Оқу дағдылары және оқу жұмысы тәсілдері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЛЕКЦИЯ. Тақырыбы: Оқу дағдылары және оқу жұмысының тәсілдері.
Мазмұны
1.Іскерлік пен дағдыны жүйелеу
2.Оқу жұмысының тәсілдері
3.Іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру әдістемесі.
1.Оқушылардың оқу жұмыстарының тиімділігімен нәтижелігін арттыру үшін
бірқатар әдістемелік шарттар орындалуы керек. 1- ден, оқу қолдан келетіндей
оңай, бірақ жеткілікті деңгейде қиындықпен игерілетіндей болуы тиіс.Оқытуды
оқушылар үшін түсінікті, сол процестің өзін қызықты етіп жүргізу тиімді.
Қолдан келердей оқу міндеттері тапсырманы орындауға ынталандырып, оқушының
білімге деген ықыласын оятады. Керісінше өте қиын немесе өте оңай
тапсырмалар қызығушылықты төмендетеді: 2-ден, оқытудың тиімділігі
оқушылардың деректі материалды игерумен бірге теориялық қортындылар мен
жинақтаулар жасай алуы да ескеріледі. Сабақ материалдары мүмкіндік берсе,
қортындыны дайын күйінде ұсынуға болмайды. Деректерді жинақтау негізінде
оқушыларды дербес, өздігінше қортынды жасауға бағыттау керек. 3-ден, оқыту
тиімділігі мен оның қарқыны арасында - өзара байланыс бар. Қарқынның
жылдам болуы оқушылардың материал мазмұнын игеруін өте аз уақыт қалдырса,
қарқынның тым төмен болуы олардың ойлауының дамуын тежейді.
Оқу материалын саналы түрде игеру үшін оқушылардың дербес жұмыс істеу
іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырудың маңызы ерекше. Оқу дағдылары мен
ептіліктерінің болмауы оқушылардың өз еңбегін дұрыс ұйымдастыра алмауынан
тым жұмысбастылыққа апарып соғады.
Әдіскерлер мен дидактиктер арасында іскерлік пен дағды туралы түрлі
көзқарастар орын алған. Олар мыналар: іскерлік қандай да болмасын қызметтің
тәсілін сакналы түрде игеру. Автоматты деңгейге дейін жеткізілген іскерлік-
дағды болып есептелді. Демек, іскерлік бірте-бірте дағдыға ұласады. Мысалы,
әуелі мәтінді оқу іскерлігі т.б, ол кейін жылдам оқу дағдысына айналды.
Іскерлікті меңгеру үшін әрекеттің тәсілін біліп үнемі жаттығу қажет болады.

Ендігі бір авторлар іскерлікті әрекеттің тәсілі туралы білім, дағды
қалыптастырудың бастапқы сатысы деп есептеледі. Іскерлікті саналы, тиянақты
әрекетке дайындық немесе өзгермелі жағдайда мақсатқа саналы түрде жетуге
қажеттілік дейтіндер де бар. Осылайша ғалымдардың іскерлік пен дағды,
олардың оқушылардың дамуындағы орнын бағалаудағы пікірлері әр алуан.
Жалпы дағдыларды 4 топқа бөлуге болады.
Оқу ұйымдастыру дағдысы. ( әрекетті жоспарластыру, тапсырманы тиімді
орындау, өзін-өзі бағалау, күн тәртібін реттеу)
Сөздік дағдылар. (ауызша және жазбаша) (сұраққа жауап беру,мәтінді
баяндау, байланыстыра мазмұндау, сынап –талдау)
Оқу-ақпараттық дағдылар. (кітаппен (оқулық, хрестоматия) анықтама,
библиография, катологпен жұмыс)
Оқу, ақыл ой- дағдылары. (Әрекетті дәлелдеу, ақпаратты қисындық
тұрғыдан қорыту және мазмұндау, мәселені шешу, қабылдау және еске түсіру,
өзін-өзі қадағалау).
2.Оқу жұмысының тәсілдері д-з сипаты әртүрлі тарихи материалды игеру
жолындағы әрекеттердің тізбесі жұмыстың орындалу тәртібін, оның жалпы
бағыттарын айқындайды. Оқу жұмысының тәсілдері сөздік- жазулық немесе
кескіндемелік әрекеттерде айқын танылады.
Оқу дағдыларының ендігі бір тобы арнайы тарихи материалды игеруге
бағытталады, оның нәтежиесінде тарихи диалектикалық ойлау дағдылары
қалыптасады. Сондай дағдылардың бірі – тарихи деректерді уақыт шегінде
оқшаулау.Ол үшін мынадай әрекеттер бірізділікпен атқарылуы тиіс: тарихи
оқиғаның ұзақтығы мен сабақтастығыын, олардың синхрондылығын анықтау;
тарихи құбылыстар мен процестердің кезеңдері мен дәуірлерін анықтау;
оқиғаны белгілі бір тарихи кезеңмен ұштастыру.
Тарихты оқыту барысында оқушылардың игеретін дағдыларының бір тобы
оқулық мәтінімен, оқу құралдарымен және дерек көздерімен, тарихи
құжаттармен жұмыс істеуге байланысты.Бұл дағдылар мынадай әрекеттерді
орындауды талап етеді: жай және күрделі жоспар құра білу; оқулықтың
құрауыштарынан бағдар ала білу; тарихи құжаттарды оқып үйрену барысында
конспект және тезис жасай алу; бір мезгілде бірнеше дерек көзін пайдаланып,
қажетті мағлұматты ала білу; алған білімдерін жүйелеп, қисынды пайдалану.
Жалпы алғанда, оқу жұмысының тәсілдері мынадай тиісті ақыл ой
әрекеттерімен сәйкес келеді: талдау, жинақтау, жалпылау, оқу материалымен
салыстыру, тарихи материалды көз алдына елестету, есте сақтау.
3.Тарихты оқытуда жоғарыда аталған іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру
үшін мұғалімнің өзі белгілі бір әдіс тәсілдері меңгеріп алуы тиіс. Әсіресе
мектепте тарихты оқыту барысында үнемі қажет болатын дағдыларды, қай
сыныпта қандай дағды қалыптастыру қажет екенін жетік білуі тиіс. Сонымен
бірге мұғалім сыныптан – сыныпқа өткен сайын дағдыны күрделендіріп,
дамытуды нақты жоспарластыра білуі керек.
Дағдыларды қалыптастыру мақсатты болуы тиіс. Әр сабақта қандай дағдыны
қандай жолдармен қалыптастыру керек екендігі де белгілі болуы тиіс.
Дағдыларды қалыптастыру жүйелі жүргізілуі үшін оқушыларға қажетті оқу
жұмысының тәсілдері түсіндіріледі; сабақтардағы жаттығу тапсырмаларының
жүйесін қамтамасыз етіп, олардың орындалуын қадағалау қажет.

Лекцияның тақырыбы: Теориялық оқу материалын оқып-
үйрену.
Мазмұны.
1. Түсіндіру, пікір, сипаттама беру.
2. Тарихты оқытудағы өзекті мәселе қою.
3. Оқушылардың ақыл- ой тәсілдері мен дағдылары.
4. Теориялық материалды оқып-үйренудегі оқушылардың әрекеті.
1. Түсіндіру- басты деректер мен теориялық материалды мазмұндаудың кең
таралған тәсілдерінің бірі. Бұл түсінік, ұғым, баға, қорытынды,
тұжырым түрінде игерілетін ақпараттың бөлігі. Ұғым ( салық, жасақ)
мен себеп-салдарлы байланыстардың мәнін мұғалім түсіндірудің
көмегімен аша алады. Осы тәсілдің көмегімен тарихи деректер мен
құбылыстардың мәні мен маңызы, ішкі байланыстарының заңдылығы
ашылады. Түсіндіруде ддеректерді талдау барысында жасалған бір
тұжырым екеншісінен ерекшеленіп тұрады.
Пікір (пікір білдіре отырып мазмұндау) себеп-салдарлы байланыс пен
ұғымның негізгі белгісін анықтауда қолданылатын (нұсқаудың) түсіндірудің
нұсқасы. Бұл тәсіл мұғалімнің оқушыларға ойлау барысы, деректерді талдау
үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді: Пікір білдіру оқушылардың назарын
аударатындай мәселе қоюмен қатар жүруі мүмкін. Мұғалім әрбір мәселеге ой
толғауы, деректерді салыстырған пікір түрінде жауап береді. Нәтежиесінде
оқушылар оқу материалының теориялық мазмұнын қиналмай игереді.
Бұл тәсілмен бірге қисынды сұлба, оқу жаднамасы, мәтіндік кесте,
жапсырма сияқты оқыту құралдары қолданылады.
2. Өзекті мәселені мазмұндау. Ойлау процесі проблемалық ситуацияға
байланысты. Адамда әлденені түсіну қажеттілігі пайда болғаннан
бастап ол ойлануға кіріседі. Ойлау қай кезде де мәселеден немесе
сұрақтан, таң қалу, түсінбеу, қарама- қарсылықтан басталады.Өзекті
мәселені оқыту элементтерін мұғалім көптеген сабақтарға енгізе
алады. Жаңа материалды түсіндіре алдында оқушыларды ойландыратын
қызықты, оқыс сұрақтар қояды,ғ ал олардың жауабы сабақ соңында
берілуі керек. Ал өзекті мәселе сабағында теорияляқ мазмұнды игеру
жолындағы белсенді ізденушілік әрекет бүкіл сабақ барысында
жалғасады. Қабілетті оқушыларға күрделі теориялық тапсырмалар
беріліп, мұғалім ұсынған мәселені ізденушілік сипаттағы оқу
тәсілдерін бағыттайды.
Өзекті мәселені іздену әдісін дерегі мол немесе күрделі материалды
игеру немесе уақыт тапшы жағдайларда қолдану тиімсіз. Сол сияқты бұл әдіс
мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс болмаған жағдайда да дұрыс
нәтижие бермейді.
3.Ақыл-ой әрекетінің тәсілдері оқу жұмысы тәсілдерінің тасасында,
елеусіз көрінеді. Дағдылардың әрбір тобын игеру қарапайым ұйғарымдарды
орындауды талап етеді. Ойлау әрекетінің алғашқы дағдыларын оқушылар 4-5
сыныптардан бастап қолданады. Мұғалім оларды тарихи оқиғаларды кім?(не?)
қайда? неге? қалай? не үшін? Деген сұрақтарға жауап беру арқылы мазмұндауға
үйретеді.
Теориялық материалды оқып-үйрену тәсілдерінің жүйесіне сөздік- ұғымдық
ойлау тәсілдері де енеді. Оған талдау және жинақтау, топтастыру, дәлелдеу,
ең маңыздысын бөліп алу, тұжырым қалыптастыру, қиялдау мен есте сақтау
әдістері жатады.
Оқушылардың ақыл-ой дағдылары сыныптан- сыныпқа өткен сайын күрделене
түседі. Олардың негізгі тізімі мынадай: 5 сынып жеке оқиғаларды салыстыра
алу, деректерді суреттеу дағдылары; 6- сынып- тарихи деректерді жинақтап,
талдап, қарапайым қортындылар жасау,елдердің табиғи жағдайларын, еңбек,
мәдениет ескерткіштерін салыстырмалы түрде суреттей алу; 7-сынып – қоғамның
әлеуметтік топтарының басты белгілерін анықтау; бір үлгідегі құбылыс,
процестетді салыстыру; оқиғалардың себебін жинақтап, маңызын анықтау; өз
тұжырымдарын түрлі дерек көздерімен дәлелдеу; 8 сынып – құбылыстар мен
оқиғалардың маңызын бағалау; отандық және жалпы тарихтың бір үлгідегі
процестерін салыстырып, олардың себептері мен салдарларын анықтай алу; 9
сынып- теориялық ережелерге сүйеніп, тарихи деректерді талдай алу; 10-11
сыныптаржекелеген тарихи ұғымдарға анықтама беру; тарихи және қоғамтану
білімдері, дереккөздері негізінде талдау және жинақтау; қоғамдық
құбылыстардың дамуын сипаттау; процестерге салыстырмалы сипаттама беру.
Жоғары сынып оқушылары баяндама және реферат, сөйлейтін сөзінің тезистері
мен конспектілерін дайындай алуы тиіс.
3. Теориялық материалды оқып-үйренудегі оқушылардың
әрекеті.
Таблица, қисынды сұлба, мақсат, түрлі жоспарлар теориялық материалдарды
оқып-үйренуде кеңінен қолданылады. Оқулықпен жұмыс істеудің кең тараған
түрі –параграф бойынша жай және күрделі жоспар құру. Бастапқы кезде
мұғалімнің бөліп берген мәтіні бойынша оқушылардың алдын ала талқылауын
өткізіліп, ол бөлімдерге дербес ат қойып, сол бойынша жоспар жасалады.
Содан соңғы мәтінді жеке бөліктерге бөліп, олардағы басты ойды анықтап,
жоспардың әрбір бөлімінің атауын құрастыру керек.
Жоспар оқулықтың пункттері бойынша құрылып, рим сандарымен нөмірленеді.
Жоспардың негізгі пунктінен туындаған негізгі ойлар араб сандарымен
нөмірленеді.Бұндай жұмыс оқу материалын жинақтауға көмектеседі.
Күрделі жоспар түзуге үйретуде мұғалім жаднамаға жүгінеді. Жаднама
қисынды сұлба ретінде әрекет тәсілдеріне жол сілтейді.
1.Мәтінмен мұқият таныс, оны дербес бөліктерге бөл.
2.Әрбір бөлікке басты ой негізінде атау беріп, рим сандарымен нөмірле.
3. Әр бөліктің ең бастысын айқындайтын талаптарды анықта, оларды
араб сандарымен нөмірлеп жеке ат бер.
4. Әрбір атаудың мазмұнға қанша сай келетінін анықтап, өз нұсқаңды
ұсын.
Сыныпта күрделі жоспар құруға үйрету мұғалімнің жетекшілігімен іске
асады. Оқушылар жоспар құратын мәтінмен алдын-ала танысады. Мұғалім
оқушыларға параграфтарды бөліктерге қалай бөлуі, негізгі мәселені қалай
бөліп алып, жинақтауды қалай жүргізуді үйретеді.
Танымдық тапсырмаларды 2 топқа бөлуге болады: тексеру-машықтану
мұғалім әдістердің көмегімен ( әуелгі кезде жеңіл, кейіннен күрделі) және
ізденушілік әдістермен жаңа білімді игеруде оқушылардың өз бетінше жұмыс
істеуі.

Аралас сабақ және оның бөлімдері.

1. Оқушылардың білімі мен дағдыларын тексеру.
2. Сұрақтар мен тапсырмалардың мазмұнын қамту.
3. Жаңа материалды оқып игеру.
1. Аралас сабақта оқу процесінің барлық негізгі бөлімдері қамтылатын
болғандықтан оны құрама деп те атайды. Мұндай сабақ алдыңғы сабақтағы білім
мен дағдылардың бүгінгі сабақ мазмұны мен байланыстарын тексеру және есепке
алу: жаңа материалдарды игеруге өту; алдыңғы сабақта өтілгенді қайталап,
жаңа сабақты оқып-үйрену және бекіту сияқты бөлімдерді қамтиды.Ұйымдастыру
кезегінен кейін білім мен дағдыларды тексеру жүзеге асырылады. Бұл оқушының
сабақта оқытатын материалды игеру, үй тапсырмасын орындау әрекетін
ұйымдастыратын мұғалімнің жұмысы.
Ол ауызша. Жазбаша және ауызша-жазбаша болады.
Білімді тексеру мынадай талаптардан тұрады. 1) сұрақты негіздеу (өткен
білімдерсіз алға жылжу мүмкін емес); 2( барлық оқушыларды жұмысқа
жұмылдыру; 3) оқушылардың ерекшеліктерін ескеріп, тексеруді жекелеп
жүргізу; 4) тексеру мазмұнының жаңа сабақпен байланысы; 5) сабақ барысында
тексеру кезеңін айқындау; 6) білімді бағалауды негіздеу ( таным дамуының
табысты болуы үшінне істеу керек)
2. Сұрақ жағдайында көп уақыт алатын тәсілдерден бас тарту керек.
Мысалы, бір оқушыға көптеген сұрақ қойып, әңгімені созу, оқушының ұзақ-
сонар әңгімесі, тақтаға ұзақ, көлемді мәтін, кесте түсіру өзін ақтамайды.
Сабақ басындағы сұрақ оқушыларды жаңа материалды игеруге дайындап,
алдыңғы сабақ тақырыбындағы сұрақтар мен тапсырмалардың мазмұнын қамтуы
тиіс. Сұрақ әлдебір мәселенің дамуы сияқты тақырыптық сипатта болғаны жөн,
мұғалім тексеру үшін мазмұны жағынан маңызды, игерімді жағынан күрделі
материалды таңдайды. Негізгі сұраққа онымен іштей байланыстағы қосымша
сұрақтарды тіркейді.Сұрақтың құрылымы қарапайым және дәл, балаларға болуы
тиіс.
Тәжірибелі мұғалім сабағын сыныпта мынандай сұрақ қоюдан бастайды.
Қандай тақырыпты өттік? Алдыңғы тақырыпта не туралы сөз болады? Материал
мазмұнындағы ең бастысы не? Одан әрі мұғалім басқа сұрақтарға ауысады.
Бірақ қай кезде де сұрақ қоюдың мақсаты тек қана білімді есепке алып,
түзету емес, сонымен бірге оны дамыту байыту және оқушылардың танымдық
қабілетін дамыту екендігін естен шығармау керек.Оқушы жауабы мен тапсырманы
орындау сапасымұғалімнің қоятын талабына байланысты. Мысалы, жауапты қысқа,
толық, қисынды етіп беру: жазуды дәптерге ұқыпты, граматикалық қателерсіз
түсіру. Әңгімелерді оқулықтағы құжаттарға, иллюстрацияларға сүйеніп
баяндау.
3. Жаңа материалды оқуға өту кезеңідидактикалық тұрғыдан алғанда өте
маңызды. Мұғалім жаңаны оқуғаоқушылардың зейінін аударады, белгісізді
тануға деген қажетті психологиялық көңіл-күй қалыптастырады. Мұғалім бұл
кезеңде сабақ тақырыбын хабарлап, оның алдыңғы сабақпен байланысын атап
көрсетіп,қажет болған жағдайда негізгі ұғымдар мен түсініктерді қайталайды.
Сосын барып жаңа материалды оқып үйренудің міндеттерін белгілеп,танымдық
сұрақтар тапсырмалар қояды. Олардың арасында өзекті мәселелік сипаттағы
тапсырмалар болуы мүмкін.
Жаңа материалды оқып үйрену. Сабақтың негізгі бөлігін мұғалімнің
әңгімесі құрайды. Егер мұғалім әңгімесіне басты орын берілсе, басқа
жұмыстың бәрі де соған бағындырылады. Әңгіме оқушылардың жастық,
психологиялық ерекшеліктерін ескеріп құрылады. Төменгі сынып оқушылары бір
нәрсеге зейінін ұзақ бағыттай алмайтындықтан, олардың зейінін бағыттап
отыру үшін әрекет түрін ауыстырып отыруға тура келеді.
Осы жағдайларды ескере келе жаңаны оқып үйренудің мазмұны тек
материалды мұғалімнің баяндауы емес, сонымен бірге оқушылардың белсенді
әрекетінен де құралатындығын аңғарамыз. Олар безендіру мен оқу картиналарын
талдау, оқытудың техникалық құралдарын қолдану, оқулықты оқу және ондағы
оқу картинасы, құжаттарды талдау арқылы білім алады.

Картографиялық көрнекті құралдар мазмұны.
1. Тарихи карталарға жалпы сипаттама.
2. Сабақты оқу картасы, картасұлба, кескін картаны қолдану.
3. Картаграфиялық ойындар.
Тарихи карталарға жалпы сипаттама.Тарихи карталар географиялық негізде
жасалады және тарихи оқиға немесе дәуірдің кішірейтілген, жинақталған
бейнелі-шарты көрінісін танытады. Ол көріністе нысанның кеңістікте
орналасуы белгілі бір масштабқа түсіріледі. Карталарда тарихи оқиғалар мен
құбылыстар, олардың байланыстары мен орналасуы шартты түрде беріледі. Ең
ежелгі карталар Б.Д.Д. ІІІ-І мың жылдықтарда Вавилон мен египетте жасалса,
арнайы оқу карталары Ресейде ХVІІІ ғасырдың соңында дүниеге келді.
Тарихи және географиялық карталардың бір-бірінен айырмашылықтары бар.
Географиялық карталардағы үйреншікті түс тарихи картада басқа мағына
береді. Тарихи картаның тағы бір ерекшелігі – онда оқиғалар мен
процестердің қозғалысы ашылады.Географиялық картада тұрақты болып көрінген
нысандар тарихи картадан өзгермелі сипат алады, мысалы, мемлекеттердің
қалыптасуымен олардың аумағының өзгеруі, әскердің, сауда керуендерінің
қозғалыстары. Картада тарихи қозғалыстар мынадай шартты белгілер тілінде
сөйлейді: Әскери-соққы- жебе, шайқас алаңы –айқасқан қылыш, көтеріліс
аймақтары-алау.
Тарихи карталар аумақтарды қамтуы(әлемнің, құрлықтың, мемлекеттің
картасы);мазмұны (жинақтаушы және тақырыптық);масштабы (ірі, орта, ұсақ
масштабты) бойынша ерекшеленеді. Жинақтаушы картада мемлекеттік стандарт
пен мемлекеттік оқу бағдарламасы бөлімінде қарастырылған негізгі оқиғалар
мен құбылыстар белгілі орта мен уақыт шеңберінде бейнеленеді. Жинақтаушы
карталар: Ежелгі Қазақстан, Б.Д.Д. ІІІ-ІІғ. Рим мемлекетінің өсуі, ІХ-
ХІІғ.ғ. Ежелгі Русь.
Жинақтаушы карталарды тақырыптық карталар одан әрі нақтыландыра түседі.
Оқу тақырыбының оқиғалары мен құбылыстарын қамтығандықтан ол карталар
тақырыптық деп аталады.Ол карталарда тақырыпқа қатысы жоқ белгілер
бейнеленбейді. Оларда жинақтаушы карталардың маңызды оқиғалары мен
құбылыстарының фрагменттері барынша егжей – тегжейлі, айқын және әсерлі
етіп беріледі. Тақырыптық карталар; ХІІ ғасырдағы Орыс княздықтары,
1812 ж. Отан соғыс. Әдетте, тақырыптық карталар жинақтаушы карталардың
аясында қолданып, бірін-бірі толықтырып отырады. Мысалы, 1812 ж. Отан
соғысы тақырыбында ХІ ғасырдың басынан 1861 жылға дейінгі Ресей империясы
(Европалық бөлік және 1700 жылдан 1914 жылға дейінгі Ресей империясының
аумағыныңөсуі атты карталарды қосарлай пайдалануға болады.
Картада тарихи оқиғаларды оқшаулау. Тарихи оқиғалар уақыт және кеңістік
шеңберінде өтеді. Тарихта кеңістік –уақыттың байланыстар белгілі бір
оқиғаның белгілі бір мемлекеттің белгілі бір жерінде белгілі бір уақыт
аралығында өтуін танытады.
Картада тарихи оқиғаларды оқшаулау. Тарихи оқиғалар уақыт және
кеңістік шеңберінде өтеді. Тарихта оқиғаларды оқшаулап оқып үйренуде
сұлбалық құралдар- жергілікті жердің жоспары(план), карта сұлбасы, тарихи
картасы кеңінен қолданылады. Олардың бәрі тарихи оқиғалардың
байланыстардың, мәні мен даму қозғалысын анықтау үшін пайдаланылады.
Сұлбалық құралдар тарихи білім көзі және оны жүйелеу құралы ретінде
қолданылады.
Басқа көрнекі құралдары, мысалы, оқу картиналарына қарағанда карталар
оқиғалар туралы нақты көрнекі ұғым қалыптастырылмайды, тек дерексіз
рәміздер тілін пайдаланып, оқиғаның кеңістік-уақыттың құрылымын жаңғыртады.

Қорытынды қайталау сабағы.
1. Мақсаты мен талаптары.
2. Өткізу әдістемесі.
3. Ойын және саяхат.

1)Қортынды қайталау сабағы оқу жылының соңында өткізіледі. Ол талдау-
жинақтау әңгімесі немесе мұғалім лекциясы түрінде өтуі мүмкін. Оның мақсаты
– оқыған материалдщы жинақтап, қорыту, маңызды деректер туралы білімдерді
байыту, негізгі процестерді басталуынан аяқталуына дейін қадағалау.
Осылайша өткен тақырыптар хронологиялық бірізділікпен емес, өзекті
мәселелер бойынша қайталанады. Бұндай сабақтарда оқушылардың тарихи оқиғаға
деген белгілі бір көзқарасы қалыптасады. Оқушылар қисынды сұлба,
кестелермен жұмыс барысында білімдері мен дағдыларын қолданады. Олардың
жасаған қортындылары мен тұжырымдарының мазмұнында жаңа білім
элементтерікөрініс табады. Талқыланған мәселелер мұғалімнің ой-түйінімен
қортындыланады. Қорытынды қайталаудың мазмұны курстағы маңызды әрі
оқушылардың игеруіне қиын соғатын мәселелерді қамтуы тиіс. Қайталауда
тақырыптық және мағналық бірлік сақталып, қайталанар тақырыптардың тым
көлемді болмағаны жөн.
2) Курстың проблемалары оны әлденеше рет қарастырған соң оқушыларға
түсінікті болады. Оқу тоқсанының соңында мұғалім әр сынып үшін қорытынды
қайталаудың жоспарын жасайды. Қайталау сабақ үстіндегі әңгіме немесе
оқушылардың арнайы ғылыми әдебиеттер бойынша дайындаған баяндамасы түрінде
өтеді. Сонымен бірге мұғалім қайталау сабағына қосымша әдебиеттерден
деректер мен сандарды дәйек сөздер мен безендірулерді таңдап, жинақтайды.
Қорытынды қайталау сабағында оқушылардың түрлі мәселелердің сырын ашып,
заңдылығын айқындайтын тақырыптық кестелермен жұмыс жасауының да маңызы
зор.
Емтиханға дайындық. Бітіру емтихандарына дұрыс дайындалуға қойылатын
талаптар жұмыстың нәтижелі болуына көмектеседі. Ол Талаптар мынадай:
1) Курсты жақсы игеру үшін оқу жылы барысында өткен жылғы оқып-
үйренген мәселелерді қайталау.
2) Жұмыс дәптеріне кесте, сұлба және басқа да жазба түрінде қайталау
материалын жинақтау.
3) Тарих курсының жеке сабақтарын жаңа материалдық тақырыбымен, ал жеке
тақырыптарды жинақтау-қайталау сабақтарында тұтас бөліммен байланыста
қайталау.
4) Қорытындылаушы оқу жылының соңындағы емтихан алдында және шет елдік
тарихтың маңызды мәселелерін қайталау.
5) Қайталауға дайындық барысында оқушылар үшін қандай сұрақтардың қиын
болғандығы, өткен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытудағы өзіндік оқытудың тәсілдері
Әдебиет сабақтарында инновациялық әдіс
Сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорлары
Эксперимент жүргізу дағдылары мен дағдылары
Білім беру бағдарламасы мазмұны мен құрылымы
Жоғары сынып оқушыларының құзыреттілігі
Кәсіптік оқыту процесінде өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру мәні мен мазмұны
Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау
Оқушылардың математика пәнінде ақпараттық және мәселені шешу құзыреттілігін қалыптастыру
Тарихты оқыту әдістемесінің негізгі әдіс - тәсілдері
Пәндер