Философия пәнінен лекциялық тезистер
Философия пәнінен лекциялық тезистер:
1-лекция.
Философия тарихи дүниетанымның үлгісі ретінде
1. Философия пәні: Дүние және Адам.
2. Философия пәнінің зерттеу объектісі мен қызметі.
3. Философия пәнінің мақсаты мен бағыттары.
4. Дүниеге көзқарас ұғымы және оның түрлері.
1. Кез келген адамның өзін қоршаған дүние жөнінде қалыптасқан белгілі
бір көзқарасы болады, бірақ ол көзқарас көбінесе теориялық жағынан ой
жіберіл-меген, негізделмеген, түрлі қарама-қайшы түсініктердің
үзінділерінен құралады. Ал, философия табиғат, қоғам, адам және оның
дүниедегі орны жөніндегі идеялардың идеялардың, көзқарастармен
түсініктердің жәй ғана жиынтығы емес, олардың жүйелі системасы. Дүниеге
философиялық көзқарас жәй өз принциптердің жариялап, оларды адамдардың
санасына сіңіріп қана қоймай, ол принциптерді дәлелдеп, логикалық
тұрғыдан қорытып шығарады.
Философия дегеніміз табиғаттың, қоғамның және адам ой-жүйесін
дамуынының жалпы заңдарын зерттейтін ілім. Көне грек тілінен аударғанда
философия ұғымы данышпандыққа құштарлық деген мағына береді.
Жалпы философия өте ертедегі көне дүние Үндістанда, Қытай, Орта
Азида туды, ал Грецияда тұңғыш рет біркелкі жүйеге түсірілді.
Философияның одан әрі дамуы, философиялық түсініктер мен ұғымдардың
көбейе түсуі тереңдеуі, баюы әртүрлі философиялық теориялармен
бағыттардың пайда болуына негіз қалады.
Философияның негізгі салалары ретінде, Онтология – болмыс туралы
немесе бүкіл тіршіліктің мәні туралы ілім; гносеология – таным теориясы;
логика – дұрыс, яғни байланысты, дәекті, дәлелді ойлаудың формалары
туралы ғылым; тарих философиясы этика, эстетика, т.с.с. пәндер
қалыптасты. Философиядан нақты ғылыми пәндер: математика, медицина,
астрономия, табиғаттану, қоғамтану, тарих т.б. бөлініп шықты. Философия
дүниетанымдық методологиялық жер болып қалды. Өйткені ол дүниенің бізді
қоршаған орта: табиғат пен қоғамның және адам дамуының жалпы
заңдылықтарын зерттейді. Сондықтан философияның маңызын, құрылымын,
пәнін тереңдеп білу үшін, ең әуелі, оның дүниеге көзқарас ұғымымен
байланысын, ара-қатынасын өзара байланысын білген жөн.
2. Философия адам санасының мазмұны мен табиғаты туралы мәселені
зерттейді. Сана дүние туралы ой, бейне мен ол ойдан тысқары тұрған әлем
арасындағы қатынас арқылы талдауға алынып, қарастырылады. Басқаша
айтқанда, философ өз ойлауын жемісін өзінен тысқары тұрған тәуелсіз
дүниемен салыстырады. Осы бағытта ол ақиқат пен адасудың, білім мен
болжамның, болмыстың шындығы мен ол туралы қияли пікірдің ара жігін
ажыратудың қажеттілігін және маңызын түсінетін еді.
3. Адам дүниемен қарым-қатынаста болғанда, болмыстың екі жағы да
–материалдыққа және идеалдыққа душар болады. Материалды дүниеге
айналадағы қоршаған заттардың бәрі, яғни адамның санасынан, ой-жүйесінен
тысқары әрі одан тәуелсіз, объективті түрде өмір сүргеннің бәрі жатады.
Ал идеалды, яғни рухани дүниеге санадағы, ойдағы, көкейдегі субъективті
құбылыстар (ойлар, сезімдер, психикалық қасиеттер) жатады. Осылардың
арақатынасы, байланысы қандай? Ойдың болмысқа, материяның рухқа қатынасы
қалай? Міне, осы сұрақ философияның негізгі мәселесі болып табылады.
4. Дүниеге көзқарас дегеніміз – айнала қоршаған орта, бүкіл әлем тұтас
дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы
көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Дүниеге
көзқарас одан қоғам мен бірге пайда болған қоғамдық тарихи құбылыс.
Дүниеге көзқарастың негізгі ұғымдары дүние және адам. Олар ажырамас
диалектикалық бірлікте, яғни адамның бөлектенген дүние және табиғат,
сондай-ақ сыртқы дүниемен салыстырылмаған адамның іс-әрекеті ішкі рухани
өмірі, әрқайсысы өз бетінше дүниеге көзқарасты құрай алмайды. Дүниеге
қатынасы арқылы адам өзінің тағдыры мен өмірлік позициясы,
сүйіспеншілігі мен сенімі туралы белгілі бір көзқарастар туралы
түсініктер тиянақталынады. Осыдан келіп, дүниеге көзқарастар,
біріншіден, әлем, табиғат және қоғам туралы, оларды бірлігі туралы,
екіншіден адам және оның дүниегі орны туралы, үшіншіден, болмыс пен
болашақтың мән жайлы туралы көңілге қонымды түсініктер қалыптаса
бастады.
Ал тарихи тұрғыдан алғанда қоғамдық өмірдің болмысы мен санасының
жетілу дәрежесіне байланысты дүниеге көзқарастың мифологиялық діни,
натурфилософиялық және философиялық түрлері қалыптасты. Адамзат қоғаммен
бірге қалыптасқан дүниеге мифологиялық көзқарасқа тән нәрсе – адам
қоршаған ортада өзін ажырата алмауы, құбылыстардың құрамындағы
ұқсастықты ғана пайымдау, сананың, өнердің, дәстүрдің бір ғана сипатына
– символдық қызметіне ерекше көңіл бөлу. Осыдан келіп, мифтік
көзқарастар білімсіздік, ырымшылдық, аңқаулық, алданушылық,
бұрмалаушылық пен соқыр сенім элементтері қат-қабатымен кезігеді. Миф –
адамның қауымдық алғашқы қалыптасуының көрінісі. Ол ешбір құбылыстың түп
негізін, шығу себебін ашпайды. Тек ғажайып құбылыстарға көңіл аударады.
Сол күйінде ұғынуды, қабылдауды талап етеді.
Дүниеге діни көзқарас мифологиялық сананың табиғи жалғасы. Дүниеге
көзқарас табиғаттан тыс құдіретті күшке адамның мүлтіксіз бағынуын
уағыздайды. Адам санасында табиғи құбылыстардың бұрмаланған бейнесін
туғызады, оның табиғатын өзгерту мүмкіндігінен шеттетуге бейімдейді.
Мифология мен діни сананың кемістіктеріне қарсы күресті біршама батылдық
пен жүргізген натуралистік философия болды. Ол жеке жаратылыстану
ғылымдарының тұжырымдарына сүйене отырып, табиғат туралы тұтас көзқарас
қалыптастыруға тырысты. Бірақ онда дүниені өзгермейтін нәрсе ретінде
қарастыру басым еді.
2-лекция.
Ежелгі Шығыс мемлекеттері Үнді, Қытай философиясының тарихы
1. Үнді философиясының пайда болуы кезеңдері.
2. Көне Үнді философиясындағы діни бағыттар
3. Көне Қытай философиясындағы адам-әлем түсінігі
4. Қытай өркениетінің негізін салушы Конфуций даналығы
5. Қытай философиясындағы мектептер
1. Біздің жыл санауымыздан үш мыңдай жыл бұрын Ежелегі Үнді жерінде
қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады.
Осыған орай ежелгі үнді қоғам варнаға (каста) бөлінді. Олар:
Брахмандар (абыздар) – үлесіне ой еңбегі бар адамдар енді.
Кшатриилер (әскербасылар) - әскери қызметтегі адамдар жатады.
Вайшьилер(ауқатты шаруалар) – егін шаруашылығы, қолөнер кәсібі,
саудагерлік тиген адамдар.
Шудралар(құладар) – қара жұмысты істейтін адамдар болды.
Осы кезде қоғамдық өмірге әлеуметтік қатынастарға сай келетін
мифологиялық, философиялық көзқарастар қалыптасты. Олар негізінен ежелгі
үнді мәдениеттің ескерткіші – ведаларда ( веда-білім) жиынтықталған.
Ведалар төрт бөлімнен тұрады:
1. Самхит – құдайларға араналған гимндер жинағы.
2. Брахман – самхитті түсіндіретін әр түрлі мифологиялық әңгімелер.
3. Аранъякта (Орман кітабы) – брахманға тән ритуалдардың орнына, сол
құдайларадың іштей сыйлап-құрметтеу, олар туралы ойлап-толғану
сияқты көзқарас.
4. Упанишадта – дәстүрлі касталарды қарсы қоюдан гөрі, олардың
арасындағы ең жоғары білім арқылы жоққа шығару болады деген идея
уағыздалады.
Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдерге байланысты
әр түрлі бағыттарға бөлінеді: жайнизм, буддизм, чарвака-локаяттар,
санкхья және т.б.
2. Жайнизм. Жайнизм б.д.д. VІ ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Жайнизм
идеясы, оның негізгі философиялық көзқарастары одан да бұрынғы ғасыр-
ларда қалыптаса бастаған. Жайнизмге деген сенім, деректерге қарағанда,
24 ұстаз(тиртханкара) арқылы таралады. Жайнизмнің негізін қалаушысы –
Махавира Джина (джина- жеңімпаз). Жайнизмнің идеялық жүйесі Сидханта
деген еңбекте ( б.д.д. ІІІ) жинақталынған.
Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның
тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты –
қасірет деп түсінген, өмірден азат болу.
Буддизм. Буддизмнің негізін қалаушы б.д.д. VІ ғ. шакья ( сакья)
тайпасынан шыққан князьдің баласы Сидхарата Гаутаманың ( б.д.д. 563-
483ж.ж.) есімімен тығыз байланысты. Будда термині жарқырау, сергу,
жадырау деген мағынаны білдіреді. Буддалық ілім бойынша, өмір –
қобалжу, азап, өмірге келу мен қарттық, ауру мен өлім, сүйгеннен арылу
мен сүйметінмен бірге тұру, орындалмаған арман және қанағаттанбаған
тілек – мұның бәрі де азаптың көрінісі, әрі жалғасы. Адам қанша
әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан, кәріліктен, өлімнен құтыла алмайды.
Тойымсыз құштарлықты тоқтату үшін артық тілектен тартыну керек, жер
бетіндегі әуреліктен арылу дұрыс. Азаптан арылудың осындай жолын тапқан
нирванаға жетпек.
3. Қытай – көне тарихтың, мәдениеттің, философияның елі мен жері.
Мамандар Қытай өркениетінің басталуын ся дәуіріне, яғни б.д.д. ІІІ-ІІ
мың-жылдық уақытқа жатқызады. Ал оның күйреуін Хань империясының күй-
реуімен (б.д.д. 220ж) ұштастырады. Б.д.д ХVІІІ-ХІІ ғ.ғ. Шан-Инь
мемлекетінде қола мәдениеті дамыды, қалалар қалыптасты, шаруашылықтың
құлдық қоғамдық түрі жетілді. Қала мен өндіріс төңірегінде
қауымдастықтың шоғырлануы негізінде екі жағдайда – шаруашылық пен әскери
себептеріне орай дамыды. Ежелгі Қытай мемлекеті – шын мәніндегі Шығыстық
деспотия болды. Мемлекет басшысы - әрі монарх, әрі абыз және жалғыз ғана
жер иесі болды. Әр түрлі дәрежедегі аристократия мемлекеттік қызметте
болды. Олардан кейін әлеуметтік сатыда – ру басылары, от басылары тұрды.
Ал құлдар болса, олар жануар сияқты, әлеуметтік сатыдан тыс қалды.
Құлдардың еңбегін, әсіресе мал шаруашылығында, егінде, құрылыста, тұрмыс
қажетіне пайдаланды. Қытайлардың сол кездегі дүние-танымдық ой-пікірлері
Бес кітап деп аталатын кітаптарда шоғырланып, өздерін білімді санайтын
әр адамның көзқарастарын қалыптастыруда зор рөл атқарды.
Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың аяғында пайда болған Ежелгі
Қытай философиясы негізгі алты философиялық бағыттағы мектептерге
бөлінді. Олар: конфуцийшылдық, мойзм, заң мектебі(легистер), даоизм,
тұрпайы философия(натурфилософия) және Атаулар мектебі.
4. Конфуцийшылдық. Бұл философиялық ағымның пайда болуы мен қалыптасуы
осы ағымның негізін қалаушы Кун-фу-цзы, оның ізбасарлары Мэн-цзы және
Сюн-цзының есімдерімен тығыз байланысты. Кун-фу-цзы аспанды өзіндік
болмысы бар дүние ретінде, ең жоғарғы, құдіретті күш ретінде
қарастырады. Аспан, ол үшін, әділеттілік аясы, аспан өз еркін әр адамға
білдіреді, өз үкімін барлық аспан астындағы елдерге, мем-лекеттер мен
қоғамға таратады. Содан аспан ұғымы конфуция филосо-фиясында діни, саяси
және этикалық қызметте атқарады.
Кун-фу-цзы өз ілімінің өзегі етіп материалдық денелердің
заңдылықтарын,бабалар рухын зерттеуден гөрі адам арасындағы қарым-
қатынас, тәрбие мәселелерін қабылдайды. Осыған орай, мынадай ұғымдарға
көп көңіл бөледі. Олар: тең орта, адамгершілік және өзара
сүйіспеншілік. Осы үш ұғым бірігіп дао (дұрыс жол) құрайды. Әр адам
осы даоның жолымен өмір сүруі қажет.
5. Легистер (заңгерлер). Легизм (лат. т. –заң деген мағ. береді)
–фацзя мектебінің заң туралы ілімі, ерте қытайдағы саяси-этикалық ілім,
адамды, қоғамды және мемлкетті басқару туралы көзқарастар. Легизмнің
көрнекті өкілдері – Цзы-чан (б.д.д. VІ ғ.), Гуань-Чжун (б.д.д.
645ж.қайтыс болған), Шан Ян (б.д.д. 390-338), Хан Фэй Цзы (280-233), Ли
Куй т.б.
Легистер конфуцийшылдардың мемлкетті әдептілікке негізделген заңдар
арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісіне, мемлекетті
тек қана билеушінің өзі шығарып, өзі бекіткен заңға сүйеніп басқаруға
болады, себебі мейірімділік пен адамгершілік- қылмысқа апаратын бірден-
бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп
уағыздады.Мемлекеттің негізгі мақсаттары: ұсақ патшалықтарды біріктіріп,
аспан аясындағы мемлекет құру және оған басқа халықтарды бағындыру. Осы
тұрғыдан өнерге, білімге деген құштарлық тежелуі қажет. Мемлкеттің
экономикалық негізі –қолөнер, сауда емес, егін шаруашылығы болуы керек.
Даоизм. (б.д.д. VІ-Vғ.ғ.) Бұл ілімнің негізін қалаушы б.д.д. VІ ғ. өмір
сүрген Лао-Цзы деп есептелді. Оның негізгі еңбегі -Дао және дэ туралы
кітап (Дао дэ цзин). Даоизм философиясының негізгі мәселесі – ұлы Дао
(ұлы жол) туралы, жалпылама Заң және Абсолют туралы ілім. Даоизмдегі
қарама-қарсы пікірлерге толы, көмескіленген ілімдердің бірі – екі түрлі
дао туралы ілім. Даоның бірінші түрінің аты жоқ. Себебі, ол – денесіз,
екі ұшты, кішкентай, көрінбейді, жалғыз. Ол- мәңгі, еш уақытта
өзгермейді, еш нәрсе оны өзіне бағындыра алмайды, ал өзі басқа заттардың
дамып, жетілуіне көмектесе алады, бұл жағынан шектелуді білмейді. Екі
бастама өзара байланыста болған, сол үйлесімділіктің нәтижесінен күллі
мәнді нәрселер туындайды. Сонымен, даоизм конфуцийшылдарға, легистерге
де қарсы болды. Кейін келе даоизм дінге айналып, өзінің алғашқы кездегі
көптеген идеяларынан айырылып қалды.
3-лекция.
Ежелгі Греция философиясы мен медицина ғылымдары
1. Ежелгі грек өркениетінің өзіндік ерекшеліктері
2. Гиппократ - медицина ғылымының негізін салушы ретінде
3. Софистика мектебі - философия және мәдениет құбылысы ретінде.
4. Ежелгі грек ойшылы Сократ философиясы
5. Ірі идеализмнің негізін салушы Платон
6. Ғалым - энциклопедист, ойшыл Аристотель философиясы.
1. Антика заманының философиясы б.д.д VІІ-VІ ғасырларда кіші Азияның батыс
жағалауында гректер салған қалаларда өмірге келді. Б.д.д. VІІ-V ғасырларда
антикалық рухани даму мифологиялық діни көзқарастан ғылыми философиялық
көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық философия тарихында
Сократқа дейінгі ал б.д.д. V-ІІІ ғасырларда ойшылдардың мәнділіктің
генетикалық бастамасын, түп негізін, жалпы дүниетанымдық көзқарастың негізі
етіп алып, философиялық ойлаудың биік деңгейге көтерілуіне байланысты
кезеңді Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп екіге бөледі.
2. Сократқа дейінгі кезеңде дүниеге келген алғашқы филосо-фиялық мектеп
кіші Азияда шыққан Милет мектебі болды. Оның негізін қалаушы Милет
қаласында өмір сүрген жеті данышпандар қатарына жататын солардың ішіндегі
ең сыйлысы Фалес болды. Ол Бастама туралы, Күн туралы, Күн мен түннің
теңесуі туралы деген еңбектер жазған. Фалестің ілімінше барлық денелердің
генетикалық бастамасы – су. Фалестің ілімін әрі қарай оның шәкірті
және жолын қуушы үлкен – Анаксимандр (б.д.д. 611-545ж.) жалғастырды.
Негізгі еңбектері – Табиғат туралы, Жер картасы, Глобус. Анаксимандр
барлық денелердің бастамасын сол денелердің түп негізі сатысына дейін
көтерді. Бастаманы ол заттардың түп негізі апейронмен
теңестіреді.Анаксимандр ілімін әрі қарай оның шәкірті Анаксимен (б.д.д. VІ
ғасыр ортасы) жалғастырды. Негізгі еңбегі – Табиғат туралы. Анаксимен
барлық денелердің негізі деп ауаны айтады. Милет мектебінде қалыптасқан
философиялық дәстүрді ілгері қарай дамытқан Эфес қаласынан шыққан саяси
қайраткер, ғұлама ойшыл Гераклит (б.д.д. 544-483 ж.) болды. Гераклит
заттардың түп негізін генетикалық бастамасын от деп есептеген. Пифагор
(б.д.д. 580-500 ж.). Оның пікірінше, сандар барлық заттардың, ғарыштың
негізі. Олар ғарыштың реттілігін, үйлесімділігін көрсетеді. Элеаттар
мектебінің негізгі өкілдері Ксенофан, Парменид, Зенон. Элеаттар ілімі
ежелгі грек философиясының дамуындағы жаңа қадам болды. Элеаттарда түп
негіз – болмыс. Атомистер ілімі. Бұл бағытқа ежелгі грек ойшылдары
Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі Рим өкілі Лукреций Карр т.б.
жатады. Атомистік бағыттың, қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп
болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ, бөлшектерден атомдардан тұрады және олар
бос кеңістікке алақұйын қозғалыста болады.. Демокриттің (б.д.д. 460-371ж)
ілімінше дүниеніц бастамасы - атомдар (шын болмыс) және бос кеңістік
(бейболмыс).
3. Софистер. Б.д.д. V ғасырда Ежелгі грецияда құл иеленушілік демократия,
логика, риторика, философияның жедел дамуына жол ашты. Соттарда халық
жиналыстарында әдемі сөйлеп халықты мүмкін болса, өз қарсыластарында
айтқанына сендіріп, өз жағына тарта білуі өнері алдыңғы қатарға шығады.
Осыған байланысты риторика (әдемі сөйлеу өнері ) өнеріне ақы алып үйрететін
ұстаздар, софистер пайда болды. Олардың басты қағидасы – әркімнің өз
ақиқаты бар. Софизмнің қалыптасуына Протагор, Горгий, Гиппий, Критий т.б.
ойшылдар ат салысты. Солардың ішінде өз ерекшелігімен көзге түскен ойшыл –
Протагор (б.д.д. V ғ.) болды. Негізгі еңбектері – Ғылымдар туралы,
Мемлекет туралы т.б. Протагор білімнің салыстырмалы екендігі туралы
ілімін материяның абсолютті өзгермелі және тұрақсыздығы сияқты қасиеттеріне
сүйеніп дәлелдейді. Протагордың пікірінше, Адам барлық заттардың мөлшері
деген қағиданы ең негізгі қағида ретінде қабылдайды. Бұл қағидада да былай
делінді: Маған заттар қалай болып көрінсе, мен үшін олар солай болып
қалады, ал саған қалай көрінсе, сен үшін солай болып қалады. Білімнің
салыстырмалы екендігін Протагор: Өздігінен ештеңе өмір сүрмейді және пайда
болмайды, олар басқаларға қатынасы арқылы айқындалады, - деген пікір
төңірегінде дәлелдейді. Алайда, софистер адамның бұзылған дәстүрлі өмір
сүру тәртібінің орнына тартымды жаңашылдық ұсына алмады.
4. Антика философиясының екінші кезеңі атақты ойшыл, философ Сократтың
есімімен тығыз байланысты. Сократ жазбаша дерек қалдырмаған оның
философиялық көзқарастары бізге Платон, Аристо-тельдердің еңбектері арқылы
жетті. Сократ ауызша пікір таластырып, диалог арқылы өзінің қарсыластарын
қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа білім әкелуге тырысты. Бұл жолда ол
мысқылдауды, ақиқатқа жетудегі таным құралы ретінде алады. Осыдан келіп ол
екінші қағиданы ұсынады. Ол: Өзіңді өзің танып біл. Өзіңді өзің тану
деген, өзіңді қоғамдық әдептілік тұлға ретінде қалыптастыру арқылы барлық
адамдарға тән өнегелі негізгі қасиеттері төңірегінде этикалық ұғымдар
қалыптастыру. Сократ бойынша таным игілікті істің, қайырымды қылықтың
қажетті алғышарты.
5. Сократтың философиясын дамытқан идеалист Платон (б.э.д. 427-347ж.ж.)
Ертедегі грек идеализмі Платонның философиясында тұңғыш рет материализмге
қарама-қарсы дүниеге көзқарас формасында көрінді. Осы кезден бастап
материализм мен идеализм ертедегі грек философиясында және бүкіл одан
кейінгі философиядағы өзара қарама-қарсы екі негізгі бағыт болып
қалыптасты. Платонның ілімі бойынша,болмыс шын және жалған дүние болып
екіге бөлінді. Шын дүниеге жалпы идеялар - идеалдық мәндер жатады; ал жеке
сезімдік заттар мен құбылыстар идеялар дүниесінің, яғни шын дүниенің
көлеңкесі, сәулесі ғана болып табылады, сондықтан олар шындыққа жатпайды.
Платон идеялар дүниесін жаратушы құдай дүнесі дей келіп, адам туылғанға
дейін оның жаны сол дүниеде болады, ал содан кейін ол жан бұл дүниеге, яғни
жер бетіне келіп, уақытша адам денесіне енеді де қайта шығып кете алмай
тұтқын сияқты қараңғы қапаста өмір сүреді деп санады. Таным дегеніміз
Платонның пікірінше, жанның жерге жеткенге дейін өткен өмірін еске түсіру
болып табылады. Платонның объективтік идеализмі ойлаудың диалектикалық
дәлелімен ұштасып жатты: жеке мен көптің, тепе-теңдік пен өзгешеліктің,
қозғалыс пен тыныштықтың диалектикасын байқауға болады.
6. Аристотельдің философиясы, бір жағынан, барлық көне грек
философиясының қорытындысы іспетті. Ал екінші жағынан Аристотель көзқарасы
орта ғасырмен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Бұл
ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген проблемаларға жан – жақты талдау
жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол,
сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған
мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.
Аристотель философиясы, бір жағынан, өзіне дейінгі философияның,
ғылымның, таным теориясының, әлеуметтік - саяси, экономикалық ілімдердің
бәрін жинақтаған көне грек дәуірінің энциклопедиясы болды. Екінші жағынан,
Аристотельдің өзі көптеген философиялық саяси - әлеуметтік мәселе-лерді
көтеріп, оларды өз заманының деңгейінде шешуге ұмтылды. Оның қойған
философиялық проблемаларының маңыз-дылығы сонша, олар келесі дәуірдегі
ұрпақтардың игілігіне айналды.
4-лекция.
Орта ғасыр: Батыс және Шығыс философиясы
1. Орта ғасырдағы христиан философиясы
2. Орта ғасыр христиан ойшылдарының діни, философиялық көзқарастары
3. Орта ғасырдағы христиан философиясындағы бағыттар
1. Батыс Европа елдеріндегі – феодалдық қоғам философиясы, ол Рим
империясының күйреуімен бастап (5ғ.) капиталистік қоғамның алғашқы
формалары пайда болғанға дейін (14-15ғ.ғ.) өмір сүрді. Құл иленушілік
қоғамның құлауымен ежелгі философиялық мұра жоғалып, ол батыс Европа
ғалымдарында 12 ғасырдың екінші жартысына дейін белгісіз болып қала
берді. Алдыңғы Азияда, араб тілдес елдерде – мұсылман, Европада - екі
түрлі христиан ( рим католицизмі мен византия православиясы) діни
идеология үстем болды. Мектеп, ағарту ісі шіркеудің қолына көшті, оның
көзқарасы табиғат, дүние және адам туралы түсініктерге негіз болды.
Бұл дәуірдің өзіндік философиясы болды. Оны схоластика ( мектептік ілім)
деп атады.
1. Балауса схоластика (ІХ-ХІІғғ.) ғылым, философия, теология (дін
ілімі) әлі бір-бірімен біте қайнасып, ажырамаған, бірақ ақыл ой-
әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге
())жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға діни сенімнің
үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің заңдылығын дәлелдеуді өзіне
мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: А.
Кентер-берийский, П.Абеляр, А.Аврелий т.б.
2. Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІғ.). Бұл – философиялық-
теологиялық ілімнің қалыптасып кең етек алған кезі болды. Негізгі
өкілдері: Ұлы Альберт, Ф.Аквинский, Д.Скотт т.б.
3. Құлдырау кезеңі (ХІҮ-ХҮғғ.) ғылыми және философиялық ойлардың
тез қарқындап дамуына байланысты теологияның өмірден алшақ, мистикалық
ілімге айналуына орай схоластика мүлдем нәтижесіз, тіл безеген ғылымға
айналды. Негізгі өкілдері: У.Окком, Ж.Буридан т.б. Схоластикалық пікір-
талас үстінде христиандық догмаға сәйкес келе бермейтін көптеген
философиялық мәселелер көтеріліп, өзінің шешімін тапты.
2. Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырып,
шіркеудің алғашқы схолас-тикалық ұстазы болған Фома Аквинский (1225-
1274ж.ж.) Негізгі еңбегі: Теология жиынтығы. Ол Аристотельдің іліміне
сүйене отырып белсенді түр (реттілік принципі) мен тұрақсыз және
қалыптсапаған материяның (болмыстың әлсіз түрі) арасындағы байланысты
түсіндіру арқылы Иусус Христостың бойындағы құдайлық (идеалдық және
адамдық) материалдық қасиеттерін теориялық жолмен негіздеуге тырысады.
Ф.Аквинский Аристотельдің жалпы ұғымдар жалқылардың түр қалыптастыратын
принципі ретінде өмір сүреді деген іліміне сүйене отырып, универсалийлер
ақыл-ойдың жемісі болғанымен, санадан тыс, құдайдың ойында орын
алғандықтан өз алдында жеке дара тіршілік етеді деп есептейді. Осыдан
кейін ол универсалилердің үш түрлі өмір сүретіндігін көрсетеді.
1. зат пайда болғанға дейін құдайдың ойында;
2. заттардың өзінде;
3. заттардан кейін, адамның ақыл-ойы да – сол заттардың ұғымы,
абстракциялық ойдың нәтижесі ретінде өмір сүруі.
Ф.Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдың табиғатын түсіндіретін
ілім. Сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде адамзаттық қоғамнан жоғары
тұрады. Демек, өкімет билігі құдайдан рухани билікті жүргізетін, аспанда
– христос, жерде Рим папасы.
Дунс Скотт (1268-1308ж.ж.) шотланд схоласты, Аквинскийдің
іліміне қарсы сын айтып, құдайдың да, адамның да ақыл-ойы оның ерік
жігеріне тәуелді, сондықтан да құдайдың жігері не істеймін десе де
абсолютті ерікті, ал оның қалағанын істегенінің өзі игілік. Құдай
жігерінің арқасында әлемдегі жеке заттарды жаратқан. Ол жаратушы ғана
емес, сонымен бірге ол заттардың рухани түп негізі. Осындай рух адам да
бар. Адамның рухы (жаны) мәңгі, ал оның денесі кеңістік пен уақытта
шектеулі. Рухтың негізгі мақсаты - танып-білу. Адамдар сезімдік
түйсіктер арқылы заттардың қасиет сипаттарын таныса, ақыл-ой осы алынған
мәліметтер негізінде жалпылықтың мәнін түсінуге ұмтылады.. Олар әр
уақытта болған және мәңгі бола береді. Тек адамдар таным процесі кезінде
оларды заттардан бөліп алады да, жалпың ұғымын қалыптастырады.
Ортағасырлық философияның көптеген идеяларымен келіспей, өзіндік
пікір айтып, таным процесінде тәжір биенің беделін көтерген ойшылдардың
бірі Роджер Бэкон (1214-1294ж.ж.) болды. Ол философия, табиғаттану
ғылымдарын теологиядан бөлу керектігін уағыздап, ғылымның негізгі
тәжірбие, эксперимент және математика деп есептейді.
Уильям Оккамның (1300-1350ж.ж.) пікірінше әлем жеке заттар мен
мәндерден тұрады. Мәнділіктердің негізгі анықтамаларының қасиеттері
(трансцен-денталий) өзінен бөлінбейді және қажеттіліктің арқасында оның
мәнінен тікелей туындайды. Трансцендаталийлер категориядан да,
біртекетес заттарды қамтитын жалпы ұғымдардан да жоғары тұрады. Ал,
категориялар мен жалпы ұғымдар заттардың таңбасы, белгілері ғана, олай
болса олар жеке-дара өмір сүре алмайды, тек адамның ақыл-ойында болады.
Ол қал-ойдан тыс өмір сүретін тек жалқылар болғандықтан таным процесі
заттарды, құбылыстарды түйсіктер арқылы бейнелеуден басталады. Танымның
өзі сыртқы және ішкі тәжірбие арқылы түйсініп білуден тұрады. Ішкі
тәжірбиеде адам жалқыларды бейнелеудің нәтижесінде оларды түйсініп,
нақты білім алса, сыртқы тәжірбиеде трансцендаталилер туралы абстрактілі
білім жинайды. Бірақ ақыл-ой күшімен құдайды, оның бар екендігін
бұлжытпай дәлелдейтін фактілер болмағандықтан, оған сену ғана керек.
Олай болса, Оккамның пікірінше философиялық ақиқат пен діни ақиқат екі
түрлі құбылыс, ғылым мен философия үшін ең маңызды нәрсе – интуиция мен
білім арқылы ақиқаттығы дәлелденетін фактілер. Ал дәлелдеудің өзі
қарапайымдылыққа, түсініктілікке негізделуі шарт.
5-лекция.

1. Исламдық орта ғасырдағы араб- мұсылман философиясы
2. Араб фәлсәфасының негізін салушы - Әл-Кинди.
3. Медицина ғылымының атасы Ибн-Сина философиясы және Дәрігерлік ғылымының
каноны атты еңбегі
4. Екінші ұстаз-әл-Фараби философиясы.
5. Суфизм - мұсылмандық діни-философиялық ойлардың бағыты ретінде.
6. Ясауидің Даналық кітабы.
7. Ж.Баласағұн мен М.Қашқари ілімдері.
8. Әл-Беруни, Омар-Хаям, Әл-Хорезмидің философиялық көзқарастары.
9. Ибн-Рушд, Ибн-Туфейль философиясы
1. Орта ғасырда пайда болып, жаңа заманға дейін философия тарихында
көрнекті орын алған, еңбектерін араб тілінде жазған, негізінен мұсылман
елдерінен шыққан ойшылдар тобының ілімін ғылымда фалсафа деп атау
дәстүрі бар. Анығында бұлар ерекше ойлау менталитетіне ие болған фалсафа
өкілдері. Философия мұсылман мәдениетінің туындысы. Бұл негізінен,
мұсылман елдерінің ойшылдарына тән дүниетаным.
Фалсафаның мазмұны Платон, Аристотель еңбектерін қайта жаңғарту
болса, бұл мақсат мұсылман негізінде орындалып, араб тілі арқылы жүзеге
асты. Нақ осы кезеңде философ-ойшылдар рухани мәдениет пен мұраның бай
даму тәжірбиесін байыптай бастады, философиялық ілімнің алғашқы
тұжырымдамалары мен жүйелері, танымның қағидалары мен әдістері пайда
болды.
Осы кезеңде математика, астрономия, медицина, химия, география,
механика, музыка өнері, логика және т.б. ғылым салалары жедел дами
бастады. Орта ғасырладағы ғылым мен мәдениет антика заманының
жетістіктерін пайдалана отырып байи түскені мәлім. Шын мәнінде Шығыс
және Грецияның мәдени құндылықтарының қайтадан жаңғыруы осы аталған
кезеңге тән құбылыс. Грек, ежелгі Үнді, Сирия және дари-парсы тілдерінде
жазылған шығармаларды аудару, өткен дәуір ойшылардың еңбектеріне
комментарийлер жазу әдеттегі жәйтке айналған болатын. Осы кезеңде Шығыс
халықтары, оның ішінде Орта Азия халықтары тарихи аренаға ғылымның әр
саласына айтарлықгай қомақты үлес қосқан аса көрнекті ойшылдарды
шығарды. Олардың әрқайсысы әлем халықтары мәдениетінің тарихына өшпес із
қалдырды. Аталған тарихи кезеңде көптеген әлем халықтары мәдениетінің
байланысы мен бірігуінің нәтижесінде аса бай тілді мәдениет және
қоғамдық-философиялық ой қалыптасты. ІХ-ХІІ ғасырлардағы ғұлама
ойшылдардың терең философиялық және қоғамдық ойлары тұңғыш рет жалпы
адамзаттық құндылықтар тұрғысынан зерттелген.
2. Әл-Кинди (801-866) орта ғасырлардағы араб философиясының ірі өкілі.
Ол өз еңбектерін логика, философия, медицина, математика, геометрия,
музыка саласына көп көңіл аударды. Әл-Кинди философиялық проблемаларды
шешуде математикаға көп жүгінеді. Оның ойынша, философия ғылым
ретінде математикаға сүйенуге тиіс. Себебі, алғашқы субстанциялар,
нақтырақ айтқанда, материалдық дүниенің заттары олардың негізін ажырату
арқылы танылады. Болмыс пен табиғат туралы ілімі әл-Киндидің
философиялық системасының маңызды бөлігі болып табылады. Осы мәселеге
байланысты Әл-Кинди Алғашқы философия туралы, Бес мән туралы кітап
атты шығармалар жазды.
3. Орта ғасырлардағы ұлы ойшылардың бірі Ибн Сина (980-1037) есімі
ежелгі дәуірде өмір сүрген атақты дәрігер Гиппократ жөне дана философ
Аристотельмен қатар аталады. Ибн Сина медицинаға көп көңіл бөлді және
дәрігерлік практиканы жалғастыра жүріп танымал емшілердің қатарында
атала бастайды. Ибн Сина "Айығу кітабы", "Білім кітабы" және т.б.
еңбектері ғылыми тұрғыдағы құндылығымен ерекшеленеді.
4. Әл-Фараби 870 жылы Фарабта дүниеге келген. Оның қайраткерлігі мен
шығармашылығының айрықша құндылығы, ол Аристотельден кейінгі Екінші
ұстаз немесе Шығыс Аристотелі деп саналады. Философия тарихында Әл-
Фарабидің парасат пен ақыл жайлы еңбегі бәрін тұтас қамтитын рухани
дүниенің онтологиялық желісі, ақыл-ой мен болмыс диалектикасы маңызды
кезеңдер болды. Біріншісі, ежелгі грек ғалымдарының еңбектеріне
комментарий түрінде жазған шығармалары. Екіншісі, орта ғасырлардағы
жаратылыстану және қоғамдық-философиялық ойдың өзекті пробле-маларына
арнап жазған мен зерттеулері. Ол Аристотель мен Платонның логикалық,
этикалық, философиялық еңбектеріне, эвклидтің геометриясына, Александр
Афродезийскийдің Жан туралы атты шығармаларына түсінік береді.
5. Сопылық - өте күрделі философиялық діни феномен. Ол мұсылмандық
шығыс халықтарының рухани өмірінде маңызды рөл атқарған көрнекті ағым.
Ол ислам дінінен тарады, содан нәр алды, соның жүйесіне сүйенді. Бірақ
ислам дініне тараған бағыттарға қарағанда, сопылық көлемі жағынан да,
сенім, дүниеге көзқарас, дүниені қабылдау, дүниеге қарым-қатынас сияқты
аса маңызды мәселелерді іздестіру тұрғысынан күрделі ағым. Сопылық ағым
араб халифатының тарихи-әлеуметтік дамуының жемісі. Ол Омейядтар билік
құрған кезеңде халифаттағы дәулеттілер өкіметінің баюына, наразылық
ретінде пайда болды. Сонымен бірге, оның қалыптасуына гностицизм,
неоплатонизм, манихейлік ықпал етті.
Сопылық - өмірдегі ең жоғарғы мақсаты - адам жанының құдаймен
етене бірігуі деп ұғындырды да, жердегі фәни тіршіліктен, қоршаған
дүниеден бас тартуға шақырды. Құдайды ғана шын деп ұғады, ал оны
қоршаған заттар мен құбылыстарды құдайдың көлеңкесі деп түсіндірді.
6. Ахмет Ясауидің Диуани Хикмет еңбегінде, сопының өмірі мен қызметі
ұрпақ жадында тақуалық пен тәубенің , бай рухани өмір мен имандылық
хақында. Еңбекте Аллаға деген сүйіспеншілік баяндайтын, жоғары
мәнділіктерге көкейдегі ойдың ашылуы мен жету, сонымен қатар рационалдық
танымның қасаңдығын, сезімсіздік түйсіктің жетіспеушілігін де көрсетеді.
7. Мақмұт Қашғари Диуани-лұғат-ат-түрік атты еңбегінде алғаш рет түрік
мәдениетінің болмыс категориясын сипаттап берді. Еңбекте дәстүрлі халық
санасының сипаты, тарихи және мифологиялық құндылықтар, діни және
этникалық терминология тіркелген.
8. Әл-Бируни ежелгі Хорезмнің астанасы Қият қаласына жақын елді мекенде
дүниеге келген "Бируни" сөзі қала маңының тұрғыны деген мағынаны
білдіреді. Табиғат, Бирунидың пікірінше, барлық материалдың және табиғи
кұбылыстарды қамтиды. Бируни материалдық дүниенің барлық заңдылық
процестерін табиғат деп атайды. Бируни өзінің ғылыми ізденістерінде
табиғат кұбылыстарын оның өз заңдары арқылы түсіңдіруге тырысады.
Қорыта келгенде, Орта Азияның ортағасырдағы ойшылдары мен
ғалымдарының философиялық және жаратылыстанудағы ғылыми көзқарастары
Шығыс пен Батыс философиясының ілгері дамуына зор әсерін тигізді.
6-лекция.
Қайта жаңғыру және Жаңа заман философиясы
1. Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылым мен философия
2. Қайта өрлеу дәуіріндегі ойшылдар дүниетанымы мен ғылыми жаңалықтары
3. Жаңа заман философиясының қалыптасуы мен негізін салушы ойшылдар
4. Жаңа заман ойшылы Ф.Бэкон практиканың негізін салушы ретінде
1. Философ тарихында ХV-ХVІ ғасырлар қайта өрлеу дәуірі деп аталады.
Осы кезеңде Батыс Европа елдерінде өнеркәсіп, сауда-саттық, теңізде жүзу
ісі жедел қарқынмен дами бастады. Ғылым салаларының ішінде, әсіресе
механика, математика, жаратылыстануға көп көңіл бөлінді. Қөлөнер
кәсібінен машина жасау өндірісіне өту басталды. Капиталистік өндірістік
қатынастардың одан ары дамуы ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың басында
ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуына себеп болды. Шіркеу тарапынан
болған қудалау мен қысымға қарамастан қайта өрлеу дәуірінің аса ірі
ойшылдары Н.Коперник, Дж. Бруно, Г.Галилей және т.б. ортағасырларда
қалыптасқан жаңсақ пікірлерге қарсы шықты. Қайта өрлеу дәуірі
философиялық ой тұрғысында дүниенің жаңа көріністерін көрсетті. Осы
философиялық негізде пантеистік ілім қалыптасты. Осы дәуірдің
философиялық екінші ерекшелігі антропоцентризм пайда болды. Адам
философиялық зерттеудің негізігі объектісі бола отырып, дүние орталығы
болып табылды. Енді адам тек жаратылған пенде емес, ол табиғаттың,
айналасындағы барды жаратушы, рух беруші болды.
2. Қайта өрлеу дәуірі ойшылдарының аса ірі өкілдерінің бірі Н.Коперник
(14473-1543ж.ж.) болды1543 жылы жарияланған Аспан денелерінің
қозғалысы атты еңбегінде жердің және басқа да планеталардың күнді
айналатындығы туралы гипотезасын жариялады. Н.Коперниктің гелиоцентрлік
теориясы ғылымда бұрыннан қалыптасқан көзқарастарды өзгертіп, қайта
қарауға мәжбүр етті.
Сол кезеңдегі пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін
Н.Кузанский (1401-1465ж.ж.) салды. . Ол 1401 жылы шаруа отбасында
Германияның Куза деген қалашығында туылған. Негізгі философиялық
еңбектері: Ғылыми білімсіздік туралы, Құдай туралы, Ақыл, Болмыс
туралы. Ол философияның негізгі мәселесін идеалистік тұрғыдан шешті.
Дүниені де, адамды да құдай жаратты дейді ол. Кузанскийдің пікірі
бойынша, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар математикадағы
теңдеудің екі жағындағы мүшелердің бір-біріне өте алатыны сияқты, бір-
біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға
ғана тән. Жалпы алғанда, материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз
заңдылықтары бойынша дамып, өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып
білуге болады.
Адам табиғаты Н.Кузанскийде құдайдың ең жоғары жарықталуы деп
көрсетілген. Пенделердің ең жоғарғысы адам, құдайға да ең жақын тұратын
адам. Бірақ адам ақыл-ойының, іс-әрекеттерінің арқасында құдаймен қатар
тұрады. Осыдан келіп, адам-дегеніміз оның ақыл-ойы деп тұжырымдайды.
Ақыл-ойды табиғаттың заңдылықтарын білу арқылы үздіксіз толықтырып отыру
қажет. Бірақ Н.Кузанский пантеистік пікірді дамыта отырып, жаратушының
рөлін жоққа шығарады. Өйткені пантеизм құдайды табиғатпен алмастырады.
Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілдерінің бірі Дж.Бруно (1548-
1606ж.ж.) философиялық танымның мақсаты құдайды емес табиғатты танып
білу деп есептеді. Сонымен қатар, ол табиғаттың шексіздігін, әлемдегі
басқа дүниелердің бар екендігі жайлы идеялар айтты.
Таным теориясында Дж. Бруно адамды табиғаттың ажырамас бөлігі
ретінде қарастыра отырып, ол сыртқы дүниені, табиғатты бейнелейді деп
есептеді. Дж.Бруно сезім мен ақыл-ойды бір-біріне қарсы қояды. Ақыл-ойды
нағыз білімнің көзі дейді. Брунаның пікірінше, табиғаттан тыс ешқандай
күш жоқ.. Ол кеңістікте де, уақытта да шексіз, ал қозғалыс оның өмір
сүру тәсілі. Табиғат өз заңдылығымен дамиды. Әлем мен құдай бір. Әлем
мен құдай бір. Әлем – универсум (әмбебеп бастама), жалғыз ғана мәнділік.
Сондықтан сол мәңгі және өзгермейді. Ал әлемге кіретін денелер сансыз
көп, олар үздіксіз қозғалыста және өзгерісте болады. Барлық заттар
қарапайым бөлшектерден тұрады. Оларды Бруно – монада деп атайды.
Монаданың материалдық денелерге ғана емес, психикаға да қатысы бар. Ал
психикалық құбылыс барлық заттарға тән болғандықтан әлемде жансыз
денелер жоқ. Осыдан келіп Бруно әлемде шексіз сансыз көп тіршілік
түрлдері болуы әбден ықтимал деген тұжырым жасайды.
Классикалық механиканың негізі болған эксперименттік-
теориялық жаратылыстанудың қалыптасуына көп әсер еткен Г.Галилейдің
(1564-1642ж.ж.) ғылыми-философиялық қызметі Европа-да философиялық ойдың
ілгерілеуіне септігін тигізді. Галилей ашқан астрономиялық жаңалықтар
атап айтқанда, Н.Коперниктің гелио-центрлік теолриясының ақиқаттылығын
дәлелдеді. Г.Галилей таным теориясында екі тәсілді: анализ (талдау) және
синтезді (біріктіру) пайдалану қажет деп есептеді.
Г.Галилейдің ойынша, ақиқат білім синтездеу мен анлиздің,
сезімдік танымның нәтижесінен шығады. Сондықтан, табиғатты танып білуде
адам тек өзінің ақыл-ойына сүйенуге тиіс. Оған дін араласпауы керек.
Өйткені, ғылымның объектісі табиғат пен адам. Ал, діннің қарастыратыны
дінге бой ұсыну мен тіл алғыштық.
Қайта өрлеу дәуірінде түрлі қияли теориялар мен ілімдер пайда
болды. Солардың бірі - утопиялық социализм теориясы. Оның негізін салушы
ағылшын қоғам қайраткері, гуманист Томас Морр(1478-1535) және Томаза
Компанелло( 1568-1639). Ол өздерінің Утопия және Күн қаладеген
еңбегінде болашақ бақытты қоғамдық құрылыс жайлы баяндап береді. Олар
қоғамда жеке пен қанау жоқ, адамдар ынтымақты қауым болып өмір сүреді.
Еңбек ету барлық қауым мүшелерінің міндеті, әркім өз еркімен қызмет
етеді, білім алады, дене мен ой еңбегі дұрыс ұйымдастырылады, т.с.с.
Қысқасы, қайта өрлеу дәуірі жаңа қоғамдық идеялар тудырды. Бұл
дәуірде болған экономикалық, әлеуметтік өзгерістер мен ғылыми жаңалықтар
адамдардың дүниеге көзқарасын, олардың дүниедегі алатын орны жайлы
түсініктерін өзгертіп, бұдан кейінгі ғылым мен философияның дамуына
ықпал етті.
3. XVII - XIII ғасырларда Батыс Европа елдерінде өндірістік тәсіл мен
құралдар жедел қарқынмен дами бастады. Өндірістік тәсіл мен құралдардың
жедел қарқынмен дамуына байланысты, қалыптаса бастаған қоғамның жаңа
талап, сұраныстарын қамтамасыз етуге ескі схоластикалық ілім мен діни
көзқарастар кедергі болды. Жаңа дәуір философиясы белгілі бір әлеуметтік
- экономикалық, саяси -қоғамдық көзқарастардың жемісі болатын. Өйткені,
Батыс Европада капиталистік қүрылыстың пайда болуы орта ғасырлық діни
идеологияға қарсы күресті үдете түсті. Тауарлы - ақшалы шаруашылықтың
дамуы орта ғасырлардағы тұйық қоғамның жемісі болған барлық әлеуметтік,
саяси - идеологиялық қатынастарды талқандауға экеліп соқты. Жаңа заман,
яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық - өндірістік қатынастардың
формаларын түбірінен жаңғыртып, қайтадан заттық - тауарлық қатынастарды
қалпына келтірді. Адам ендігі жерде сатып алатын, сатылатын тауарларға
бағынышты болды. Оны өлтіруге, сатуға жэне сатып алуға болмайды. Бірақ,
адамның жұмысшы күші сатылады, өйткені, ол қосымша құн тудырады. Бүкіл
байлық - капитал осы процесс арқылы дүниеге келеді. Жаңа философияның
қалыптасуымен қатар жаңа заманға жаңа ғылыми жаңалықтар, жаңаша
дүниетанымдық көзқарастар керек еді. Осы себептен ғылымның пайдалы деп
танылған жаңа салалары тез дами бастады. Гидростатика, механика,
геометрия тағы басқа ғылымдар саласында қол жеткен табиғаттану,
философия ғылымдарына үлкен әсер етіп, философияда механистік қөзқарасты
жэне метофизикалық ойлау тәсілі қалыптастырды. Тіпті қоғамдық өмірді де,
адам табиғатын механика тұрғысынан қарастыру әдетке айналды.
Томас Гоббс (1588-1679ж.) Бэконның ілімін жалғастырушы жэне бір
жүйеге түсіруші. Ол механикалық тәсіл арқылы әлемдік құбылыстар мен
қатар таным процесінде, қоғамдық құбылыстарды да қарастырып, жүйеленген
механикалық әдістерінің негізін қалады. Негізгі еңбегі: Левиафан -
материя, фория, мемлекеттік, діни және азаматтық билік. Гоббстың
пікірінше, объективтік шындық дегеніміз денелер жиынтығы. Материя мен
дене синонимдер. Бейзаттық құбылыстар болмайды.
Джон Локк (1632-1704жж.) ағылшын философы, психологы,
педагогі. Негізгі еңбектері: Адамдардың ақыл - ойы туралы тәжірибе
т.б. Таным концепциясын психологиялық теория тұрғысынан негіздеп,
психологияның ғылым ретінде қалыптасуына жол ашты. Егер Бэкон білім -
тәжірибеден шығады десе, Локк оған қосымша тәжірибенің өзі сезімдік
түйсінулер арқылы қалыптасқан деді. Локтың таным теориясы негізінен үш
қағидадан тұрады: адамдарда туа біткен идеялардың болуы мүмкін емес,
себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады; адамның дүниеге
келген кездегі ақыл - ойы ештеңе жазылмаған таза тақта, немесе ақ
қағаз сияқты, ол тек тәжрибе арқылы мазмұнға толады; ақыл - ойда тек
сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мэліметтерден басқа ештеңе жоқ,
себебі дүниеге шығатын терезе -түйсік.
Егер ағылшын философтары білімді тек сезімдік түйсіну арқылы
алуға болады деп есептесе, француз ғалымы және философы Рене Декарт
(1596-1650ж.ж.) ақыл - ойды таным процесінде бірінші орынға қойып,
тәжірибенің ролін сол ақыл - ойдың мәліметтерімен тексеретін қарапайым
практикаға дейін түсіреді. Негізгі еңбектері: Тәсіл туралы ойлар,
Бірінші философия туралы метафизикалық ойлар, Философия бастамасы
т.б.
Спиноза Бенедикт (1632-1677) нидерланд философы. Негізгі еңбектері:
Діни - саяси толғау, Декарт философияның қағидалары, Этика т.б.
Спинозаның ілімі бойынша, барлық материалдық денелер мен құбылыстарды
біріктіретін үғым ол - субстанция (түпнегіз). Құдай, табиғат, әлем,
түпнегіз біртектес, бір реттегі түсініктер, синонимдер. Түпнегізге
сансыз көп атрибуттар (ең басты қасиеттер) тән. Солардың ішіндегі ең
маңыздылары кеңістікте көсілу мен ойлау. Түпнегіздің ойлау атрибутының
модустары (тіршілік, рух, жан) барлық жек денелер мен құбылыстарды
қамтиды.
Джордж Беркли (1685 – 1753 ж.ж.) Шығармалары: Ой өрісінің жаңа
теориясының тәжірибесі, Адам білімнің принциптері туралы трактат
(1710ж), Гилас пен Филонус арасындағы үш әңгіме (1713) ж. Беркли
материалисттерге қарсы соққы беріп, олардың материалистік ұғымдарына
қарсы шықты. Оның жазуы бойынша мен барлық уақытта материяның өмір
сүрмейтіндігіне сенемін, оның өмір сүретіндігі, ақылсыздық, маған құдай
куә. Олай болса не өмір сүреді. Давид Юм. 1711-1776 Берклидің
ілімін әрі қарай жалғастырған тарихшы, дипломат, философ,. Негізгі
еңбектері: Адамның ақыл-ойы туралы зерттеулер, Діннің табиғи тарихы,
Табиғи дін туралы пікірлер, т.б. Д.Юмның айтуынша, біз таным
процесінде сезім мүшелерімізге ғана сүйенсек, одан тыс тұрған дүниенің
бар екеніне көз жеткізе алмасақ, онда себеп-салдарлы байланыстарда жоққа
шығады. Мұның өзі де Д.Юмның ғылыми білімге, оның практикалық
нәтижелеріне қарсы шығып, оның теориялық негізін мойындамауын көрсетеді.
Оның айтуынша, білімнің негізгі мақсаты – дүниені тану, болмыстың мәнін
ашу емес, керісінше, адамдардың практикалық өміріне қолданатын қару бола
білу. Ал объективтік шындық біз сезім мүшелерімізге жинақтаған процесс
қана. Оның себебі бізге белгісіз, әрі түсініксіз.
4. Фрэнсис Бэкон (1561-1626ж). Негізгі еңбектері: Ғылымдар табысы,
Жаңа органон, Жаңа Атлантида т.б. Бэконның ілімінше, адамдардың
негізгі мақсатын табиғат күштерін игеру. Табиғаттың сырын, заңдылықтарын
білген адам оларды өз қажеттілігіне жарата алады, ал табиғатты материяны
қарастыру арқылы түсіндіруге болады. Бэкон Білім – күште, күш -
білімде деген қағидаларды насихаттады. Оның пікірінше дүниені дұрыс
танып, жалған пікірлерден азат болу үшін төрттелестерден құтылу қажет.
Олар : 1) адам табиғатына тән елес; 2) әркімнің жеке басына тән елес; 3)
нарық (базар) елесі; 4) театр елесі. Олардан құтылу дың басты жолы –
тәжірбие жасау, нақты зерттеу, қалыптасқан ұғымдарды сол күйінде алмай,
тексере білу.
7-лекция.
ХVІІІ-ғасырдағы Француз ағартушы лығы мен Классикалық неміс философиясы
1. ХVІІІ-ғасырдағы Француз ағартушылығы
2. Неміс филосфиясының пайда болуының алғышарттары.
3. Неміс ойшылы И.Кант философиясы.
4. Неміс философы Г.Гегель ілімі.
5. Антропологиялық философияның негізін салушы Фейербах ғылымы.
1. XVIII ғасырдың орта шенінен бастап әсіресе Францияда
буржуазиялық революцияны идеологиялық жағынан әзірлеуде материалистер
Дени Дидро 1713-1784, Жюльен Офре Ламетри 1709-1751, Поль Анри
Дитрих Гольбах 1723-1789, Клод Анри Гельвеций 1715-1771 аса маңызды
рөл атқарды. Олар сол кездегі Франциядағы саяси-әлеуметтік
құрылыспен аяусыз күресті.
Бұл материализм XVII ғасырдағы ағылшын материализмі сияқты
механикалық, метафизикалық материализмге жатады. Сондықтан негізгі
сипаттары ортақ. Әрине, одан бір ғасыр кейін және Франция жағ-
дайында дүниеге келгендіктен айырмашылықтары да бар. Француз
материалистері көпшілікке тікелей әсер ету үшін философиялық ой-
пікірлерін әртүрлі көпшілік жерлерде айтып, ой тартыстарын тудырып,
энциклопедиялық еңбектер жазып, ауызша да жазбаша түрде де кең
таратты. Негізінде олар дінді, оның уағыздаушыларын қатты сынға алды,
сатиралық сөздермен мазақ етті. Бірақ қоғамдық құрылысты түсіндіруде
олар идеалистік шеңберден шыға алмады.
XVIII ғасырдағы Француз материализмі – материалистік философияның
дамуындағы жаңа бір тарихи саты, жоғары формасы болып табылады.
Француз материалистері тәжірибе, түйсік – танымның негізі, білімнің
барлық формалары әуелі тәжірибеде, түйсікте бейнеленіп, содан соң
дамудың, кейінгі жоғары сатысында ойлаудың, пайымдаудың формаларына
айналады деп санады. Олар дінге халықты қанау, езудің рухани құралы
деп қарады. Адамдарды дін мен жоққа сенушіліктен арылтудың жолы –
ағарту ісі деп білді. Бұл жерде олар атеизм принциптеріне және
қоғамды революциялық жолмен қайта құру қажеттігін түсіндіруге
жуықтап келеді, егер адам, оның жеке басының сапалары қоршаған
ортаға байланысты болса, деді олар, онда оның кемшіліктері де сол
ортаның әсерінен болғаны. Сондықтан адамның кемшіліктерін жойып, оны
өзгерту ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz