Саясаттанудың заңдары мен категориялары
1-лекция
Саясаттану – ғылым ретінде
1. Саясаттанудың объектісі мен пәні.
2. Саясаттанудың заңдары мен категориялары, әдістері мен функциялары
3. Саясаттанудың әлеуметтік-гуманитарлық білімдер жүйесіндегі орны.
4. Саяси ғылымдардың құрылымы, оның парадигмалары.
1. Саясаттанудың объектісі мен пәні.
Саясаттану сөзі гректің "саясат" және "ілім" деген сөздерінен шыққан,
саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Баска қоғамдык ғылымдардың
ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі
рөл атқарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардың, халық-тардың
тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни баскыншылық
соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-
қасіретке соқты-ратыны даусыз. Керісінше, мемлекетғылымидәлелденгентиімді
бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.
Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы құбылысын өте ерте заманнан
түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антика-лық дәуірдің ойшылдары
мемлекеттің, саяси биліктің мән-ма-ғынасы неде және кімге қызмет етеді,
қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең
қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі
пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі
адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік
космостықтәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы, Мысырда (Египет-
те), Вавилонда (казіргі Ирак), Үндістаңда, сол кездегі мифтер-ге сүйенсек,
басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп,
тындырып отырады. Көне Кытай мифі бойынша билік кұдайдың құдіретімен
жүргізіледі де, ал іске асырушы онымен байланысты император болып
есептелген. Ежелгі гректер ең алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері
деп пайымдаған.Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының,
мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері,
тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық-әлеуметтік және саяси құрылымы
мен қатынастарының одан әрі курделіленуі, материалдық өндірістің, халық
санының есуі оның еміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтыр-ды.
Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғы-дан түсініп, оны орынды
пайдаланудың, мемлекетті тиімді бас-қарудың жолдарын іздестіре бастады.
Бұдан келіп саяси тео-риялар туды.
Біздің з.б.бірінші мыңжылдықтыңортасыңдасаясаттыдіни-м ифологиялық танудың
орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек
еткендер — Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл
ойшылдар саясатты теориялықтұрғьщан зерттеп, оны этикамен тығыз бай-ланыста
қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге,
адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты.
Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді
атайды. Өйткені ол өз заманыңда лицей ашып, соңда саяси ғылымды жеке пән
ретінде оқытып, өзі жүргізді. "Саясат" деген еңбек жазып, онда ежелгі грек
мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жұйесін
зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің түсінігі-
міздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл,
хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш
келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке,
әділеттілікке жетуді жеңіддету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін
саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымен қатар ол саясаттану мәселелерін
этика, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.
Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін
салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай ор-натады, бірақ мемлекет
басшылары құдайдың қалауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады
деген байлам айтты.
Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір
сүрген ойшылы Никколо Макиавелли бол-ды. Ол саясатты теологиялық
(құдайшылдық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден
туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп
мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың неше
түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Соның ар-қасында саясаттануды біздің
қазіргідей түсінуімізге жол ашыл-ды.
Феодализмніңыдырап, капиталистік қатынастардың қалып-тасуы қоғамды
демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге, кепшілік саяси
партиялар мен қазыналар-дың кеңінен қанат жаюына, ақпарат құралдарының
ерістеуіне мүмкіндік берді. Халықаралық, мемлекетаралық қатынастардың
ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен міндеттері күрделілене түсті.
Сондықтан саяси құбылыстар мен процес-терді арнайы зерттеуге, саясаттану
теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте Дж. Локк, Ш. Л. Монтескье, Ж. Ж.
Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар көп
еңбек сіңірді.
Саясаттану XIX ғасырдың екінші жартысында өз алдына жеке пән ретінде
қалыптасты. Оған бұл кезде бихевиористік, тәжірибелік (эмпирикалық)
әдістердің кеңінен пайдаланыла бастауы зор ықпалын тигізді. 1857 жылы АҚШ-
тың Қолумбия колледжінде (кейін Колумбия университетіне айналды) профес-сор
Фрэнсис Либер "Тарих және саяси ғылым" деген кафедра ашты. Соның негізінде
онда 1880 жылы саяси ғылымның жоға-ры мектебі құрылды. АҚШ-тағы сияқты 1872
жылы Франция-да мемлекеттік аппаратқа арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси
ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Аме-риканың Саяси және
әлеуметтік ғылымдар академиясы, 1903 • жылы ерикалық саяси ғылымдар
ассоциациясы құрылды.
XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық
белініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толықканды
қалыптасуына ЮНЕСКО-ның бас-шылығымен 1949 жылы қүрылған саяси ғылымдардың
халық-аралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің
белсенділігін арттыру жолында қазір де жемісті еңбек етуде.
Бүгінгі танда АҚШ-тың, Шығыс елдерінің барлық жоғары оқу орындарында
саясаттану жеке пән ретінде барлық факуль- теттерде міндетті түрде
оқытылады, өлемнің ең ірі универси-теттері оған мамандар дайындайды.
Мысалы, АҚШ-та саясат-танудың мамандандырылған 26 саласы бойынша білім
береді. Шетелдерде, әсіресе, бұл ғылымның қолданбалы түрі кең өріс алған.
Оны бітірген маман саясатшылар маңызды саяси шешімдердің жобаларын
сараптауға, партиялар немесе басқа
бірлестіктердің сайлау алдындағы бағдарламаларын талдауға, үкіметтік
дағдарыстар мен халыкаралық катынастардағы шиеленіс жағдайларының себебін
ашуға кеңінен пайдаланады.
Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққа қар-сы, буржуазиялық
ғылым деп айдар тағып, оқытпаған болатын. Себебі, Кеңес өкіметі, шын
мәнінде, саяси сауатты адамдар-ды даярлауға мүдделі болмады. Ондай жағдайда
тоталитарлық жүйе 70 жылдан артык дәуренін құра алмаған да болар еді.
Бірақ бұдан ол кезде саяси ғылымға еш кеңіл бөлінбеген екен деген ой
тумауға тиіс. Саясат мәселелері қаралып, зерттеліп жатты. Алайда, олар
ғылыми коммунизм, тарихи материализм, Коммунистік партия тарихы сияқты
коммунистік идеологияға негізделген пәндердің шеңберінен шыкпайтын және ең
алды-мен қандай әлеуметтік-саяси процестер социализм мен комму-низмге
әкелуі мүмкін, соның жолдарын іздейтін.
Саясаттануға деген көзкарас 80 жылдардың екінші жарты-сында бұрынғы Кеңес
Одағындағы түбегейлі реформаларға, қоғамның демократиялануына, тоталитарлық
жүйенің күйреуіне байланысты өзгерді. 1989 жылдан Жоғары Аттестациялау Ко-
миссиясында саясаттанудан эксперттік кеңес жұмыс істей бас-тады. 1990 жылы
КСРО-ның ғылым жөне техника бойынша мемлекеттік комитеті "Саяси ғылымдар"
деген атпен саяси ғылым қызметкерлерінің тізімін ресми түрде бекітті. 1989-
1990 оқу жылдарында Балтық бойы елдерінде, 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа
елдерінде саясаттану оқытыла бастады. Казір Казақстанньщ барлық жоғары оқу
орындарында бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Әл-Фараби атындағы Казақ
Мемлекеттік Үлттық университеті және Абай атындағы Алматы Мемлекеттік
университеті және т.б. жоғары оку орындарында бұл салада арнаулы мамандар
даярлайды.

Саясаттанудың пәні женінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдің
ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған
анықтама, токтам жоқ. Оның ауқымы мен мазмұны, қарастыратын мәселелер
шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы
керек деген сауалдар төңірегінде бірталай көзкарастар бар. Кейбір ғалымдар
оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар
және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайды. Әлбетте,
саясаттанудың бұл мәселе-лермен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның
өрісін тек солармен шектеуге әсте болмайды. Себебі, ол солармен қатар жалпы
саяси теориялар мен нақтылы саяси іс-әрекеттерді, сая-си процестер мен
жүйелерді, халықаралық қатынастарды да зерттейді, еларалық салыстырмалар да
жүргізеді. Сондықтан мұндай көзқарас саясаттануға тар мағынасында қараған
болып шығады.
Ғалымдардын екінші тобы саясаттануды ғылымға қатаң негізделген, әсіресе
тәжірибелік (эмпирикалык) әдіс-тәсілге сүйенген, нәтижесін тексеріп білуге
болатын ілім ретінде түсінеді. Оны жақтаушыларды бихевиористер дейді (олар
тура-лы кейінірек сөз болады). Олар бұл ғылымды математика, кибер-нетика
және т. с. с. нақтылы ғылымдарға телиді. Мұндайда теориялық қыры (мысалы,
қоғам мен мемлекеттің мән-мағынасын, саяси идеяларды, саясаттың негізінде
жатқан зандылықтар мен қайшылықтарды зерттеу, қоғамды сын көзбен сараптау
және т. б.) тыс қалады. Бұл бағытты жақтаушылар, түптеп келгенде,
саясаттануды теориялык және практикалық жақка бөліп, екіншісін басшылыққа
алып отыр. Бұлай білімнің екі түрін бір-біріне қарсы қоюшылықпен келісуге
болмайды. Себебі, теория мен практиканы бөліп қарау адамзат тарихында талай
рет ты-ғырыққа тірелткен.
Әрине, аталған тәсіл сайлаудың дауыс беру нәтижесін, оған жұмсалған
қаражатты, қай партияның жақтаушылары көп не аз болғанын және т. с. с. сан
жағынан нақтылы есептеп шығуға мүмкіндік береді. Бірақ "еркіндік",
"теңдік", "әділеттік", "егемендік", "демократия" және т. б. сияқты маңызды
катего-рияларды сандық мөлшерде есептеп шығаруға келмейді.
Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды
саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін,
жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Үлттар
Үйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы
(ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясат-танушылардың
Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынаскан дүние жүзінің белгілі
ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын жөн деп тапты: 1) саяси
теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі кызметі); 2)
саяси институттар (конституциялар, аймақтык және жергілікті басқару;
кепшілік әкімшілігі, саяси институттарды салысты-рып зерттеу); 3) партиялар
мен қоғамдық ұйымдар; 4) қоғам-дық пікір; 5) халықаралық саясат
(халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық).
Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заң-дылыктарын, қазіргі
саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін
зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен
міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу
тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың
мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар,
жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері
туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және казіргі саяси жүйелерді, адамның
санасындағы, кезқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-
әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарасты-рады. Ол, бір жағынан, жиналған
деректерді корытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша
болашаққа болжам жасайды.
Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, сая-саттың адам және
қогам арасындагы қарым-қатынастары ту-ралы жинақталган гылым. Ол саяси
биліктің қалыптасуы мен даму зандылықтарын, оның жұмыс істеуі мен
пайдалануын, тұрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.
Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағы-насын түсініп-білу
үшін бірталай әдістерді пайдаланады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру
тәсілін айтады. Оларға са-лыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи,
бихевиористік, нормативтік және т. б. әдістер жатады.
Салыстырмалы әдіс әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып,
олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік береді.
Ол елдегі саяси тұрақтылық пен саяси жағдайды бағалауға, соның негізінде
нақтылы саяси шешімдер қабылдауға көмектеседі. Бұл әдістің әсіресе казіргі
Қазақстан Республикасында алатын орны зор. Себебі, жүргізіліп жатқан саяси
реформалардың табысты болуы көбіне басқа елдердің озық тәжірибесін тиімді
пайдала-нуға байланысты болмақ.
Жүйелеу әдісі саяси құбылыстарды басқа күрделі қүрылымның бір бөлігі
ретінде қарап, оны құрайтын элемент-тердің әлеуметтік өмірдегі орнын,
қызметін айналадағы орта-мен, басқа құбылыстармен байланысты зерттейді.
Социологиялық ә д і с саясатты қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік
құрылым, мәдениет және т. б. жағ-дайына байланысты анықтайды.
Т а р и х и т ә с і л саяси құбылыстарды мерзімі жағынан дәйекті,
заманына қарай, бұрынғы, қазіргі және болашақтың байланысын айқындай отырып
қарастырады. Ол әр түрлі саяси окиғаларды, процестерді, деректерді олардың
болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.
Бихевиор истік әдіс жекеадамдар мен топтардыңіс-әрекетін, белгілі бір
саяси жағдайларда адамдардың өздерін өздері қалай ұстауын талдауға
негізделеді. Бұл әдісті жақтау-шылар саяси қызметтің барлық түрлерін
адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді.
Нормативтік әдіс (XIX ғасырға дейін жиі пайдаланылған) қоғамдықигілікті
ең мол қамтамасыз ететін немесе ада-мға әуел бастан тән ажыратылмас табиғи
құқықты іске асыруға барлық мүмкіндікті жасайтын саяси құрылыстың түрін
іздейді.
Ал бұрынғы Кеңес Одағы кезінде ең дұрыс және мызғымас тәсіл болып
есептелген диалектикалық-материа-л и с т і к ә д і с болатын. Ол
табиғаттағы, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-
бірі тығыз бай-ланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды.
Бұл әдісті ешкім жокқа шығармайды. Бірақ коммунистік көзқа-рас сияқты бір
ғана бұл әдістің шеңберінде қалуға және бол-майды.
Жоғарыда аттары аталған әдістермен қатар басқа да әдіс-тәсілдер бар.
Бұлардың бәрі де саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде шынайы
мағлұматтар алуға тырысады. Сондық-тан қазіргі демократиялық мемлекеттерде
саясатқа байланыс-ты жағдайларды зерттегенде сан түрлі әдістемелерді
пайдала-нады.
Ғылымның басқа салаларыңдағы сияқты саясаттанудың да өзіндік ұғымдары
(категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін
білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: "саясат",
"саяси билік", "саяси жүйе", "саяси тәртіп", "саяси партия", "саяси
мәдениет", "сая-си әлеуметтену", "саяси өмір", "саяси қатынастар",
"қоғамдық ұйымдар", "мемлекет", "демократия", "егемендік", "құқықтық
мемлекет", "азаматтық қоғам", "ішкі саясат", "сыртқы саясат" және т. б.
Қоғамды бұдан басқа да ғылымдар зерттейтін болғандықтан, жоғарыда
көрсетілген ұғымдарды басқа қоғамтану пәндері де (тарих, әлеуметтану,
фәлсафа, кұқықтану) пайдала-нуы мүмкін. Бірақ олар бұл категорияларды өз
пәніне сәйкес қолданады.
Қай ғылым болмасын белгілі бір қызметтерді (функциялар-ды) атқарады.
Саясаттануда да ондай міндеттер бар. Оған ен алдымен танымдық
(гносеологиялык) қызметтер жатады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы
оқиғаларды танып-білуге, олар-дың саяси мәнін түсінуге және болашақты
болжауға мүмкіндік береді.
Ғасырлар бойы Ресей империясы, одан кейін кеңестік тота-литарлық тәртіп
саясат пен билік сырын бүгіп келді. Қазірдің өзінде де халқымыздың саясат
пен саяси жетекшілердің іс-әрекеттері жонінде хабарлары аз. Кебіміз саяси
қайраткерлердің сөздерінің, ұрандарының, бағдарламаларының сырында не жат-
қанын байқамаймыз. Оларды білмей демократиялық жолмен алға басу қиын. Ондай
білімді тек саясаттану ғана бере алады.
Саясаттану багалау (аксеологиялық) қызметін атқарады. Ол саяси қүрылысқа,
институттарға, іс-әрекеттерге және оқиғалар-ға саяси баға береді.
Демократиялық мемлекеттерде саясаттану саяси теуметтену міндетін
атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін
қалыптастырады.
Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі —
қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси
өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың
үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді бас-
кару үшін нақтылы мәлімет, мағлұмаітар береді. Саяси білімдер,
сипаттамалар, кеңестер адамдардың күңделікті практикалык іс-әрекетінде
басшылыққа алынады.
Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін де атқарады. Бұл ғылым саяси
институттар мен катынастарда, басқаруда рефор-малар жасап, оларды қайта
қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және атқарушы
органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер
алдын ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда не-месе оның жеке
аймақтарында калыптасып жатқан нақтылы жағдайлар саяси тұрғыдан талданады.
Солардың негізінде ол кейбір саяси институттардың жойылып, онын орнына
бүгінгі талапқа сай басқалары келу керектігін негіздейді, мемлекеттік
басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді, әлеуметтік-саяси шиеленістерді
ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін көрсетеді.
Ең соңында саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн. Саяси зерттеулердің
құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен ғана тынбайды. Ол
белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер
жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси
ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.

Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі
олардың бәрінің зерттеу объектісі ортақ — қоғамдык өмір. Олар бірталай
ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік
пәні бар. Сон-дықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасын-дағы
ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім.
Саясаттану ең алдымен фәлсафамен (философиямен) тығыз байланысты. Фәлсафа
— табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы
ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде
не жат-қанын және т. с. с. ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сон-
дықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып
келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси қүбылыстар мен
процестерді талдауға дүние-танымдық бағдар береді. Бірак ол мәселелерді,
құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің ересі тар-
лығын байқатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласын-дағы жалпы
заңдылықтарды нақтылайды, айқындайды, саяси танымды терендетеді, саяси
көзқарасты калыптастырады. Са-йып келгенде, саясаттану өмірдің жалпы
жақтарын қарастыр-ғанда фәлсафа түжырымдарына сүйенеді, ал саясаттың нақты-
лы жақтарына келгенде фәлсафа саясаттануға жүгінеді.
Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Са-яси экономия
саяси процестерді экономикалықтұрғьшан дәлел-дей отырып, ол процестердің
негізінде әр түрлі әлеуметтік топ-тардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін
күресіп жатканына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау
және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принцип-терін ғылыми
түрде негіздейді. Саясаттану құқықтық гылыммен тығыз байланысты. Құқық
адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұры-сын реттейді. Ол
саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді,
құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен
жерлерін қа- • растырады. Құқықты Қ. Маркс заңға айналдырылған экономи-
калық үстем таптың еркі деп атаған.
Саясаттану құқыктануға жалпы теория, оның теориялық-әдістемелік негізі
іспеттес. Саяси өкімет жүйесінсіз әлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер
мен қатынастар жалпыға міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар
құкьіқтық тұрғыда калыптаспай саяси өкімет те әдеттегі қызметін атқара
алмайды.
Саясаттануға жақын.ғылымдардың бірі — әлеуметтану (со-циология).
Саясаттану саясатты белгілі бір зандылықтарға ба-ғынып, іс жүзіңде белгілі
бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде
қарайды. Ал әлеумет-тану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде
қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның
айналысатын мәселелері адамды және қауымдастықты дамы-туға саясат не бере
алады және саясатты жетілдіру үшін адам-дар не істей алады. Сайып келгенде,
саясаттанудың негізгі на-зары саясатта болса, әлеуметтанудың назары
саясатты жасау-шы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе са-
ясаттануды сандык әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.
Тарих болса жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақыты-на байланысты
саяси институттар мен идеялардың дамуы тура-лы деректерді жинап,
суреттейді.
Аты аталған ғылымдармен қатар саясаттану басқа да адамгершілік
ғылымдарымен байланысты. Солай бола түра сая-саттанудың өзіне тән зерттеу
объектісі бар. Оған қоғамның са-яси саласы, ондағы болып жатқан барлық
саяси құбылыстар мен процестер жатады.
Қазір еліміз тәуелсіздігін алып, шын мәнінде, демократия-лық жолға түсіп
жатқан кезде азаматтық қоғам, құқықтық мем-лекет орнату үшін саясаттану
пәнін оқып-үйрену болашақ ма-мандарға ауадай қажет.
Әкімшілік экономикадан нарықтық шаруашылыққа, тота-литарлық жүйеден
демократиялық құқықтық мемлекет құруға өту жұртшылықтың саяси мәдениетін
түбегейлі өзгертуді талап етеді. Саясаттануды оқып-үйрену саяси
шыдамдылықты, келісімге, ымыраға келуге дайын болуды, өркениетті және заң
шеңберінде, демократиялық институттар арқылы өз мүдделерін білдіріп, қорғай
білуді, әлеуметтік шиеленістердің алдын алып, болдырмай немесе оларды
ауыртпалыксыз жеңілірек шешу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.
Қазіргі демократиялық мемлекеттерде саяси оқу институт-тарының қызметі
негізгі адамгершілік құндылықтарды, әсіресе, әрбір тұлғаның еркіндігі мен
абыройын, оның табиғи, ажыра-мас құқықтарын мойындап, қадірлеуге
негізделеді.
Саяси білім азаматка өмір сүріп отырған қоғамдық және са-яси құрылысты,
мемлекеттегі өз орны мен рөлін, кұқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынып,
жететүсінуге көмектеседі. Оныңмақ-саты — адамды күрделі әлеуметтік-саяси
жағдайда лайықты жен таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқығын
сыйлай отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету. Сонымен қатар ол
азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін мемлекеттік,
қоғамдық ұйымдарды сыйлауға баулиды. Себебі, берік саяси тәртіпсіз жеке
адамның шын мәніндегі еркіндігі болуы мүмкін емес.
Бұрын саяси білімнің мақсатын негізінен азаматтардың ара-сында "этикалық
парызды" насихаттауға, оларды мемлекет және оның шығарған заңдарын
сыйлаушылықты, азаматтық міндеттерін орындауға өрқашан дайын болуды
қалыптастыруға саятын. Ең алдымен тек мемлекеттің қажеттілігін ескеретін
мұндай тәсіл, көзқарас Еуропада, әсіресе Германияда, XX ғасыр-дың 60
жылдарына дейін орын алды. Ал АҚШ-та кептеген жылдар бойы саяси білімнің
пайдалы нөтижеге жетуді көзде-ген прагматикалық бағыты басым дамыған. Ол
азаматтарды езінің емірлік мәселелерін басқа адамдармен өркениетті қарым-
қатынаста, ынтымақтастықта шешуді үйретеді. Әр түрлі дау-дамай,
шиеленістерді онша ауыртпалықсыз, қатты қиналтпай реттеуге баулиды. Қазір
демократиялық елдерде саяси білім жүйесі еуропалық және америкалық
ғұрыптарды біріктіруге, бүкіл мемлекетпен қатар жеке тұлғалардың мүдделерін
үйлестіре, ескере отырып шешуге тырысады.
Біздің заманымызда қандай кәсіппен айналысқанына қара-мастан, саяси
білім мен мәдениет әр адамға қажет. Себебі, ол қоғамда тұрып, тіршілік
еткендіктен басқа адамдармен және мемлекетпен сөз жоқ бірлесіп әрекет етуі
керек. Мүндай білімі жоқ адам саяси істерде амал-айла, қулықтың құлы болып
кетеді. Оны саяси жағынан белсенді күштер өз мақсатына пайдаланып,
ойыңдағысын істейді.
Азаматтардың көпшілік саяси сауаттылығы қоғам үшін де қажет. Саяси
сауаттылық қоғамды бір адамның дара әкімші-лігіне негізделген үкімет
жүйесінен, қатал, деспоттық басқару-дан, адамгершілікке қарсы, мемлекеттік
және қоғамдық ұйым-дастырудың экономикалық тиімсіз түрлерінен сақтандырады.
Сондықтан адамдарды біріктіріп бір мемлекеттің ішінде еркениетті емір
сүруге тек жеке адам ғана емес, бүкіл қоғам мүдделі жөне ол осы бағытта
талмай тиімді жұмыс істеуі тиіс.
Сонымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін баянды етуге, билік
құрылымдарын қалыптастыруға, қоғамдық емірді демократияландыру, саяси
мәдениетті сомдау, есіп келе жат-қан ұрпақты саяси әлеуметтендіруге
саясаттандыру курсын оқып-үйренудің маңызы ете зор.

Парадигма (гректің PARADEIGMA — теория, үлгі деген сөзінен) — зерттелетін
мәселені шешу ушін үлгі ретінде алынған теория. Саясаттануда парадигма деп
саяси өмірді бейнелеуде білімді үйымдастырудың қисынын білдіретін,
әлеуметтік құбылыстар-дың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп
мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. Парадигма жасау арқылы
зерттеушіде белгілі бір саяси құбылысты зерделеудің негізгі өлшемі, қалпы
калыптасады. Соған орай ол деректерді жинап, талдайды, түсіндіреді,
мағлүматтарды жинақтайды, жүйелейді.
"Парадигма" үғымын XX ғасырдың 20-жылдарында ғылы-ми әдебиетке алғаш
енгізген америка философы және қоғам тарихын зерттеушісі — Г. Кун. Кейін
бұл үғым ғылымның бар-лық саласында, соның ішінде саясаттануда кеңінен
пайдалану-да. Кунның ойынша, парадигма саясатты зерттеуге бағыт береді. Сол
бағыт бойынша зерттеуші белгілі бір дәстүрлерге, саяси идеялар мен
теорияларға сүйене отырып нақтылы мәселені шешеді. Ол саясаттың барлық
тарихын бір парадигманың екінші парадигманы үнемі ауыстырып отыруымен
түсіндіреді. Ол үшін қоғамда қалыптасқан парадигмаларға өмірдің даму
барысыңда қайшылықтар шығады, олар ұлғая келіп жаңа жүйелі парадиг-
манытудырады. Ол біртіндеп ықпалын кеңітіп, негізделеді және аддыңғы
парадигманы ығыстырып, ауыстырады. Кейін оның езі де осындай күн кешеді,
яғни басқа парадигмамен ауыстырылады.
Саясаттану парадигмаларын жинактай келе оларды теоло-гиялык,
натуралистік, әлеуметтік және тиімді - сыни деп жүйе-леуге болады. Енді
қысқаша соларға тоқталалык.
Теологиялық парадигма. Ол саясатты, билікті құдайдың құдіретімен
түсіндіреді. Бұл парадигма саяси ғылымның ал-ғашқы дами бастаған кезеңінде
пайда болған. Ол кезде барлық әлеуметтік-саяси құрылыс, мемлекет құдайдың
құдіретімен жа-салады және дамиды делінді.
Натуралистік парадигма. Ол саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи
себептермен, атап айтқанда географиялық ортамен, био-логиялық және
психологиялық ерекшеліктермен түсіндіреді.
Географиялық ортаның саясатқа ықпал етуі туралы ертедегі ойшылдар
Гиппократ, Платон, Аристотельдер атап айтқан бо-латын. Алайда оны теориялық
түрде негіздеген француз ойшы-лы Ж. Боден (1529—1596) болды. Оның идеясын
одан әрі да-мытқан сол еддің философы Ш. Монтескье (1689—1755). Оның
ойынша, географиялық орта, әсіресе климат халықтың рухын, мемлекеттің
құрылыс түрін, қоғамдық құрылыстың сыр-сипа-тын айқындап, саясатында шешуші
рөл атқарады. Ал Оксфорд университетінің профессоры Маккиндер XX ғасырдың
басын-да теңізге шығар жолы жоқ мемлекеттер даму жағынан артта қалады деді.
Ол дүниені құрылықтық және теңіздік күштер деп екіге бөлді. Қалай болса да,
бүгінгі таңда елдің географиялық жағдайы оның сыртқы саясатын
қалыптастыруға әсер ететіндігі даусыз.
Саясатты биологиялық себептермен түсіндірушілер (неміс ғалымы П. Майер,
австриялық К. Лоренц) саяси процесті адам-ның туа біткен физиологиялық
қасиеттерімен байланыстыра-ды. Бұларға адамдардың саяси саладағы іс-
әрекеттерін зерттеуді алға тартатын бихевиористерді де жатқызуға болады
(американ-дық ғалымдар Ч. Мерриам, Г. Лассуэлл).
Натуралистік парадигмаға психологиялық бағыт та жатады. Ол саяси даму
процесін адамның психологиялық қасиеттерімен түсіндіреді. Бұл бағыттың
негізін қалағандар Г. Тард, Г. Лебон, Э. Дюркгейм, Б. Рассел жөне т.б.
Мысалы, Б. Рассел биліктің мәнін білу үшін адам өміріндегі қорқыныш, үрей,
торығу, қамығу, ұжымдық долылық (ашу-ыза) сияқты психологиялық құбылыстарды
зерттеп білу қажет дейді. Ойткені, оның ойын-ша, саяси лидерлерге өздерін
диктатор еткізетін осы қасиеттер, олар өктемдіктерін жүргізу үшін халықтың
осы қасиеттерін ұтымды пайдаланады. Сондықтан, дейді ол, диктаторлық
тәртіпті болдырмаудың әдісі — ел ішінде жоғарыда аталған құбылыс-тарды
тудырмайтындай жағдай жасау.
Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда бол-уын әлеуметтік
факторлар арқылы түсіндіреді. Мысалы, маркс-изм саясаттың мәнін
экономикалық қатынастардан шығарды. Ол қоғамның әрбір экономикалық базисі
(құрылысы) қажетті түрде езіне сәйкес қондырма тудырады деді. Яғни белгілі
бір экономикалық базис негізінде саяси, құқықтық, философия-лық, діни,
этикалық, эстетикалық, т.с.с. көзқарастар мен идея-лар пайда болып, дамиды.
Батыс саясаттануында кең тараған тағы бір тұжырымдамаға "құқық үстемдігі"
теориясын жатқызуға болады. Оның негізін салушылар Р. Моор, Дж. Гудмен, Г.
Макдональд және т.б. сая-сатты құқық тудырады деп санайды. Олардың ойынша
бір заң-ның орнына жаңа өмір талабына сай келетін екінші заң келеді. Сөйтіп
зандардың бірін-бірі алмастыруы қоғамды жетілдіреді, алға жылжытады. Яғни
заңдардың алмасуы қоғамның қозғау-шы күшіне жатады дейді. Сондықтан саяси
өмірді сараптап, тал-дау үшін, олардың пайымдауынша, зерттеуші құқықтық нор-
маларды зерделеуі керек.
Әлеуметтік парадигманың біртүрі ретінде мәдениеттанулық көзқарасты
қарауға болады. Ол саясаттың мәнін, саяси процестердің мазмұнын адамдардың
мәдени даму деңгейімен, ұстанатын, басшылыққа алатын құндылықтарымен
түсіндіреді. Адам соған байланысты саяси өмірде іс-әрекет жасайды деп
қарайды.
Тиімді (рационалды) — сыни парадигма. Ол саясаттың таби-ғатын оның өз
ішіңдегі себептермен, қасиеттермен, элементтер-мен түсіндіреді. Оны
жанжалдық және мәмілеге келу парадиг-малары деп екіге бөлуге болады.
Жанжалдық парадигма XIX ғасырда пайда болды. Оның негізін қалағандар К.
Маркс, А. Бентли, Земмель, Козер және т.б. Олар саяси өмірге дау-жанжал,
шиеленістер шешуші рөл атқарады дейді. Казір бұл теорияны қолдаушыларға Р.
Дарен-дорф, Дж. Бертон, К. Ледерер және т.б. жатады. Бірақ олар К. Маркс
сияқты саяси дау-жанжалды тап күресіне, қоғамдық құрылыстың түбегейлі
өзгеруіне апармайды, қоғамдағы билік қорлары үшін бәсекелестікті,
әлеуметтік тапшылықтан туатын мәселелерді шешу саяси организмнің өзін-өзі
жетілдіріп, да- у мытуына әкеледі дейді.
Мәмілеге келу (консенсус) парадигмасының өкілдеріне М. Вебер, Дьюи, Э.
Дюркгейм, Т. Парсонстар жатады. Олар саяси өмірдегі дау-жанжал,
қайшылықтарды жоққа шығармай-ды. Алайда оларды мәмілеге келуден кейінгі
екінші орынға қояды. Халықтың арман-аңсарының, негізгі әлеуметтік және
мәдени құндылықтарының, бағдарларының бірлігі адамдар арасында туатын
қайшылықтарды саналы түрде реттеп, шешуге, қоғамда тұрақгылық пен
ынтымақтастықты орнатуға көмек-теседі. Олар саяси мәселелерді шешуге күш
қолдануға, қоғам-ның революциялық жолмен дамуына қарсы. Бұл бағытты ұста-
нушылар орта топ санынын кебеюі арқасында Батыс елдерінде таптық қарсыласу
жойылды дей келіп, оның қоғамдағы роліне үлкен үміт артады.
Саясаттанудың негізгі парадигмалары мен олардың түрлері осындай.
1-ші тақырыпқа арналған бақылау сұрақтары:
1.Саясаттың негізгі анықтамасы.
2.Саясаттың негігі бағыттары мен деңгейлері.
3.Қоғам өміріндегі саяси саланың мәртебесі.
4.Саясаттану пән ретінде :әдіс –тәсілдері мен қызметтері.
5. Саясаттанудың заңдары мен принциптері, категориялары мен тәсілдерін
анықтау.
Әдебиет:
1. Артхашастра, или Наука политики. М. 1993.
2. Краснов Б.И. Политология как наука и учебная дисциплина,
Социально-политический журнал. 1995. N 1.
3. Никитина Н.А. Политика и политология Общественные науки и
современность. 1995. N 6.
4. Федоров Н.С. Политика как социальный феномен и предмет полической
науки Вестник МГУ. Серия 18.1995. N 3.
5. Гаджиев К.С. Политическая наука. М. 1977.
6. Маркс К. К критике политической экономии. Введение Маркс К.,
Энгельс Ф. Соч. Т. 13.
7. Аристотель. Политика. Соч. В 4-хтомах. T.I. M. 1983.
8. Вартанян А.А. Политика и мораль. М. 1997.
9. Платон. Государство. Соч. В 3-х томах. М. 1971.
10. Зеленцов А.Б. Основы общей теории политики. М. 1995.
11. Крижанич Ю. Политика. М. 1997.
12. Панарин А. С. Философия-политики. М. 1994.
2-лекция
Саяси ғылымдардың негізгі кезеңдері мен қалыптасуы және
Қазақстан саяси ойларының тарихы
1. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар.
2. Орта ғасырлық Шығыстағы және Европадағы саяси ойлар
3. Қайта өркендеу дәуіріндегі зайырлы саяси ойлар
4. Еуропалық ағартушылық дәуірдегі және қазақ ағартушыларының саяси
идеялары.
1. Ежелгі Шығыстағы саяси ойлар.
Адамзат қоғамы сияқты, ғылым мен білім, мәдениет пен әде-биет біркелкі
дами коймайды. Олардың шарықтап шалқитын, құлдырап түсетін де кезендері
болады. Тарихта белгілі ең ал-ғаш өрелі өркениеттіліктің ошағы болып,
құлпырып гүлдену Ежелгі Шығыс — Мысыр (Египет), Вавилон (Ирак), Үндістан,
Қытай, Парсы (Иран) елдеріне келеді. XV ғасырға дейін Шы-ғыс мәдениеті
Батыс мәдениетінен шоқтығы көш жоғары бо-лып, өркениеттіліктің үлгісін
кәрсетті. Мұнда ен аддымен ма-тематика, геометрия, астрономия, медицина
сияқты нақты ғылымдар басым дамыды. Шығыс елдерінде жоғарғы билік
шектелместен монархтың (халиф, хан, патша, сүлтан, король, император және
т. т.) қолын-да болды. "Жерге мемлекет иелік етеді, ал мемлекет бүкіл ха-
лықтың игілігі үшін кызмет етеді" деген көзқарас қалыптасты. Патша
әлеуметтік жағынан аз қорғалған топтарға әкелік кам-қорлық керсетеді, ал
оның қол астындағылардың оған ешқан-дай талап крюға қақылары жок. Себебі,
билеуші халық алдын-да емес, тек құдай алдында ғана есеп береді. Бұл
елдердін тәртібі, саяси ойы өткен ұрпақтың дәстүр-салтына берік
берілгендікті білдіретін. Қоғамда орнатылған тәртіп өмір бақи өзгерместей
көрінді. Оңдағы езгерісті адамдардың құдай қағидаларын орын-дамағандықтан
туып отыр деп ұқты. Билік орнатылған тәртіпті, шындықты, әділеттікті,
мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кұралы деп есептелінді.
Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қат-ты дамыды. Онда
қоғам Шығыс елдерімен салыстырғанда кеп жағдайда қарама-қарсы
өрістедіТреция ол кезде саяси быты-раңқы күн кешкен ел еді. Саяси ұйым
түрін жеке мемлекет бо-лып саналған қалалар (полистер) күрды. Патшалық
екіметтің орнына аристократиялық және құл иеленушілік демократия орын алды.
Билеу түрі сан алуан болатын және жиі ауысып отырды. Саяси емір қызу
ербіді, ол саяси сана теориясының терең дамуына әкелді, Соңдықтан олардың
саяси санасы миф-тан теорияға тез ауысты.
Коне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ойшыл-даркөп. Бірақ біз
солардың ішінде ең кернекті екі өкіліне — Платон мен Аристотельге
токталамыз.
Платон б. з. б. 427—347 жылдарда өмір сүрді. Шын аты — Аристокл. Жасында
спортпен кеп шұғылданды, жоғары көрсеткіштерге де жетті. Жауырыны кең
бодды. Сондықтан оны Платон (кен жауырынды) деп атап кетті. Сол атпен ол
адамзат тарихында мәңгілік қалды.
Ол кезде әр ірі ғалымның мектебі болатын. Платон атақты фәлсафашы
Сократтың мектебінде оқып, оның үздік шәкірті болды. Ол қаза болғаннан
кейін қатты қайғырып, біраз елдерді аралады. Кейін Афиныға келіп өз
мектебін — академияны ашты.
Платонның екі жүздей еңбектері бар. Олардың ішінде біздің ғылымымызға
тікелей қатысы бар шығармалары "Мемлекет", "Саясатшы", "Зандар", "Софист",
"Парменид" және т. б.
Платонның ойынша, адамдар қажеттіліктерін жеке-дара өтей алмайды. Олар
емір сүру үшін тамақ, киім ендірулері, үй салу-лары және т. т. жасаулары
керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері
кұрылысшылықпен, төртіншілері етікшілікпен және т. с. с. айналысады.
Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттіліктерін етейді. Осы бірігудің
арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет адамдар-ды алаламай,
байына да, кедейіне де, азына да, көбіне де қара-май — бәріне бірдей әділ
қызмет етуі керек. Бірақ бұдан Пла-тон адамдардың бәрін тендестірген екен
деген ой тумауы ке-рек. Керісінше, ол адамдарды үш үлкен әлеуметтік топқа
(со-словиеге): 1) әкімдер; 2) қорғаушылар; 3) өндірушілер етіп белді^
Әкімдерге фәлсафашыларды жатқызды. Олар табиғатынан шындықты, ақиқатты,
игілік идеясын саралап, танып-білуге қабілетті, икемді болуы керек.
Қорғаушылар әкімдердің ой, ниеттерін іске асырады, мемлекетті қорғайды.
Өндірушілер (егіншілер мен қолөнер) емірге керекті қаржыларды тауып,
мемлекетті материалдық жағынан қамтамасыз етеді. Олар би-леу ісіне
араласпайды. Әр топ өзіне тиісті қызметті атқаруы ке-рек. Сонда ғана
әділдік орнайды. Бір таптан екінші тапқа (әсіресе, төменгі таптан жоғарғы
таптарға) өтуге болмайды. Қай сословиеде тусаң, соның өкілі боласың.
Адамдарды осылай жіктей келе, Платон оларды тым бай немесе өте кедейлікке
жібергісі келмеді. Себебі, мұндайда қоғамда ортақ мүдде орна-майды.
Сондықтан орта деңгейді ұнатты.
Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені
қоғамдағы кикілжіндерді, дау-жанжал, қайшы-лықтарды тудыратын жеке меншік
деп санады. Соған орай әкімдер мен жауынгерлерде жеке меншік пен отбасы
болма-уын қалады. Олар ортақ игілік үшін еңбек етулері керек. Сон-дықтан
оларды адамды қызықтыратын әзәзіл жеке мүдде, баю жолынан құтқарғысы келді.
Сол себепті олардың әйелдері мен балалары ортақ болғанын жөн көрді. Оларды
мемлекет өз қам-қорлығына алуға тиіс.
'Платон мемлекеттік кұрылысты 5 түрге бөлді: аристокра-тия, тимократия,
олигархия, демократия және тирания. Бұлар-дың ішіңде ең жақсысына
аристократиялық мемлекетті жат-қызды. Онда акыл-естілік, парасаттылық
билейді, оның принциптері — адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады.
Ертедегі гректердің саяси ой-пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын
шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель (б. з. б. 384—322 ж. ж.) болды. Ол 17
жасында аты шыққан Платон академиясын іздеп келіп оқуға түседі. Оны үздік
бітірген соң 20 жыл бойы сонда ұстаздық етті. Платон дүние салған соң біраз
елдерді аралады. Б. з. б. 342—340 жылдары Македония патшасы II Филиптің
шақыруымен оның баласы, болашақ император Ескендірді (Александр
Македонскийді) оқытып, тәрбиеледі. Кейін Афиныға оралып, өз мектебін
(лицейді) ашты. Осында ол бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп,
езі сабақ берді. Аристотельді саясаттанудың әкесі дейтіні содан.
Саясаттануға қатысты "Саясат", "Афиналықполития", "Эти-ка", "Риторика"
деген еңбектері бар.
Аристотель саясатқа кең мағына берді. Оған этиканы да, экономиканы да
енгізді. Саясатты адам мен мемлекеттің жо-ғарғы игілігі, оның мақсаты —
адамды, мемлекетті жақсы тұр-мысқа, молшылыққа, бакытқа жеткізу деп білді.
Сөйте тұра, ол құл иеленушілікті қолдады, құлдар мен ерікті кедейлерге
саяси құқық бергісі келмеді.
Аристотельдіңойынша,мемлекет—қауымн ыңдамығантүрі, ал қауым — отбасының
дамыған түрі. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді.
Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге белді. Дұрыс түріне монархияны,
арис-тократияны және политияны (Аристотель дәуіріндегі Греция-дағы
мемлекеттік құрылыс) жатқызды. Ал тирания, олигархия мен демократияны
мемлекеттің бұрыс түрі деп санады. Мемлекеттің дұрыс түріңде әкімдер халық,
ел пайдасын ойлай-ды, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар ез
бас-тарының пайдасын ойлайтын керінеді.
Үлы ойшыл саяси басқаруда адам емес заң басқарғанын дұрыс керді. Себебі,
әкім қаншалықты жақсы болғанымен сезімге, ашу-ызаға берілмей қоймайды, ал
заң болса байсалды-лығын, парасаттылығын жоймайды.
Аристотель Платон айткан коғамдық меншікке қарсы шы-ғып, жеке меншікті
жақтады. Сонымен қатар ол адамдардың аса байып немесе шектен тыс кедейленіп
кетуін құптамады. Себебі, мұндайда коғамның тұрақтылығы бұзылады дей келіп,
орта деңгейді дұрыс керді.
Саяси ойдың даму тарихында айтарлықтай із қалдырған Ежелгі Рим болды.
Онда өсіресе атақты шешен, мемлекет қайраткері және ойшыл Марк Туллий
Цицерон (б. з. б. 106-43 жж.) өмір сүрді. Оның "Мемлекет туралы", "Заңдар
туралы", "Міндеттер туралы" деген еңбектері көпке әйгілі.
Цицерон мемлекеттің пайда болуының негізгі себебі — адам-дардың бірігіп
емір сүруге тырысатын табиғи талабының және
меншікті қорғау мақсатынан туындайды дейді. Қоғамға және жеке меншікке қол
сұғуға болмайды. Бұлардың мызғымасты-ғын бұзушылыкты әділеттілік пен
құқықты қорлаумен бірдей көрді.
Цицерон мемлекеттін құрылым түрі оны басқарушының "мінезі мен еркіне"
байланысты болады деп түсіндірді. Басқа-рушылардың санына қарай ол мемлекет
басқаруды патшалық билік, аристократия (оптиматтардың билігі) және
демократия (халық билігі) етіп үш түрге бөлді. Бұлардың әрқайсысының өзінің
жақсы жақтары мен кемшіліктері бар. Мәселен, патша рақымшылдығымен жүртқа
ұнайды, бірақ мұнда басқа адамдар заң, шешім қабылдаудан сыртта қалады және
бір адамның бас-шылығы зорлық-зомбылыққа оңай айналып кетуі мүмкін. Оп-
тиматтар (аристократтар) даналығымен бағалы, бірақ олар үстемдік еткенде
халық өз еркіңдігін пайдалана алмайды, билік ақсуйектердің сұрқия тобының
қолында қалуы мүмкін. Демо-кратия болса бостандығымен жағымды, бірақ
халықтың толық билігі зияңды зардаптарға, "тобырдың зорлығы мен есалаңды-
ғына" әкеліп соқтыруы мүмкін.
Цицерон мүліктік теңдік идеясына қарсы бодды, қоғамдық-саяси қатынастарда
әлеуметтік жіктелу мен теңсіздікті әділеттілік деп санады.

Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғам-ның орны ерекше.
Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созыдды (V—XVI ғасырлар). Бұл
дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Христиан діні феодалдық
қоғам көзқа-расының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі бодды.
Орта ғасырдағы Батыс Еуропаның саясат тарихында римдік-католиктік
шіркеудің, папалықтың және ақсүйек феодалдар-дың арасыңда қоғамдағы
басқарушы рөл үшін қиян-кескі күрес болып тұрды. Үкімет басында дін иелері
ме әлде ақсүйектер болуы керек пе деген сұрақ сол кездегі саяси білімнің
негізгі мәселелерінің бірі болды.
Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға
құдіретгі шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген құдай.
Соңдықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп
уағыздады. Бұған ақ-сүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарында ұстағысы
келді. Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин
(354—430) еді. Ол христиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп,
жетілдірді. Оның саяси көзқарастары "Құдай қаласы туралы" деген еңбегінде
баяндалған.
Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен
зандарды адамның күнәсінің нәтижесі деп са-нады. Оның ойынша, құдай адамға
еріктін еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнөһар болып) немесе құдай
жолымен өмір сүру-ге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен
және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз
ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, бола-шақта қүдаймен мәңгілік
патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп,
сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома
Аквинский (1225—1274) болды. Оның саяси козқа-растары "Билеушілердің
басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектеріңде қаралды.
Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқараста-рын католик дінінің
қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айт-қаңда, ол Аристотельдің адам
қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз
мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан
мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған
деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің максаты — "ортақ игілікке" жету,
адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін
феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі
бағынуы тиіс.
Фоманың ойынша, билік құдайдың кұдіретімен орнайды. Сондықтан патшалык
билік жоғары діни билікке бағынуы ке-рек, оның түсіндіруінше, аспанда
құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.
Осыған ұқсас саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси
билік дін басыларының қолында болуын көздеді. Құранның талабы бойынша қай
мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.
Алғашқы исламның үйретуінше діни билік те, аксүйектік билік те
пайғамбардың қолында болу керек, ал ол қайтыс бол-ған соң пайғамбардың
орынбасарлары — халифтарға көшуге тиіс. Басында солай болды да. Тіпті,
мемлекет мүлкі де құдайдікі
деп есептелді. Бірақ 945 жылдан бастап имамдар негізінен діни беделмен
шектеліп, нағыз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz