын деп екі ірі топқа
бөлеміз, ал алғашқысын қалпына келетін және қалпына келмейтін табиғат
байлықтары деп ажыратады (1-сызба).
1-сызба
Табиғат байлықтарын топқа бөлу
Табиғат байлықтары
Іс жүзінде қолдану тұрғысынан көбінесе табиғи сұрыптау бойынша мына
топтар бөлініп қаралады: минералдық шикізат (қазба байлық), жер, су, ауа,
өсімдіктер, жануарлар.
Пайдалану тиімділігіне байланысты экономикалық сұрыптау экономикалық
бағалау негізінде қүрылады. Осы мақсатта халық шаруашылығының маңыздылығы
тұрғысынан сүрыптау да қолданылады. Мысалы, егістік жер, жайылым, шабындық,
суармалы егістік, бірінші, екінші және үшінші топ ормандары, пайдаланатын,
пайдалануға даяр және запастағы кеніштер, т.б.
Сүрыптау өзіндік әр түрлі мақсатқа құрылады. Сұрыптаулар табиғатты
қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану шараларын жоспарлауға,
экономикалық тиімділігін анықтауға, жүмсалатын қаржы шамасын белгілеуге,
экологиялық нәтижесін бағдарлауға мүмкіндік береді.
Халық шаруашылық салаларын: өндірістік, бөйөндірістік және экологиялық
деп бөліп қарауға болады. Соңғысының ерекшелігі мүнда еңбектің табиғатты,
табиғат байлығын қорғауға (сақтауға), молайтуға және тиімді пайдалануға
бағытталғандығында.
Қоғамның өмір сүру, даму ортасын сақтау тек қана табиғатты қорғау,
қалпына келтіру, молайту, яғни экологиялық шаруашылықпен ғана байланысты
емес, ол өндіріс салаларындағы табиғатты қорғау, оның байлығын тиімді
пайдалану шараларымен де тікелей байланысты.
Экологиялық шаруашылықтың пайда болуы табиғатты қорғау міндеттерінің
қажеттігінен туды. Сондықтан, экологиялық шаруашылық табиғатты қорғауға,
оның байлығын жаңғыртуға (молайтуға) бағытталған мақсатты еңбек.
Табиғатты қорғау, табиғат байлығын тиімді пайдалану процестері бір-
бірімен тығыз байланысты, оларды ешқашан бөлек қарауға болмайды. Табиғатты
қорғау, қалпына келтіру, жаңғырту табиғат байлығын пайдаланудың ең алғашқы,
бастапқы кезеңі. Оның басқа кезеңдері - табиғат байлығын игеру және үқсату.
Соңғылары өндірістік салаларға жатады.
Түптеп келгенде, табиғатты қорғау, оның байлығын тиімді пайдалану
қоғамның қажетін өтеуге бағытталған бір процесс болып табылады. Сондықтан
"табиғатты пайдалану","табиғат байлығын пайдалану" сөзін қолданғанда оған
табиғатты қорғау және табиғат байлығын тиімді пайдалану мәнін береміз.
Қоғамдық еңбек тұрғысынан қарағанда бір жағынан табиғат байлығын
игеру, үқсату шаруашылықтың екі тарауына - экологиялық және өндірістік
шаруашылыққа бөлінген. Бүлай бөлу шаруашылықты үйымдастыруға, басқаруға,
жоспарлауға, экономикалық тиімділігін анықтауға, т.б. мақсатқа қажет
болады. Бірақ бүл процестің екі жағы өзара тығыз байланыста болғандықтан
өндірісті экология түрғысынан, ал экологиялық шаруашылықты ендірістік-
әлеуметтік тұрғыдан қарастыру керек.
1 - кесте
Экология мен экономика өзара байланысты
Табиғатты пайдалану(өндіріс)
Табиғат байлығын өндіретін Өндірістік шаруашылықты табиғатты
өндірістік салалар қорғау шаралар
Табиғат байлығын есепке алу, оның Табиғат байлығын барлау, өндіру
өнімділігін жаңғырту(молайту және ұқсату
Атмосфераны, су көздерін, жерді, Қалдықтарды пайдалану
жер қойнауын қорғау
Табиғат байлығын жаңғырту (қалпына келтіру,молайту) экология
Табиғатты қорғау шаруашылығының мақсаты экология-экономикалық жүйееді
қалыптастырып дамыту. Ғылыми түрғыдан экология-экономикалық жүйе деп -
табиғат пен экономиканың дамуын айтамыз, яғни қоғамдық өндірістің табиғи
қүбылыстарға сәйкес дамуын айтамыз.
Осыған сәйкес экология-экономикалық қатынас - адамдардың табиғат
пайдалану процестерінде табиғат байлығын қорғау, игеру және үқсату
жөніндегі бір-бірімен қарым-қатынасы. Ол екі жақты болады: әлеуметтік және
ұйымдастырушылық. Әлеуметтік қатынас негізіне меншік табиғат байлығын
иеленушілік жатады. Ал үйымдастырушылық негізіне өндіргіш күштердің даму
дәрежесі және өндірістік қатынас жүйесі жатады. Қатынастың әлеуметтік жағы
қоғамның экономикалық заңдарын қолдану арқылы табиғат байлығын пайдаланудың
қоғамдық үйымдасуын қа-лыптастырады, ал үйымдастырушылық жағы өндіріс
кезінде түрақты болып түратын экологиялық мәселелерді шешіп отырады.
№3. Табиғи ресурстардың түрлері мен пайдалану сипаты бойынша
классификациясы. Табиғи ресурстарды зерттеудің географиялық – экономикалық
жолдары.
Табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану табиғаттың
және қоғамның даму заңдылықтарына сүйеніп жүргізіледі. Заңдылықтардың
үйлесімділігі және жүргізілген шаралардың осы заңды-лықтарға сәйкес болуы
басты міндет. Табиғат байлығын пайдалану және табиғи ортаны қорғау
жуйесінде негізгі екі заңдылық тобын атауға болады. Бірінші, жалпы заңдылық
- табиғат пен қоғамның қатынасындағы ең негізгі тұрақты байланыстар
заңдылығы, Екінші, өндіріс қатынасымен шектелген арнайы заңдылықтар.
Осы заңдылықтар бойынша табиғат пайдалану мына төмендегі принциптер
иегізінде жүргізілуі керек:
1. Басымдылық принципі. Табиғат заңдылығының қоғам заңдылығынан
үстемдігі. Табиғат және қоғам жүйесінде табиғат заңдылығы қатаң ескеріліп,
сақталып отыруы керек. Табиғат - қоғам бірлестігі табиғат заңдылығымен
берілген, олар өзара тығыз байланысты. Осы байланыс бұзылмау ушін адамзат
өзінің табиғатпен қатынасын табиғат заңдарына сүйене отырып жүргізуі
керек. Табиғатқа ықпал жасау сол табиғат заңдылығының негізінде болуы
керек. Бұл принципті сақтамау қоғамның дамуын тежеуге әкеп соғады.
2. Табиғат пайдалануды әлеуметтік қажетке бағыттау - табиғатты адам
игілігіне айналдыру болып табылады. Табиғат байлығын пайдалануда қоғам
мүддесі жеке салалардағы өндірістік мүдделерден жоғары қойылуы керек.
3. Өндірісті экологиязациялау принципі. Өндірісті экологиязациялау -
табиғат қорын түгесілмейтін, оған нұқсан келтірмейтін технология арқылы
өндірісті үйымдастыру, экологиялық еңбектің өнімділігін арттыру.Өндірісті
экологиязациялау мына бағыттарда жүргізіледі: экологиялық жүйелерді сақтау,
қалпына келтіру; шикізат өндіруде озық технология қолдану; шикізат қорларын
үнемді пайдалану; қалдықсыз және аз қалдықты технология қолдану; табиғат
қорғау шараларын кеңіту; өндірісті экологиялық талаптарға сәйкес
орналастыру; табиғи ортаны ластауды азайту, жою, т.б,
4. Табиғат байлықтарының қоғамдық пайдалылығын арттыру және ұлғаймалы
қалпына келтіру. Табиғат байлығын пайдаланушы салаларда ұлғаймалы өндіріс
мына төмендегі шарттар сақталғанда мүмкін болады:
• шикізат өндіру қарқыны материалдық өндіріс қарқынынан төмен болуы
керек;
• шикізатты тиімді (өнімді) пайдалану арқасында өңдеуші салалардың өсу
қарқыны өндіруші салалардың өсу қарқынынан артық болуы керек;
• қалдықсыз, аз қалдықты технология және табиғатты қорғау құрылымдарын
қолдану қарқыны табиғатқа нұқсан келтіруші салалардың өсу қарқынынан басым
болуы керек;
• табиғат байлығын қалпына келтіру шараларының дамуы табиғат байлығын
өндіруші салалардың өсуінен кем болмауы керек;
• табиғатты қорғауға жұмсалатын қаржының әсу қарқыны барлық
материалдық өндіріске жүмсалатын қаржының өсу қарқынынан артық бо-луы
керек.
5. Табиғат байлығын пайдалануды ғылыми не-гізде жүргізу
принципі.Табиғат байлығын пайдалану, әсіресе оның тиімділігін арттыру
мүмкіндігі ғылыми жолға қойылғанда ғана мүмкін болады. Қазіргі кезде
табиғат байлығын пайдалану аса күрделі процесс. Табиғат байлығын қорғау
және тиімді пайдалану процестерінің табиғи ортаға әсерін, әсіресе ұзақ
мерзімдік әсерін ғылыми негізде ғана болжауға және тиімді бағытта жургізуге
болады.
6. Оптималдық принцип. Табиғат байлығын пайдалану мумкіндіктері,
варианттары сан алуан. Олардың ішіндегі ең тиімдісін оптималдық принципін
қолданып анықтауга болады.
7. Аймақтык принцип. Табиғат байлығының аймақтық орналасуы,
ресурстың бір түрінің екінші турімен бір аймақта үйлесімді орналасуы,
орналасу тиімділігі аймақтық принципті қолдануға мүмкіндік береді, Аймақтық
принцип табиғат байлығын пайдаланудың, табиғи ортаны қорғаудың тиімділігін
арттырудың басты негіздерінің бірі.
8. Кешенділік. Табиғат байлықтары адамзаттың сан алуан қажетгігін
өтейді, оларды ұқсату, өндіру, өңдеу әдістері де сан қилы, Сондықтан
кешенді пайдалануды талап етеді. Көптеген материалдық шикізат табиғатта
таза түрінде кездеспейді, қоспа турінде болады. Сонымен қоса минералдық
шикізатты өндіргенде, одан әлдеқайда мол мөлшерде тау жыныстары қазылады.
Негізгі өнімдермен қатар жанама өнімдері, өндіріс қалдықтарын пайдалану
кешенділік негізінде ғана жүзеге асады.
9. Нарыктың заңдарына сәйкес барлык табиғат байлықтарын пайдалану төлемді
болуға тиіс. Төлемділік принципінің негізінде ғана табиғат байлығын
пайдалану, табиғи ортаны қорғау тиімділігін арттыруға болады.
Сонымен, табиғат қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану бір-
бірімен тығыз байланысты кешенді мәселе және олардың жиынтығын табиғат
пайдалану деп атаймыз. Табиғат пайдалану экономикасы ғылымның жеке саласы
ретінде өзге ғылымдармен байланысты дамиды және көп мәселелерді қамтитын
сипатта болады. Табиғат қорғау мен пайдалануды үйлестіру қажеттігі күмән
тудырмайтын ақиқат. Былайша айтқанда, табиғат пайдалану міндетті түрде оны
қорғаумен ұштастыруды талап етеді. Оның үстіне ол бүкіл әлемдік мәселе
болып табылады. Сондықтан табиғат пайдалану экономикасы экология-
экономикалық байланыстарды қоғамдық өндірістің, табиғат қорғау, оның
байлығын ұлғаймалы молайтудың эко-номикалық тиімділігін арттыру үшін саналы
түрде басқару деп қарастырамыз. Табиғат пайдалану түсінігі табиғат қорғауды
қамти отырып көп мағынада қолданылады.
Табиғат пайдалануда жіберілген кемшіліктердің бірі - мәселнні жеке
биологиялық, физикалық, механикалық, географиялық, қүқықтық, денсаулық
сақтау, философиялық түрғыдан қарастыру. Мәселенің әлеуметтік-экономикалық
жақтары нашарлау зерттелді. Жеке өндірістің салаларында да табиғат
жүйесінің жеке заттары оларды өсіру, қорғау, пайдалану түр-ғысынан
қарастырылып, кешенді зерттеуге көп көңіл бөлінбеді. Егер мәселе табиғатты
пайдалану түрғысынан зерттелсе, табиғат қорғау назардан тыс қалдырылды және
керісінше, табиғат қорғау шараларын қарастырғанда тиімді пайдалану мәселесі
ойластырылмады.
Табиғат қорғау және пайдалану мәселелері табиғи кешендер бойынша,
аймақ бойынша және жеке табиғат жүйелерін, ресурстарын пайдалану бойынша,
жалпы кез - келген жағдайда кешенді қарастырылуы керек, В.И.Вернадскийдің
айтуы бойынша биосфера біртұтас зерттелуі керек, өйткені жеке
организмдердің дамуы бүкіл биосфераның эволюциялық да-муымен байланысты.
Табиғат пайдалану мәселелерін зерттеудің біртүтастығына жету өте
күрделі. Сондықтан оған жеке мәселелерді іс-тәжірибелік тұрғыда зерттеу
арқылы жетеміз. Сонымен қатар табиғат қорғау мен пайдаланудың жалпы
мәселелерін қарастыру арқылы нақты мәселелердің шешімін табамыз. Жалпы
заңдылықты білмей жеке мәселелер шешілмейді. Зерттеуде жал-пыдан - жекеге,
абстракциядан - нақтыға, одан іс-тәжірибеге көшу әдісі қолданылады.
Табиғат пайдалану халықаралық мемлекеттік және аймақтық (жергілікті)
мәселе. Сондықтан барлық деңгейде қарастырылады. Табиғат пайдалану
дәрежесін бағалау әдістері барлық деңгейді қамтитын және ал-дын алу
сипатында болуы керек. Өйткені табиғатқа әсерді, оның сипатын, зиянын алдын
ала бағалау оны болдырмау шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Табиғат
пайдаланудың мемлекеттік және жергілікті мәселелерін экономикалық
механизмдерді жетілдіру арқылы шешуге болады. Бұл табиғат пайдалану
экономикасының міндеті. Сонымен қатар табиғат пайдалану экономикасы табиғат
қорғау заңдарына сүйенеді және заңдардың орындалуын үйымдастыру, бақылау,
экономикалық ынталандыру тәсілдерін үйретеді.
№4. Табиғи ресурстарды пайдаланудың қазіргі күнгі тенденциясы.
Республиканың табиғи – ресурстық потенциалы. Экология мәселелері.
Жер ең негізгі табиғат байлығы. Ол барлық тіршілік көзі және өмір сүру
ортасы. Қазір адамдар өздеріне керек қоректік заттардың 88%-ін егістік
жерлерден, 10%-ін ормандар мен жайылымдардан, 2%-ін теңіз бен мұхит
суларынан алады. Жер қорын қорғау және тиімді пайдалану сондықтан да ең
негізгі, ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе.
Қазақстан жер ауданы жөнінен әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Оның жалпы
жер ауданы 271,7 млн. га, оның ішінде ауыл шаруашылық жерлері 222,3 млн.
га. Жерді пайдалану бағыттарына қарап: ауыл шаруашылық жерлері, елді
мекендер орналасқан жерлер, өндіріс, қатынас, байланыс, қорғаныс, табиғат
қорғау, денсаулық сақтау, демалыс, курорттар, қорықтар, тарихи және мәдени
маңызы бар жерлер, орман қорының жерлері, су қорының жерлері, мемлекеттік
қордағы жерлер болып бөлінеді.
Қазақстанның жер ауданы көп болғанымен, шаруашылыққа қолайлы жерлер
көп емес, егістікке жарамды жер 34,9 млн. га, барлық жердің 12,8%-і ғана.
Жер қорының өдәуір белігінің сапасы темен: 77 млн. га эрозияға ұшыраған; 75
млн. га сортаң жер; егістіктің басым бөлігі ылғалмен жеткілікті қамтамасыз
етілмеген, 58%-тен астамы "қауіпті" (шөлейтті) аймақта орналасқан;
жайылымның 69%-і шөл және шөлейтті аймақта, оның 60%-інің жемдік қоры
нашарлаған, 22%-ін тікен және басқа мал жайылымына жарамсыз өсімдіктер
басқан, 15%-і эрозияға ұшыраған.
Уақыт факторын ескеріп экономикалық бағалау 79 920 теңге болады.
Сонымен, оптималдық схема таң-алған стратегияға байланысты: алғашқы жылдары
көп пайдалану; біркелкі пайдалану; алғашында шек-теп, соңынан ұлғайтып
пайдалану болуы мүмкін.
5.4. ҚАЗАҚСТАН СУ РЕСУРСТАРЫ
Еліміздің су қоры үлттық байлық болып табылады. Оны қорғау мемлекеттің
және жалпы халықтың міндеті, Сондықтан, су қоры есепке алынып, саны, сапасы
қадағаланып, су қорғау және тиімді пайдалану шаралары жоспарланып отырады.
Қазіргі кезде барлык су қорының кадастрлары жасалған. Онда өзендегі судың
бір жылдық (орташа) ағып өтетін мөлшері, көлдегі, мұздықтағы және жер
астындағы судың жалпы қоры, сапасы есепке алынған.
Республикамызда үлкенді-кішілі 2174 өзен бар. Жалпы өзендер мен
бүлақтарды қоса есептегенде олардың саны 85 мыңға жетеді. Мүның ішінде
Ертіс, Сырдария, Жайық, Есіл өзендерінің әрқайсысының үзындығы 1 мың км-ден
асады. Барлық өзендерден жылына 102 млрд. текше м (м3) су ағып өтеді.
Алайда ірі өзендердің көпшілігі Республикамыздың шекарасына жақын
аймақтарда орналасқан да, бастауын басқа елдерден алады. Жеріміздің басым
бөлігі өзен сулары тапшы шөлейтті аймақта. Орталық далалық өзендердің
деңгейі қар суымен қалыптасады, олар ылғал аз жылдары таязданады немесе
қүрғап қалады. Тау өзендері мұздықтардан басталады. Сондықтан су деңгейі
жыл маусымына қарай және әр жылда едәуір өзгеріп отырады.
Қазақстанда жер асты суларының барланған қоры 45 млрд. текше метр.
Одан жылына 750 млн. м3 су алынып пайдаланылады. Болашақта пайдалануға
болатын су қоры шамамен 53 текше км деп есептеледі.
Көлдердегі түщы су қоры 57 текше км, ал ащы суды қоса есептегенде 190
куб. км. Арал, Каспий теңіздерінен басқа 48 мыңнан астам көл бар. Су
бетінің (акватория) аумағы 45 мың шаршы км. Оның ішінде аумағы 1 км2
аспайтын шағын көлдер жалпы санының 94%-ті, ал аумағының 10%-і. Аумағы 100
км2-ден асатын көлдер 21 - жалпы ауданы 27 мың шаршы км. Республика
территориясында көлдердің орналасуы да біркелкі емес.
Алтай, Сәуір, Жоңғар, Теріскей, Күңгей, Іле Алатауларында 2700-дей
мәңгі мүздықтар бар. Олардың жалпы су қоры 95 текше км. Жылына олар 2 текше
км су береді.
Судың ағысын маусымдық реттеп отыратын су тоспаларындағы су қоры 48
текше км. Тоспалардың жалпы саны 180-нен астам.
Жылдық атмосфералық жауын-шашын суының көп жылдық орташа жылдық шамасы
662 км3.
Су қорын пайдалану-тұтыну және пайдалану түрінде болуы мүмкін. Су
пайдаланғанда ол су көзінен бөлініп алынбайды. Мысалы, су балық өсіру, су
тасымалы, энергия өндіру, климат түзеу, демалыс, сауықтыру үшін
пайдаланылады. Өнеркәсіпте, егіншілікте коммуналдық шаруашылықта, ауыз суға
су түтынылады, су көзінен бөлініп алынады. Бірақ осы ерекшеліктеріне
қарамастан, аталған екі ұғым кең қолданыста, тең мағынада қолданыла береді.
Біздің кітабымызда да осындай түрмыстық қолданысқа жол берілген. Арнайы
бөлшектеп көрсету көпшілік жағдайда су пайдалану, яғни түтыну деп айтамыз.
Қазақстанда соңгы жылдары су пайдалану жылына 83 мпрд. м3-ге жетті,
оның ішінде тікелей су түтыну 44%, 40% - ті су тұтынуды қамтамасыз етуге
жүмсалады. 16%-ті ысырап болады.
6.1. ОРМАН ҚОРЫ
Жер бетіндегі өсімдіктер әлемінде ең маңыздыларының бірі - орман болып
табылады. Орман ауадағы көмір қышқыл газын сіңіріп алып, өзінен оттегін
бөліп шығарады, яғни ауадағы оттегі мен көмір қышқыл газ балансын
қамтамасыз етушілердің бірі және негізгісі болып табылады. Салыстырмалы
түрде айтқанда орман жердің өкпесі іспеттес. Бір гектар орман тәулігіне 220-
280 көмір қышқыл газын сіңіріп алып, 180-200 кг оттегін бөліп шығарады.
Орман ауаны тазартушы, сауықтырушы қызметін атқарады. Бір гектар ормандағы
жапырақты ағаштар бір күнде 2 кг фитонцид бөліп шығарады, қылқанды
жапырақтар - 5 кг, ал арша тектестер .- 30 кг-нан астам. Орманда ауру
тудыратын микробтардың күрт азаятындығы байқалады. Қала ауасымен
салыстырғанда орманда мүндай бактериялар 300 есе кем. Қылқан жапырақты
ормандағы ауаның тазалығы хирургиялық операция бөлмесіндегімен бірдей.
Сондықтан қалалардағы, елді мекендегі орман алқаптары (парктер, скверлер,
т.б.) маңызды денсаулық сақтау, сауықтыру қызметін атқарады.
Орман топырақтың құнарлылығын сақтайды, жердің тозуын (эрозиясын)
болдырмайды. Орман жердің көркі, жанның саясы. Орман су көздерін қорғау
қызметін атқарады, ауыл шаруашылық жерлерін, қатынас жолдарын - жел
эрозиясынан, құм, шаң басудан қорғайды.
Орман халық шаруашылығына қажетті құнды материал - ағаш береді.
Орманда дәрілік, тағамдық, техникалық, өсімдіктер, жеміс - жидек,
саңырауқұлақтар өседі. Орман ағаштарынан құнды шырын, шайыр алынады.
Орманда түрлі жан-жануарлар, қүстар, жәндіктер өмір сүреді.
Қазақстан орман қорының жері 21,2 млн. га, оның ішінде ағашты алқап -
9,1 млн.га. Орманнан жылына 2,0-2,4 млн. м3-ге дейін ағаш даярланады, ал
есептелген кесуге болатын шамасы 3-3,5 млн. м3-ге жетеді.
Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге болады.
Еліміз жылына 11 млн. м3-ге жуық (келтірілген шама) ағаш өнімдерін
тұтынады. Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Қазақстан
ормандары негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.
Қазақстан орман қорына бай емес. Ағаш және ағаш өнімдерінің басым
бөлігі шетелдерден (көпшілігінде Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде
орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте езекті экологиялық,
әлеуметтік-экономикалық мәселе.
Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі оны
ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе қүнды ағаштардың қорын молайту.
Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы. Сондықтан орман
қорын өсіру, қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен, жоспармен жүзеге
асырылуы тиіс. Орманда әр жылдық ағаштар өседі. Бұл ағаш өсіру мен оны
пайдалануды үйлестіруге мүмкіндік береді. Яғни ағашты өсіруге, оны қорғауға
жүмсалатын шығын мен оның өнімдерін пайдалану процестері үздіксіз
қайталанып отырады.
Екінші мәселе - ағаш даярлау (кесу, тасымалдау) жұмыстарын үқыпты
жүргізу керек. Бүл жүмыстар кезінде жас ағаштардың өсуіне нүқсан келтірмеуі
қажет. Ағаш кесу орман ағаштарының қүрамына, жасына байланысты белгіленеді.
Ағаш даярлау кезінде әсіресе орманда қүнды ағаштардың сақталуы, қүнды
ағаштар кесіліп және оның орнын басқа қүндылығы төмен ағаштар баспауы
қадағалануы тиіс. Ағаш даярланғанда оның табиғи өсуіне зиян келтірмейтін
техника, технологиялар қолданылуы керек.
Үшінші мәселе - орман қорын кешенді пайдалану. Орманды тек ағаш
даярлау үшін емес, оның басқа қызметтерімен үйлесімді пайдалану. Қазақстан
ормандарының басым бөлігі 1-топқа жатқызылған. онда тек қана күтіп-баптау,
сауықтыру, тазарту кесімдері жүргізіледі. Бүл топтағы ормандар негізінен
экологиялық қызметтер атқарады.
Төртінші мәселе даярланған ағаш қорын кешенді пайдалану, ағаштың
сүрегін ғана емес басқа бөліктерін де (бүтақтарын, түбірін, қабығын,
қылқанын) пайдалану. Тақтай тілуге жарамсыз қүндылығы төмен ағаштарды
пайдалану. Қазіргі кезде ағаш даярлау, өңдеу қалдықтарынан, төменгі сортты
ағаштардан халық шаруашылығына қажетті көптеген бұйымдар, өнімдер
(целлюлоза, картон, қағаз, ДСП, ДВП, жасанды талшық пластмасса, жем, спирт,
дрожжи, глюкоза, т.б.) шығарылады.
Кешенді пайдаланған әрбір ағаш ағаш кесуді қысқартуға, сөйтіп орманды
қорғауға септігін тигізеді. Ағаш өнімдеріне көпшілік қажеттілікті ағашты
кешенді пайдалану, ағаш қалдықтарын пайдалануды (макулатура есебінен)
қамтамасыз етуге болады. Сөйтіп орман ағаштары басқа экологиялық, қызметтер
үшін сақталады. Екінші жағынан ағаш өсіру, қорғау, даярлау шығындары
үнемделеді.
№5. Қоғам мен табиғат арасындағы өзара әрекет нәтижесігің әлеуметтік –
экономикалық салдары, қооршаған ортаны қорғау.
Баршамызға белгілі, бізді қоршаған табиғи орта, жер
қыртысы (жер шарының кабығы) жекелеген қүрылымдық элементтерден —
табиғат кешендерінен құралады. Бұл табиғи кешендер геоморфологиялық,
геологиялық, физикалық, биологиялық, географиялық және басқа да
жаратылыстану ғылымы өкілдерінің жүргізген зерттеулері негізінде
анықталады. Мүндай зерттеулердің нәтижесінде табиғи кешендер бүкіл елдің
аумағын физико-географтардың аудандастыруларымен қорытындыланады.
Табиғат кешендері генетикалық біртұтастығымен, салыстырмалы
біртектестігімен сипатгалады.
Табиғи кешендердің жеке элементтері немесе олардың жиынтығы
оларды шаруашылыққа пайдалану мүмкіндігі турғысынан алғанда бірдей
болмайды, яғни өзінің экономикалык маңызы бойынша, әрбір сәтке сөйкес және
уақыт ағымына орай ерекшеленеді. Өндіргіш күштердің даму деңгейі мен
зерттеулеріне сәйкес материалдық әрекетке тікелей қатысу формасына қарай,
адамның, адамзат қоғамының қажеттілігін өтеу мумкіндігіне байланысты
табиғат кешендерінің элементтері табиғи ресурс деп есептеледі. Мысалы,
қазба байлықтарға -минералды ресурстарға жер қойнауының тек қоғамның
белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін ғана игерілетін бөлігі жатады.
Табиғи зерзаттар, мысалы бос жыныс өндіріс техноло-гиясы мсн техникасының
жетілген шағында оған қоғатмдық қажеттілік пайда болған кезде
ресурсқа айналуы мүмкін. Қүрамында орта есеппен 1,5 %-тен аз мыс кені
өткен ғасырда өнеркәсіптік қүндылығы жок, бос жыныс деп саналды, ал сондай
қорғасын, мырыш кені осы гасырдың басында бос жыныс деп есептелді.
Қүрамында фосфоры бар, темір кені олардан болат пен шойын алу технологиясын
ойлап тапқанша өндірісте пайдалануда жарамсыз деп есептелді. Белгілі
кезеңге дейін Чили силитрасы, Хибин апатиті мен нефелині, Қаратау фосфориті
пайдаланылмай келді. Өнеркәсіптің атом, ракеталық, ғарыштық, теледидарлық
сияқты жаңа салаларынын пайда болуы мен дамуына байланысты уран, берилий,
цирконий, титан, ниобий, цезий, рубидий, германий, стронций алу үшін
минералды шикізатгың жаңа түрлері игерілді.
Академик А.Е.Ферсманның айтуы бойынша, "...табиғатга пайдалы және
пайдасыз., керекті жәнс керексіз минералдар жоқ адам өзінің жасампаз
еңбегімен табиғатты өзіне бағындырады оны елдің өндіріс күшіне айналдырады.
Сонымен, табиғат ресурсы деп өндіргіш күштердің дамуы мен зертгелу
деңгейіне сәйкес адамзат қоғамының кажеттілігін камтамасыз ету үшін
пайдаланылатын табиғи денелерді немесе табиғи куштерді айтамыз. Еңбек күшін
жұмсау нәтижесінде қоғамның белгілі бір қажеттілігін камтамасыз ету үшін
табиғи ортадан алынған табиғат ресурстары қоғамның материалдық құндылығын
қурайды. Олар табиғи зерзаттар емес, тұтыну өнімдері, еңбек қүрал-
жабдықтары.
Табиғат ресурстарының ролі мен мәні қоғам өмірінде уақыт өткен сайын
өзгеріп отырады. Өндірістің техникасы мен технологиясының жетілдірілуіне
қарай адамзаттың табиғатқа тәуелділігі кемиді, бірақ табиғи ресурстарды
барған сайын кем мөлшерде пайдаланады. Жоғарыда келтірілген анықтамаларға
сәйкес табиғат ресурстары біріншіден, табиғи денелер немесе табиғи күштер,
яғни табиғи ортаның, табиғи кещеннің бір бөлігі, екіншіден — табиғат
ресурсы ретінде табиғи денелерді немесе күштерді мойындау қоғамның өндіргіш
күші мен табиғаттың меңгерілгендігі белгілі бір деңгейінде қалыптасады,
үшіншіден, оларды пайдалану материалдық іс - әрекетке тікелей қатыстыру
формасында қоғамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандырады. Сонымен,
"табиғат ресурсы" түсінігінің озі өндіргіш күштердің даму деңгейімен,
қоғамның қажеттілігіне қанағаттануымен және экономикалық түрғыдан тиімді
пайдаланумен байланысты, сөйтіп, "табиғат ресурсы" түсінігінңң өзі
экономикадан, қажеттіліктен тыс болмайды.
Табиғи ресурстардың адам өміріндегі ролі жайьнда (негізінен философтар
мен экономистер) үзақ уақыт бойы соз таластырды. Идеалистер, мысалы,
адамзат қоғамының дамуы үшін материалдық жағдайдың маңыздылығын теріске
шығарып отырды, ал "географиялық бағыттың" өкілдері адамзат қоғамының
дамуында табиғи факторлардың шешуші рөл алатынын баса жазып отырды.
Марксизм-ленинизм классиктері, табиғи ресурстар да еңбек сияқты зат
түріндегі байлыққа негіз болатындығын көрсетті, бірақ олар еңбекпен
өңделгенде ғана тұтыну қүндылығына ие бола алады. Бұл жағдайда табиғат
ресурстары белсенді элемент емес еңбек заты болады. Марксистер коғамның
дамуында шешуші рөлді қогамдық өндіріс, әсіресе, өндіріс тәсілі атқарады
деп ойлады.
Қазіргі кезде қоғам мен табигаттьң, қоғамның жекелеген топтарын бір-
біріне қарсы қоюдан гөрі олардың диалектикалық бірлігі жайындағы үғъм
калыптаса бастады. Коғамның экономикалық даму деңгейі ғылыми-техникалық
прогрестегі жаңа жетістіктерді қолдану арқылы елдің табиғи ресурстарын
тиімді пайдалану дәрежесімен анықталады.
Табиғи ресурстардың қоғамдық өндіріске тигізетін әсерін қазіргі
заманғы ғылым үш жақты қарастырады. Біріншіден, табиғи ресурстар адамды
қоршаған табиғи орта ретіндс, адамзат қоғамының өмір суруі үшін қажетті,
өмірлік кеңістігі, өндірістің табиғи базасы болып табылады. Екіншіден,
барлық өндірістің мағынасы сайып келгенде, қоғамның белгілі бір
қажеттілігін камтамасыз ету үшін табиги ресурстарды адам қажетіне
пайдалануга жарайтындай етіп өнімге айналдыру болып табылады.Жоғарғы
қаркынмен дамып жатқан қазіргі заманғы өндіріс табиғи ресурстардъң алуан
түрлерін игеруде барынша кең түрде пайдалануды талап етеді. Осы түрғыдан
алғанда, табиғат ресурс тарының (дәлірек айтқанда, өндірістің шикізатпен
қамтамасыз
етілуінің) халық шаруашылығын дамытудағы қоғамдық өндірістің тиімділігін
арттыруда маңызы зор. Мысалы, казіргі заманғы радиоэлектроника,
термоядролық өнеркосіп, авиажасау, электр энергетикасы, ракета жасау,
ғарыштық техника, тусті металлургияның, сирек металлды өнеркәсіптің
өнімін кең көлемде тұтынады. Бұл мағынада табиғат ресурстары негізгі
өндіріс "кірпіші" — материалдық өндірістің құрамы болады.
Үшіншіден,бәрімізге белгілі, табиғат ресурстарын пайдалану
жағдайы, сапасы, коғамдық өндірістің, еңбектің өнімділік
деңгейін анықтайды. Сол себспті К.Маркс ауыл шаруашылығында (тау-кен
өнеркәсібінде) мәселе тек қоғамдық өнімділікте ғана емес,сонымен бірге
табиғат жағдайына тәуелді болатын еңбектің табиғи өнімділігіне де
байланысты болады деп жазды. Табиғат ресурстары — табиғат күштері —
еңбектің өнімділігін арттырады,қоғамдық өнімнің өсуін қамтамасыз етеді.
Табиғат пен еңбек - қоғамның материалдық игілігін құрушы алғашқы екі
фактор. Сондықтан адам және адамзат қоғамы, жоғарыда айтқанымыздай,
табиғатқа оны өндіріс пен өмір ортасы ретінде өндірістің, еңбектің
объектісі ретінде әсер етеді және сонымен қатар оны аталған әсерлердін
зиянды зардаптарынан қорғай отырып ықпал етеді. Аталған үш түрлі әсерлердің
жиынтығы, жалпы сөзбен "табиғатты пайдалануды" білдіреді.
Жоғарыда атап өткендей, табиғат ресурстарын қазіргі күнгі масштабпен
пайдалану табиғаттың тепе-теңдік күшін бұзуы мүмкін және соған орай осы
тепе-тендікті сақтау үшін едәуір шығын болуы қажет. Сондықтан табиғат
ресурстарының өндірске тиімділігін - оның оң жақтарын ғана емес, сонымен
бірге келеңсіз жақтарын да ескеру арқылы анықтауы тиіс. Қазіргі кезде
табиғи ресурстардың алуан түрлерін пайдаланудың тиімділігін
анықтағанда табиғи ортаны қорғауга кажет шығынның мөлшерін ескеру өте
қажет. Сөйте түра, табиғи ресурстардың өзі айналадағы қоршаған ортаның
құрамы ретінде адам өмірі мен өндірістің жағдайын жақсартатын немесе
нашарлататын фактор ретінде қарастырылуы керек. Бүл жағынан алғанда табиғи
ортаны қорғау мәселесі өздігінен табиғат ресурстарын тиімді пайдалану
мәселесіне айналады. Табиғат қорғау тұргысынан алғанда, табиғи
ортаны сол қалпында сақтау лазым, ал өндірістің даму ауқымына сәйкес
адамның табиғи ортаға жан - жақты әсері артады. Қазіргі кезде шаруашылық
әрекеттің табиғи ортамен санасуы тек жеке микро деңгейде ғана емес сонымен
бірге әр түрлі масштабта табиғи-экологиялық жүйенің сақтауын талап етеді.
Қоғамның мүддесі табиғат пайдалануда экологиялық сыйымдылықты ескеруді
талап етеді. Экологиялық және табиғат заңдарының үйлесімділігі арқасында
табиғи өндіргіш күштердін дамуы қамтамасыз етілстін экологиялық тепе -
тендік сақталуы қажет.
Табиги ортаны тиімді пайдалану үшін әр түрлі гылым жетістікepiн ескеру
керек. Биосферадағы биогеоценоздың жеке бөлігіндегі, сол сияқты жиынтық
түріндегі ландшафттағы антропогендік факторлардың өзгерісінен болатын
биологиялық, экономикалық және әлеуметтік зардаптардың салыстырмалы бағасы,
табиғи ортаның жағдайы жайында дәл мәліметтер керек. Жекелеген табиғи
кешендер бойынша да, сол сияқты бүкіл "адам және табиғат жүйесі жан-жақты
байланысты модель құрмай тұрып, табиғи ортаны тиімді пайдалану мәселелсрін
дүрыс шешу мүмкін смес. Өндіріс пен табиғи ресурстарды пайдалану көлемінің
кеңейе түсуіне орай, қазіргі кезде табиғи-техникалық геосистеманың дамуын
талдау мен болжау бірінші ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz